бағаламайды) батыстық ойшылдардың көптеген теорияларында
қамтылып жатыр: «индустриалдық қоғам теориясы»,
«постиндустриалдық қоғам теориясы», «ғылыми революция
теориясы», «ақпараттық қоғам теориясы» т.б.
Олардың пікірінше,
техника барлық әлеуметтік факторлардың алғышарты болып
табылады, соның нәтижесінде өндіргіш күштер стихиялық түрде жаңа
қоғамдық қатынастарды тудырады.
Батыстық авторлар әлеуметтік дамудағы техниканың
анықтаушы
рөлін негіздей отырып, адамзат тарихын
үш кезеңге
бөледі: «индустриалдыққа дейінгі қоғам», «индустриалдық қоғам»
және «кейінгі индустриалдық қоғам» («постиндустриалдық қоғам»).
Индустриалдыққа дейінгі қоғамдағы басты сала ауыл шаруашылығы,
сондықтан да оны аграрлы, дәстүрлі қоғам деп атайды және шіркеу
мен әскер бұл қоғамның басты институттары болып табылады.
Индустриалдық қоғам ең алдымен
корпорациялар мен фирмалар
жетекшілігіндегі өнеркәсіпке негізделеді. Кейінгі индустриалдық
қоғам тарихтың жаңа перзенті болып табылады және бірқатар
факторлармен анықталады: тауар өндіруші
экономикадан қызмет
етуші экономикаға көшу, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы
өзгерістер, қоғамдағы саясатты анықтауда
теориялық білімнің
басымдылығы, жаңа интеллектуалды технологияның қалыптасуы,
технологиялық өзгерістерді жоспарлау және бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: