түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл -
өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының
нәтижесі.
Ми ойды өзінен-өзі тасқындатып тудырмайды. Ол мидың ішінен
қайнап шықпайды. Сананы тудыратын – объективті ақиқат (қоршаған
дүние), ол оның бейнесі. Адам миы – аса күрделі
әрі өте нәзік
миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат.
Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14-15 миллиардтай.
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық
жүйке жүйесі арқылы қабылдап,
оны қорытады, белгілі ой
тұжырымдарын жасайды. Адам миы 10
20
ақпарат қабылдай алады.
Бүкіл өмір бойы адам мидың сол мүмкіндіктерінің тек 3-4 пайызын
ғана пайдалана алады екен.
«Сана» деген терминнің өзі бір мағынада қолданбайды.
Біріншіден, ол адамның ерекше психикалық қабілетін,
екіншіден, адам
осы қабілетті көрсететін күй-жағдайды,
үшіншіден, сананың
мазмұнын,
төртіншіден, әлдебір басқарушы механизмді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: