Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия


Субстрат (лат. substratum – «төсеніш») заттар, құбылыстардың  ортақ негізін, бәрі осыдан жасалған дегенді білдіреді. Субстанция



Pdf көрінісі
бет4/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Субстрат (лат. substratum – «төсеніш») заттар, құбылыстардың 
ортақ негізін, бәрі осыдан жасалған дегенді білдіреді. Субстанция 
(лат. substatia – мән) бар бардың бастапқы негізін, яғни оның (бардың) 
мәнін, дүниедегі нақты заттардың, оқиғалардың, құбылыстар мен 
процестердің әр алуандығының ішкі бірлігін көрсетеді, айтады.
Материя (лат. materia – зат) категориясы философияға 
объективтік реалдылықты, шындықты белгілеуге енгізілген. 
«Материя» категориясы – бұл абстракция. Жалпы адам, жалпы 
өсімдік, жалпы құс, жалпы оқу мекемесі және осы сияқты жоқ 
болғандай, жалпы материя деген де жоқ. Сонымен бірге материяны 
оның белгілі бір нақты түріне – заттардың бөлшектеріне, сезіммен 
қабылданатын денелерге т.б. теңемейді. Материя дегеніміз – кеңістік 
пен уақытта өмір сүріп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп 
қасиеттері бар алуан түрлі объектілер мен жүйелердің 
(системалардың) сансыз көп жиынтығы. Біздің сезім мүшелеріміз 
барлық реалды материя формаларының ең болмашы бөлігін ғана 
қабылдай алады.
Материяның диалектикалық – материалистік анықтамасын 
В.И.Ленин «Материализм және эмпириокритицизм» деген 
еңбегінде берді: «Материя дегеніміз – адамға оның түйсіктері арқылы 
мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз түрде бар бола отырып, 
сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, 
7


бейнесі жасалатын объективтік реалдылықты белгілеу үшін 
қолданылатын философиялық категория». Бұл анықтамада 
материяның екі негізгі қасиеті, ерекшелігі көрсетіліп тұр: 1) әлемнің, 
дүниенің санадан (жеке адамның не адамзаттың) тыс және тәуелсіз 
өмір сүруі; 2) ол әлемді, дүниені тану, білу мүмкіншілігі.
Материяның тарихи концепциялары, атрибуттары (қасиеттері), 
дамуының құрылымдық деңгейлері, ол ұғымды түсінудегі көзқарастар 
туралы төменгі сұлбаларда (схемаларда) айтылады.
Материалистік көзқарас бойынша материя болмыс негізі, ал 
өзге болмыстық формалар материядан туындайды, яғни материя 
алғашқы (материя – 1, сана – 2).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет