Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет32/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Мазмұн және форма. Өмірдегі, дүниедегі кез келген объект 
мазмұн мен форманың бірлігі болып табылады. Дүниеде жалпылама 
мазмұн жоқ және болуы мүмкін емес, тек белгілі формада 
қалыптасқан мазмұн ғана болады.
Объектінің барлық элементтерінің құрамы, оның қасиеттерінің, 
ішкі процестерінің, байланыстарының, даму қайшылықтары мен 
тенденцияларының бірлігі мазмұн деп аталады. Басқаша айтқанда, 
55


мазмұн – нәрселер байланысының және олардың өзара әрекеттесуінің 
біршама тұрақты айқындылығы, оның түрі мен құрылымы. Форма 
(лат. forma – сыртқы түрі, тысқы кескін (келбет) – мазмұнның өмір 
сүру тәсілі, оның ұйымдасуы, құрылымы, сыртқы көріну әдісі. 
Мысалы, көркем шығарманың мазмұны – оның негізгі айтпақ ойы, 
идеясы, ал формасы – оның сюжеті, тілі, композициясы, жанры т.б. 
Тірі организмнің мазмұны оның бойындағы зат алмасу процесі, оны 
құрайтын түрлі органдар, ал формасы – зат алмау процесінің іске асу 
тәсілі, органдардың өзара байланысы, орналасуы.
Мазмұн мен форма өзара тығыз байланыста. Оларды бір-бірінен 
бөліп тастауға болмайды, сол сияқты олар біріне бірі өте алады. 
Формасыз мазмұн жоқ, мазмұнсыз форма жоқ. Сонымен бірге форма 
мен мазмұн – бірлікте болатын қарама-қарсылықтар, олар – бір 
нәрсенің екі ажырамас полюсі және өзара салыстырмалы дербестікте, 
тәуелсіздікте. Бірақ, мазмұн мен форма байланысында бұлардың 
жетекші жағы мазмұн: ол форманы анықтайды, ал форма мазмұнға 
белсенді әсер етеді.
Форма мен мазмұнның арасында ішкі қайшылық та бар: 
форманың мазмүннан артта қалып қоюы олардың бірінің екіншісіне 
сәйкес келмеуіне соқтырады. Өзінің мазмұнына сай келетін форма 
мазмұнның дамуына көмектесіп, оны жылдамдатады. Ал өзінің 
мазмұнына сай келмейтін ескі форма оның дамуына кедергі жасайды. 
Мазмұн мен форма арасындағы сәйкессіздік ескі форманың 
орнын жаңа форманың орын басуымен шешіледі. Практикалық 
қызмет үшін мазмұн мен форманың өзара байланысын және олардың 
салыстырмалы дербестігін есепке алып отырудың ерекше зор маңызы 
бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет