Хабаршы №3-2011ж


КЕЙІПКЕР ТІЛІН ДАРАЛАУДАҒЫ ДИАЛОГ-ДЕТАЛЬДЫҢ



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата03.03.2017
өлшемі1,76 Mb.
#6021
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 
КЕЙІПКЕР ТІЛІН ДАРАЛАУДАҒЫ ДИАЛОГ-ДЕТАЛЬДЫҢ 
ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІГІ 
(С. Мұқанов пен Ғ. Мүсірепов туындылары негізінде) 
 
Диалогта әр кейіпкердің сөз саптауынан, оның ой-толғанысынан, 
сөйлеу  өзгешелігінен  жан-дүниесі  айқын  елес  береді.  Жазушының 
шеберлігі  де  оның  әр  кейіпкерді  мінез-бітіміне,  ой-өрісіне  орай 
сөйлетуінен  көрінеді.  Сондықтан  мағыналы  диалог,  кейіпкерді 
сөйлестіре білу шеберлігі – әдеби шығармада халықтық тіл байлығын 
мол  пайдаланып,  орнымен  қолданудың  ұтымды  тәсілдерінің  бірі  [1, 
158 б]. 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
165 
Диалог  -  қос  бағыттағы  коммуникативті  процесс,  диалогтың  әр 
қатысушысы субъект және сол мезетте диалог әрекетінде объектісі де 
болып  табылады.  Диалогтың  басты  белгісі  сөйлеуші  мен  тыңдаушы 
кезегі  ауысып  отырады.  Сөйлесім  мен  тыңдалым  кезегінің  ауысып 
отыруы  американдық  диалог  теориясында  басты  болып  табылады.  
Көркем диалогқа  жай диалогтағы автор тәжірибесі де кіреді [2]. 
Жоғарыда  келтірілген  мысалдардан  өзге  тіл  ғылымдарында 
көркем  диалогтың  сан-салалы  қолданыс  үлгілері  бар  екенін,  олардың 
кейіпкер  мінезін  таныту,  даралауда  қаламгер  шеберлігін  көрсететінін, 
құрылым  ерекшелігіне  байланысты  көркемдік  құралды  әрқилы 
қолдануын көреміз.  
Әр  жазушы  өз  мүмкіндігі  –  шеберлігіне  байланысты  кейіпкерді 
сомдаудың  түрлі  әдіс-амалдарын  қолданатыны  белгілі.  Соған 
байланысты  кейіпкер  тілін  даралау,  характер  таныту  ерекшелігі  де  әр 
жазушыда  түрліше  көрінеді.  Соның  ішінде  кейіпкердің  төл  сөзі  – 
монолог пен өзге кейіпкерлермен қарым-қатынасқа түскен кезінде ішкі 
ой-толғаныстарының оның тілінде (сөзінде) көрініс табуы, яки диалог 
тәсілі адам тұлғасын танытуда қолданылатын бейнелеу құралдарының 
ішінде (портрет, мінездеме, т.б.) ерекше орын алады. Басқа көркемдік 
амал-тәсілдердің  барлығы  да  негізінен  кейіпкер  туралы  тек  жанама 
түсінік береді. 
«Әуезов  диалогтарының  психологиялық  қуаты  мол,  олар 
персонаж  ойы  мен  сезім  қозғалыстарын  бедерлейді.  Кейіпкер  сөзі 
дараланған,  характерге  сай  және  сонымен  бірге  нақты  бір  жағдайда 
көңіл-күйлер  сипатын  береді.  Диалогтар  қаһармандардың  әр  алуан 
көзқарасын, өмір құбылыстарына деген әр басқа қарым-қатынастарын 
танытады» [3, 80 б]. ХІХ ғасырдағы қыр өміріндегі сөздің ұлы  күшін 
шын  мәнінде  көрсете  білуде  зергер  суреткер  өз  драматургиясында 
кеңінен  байқалған  лаконизм  және  орасан  шешендік  сапаларын  мінез, 
дүниетаным сипаттарын даралап ашуға қас шеберлікпен пайдаланады. 
Ғ.  Мүсірепов  творчествосында  диалогтың  икемділігі,  психологиялық 
мақсаттарға  арнайы  құрылуы  басым  көрінгенін  білеміз.  Қаламгерді 
ерекшелейтін – «диалог-деталь» Ғ. Мүсірепов прозасындағы Бейімбет 
Майлин  дәстүрінің  терең  іздерін  танытады.  Шағын  жанрларда,  тіпті 
«...уақиғаның 
басталуы,  шиеленісіп,  дамуы,  шарықтау  шегі, 
шешілісін» [4, 34 б] толық ашып беретін диалогтың қарапайым шаруа, 
шолақ белсенді, аяр болыс, кісімсінген оқығанның жан әлемі, характер 
құбылыстарын тапқыр, нақты репликаларымен нанымды суреттейтінін 
білеміз.  Б.  Майлин  замандастары  өмір  сүрген  дәуірді  бейнелейтін 
Ғабиден  Мұстафиннің  «Дауылдан  кейін»  романында  адамдар 
психологиясын тап басатын, юморлық мәні айқын тілдесу сәттері жиі 
кездеседі.  Әрине,  бұл  суреткердің  жоғарыдағы  принциптік  бағдарды 
жеке  творчестволық,  стильдік  оқшаулықпен  дамыта  түскені,  кемеліне 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
166 
келтіргені  күмән  тудырмаса  керек.  Үйрену,  үндесу  шақтары  қай 
қаламгердің болмасын көркемдік әлемін байытып отырары даусыз. 
С.  Мұқанов  кейіпкерлердің  бір-біріне  деген  түрліше  көзқарасын 
айқындауда кейде жалаң пайымдаудан гөрі оны басқа кейіпкердің сөзі, 
ойы    арқылы  беру  тәсілін  де  жиі  қолданады.  Себебі,  «тіл  –  адамдық 
мінез-құлықтың  бір  түрі,  ал  адамдық  мінез-құлық  –  психологиялық 
және әлеуметтік факт болып табылады» [5, 17-58 бб] емес пе! 
«Асқар  «заттар  табылды»  деп  сүйінші  сұраудан  бұрын 
Шербанидзе бұндай сұрау берсе, Итбай жамандай жөнелген болар еді; 
сүйінші қуанып сұраған сияқтанған Асқарды жамандауға қимай: 

 
Жаман жігіт емес, - деді ол. 

 
Ә,  солай  ма?  Бірақ  өзін  байларды  жек  көреді,  кедейді  жақсы 
көреді дейді ғой. 
–  Ондайы  бар,  -  деді  Итбай,  Шербанидзенің  ол  сөзіне  мән 
бермей» [6, 182 б]. 
Романдағы  осындай  қосымша  мәлімет  беретін  кейіпкерлердің 
шағын  тілдесулерін  Ғ.  Мүсірепов  шығармаларында  кездесетін 
диалогтарға  ұқсатып,  біз  Итбай  мен  Шербанидзенің  шағын  диалогын 
диалог-деталь деп атадық. 
Бір  жағынан,  Асқар  мен  Итбай  ешқашан  ашықтан-ашық  сөзге 
тіреліп қасарыспағандықтан, екінші жағынан, Асқар әзірше өзіне керек 
адам  болғандықтан,  олардың  таптық  мүдделері  екі  басқа  болғанына 
қарамастан,  іштей  Итбай  оны  сыйлайтын.  Бірақ  олардың  ойлары, 
дүниетаным-көзқарастары  алшақ,  бір  нүктеден  шықпайтындықтан, 
Асқар  мен  Итбайды  тіпті  келіспейтін  екі  антипод  деуге  болады. 
Асқардың сенетіні мемлекеттік заң, ұждандық әділет болса, Итбайдың 
сенетіні - заң ұстаушылардың арам құлқыны, шығу тегінің  «биіктігі», 
қалың қалтасы. 
С.  Мұқанов  қаһарман  бейнесін  ашуда  кейіпкер  тіліне  үлкен  мән 
береді.  Б.  Майтанов:  «Кейіпкер  әрекеті  мен  сөзінде  тамырластық 
болуы шарт. Еркек – әйелше, әйел – еркекше  сөйлемеуі керек немесе 
ғалым  –  шопанша,  шопан  –  ғалымша  сөйлемеуі  керек»  [7,  262  б],  - 
деген.  Жазушы  осындай  талапты  қатаң  сақтаған.  Мәселен,  Итбай 
образын  сомдауда  автор  кейіпкердің  бір  ауыз  сөзінен-ақ  оның 
дүниетаным  ерекшелігін  анық  байқатады.  Себебі,  Итбайша  Итбайдан 
басқа еш кейіпкер сөйлей алмас.   
Жоғарыда 
келтірілген 
диалог 
үлгілері 

Ғ.Мүсірепов 
шығармаларында  кездесетін    қысқа  диалогтармен  сарындас  келген. 
Кейіпкерлердің  бір  сәттегі,  яғни  кездейсоқ  ситуациялық  жағдайдағы 
образын  беруде  жазушы  қысқа  түрде  келген  диалогтарға  мол  жүк 
артады.  Айталық,  Итбай  мен  Шербанидзенің,  Асқар  мен  Итбай 
арасындағы әңгіме диалог-деталь секілді қысқа түрде қайырылып қана 
қоймай,  Мүсірепов  шығармаларында  кездесетін  диалогтардай  еріксіз 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
167 
күлкіге  әкеледі.  Үнемі  қол  астындағы  адамдарды  билігінің  күшімен 
қорқытып, бағындырып отырған Итбай болыстың Асқардың өзіне жау 
екенін ескермей, бір сәттегі қуанышын бірге бөліскенін көрсеткен осы 
бір  диалог  үлгісі  бір  қарағанда  Итбайдың  дүние,  мүлік  дегенде  ішер 
асын  жерге  қояр,  өзгеріп  сала  берер  екінші  бір  характері  ашылады. 
Кейіпкердің  бір  сәттегі  характерін  таныту  арқылы  жазушы 
шығармадағы негізгі кейіпкерлердің образын сомдауға тырысады. Енді 
осындай  кейіпкерлер  арасындағы  әңгімені  астарлы  суреттеу  арқылы 
берілген диалогтарды Ғ. Мүсіреповтің өз шығармаларынан келтірейік: 
 «  –  Жеңеше-жан,  шыныңызды  айтыңызшы,  көзім  не  жайда?  - 
дегенмін. 
–    Қарағым-ау,  оның  несін  сұрайсың...  Көзің  жайнап  тұр!  -  деді 
мүдірместен. 

 
Соқыр болып қалған жоқпын ба, әйтеуір? 

 
Жоқ, жоқ!... Көрмей қалғаның рас. Ұзамай көретін боласың... 

 
Бет-аузым не жайда? 

 
О, бет-аузыңда елеулі еш нәрсе де жоқ. Ақ мрамордай бұрынғы 
қалпында... 

 
Шашым ше?... 

 
Шашыңды алдырып тастауға тура  келді. Оп-оңай өсіп кететін 
шашты қойшы, тәңірі...» [8, 268 б]. 
Бұл 
келтірген 
диалог 
үлгісі 
Ғ.Мүсіреповтің 
«Жапон 
балладасындағы»  «Көздің  әңгімесінен».  Екі  кейіпкер  арасындағы 
диалогтан  дәрігер  мен  сырқат  адам  арасындағы  күлкілі  жағдай  көзге 
түседі.  Осындай  астарлы  күлкі  арқылы  жазушы  көп  жағдайда  тұтас 
кейіпкерлер  бейнесін  көз  алдымызға  алып  келеді.  Бір-біріне  деген 
ешқандай  жауластығы  жоқ,  тірліктегі  аңғал  адамдардың  кейпін 
танытуда жазушы диалогтық әдісті тиімді қолданған. Мұндағы жағдай  
Итбай  мен  Асқар  арасындағы  әңгімеден  тіпті  бөлек.  Бір-біріне  жау 
адамдарды  бір  диалог  үстінде  бір  сәтке  түсіністікке  алып  келіп, 
кейіпкер  характерінің  бір  қыры  ашылып  жатса,  бұл  С.  Мұқановтың 
диалогты  қолданудағы  жазушылық  шеберлігін  көрсетеді.  Бір 
құрылымдағы  диалог  болғанымен,  бір  мақсаттағы,  яғни  характер 
танытуда  екі  қаламгердің  диалогты  қолдану  әдісінің  әрқилы 
келетіндігін  жоғарыда  келтірген  диалог  үлгілері  дәлелдейді.  Бұдан  әр 
қаламгердің  көркемдік  тәсіл  –  диалогты  қолдану  ерекшелігі 
жазушылық шеберлігіне байланысты болатындығы шығады. 
Диалог  кейіпкерлердің  мінез-құлқындағы  ерекшеліктерін  аша 
тұра, жан дүниесіне терең бойлап, сезім пернелерінің нәзік құрылысын 
зерттеуге  де  мол  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  Петербур  қаласына 
аттанар  алдындағы  Асқар  мен  Сағит  әңгімелесуінде  (диалогында)  екі 
кейіпкердің  де  қоштасар  кезде  бір-біріне  айта  алмай,  тұрып  қалған 
сәтінен  олардың  жан  дүниелерін  кернеп  алған  қимастық  сезімнің 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
168 
ұшқындары байқалады. 
« –  Бірдеме айтайын деп пе едің?- деді Асқар. 
Сағиттің бетіне қараса, көзінде жас іркіліп тұр екен. 
–   Біреу тиді ме? 
Сағит солқылдап жылады. 

 
Неге жылайсың, айт маған? 
Сағиттің даусы дірілдеп, айтайын деген сөзіне аузы келмеді. 
–  Сен сондай осал ма едің?- деді Асқар, балаға қайрат бергісі кеп, 
–  мен  сені  мықты  деп  жүрсем!  Мынауың  не,  жаман,  жасық  балаша 
жылап тұрғаның! Ер жігіт  болатын бала жыламайды. Жылама, жаман 
балаға ұқсап!» [6, 139 б]. 
Кейде бірден көзге ілінбейтін, функционалдық жүгі аса ауыр емес 
ұсақ диалог-детальдардың өзі кейіпкер мінезін ашуда, психологиялық 
жай-күйін  суреттеуде  елеулі  рөл  атқаратынын  байқай  аламыз.  Сағит 
қобалжып  қалған  сәтінде  мұғалім-ағасына  «кетпеңізші»  не  «мен  сізді 
сағынамын» деп айта алмаған шығар... Жазушы осы туралы ойлануды 
оқырманның  өзіне  тапсырады.  Диалогта  Асқардың  сұраулы  сөйлем 
түрінде  келетін  репликаларының  астарында  баланың  тағдыры  үшін 
шынайы  уайымға  толы  ой-толғаулары  жатса,  лепті  сөйлемдермен  ол 
Сағитті жігерлендіріп, балаға қуат беріп, шәкірт болашағына зор сенім 
білдіреді. Ұстаз тек білім беруші, үйретуші, тәрбиелеуші ғана емес, ол 
әр  шәкіртінің  жан  дүниесінде  болып  жатқан  өзгерістерді  бір 
көзқарастан  сезе  алатын  психолог  болуы  қажет.  Асқар  болмысынан 
мұғалім болу үшін жаралған адам сияқты, себебі оның бойында ұстазға 
лайық  қасиеттердің  бәрі  бар.  Осы  диалогтан  Асқар  мінезіндегі  кең 
пейілділігі, мейірімділігі, шыншылдығы, дарқандылығы анық көрінеді. 
Жазушы жақсы қасиеттерді негізгі кейіпкер тұлғасына дарыту  арқылы 
Асқар бейнесін оқырманына тартымды етеді. 
Сөз  басында  диалог  -  деталь  туралы  айтқанда  бұл  түрдің                         
Ғ.  Мүсірепов  шығармаларында  көптеп  кездесетіндігі,  диалогтардың 
негізгі  бөлігін  осы  түрі  алатындығы  айтылған.  Диалог  –  детальдің 
қысқа  құрылымда  келетіні  белгілі.  Ал  жазушы  Ғ.  Мүсірепов  -  қысқа 
жазудың  қас  шебері.  Мүсіреповке  тән  диалогтың  осы  түрін 
қаламгердің өз шығармасынан іздеп көрелік. 
«  –  Менің  шешем  бар  еді,  қарындасым  бар  еді...  Солармен 
хабарласуға болар ма екен? 

 
Фамилияң кім?... Қай көшеде тұрушы едіңдер? 

 
«Жазғы таң» кварталында... 

 
Ол квартал қазір жоқ, күнім... 

 
Шешем орталық бақшада қызмет ететін еді...  

 
Орталық бақшаның орны ғана бар, күнім... Ал, енді демал, үн 
шығарма... 
 Доктор дұрыс айтыпты, үн шығармау керек екен... Қорланған ел 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
169 
аяншақтап, қайғы сарынын қорек етіп отыра берсе, сары ауру болудан 
басқа не шығады дейсің!...  » [8, 265 б]. 
 Бұл  келтірілген  диалог  үлгісі  -  Ғ.  Мүсіреповтің  «Жапон 
балладасындағы»  «Арқаның  әңгімесінен».  Автор  осы  әңгімеде  екі 
кейіпкерді сөйлестіру арқылы жалпы заман шындығынан хабар береді. 
Бір  қарағанда    дәрігер  (доктор)  мен  ауру  адам  арасындағы  күнделікті 
кездесуде  айтылатын  жай  сұрастыру    әңгімелер  секілді.  Бірақ  сөйлем 
соңында көп нүктенің қойылуы осы әңгімені басқа жағынан аңғартады.  
Дәрігер мен сырқат адам арасындағы осы шағын диалогтан сұрастыру 
әңгімелерінің ар жағында үлкен бір ойдың ұшқыны жатқаны сезіледі. 
Жазушы оны дәрігердің соңғы сөзі арқылы көрсеткендей және онымен 
шектелмей,  айтар  ойының  қорытындысын  авторлық  баяндау  арқылы 
берген.  Міне,  шағын  ғана  диалог-детальдың  да  айтары  көп,  өмір 
шындығын  танытуда  атқаратын  қызметі  де  ұшан-теңіз  екенін 
Ғ.Мүсіреповтің диалог-деталі дәлелдеп бергендей. Бұл - Мүсіреповтің 
өз  шығармасында  көрініс  тапқан  диалог  үлгісі.  Біз  жоғарыда  осы 
диалог-детальдің  С.  Мұқановтың  «Ботагөз»  романында  кездескен 
үлгісін  көрсеткенбіз.  Қос  жазушының осы  бір  диалог  үлгісін  әр  түрлі 
мақсатта  қолданғандары,  жазушылық  шеберлігіне  қарай  құбылта, 
құлпырта  суреттегендерін  жоғарыда  келтірілген  екі  диалог  үлгісінен 
айқын аңғарамыз.   
Диалогта  кейіпкердің  шынайы  ойы,  алған  бетбұрысы  айқын 
көрініп,  оның  жан  дүниесіндегі  болып  жатқан  құбылыстардан  сыр 
түюге мүмкіндік береді. 
Жазушы туындыларында қолданыс тапқан диалог-деталь үлгілері 
өзіндік  қолданыс  ерекшелігімен  дараланады.  Әр  жазушы  өзіндік 
жазушылық  шеберлігіне  қарай  құбылтып  қолданатын  диалог 
үлгілерінің  қай  түрін  алсақ  та,  талданған  диалог  үлгілері  С.  Мұқанов 
пен  Ғ.  Мүсіреповтің  диалог-детальды  қолдану  арналарының  кеңдігін, 
өзіндік  дара  жазушылық  стилі  ерекшеліктерін  танытады.  Қысқа 
формада  құрылып, шығармада  күрделі  де  маңызды  қызмет  атқаратын 
диалог-деталь құру асқан шеберлікті қажет етері сөзсіз.  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақ  әдебиеті.  Энциклопедиялық  анықтамалық.  –  Алматы:  Аруна, 
2005. – 576 б. 
2. Hess – Luttich E. Per Literarische Dialog als Gegenstand empirischer text – 
wissenschafd. // Literatur und Konversation. Wiesbaden, 1980. S 5-22. 
3. Ахметов З. Роман-эпопея Мухтара Ауезова. – Алматы: Санат, 1997. – 
288 с. 
4.  Наурызбаев  Б.  Қазақ  прозасындағы  Б.  Майлин  дәстүрі.  –  Алматы: 
Ғылым, 1979. – 180 б.  
5.  Лизунова  Е.  Мастерство  М.  Ауезова.  –  Алматы:  Жазушы,  1968.  –         
286 с. 
6. Мұқанов С. Ботагөз. – Алматы: Жазушы, 1989. – 480 б. 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
170 
7.  Майтанов  Б.  Қаһарманның  рухани  әлемі.  Зерттеулер.  –  Алматы: 
Жазушы, 1987. – 232 б. 
8.  Мүсірепов  Ғ.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы.  Бірінші  том.  
Әңгімелер.  Құрастырған:  Нарымбетов  Ә.  –  Алматы:  Жазушы,  2002.  – 
288 б.  
*** 
  В  статье    рассматривается  диалог-деталь  как  художественный 
способ  раскрытия  характеров  персонажей  в  романах  С.  Муканова  и 
Г.Мусрепова. 
*** 
  In this article  are considered dialogue-detale in the novels S.Mukanov 
and G.Musrepov in discovering the image of a character. 
 
 
 
ӘОЖ 811.512.122' 42 
Касенов Е.С.- ф.ғ.к., оқытушы,  
Абай атындағы ҚазҰПУ  
 
І.ЖАНСҮГІРОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДИАЛЕКТІЛІК 
ЛЕКСИКАНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН 
ҚАТЫСЫМДЫҚ МӘНІ 
 
Тіл  -  қоғам  өмірінің  барлық  саласына  қызмет  ететін 
болғандықтан,  қоғам  өміріндегі  өзгерістер  тілге  де  әсерін  тигізеді, 
белгілі  мөлшерде  ізін,  таңбасын  қалдырады.  Ал  белгілі  бір  кезеңде 
өмір сүрген қаламгер тіліндегі тілдік бірліктерде бүтін бір этносқа тән 
тілдік  ерекшеліктердің  таңбасы  сақталады  және  олардың  мән-
мағынасын айқындауға мүмкіндік береді. Этностың көрсеткіші болып 
табылатын  тілдің    жалпыхалықтық  әдеби  тіл  құрамына  енбеген 
жергілікті  сипаттағы  сөздері  болатыны  белгілі.  Әдеби  тілімізде 
ұшыраса  бермейтін  мұндай  сөздер  тіл  білімінде  диалектілік  лексика 
ретінде  танылады  әрі  әдеби  тіл  үшін  де,  әдебиет  тілі  үшін  де  құнды 
қазына болып табылады. 
Белгілі  бір  аймақ  тұрғындарының  тілдік  өзгешеліктері  көркем 
туындылардың    стильдік  ерекшелігіне  орай    еркін  қолданылады.  Сол 
себепті  де  көркем  шығармаларда  әдеби  нормамен  қатар  ауызекі  тіл 
элементтері  де,  диалектизмдер  мен  архаизмдер  де  кездесуі  заңды  
құбылыс.  Көркем  туынды  тілінде  ұлттық  тілдің  өзге  де  элементтері 
(жаргон,  дөрекі  сөздер)  кездеседі,  ал  онда  диалектілік  сөздердің  орын 
алуы  әдеби  тілдің  даму  үдерісіне  елеулі  үлес  қосады.  Бұған  ғалым 
Ш.Сарыбаевтың  пікірі  дәлел:  «Жергілікті  ерекшелік  –  әдеби  тілді 
байытудың  көзі,  әдеби  тілге  әр  кезде  азды-көпті  еніп  отырады,  әдеби 
қолданысқа  түскеннен  кейін  ол  диалект  болудан  қалады.  Егер 
жергілікті ерекшелік (диалект сөз) көркем шығармада арнайы стильдік 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
171 
мақсатта қолданылса, оны «диалектизм» деп атауға болады» [1, 37 б.]. 
«Әсіресе,  қазіргі  кездегі  әдеби  тілдің  даму  процестерін  тереңірек 
зерттеу  мәселесі  күн  тәртібіне  қойылып отырған  кезде,  әдеби  тіл  мен 
диалектінің қарым-қатынасына зер салмай тиісті қорытынды 
шығару  мүмкін  емес»  –  деген  диалектолог-ғалым  О.Нақысбековтің 
пікірін  ескере  келе,  белгілі  бір  аймақтағы  жекелеген  сөздердің 
поэзиялық  туындыларда  қолданылуын  зерделеу  жергілікті  тілдік 
өзгешеліктерді  әдеби  тілмен  сабақтастыра  зерттеудің  маңыздылығын 
арттырады [2, 10 б.]. 
Әдеби  тіл  дамуында  оң  ықпал  ететін  белгілі  бір  қаламгер 
туындыларында  жергілікті  тілдік  ерекшеліктердің  ұшырасуы  ең 
алдымен,  әр  алуан  көркемдік  мақсат  қажеттілігінен  туындаған; 
екіншіден,  сол  қаламгердің  туып-өскен  аймағындағы  халықтың 
тарихы,  тұрмыс-тіршілігінен  мағлұмат  береді.  «Диалектология 
ғылымының  мүддесі,  міндеті  тұрғысынан  алғанда  әдеби  шығармалар 
тексіндегі диалектизмдерді анықтау, құрамына қарай топтап, сипаттау 
қай жердегі халық тіліне тән екендігін көрсету мақсаты көзделеді» [3, 
18 б.]. Осыған орай, І.Жансүгіров поэзиясында белгілі бір аймақта ғана 
қолданыс  тапқан  жергілікті  сөздер  мол  екені  байқалады.  Академик 
Р.Сыздық:  «жергілікті  сөз,  көне  сөз,  сирек  сөз,  жасанды  сөз,  т.б. 
сияқты қалың оқушыға бейтаныс сөздерді көркем әдебиетте қолдану – 
барлық әдеби тілге тән құбылыс. Бірақ олар белгілі бір мақсат көздеп 
қана  жұмсалуға,  мотивсіз  колданыстары  болмауға  тиіс  және  қайткен 
күнде  де  олардың  түсінікті  болуы  көзделуі  қажет»,  –  дейді  [4,  92  б.]. 
Осы  пікірге  сүйене  айтсақ,  диалектілік  сөздерді  шамадан  орынсыз 
қолдану  шығарманың  тілін  шұбарландырып,  түсінбеушілікке  әкеледі. 
Ақын  шығармаларында  көрініс  тапқан  диалектизмдерді  қарастыруда 
негізінен  екі  мәселені  ескеруді  жөн  көрдік.  Ең  алдымен,  ақын 
туындыларындағы 
диалектизмдердің 
қатысымдық 
мәні 
мен 
ақпараттық 
сипаты; 
екіншіден, 
ақын 
қолданысындағы 
диалектизмдердің  мағыналық  өзгеріске  түсу-түспеуі.  Алайда  ақын 
шығармаларындағы диалектілік бірліктер талғамға сай пайдаланылған 
тілдік-стильдік элементтер болып табылады. Мысалы: 
Бата қып батқан күнге, туған айға, 
Бейшара жүре берсін Бурабайда. 
Серіні «пері» деген қалың қауым 
Не ғылсын, бір мақсымды қудалай ма? – («Құлагер» поэмасынан) 
деген  шумақтағы  «мақсым»  сөзі  «Қазақ  тілінің  диалектологиялық 
сөздігінде» «дін оқуындағы шәкірт» мағынасында берілген [5, 230 б.]. 
Ақын  қолданысында  бұл  сөз  сөздіктегі  мағынаға  жуық.  Бірақ,  мұнда 
«дін жолына түсу» мағынасындағы реңктік бояу басым. Жеке тұрғанда 
мұндай  тілдік  бірліктердің  мағынасы  түсініксіздеу  болғандықтан 
ақпараттық  мазмұнын  сипаттау  әлбетте  қиындық  туғызады.  Бірақ 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
172 
оларды  мәнмәтінде  түсіну,  мағынасын  ұғу  аса  қиын  емес.  Қашанда 
диалект  сөздердің  мағынасын  өзге  аймақтың  тұрғындары  тек  мәтін 
құрамында,  мәнмәтінде  келгенде  жақсырақ  түсінері,  олардың 
мағынасындағы  ақпаратты  алу  мүмкіндігіне  ие  болары  дәлелдеуді 
кажет етпейді.  
Ақын  өлең  өлшемінің  заңдылығын  сақтау  әрі  көркемдік 
құндылығын  арттыру  мақсатында  әдеби  баламасы  бола  тұрса  да, 
жергілікті  тіл  ерекшелігін  пайдаланған.  Бұл  сөзімізге  ақын 
поэзиясынан мынадай мысалдар келтіруге болады: 
Шілденің шілгер ыстық мынау күні,   
Желбіреп  жер  бетінің  жеміс  гүлі    («Ғазизаның  аузынан» 
өлеңінен). 
Осындағы  шілгер  –  мағыналық  жағынан  өзгеріске  түспей,  тек 
дыбыстық  құрамы  өзгеріске  түскен  диалектілік  сөз.  Бұл  сөздің 
диалектологиялық  сөздікте  «шілінгер  ыстық» деген  нұсқасы  берілген 
[5,  410  б.].  Оның  «тым  ыстық»  деген  мағынаны  беретіндігі  аталған. 
Ақын  бұл  жолдарда  өлеңдегі  буын  санын  сақтау  мақсатында  оларды 
ықшамдап  алды  деуге  болады,  бірақ  ол  жергілікті  ерекшелікті  шебер 
қолданылған. Cондай-ақ,  
 Келгін алды өлермен, 
Қазақ  бақты  көкпекті  –  («Аяныш»  өлеңінен)  дегендегі 
«келгіннің»  баламасы  келімсек.  Ақын  шығармаларындағы  бұл  сөздер 
белгілі  аймақтағы  тұрғындар  тілін  зерделеуге,  мол  мағлұмат  алуға 
септігін тигізеді. 
«Көркем сөз шеберлері өзіне керекті материалды халық өмірінен, 
халық  тілінен  алатыны,  оны  өздерінің  творчестволық  елегінен  өткізе 
отырып  пайдаланатыны  белгілі.  Халық  тілінің  табиғи  мүмкіншілігін 
ежелден  қалыптасқан  тілдік  дәстүр  негізінде  меңгерген  ақын-
жазушылар  ғана  оны  бұрынғысынан  әрі  дамыта,  жаңарта,  қолдану 
аясын  кеңейте  алады.  Мұның  өзі  тілдің  сымбаттылық  қасиетін, 
икемділігін  арттырумен  бірге,  даму  процесін  жетілдіруге  мүмкіндік 
береді» [6, 31 б.]. Ақын поэзиясындағы жергілікті тіл ерекшеліктерінің 
эстетикалық мәні контекстегі қолданысы негізінде айқындалады және 
олар көп жағдайда авторлық ремаркада мол ұшырасады. Мысалы: 
Жіберді ашуды ақыл шайқап-шайқап, 
Монтаңдап  ашу  жасып  берді  тайқақ  («Күй»  поэмасынан). 
Осындағы  «монтаңдап»  диалектологиялық  сөздікте  «монтаны  болу» 
беріліп,  «білсе де  білмей тұру»  деп түсіндіріледі [5, 242 б.]. Тілімізде  
үндемеу  мағынасында  жұмсала  беретін  «монтию»  лексемасы  бар. 
Ақын  «монтаңдап»  деп  кейіпкер  бейнесін  сомдау  мен  ойдың  әсерлі 
көрінісін  беру  үшін  қолданылған.  Олардың  қатарында  мынадай 
диалектілік лексемаларды атауға болады: қау, жарналас, қобыс, сірі. 
 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
173 
Зәулім-зәулім заңғар тау 
Шығыс-батыс шегінде, 
Лапылдақ жалын, іші қау, 
От ойнақшыл тегінде («Жанар тау» өлеңінен). 
Осы  өлеңдегі  «қау»  лексемасының  диалектологиялық  сөздікте 
төрт түрлі мағынасы түсіндіріліп берілген. Ең алдымен, қау – қоршау; 
екіншіден, қау – қақпа; үшіншіден – сел, су тасқыны орып кеткен жер, 
су  арнасы:  төртіншіден,  қау  –  көп,  қалың  мағынасында  түсіндіріледі  
[5,  199  б.].  Ақын  қолданысындағы  қау  сөздіктегі  «көп,  қалың» 
мағынасымен сәйкеседі. 
Жастыққа жақсы жармен жарналас бол!  
Қызық  сол,  жарқындарым,  жалғандағы  («Қарындастарыма» 
өлеңінен).  Осы  жолдағы  «жарналас»  диалектологиялық  сөздікте 
«жарналау»  деп  беріліп,  оның  мағынасы  «бөлісу»  деп  түсіндірілген.  
[5, 113 б.].  
Жамылған жанат ішік қыз отауда, 
Жұп-жуас, ілініп тұр алдаспан да. 
Жалыны жанба отынның лау-лау жанып, 
Мажырап үйдің ішін нұр басқанда. 
Осындағы 
«мажыра» 
сөзі 
«қалып, 
жай» 
мағынасында 
түсіндіріліп, оның таралу аймағы Қызылорда облысының Арал ауданы 
көрсетілген [5, 229 б.]. Бұл сөздің ақын поэзиясынан орын алуы оның 
өзге  аймақтардағы  қатынастарының  нәтижесі  деп  қарау  керек.  Бұл  – 
жергілікті  ерекшеліктердің  ақын  тіліндегі  таңбасы.  «Күйші» 
поэмасының: 
Кенеге ірге болып жатыр Дулат, 
Қаройдың  көңірсіген  қобысында  –  («Күйші»  поэмасынан)  деп 
келетін  жолындағы  «қобыс»  сөзі  сөздікте  «екі  жағы  биіктеу  келген, 
ортасы қуыс өзек жер» деп түсіндірілген [5, 202 б.]. Ақын поэмасында 
«қобыс»  сөздіктегі  мағынадан  алшақ  кетпей,  «сайлы  мекен,  жер» 
мағынасындағы қолданыста тұр. 
Қылыштар қынға кірді еткен жалақ,                
Ілінді керегеге сірі садақ («Күйші» поэмасынан).                       
Бұл  сөз  диалектологиялық  сөздікте  «құрт  тоқитын  төрт  тесікті 
тақтайша ағаш» деп түсіндірілсе [5, 311 б.], «Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігінде»:  Сірі  зат.  1.  Етіктің  өкшесіне  қойылатын  қатты  қалың 
көн.  2.  Сын.м.  ауыс.  Жаны  сірі.  Мықты  берік,  көнбіс  мағыналарында 
түсіндірілген  [7,  517-518  б.].  Бірақ  осы  өлең  жолындағы  қолданыста 
сірі  «сірі  садақ»  тіркесі  құрамында  келіп  «берік»,  «мықты» 
мағыналарында жұмсалса, 
Лаба жалын жандырды, 
Тас,  қоқыр,  тікен,  сіріні,    деген  жолда  мүлде  бөлек  мағынада 
жұмсалған.  Мұнда  ұзақ  уақыттар  бойы  жер  бетінде  жиналған, 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
174 
қабатталған жыныс мағынасында қолданылған. 
Халықтың    болмысына  оның  өмір  сүру  ортасы  әсер  етеді.  Ол 
этностың  мәдениетінде,  тұрмысында,  күнделікті  өмірінде  көрініс 
табады, бұл көрініс қоршаған ортаның жағдайына қарай тілде түрліше 
таңбаланады. Сол  аймақтағы халықтың белгілі бір зат пен құбылысқа 
берген  тың  атауы  ақын  өлеңдеріндегі  диалектілік  ерекшелік  ретінде 
танылады.  Олардың  «белгілі  таралу  шегі,  қолданылатын  аймақтағы, 
айқын  изоглассасы  бар  ерекшеліктерімен  қатар,  әр  түрлі  аймақтағы 
қазақ  тілі  говорларында  қайталанып  кездесетіндері  де  толып  жатыр» 
[2,  6  б.].  Бұған  ақын  поэзиясында  тұрмыс-тіршілікке,  шаруашылыққа 
байланысты  мойынтұрық,  самиян,  тоған  тәрізді  жергілікті 
ерекшеліктердің кездесуі дәлел. 
Егіншілер сайлады  
Мойынтұрық, самиян, 
Ат,атан, өгіз – көлігін («Жаз құдаша» өлеңінен). 
Бұл  жолдағы  «мойынтұрық»  сөздікте  «мойындырық»  болып 
көрсетіліп,  оның  ақын  тілінде  аз-кем  фонетикалық  өзгерісте 
қолданылғанын  аңғартады.  Бірақ  бұл  сөздің  мағынасы  «өгіз  қамыт» 
екені  түсіндірілген.  Сібір  татарларының  тілінде  «мойдырыкь», 
М.Қашқари  сөздігінде  «бозундурук»  болып  тіркеліп,  салыстырмалы 
түрде көрсетілсе, «Самиян» сөзі диалектологиялық сөздікте «кең дала» 
мағынасында  түсіндірілген  [5,  283  б.].  Қазақ  тілінің  түсіндірме 
сөздігінде:  «Самиян.  1)  Өгіз  жеккенде  мойынтұрықты  бекітіп  қоятын 
жұмыр  темір;  2)  Жанға  жайлы,  салқын  қоңыржай  (жел,  самал);                               
3) Ұшы-қиыры жоқ, елсіз, сусыз, кең дала» деп үш мағынасы берілген. 
Демек,  ақын  өлеңінде  «өгіз  жеккенде  мойынтұрықты  бекітіп  қоятын 
жұмыр темір» мағынасында екендігі байқалады[7,143-144б.]. Ақынның 
«Жетісу суреттері» өлеңінің: 
Ақырып айғай салған Көксу алып, 
Жазыққа шыға келсе іркіп ағып,  
Егінші ылғи дихан жалайырлар 
Үлесед  үй  басына  тоған  алып  –  («Жетісу  суреттері»  өлеңінен) 
деп  келетін  жолдарындағы  «тоған»  сөзі  тілімізде  екі  түрлі  мағынада 
жұмсалады:  1)  су  жинап  алатын  бөгет,  тоспа;  2)  егістік  жерге  су 
жіберетін  арық.  Жергілікті  жерден  жиналған  диалектологиялық 
материалдарда  да:  1)  суға  салынған  кедергі,  тосқауыл;  2)  кеңдігі  2-3 
метрдей су жіберетін үлкен арық мағынасында қолданылады [8, 69 б.]. 
Поэзия тіліндегі диалектілік сөздердің қолданылу сипатын сөз ету 
барысында, олардың мақсатты-мақсатсыз, уәжді-уәжсіз қолданылуына, 
өлең        тақырыбына  қатысы мен  ақын  тілінде  берілу  ерекшеліктеріне 
мән берген дұрыс. Ақын шығармаларында кездесетін  мапа (жұмсақ), 
мият  (сүйеніш),  шүйке  (түтілген  жүн),  сірі  (мықты,  берік), 
шыралжын  (өсімдік  атауы),  жүлгелей  (жағалау,  бойлау),  сапыраң 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
175 
(дүрбелең),  шүлен  (жомарт),  бадалғыр  (құрғыр),  мүйізгек  (қатты 
қабыршақ, мүйізденген түйін) тәрізді сөздер сәйкесті  диалектизмдер 
тобын  құраса,  арбыз,  жайнақ,  көнек,  төлежіп,  ділгер,  шілдіпірім, 
үйлету, қамырық, сақар, күйірке, қойқап, сирегейтіп, т.б. сөздердің 
әдеби  тілде,  басқа  сөйленісте  баламасы  жоқ.  Жеке  тұрғанда  олардың 
мағынасын  түсіндіру  қиындық  туғызады.  Бұл  диалектизмдер  арқылы 
сол  аймаққа  тән  ақпарат  беріледі  және  олардың  мағынасындағы 
ақпараттың таралу шектеулілігі  аумақтық ерекшеліктерге байланысты 
болады.  Бұл  сөздер  сөйлем  ішінде  белгілі  бір  мағынаға  ие  болып 
тұрғанымен  (фразеологиялық,  диалектологиялық,  этимологиялық, 
түсіндірме)  сөздіктерге  енбеген.  Бұл  сөздердің  мағынасы  тек  мәтінде 
анықталады.  Мұндай  сөздер  елдің  өзге  аумағында  тұратын  көпшілік 
қауымға түсініксіз болғандықтан, мағынасын білмегендіктен олар үшін 
ақпарат  алмасу  құралы  да  бола  алмайды.  Олай  болса,  диалект  сөз 
арқылы берілетін ақпараттың таралу ауқымы да шектеулі болады. Бұл 
диалект  сөздердің  ақпарат  тарату  мүмкіндігінің  шектеулілігін  де 
көрсетеді.  Ілияс  Жансүгіров  шығармаларындағы  «баламасы  жоқ 
лексемалардың  семантикасында  тіл  мен  мәдениет  жақын  тоғысады», 
сондықтан  олар  ұлттық  мәдениеттің  бір  бөлшегін,  яғни  белгілі  бір 
тарихи  кезеңде  қалыптасқан  ұғымдарды  бүгінге  жеткізуші  ретінде 
кумульятивтік  қызметті  де  атқарып  тұр  [9,  21  б.].  Ақын  тілінде  осы 
күнгі нормамен салыстырғанда да, өткен ғасыр нормасымен алғанда да 
белгілі  бір  аймақта  қолданылған  сөздер  ұшырасады.  Ақын 
поэзиясында  тілімізде  бұрын-соңды  көп  кездеспеген  элементтердің 
ұшырасуы  –  диалектілік  ерекшеліктердің  ауызекі  сөйлеу  тілінде  ғана 
емес, көркем әдебиет, әсіресе поэзия тілінде де ақын шеберлігіне орай 
еркін қолданылатынын дәлелдейді. 
Сонымен,  ақын  тіліндегі  түрлі  диалектілік  сөздер  қатысымдық 
мақсатта  қолданылған  және  олар  тіл  дамуының  белгілі  бір  кезеңінен 
мағлұмат  береді.  Ақын  поэзиясында  көрініс  тапқан  диалектілік 
лексиканың 
мағынасындағы 
ақпараттың 
таралу 
аумағының 
шектеулілігі  байқалады  және  тілді  тұтынушылардың  белгілі  бір 
бөлігінің  ғана  ақпарат  алмасу  құралы  ретінде  қызмет  ететін 
қатысымдық бірлік болып табылады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Сарыбаев  Ш.  Қазақ  тіл  білімі  мәселелері.  Вопросы  казахского 
языкознания. – Алматы: Арыс, 2000. – 621б. 
2.
 
Нақысбеков  О.  Қазақ  тілінің  ауыспалы  говоры.  -  Алматы:  Ғылым,  
1972. – 176 б.  
3.
 
Кәрімов Х. Қазақ диалектологиясы. - Алматы, 1980. – 56 б.  
4.
 
Сыздықова  Р.  Бүгінгі  көркем  проза  тілі  және  әдеби  норма  //  Өнер 
алды – қызыл тіл. Мақалалар жинағы. - Алматы, 1986. – 205 б. 
5.
 
Қазақ  тілінің  диалектологиялық  сөздігі.  -  Алматы:  Ғылым,  1969.  -         
426 б. 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
176 
6.
 
Қалиев  Ғ.,  Сарыбаев  Ш.  Қазақ  диалектологиясы.  -  Алматы:  Ғылым, 
2002. – 200 б. 
7.
 
Қазақ  тілінің түсіндірме  сөздігі. - Алматы: Ғылым, 1985. - 8 т.  – 
591 б.  
8.
 
Есимболова М. Жетісу сөйленісінің лексикалық ерекшеліктері: филол. 
ғыл. канд. ... дис. - Алматы, 2001. - 158 б. 
9.
 
 Атабаева 
М. 
Қазақ 
тілі 
диалектілік 
лексикасының 
этнолингвистикалық негізі.  - Алматы: Білім, 2006. - 288 б. 
*** 
В данной статье рассматриваются коммуникативные особенности 
диалектной лексики в поэзии И.Жансугурова. 
*** 
In  this  article  considered  communicative  particularities  dialect  lexic  in 
I.Zhansugurov’ s poetry. 
 
 
ӘОЖ 81 
Жиренов С.А. – ф. ғ.к., 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің доценті м.а.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет