дамиды. Сол сияқты ол кумулятивті (лат.
cumulatio көбею,
жинақталу), яғни біртіндеп білім жинайды, байыйды. Т.Кунның
пікірінше, ғылымда қалыпты жағдай және революция болады.
Бұрынғы парадигмалар жұмыс істеп тұрғанда – ғылымда қалыпты
жағдай, ал олар ауысқанда – революция өтеді.
Парадигма дегеніміз
ғылыми қауымдастықта
қабылданған қағидалар, құндылықтар,
техникалық әдістер жиынтығы және ғылыми дәстүрдің тіршілігін,
сақталуын қамтамасыз ету.
Интернализм (лат.intr-ішке
) өкілдері
ғылым өзінің ішкі
заңдылықтарымен дамиды дейді. Ал
экстернализм (лат.extra – тыс,
қосымша), керісінше, ғылымдағы өзгерістер
сыртқы факторлардың
әсерінен болады деп есептейді.
Классикалық ғылымға
ойлаудың объекттілік стилі тән, яғни
заттың, нәрсенің, құбылыстың құр өзін зерттеу,
субъекттің
(зерттеушінің) рөлін, қолданатын әдістерді еске алмайды. Оның
негізгі парадигмасы – механика.
Классикалық емес ғылым субъективтік факторды есепке ала
отырып, салыстырмалылық, дискреттілік, кванттану, жорамалдық,
қосымша (дополнительности) парадигмаларына сүйенеді.
Постклассикалық емес ғылым
қалыптасу және өзін - өзі
ұйымдастыру (синергетика) парадигмасына негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: