Тарих – история – history әож 378: 001



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#6097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1. Озғанбай Ө. Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан. – Алматы, 1997. –135 б. 
2. Хидоятов Г.А. Моя родная история. – Ташкент, 1990.– С. 266. 
3. Шілдебай С. Түрікшілдік және Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. – Алматы, 
2002.– Б. 36. 
4. Демко Д.Ж. Орыстардың Қазақстанды отарлауы /1896–1916/. – Алматы, 1997.– Б. 
46.  

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
24 
5.  Вощинин  В.  Очерки  нового  Туркестана.  Свет  и  тени  русской  колонизации.  – 
СПб., 1914. – С.11. 
 
РЕЗЮМЕ 
Ахметова Ж.К., к.и.н., старший преподаватель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский  педагогический университет) 
Басшыбаева А.С., старший преподаватель  
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Проблемы земельно-водных ресурсов Туркестанского генерал-губернаторства в 
конце ХІХ и начало ХХ-х веков 
В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  земельно-водных  ресурсов 
Туркестанского  генерал-губернаторства.  По  основным  положениям  реформы  1886  года 
вся  земля  должна  была  передаваться  в  государственную  собственность.  Это,  в  свою 
очередь  имело  отрицательное  влияние  на  развитие  животноводства  казахского  народа, 
которое является основой экономического развития. 
Ключевые слова: Российская империя, реформа, Временное положение, Туркестан, 
генерал-губернатор, Семиречье, Сырдария.
  
 
SUMMARY 
 
Zh.K. Akhmetova,
 Candidate of historical sciences, senior teacher 
 
(
Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
A.S. Basshybayeva,
 senior teacher 
 
(Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
Problems of  land and water resources Turkestan province by the end of the 
nineteenth and early twentieth centuries
 
The problem  of earth-water resources  of the Turkestan governor  general  is  examined in 
this article. Basis of position 1886 year there is a transmission of all earth in a public domain. 
It, in turn had negative influence on development of stock-raising of the Kazakh people, that is 
basis of economic development. 
Keywords:    Russian  empire,  reform,  Temporary  Regulations,  Turkestan,  general 
Governor Semirechie,  Syrdarija

 
 
ӘОЖ:346:316,652 Б.575 
 
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ 
КЕЗЕҢДЕРІ 
 
Е. Т. Берлібаев, т. ғ. к., доцент 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті)  
М. У. Еркинбекова, оқытушы 
(Алматы қ., № 173 лицей) 
Г.В. Қабдиеваоқытушы 
(Алматы қ., № 173 лицей) 
 
Аңдатпа:  КСРО  құрамында  болған  тұста  біздің  республиканың  Сыртқы  істер 
министрлігі болды. Бірақ бұл мекеме елдің дербес сыртқы саясатын жүргізуге ешқандай  

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
25 
 
құзыры  болған  жоқ.  Шетелдерде  еліміздің  бірде-бір  дипломатиялық  өкілдігі 
болмағандықтан,  бұл  салада  тәжірибе  мүлде  жоқтың  қасы  болды.  1991  жылдары 
халықаралық қатынаста бұрынғы ұстанымдар түбірімен өзгерді. Қазақстан егемендіктің 
алғашқы  жылдарының  өзінде  халықаралық  саяси  жүйеде  өзінің  бағыт-бағдарын 
анықтауды  батыл  алға  қойды.  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  кейін 
халықаралық  құқық  субъектісі  ретінде  дүниежүзілік  қатынастар  аренасына  шықты. 
Қазақстан  егемендіктің  алғашқы  жылдарынан-ақ  халықаралық  саяси  жүйеде  өзінің 
бағыт-бағдарын  анықтау  мәселесін  қойды.  Қазақстанның  сыртқы  саясаттағы  ұстанымы 
ТМД  мемлекеттерімен,  Азия,  Тынық  мұхит,  Таяу  Шығыс  аймағы,  Еуропа  елдері  және 
АҚШ-пен  дипломатиялық  қатынасты  өркендетіп,  мәдени-экономикалық  байланысты 
күшейту  арқылы  өркениетті  елдердің  қатарына  еніп,  Қазақстанның қауіпсіздігін  сақтау 
мақсаты  алға  қойылды.  Осыған  орай,
 
мақалада  Қазақстанның  тәуелсіздік  алғаннан 
кейінгі  сыртқы  саясатының  басым  бағыттары  аясында  атқарылған  іс-шаралар,  әлемдік 
қауымдастықтағы рөлі мен нәтижелері баяндалған. 
Түйін сөздер: Егемендік,  дипломатия, әлемдік қауымдастық, сыртқы саясат, Еуропа, 
Азия, Таяу Шығыс, Шанхай бестігі, АҚШ, ТМД елдері, ынтымақтастық, сауда айналымы.           
1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан аумағының тұтастығы мен мызғымастығын 
бекіткен  егемендік  туралы  Декларацияның  қабылдануы  дербес  ел  ретінде 
дипломатиялық қатынастардың қалыптасуына жол ашты. Тарихи құжатта Қазақ КСР-нің 
халықаралық дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, 
дипломатиялық  және  консулдық  өкілдіктер  алмасуға,  халықаралық  ұйымдардың,  оның 
ішінде  БҰҰ-ның  және  оның  мекемелерінің  қызметіне  қатысуға  құқығы  бар  екені  жан-
жақты  айтылған.  КСРО  құрамында  болған  тұста  біздің  республиканың  Сыртқы  істер 
министрлігі болды. Бірақ бұл мекеме елдің дербес сыртқы саясатын жүргізуге ешқандай  
құзыры  болған  жоқ.  Шетелдерде  еліміздің  бірде-бір  дипломатиялық  өкілдігі 
болмағандықтан,  бұл  салада  тәжірибе  мүлде  жоқтың  қасында  болды.  1991  жылдары 
халықаралық қатынаста бұрынғы ұстанымдар түбірімен өзгерді. Қазақстан егемендіктің 
алғашқы  жылдарының  өзінде  халықаралық  саяси  жүйеде  өзінің  бағыт-бағдарын 
анықтауды  батыл  алға  қойды.  Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясатының 
тұжырымдамасын Президент Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы мамыр айында «Қазақстанның 
егемен  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен  стратегиясы»  еңбегінде  жан-жақты  атап 
көрсетті  [1].  Қазақстанның  сыртқы  саясатының  қалыптасуы  мына  аталған  міндеттерді 
жүзеге асырудан басталды:  
-Қазақстан Республикасының жаңа сипатын тану; 
-Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындау; 
-Қазақстан  Республикасының  қауіпсіздігі  мен  аумақтық  тұтастығын  қамтамасыз 
ету; 
-Әлемдік  деңгейдегі  шаруашылық  жүргізу  және  экономикалық  байланыстарға 
белсене араласу. 
Тәуелсіздік  алған  кезде  алғашқылардың  бірі  болып  Қазақстанды  тәуелсіз  егемен 
мемлекет  ретінде  танығандардың  бірі  –  Түркия  болды.  Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  екі 
айдың  ішінде  Қазақстанды  әлемнің  92  мемлекеті  таныды.  1992  жылдың  2  шілдесінде 
Республика  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  жарлығымен  «Қазақстан  Республикасының 
Сыртқы істер министрлігі туралы Ереже» қабылданды. Сыртқы істер министрлігін құру 
оңай болған жоқ, жоқтан бар жасауға тура келді. Алғашқы кезеңде КСРО Сыртқы істер 
министрлігінің  орталық  аппаратында  істеген  және  шетелдерде  жұмыс  істеп  жүрген 
қазақстандықтар  елімізге  қызметке  шақырылды.  Қазақстанның  Сыртқы  істер 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
26 
министрлігінде  алғашқылар  болып  А.  Арыстанбекова,  Т.  Сүлейменов,  Қ.  Саудабаев, 
Қ.Тоқаев т.б. қызмет атқарды. 
Егемендік алғаннан бері Қазақстан Республикасының дербес сыртқы саясаты берік 
орнығып, байыпты бағдарламалардың негізінде ұстанған бағдарламалардың дұрыстығын 
дәлелдеді. 
Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарынан  қаланған  сыртқы  саяси  келісімдер 
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігу үдерісін жеңілдетіп, егемендігі, қауіпсіздігі, 
аумақтық  тұтастығын  қамтамасыз  ету  жолында  маңызды  рөл  атқарды.  Қазақстанның  
сыртқы  саяси  ұстанымы  бүгінгі  күнге  дейін  елдің  ішкі  экономикалық-әлеуметтік 
реформаларына оң ықпал етуде. 
Отандық дипломатияның негізін салуда өзіндік орны бар қоғам қайраткері Қасым-
Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» деген еңбегінде Қазақстан 
Республикасының  дипломатиясының  дамуын  бірнеше  кезеңдерге:  1991–1993  жылдар, 
1994-1997  жылдар  және  үшінші  кезең  1997  жылдан  басталатындығын  айтып,  3  кезеңге 
бөлген. Ал Қазақстан тарихының 5 томында да (көне заманнан бүгінге дейін ) Қазақстан 
Республикасының  сыртқы  саясатының  дамуын  3  кезеңге  бөлген,  олар:  бірінші  –  1990–
1993  жылдар,  екінші  –  1994–1996  жылдар,  үшінші  –  1996–2005  жылдар.  Қазақстан 
Республикасының  СІМ-і  ҚР-ның  дипломатиялық  қызметінің  орталық  органы  болып 
табылады және сыртқы саясатын қамтамасыз етеді.   
Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясаты  мен  дипломатиялық  қатынастары 
жоғарыда  көрсетілген  кезеңдерде  қалыптасып,  даму  үстінде.  Сол  кезеңдердің  әр 
қайсысына  жеке-жеке  тоқталып,  Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саясаты  (1990-
1993 жж.) мен дипломатиясының (1991-1993 жж.) дамуына талдау жасасақ, соның ішінде 
бірінші  аралығындағы  кезеңінде  әлемдік  қоғамдастықтың  тәуелсіз  жас  мемлекетті 
мойындауы  барысында  басқа  мемлекеттермен  ынтымақтастықтың  халықаралық-
құқықтық  базасын  екі  жақты  негізде  және  халықаралық  форумдар  шеңберінде 
қалыптастыру  болды.  Қазақстанның  бұрынғы  КСРО-ның  құқықтық  мирасқорлары 
арасындағы,  ең  алдымен  халықаралық  қауіпсіздік  саласындағы  міндеттемелерді  бөлісу 
жөніндегі шарттық үрдіске қатысуымен қатар жүрді. Тәуелсіз жас мемлекеттің ішіндегі 
әлеуметтік-экономикалық  қиындықтармен  қатар  жас  мемлекеттің  халықаралық 
қоғамдастықпен  өзара  іс-қимылының  тиісті  заң  жүзіндегі  базасының  болмауына  да 
байланысты  туындады.  КСРО  ыдырағаннан  кейін  Қазақстанның  сыртқы  саясаты  мен 
оны  жүргізу  жолдары  ауыр  болды.  Қазақстанның  әлемдік  қоғамдастық  елдерімен 
ынтымақтастығының шарттық-құқықтық базасын құру кезеңі дипломатиялық қызметтің 
қажетті инфрақұрылымын құрумен қатар жүрді. Әлемнің түрлі елдерінде қазақстандық, 
шетелдік өкілділіктер-елшіліктер, консулдықтар пайда болды. 
Бүгінгі өркениетті замандағы мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарында, әсіресе 
олардың  екі  жақты  саяси  байланыстарында  дипломатиялық  және  консулдық 
өкілдіктердің  қызметінің  маңызы  зор  екендігі  белгілі.  Осы  өкілділіктердің  шетелдік 
мемлекеттер  аумағында  еркін,  ірі  қауіпсіз  қызмет  етуінің  басты  кепілі  оларға 
халықаралық  құқық  тарапынан  тиісті  дипломатиялық  және  консулдық  иммунитеттер 
мен артықшылықтардың берілуінде. 
Еліміздің  сыртқы  саясаты  принциптерінің,  басымдықтарының  және  міндеттерінің 
анағұрлым  айқын  сипат  алуының  маңызы  аз  емес.  Қазақстан  дипломатиясының  көп 
векторлық сипаты қалыптасты, бүгінгі күні ол еліміздің сыртқы саясатының өзегі болып 
табылады [2,446 б.].  
Егеменді  мемлекеттің  1991  жылы  21  желтоқсанда  Алматыда  КСРО  құрамына 
кіретін  он  бір  мемлекет  басшыларының  келіссөзі  нәтижесінде  Тәуелсіз  Мемлекеттер 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
27 
 
Достастығы  құрылды.  Бұрынғы  КСРО-ның  ыдырауы  әлемнің  геосаяси  жағдайын 
өзгертті. Кеңестер Одағының күйреуі салдарынан жаңа егеменді мемлекеттер құрылды. 
Соның  бірі  –  Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасы  болды.  Қазақстан  Республикасының 
сыртқы  саясаты  еліміздің  өзіндік  ерекшеліктерін  ескере  отырып  жүзеге  аса  бастады. 
Егеменді  мемлекеттің  алғашқы  сыртқы  қадамдарын  жасау  тарихына  үңілсек, 
Қазақстанның  шет  мемлекеттермен  жасалған  халықаралық  құжаттар  қатарында  Қазақ 
КСР-і  мен Түркия үкіметтері  арасындағы Ниеттестік туралы хаттама және Қазақ КСР-і 
мен  Түркия  Республикасы  СІМ-і  арасындағы  Кеңес  берушілік  туралы  хаттама.  1991 
жылы 15 наурызда кең көлемді екі жақты ынтымақтастық туралы ресми құжатқа Қазақ 
КСР-і  мен  Түркия  Республикасы  арасында  келісім  жасалып,  құжатқа  қол  қойылды. 
Құжатта  екі  мемлекет  саяси,  сауда-экономикалық,  ғылыми-техникалық,  экологиялық, 
мәдени,  гуманитарлық,  ақпараттық  және  басқа  салаларда  ұзақ  мерзімді  негізде  өзара 
тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге ұмтылыс білдірді. 
1991 жылғы шілдеде Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР-ның  Президенті ретінде Қытайға 
алғашқы  сапарын  жасады.  Тарихта  бұл  сапар  болашақтағы  Қытай-Қазақстан 
қатынастарының  орнатылуына  өте  үлкен  үлесін  тигізді  деп  санауға  болады.  Екі  жақты 
жүргізілген  келіссөздер  барысында  маңызды  құжатқа  –  Қазақ  КСР  мен  ҚХР-ның 
арасындағы  ынтымақтастықтың  даму  принциптері  мен  негізгі  бағыттары  туралы 
Келісімге қол қойылды. Келісім бойынша байланыс Қазақ КСР мен Қытайдың Шыңжаң 
Ұйғыр  Автономиялық  ауданы  арасында  орнатылып,  екі  жақты  тауарлардың, 
қызметтердің  және  капиталдардың  алмасуына  барынша  жағдай  жасалынатына, 
экономика  саласындағы  ынтымақтастықты  нығайтуға  келісілді.  Шыңжаңның  барлық 
халқының  60  пайызы  діндар  мұсылмандар  не  исламмен  дәстүрлі  қауымдасқан  ұлттар. 
Орталық  Азия  елдерінде  исламның  барған  сайын  ықпалының  күшеюі,  сондай-ақ 
Орталық  Азия  республика  халықтарымен  этникалық  жақындығы  мен  тіл  тұтастығын 
ескере  отырып,  Қытай  олардың  ішінен  ШҰАА-дағы  жағдайды  тұрақсыздандыруға 
қабілетті  сепаратистік,  пантүріктік  және  исламдық  ықпалдың  таралу  мүмкіндіктеріне 
сақтықпен  қарайды.  Нақ  осыған  орай  жасалған  «Қытайдың  Орталық  Азиямен 
қатынастарды  дамыту  жоспарына»  сәйкес  Пекин  КСРО  ыдырағаннан  кейін  аймақта 
құралған  стратегиялық  вакуумды  толтыруға  және  мұнда  Түркия  мен  Иран 
позицияларының күшеюіне жол бермеуге тырысатын болады [3,107-110б.б.]. Сондықтан 
да,  Қытай  Орталық  Азия  республикаларына  қатысты,  бірінші  кезекте  Қазақстанға 
байланысты  белсенді  саясат  жүргізуге  мүдделі.  Қазақстанмен  жақсы  қатынас 
Шыңжаңдағы  жағдайды  бірқалыпты  ұстау  үшін  де  барынша  мәнді.  1991  жылғы 
тамыздағы  бүлік  құлағаннан  кейін  Қазақстанға  жоғары  лауазымды  меймандар  бірінен 
соң  бірі  келе  бастады.  Ұлыбританияның  Премьер-министрі  Маргарет  Тэтчер  бірінші 
болып  Алматыға  жол-жөнекей  соқты,  сонан  соң  АҚШ-тың  мемлекеттік  хатшысы 
Джеймс  Бейкер,  Францияның  Сыртқы  істер  министрі  Ролан  Дюма  және  Германияның 
сыртқы  істер  министрі  Ганс  Дитрих  Геншер,  америка  сенаторлары-әскери  істер 
жөніндегі  комитеттің  басшысы  Сэм  Нанн  және  Сыртқы  байланыстар  жөніндегі 
комитеттің  мүшесі  Ричард  Лугар,  АҚШ-тың  жаңа  мемлекеттік  хатшысы  Уоррен 
Кристофер,  АҚШ-тың  вице-президенті  Альберт  Гор  т.б.  келді.  Соншалықты  қысқа 
мерзімде  саяси  көшбасшылардың  мұндай  ағылуын  Қазақстан,  тегінде,  Қазан 
төңкерісінен кейінгі бүкіл тарихында кездестірмеген еді [4, 336 б.].  
1991  жылғы  1  қарашада  егеменді  Қазақстанның  Тұңғыш  Президентін  сайлауда  8 
миллионнан  астам  қазақстандық  Н.  Назарбаевты  жақтап  өздерінің  дауысын  берді. 
Мемлекет басшысы ол кезде жас мемлекеттің таяудағы болашақта шешуі керек болатын 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
28 
алғашқы сыртқы саяси міндеттерін жалпы жағдайда сипаттады. Егеменді Қазақстанның 
алдында  халықаралық  қатынастарды  іс  жүзінде  дербес  нысанға,  халықаралық 
экономикалық  кеңістіктің  белсенді  әрекет  етуші  тұлғасына  айналдыру  міндеті  тұрғаны 
атап көрсетілді. 
1991  жылы  16  желтоқсан  күні  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы 
Конституциялық  Заңға  қол  қойды.  1991  ж.  16  желтоқсанында  қабылданған  «Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңда төмендегідей 
мәлімделген: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі болып табылады, 
дипломатиялық  және  консулдық  өкілдіктермен  алмасады,  халықаралық  ұйымдарға, 
ұжымдық  қауіпсіздік  жүйесіне  кіре  алады  және  олардың  қызметіне  қатыса  алады  (13 
бап)»  [5].  Тәуелсіз  мемлекетті  әлемдік  қоғамдастықтың  да  таныған  күні  де  осы  күннен 
басталды.  
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «Қазақстан  тәуелсіз  және  егемен  мемлекет  ретінде 
құрылды.  Ол,  бейнелеп  айтқанда,  әлемнің  саяси  картасынан  өз  орнын  алды.  Белсенді 
және нысаналы сыртқы саясатты жүргізудің нәтижесінде біз әлемдік қоғамдастыққа сан 
қырлы халықаралық проблемалар бойынша берік айқындамасы бар, мүдделерін қорғауға 
ғана  емес,  сонымен  бірге  Еуразия  құрлығы  мен  бүкіл  дүниежүзінде  өзара  түсіністікті 
нығайтуға,  тұрақтылыққа,  сенім  ахуалына  қол  жеткізуге  бағытталған  ірі  сыртқы  саяси 
бастамаларға қабілетті ел ретінде қабылдандық», – деп баға берді [6, 489-490 б.].  
1991  жылғы  16  желтоқсанда  Түрік  Республикасы  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  тәуелсіздігін  таныған  тұңғыш  шет  мемлекет  болғандығы  жайында  осы 
уақытқа  шейін  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  қазақ  тарихына  қатысты  еңбектерде 
жазылған.  Ал  Қырбасов  Әуесхан  өзінің  берген  сұхбатында:  «Біздің  ел  тәуелсіздігін 
жариялаған соң, оны арада 10 күн өткенде, 26 желтоқсанда бірінші болып дүниежүзінің 
ең беделді мемлекеті АҚШ мойындады.... Ал Сыртқы істер министрлігінің құжат тәртібі 
бойынша, ондай жағдайда нота, протокол болмаса басқаша құжаттар тіркелу керек еді. 
Сол құжаттарға жүгінсек, Түркия біздің тәуелсіздігімізді ресми түрде он бесінші болып 
мойындап,  соған  қатысты  протоколға  1992  жылдың  2  наурызы  күні  қол  қойған  екен. 
Біздің тәуелсіздігімізді АҚШ-тан кейін екінші болып тағы бір ірі мемлекеттің бірі Қытай 
Халық  Республикасы  мойындады.  Одан  кейін  үшінші  болып  Ұлыбритания,  төртінші  – 
Моңғолия,  бесінші  –  Франция  және  алтыншы  болып  беделді  елдің  бірі  –  Жапония, 
айналасы  бір  айдың  ішінде  Қазақ  елінің  тәуелсіздігін  мойындайтындығынан  құлағдар 
етті».  
Елдің  Мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы  Заңы  қабылданғаннан  кейінгі  1991  жылғы 
желтоқсанның  он  бес  күні  ішінде  жалпы  жиыны  19  шет  мемлекет  Қазақстан 
Республикасының  егемендігі  мен  тәуелсіздігін  таныды.  Қазақстан  Республикасын 
егеменді  мемлекет  ретінде  АҚШ-тың  1991  жылдың  25  желтоқсанында  ресми  түрде 
мойындауы  Қазақстан  –  АҚШ  қатынастарының  қалыптасуына  негіз  болды.  Екі  жақты 
қатынастардың  іргетасы  ресми  мойындауға  дейін,  1990  жылдың  16-25  шілде 
аралығындағы Қазақ КСР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа іскерлік сапары 
және 1991 жылдың 16 қыркүйегіндегі және 17 желтоқсанындағы Н. Назарбаевтың және 
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкердің кездесуі барысында қаланды. Қазақстан 
Республикасының  сыртқы  саясатында  Еуропалық  Одақтың  алатын  орны  ерекше.  Ең 
алғаш бұл одақпен 1993 жылы 2 ақпанда дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазақстан 
Республикасының  стратегиялық  басым  бағыттарының  бірі  Ресей  Федерациясымен  сан 
салалы  қарым-қатынастарды  дамыту.  Қытаймен  дипломатиялық  қатынас  1992  ж. 
3қаңтарынан  орныға  бастады.  Бүгінгі  таңда  Қазақстан  АҚШ-пен,  Еуропа  елдерімен, 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
29 
 
ТМД-мен  Азия  елдерімен  ынтымақтастықты  нығайтуда
.
  Қазақстан  Республикасы 
әлемнің  100-ден  астам  мемлекеттеріне  танылып,  олармен  дипломатиялық    қатынас 
орнатты.  БҰҰ-ның  және  оның  құрылымдарының  толық  құқықты  әрі  белсенді  мүшесі 
болып  табылады.  Бүгінгі  күнге  дейін  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаев  әлемнің  барлық  іргелі  елдеріне  Ресей  мен  АҚШ,  ҚХР,  Ұлыбритания, 
Франция,  Италия,  Испания,  Швецария  мен  Австрия  және  басқа  да  мемлекеттерге 
мемлекеттік  ресми  және  жұмыс  сапарларын  жасады.  Сауд  Арабиясында  исламның  екі 
қасиетті орнының сақтаушысы король Фахпен кездесу мен ислам әлемінің киелі жерлері 
–  Мұхамед  пайғамбардың  кесенесі  мешітіне  зиярат  ету  рәсімі  жасалды.  Ватиканда 
Қазақстан жетекшісі Н.Ә.Назарбаев римдік католиктік шіркеудің басшысы болған Иоанн 
Павел  II-нің  екі  рет  кездесуі  болды.  Әлемдік  саясатта  біздің  еліміз   талассыз 
халықаралық  беделге  ие  жауапты  да  сенімді  серіктес  елге  айналды.  Біз  жаһандық 
қауіпсіздікті  нығайту  ісінде  маңызды  рөл  атқарамыз,  халықаралық  терроризмге, 
экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты 
қолдаймыз.  Әлемде  алғашқы  болып  Семей  ядролық  полигонын  жауып  және  атом 
қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан – АҚШ-тан, Ресейден, 
Ұлыбританиядан,  Франциядан  және  Қытайдан  қауіпсіздігімізге  берік  халықаралық 
кепілдік  алдық.  Табысты  да  жемісті  осы  саясат  Елбасының  2050  стратегиялық 
бағдарламасында да жалғасын тауып отыр. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.  Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен 
стратегиясы». 1992 ж., мамыр.  
2. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. 2002. –Б. 44.  
3.  Потапов  М.  Открытая  политика  Китая:  опыт  для  нас  //  Мировая  экономика  и 
международное отношения. 1993, №1.– Б. 107-110. 
4. Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін) 5 том. – Алматы, 2010. – Б. 336. 
5. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы // Казахстанская правда. – 18 декабря 1991 г. 
6. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. – Алматы, 1996. – Б: 489-490. 
7. Қырбасов С. Қазақ атын паш еткен тәуелсіздік халықаралық құқықтың субъектісі 
бола  білген  Қазақ  хандығынан  басталады  һttp:  //www.inform.    kz/  articlekaz?    sel..  13 
желтоқсан, 2006.  
 
РЕЗЮМЕ 
 
Берлибаев Е.Т., к.и.н.,доцент 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Еркинбекова М. У., учительница 
(г. Алматы, № 173 лицей) 
КабдиеваГ.В., учительница  
(г. Алматы, № 173 лицей) 
 
Период формирования дипломатии независимого Казахстана 
Во время СССР  Министерство иностранных дел республики не был  уполномочен 
выполнять  персональную  внешнюю  политику  государства.  В  связи  с  отсутствием 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
30 
дипломатических  представителство  зарубежом  практики  не  хватало.  Принитая  в 
Казахстане  25  октября  1990  года  декларация  о  суверенитете  открыла  пути 
дипломатическим  связам.  В  статье  рассматривается  роль  Независимого  Казахстана  в 
мировом сообществе. 
Ключевые слова: дипломатия, Европа, Азия, Ближний Восток, США, СНГ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет