Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет46/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

III. ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ
Әлеуметтік философия – белгілі бір қалыппен қоғамның 
сапалық өзгешелігін, оның заңдарын, әлеуметтік идеалдарын, генезисі 
мен дамуын, әлеуметтік процестердің логикасын жүйелеп баяндайтын 
философияның тарауы. Оның пәні – қоғам өмірі, бірақ нақты, 
күнделікті жағдайдағы емес, адамзаттың өткенін, бүгінгісін және 
болашағын қамтитын кең мағынадағы, тарихи дамудағы жалпы қоғам 
құбылыстары, процестері, нормалары, заңдары. Дегенмен, тарихи 
процестің схемасын, оның құндылықтар мен мағыналар жүйесін 
шығармаса да әлеуметтік философия адамдардың күнделікті 
қызметінің тәжірибесіне және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы 
зерттеулердің нәтижелеріне сүйенеді.
Қоғам өмірі өзара аса күрделі байланыста болатын 
экономикалық, саяси, идеологиялық, күнделікті тұрмыстық және 
басқа алуан түрлі қатынастардан құралады. Осы қатынастардың 
әрқайсысын қарастыратын жеке қоғамдық ғылымдар бар. Ал 
әлеуметтік философия осы алуан түрлі, күрделі қатынастар үшін 
ортақ заңдылықтарды тұжырымдай отырып, қоғамды біртұтас жүйе, 
өзінің объективтік заңдылықтары бойынша дамитын әлеуметтік 
организм ретінде қарастырады.
Әлеуметтік философия өзінің бастауын негізінде тарих 
философиясынан алады (Геродот, Фукидит, Лукреций – Грекия, 
Ф.Вольтер, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо – Франция, Г.Гегель – Германия 
және т.б.). Шын мәнінде XIX ғасырда оның негізін қалаушылар Сен-
Симон, О.Конт, К.Маркс және Ф.Энгельс, сол сияқты социологиялық 
психологизмнің өкілдері болды (Л.Уорд, Г.Тард, В.Парето т.б.). 
Әлеуметтік философияның дамуына М.Вебер, П.Сорокин, Т.Парсонс, 
Р.Мертон және т.б. үлкен үлес қосты.
Қоғамның дамуының тұтас картинасын қайта жасайтын 
әлеуметтік философия дүниетанымдық, теориялық, әдіснамалық және 
болжамдық функция атқарды. Оның қағидалары әсіресе тарихи
әлеметтанулық, юридикалық, экономикалық психологиялық және 
басқа ғылымдар саласындағы зерттеулер үшін үлкен әдіснамалық 
маңызы бар.
Әрі қарай философиялық антропология, қоғам, тарих 
философиясы, мәдениет философиясы, құндылықтар философиясы 
(аксиология), ғылым мен техника философиясы, құқық философиясы, 
дін философиясы қазіргі заманғы ғаламдық проблемалар 
қарастырылады.
83




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет