Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет30/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

«Бөлім (бөлік) және тұтастық» («часть и целое») – 
философиялық категориялар. Бөлім – тұтастықтың бөлшегі, элементі. 
Тұтастық – бөлшектерден, элементтерден құрастырылған, жасалған 
бірлік, бүтіндік, яғни заттың, нәрсенің, құбылыстың құрылу 
процесінің аяқталуы, олардың толық қалыптасуы. Нағыз шын 
бүтіндік–бөліктердің тек өзара қатынастары емес, дамудағы 
субстанцияның не субъекттің өмір сүру және даму формаларын 
туғызу, жасау процесі. Бөліктер субстанция – субъекттің қажетті 
сатылары, дамудағы әрбір циклдың (оралымды өрлеудің) біршама 
аяқтау формалары. Тұтастыққа оның бөлшектері ретінде біріккен 
жеке заттар, нәрселер жаңа сипатқа ие болады.
«Бүтін» және «бөлік» 
категориялары салыстырмалы 
категориялар. Ең кішкентай бөлік (мысалы – атом) өз алдына жеке 
«бүтін» («тұтастық») және ол басқа бүтіндіктің (мысалы – 
молекуланың) бөлігі. Ал осы басқа бүтіндік өз алдына белгілі бір 
үлкенірек бүтіндіктің бөлігі (мысалы – жануар организмінің). Бұл 
соңғының өзі одан да үлкенірек бүтіндіктен (мысалы – Жер 
планетасының) бөлігі. Осылай кез келген бүтіндік одан да үлкен 
бүтіндіктің бөлігі болып шығады. Түптеп келгенде, табиғаттағы 
барлық денелерді бір тұтастықтың - әлемнің бөлшектері деп қарауға 
болады.
53


Осы категорияларға тоқталайық. Алдымен жекелік-ерекшелік-
жалпылық ұғымдарын анықтап алайық.
Жекелік (даралық, бөлектік) деп кеңістік пен уақыттағы 
салыстырмалы дараланған, оқшауланған, дискреттелген, шектелген 
нәрселердің, құбылыстардың, жүйелердің өзіндік сипатын, 
қайталанбайтындығын, олардың айырмашылығын бейнелейтін 
ұғымды айтады. Жекелік бір объектіні басқаларынан айырып тұратын, 
тек сол объектіге ғана тән нәрсені көрсетеді. Жекелік жалпылықтың 
өмір сүру әдісі. Гегель: «жекелік дегеніміз өзімен өзі арақатынаста 
болатын анықталғандық».
Заттардың қасиеттері мен қатынастарының ортақ белгі, 
сапалары жалпылық категориясымен белгіленеді. Бұл категория 
объектінің қасиеттері мен жақтарының ұқсастығын, белгілі бір 
жүйенің элементтері, бөлшектері арасындағы, сондай-ақ түрлі 
жүйелер арасындағы байланысты бейнелейді. Жалпылық деп, 
мысалы, «кристалл», «жануар», «адам» және т.с.с. ұғымдарды айтуға 
болады.
Жалпылық жекеден бұрын және одан тыс өмір сүрмейді, дәл сол 
сияқты жеке де жалпыдан тыс өмір сүрмейді. Кез келген объект – 
жалпылық пен жекенің бірлігі. Белгілі бір жағдайларда олар бір-біріне 
ауыса алады, айналады, яғни жеке – жалпыға, жалпы – жекеге.
Жеке мен жалпылықтың (жалпының) арасындағы 
байланыстырушы буын ерекше болып табылады. Жалпылық көлемі 
жағынан ерекшеден кең көлемде болады, ал ерекшенің ұғымдық 
көлемі жекелік көлемінен кеңірек болады. Осының нәтижесінде 
ерекшелік өзінің салыстырмалы дербестігін жоғалтып, жекелікке 
Жекелік-ерекшелік-жалпылық
Мән және құбылыс
Мазмұн және форма
Себеп пен салдар
Қажеттілік пен кездейсоқтық
Мүмкіндік пен шындық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет