Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет25/37
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#6106
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Сидоров Е.Ю. Литература и современность. - М., 1989. 
2
 
Сыдыкова  Г.Б.  Чингиз  Айтматов  и  русский  литературно–критический  дискурс: 
социально – философские искания и контекст романного творчества. - Бишкек: КРСУ, 
2013. – С. 83. 
3
 
Акматалиев  А.  Вселенная,  человек  и  жаабарс  //  Вопросы  литературы  и  искусства.  – 
2009. - № 1 (6). – С. 21. 
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Мақалада  Ш.Айтматов  шығармасының  қазіргі  ұрпаққа  естелік  арқылы  әсер  етуі 
қарастырылған. 
 
RESUME 
 
The article touches upon the impact of the works of Sh. Aitmatov on the current generation through 
the prism of memories. 
 
 
 

 
205 
ӘОЖ 81 (045) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ғ.Қ. Резуанова 
С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ 
агротехникалық университеті, 
ф.ғ.к., доцент 
 
В.А. Шнайдер 
«Туран-Астана» университеті, 
ф.ғ.к., доцент 
Тілдік бірліктердің  
әдеби портрет 
жасаудағы рөлі 
 
Аннотация 
Бұл  мақалада  әдеби  портрет  жасаудағы 
тілдік  бірліктердің  рөлі  айқындалған.  Әдеби 
портреттің 
мазмұндық 
және 
формалық 
түрлеріне  тілдік  бірліктердің  тигізер  әсері 
ашылып,  кейіпкер  мінезін  ашудағы  олардың 
жұмсалу  жолдары  көрсетілген.  Мінез  туралы 
ешбір  сөз  қозғалмай,  киім  киіс,  қимыл 
қозғалысқа  байланысты  бірліктерді  оңтайлы 
қолдана  отырып  кейіпкерге  мінездеме  жанама 
меңзелетіндігі 
нақты 
мысалдармен 
дәйектелген. 
Түйін  сөздер:  портрет,  мазмұндық  және 
формалық  түрлер,  тілдік  бірліктер,  кейіпкер 
мінезі,  көркем  шығарма,  психологиялық 
портрет, 
портрет-мінездеме, 
мінез-құлық, 
суреттеу, сипаттау, авторлық шеберлік. 
 
 
Портрет  –  көркем  шығармаға  қатысты 
әдеби  термин.  Жалпы  портрет  мәселесі  өз 
алдына қарастыруды керек ететін мәселе. Оны 
кез келген көркем шығарманың құрамдас бөлігі 
ретінде  қарастыру  қажет.  Портрет  көркем 
шығарманы талдауда кейіпкерге қатысты қатар 
қарастырылатын, қоса жүретін әдеби бөлшек.  
Портреттің  мазмұндық  және  формалық 
түрлері  әр  түрлі  болады.  Яғни  шығарма 
ауқымына,  көтерілетін  мәселеге  орай  көлемі 
шағын  портрет  болады  және  көлемді  портрет 
болады.  Портреттен  ұлттық  менталитетті, 
әлеуметтік  ортаны,  т.с.с.  көруге  болады. 
Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін талдау 
барысында  портреттің  мазмұндық  жағына 
назар аударатын болсақ, автордың сөз саптауы, 
мінезді ашудағы сөздік құрамын қарастырудың 
да  маңызы  бар.  Өйткені  кейіпкер  туралы  жан-
жақты мәлімет тілдік құралдардың сұрыпталуы 
мен қолданылуына қарай анықталады.  
Автордың  портрет  жасаудағы  ерекшелігі 
кейіпкерді  суреттеуде  адамға  қатысты  қандай 
айырмашылықтарын  қамтып,  сол  негізде 
қандай тілдік бірліктерді  қалай қолданғанынан 
байқалады. 
Көркем 
туындыда 
қаламгер 
кейіпкерінің  портретін  жасауда,  әдетте,  көп 
ойланып-толғанады.  Кейіпкерінің  денесі  мен 
оның мүшелерін, киген киімін, бет өзгерісі мен 
дене  қимылын,  тұрған  тұрысын  да  сөз  етуі 
қажет тұстар болады. Бұлар портрет құраудағы 
жай  ғана   компоненттер   емес,   ол   сондай-ақ 
 

 
206 
кейіпкердің  ішкі  дүниесін  ашар,  оны  оқырманына  таныстырар  кілт  те  болып  табылады. 
Жазушы алдымен әрбір компонентті суреттейтін, сипаттайтын сөздерді іріктеп алады. Ол 
сөздер  адамның  бүкіл  сырт  тұрпатынан  бастап,  ішкі  сезім,  жай-күйлеріне  дейін 
сипаттайтындай болуы тиіс.  
Ғалым  Г.Смағұлова  айтқандай,  «адамның  сыртқы  тұрпатын,  яни  дене  мүшелерін 
суреттеуде  соматикалық  (грек  сөзі  –  дене)  атаулар  (соматема)  іріктелсе,  ал  киген  киімін 
суреттеуде  вестиалды  (латынша  –  киім-кешек)  сөздер  (вестема),  қимыл-қозғалысын 
сипаттауда кинетикалық (грек сөзі  – қозғалыс) сөздер (кинетема) тобы іріктеледі [1, 72]. 
Олардың  дұрыс  іріктеліп,  орынды  жұмсалуы  арқылы  көркем  шығарманың  тұрақты 
құрамдас бөліктерінің бірі ретінде портрет жасалады. Жай ғана портрет емес, толыққанды 
бейне,  кейіпкер  мінездемесі  құрылады.  Демек,  кейіпкердің  кескін-келбетін,  жүріс-
тұрысын,  киім  киісін  суреттеу  портрет-мінездеме  жасаушы  амалдар  болып  табылады. 
Кейде бұларды көркем туындылардағы портреттік суреттеулердің құрамы деп те атайды. 
Көркем  туындылардағы  портреттік  суреттеулердің  құрамы  негізгі  үш  құрамдас  бөліктен 
(компоненттен) тұрады: 
1) адам денесі мен оның мүшелері; 
2) киген киімі; 
3) бет өзгерісі (мимика), қимылы (жест), дене тұрысы (поза). 
Ендеше кейіпкер мінезін беруде портрет мазмұнының ғана емес, оның құрамының да 
(киім киісі, дене мүшесі, бет, қимыл өзгерістері) үлесі бар. Мәселен, Аппақ бетіне қызыл 
жүгіріп, тостаған көздерін төмен сала беріп, көз қиығымен оның тұла бойын бір шалып 
өтті («Абай жолынан»). Бұл жерде кейіпкердің мінезі туралы бірде-бір cөз жоқ. Алайда, 
автор кейіпкердің сұлулығын ғана емес, оның ұяң, тәрбиелі әрі есті (ақылы бар) екендігін 
қоса аңғартып тұр. Егер бұл жерде «көз қиығымен оның тұла бойын бір шалып өтті» деген 
сөз  қолданысы  болмаса,  онда  қыздың  жай  ғана  ұяңдығы  көрінер  еді,  ал  осы  тіркесім 
болғандықтан,  біз  ол  қыз  баланың  ақылды,  апа-әжелерден  естігенін  көңілге  түйген  жан 
екенін түсінеміз.  
Жалпы, тұлға мен мінез сәйкестігі – портрет-мінездеменің негізгі белгісі.  
Және  портрет-мінездеме  –  қаламгерлер  шығармаларында  жиі  кездесетін  портрет 
түрі. Портрет-мінездеме – кейіпкердің сырт тұлғасы мен мінезінің қатар суреттелген түрі. 
Жоғарыдан  көріп  отырғанымыздай,  портрет  құрамындағы  компоненттер  жеке 
қолданылмайды, олардың алдынан компоненттерді түрлі белгілері жағынан айқындайтын 
анықтауыш  сөздер  жүреді.  Портрет  компоненттерінің  белгілерін  атайтын  сөздер 
сипаттауыш  сөздер  деп  аталады.  Сипаттауыш  сөздер  кейіпкерлердің  кескін-келбетін, 
киген  киімін  анықтай,  түстей  танытады.  Олар  компоненттерді  түрлі  қырынан  айқындап, 
дәлдейді. Сипаттаушы сөздер екі түрлі белгіні атап көрсете алады: 
1)  портрет  компоненттерінің  сыртқы  физикалық  белгілерін  (Мәселен,  ұзын  көйлек, 
тостаған  көз)  атап  көрсетеді.  Бұл  топтағы  белгілерді  «сыртқы  белгілер»  деп  атаймыз. 
Сыртқы белгілерді суреттеуде, негізінен, сын есімдер қолданылады. 
2)  адамның  интеллектуалдық,  психикалық,  эмоциялық  белгілерін  (Мәселен,  мейірлі 
көз, ісмер саусақ, жылы жүз, сұп-сұр түрі тіптен бозарып кетті, т.б.) атап көрсетеді. 
Бұл «ішкі белгілер» деп аталады. Ішкі белгілерді суреттеуде сын есімдермен қоса етістік 
сөздер де қолданылады.  
Қаламгерлер  өз  туындыларында  бұл  екі  белгіні  (сыртқы  белгі  мен  ішкі  белгіні) 
білдіретін  лексемаларды  көбіне-көп  қатар  қолданады.  Бірақ  кейде  адамның 
интеллектуалдық, психикалық, эмоциялық белгілерін сыртқы кейіпі, киген киімі арқылы 
да  шебер  беретін  тұстар  кездесіп  отырады.  Мәселен,  атақты  қаламгер  Мәшһүр  Жүсіп 
«Кедей болар кері кеткен, ұйқысы мол» деген өлеңінде: 
Өкшесі етігінің мыжырайып, 
Сүйреткен шанадай ғып, сүйреп басып 

 
207 
Сол үйден әрең шықты, қадам басып, - деген жолдар арқылы кейіпкердің ебедейсіз, 
жалқау, үсті-басына мән бермейтін салақ екендігін анық аңғартқан. 
Сонда  кейіпкердің  ішкі  әлемін,  мінез-құлқын,  көрегендігін,  тәрбиесін,  шыққан 
ортасын  білуде  оның  киген  киімі  немесе  киім  киісі  де  үлкен  рөл  атқаратындығын 
байқауымызға  болады.  Бұл,  әрине,  қаламгер  шеберлігіне,  оның  сөз  жұмсау  тәсіліне 
байланысты дүние. Сөзіміз дәлелді болу үшін қазақтың эпостық жырларының бірі атақты 
«Қыз Жібек» жырынан мына бір үзіндіні қарастыралық:  
Қара торқа – кигені... 
Танадай көзі жалтылдап, 
Алтындай кебіс сартылдап, 
Көшті тартып барады... 
Бұл – Қыз Жібектің портреті. Осы төрт жол арқылы автор Қыз Жібектің киген киімін 
ғана  суреттеп  тұрған  жоқ,  бұл  жерде  кейіпкер  мінезі,  кейіпкер  портреті  айқын  көрінеді. 
Біріншіден, киген киімі (қара торқа кигені, алтындай кебісі) Қыз Жібектің байдың қызы 
екендігін,  яғни  шыққан  ортасын,  тегін  көрсетеді.  Екіншіден,  «танадай  көзі»  деген  тіркес 
өте  орынды  қолданылған.  Бұл  жерде  бір  жағынан  қыз  сұлулығы  аңғарылса,  екінші 
жағынан  сауатты,  көкірек  көзі  ояу  жан  екендігін  сездіреді.  Ал  танадай  көзінің 
жалтылдауы  – көзінің оты бар, мінезді  қыз екендігінен хабардар етеді.  Ол алған бетінен 
қайтпайтын  –  бірбеткейліктің  белгісі.  Үшіншіден,  «алтындай  кебіс  сартылдап»  деген 
жолдан  Жібектің  жинақы,  пысық  жан  екендігі  аңғарылады.  Төртіншіден,  көшті  кім 
бастайды?!  Көшті  мінезді  адам,  лидер  (көшбасшы)  ғана  бастайды.  Демек,  Жібекте 
ұйымдастырушылық  қабілетпен  қатар  еркелік,  дегенін  істете  алушылық  бар.  Әрі  ол 
ақылды,  ақылды  болмаса,  оның  қасына  соншама  қыздар  жиналар  ма  еді.  Демек,  оның 
құрбылары көп. Ендеше, ол достыққа адал, досшыл, мейірбан жан.  
Қаламгерлер кейіпкерінің портрет-мінездемесін етістіктерді орынды жұмсау арқылы 
да  жасайтын  тұстар  ұшырасып  отырады.  Мәселен,  Томпақтау  дөңгелек  қой  көзі  де 
шөрейіп  тереңдеп,  нұры  өткірлене  түскен  (Т.Ахтанов).  Бұл  жерде  «көзі  шөрейіп 
тереңдеу»,  «нұры  өткірлене  түсу»  деген  етістіктер,  біріншіден,  «көзі  шөрейіп  тереңдеп» 
деген тіркесім арқылы кейіпкердің жас мөлшерінен хабардар етсе, екіншіден, кейіпкердің 
көпті көрген көнекөз адам екендігін, өмірден алған тәжірибесінен, түйгені  мол екендігін 
білдірген. Ал «нұры өткірлене түскен» деген тіркесті қолдану арқылы Тахауи Ахтанов өз 
кейіпкерінің қатал мінезін, сұстылығын, жаужүректігін аңғартады. 
Кейіпкер  портретін  жасауда  көркем  шығармада  ылғи  да  әдеби  нормаға  сай  әсем 
сөздер  қолданыла  бермейді.  Мәселен,  С.Торайғыровтың  «Қамар  сұлу»  романындағы 
Жорға  Нұрымның  портреті  көбіне  қарапайым  сөздер  арқылы  жасалған.  Нұрым 
портретінің қарапайым сөздермен берілуі оның мінезі мен бейнесіне байланысты алынған. 
Өйткені  өзі  надан  жауыз  адамды  әсем  сөздермен  сипаттау  еш  мүмкін  емес.  Романда 
қарапайым  сөз  арқылы  кейіпкердің  бейнесі  ашылады  және  оны  суреттеуде  автордың 
Нұрымды  жақтырмаушылық  көзқарасы,  мысқылы  қоса  өріледі.  Мәселен,  Бұл  өзі  жеті 
атасынан  бері  уызы  арылмаған,  бағы  таймаған,  қолынан  ұры  кетпеген,  бір  жақсылық 
етпеген,  басы  сәждеге  тимеген,  жамандықтан  басқаны  сүймеген,  бірді-бірге 
атыстырып, елін қан жылатумен  шынжыр балақ,  шұбар төс, қанды ауыз атанған бір 
жауыз  еді.  Белгілі:  қазақта  ондай  залым  адамдардың  өзіне  қауіптілеу  орынды 
күзеттіріп,  сорпа-сумен  алдап  қоятын  иттері  болатын.  Сол  арсылдатып  қойған 
иттерінің ең басты төбеті - біздің Оспан би еді. Сол кезде бұл екеуінің залымдығына бір 
өлеңшінің айтқаны есімде қалыпты: 
Халқыңды қан жылаттың Жорға Нұрым. 
Болдың ғой заманымда сорға Нұрым! 
Оспан деген жұтқышы тағы шықты, 
Бара-бара қайтерсің, қайран күнім!.. 

 
208 
деп,  құр  Нұрымның  зұлымдығы  мен  атағы  болмаса,  әліпті  таяқ  деп  білмейтін  надан, 
пішіні  де  жаман,  аузы  толған  боғауыз  бен  былш-былш  насыбай,  ішпей  мас,  әрі  нас  елу 
шамасында жасы бар, қой сақтардың басындай басы бар, жай формының өзі сұп-суық 
бүйі  секілді  түксиген,  бұқа  мойын,  өгіз  құрсақ,  алақан  көз,  жайын  ауыз,  добыра  сақал, 
тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді («Қамар сұлу»). Бұл мысалдың прозамен 
берілген  тұстарының  бәрінде  қаламгердің  көзқарасы  айқын  аңғарылады.  Ал  қарапайым, 
ауызекі тілдегі сөздер қарамен берілген.  
Көркем  туындыларда  портрет  кейіпкер  бейнесін  беруде  маңызды  қызмет  атқарады. 
Ғалымдар  көркем  әдебиеттегі  портретті  екіге  бөледі:  жағдаяттық  (ситуациялық)  портрет 
және жалпы портрет. 
Жалпы  портретте  көркем  бейненің  өзіне  тән  үнемі  болып  тұратын  сипат  белгілері 
суреттелсе,  жағдаяттық  портрет  кейіпкердің бір  сәттік  эмоциялық кейпін  береді.  Сөзіміз 
түсінікті  болу  үшін  мына  бір  мысалдарды  қарастырып  көрелік:  Басы  репетейсіз  үлкен, 
мойны қылдырықтай, шибұт, қамытаяқ, не әкесі сияқты қойкөз аққұба емес, не шешесі 
сияқты қараторы емес. Қоңқақ мұрын, мойыл көз жалпақ сары. 
Бұл  –  мұрнының  ұшы  қылыштан  кетіліп,  танауы  сәңірейген,  көсе,  жасы  елудің 
жуан ішіндегі, жалпақ бет, селдір бурыл мұртты қарт адам еді (И.Байзақов).  
Тапал бой, тарбақ танау, жылан сұр бет, 
Қарады Еркежанға екі-үш рет. 
И.Байзақов  «Тапал  бой,  тарбақ  танау,  жылан  сұр  бет»  деген  эпитетті 
метонимияның  бір  емес  бірнешесі  лек-легімен  келтіріліп,  кейіпкердің  сырты  мен  ішін 
бірдей жанды түрді көз алдымызға әкелсе, 
Қысық көз, жылмаң қара кіріп келді, 
Берген  соң  Құсан  әмір  бар  ма  халі  деген  жолдар  арқылы  пасық,  жағымпаз  адам 
портретін танытады. Сондай-ақ: 
Қиянатпен семірген мес қарындар, 
Жапсырды  саналы  елге  бітпес  шерді  деген  жолдардағы  «Қиянатпен  семірген  мес 
қарындардың»  деген  тіркесім  арқылы  сол  кездің  әлеуметтік  жағдайын,  адамшылық 
дәрежесін  көрсетеді.  Және  кейіпкердің  сыртқы  ажарының  ұсқынсыздығын  көрсетуге 
арналған бұл жолдар, яғни бұл портреттер – жалпы портретке жатады. 
Жоғарыдағыдан  көргеніміздей,  кейіпкер  бейнесін  беруде  жазушы  кейіпкер  тілінде 
қарапайым сөздерді де қолданады. Кейіпкер тіліндегі қарапайым сөздер туралы зерттеуші 
Х.Қожахметова:  «Әдеби  тіл  нормасына  сай  келмейтін  жай,  дөрекі  сөздерді  қарапайым 
лексика дейміз. Ол әдеби тіл нормасына жатпағанмен көркем әдебиетте образ жасау үшін 
кейіпкердің сөзінде кездесіп отырады. 
Бұл  тілдік  амал  арқылы  жазушы  кейіпкердің  ой-өрісін,  өскен  ортасын,  әлеуметтік 
халін, мінез-құлқын көрсетеді» [2, 62] деген пікір білдірсе, академик Р.Сыздық:  «Дөрекі, 
қарапайым  элементтер,  бөгде  тілдік  сөздер,  әсіресе  макронизмдер  кейіпкердің  мінез-
құлқын,  алған  тәлім-тәрбиесін,  білім,  мәдениет  дәрежесін  көрсету  үшін  келтіріліп,  оның 
образын жасауға көмектеседі. Бұл стильдік тәсіл. Тәсілдің дұрыс қолданылуы жазушының 
сөз құдіретін қолдану шеберлігіне алып барады» [3, 54] деген тұжырым жасайды. 
Қаламгерлер  шығармаларында  кейіпкер  тілінде  қолданылған  қарапайым  сөздер 
кейіпкердің бір сәттік бейнесін (жағдаяттық портрет) жасауға да, көркем бейнесін (жалпы 
портретті)  беруге  де  қызмет  етеді.  Кейіпкер  аузынан  шыққан  қарапайым  сөздер  оның 
шыққан  ортасын,  алған  тәлім-тәрбиесін,  мінез-құлқын,  көңіл-күйін,  ішкі  сезімін  де 
көрсете алады. Мәселен, 
Тым болмаса он бестен аспай жатып, 
Қорлықпен өткенің бе, қайран күн-ау! 
Шынымен сол Нұрымға кеткенім бе, 
Бәлеге құтылмастай жеткенім бе? 
Малы көп мал сияқты пасық қақпас 

 
209 
Жанымды соған құрбан еткенім бе? (С.Торайғыров). 
Портрет  арқылы  жазушының  сөз  қолдану  ерекшелігі,  суреткерлік  шеберлігі, 
даралығы  (стилі)  анықталады.  Ендеше,  көркем  туындыны  стилистикалық  тұрғыдан 
талдауда  кейіпкер  бейнесінің  берілу  жолдарын,  жазушының  осы  мақсатта  қолданған 
тілдік-стильдік, көркемдік тәсілдерін қарастырудың да маңызы зор.  
Сонымен, кейіпкердің портрет-мінездемесін жасауға, оның сезімін, күйіну не сүйіну 
халін  түсінуге  шығармадағы  көркем  сөзбен  жасалған  сыртқы  пішіні,  кескін-кейіпі 
(портрет),  мінез-құлқы,  наным-сенімі  (мінездеу),  ішкі  ойы  (монолог),  басқа  адамдармен 
қарым-қатынасын (диалог) сипаттау да көмектеседі. Және ондай сипаттауларда бізге қай 
сөз табы да жәрдем бола алады. Мейлі, ол сын есім болсын, мейлі етістік болсын, ол тілдік 
бірліктерді орынды жұмсау шеберлік пен қиял жүйріктігіне байланысты.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
 
1
 
Смағұлова 
Г. 
Мағыналас 
фразеологизмдердің 
ұлттық-мәдени 
аспектілері. 
Филол.ғыл.канд…дисс. - Алматы, 1998. - 130 б. 
2
 
Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. - Алматы, 1972. - 
112 б. 
3
 
Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. - Алматы, 1995. - 207 б. 
4
 
Кәрімов Х. Қанатты тіл. - Алматы, 1995. -144 б. 
5
 
Сәрсеке  Г.Р.  Р.  Сейсенбаев  шығармаларындағы  кейіпкерлерді  мінездеуші  тілдік-
стильдік тәсілдер. Фил.ғыл.канд...дисс: - Алматы, 1999. - 130 б.  
6
 
Пірәлиева Г. Ішкі монологтың кейіпкер психологиясын ашудағы көркемдік қызметі. - 
Алматы, 1994. - 138 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  автор  рассматривает  типы  психологического  портрета  и  портрета-
характеристики литературных персонажей. Приводя примеры посредством анализа литературных 
произведений, автор подчеркивает характерные особенности форм и методов, используемых для 
отражения образа и внутреннего мира героев произведений. 
 
RESUME 
 
In the given article the author describes the types of a psychological portrait and the characteristics 
portrait of literature characters. Through the analysis of literature works the author shows the peculiarities 
of forms and methods used for the reflection of images and the inner world of characters. 
 

 
210 
ӘОЖ 81'342.2 (574) (045)  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақ тілі 
дыбыстарының 
тіркесім 
талғампаздығы 
 
Аннотация 
Мақалада  қазақ  тілінің  түбір+қосымша 
деңгейіндегі дыбыстардың тіркесім талғампаздығы 
қарастырылған. Дыбыстар тіркесімі тек қана дауыс 
қатысына  ғана  емес,  басқа  да    артикуляциялық 
белгілерге 
байланысты 
болып 
келетіндігі 
баяндалған.  Дыбыстар  тіркесімінің  топ  саны  үнді 
дауыссыздардың  түрленіміне  байланысты  болып 
келетіні  айтылып,  түбір  сөздердің  9  түрлі 
талғампаз топтары анықталған.  
Түін 
сөздер
орфографиялық 
тіркесім, 
дыбыстар  талғампаздығы,  фонетикалық  алгоритм, 
дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, тербелім моделі. 
 
 
Бүгінгі  күнде  компьютер  техникасының 
қолғанат  құрал  (оргтехника)  ретінде  жұмсалуы, 
соған 
лайық 
қазақ 
тілінің 
компьютер 
бағдарлармаларын  жасау  өзекжарды  мәселелердің 
біріне  айналуда.  Қазақ  тіл  білімінің  теориясы  мен  
практикасын  одан  әрі  дамыта  түсуге  серпіліс 
беретін де осы информатика болып отыр. Өйткені 
күнделікті  ақпарат  құралдарының  жұмысын 
жеңілдету,  уақыт  үнемдеу,  кеңсе  қондырғыларын 
құрастыру,  электронды  оқулықтар  мен  кешенді 
оқу  құралдарын  дайындау  қазіргі  қазақ  тіл 
білімінің 
алдына 
тың 
мәселелерді 
қояды. 
Сондықтан  қазақ  тілі  теориясы  мен  оның 
практикалық 
нәтижелерін 
жаңа 
бағытта 
пайдаланудың 
мүмкіндігі 
зор. 
Осындай 
мәселелердің 
теориялық 
шешімін 
тауып, 
практикалық  ұстанымдарын  анықтау  –  бүгінгі 
қазақ  қолданбалы  лингвистикасының  басты 
міндеті.   
Қолданбалы  лингвистиканың  негізгі  мақсаты 
қолғанат  қызмет  атқару  болғандықтан,  кез  келген 
тілдік  құбылысты  осыған  орай  икемдеп  отыруға 
тура  келеді.  Қазіргі  таңда  қолданбалы  қазақ 
лингвистикасының  алдында  екі  міндет  тұр.  Ол 
міндеттің  біріншісі  -  әдістемелік  құралды 
компьютерге  лайықтау,  екіншісі  -  қолғанат 
қондырғылар  жасау  және  жетілдіру  («қолғанант 
қондырғы» деп отырғанымыз «оргтехника»).  
Тілдің ішкі заңдылығын пайдаланып қана сол 
тілдің қолданба құралдарын жасауға болады. Қазақ 
тілінің  осы  тұрғыдан  пайдаланатын  екі  заңы  бар. 
Олар  үндесім  (сингармонизм)  және  үйлесім 
(ассиммилятив) 
заңдылықтары. 
Ә.Жүнісбеков 
дауысты  дыбыстар  туралы  «Дауысты  дыбыс-
тардың төрт үндесім әуезі бар болып шықты, олар- 
Г.Ә. Кукенова 
С.Сейфуллин атындағы Қазақ 
агротехникалық университеті, 
ф.ғ.к., аға оқытушы 
 
С.К. Кенжемұратова  
С.Сейфуллин атындағы Қазақ 
агротехникалық университеті, 
ф.ғ.к., доцент  
 
А.М. Мұратбекова 
С.Сейфуллин атындағы Қазақ 
агротехникалық университеті, 
п.ғ.к., доцент  

 
211 
дың  әрқайсысы  белгілі  бір  үндесім  дауыстылардың  басын  біріктіреді:  жуан  езулік 
дауысты  –  екеу,  жеңішке  езулік  дауысты  –  үшеу,  жуан  еріндік  дауысты  –  екеу,  жіңішке 
еріндік  дауысты  –  екеу,  сонымен  барлығы  –  тоғыз  үндесім  дауысты»  [1,  41]  десе, 
дауыссыз  дыбыстар  туралы  «Әрбір  дауыссыз  –  төрт  үндесім  дыбыстан  құралған  жүйе 
болып табылады, олардың өзара ортақ белгілерімен қатар, бір-бірінен ажыратып тұратын 
артикуляциялық  және  акустикалық  айырым  белгілері  бар.  Түркі  тілдеріндегі  әрбір 
дауыссыздың  үндесім  әуезінің  құрамы  жуан/жіңішке,  еріндік/езулік  белгілері  арқылы 
ажыратылады» [1, 43] дейді. Олай болса қазақ (түркі) тілінің дыбыс жүйесіне тән осы бір 
бірізділікті қолданбалы тілтаным саласыңда кеңінен пайдалануға болады. 
Қазақ  тіліндегі  дыбыстардың  жасалым,  айтылым  және  естілім  сипаттамалары 
жеткілікті берілген [3, 25-27]. Алайда сол зерттеу нәтижелерін қолданбалы бағытта, яғни 
мәтінтерімін  автоматтандыру  бағдарламасын  (компьютер  программасын)  жасау  үшін 
пайдаланудың  өзіндік  ерекшеліктері  болады.  Ондай  ерекшеліктер  дыбыстың 
артикуляциялық  сипаттамасына  да,  дыбыстың  айырым  белгілер  жүйесіне  де  (система 
дифференциальных признаков) қатысты келеді. 
Әзірге мәтінтерімін автоматтандырудың компьютерлік бағдарламасына қазақ тілінің 
жалғауларын  икемдеудің  фонетикалық  негіздемесі  тірек  болады.  Сондықтан  алдымен 
қазақ тілі дыбыстарын тіркесім талғампаздығына қарай жіктеп аламыз. Өйткені қазақ тілі 
дыбыстарының 
тіркесім 
талғампаздығы 
бірегей 
және 
іргелі 
фонетикалық 
заңдылықтардың  бірі  болып  табылады.  Бұған  дейін  оқулықтар  мен  оқу/құралдарында 
тіркесім  топтары  сараланғанымен,  олардың  фонетикалық  заңдылықтарының  басы 
ашылмаған  болатын.  «Қатаңнан  кейін  қатаң,  ұяңнан  кейін  ұяң  дыбыстар  келеді»  деген 
анықтамалар  қазақ  тілі  дыбыстарының  тіркесім  талғампаздығының  фонетикалық  сырын 
түгел ашып бере алмады. Дыбыстардың тіркесім реті өзге де артикуляциялық белгілерге 
байланысты болып шықты.  
Қазақ  тілі  жалғамалы  тіл  болғандықтан,  оның  сөз  құрамындағы  бірліктерінің 
(единицы)  тіркесім  түрлері  мол  келеді.  Солардың  бірі  –  қазақ  мәтініне  қатысты 
орфографиялық  тіркесім.  Орфографиялық  тіркесім  дегеніміз  жазба  мәтін  құрамындағы 
емле-ережелерге  бағынатын  тіркесімдер.  Мәтінтерімін  үйлестірудің  оңтайлы  шешімі 
орфографиялық тіркесімге тікелей байланысты.  
Жалғамалы тілдерде қосымшалы (туынды) сөздердің бастау бірлігі түбір сөз болып 
табылады.  Сондықтан  алдымен  түбір  сөздің  фонетикалық  тіркесім  мүмкіндіктерін 
айқындап  алу  қажет  болды.  Өйткені  тіркесім  реті  барлық  уақытта  сөздің  соңғы 
әріп/таңбасына байланысты. 
Қазақ  тілінің  орфографиялық  емле-ережелері  қазақ  тілі  дыбыстарының  шеп 
кездесімін  (позиционное  распределение)  қатаң  реттеп  отырады.  Сондықтан  да  кейбір 
дыбыстардың  әріп/таңбалары  сөз  соңында  кездеспейді.  Ондай  кездеспейтін 
әріп/таңбалардың  жазба  мәтін  ішіндегі  тіркесім  ережелерін  құрастыруға  қатысы 
болмайтын болғандықтан, мәтінтерімі үстінде олар ескерілмейді. 
Жазба  мәтін  деңгейінде  қазақ  сөзінің  соңында  [  ö,  ü,  u  ]  дыбыстарына  тән  ө,  ү,  ұ  
әріптері  орфографиялық  ереже  бойынша  кездеспейді.  Ал  [o,  g,  ğ,  b,  d]  дыбыстары  қазақ 
сөзінің соңында кездеспейтін болғандықтан, оларға тән  о, г, ғ, б, д  әріптері сөз соңында 
тағы жоқ. Мәтінтеріміне байланысты бұл әріптер қалыс қалады. 
Қазақ  тіліндегі  қосымшалардың  тіркесім  мүмкіндіктерін  талдай  келгенде,  түбір 
сөздердің соңғы таңбасы бірнеше топқа жіктеледі екен.  
Бірінші  топқа  дауысты  дыбыстардың  таңбасына  бітетін  сөздер  жатады  (1-сурет). 
Дауыс  желбезегі  (немесе  дауыс  шымылдығы,  немесе  дауыс  жарғағы)  толық  тербеледі. 
Дауысты түбірдің (дауысты дыбысқа біткен сөздің) негізгі белгісі оның толық тербелмелі 
қалпы болып табылады. 
 

 
212 
 
 
1-сурет - Дауысты дыбыстың тербелім моделі 
 
Дауысты дыбыстардың толық кездесім алгоритмі: 
[ V ( a; ä; e; ı; i; о; ö; u; ü ) ] 
 
Дауысты дыбыстар тіркесімінің талғампаз алгоритмдері: 
[ V
1
 ( a; ı ) ] 
[ V
2
 ( ä; e; i ) ] 
[ V
3
 (о; u ) ] 
[ V
4
 ( ö; ü ) ] 
 
Екінші  топқа  дауыссыз  дыбыстардың  таңбасына  бітетін  сөздер  жатады.  Дауыссыз 
дыбысқа бітетін сөзді дауыссыз түбір деп атаймыз (2-сурет). Дауыссыз дыбыстардың тобы 
үш  түрлі  тербелімнен  құралады:  дауыс  желбезегінің  мол  тербелісінен  тербелімді 
дауыссыздар  (үнді),  дауыс  желбезегінің  жартылай  тербелісінен  тербеліңкі  дауыссыздар 
(ұяң),  дауыс  желбезегінің  жайбарақат  немесе  бейтарап  қалпынан  тербеліссіз  (қатаң) 
дауыссыздар жасалады.        
 
  
   
 
 
2-сурет – Дауыссыз дыбыстардың тербелім моделі 
 
Дауыссыз дыбыстардың толық кездесім алгоритмі: 
[ K ( p; t; q­k; s; š ) + ( z; ž ) + ( m; n; ň; r; l; y; w ) ] 
 
Үшінші  топқа  үнді  дауыссыздардың  таңбасына  бітетін  сөздер  жатады.  Үнді 
дауыссыздар өзара тоғысыңқы және жуысыңқы (жанама жуысыңқы, жинақы жуысыңқы, 
жайылыңқы  жуысыңқы,  діріл  жуысыңқы)  болып  жіктелгенімен,  олардың  басын 
тербелімді белгісі біріктіріп тұрады (3-сурет). 
 

 
213 
  
  
  
 
 
3-сурет - Үнді дауыссыздардың тербелім моделі 
 
Үнді дауыссыз дыбыстардың толық кездесім алгоритмі. 
[ K

( m; n; ň; l; r; y; w )] 
 
Төртінші топқа жуысыңқы үнді дауыссыздардың жартылай тобы жатады. Бұл топқа 
жуысыңқы үнді дауыссыздар түгел енбейді, жанама жуысыңқы дауыссыз сырт қалады (4-
сурет). 
 
                        
  
 
 
4-сурет - Үнді дауыссыздардың жуысым моделі 
 
Жуысыңқы  үнді  дауыссыздар  (жартылай)  талғампаздығының  фонетикалық 
алгоритмі. 
[ K
2
( r; y; w ) 
 

 
Бесінші топқа тоғысыңқы үнді дауыссыздардың жартылай тобы жатады. Тоғысыңқы 
үнді  дауыссыздардың  басын  біріктіріп  тұратын  белгі  олардың  жасалу  тәсіліне 
байланысты: сөйлеу мүшелерінің өзара тоғысуы (5-сурет). 
                                          
 
 
5-сурет - Үнді дауыссыздардың тоғысым моделі 
 
Тоғысыңқы  үнді  дауыссыздар  (жартылай)  талғампаздығының  фонетикалық 
алгоритмі. 
[ K
3
( m; n; ň )] 
 
Алтыншы топқа жуысыңқы және жанама жуысыңқы үнді дауыссыздардың жартылай 
тобының  таңбасы  жатады.  Жуысыңқы  үнді  дауыссыздардың  басын  біріктіріп  тұратын 
белгі олардың жасалу тәсіліне байланысты: сөйлеу мүшелерінің өзара жуысуы (6-сурет). 
 

 
214 
                    
  
 
 
6-сурет – Үнді дауыссыздар тобының жуысым моделі 
 
Жуысыңқы үнді дауыссыздар (толық) талғампаздығының фонетикалық алгоритмі. 
[ K
4
  ( l; r; y; w )] 
 
Жетінші топқа тоғысыңқы және жанама жуысыңқы үнді дауыссыздардың жартылай 
тобының таңбасы жатады. Бұл топқа үнді дауыссыздардың тоғысыңқы/жуысыңқы аралас 
тобы  жатады  (7-сурет).  Үнді  дауыссыздардың  ішінде  жанама  жуысыңқы  л  дауыссызы 
кезбе дауыссыз (блуждающий согласный) болып табылады. Өйткені ол  дауыссыздардың  
әртүрлі тобына қосылып кете береді. 
 
  
 
 
7-сурет – Үнді дауыссыздар тобының тоғысым/жуысым моделі 
 
Тоғысыңқы  және  жанама  жуысыңқы  үнді  дауыссыздар  талғампаздығының 
фонетикалық алгоритмі. 
[ K

( m; n; ň; l )] 
 
Сегізінші топқа жуысыңқы ұяң дауыссыздардың жартылай тобы жатады. Бұл топқа 
сөз  соңында  кездесе  беретін  ұяң  дауыссыздар  енеді,  олардың  басын  біріктіріп  тұрған 
сөйлеу мүшелерінің жуысыңқы қалпы болып табылады (8-сурет). 
 
                                        
 
 
8-сурет – Ұяң дауыссыздардың жуысым моделі 
 
Жуысыңқы ұяң дауыссыздар талғампаздығының фонетикалық алгоритмі. 
[ K
6
( z; ž )] 
 

 
215 
Тоғызыншы топқа қатаң дауыссыздар тобының таңбасы жатады. Бұл топқа жататын 
дыбыстардың  тіркесім  белгісі  дауыс  желбезегінің  бейтарап  (бейтербеліс)  қалпы  болып 
табылады (9-сурет). Жасалу тәсілінің тіркесім талғампаздығына еш әсері жоқ. 
 
                         
    
 
 
9-сурет – Қатаң дауыссыздардың бейтербелім моделі 
 
Қатаң дауыссыздар талғампаздығының фонетикалық алгоритмі. 
[ K
7
  ( p; t; q­k; s; š )] 
 
Сонымен  қазақ  тілі  дыбыстарының  тіркесім  таңдайтын  тоғыз  тобы  анықталды. 
Дауысты  дыбыстар  өз  алдына  бір  талғампаз  топ  құрса,  үнділермен  қосылып  тағы  бір 
талғампаз  топ  құрады.  Белгілі  бір  тіркесім  топ  дауыс  шымылдығының  тербеліс 
белсенділігі, жасалу тәсілі және дыбыс құрамына қарай құрылатын болып шықты. Қазақ 
тілі дыбыстары дауыс қатысына қарай ғана жіктеліп, соған лайық тіркесім топтарын құрап 
қоймайды.  Және  де  дауыс  қатысына  байланысты  топтарды  әмбебап  (универсал) 
тіркесімдерге  жатқызуға  да  болмайды.  Олай  болса,  дәстүрлі  «қатаңнан  кейін  қатаң, 
ұяңнан  кейін  ұяң,  үндіден  кейін  үнді  дыбыстар  келеді»  деген  қағидаға  толықтырулар 
енгізуге тура келеді. 
Тіркесім топтардың ішіндегі дыбыс құрамы жағынан ең тұрақтылары – дауыстылар 
мен  қатаң  дауыссыздар.  Ал,  тіркесім  топтардың  саны  үнді  дауыссыздардың  түрленіміне 
байланысты.  
Қазақ  тілінің  түбір+қосымша  (қосымшалар)  тіркесімі  әрқашан  талғампаз  келеді. 
Түбірдің немесе қосымшаның соңғы дыбысының (әрпінің) жасалу орны, жасалу тәсілі мен 
дауыс қатысына қарай келесі қосымшаның басқы дыбысының жасалу орны, жасалу тәсілі 
мен  дауыс  қатысы  ыңғайлас  шығып  отыру  керек.  Сондықтан  да  тіркесім  бірліктерінің 
дыбыс талғампаздығы күрделі болып шықты. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет