Адам баласының мағынасы және міндеті Адам жер бетінде не үшін өмір сүреді деген сұрақ
философияның барлық даму жолында көптеген ойшылдары
толғандырды. Әр заманда әртүрлі философтар осы сұраққа әртүрлі
жауап берді.
Өмір мағынасы адамға сырттан берілген емес. Объективтік
заңдарды білгеніне сүйеніп, адам өзі өмірге ақылды бастаманы
енгізеді. Барлық уақыт пен халықтар үшін өмірдің мағынасын табу
мүмкін емес, өйткені ол жалпыадамзаттық, мәңгілік ақиқаттармен
қатар әрбір нақты дәуір адамдарының армандары мен мүдделерін
қамтиды.
Өмір мақсатының мазмұны тек қана адам болмысының тарихи
жағдайларына қарай емес, сонымен бірге оның жастық
ерекшеліктеріне де байланысты өзгереді: жастықта мақсаттар бір
түрлі, кемелдік пен кәрілікте олар басқаша. Өмір мақсатын үш
уақыттық өлшемде қарастыруға болады: өткен (ретроспекция), қазіргі
(актуализация) және болашақ (проспекция). Өмір мағынасын іске
асыру қоғамда көп жағдайлардың барлығына байланысты, оның
ішінде аса маңыздылары демократиялық бостандықтар,
адамгершілікті мақсаттар және соларға сәйкес құралдар.
Адам өмірінің мағынасы мен мақсаты туралы әртүрлі
көзқарастар мен концепциялар бар. Өмір мағынасы – бұл әрбір жеке адамның таңдауы.Басқаша айтқанда, адам өмірінің мағынасы –
тұлғаның өзін-өзі іске асыруында, адамның жасампаздығында, беру,
басқалармен бөлісу, басқалар үшін өзін құрбан ету қажеттілігінде.
Адамның тәні өледі, бірақ ол әлеуметтік, рухани өлмейді. Ол өзінің
істерінде, шығармашылығында, адамдар жадында қалады.
89
Тұлғаның өмірлік позициясы Өмірлік позиция – адамның ойлары мен іс-әрекеттерінде
көрінетін қоршаған дүниеге қатынасы
Пассивті (конформистік) өмірлік
позиция
–
қоршаған
дүниеге
бағынуға,
жағдайларға
еруге бағытталған
Белсенді өмірлік
позиция
қоршаған
дүниені өзгертуге, хал-
ахуалды
бақылауға
бағытталған.