Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет1/115
Дата16.02.2023
өлшемі2,12 Mb.
#68529
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
e185fe133cb926283d53f1af83c8f984




 
 
Сейіт Қасқабасов 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ойөріс 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2009 
Жібек жолы 
 
 
 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ 
 
 
 
 
 
Қасқабасов С. Ойөріс. 
Алматы: “Жібек Жолы”, 2009. – 303 б. 
Кітапқа академик Сейіт Қасқабасовтың қазақ фольклортану 
ғылымының маңызды мәселелеріне арналған кейбір мақалалары мен 
зерттеулері енді. Бұл еңбектерде фольклордың даму тарихы мен теориясына, 
поэтикасы 
мен 
текстологиясына, 
жалпы 
типологиясына 
қатысты 
проблемалар қарастырылып, жекелеген жанрлар мен шығармалар жаңаша 
зерделенген.
Кітап 
фольклортанушы 
ғалымдарға, 
әдебиетті 
зерттейтін 
оқымыстыларға, мәдениет мамандарына, сондай-ақ магистранттар мен 
студенттерге және рухани мұрамыздың мән-мағынасын тереңірек білуге 
құштар оқырманға арналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© С.А.Қасқабасов, 2009. 
© “Жібек Жолы” баспасы, 2009. 
 



АВТОРДАН 
Қазақ фольклорына арналған еңбек аз емес. Олардың ішінде таза 
ғылыми да, көпшілікке арналған да жұмыстар бар. Өткен ғасырдың 70-ші 
жылдарынан бері көптеген зерттеу жұмыстары жарық көрді. Эпосқа, 
ертегіге, тарихи жырға, дастанға, өлеңге, жұмбаққа, ғұрыптық фольклорға
күй аңызына, балалар фольклорына арналған монографиялар, сондай-ақ 
фольклордың типологиясы мен поэтикасын зерделеген ұжымдық еңбектер 
ұлттық фольклортану ғылымын биік деңгейге көтеріп, өрісін кеңейтті. 
Алайда, сол зерттеулердің жаңа нәтижелері мен тұжырымдары, 
қорытындылары не мектептің, не университеттердің фольклорға арналған 
оқулықтары мен оқу құралдарына толыққанды түрде енген жоқ. Бұл 
олқылықты “Қазақ әдебиетінің тарихы” атты он томдық еңбектің бірінші 
томы белгілі дәрежеде толықтыра алады, бірақ оқулықты алмастыра 
алмайды. Себебі бұл том қазақ фольклорының тарихына арналған. Онда 
ежелгі заманда фольклор қандай болған, орта ғасырларда қандай сипат алған, 
жаңа дәуірде қалай дамыған деген мәселелер қарастырылған. Яғни қазақ 
фольклорының есте жоқ ескі заманнан бастап, бертінгі уақытқа дейінгі даму 
жолдары, жанрлардың пайда болуы мен өзгеруі, олардың қарапайымдықтан 
көркемдікке қалай жеткені зерттелген. Сондықтан бұл том “Қазақ 
фольклорының тарихы” деп аталып, фольклорымыздың мыңдаған жылғы 
жай-күйін, оның әр замандағы сипатын анықтаған. Атап айтатын нәрсе: 
фольклор тарихын динамикалық түрде, даму үстінде зерттеу – оңай емес, сол 
себепті де әлем фольклортанушылары мұндай кешенді, жүйелі жұмысты әлі 
атқарған жоқ. Әрине, мұндай үлкен еңбек орасан қажырлылық пен 
ыждаһаттылықты, терең білім мен біліктілікті қажет етеді және ғаламат 
жауапкершілікті жүктейді. Осының бәрін ескере отырып, қазақ ғалымдары 
мүмкін-қадерінше әлемдік және ұлттық фольклортану ғылымдарының 
жетістіктеріне сүйенді, оларды басшылыққа алып, жаңа тұрпаттағы жұмыс 
жазып, жарыққа шығарды. Әлбетте, мұндай қомақты еңбек мінсіз болуы 
мүмкін емес. Соған қарамастан “Қазақ фольклорының тарихы” – өз 
концепциясы бар, ешбір саяси-идеологиялық ұстанымға ұрынбай, сөз 
өнерінің ұзақ мерзім бойы өзгеру, жаңару жолдарын барынша объективті 
түрде талдаған, ғылыми жағынан нанымды әрі құнды еңбек деп айтуға 
болады. 
Ал, оқулықтың міндеті басқа. Онда фольклордың даму кезеңдері шолу 
түрінде ғана айтылып, фольклор жанрлары жан-жақты сипатталуға тиіс және 
өте көрнекті, маңызды шығармалар талдануы керек. Сөз жоқ, бұл істе 
фольклор туралы ғылымның соңғы жетістіктері мен жаңалықтары мейлінше 
мол қамтылуы қажет. Әсіресе, бұл фольклордың өзіндік ерекшеліктерін 
ашатын және оның әдебиет пен өнерге қатынасын көрсететін теориялқ 
мәселелерді баяндауда өте-мөте керек. Оқулықта ескерілетін маңызды 
аспектінің бірі – фольклортанудың басқа ғылымдармен байланысы, атап 
айтқанда этнологиямен, тарихпен, тіл білімімен, археологиямен. Бұларға 



сүйенбей фольклордың жалпы табиғатын, жанрлардың сырын, фольклорлық 
шығармалардың өзіндігі мен жалпылығын түсіну қиын. Әлемдік 
фольклортануда осы ғылымдарға сүйенгеннің арқасында көп жаңалық, соны 
бағыттар мен жаңа салалар ашылды. Осылар туралы оқулықта қажетті 
дәрежеде мағұлмат болғаны абзал. 
Ұсынылып отырған кітаптың мақсаты – жас ғалымдарға, бәрінен 
бұрын магистранттар мен студенттерге фольклор туралы білімін тереңдетуге 
жәрдем ету. Екінші сөзбен айтқанда, бұл еңбек – филология факультетінің 
студенттері мен магистранттарына қазақ фольклоры пәніне байланысты 
қосымша әдебиет міндетін атқарады деп сенеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет