Сананың құрылымы (құралымдықтары)
Сананың құрылымында шартты түрде төрт құралымдықтарды
бөлуге болады.
Біріншіден,
сенсорлық (сезімдік) және
перцептивтік (қабылдау)
қабілеттер арқылы адам қоршаған дүние және өзі (физикалық,
материалдық дене ретінде) туралы алғашқы тікелей мағлұматтар,
білімдер алады.
Екіншіден, сананың құрылымында логикалық – ұғымдық
қабілеттерді
пайдаланатын ойлау қызметін бөлуге болады. Бұл
тікелей сезімдік мағлұматтардың шегінен шығып, объектілерді
мәнділік тұрғысынан және олардың даму заңдылықтарын түсінуге
мүмкіншілік береді.
Үшіншіден, санада
эмоциялар мен жігерлік (еркіндік,
қайраттық) сапаларды қамтитын құралымдықты да бөлуге болады.
Олар сыртқы дүниемен тікелей байланыста емес.
Сананың бұл
сферасы тұлғаның толғауларын, естеліктерін, сезімдері мен көңіл
күйін, әртүрлі эмоцияларды (қорқу, уайым, қуаныш, реніш, сүю, жек
көру, ләззат, жеркену және т.б.) қамтиды.
Төртіншіден, сананың бұл құралымдығы қызметтің (іс-
әрекеттің, жүріс-тұрыстың)
жоғары мотивтерін, рухани идеалдар
мен құндылықтарды, сонымен бірге оларды қалыптастыру және
түсіну қабілеттерін қамтиды. Құндылық –
мағыналық бағалаусыз
адамның заттық қызметі (предметная деятельность) өзінің
парасаттылығы мен мақсаттылығын жоғалтар еді, жануардың
рефлекторлық жүріс-тұрысынан аса көп айырмашылығы болмас еді.
25
Сенсорлық перцептивтік
қабілеттер
және олардың
негізінде алынған білімдер
Логикалық – ұғымдық
қабілеттер және олардың
негізінде алынған білімдер
Эмоционалды – жігерлік
қабілеттер
Қызметті (деятельность)
құндылық –
мағыналық
бағалауға қабілеттер, оның
идеалдары және мотивтері