1 –ші оқу сұрағы. Ақпараттық (идеологиялық) актив рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарының жұмысында көмекші ретінде. Бөлімшеде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы актив жұмысының рөлі мен
1 –ші оқу сұрағы. Ақпараттық (идеологиялық) актив рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарының жұмысында көмекші ретінде. Бөлімшеде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы актив жұмысының рөлі мен міндеттері. Бөлімшелерде міндеттер көлемі мен ТИЖ жүргізу жұмыстары жеткілікті, сондықтан оның барынша тиімділігі үшін ротада (батареяда) оқу-тәрбие процесінің әртүрлі бағыттары бойынша қоғамдық негізде жұмыс істейтін және қолданылатын түрлер мен әдістердің кең таңдауын пайдалана отырып, сайып келгенде түпкілікті мақсаттарды, бөлімшедегі тәрбие және идеологиялық жұмыстың міндеттерін шешетін адамдардың бастамашыл тобының болуы қажет.
Бұл бастамашыл адамдар тобы ротаның (батарея) активі деп аталады.
Актив мыналардан құралады: -жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлық үздіктері;
-сыныпты мамандар;
-жастар көшбасшылары (роталар мен взводтар);
-ротаның (батареяның) қабырға баспасөзінің редколлегиясы;
- взводтардың жауынгерлік парақтарының редакторлары;
-ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесі кеңесінің төрағасы;
-ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесі кеңесі;
-взвод үгітшілері;
-ротаның (батареяның) жеке құрамымен мәдени-ағарту жұмысын ұйымдастырушы - "культург"; -ротаның (батареяның) жеке құрамымен спорттық - бұқаралық жұмысты ұйымдастырушы - "спорторг". Рота (батарея) активіне қоғамдық лауазымдарды атқармайтын, бірақ бөлімшенің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын, командалық құрамға бөлімшедегі жауынгерлік дайындықтың, әскери тәртіптің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға көмек көрсететін, ротадағы (батареядағы) моральдық-психологиялық ахуалдың қалыпты деңгейіне жәрдемдесетін басқа да адамдар кіруі мүмкін. Актив рота (батарея) командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс бойынша орынбасарының тікелей басшылығымен жұмыс істейді, ол оларға бөлімше активінің мүшелерінің жұмысын бағыттау жөніндегі іс-шараларды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетеді.
Жастармен жұмыс жөніндегі Бүкілармиялық құрылымдықұрудың мақсаты ҚР ҚМ әскерлерінде, мекемелерінде және оқу орындарында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Жастармен жұмыс жөніндегі органдардың міндеттері - әскерлерде мемлекеттік жастар саясатын қамтамасыз етуде және жүргізуде командирлерге, бастықтарға және тәрбие және идеологиялық жұмыстың органдарына жан-жақты көмек көрсету және әрекет ету:
- жас жауынгерлердің мүдделерін қорғау мен азаматтық құқықтарының және бостандықтарының заңдық кепілдіктерін нығайту;
-Қазақстан Республикасы Конституциясының, әскери анттың, жалпыәскери жарғылар мен бұйрықтардың талаптарын орындауға, әскери тәртіп пен серіктестікті нығайтуға, әскери ұжымдарды біріктіруге, әскери және құқықтық тәрбиені жақсартуға, мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту және неғұрлым толық іске асыру үшін әскери ұжымдарда жағдайлар жасау;
-жауынгерлерге патриоттық, интернационалдық және адамгершілік тәрбие беруде, әскер жасына дейінгі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы қызметке шақырылушыларды дайындауда жәрдем көрсету.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жастармен жұмыс жөніндегі органдардың ұйымдық құрылымы. Бүкіл әскердің Жастармен жұмыс жөніндегі үйлестіру комитетіәскерлердегі мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметтің негізгі міндеттерін, функциялары мен бағыттарын айқындайтын жоғары орган болып табылады.
Жастармен жұмыс жөніндегі үйлестіру комитетінің төрағасы Қорғаныс министрлігінің Қарулы Күштер түрлерінің, бірлестіктердің жастармен жұмыс жөніндегі департаменті бастығының жастармен жұмыс жөніндегі көмекшісі (жастармен жұмыс жөніндегі офицер) болып табылады.
Комитет жастар конференциясын, бірлестіктерді жылына бір реттен кем емес шақыруға құқылы.
Әскери бөлімнің жастармен жұмыс жөніндегі комитетібөлімнің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын жоғары атқарушы орган болып табылады. Бөлім жастарымен жұмыс жөніндегі комитеттің төрағасы тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі бөлімшенің жастармен жұмыс жөніндегі офицері немесе осы бөлімнің әскери қызметшісі болып табылады.
Бөлім жастарымен жұмыс жөніндегі комитеттің отырысы кемінде екі айда бір рет өткізіледі. Бөлім жастарымен жұмыс жөніндегі Комитеттің әскери ұжымының тыныс-тіршілігінің өзекті мәселелерін шешу бойынша бөлімнің жалпы жастар жиналысын үш айда бір реттен кем емес шақыруға құқылы. Бөлімнің есеп беру-сайлау жастар жиналысы жылына бір рет өткізіледі.
Ротаның жастар бастамашыл тобырота (батарея) жастарының өкілетті органы болып табылады және оларға бөлімшелердегі жастармен жұмыс бойынша іс-шаралар мен қызметті тікелей ұсынатын, жоспарлайтын және жүргізетін топ. Жастар бастамашыл тобының көшбасшысы рота әскери қызметшілерінен жалпы жастар жиналысында есепті кезеңге (жарты жылға) сайланады. Ротаның есеп беру-сайланбалы жастар жиналысы жылына 2 рет өткізіледі. Бастамашыл топтың отырыстары айына кемінде 1 рет өткізіледі.
Жастар бастамасы орталығыҚазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бөлімдерінде, мекемелерінде және оқу орындарында жастармен жұмыс жөніндегі барлық құрылымның негізгі ұйымдастырушылық өзегі болып табылады, әскери жастардың барлық бастапқы жұмыстары, бастамалары шоғырланады және іске асырылады.
ЖБО - жастармен жұмыс жөніндегі барлық құрылымның байланыстырушы буыны және жастармен жұмыс жөніндегі барлық органдардың өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Жастар бастамасы орталығының басшысы батальонның жалпы жастар жиналысында бір есепті кезеңге (1 жылға) батальонның әскери қызметшілері арасынан сайланады. ЖБО құрамына бастамашыл жастар топтарының жетекшілері кіреді. Жастар бастамасы орталығының отырыстары айына екі реттен кем өткізілмейді. Есеп беру-сайлау жиналысы жылына 1 рет өткізіледі.
Взвод жастарының көшбасшылары бір есепті кезеңге (жарты жылға) сайланады. Айына 1 реттен кем емес взводтың жастар жиналысын жеке өзі өткізеді, онда олар атқарылған жұмыс туралы есеп береді және взвод жастарымен бірге келесі айға арналған қызмет жоспарын жасайды.
Взвод жастарының көшбасшылары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімдерінде жастармен жұмыс жөніндегі барлық құрылымның негізін қалаушы, жас жауынгер мен жастармен жұмыс жөніндегі барлық органдар арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бөлімдерінің жастармен жұмыс жөніндегі органдары жоғары тұрған жастар органдарына төменнен жоғарыға дейін есеп береді.
Кез келген әскери қызметші немесе жастар емес орган мүдделі мәселе бойынша Қорғаныс министрлігінің бөлімдерінің жастарымен жұмыс жөніндегі барлық жоғары тұрған органдарға шектеусіз жүгінуге құқылы. Өтініш жіберілген жоғары тұрған орган осы өтінішті қарауға және оған жауап беруге міндетті.
2 – ші оқу сұрағы.