RESUME
This article details psychological and pedagogical essence of such concepts as "self-actualization",
"self-realization of a personality", "self-actualization of a personality", "activity". The relationship of
these concepts in terms of various scientific approaches is based on a thorough analysis. The authors
conclude that: self-actualization is a process of personality development, which is implemented in the
activities and has all the attributes of activity. Self-actualization can be considered in terms of the
educational work.
153
ӘОЖ 159.9.072.43
Г.Ш. Ақымбек
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті,
магистр
З.А. Парманова
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті,
магистрант
Жастардың бойында
стрестің пайда
болуына өмірлік
құндылықтардың
әсері
Аннотация
Мақалада жастардың бойында көрінетін
стресс мәселесі қарастырылған. Жастардағы
психологиялық стресстің (күйзелістің) пайда
болу себептері, стрессті бастан кешіру
факторлары, стресстік күйге жиі түсетін
жастардың типіне талдау жасалынып, стресстің
пайда болуына әкелетін факторлардың бірі
ретінде өмірлік құндылықтарға жүргізілген
зерттеудің нәтижелері ұсынылған.
Түйін сөздер: стресс, жастар, стрестік
факторлар, стрестік күй, өмірлік құндылықтар.
Қазақстан - әлеуметтік бағдарланған
нарықтық экономикасы бар қоғам құруды
мақсат етіп отырған егеменді жас мемлекет.
Өтпелі экономикалы барлық мемлекеттер
сияқты, біздің ел де халықтың психологиялық
денсаулығын
жақсарту
бағытында
қиындықтары бар. Оның ішінде әсіресе,
жастардың арасындағы стрестің етек жаюы
ерекше алаңдатады. Соңғы уақытта көптеген
зерттеушілер мен ғалымдар еңбектерінде стресс
туралы ойлары мен концепцияларын, зерттеу
жұмыстарын кездестіру жиілеп кетті. Расында
да, стресс – маңызды ғылыми мәселе, ол
жастардың денсаулығына, өмір сүру сәттілігіне,
еңбектің өнімділігі мен жұмысқа деген
қабілеттілігіне салмақты түрде әсер етеді. Бұл
мәселенің
өзектілігі
өмірдегі
түрлі
қиындықтардан туындайтын стреске жастардың
қарсы тұра алу төзімділігінің төмен деңгейде
болуынан туындап отыр.
Соңғы жылдары стресс мәселесі әлемдік
психологиялық ғылым мен тәжірибеде өзекті
тақырыптардың бірі ретінде қарастырылуда.
Кеңестік психологияда жастар ортасындағы
психологиялық стресті зерттеуге басты назар
аудартылды.
Жастардағы
психологиялық
стресті бастан кешіруі көптеген факторлармен
шарттасады. Олардың ішінде:
1.
Әлеуметтік
факторлар
–
бұл
факторлардың
тобына
қоғамдағы
әлеуметтік-саяси
және
әлеуметтік-
экономикалық тұрақсыздық, көптеген
әлеуметтік
мәселелер,
сондай-ақ,
жұмыссыздық, әлеуметтік жанжалдар,
жас отбасылардың мәселелері.
154
2.
Әлеуметтік-психологиялық факторлар – түрлі типтегі әлеуметтік және
тұлғааралық қатынаспен байланысты мәселелер, позициялық және эмоционалды
дау-жанжалдар, қарым-қатынастық мәселелер, кіші топтағы жағымсыз
психологиялық көріністер.
3.
Тұлғалық факторлар: а) объективті-тұлғалық – жастық шақтағы дағдарыстар,
жыныстық ерекшеліктер; б) субъективті-тұлғалық – темпераменттің, жоғары
жүйкелік іс-әрекеттің ерекшеліктері, «бұрынғы стресстік тәжірибенің» болуы,
адекватсыз өзін-өзі бағалау, жоғары тұлғалық мазасыздық, қысым, агрессивтілік,
ригидтілік, мотивациялық ерекшеліктер және т.б.
4.
Іс-әрекет ерекшелігімен байланысты факторлар – оқу, кәсіби, кәсіби-оқыту,
қызметтік. Мысалы, ұйымның еңбегінің бұзылысы, ақпараттық қысымдар және
т.б.
Көптеген теориялық және қолданбалы зерттеулерді талдай келе, әсіресе, жастық
шақтағылар орта жастағыларға қарағанда стреске әсер етулері біршама қарқынды болады
деген қорытынды жасауға болады. Шектен тыс стрестің салдары көбінесе жас адамдарда
21 жастан 22 жасқа дейінгілерде көп байқалады [1]. Негізгі психологиялық мәселелердің
жиынтығын төмендегідей көрсетуге болады:
Біріншіден, біршама көп таралғандары әлеуметтік қатынас пен тұлға аралық қатынас
мәселесі және олармен қарым-қатынастық мәселе де тығыз байланысты болып табылады.
Екіншіден, жеткілікті түрде таралған мәселелер қандай-да бір іс-әрекетпен
байланысты болып табылады. Бұл мәселелерге кәсіби, әлеуметтік-рөлдік анықталу, кәсіби
әрі оқу іс-әрекетіне қанағаттанбау, біршама психологиялық қысым жатады.
Үшіншіден, түрлі типтегі тұлғаішілік мәселелер кең таралған.
АҚШ-тағы Психологиялық ассоциациядан шыққан американдық мамандар үлкен
жастағы адамдарға қарағанда жастар стрестен жиі зардап шегетінін анықтады.
Психологиялық қысымның көп деңгейіне 22 жастан 29 жасқа дейінгі адамдар ие болады
екен. Сондай-ақ, жастардың көбісі өз өмірлерінде болатын ұйқысыздықтың себебінен
мазасызданатындарын мойындаған [2].
Стресс әрбір жас адамның өмірінде кездеседі, өйткені стрестік импульстар адам
өмірі мен іс-әрекетінің барлық аумағын қамтиды. Жас адамның ағзасын түбегейлі
өзгертетіндер: эгоцентристік (эгоизм), қызығушылықтарының бұрмалануы, фанаттыққа
ұмтылу, өз мүмкіндіктерін мойындамау, истероидтылық және т.б. Осылардың
нәтижесінде адам өз хал-ақуалына қанағаттанбайды. Мұның барлығы стресстің пайда
болуына әкеліп соғады. В.Ф.Калошин стрестік күйге жиі түсетін жастардың типін
келесідей бөліп көрсетеді [3]:
Гиперәлеуметтік – жастардың шектен тыс «шыншыл» болғаны, тым жауапкершілігі,
адамгершілігі жоғары, өзіне аса жоғары талаптар қою, ең алдымен, әлеуметтік жетістікке
жетуді ойлау, мансапқа қол жеткізу;
Максималист – егер жастар барлық жерде ашу-ызаға, әділетсіздікке,
дискриминацияға куә болса, онда олар әрдайым бар әлеммен өштесіп өмір сүреді. Ең
соңында өздері жалғыздықта қалып қоятындар.
Тура – ригидті, ымыраға келмейтін тұлға – тек қана «иә» немесе «жоқ», ақ немесе
қара, барлық нәрсе қандай болмасын жүзеге асу керек дейтіндер.
Әлсіз – төмен бейімделген адам – туылғаннан немесе өмір ағымында мүмкіндіктері
шектеулі әрі тек физикалық жағынан ғана әлсіз емес, психикалық және әлеуметтік әлсіз
жастар.
Мазасыз – күдікшіл жастарға әрдайым қорқыныш сезімі тән болғандықтан, ағзаны
әлсіздендіреді. Бұл типтегі жастар әрқашан өздерін ауру сезініп жүреді.
Волюнтаристер - ереже бойынша өмірді «кейінге» қалдыратындар. Жастардың
көбісі жұмыста, шығармашылықта көп шаруаларын «кейінге» ысырып қояды. Бірақ
155
әрдайым «кейінге» қала берген де түрлі бастан кешулерге, реніштерге, қанағаттанбауға
алып келеді. Осы типтегі адамдарда әрдайым стресске ұшырау қаупі төніп тұрады[4].
Демек, осы бөлінген типтерге орай жастардағы стрестің пайда болу себептері мен
жастардың бойында көрініс табуын да ашып айтуға болады. Жастардағы кең таралған
стрестің көріну себептеріне мыналар жатады:
1.
Қоршаған ортаның әсер етуі (дыбыстар, экологиялық ластану, ыстық, суық),
стресс нашар физикалық жағдаяттар нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
2.
Қысым (үлкен жүктеме, жоғары интенсивтілік), жастардың мойнына алған
жауапкершіліктерінің, мақсаттарының, шаруаларының тым көп болуы стресті туғызады.
3.
Ақпараттық (шектен тыс ақпарат көлемі), мысалы, жастардың жағымсыз
ақпаратқа ие болуы, жағымсыз жаңалықтарды естуі және т.б.
4.
Физиологиялық (ауру, бұзылыс, травма) – стресс жас адамды түрлі ауру түріне
икемдеп қояды, нәтижесінде адамның иммундық жүйесі әлсірейді.
5.
Эмоционалдық – жастық шақ кезеңінде нағыз мәселе болып табылатын – ол
жақындастық пен сәйкестілікке жету (қарама-қарсы изоляцияда). Жақындастық өзара
қанағаттану сезіміне бөлейді, басқа адаммен тығыз қарым-қатынаста болу ерекше сезім
тудырады. Ал егерде, жастар өздеріне жақын адамды таба алмай, ұзақ уақыт жүріп
қалатын болса да, стрестік күйге душар болуы әбден мүмкін.
6.
Қиын өмірлік оқиғалар: науқастық, жақын адамдарынан айырылу, туыстары
басынан кешіріп жатқан қиындықтары, жұмыс орнын жоғалту немесе жоғалтудан
күдіктену, өмір сүру шартының күрт өзгеруі және т.б.
7.
Күнделікті қалайтын әлеуметтік байланыстың болмауы, әлеуметтік изоляция,
тұлғааралық қатынастың эмоционалды мағынасының бұзылуы.
8.
Өндірістік (жұмыстағы, оқу орнындағы түбегейлі өзгерістер, қиындықтар мен
дау-жанжалдар). Өндірістік фактор әсер ететін стреске еңбек іс-әрекетіндегі, оқудағы,
эмоционалды байланыстағы жайбасарлық (монотондылық) жатады.
9.
Өмірдің өзгерісті кезеңі: неке қидыру, ажырасу, бала туу, оқуға түсу мен оны
аяқтау, жаңа жұмыс орнына ауысу және т.б.
10.
Тұлғалық дисгармония: ішкі тұлғалық дағдарыстар, «Меннің» шынайы әрі
қалайтынының сәйкес болмауындағы дағдарыстар, тұлға дамуындағы дағдарыс.
11.
Материалды қамтамасыз етілгеніне қанағаттанбау, өмірлік мақсаттарына жете
алмау қаупін сезіну.
12.
Анықталмаған немесе нақты қауіптер, әлеуметтік және әлеуметтік-
психологиялық факторлар (жұмыссыздық, психологиялық әлсіздік және т.б.);
13.
Өмірлік құндылықтары мен ұстанымының өмір шартына сай өзгеріп отыруы
және т.б. [5].
Соңғы жылдары жастардың бойындағы құндылықтары мен олардың алдына қойған
өмірлік мақсаттары туралы зерттегендер мен зерттеушілер қатары көбейіп барады.
Құндылық мәселесіне ғалымдардың аса мән беруі – бұл адамзат танымының табиғатын,
оның әлеуметтік-мәдени жағдаятын тереңінен түсінудің нәтижесі. Қоғамда болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің барлығы жастардың тұрақталмаған
көзқарастарына, құндылықтар жүйесіне оңай соқпайтыны анық. Руханисыздық пен оның
нәтижесі, өмірге деген эгоистік қатынас көптеген жастарда апатияны, өзіне және өзгелерге
мән бермеуді тудырады. Жастарға, олардың әлеуметтік-психологиялық мәселелеріне жиі
назар аудару қажет. Жастардың әлеуметтену процесі, алдыңғы қатарлардан игерген
дәстүрлер мен ережелер түбегейлі өзгергендіктен, жалпы идеологиясы өзгеріске
ұшыраған. Сондықтан қазіргі кездегі жастардың құндылықтар жүйесі мен мақсаттары
мүлде басқаша.
Жастар саналы түрде нақты құндылықтарды мақсат ретінде таңдап, жетістікке
жеткенде одан жақсы нәтиже күтілмейді. Сондай ақ көпшілігі жеткен нәтижеге
қанағаттанбайды немесе одан да құндыны күтеді. Құндылықтар: ақша, еркіндік, махаббат,
156
денсаулық және тағы басқалары маңызды өмірлік мағыналы құндылықтарды жүзеге
асырушы құрал ретінде ғана көрінеді - өзін-өзі жүзеге асыру мен жеке даралығын
дамытуға
қажеттіліктер.
Сондықтан,
кез
келген
құндылықтық
бағдарлар
мобилизацияланса да тұлғаның белсенділігін бағыттайды, алайда ең бастысы – бақытқа
жетелемейді. Яғни жастардың бойында тағы да стресстің пайда болуына әкеледі. Егер
адам сәйкестендіруге, өзіндік бағалауға, өз өміріне деген құндылықтық қатынасына
қабілетті болса, онда ол "Мен-тұжырымын» құруға, оны құндылықтың негізін құраушы
сапа ретінде дамыта алу мен жүзеге асыруға қабілетті болады.
Осыған орай біз зерттеуімізде өмірге қатысты құндылықтарды нақтылау мақсатында
өмірлік құндылықтар жүйесін анықтау (М.Рокич бойынша) әдістемесі жүргізілді. М.Рокич
тұлғаның құндылықтар жүйесін адамның өмірлік мақсаттарына байланысты, тұлғалық
қасиеттеріне байланысты екі түрге бөледі: терминалды, инструменталды құндылықтар.
Осы құндылықтарды сипаттайтын әрқайсысы 18-тұжырымдамадан тұратын құндылықтар
тізбесі жасалынған.
Сонымен, сыналушыларға ұсынылған № 1 тізім терминалды құндылықтар болды.
Сурет 1. Терминалды құндылықтар №1 тізім(аса құнды)
Диаграммаға қарағанда, терминалды құндылықтар ішінде алғашқы орындары
денсаулық (65 %) , бақытты отбасылық өмір (18 %), махаббат (17%) көрсетті. Жоғарыда
сауалнамада алынған нәтижелерге сәйкес келеді.
Сонымен, денсаулық, махаббат, бақытты отбасылық өмір ең жоғарғы көрсеткішке ие
болғаны анықталды.
Сурет 2. Терминалды құндылықтар (соңғы орындар)
157
Көрсетілген диаграммаға сәйкес, терминалды құндылықтардың ішінде соңғы орынға
ие болғандары: қоғамдық мойындау, көңіл-көтерулер, еркіндік. Жастар үшін өздерін
қоршаған ортада, қоғамда мойындаудың (48%) аса маңызға ие емес және еркіндік пен
көңіл-көтерулер құнды болып саналмайтыны анықталды.
Келесі инструменталды құндылықтар бойынша сыналушылардың алынған
нәтижелерді төменде берілген суреттен көруге болады.
Сурет 3. Инструменталды құндылықтардың алғашқы орындары
Инструменталды құндылықтардың ішінде сыналушылардан алынған мәлімет
бойынша, ең бірінші орында адалдық (44%), екінші орын – мықты ерік-жігер (38%),
үшінші орында тәрбиелілік (25%) алатыны анықталды. Демек, жастарда мақсатына жету
үшін , өмірде маңызды оқиғалар барысында жоғарыда аталған құндылықтар ең жоғары
маңызға ие болды.
Сурет 4. Инструменталды құндылықтар (соңғы орындары)
Суреттегі мәліметтерге қарағанда, инструменталды құндылықтардың ішінде төменгі
мәнге ие болған атқарушылық пен тәртіпке бағынушылық, өзіне және басқаларға мін таға
алмау, жоғары талаптар болды. Сыналушыларда, әсіресе жастардың бойында қандай да
бір талапқа бағыну, белгілі тәртіппен әрекет ету сияқты сапалар төмен деңгейде екендігі
анықталды.
158
Сонымен, өмірлік құндылықтар жүйесін анықтау әдістемесінің нәтижесі бойынша
22-29 жас арасындағы жастардың бойындағы бағаланатын құндылықтары ең алдымен,
денсаулық, бақытты отбасылық өмір, махаббат, адалдық, мықты – ерік жігер, тәрбиелілік
аса жоғары маңызға ие екендігі анықталды. Бұл қазіргі таңдағы жастардың жоғары
бағалайтын құндылықтары, өз өмірлерінде маңызға ие деген қасиеттері дегенді білдіреді.
Сондай-ақ, өмірлік құндылықтар жүйесінде төменгі орынға ие болған құндылықтар
қатары мыналар: еркіндік, көңіл-көтерулер, қоғамдық мойындау, өзіне және басқаларға
мін таға алмау, атқарушылық пен тәртіпке бағынушылық, өмірге және өзіне жоғары
талаптар қою.
Бұл әдістемені жүргізу барысында сыналушылар құнды деп, әсіресе өз өмірінде
бағалайтын сапалар мен әрекеттерді көрсетті. Сондай-ақ, әдістемені жүргізу кезінде
сыналушылар мынадай жауаптар қатарын берді:
-
денсаулығың мықты болса ғана мақсатыңа жете аласын;
-
отбасында бақытты болып өмір сүру дәл қазіргі кезде мүмкін емес ;
-
қазіргі кезде адал әрі ерік-жігері мықты адамдар тапшы;
-
мықты-ерік жігерің болмаса алдағы қиындықтарды жеңе алмайсын;
-
еркіндік, көңіл-көтеру екінші орынға түскен, себебі ол сенің мақсатыңа
жеткізбейді, тек уақытыңды жоғалтасың;
-
тәртіпке бағыну, біреуге қызмет жасау өте үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Демек, алынған нәтижелерге қарағанда, қазіргі таңдағы жастарда тым жоғары
мақсатқа ұмтылушылық бар және өзіне жетіспейтін аумақтағы құндылықтарды
бағалайды. Осыған орай, өмірде кездесіп жататын қиындықтарға төтеп бере алмай стреске
душар болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Молодежь как отражение проблем современного общества / Сборник статей под ред.
А.Н. Савицкой. - М., 2003. - 324 с.
2
Муздыбаев К. Стратегия совладания с жизненными трудностями // Журнал
социологии и социальной антропологии. - 1998. - Т. 1. - №2.
3
Петрова Е.А. Трудные жизненные ситуации в предметном поле социальной
психологии // СоТИС. - 2004. - № 1.
4
Водопьянова Н.Е. Психодиагностика стресса. - СПб.: Питер, 2009.
5
О молодежи и ее проблемах /Сборник статей под.ред. А.Н.Симбирцева. – Алматы,
2004. - 243 с.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются основные проблемы и стрессогенные факторы современной
молодежи, физиологические, психические, личностные и медицинские характеристики стресса
современной молодежи, типология нестрессоустойчивой молодежи.
RESUME
The authors of the article considered the general problems and stress factors of modern youth,
physiological, psychological, personality and medical stress characteristics’, the typology of non hard
stressed modern youth.
159
ӘОЖ 82.0:37.016; 82:37.016
М.П. Ешимов
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті, ф.ғ.к., доцент
Р.С. Нұртілеуова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті, аға оқытушы
Шетелдік
аудиторияда қазақ
халық ауыз әдебиеті
үлгілерін оқыту
тәжірибесінен
Аннотация
Мақалада қазақ халық ауыз әдебиеті
үлгілерін оқыту тәжірибесі, оны оңтайлы әдіс
арқылы
үйрету
жолдары
ұсынылып
қарастырылады. Ауыз әдебиеті – әрбір халықтың
рухани мұрасы, сарқылмас қазынасы, байлығы.
Осы ауыз әдебиетін оқытудағы тиімді әдістер
қатарымен қоса, мәтінді оқудағы жаттығу
түрлері, оларды тыңдаушыға жеткізу жолдары,
заманауи техникалық құралдарды мүмкіндігінше
кеңінен қолдану, сөйленіс дағдысына шығаратын
амал-тәсілдері
т.б.
осылардың
барлығы
студенттің тақырыпты тереңірек әрі нақты
түсінуіне ықпал етеді. Сонымен қоса шетелдік
аудиторияда қазақ әдебиеті аспектілік пәнін
оқытуда салыстырмалы, салғастырмалы әдіс
түрлерін кеңінен қолдануға кеңес беріледі.
Себебі бұл әдіс-тәсіл түрі тыңдаушының оқып
отырған тақырыбын дәл және түсінікті деңгейде
ұғынуына әкеледі. Сондай-ақ аталған ғылыми
мақалада халық ауыз әдебиеті үлгілерін слайд-
шоу әдісімен таныстыру мәселелері де айтылады.
Түйін сөздер: халық ауыз әдебиеті, жанр,
әдіс-тәсіл, көркем мәтін.
Тіл үйрету тәжірибесінде, яғни қазақ тілін
шет тілі ретінде оқытуда тілдік курстармен қатар
жүретін қазақ әдебиеті аспектілік пәні бар.
Мұнда тіл үйренушілердің барлығы дерлік
шетелдік азаматтар. Тіл үйренушілер қазіргі
уақытта кең қолданылып жүрген шетелдік
стандарт бойынша – А1, А2, В1, В2 т.б.
деңгейлеріне бөлініліп оқытылады. Алғашқы екі
деңгейде қазақ әдебиеті аспектілік пәні 1-
семестрдің
7-аптасында
сабақ
кестесіне
енгізіледі. Осы кезден бастап, оқу жылының
соңына дейін осы аспектілік пән жүреді. Ал
екінші жыл оқып жатқан студенттерге аталмыш
пән оқу жылының басынан соңына дейін, яғни 2-
семестрдің аяғына дейін оқытылады. Семестр
соңында аталмыш пәннен емтихан тапсырады.
Оқытудың базалық деңгейінде қазақ әдебиеті
пәнін оқу кестесіне қосқаннан кейін бастапқыда
көлемі жағынан шағындау, жай сөйлемдерден
құрастырылған мәтіндер оқытыла бастайды.
Себебі тіл үйренудің алғашқы апталарында олар
үшін көлемді болып келетін мәтіндерді қабылдау
қиындық тудырады. Алғашқы апталарда аталған
пәнді оқу үшін дайындық сабақтары жүргізіледі.
160
Қазақ әдебиеті аспектілік пәні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетелдіктердің тілдік
және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында бастауыш және жалғастырушы
деңгейлерінде жүргізіледі. Сабақта студенттер әдеби туындылардың мәтіндерімен жұмыс
істейді. Сол арқылы көркем әдеби стильде жазылған мәтіндердің тілдік ерекшелігімен
танысады. Сөздердің көпмағыналығына көңіл бөледі, тұрақты тіркестер, теңеу, т.б. көркем
әдебиеттің тілді түрлентіп қолдануға қатысты қырларын меңгеруге бағыт алады.
Тіл үйренудің бастауыш, яғни элементарлық деңгейінде жүретін қазақ әдебиеті пәні
сабақтарында студенттер қазақ халық ауыз әдебиетінің шағын үлгілерімен, атап айтсақ,
ауыз әдебиетінің жанрларымен, мақалдармен, жұмбақтармен, шағын мысал әңгімелермен
танысады.
Тіл үйренуші қандай да бір тақырыпқа негізделіп құрастырылған мәтінді
(өмірбаяндық
деректерге
және
ақын-жазушы
немесе
өнер
қайраткерінің
шығармашылығына негізделген мәтіндер т.б.) оқи отырып, мәтіндегі негізгі
мәліметтермен, ондағы негізгі идеямен
танысады. Соған қоса, өзінің сөздік қорын
молайтып, ой-пікірін анық жеткізуге дағдыланады. Әрі мәтінде кездесетін тілдік бірліктер
мен тілдік конструкцияларды түрлі жағдаяттарда қолдана алуға үйренеді, әрі қазақ
халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл
үйренушілер қазақ мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысып,
білімдерін молайтады.
Әрине, аспектілік пәндерді, соның ішінде қазақ әдебиеті пәнін оқуда студенттер
грамматикалық курста үйренген түрлі тілдік құрылымдарды қолданады, сол курста алған
біліміне жүгінеді. Әдебиет сабақтарында тіл үйренуші қазақ тілі курсынан алғашқы
апталарда алған білімін пайдаланып қана қоймай, оны әрі қарай дамытады. Сондай
мақсаттарды көздеген қазақ әдебиеті аспектілік пәнінің мақсаты – біріншіден, шетел
азаматтарын қазақ ауыз әдебиетімен, қазақ әдебиетінің ірі тұлғалары: ақын-
жазушыларымен таныстыру.
Екіншіден, оқушы мен сөйлеушінің коммуникативтік компетенциясын арттыру
болып табылады.
Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де
белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның
сан түрлілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын,
көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет-бастауларын қалыптастыруда ерекше
орын алады.
Қазақ әдебиеті аспектілік пәні сабағында қолданылатын негізгі материалдар қоры:
мәтін, бейне- және аудиовизуалды материалдар.
Ауыз әдебиетін бастағанда, бірішіден, халық ауыз әдебиетімен таныстыратын
мәтіндер оқып, ауыз әдебиеті деген не? сынды сұрақтардың жауабын түсіндіріп, оның
үлгілері және түрлерімен таныстырамыз.
Ауыз әдебиеті – халық шығармашылығының ерекше саласы, ауызша шығып, ауызша
таралған көркем-әдеби туындылардың жиынтығы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін
ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған.
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да,
тыңдаушысы да – халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып
табылады [1, 21].
161
Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-
салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т.б.), ертегілер,
аңыздар, әпсаналар,
мифтер
,
эпостық
жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең,
өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар,
драмалық үлгідегі шығармалар... – міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір
жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да
сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз
әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері. Ауыз әдебиеті үлгілерін шетелдік студенттерге оқытуда
әртүрлі сызбакесте, слайд түрлерін пайдалану өте тиімді. Соның негізінде төменде арнайы
кестелі слайдттар берілді. Жоғарыда айтылғандай, ең алдымен ауыз әдебиетіне толық
анықтама беріліп, түсіндіріліп содан кейін түрлерімен таныстырылып, нәтижесінде
төмендегіше кестелі слайдттар негізі құрылады.
Тұрмыс-салт жырлары – қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты
туындаған өлең-жырлар. Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай
бірнеше топқа жіктеледі:
-
тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер);
-
дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны,
бәдік);
-
үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жаржар, сыңсу, беташар);
-
өтірік өлеңдер, т.б.
Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері
мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты,
қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын
жырлар да кездеседі [1].
162
Шетелдік аудиторияда оқытылатын ауыз әдебиетінің келесі бір түрі – мақал-
мәтелдер. Мақал-мәтелдер ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлелдігімен,
тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құблыстарына
баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа
сыйғызып, асқан шеберлікпен танытқан. «Көп сөз-көмір, аз сөз-алтын» дегендей, мақал-
мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты
кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында.
Мақал-мәтел туралы толық ақпарат беріп, өмірде алуан түрлі жағдай мен мағынада
кездесетін мақал-мәтелдермен таныстырып, оның қандай жағдайда қолданатындығы
туралы ақпарат беріледі. Тыңдаушылар мақал-мәтелдерді оқып, түсініп болған соң, өз ана
тіліндегі мақал-мәтел және өздері оқыған, танысқан мақал-мәтелдермен салыстырып,
айтып берулерін қамтитын жаттығулар топтамасы іске асырылады. Бұл студенттің
тақырыпты қалай меңгергендігін, сонымен қоса ойын еркін әрі тиянақты жеткізуіне
септігін тигізеді. Ал осы тақырыпқа байланысты слайд-шоу үлгісін төмендегіше ұсынуға
болады. Мұндай иллюстративті материалдар (визуалды түрде берілген) теориялық
тұрғыдан алған білімін нақтылай түсуге көмектеседі. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |