Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия


Ф.Энгельс, кеңестік орыс ғалымы Э.В.Ильенков



Pdf көрінісі
бет29/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Ф.Энгельс, кеңестік орыс ғалымы Э.В.Ильенков, қазақстандық 
философ-академик Ж.М.Әбділдин және т.б. зерттеді.
51


Диалектикада көп категориялар қолданылады. Оларды сөз 
құрамына, тіркесіне қарай шартты түрде екіге бөлуге болады: сыңар 
(жалғыз сөзді) категориялар және жұп категориялар. Сыңар 
категориялардың көбі туралы жоғарыда айтылды (материя, қозғалыс, 
кеңістік, уақыт, сана, сан, сапа, шама, өлшем, қайшылық және т.б.) 
Бұлардан басқа тағы төмендегідей категорияларға да тоқталуға 
болады.
«Жүйе» (гр. systema – бөліктерден құралған, қосылған) – белгілі 
бір тәсілмен өзара байланысты және өзара әрекеттес бөліктерден 
тұратын, тұтастық құрайтын объект. Бұл термин антикалық дәуірде 
пайда болып, күні бүгінге дейін қолданылады. Қамтитын салаларына 
қарап, жүйелерді, бір көзқарас бойынша, биологиялық (организмдер), 
техникалық (механизмдер) және әлеуметтік (қоғам, оның 
институттары) деп бөледі. Ал екінші көзқарас бойынша тұрақты 
(тұрғын үй), қызмет етуші (қол сағаттары) және дамушы (Галактика, 
адамзат қоғамы т.б.) жүйелер көрсетіледі. Жүйе ұғымына қарасты 
Диалектика категорияларының 
ерекшеліктері
объективтік шындықтың бейнесі
дүниедегі құбылыстарды 
бейнелеудегі мәнді жалпылау
категориялар өзінің қалыптасуында 
алынады
категориялар бірі мен бірі өзара 
байланысты, бір-бірінен 
туындайды, бір-біріне себепші 
болады, шарттасады.
категориялар қажетті түрде 
шындықтың заңдылықтары болып 
табылады.
категориялардың гносеологиялық 
маңызы бар
категориялардың методологиялық 
маңызы, функциясы бар
категориялар үйлесімді, икемді, 
гармониялық дамитын жүйе
категориялар таным процесіндегі 
даму сатысы, кезеңі
категориялар 
білімнің 
тірегі, 
сүйеніші, түйіні, практиканың өзі 
категорияларды қамтиды.
категориялар 
логикалық 
пен 
тарихилықтың диалектикалық бірлігі 
ретінде қарастырылуы керек, яғни 
таным процесінде категориялар қалай 
пайда болды, қандай ізділікпен зерттелді 
және т.с.с.
52


«байланыс», «элемент», «тұтастық», «бірлік», «құрылым», «функция» 
деген ұғымдарды да қарастыру керек.
«Элемент» - жүйенің әрі қарай бөлінбейтін құрамдас бөлігі, 
күрделі тұтастың бөлігі (элементті бөлшектеп тастаса, ол онда өзінің 
сипатын, функциясын жояды).
«Құрылым» (лат. structura – құрылым, орналасу, тәртіп) – 
жүйенің элементтерінің ұйымдасу тәсілі, өзара байланысының тәртібі. 
Құрылым жүйенің емес, сол сияқты оның әрбір элементінің де 
қасиеттерін анықтайды. Мысалы, бірдей құрамы бар адамдар 
ешқандай ұйымдаспаған болуы мүмкін (тобыр) немесе белгілі бір 
міндеттерді орындауға жұмылдырылған болуы мүмкін (ұжым, топ, 
класс құрамында).
«Функция» (лат. functio – істеу, орындау)

1) объектінің әлдебір жүйенің шеңберіндегі қызметі, рөлі;

2) объектілер арасындағы байланыстың түрі. Білімнің 
әртүрлі салаларында түсініктің осы екеуі де қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет