ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Озғанбай Ө. Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан. – Алматы, 1997. –135 б.
2. Хидоятов Г.А. Моя родная история. – Ташкент, 1990.– С. 266.
3. Шілдебай С. Түрікшілдік және Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. – Алматы,
2002.– Б. 36.
4. Демко Д.Ж. Орыстардың Қазақстанды отарлауы /1896–1916/. – Алматы, 1997.– Б.
46.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
24
5. Вощинин В. Очерки нового Туркестана. Свет и тени русской колонизации. –
СПб., 1914. – С.11.
РЕЗЮМЕ
Ахметова Ж.К., к.и.н., старший преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Басшыбаева А.С., старший преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Проблемы земельно-водных ресурсов Туркестанского генерал-губернаторства в
конце ХІХ и начало ХХ-х веков
В данной статье рассматриваются проблемы земельно-водных ресурсов
Туркестанского генерал-губернаторства. По основным положениям реформы 1886 года
вся земля должна была передаваться в государственную собственность. Это, в свою
очередь имело отрицательное влияние на развитие животноводства казахского народа,
которое является основой экономического развития.
Ключевые слова: Российская империя, реформа, Временное положение, Туркестан,
генерал-губернатор, Семиречье, Сырдария.
SUMMARY
Zh.K. Akhmetova,
Candidate of historical sciences, senior teacher
(
Kazakh State Women’s Teacher Training University)
A.S. Basshybayeva,
senior teacher
(Kazakh State Women’s Teacher Training University)
Problems of land and water resources Turkestan province by the end of the
nineteenth and early twentieth centuries
The problem of earth-water resources of the Turkestan governor general is examined in
this article. Basis of position 1886 year there is a transmission of all earth in a public domain.
It, in turn had negative influence on development of stock-raising of the Kazakh people, that is
basis of economic development.
Keywords: Russian empire, reform, Temporary Regulations, Turkestan, general
Governor Semirechie, Syrdarija
.
ӘОЖ:346:316,652 Б.575
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
КЕЗЕҢДЕРІ
Е. Т. Берлібаев, т. ғ. к., доцент
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
М. У. Еркинбекова, оқытушы
(Алматы қ., № 173 лицей)
Г.В. Қабдиева, оқытушы
(Алматы қ., № 173 лицей)
Аңдатпа: КСРО құрамында болған тұста біздің республиканың Сыртқы істер
министрлігі болды. Бірақ бұл мекеме елдің дербес сыртқы саясатын жүргізуге ешқандай
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
25
құзыры болған жоқ. Шетелдерде еліміздің бірде-бір дипломатиялық өкілдігі
болмағандықтан, бұл салада тәжірибе мүлде жоқтың қасы болды. 1991 жылдары
халықаралық қатынаста бұрынғы ұстанымдар түбірімен өзгерді. Қазақстан егемендіктің
алғашқы жылдарының өзінде халықаралық саяси жүйеде өзінің бағыт-бағдарын
анықтауды батыл алға қойды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін
халықаралық құқық субъектісі ретінде дүниежүзілік қатынастар аренасына шықты.
Қазақстан егемендіктің алғашқы жылдарынан-ақ халықаралық саяси жүйеде өзінің
бағыт-бағдарын анықтау мәселесін қойды. Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымы
ТМД мемлекеттерімен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және
АҚШ-пен дипломатиялық қатынасты өркендетіп, мәдени-экономикалық байланысты
күшейту арқылы өркениетті елдердің қатарына еніп, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау
мақсаты алға қойылды. Осыған орай,
мақалада Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан
кейінгі сыртқы саясатының басым бағыттары аясында атқарылған іс-шаралар, әлемдік
қауымдастықтағы рөлі мен нәтижелері баяндалған.
Түйін сөздер: Егемендік, дипломатия, әлемдік қауымдастық, сыртқы саясат, Еуропа,
Азия, Таяу Шығыс, Шанхай бестігі, АҚШ, ТМД елдері, ынтымақтастық, сауда айналымы.
1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан аумағының тұтастығы мен мызғымастығын
бекіткен егемендік туралы Декларацияның қабылдануы дербес ел ретінде
дипломатиялық қатынастардың қалыптасуына жол ашты. Тарихи құжатта Қазақ КСР-нің
халықаралық дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге,
дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың, оның
ішінде БҰҰ-ның және оның мекемелерінің қызметіне қатысуға құқығы бар екені жан-
жақты айтылған. КСРО құрамында болған тұста біздің республиканың Сыртқы істер
министрлігі болды. Бірақ бұл мекеме елдің дербес сыртқы саясатын жүргізуге ешқандай
құзыры болған жоқ. Шетелдерде еліміздің бірде-бір дипломатиялық өкілдігі
болмағандықтан, бұл салада тәжірибе мүлде жоқтың қасында болды. 1991 жылдары
халықаралық қатынаста бұрынғы ұстанымдар түбірімен өзгерді. Қазақстан егемендіктің
алғашқы жылдарының өзінде халықаралық саяси жүйеде өзінің бағыт-бағдарын
анықтауды батыл алға қойды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының
тұжырымдамасын Президент Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы мамыр айында «Қазақстанның
егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен стратегиясы» еңбегінде жан-жақты атап
көрсетті [1]. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы мына аталған міндеттерді
жүзеге асырудан басталды:
-Қазақстан Республикасының жаңа сипатын тану;
-Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындау;
-Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз
ету;
-Әлемдік деңгейдегі шаруашылық жүргізу және экономикалық байланыстарға
белсене араласу.
Тәуелсіздік алған кезде алғашқылардың бірі болып Қазақстанды тәуелсіз егемен
мемлекет ретінде танығандардың бірі – Түркия болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін екі
айдың ішінде Қазақстанды әлемнің 92 мемлекеті таныды. 1992 жылдың 2 шілдесінде
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен «Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі туралы Ереже» қабылданды. Сыртқы істер министрлігін құру
оңай болған жоқ, жоқтан бар жасауға тура келді. Алғашқы кезеңде КСРО Сыртқы істер
министрлігінің орталық аппаратында істеген және шетелдерде жұмыс істеп жүрген
қазақстандықтар елімізге қызметке шақырылды. Қазақстанның Сыртқы істер
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
26
министрлігінде алғашқылар болып А. Арыстанбекова, Т. Сүлейменов, Қ. Саудабаев,
Қ.Тоқаев т.б. қызмет атқарды.
Егемендік алғаннан бері Қазақстан Республикасының дербес сыртқы саясаты берік
орнығып, байыпты бағдарламалардың негізінде ұстанған бағдарламалардың дұрыстығын
дәлелдеді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан қаланған сыртқы саяси келісімдер
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігу үдерісін жеңілдетіп, егемендігі, қауіпсіздігі,
аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жолында маңызды рөл атқарды. Қазақстанның
сыртқы саяси ұстанымы бүгінгі күнге дейін елдің ішкі экономикалық-әлеуметтік
реформаларына оң ықпал етуде.
Отандық дипломатияның негізін салуда өзіндік орны бар қоғам қайраткері Қасым-
Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» деген еңбегінде Қазақстан
Республикасының дипломатиясының дамуын бірнеше кезеңдерге: 1991–1993 жылдар,
1994-1997 жылдар және үшінші кезең 1997 жылдан басталатындығын айтып, 3 кезеңге
бөлген. Ал Қазақстан тарихының 5 томында да (көне заманнан бүгінге дейін ) Қазақстан
Республикасының сыртқы саясатының дамуын 3 кезеңге бөлген, олар: бірінші – 1990–
1993 жылдар, екінші – 1994–1996 жылдар, үшінші – 1996–2005 жылдар. Қазақстан
Республикасының СІМ-і ҚР-ның дипломатиялық қызметінің орталық органы болып
табылады және сыртқы саясатын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен дипломатиялық қатынастары
жоғарыда көрсетілген кезеңдерде қалыптасып, даму үстінде. Сол кезеңдердің әр
қайсысына жеке-жеке тоқталып, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1990-
1993 жж. ) мен дипломатиясының (1991-1993 жж.) дамуына талдау жасасақ, соның ішінде
бірінші аралығындағы кезеңінде әлемдік қоғамдастықтың тәуелсіз жас мемлекетті
мойындауы барысында басқа мемлекеттермен ынтымақтастықтың халықаралық-
құқықтық базасын екі жақты негізде және халықаралық форумдар шеңберінде
қалыптастыру болды. Қазақстанның бұрынғы КСРО-ның құқықтық мирасқорлары
арасындағы, ең алдымен халықаралық қауіпсіздік саласындағы міндеттемелерді бөлісу
жөніндегі шарттық үрдіске қатысуымен қатар жүрді. Тәуелсіз жас мемлекеттің ішіндегі
әлеуметтік-экономикалық қиындықтармен қатар жас мемлекеттің халықаралық
қоғамдастықпен өзара іс-қимылының тиісті заң жүзіндегі базасының болмауына да
байланысты туындады. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанның сыртқы саясаты мен
оны жүргізу жолдары ауыр болды. Қазақстанның әлемдік қоғамдастық елдерімен
ынтымақтастығының шарттық-құқықтық базасын құру кезеңі дипломатиялық қызметтің
қажетті инфрақұрылымын құрумен қатар жүрді. Әлемнің түрлі елдерінде қазақстандық,
шетелдік өкілділіктер-елшіліктер, консулдықтар пайда болды.
Бүгінгі өркениетті замандағы мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарында, әсіресе
олардың екі жақты саяси байланыстарында дипломатиялық және консулдық
өкілдіктердің қызметінің маңызы зор екендігі белгілі. Осы өкілділіктердің шетелдік
мемлекеттер аумағында еркін, ірі қауіпсіз қызмет етуінің басты кепілі оларға
халықаралық құқық тарапынан тиісті дипломатиялық және консулдық иммунитеттер
мен артықшылықтардың берілуінде.
Еліміздің сыртқы саясаты принциптерінің, басымдықтарының және міндеттерінің
анағұрлым айқын сипат алуының маңызы аз емес. Қазақстан дипломатиясының көп
векторлық сипаты қалыптасты, бүгінгі күні ол еліміздің сыртқы саясатының өзегі болып
табылады [2,446 б.].
Егеменді мемлекеттің 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда КСРО құрамына
кіретін он бір мемлекет басшыларының келіссөзі нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
27
Достастығы құрылды. Бұрынғы КСРО-ның ыдырауы әлемнің геосаяси жағдайын
өзгертті. Кеңестер Одағының күйреуі салдарынан жаңа егеменді мемлекеттер құрылды.
Соның бірі – Тәуелсіз Қазақстан Республикасы болды. Қазақстан Республикасының
сыртқы саясаты еліміздің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге аса бастады.
Егеменді мемлекеттің алғашқы сыртқы қадамдарын жасау тарихына үңілсек,
Қазақстанның шет мемлекеттермен жасалған халықаралық құжаттар қатарында Қазақ
КСР-і мен Түркия үкіметтері арасындағы Ниеттестік туралы хаттама және Қазақ КСР-і
мен Түркия Республикасы СІМ-і арасындағы Кеңес берушілік туралы хаттама. 1991
жылы 15 наурызда кең көлемді екі жақты ынтымақтастық туралы ресми құжатқа Қазақ
КСР-і мен Түркия Республикасы арасында келісім жасалып, құжатқа қол қойылды.
Құжатта екі мемлекет саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
мәдени, гуманитарлық, ақпараттық және басқа салаларда ұзақ мерзімді негізде өзара
тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге ұмтылыс білдірді.
1991 жылғы шілдеде Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР-ның Президенті ретінде Қытайға
алғашқы сапарын жасады. Тарихта бұл сапар болашақтағы Қытай-Қазақстан
қатынастарының орнатылуына өте үлкен үлесін тигізді деп санауға болады. Екі жақты
жүргізілген келіссөздер барысында маңызды құжатқа – Қазақ КСР мен ҚХР-ның
арасындағы ынтымақтастықтың даму принциптері мен негізгі бағыттары туралы
Келісімге қол қойылды. Келісім бойынша байланыс Қазақ КСР мен Қытайдың Шыңжаң
Ұйғыр Автономиялық ауданы арасында орнатылып, екі жақты тауарлардың,
қызметтердің және капиталдардың алмасуына барынша жағдай жасалынатына,
экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісілді. Шыңжаңның барлық
халқының 60 пайызы діндар мұсылмандар не исламмен дәстүрлі қауымдасқан ұлттар.
Орталық Азия елдерінде исламның барған сайын ықпалының күшеюі, сондай-ақ
Орталық Азия республика халықтарымен этникалық жақындығы мен тіл тұтастығын
ескере отырып, Қытай олардың ішінен ШҰАА-дағы жағдайды тұрақсыздандыруға
қабілетті сепаратистік, пантүріктік және исламдық ықпалдың таралу мүмкіндіктеріне
сақтықпен қарайды. Нақ осыған орай жасалған «Қытайдың Орталық Азиямен
қатынастарды дамыту жоспарына» сәйкес Пекин КСРО ыдырағаннан кейін аймақта
құралған стратегиялық вакуумды толтыруға және мұнда Түркия мен Иран
позицияларының күшеюіне жол бермеуге тырысатын болады [3,107-110б.б.]. Сондықтан
да, Қытай Орталық Азия республикаларына қатысты, бірінші кезекте Қазақстанға
байланысты белсенді саясат жүргізуге мүдделі. Қазақстанмен жақсы қатынас
Шыңжаңдағы жағдайды бірқалыпты ұстау үшін де барынша мәнді. 1991 жылғы
тамыздағы бүлік құлағаннан кейін Қазақстанға жоғары лауазымды меймандар бірінен
соң бірі келе бастады. Ұлыбританияның Премьер-министрі Маргарет Тэтчер бірінші
болып Алматыға жол-жөнекей соқты, сонан соң АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы
Джеймс Бейкер, Францияның Сыртқы істер министрі Ролан Дюма және Германияның
сыртқы істер министрі Ганс Дитрих Геншер, америка сенаторлары-әскери істер
жөніндегі комитеттің басшысы Сэм Нанн және Сыртқы байланыстар жөніндегі
комитеттің мүшесі Ричард Лугар, АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Уоррен
Кристофер, АҚШ-тың вице-президенті Альберт Гор т.б. келді. Соншалықты қысқа
мерзімде саяси көшбасшылардың мұндай ағылуын Қазақстан, тегінде, Қазан
төңкерісінен кейінгі бүкіл тарихында кездестірмеген еді [4, 336 б.].
1991 жылғы 1 қарашада егеменді Қазақстанның Тұңғыш Президентін сайлауда 8
миллионнан астам қазақстандық Н. Назарбаевты жақтап өздерінің дауысын берді.
Мемлекет басшысы ол кезде жас мемлекеттің таяудағы болашақта шешуі керек болатын
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
28
алғашқы сыртқы саяси міндеттерін жалпы жағдайда сипаттады. Егеменді Қазақстанның
алдында халықаралық қатынастарды іс жүзінде дербес нысанға, халықаралық
экономикалық кеңістіктің белсенді әрекет етуші тұлғасына айналдыру міндеті тұрғаны
атап көрсетілді.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Конституциялық Заңға қол қойды. 1991 ж. 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңда төмендегідей
мәлімделген: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі болып табылады,
дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасады, халықаралық ұйымдарға,
ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне кіре алады және олардың қызметіне қатыса алады (13
бап)» [5]. Тәуелсіз мемлекетті әлемдік қоғамдастықтың да таныған күні де осы күннен
басталды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан тәуелсіз және егемен мемлекет ретінде
құрылды. Ол, бейнелеп айтқанда, әлемнің саяси картасынан өз орнын алды. Белсенді
және нысаналы сыртқы саясатты жүргізудің нәтижесінде біз әлемдік қоғамдастыққа сан
қырлы халықаралық проблемалар бойынша берік айқындамасы бар, мүдделерін қорғауға
ғана емес, сонымен бірге Еуразия құрлығы мен бүкіл дүниежүзінде өзара түсіністікті
нығайтуға, тұрақтылыққа, сенім ахуалына қол жеткізуге бағытталған ірі сыртқы саяси
бастамаларға қабілетті ел ретінде қабылдандық», – деп баға берді [6, 489-490 б.].
1991 жылғы 16 желтоқсанда Түрік Республикасы Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігін таныған тұңғыш шет мемлекет болғандығы жайында осы
уақытқа шейін бұқаралық ақпарат құралдары мен қазақ тарихына қатысты еңбектерде
жазылған. Ал Қырбасов Әуесхан өзінің берген сұхбатында: «Біздің ел тәуелсіздігін
жариялаған соң, оны арада 10 күн өткенде, 26 желтоқсанда бірінші болып дүниежүзінің
ең беделді мемлекеті АҚШ мойындады.... Ал Сыртқы істер министрлігінің құжат тәртібі
бойынша, ондай жағдайда нота, протокол болмаса басқаша құжаттар тіркелу керек еді.
Сол құжаттарға жүгінсек, Түркия біздің тәуелсіздігімізді ресми түрде он бесінші болып
мойындап, соған қатысты протоколға 1992 жылдың 2 наурызы күні қол қойған екен.
Біздің тәуелсіздігімізді АҚШ-тан кейін екінші болып тағы бір ірі мемлекеттің бірі Қытай
Халық Республикасы мойындады. Одан кейін үшінші болып Ұлыбритания, төртінші –
Моңғолия, бесінші – Франция және алтыншы болып беделді елдің бірі – Жапония,
айналасы бір айдың ішінде Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындайтындығынан құлағдар
етті».
Елдің Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы қабылданғаннан кейінгі 1991 жылғы
желтоқсанның он бес күні ішінде жалпы жиыны 19 шет мемлекет Қазақстан
Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін таныды. Қазақстан Республикасын
егеменді мемлекет ретінде АҚШ-тың 1991 жылдың 25 желтоқсанында ресми түрде
мойындауы Қазақстан – АҚШ қатынастарының қалыптасуына негіз болды. Екі жақты
қатынастардың іргетасы ресми мойындауға дейін, 1990 жылдың 16-25 шілде
аралығындағы Қазақ КСР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа іскерлік сапары
және 1991 жылдың 16 қыркүйегіндегі және 17 желтоқсанындағы Н. Назарбаевтың және
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкердің кездесуі барысында қаланды. Қазақстан
Республикасының сыртқы саясатында Еуропалық Одақтың алатын орны ерекше. Ең
алғаш бұл одақпен 1993 жылы 2 ақпанда дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазақстан
Республикасының стратегиялық басым бағыттарының бірі Ресей Федерациясымен сан
салалы қарым-қатынастарды дамыту. Қытаймен дипломатиялық қатынас 1992 ж.
3қаңтарынан орныға бастады. Бүгінгі таңда Қазақстан АҚШ-пен, Еуропа елдерімен,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
29
ТМД-мен Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайтуда
.
Қазақстан Республикасы
әлемнің 100-ден астам мемлекеттеріне танылып, олармен дипломатиялық қатынас
орнатты. БҰҰ-ның және оның құрылымдарының толық құқықты әрі белсенді мүшесі
болып табылады. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев әлемнің барлық іргелі елдеріне Ресей мен АҚШ, ҚХР, Ұлыбритания,
Франция, Италия, Испания, Швецария мен Австрия және басқа да мемлекеттерге
мемлекеттік ресми және жұмыс сапарларын жасады. Сауд Арабиясында исламның екі
қасиетті орнының сақтаушысы король Фахпен кездесу мен ислам әлемінің киелі жерлері
– Мұхамед пайғамбардың кесенесі мешітіне зиярат ету рәсімі жасалды. Ватиканда
Қазақстан жетекшісі Н.Ә.Назарбаев римдік католиктік шіркеудің басшысы болған Иоанн
Павел II-нің екі рет кездесуі болды. Әлемдік саясатта біздің еліміз талассыз
халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес елге айналды. Біз жаһандық
қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды рөл атқарамыз, халықаралық терроризмге,
экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты
қолдаймыз. Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом
қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан – АҚШ-тан, Ресейден,
Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық
кепілдік алдық. Табысты да жемісті осы саясат Елбасының 2050 стратегиялық
бағдарламасында да жалғасын тауып отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен
стратегиясы». 1992 ж., мамыр.
2. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. 2002. –Б. 44.
3. Потапов М. Открытая политика Китая: опыт для нас // Мировая экономика и
международное отношения. 1993, №1.– Б. 107-110.
4. Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін) 5 том. – Алматы, 2010. – Б. 336.
5. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы // Казахстанская правда. – 18 декабря 1991 г.
6. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. – Алматы, 1996. – Б: 489-490.
7. Қырбасов С. Қазақ атын паш еткен тәуелсіздік халықаралық құқықтың субъектісі
бола білген Қазақ хандығынан басталады һttp: //www.inform. kz/ articlekaz? sel.. 13
желтоқсан, 2006.
РЕЗЮМЕ
Берлибаев Е.Т., к.и.н.,доцент
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Еркинбекова М. У., учительница
(г. Алматы, № 173 лицей)
КабдиеваГ.В., учительница
(г. Алматы, № 173 лицей)
Период формирования дипломатии независимого Казахстана
Во время СССР Министерство иностранных дел республики не был уполномочен
выполнять персональную внешнюю политику государства. В связи с отсутствием
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
30
дипломатических представителство зарубежом практики не хватало. Принитая в
Казахстане 25 октября 1990 года декларация о суверенитете открыла пути
дипломатическим связам. В статье рассматривается роль Независимого Казахстана в
мировом сообществе.
Ключевые слова: дипломатия, Европа, Азия, Ближний Восток, США, СНГ.
Достарыңызбен бөлісу: |