Роберт Кийосаки


Тез оқуға үйрену қаблеттілігі



Pdf көрінісі
бет30/41
Дата16.02.2023
өлшемі1,48 Mb.
#68513
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
Бай әке, кедей әке

4. Тез оқуға үйрену қаблеттілігі.
Тұрақты түрде жаңа формулаларды игеріңдер. Мысалы, нан
пісіруші күн сайын нанды жаңа бір рецепт бойынша пісіреді, ал ол
рецепті əлі кең тарап үлгірмеген. Ақша жөнінде де осыны айтуға
болады.
«Адамның бар болуы-оның адамдығы» деген мақалды біз жиі
естиміз. Мен мұны басқа сөздерге айналдырып: «Адам неге оқыса, сол
болады». -деймін. Бір сөзбен айтқанда, неге жəне нені
оқитындығыңызды үлкен мұқияттылықпен, зейін қойып қалап
алыңыз, сөйтіп ақыл-ойдың даналығы соншалықты, Сіз өзіңіздің алған
біліміңіздің ғұмыр бойы «тұтқыны» боласыз.


Мысалы,-Сіз кулинарлыққа оқысаңыз, міндетті түрде аспаз
боласыз. Егер аспаз болғыңыз келмесе, онда басқа бір мамандықты
игеруіңіз керек. Мысалы, мұғалімдік мамандығын. Педагогиканы
оқып, мұғалім боласыз. Солай əрі қарай. Сондықтан неге оқығыңыз
келсе, соны мұқият қалап алыңыз.
Ақша жөнінде жұрттың көпшілігі, мектепте алған бірақ
формуланы біледі. Ол ақша үшін жұмыс істеу. Бұл жер шарында-ең
кең тараған формула. Күн сайын миллиондаған адамдар таңертең
тұрып, жұмысқа кетеді, ақша табады, төлемдерді төлейді, чек
кітапшаларын балансқа келтіреді, өзара қорлардың акцияларын сатып
алады, қайтадан жұмысқа барады. Бұл олардың негізгі «рецепті».
Егерде, Сіз өзіңіздің не істеп жүргеніңізден шаршашаңыз, жалақыңыз
жеткіліксіз болса, онда Сізге ақша жасап жүрген формулаңызды
өзгерту қажет.
Осыдан көп жылдар бұрын, мен «Кепілдікке қойылған
жылжымайтын мүлікті қалай сатып алуға болады» деген тақырыптағы
бір күндік курстан өттім. Бұл формуланы мен игердім. Келесі қадам,
осы алған білімімді іске қалай асыру қажеттілігі тұрды, жұрттың
көпшілігі нақ осы жерде тоқтап қалады.
«Кегог» компаниясында үш жыл жұмыс істей жүріп, мен өзімнің
бос уақытымды, кепілдікке койылған жылжымайтын мүлікті сатып
алу өнерін одан əрі үйренуге арнадым. Осы формуланың көмегімен,
мен бірнеше миллион доллар ақша таптым, бірақ бұл қазір өте баяу
жұмыс істейді жəне оны көп адамдар пайдаланады. Бұл формуланы
игерген соң, мен жаңаларын іздестіре бастадым. Семинарларда мен
көптеген ақпараттар алатынмын, бірақ нақтылы жағдайда оларды
қолданғаным жоқ.«Дегенмен, қашанда бір жаңалықтарды білетінмін.
Барлық колледждер мен институттарда қаржыны Жоспарлау жəне
тұрақты инвестицияларды сатып алуды оқытатын курстары бар.
Осыдан бастауға кеңес берем. Сөйтіп, мен шапшаң қимыл жасайтын
формулаларды тұрақты түрде іздесітірумен болам. Міне, сондықтан
мен бір күнде, біреулердің ғұмыр бойы таба алмайтын табысын
табамын. Тағы бір ескерту. Қазіргі тез өзгеретін өмірде, аса көңіл
аударатын бір жəйт, ол алған біліміміздің тез ескіретіндігі.
Мəселенің маңыздылығы -ол Сіздің қаншалықты тез оқып, үйренуге
қаблеттілігіңіздің баршылығы. Мұндай қабілеттіліқтің
бағасы жоқ. Ақша жасаудың жаңа формулаларын шапшаң
табушылық- өте маңызды іс.
Ақша үшін жұмыс істеушілік- бұл адам баласының атам
заманнан бері пайдаланып келе жатқан ескірген формуласы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет