2.2 Бөкей Ордасындағы жер реформаларының екінші кезеңі
(1831-1845 жж.): жүру барысы, қайшылықтары,
әлеуметтік-экономикалық салдары
1825-1830 жылдардағы Жәңгір Бөкейұлының аграрлық рефор-
малары сыртқы жер қатынастарын реттеуге бағытталса, ал 1831-1845
жылдар аралығында ішкі жер мәселесін реформалау бірінші орынға
шықты.
1831 жылдан бастап хан көлемді жайылыс көздерін ықпалды,
ауқатты сұлтандарға, старшындарға, билерге үлестіріп, ірі жер
иеліктерін қалыптастыра бастады. Бірақ хан мұндай шараларды
жүзеге асырмас бұрын патша үкіметінің келісімін алу керек деп шеш-
кен. осы мақсатта ол 1830 жылы 12 желтоқсанда орынбор шекара
комиссиясының төрағасы Г.Ф.Генске былай деп жазған: «Сұлтандар
мен старшындарға жер телімдерін бірыңғай түрде жеке иелікке бе-
руге рұқсат жасауыңызды сұраймын. Егер есіңізде болса, осы шараны
әсіресе басқарушы сұлтандарға қатысты жүзеге асыруға өзіңіз кеңес
бергенсіз. Шындығында да жерді марапаттың белгісі ретінде тарату
жақсы нәтижелерге әкеліп, ордалықтарды отырықшы өмір салтына
баулудың кереметтей құралына айналар еді. Сондықтан тең халықтар
арасынан санының көптігіне байланысты ордада өздерінің артықтығын
сезіне бастаған сұлтандарға пайда түсіретін әдісті бекіттіруіңізді
сұраймын» [210, 2 п.].
Алдымен бұл құжаттан жайылымды үлестіру идеясын Жәңгір ханға
патша үкіметі ұсынғанын байқаймыз. Алайда орда билеушісіне осы жо-
спарды алғаш болып ұсынған Г.Ф.Генс емес, хандыққа іссапармен кел-
ген сенатор Ф.И.Энгель болатын. 1827 жылдың 16 қазанында Ставкаға
жеткен ол келесі күні таңертеңгі сағат 8-де ханмен бірге салынып
жатырған үйге келген. оның қасында ұзақ тұрып, Жәңгір Бөкейұлына
отырықшылық өмірдің жағымды жақтарын сипаттап, үй орналасқан
орынды мақтайды. Ыңғайына қарай бақ өсіруге кеңес беріп, оған
ағаш өсімдіктерін жіберуге уәде берген. Сонымен бірге сенатор ханға
жерді жеке меншікке беру арқылы көшпелілерді отырықшылыққа
көшіруге болатындығын айтқан [86, с. 305]. ол осы ойын 1828 жылы
ақпанда Сыртқы істер министрі граф К.в.Нессельродеге жеткізген
және ордалықтардың заңмен қорғалатын жеке меншікті иеленбей
отырықшылыққа ауыса алмайтындығын басып көрсеткен. Сондықтан
Ф.Энгель қыстауға жарамды жер телімдерін жеке өзі иеленгісі
келетіндерге бекітіп беру керек деп тапқан. осы арқылы егіншілікті да-
мытуды, меншік құқығын насихаттауды, орданың табиғатын сақтауды
көздеген [81, с. 295].
Сыртқы істер министрлігі сенатордың ұсыныстарын көңілге
қонымды деп тауып, орынбор басшылығына жеткізген. Шекара
комиссиясының төрағасы Г.Генс сәйкесінше Жәңгір ханның қаперіне
салған. Бірақ та орда билеушісінің аграрлық реформалары тікелей
патша үкіметінің нұсқауларымен жүзеге асты деуге болмайды. Себебі
жерге деген жеке иеліктерді қалыптастыруда оның өзіндік ішкі есептері
де болды.
Алдымен хан шұрайлы жайылыстар мен шектес аймақтарды
ықпалды сұлтандарға үлестіру арқылы олардың саяси-экономикалық
мәртебесін арттыруды көздеді. Хан төрелерді негізгі әлеуметтік тірекке
айналдыруға ұмтылды және жастары өзімен шамалас сұлтандарды
жанына көптеп жинады. Қарастырып отырған кезеңдегі сұлтандар
саны 200 шаңыраққа жеткен [184, 16 п.]. ордадағы рулар саны аз
болғандықтан олардың барлығын бірдей жұмыспен қамту қиынға
соқты. Сөйтіп хан мемлекеттік биліктен қалыс қалған төрелердің
экономикалық пәрменділігін арттыруды ойластырған.
Алайда мәселенің екінші жағын ескермеске болмайды. Мұның
сыры Жәңгірдің ордадағы шыңғысзадалардан қауіптенуінде, олар-
мен санасуға мәжбүр болуында еді. Өйткені көптеген сұлтандардың
өз руы ішіндегі беделі басым еді және олар наразы халықты дала
бетке кез-келген уақытта алып кете алатын-ды. 1818 жылғы сұлтан
Елтай Нұралыұлы, 1827-1829 жылдардағы Қайыпқали Есімұлының
экономикалық қысымшылыққа ұшыраған мыңдаған көшпелілерді
біріктіруі орда билеушісін де, патша үкіметін де әбігерге түсірді.
Әсіресе соңғы көрсетілген халық толқуына қатысты А.Ф.Рязановтың:
«Қатты жұт әсерінен халық арасында толқулар басталды, оны Жәңгір
хан билігіне риза емес топтар тез арада пайдалана қойды» [28, с.
200], - деп ой түйіндеуі осы пікірімізді құптай түседі. Сондықтан
хан ақсүйектерді жайылыммен жарылқау арқылы олардың мұндай
әрекетінің алдын-алуды, әрі саяси тірек қалыптастыруды жоспарлады.
Ал бұқара халық мүддесі соңғы орынға қойылды.
Жәңгірдің төрелер тұқымына деген ерекше «ілтипаты» XIX
ғасырдың 30 жылдарында хан сұлтандарды Ресей дворяндары-
мен теңестіріп, ордадан тыс аймақтардағы қызметке тағайындауға
ұмтылуынан да көрінді. ол 1839 жылы 19 шілдеде I Николай патшаға
хат жазып, кейбір сауатты шыңғысзадаларды империялық қызметтерге
пайдалануын өтінген [86, с. 378].
Хан ірі жер иеліктерін қалыптастыру арқылы мал шаруашылығын
дамытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін сынап көрмек болды. Ауқатты
сұлтандарға, билерге, старшындарға жайылымдар мен шабындықтарды
жеке меншікке беріп, ірі шаруашылық қожалықтарын құру күн
126
127
тәртібіне қойылды. Сол кезеңде қалыптасқан табиғи-географиялық
факторлар көшпелілерді мал шаруашылығының экстенсивті түрінен
интенсивтілікке ауысуға мәжбүрледі. Хан үлкен жер телімдеріне ие
болған ауқаттылардың мал санын арттыратынына сенімді болды. Со-
нымен бірге асылдандыру, сұрыптау әдістері арқылы орда малының
сапасын жақсартатынына үміт артты. Себебі сол кезеңде хан үшін
империялық саудадағы басты бақталастары көшпелі қалмақтар мен
татарларды басып озу негізгі мақсат саналды. Әсіресе 1832 жылы
хандықта тұңғыш рет ұйымдастырылған жәрмеңке орда билеушісін
одан әрі желіктірді. ол қомақты қаржыны талап ететін асылдандыру
ісі тек қана ірі мал иеленушілердің қолынан келеді, әрі үлкен табындар
мен үйірлердегі сұрыптау үрдісі жоғарғы деңгейде өткізіледі деп сана-
ды [210, 60-65 пп.].
Өзгелерге үлгі көрсетпек мақсатта Жәңгір хан жылқы
шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлді. 1827 жылы қазан айында
Ішкі ордаға Лимарев әскери жылқы зауытынан І Николай патшаның
ханға сыйлаған 10 жылқысы әкелінген еді. Күшті, әрі сезімтал жануар-
ларды күту үшін Жәңгір арнайы қызметші огневті ордаға алдыртты
және оған жылына 300 сом жалақы төлеп тұрды [211, 14 п.]. 1832 жылы
бұл бағалы жылқылардың саны 250-ге жеткен. Ханның сипаттауынша
Лимарев зауытының жылқылары ордалықтардікімен салыстырғанда
сұлу және суыққа төзімді келген [211, 113-114 пп.]. Алайда ханның
мұндай көрсеткен үлгісі орташалар мен кедей-кепшіктерге емес, тек
байларға арналғанын ескермеске болмайды.
орда билеушісінің қауымдық жерлерді бөліске салуына Ресей
империясында орныққан помещиктік қатынастар да ықпалын тигізді.
Шаруашылық құрылымның бұл түрімен Жәңгір хан бала кезден та-
ныс болды. Бірнеше жыл бойы Астрахань азаматтық губернаторы
С.С.Андреевскийдің (1760-1818) тәрбиесінде болған ол барщина,
оброк дегеннің не екенін қаршадайынан білді [15, с. 6]. Билік басы-
на келгеннен кейін де Ресей империясының ішкі өңірінде болып
жатырған оқиғалардан хабардар болу және елді жаңа бағытта ре-
формалау үшін түрлі газет-журналдарға жазылып отырған. орданың
саяси-экономикалық өміріне тың жаңалықтар енгізуде хан Ресейде
орныққан құрылымдарды басшылыққа алған. Жәңгірді әсіресе импе-
рия тұрғындарының қоғамдық-шаруашылық өмірі қатты қызықтырған.
оның жеке кітапханасында «Северная пчела», «отечественные за-
писки», «Современник», «Москвитянин», «Журнал министерства на-
родного просвещения», «Посредник» (өндіріс пен шынайы ғылымдар
газетасы), «Земледельческая газета», «друг здравия», «Журнал Ми-
нистерства государственных имуществ», «Русский инвалид», «Се-
натские ведомости», «Астраханские ведомости», «Саратовские ведо-
мости», «оренбургские ведомости» секілді мерзімді басылымдардың
жинақталуы мұның айқын дәлелі болады. Өйткені аталмыш газет-
журналдарда саяси оқиғалардан басқа жер мәселелері, шаруашылық
түрлері, помещик пен басыбайлы шаруаларға қатысты көп мәліметтер
берілетін [84, с. 53].
Шаруашылықтың помещиктік-басыбайлық жүйесіне деген ын-
тасын Жәңгір хан ХІХ ғасырдың 30 жылдарында анық байқатты.
1834 жылдан бастап ол орынбор губернаторы в.А.Перовскиймен
басыбайлы шаруалар сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізеді. Тіпті
губернатор Ресейдің ішкі губернияларының біреуінен қомақты жер
беруді де ойластырған. ондағы мақсаты ханды және оның ұрпақтарын
Ресей үкіметі үшін адал қызмет етуге ынталандыру болған. Алайда
жоғарғы билік мына факторларды ескеру керек деп тапты: біріншіден,
орыстардың өздеріне жер жетіспеуі себепті ханға ұланғайыр иелікті
беру мүмкін емес, екіншіден, жылжымайтын мүлік иесі атанған орда
билеушісі помещик ретінде жергілікті полицияға бағынышты болуы
керек, сөйтіп, әр түрлі міндеткерліктерді өтеп, өз иелігінде болуы
мүмкін қылмыстарға жауап беруі тиіс. Бірақ үкімет мұндай жағдай
оның қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді деп санап, ханның сұранысын
қанағаттандырмау жөнінде шешім қабылдады [84, с. 74]. Есесіне
хандық басшысы басыбайлылық қатынастарды Бөкей ордасына
енгізуге тырысып бақты.
осылайша, негізінен жоғарыда көрсетілген себептерге байла-
нысты Жәңгір хан қауымдық жерлерді жеке меншікке бере бастады.
дегенмен бүгінде Бөкей хандығындағы аграрлық реформаларды зерт-
теуде ірі жер иеліктерінің қалыптасу уақытын анықтаудың маңызы өте
зор болмақ. Бұл хақындағы мәліметтер сан алуан болып келеді. орын-
бор шекара комиссиясының төрағасы Г.Генс 1847 жылы 17 қарашада
орынбор губернаторына жазған баянатында Жәңгір ханның қауымдық
жерлерді 1830 жылдан бастап жеке меншікке бергендігін көрсеткен.
Аталмыш шенеунік орда билеушісінің 1830-1845 жылдар аралығында
түрлі адамдарға жер иелену үшін 1517 куәлік үлестіргендігін алға
тартқан [212, 37 п.]. Мемлекеттік қызметкер А.Евреинов 1850 жылы
Ішкі орда жөнінде жасаған есебінде дәл осы мәліметтерді қайталаған
[10, с. 47]. Бұл отарлаушы үкімет шенеуніктері жазып қалдырған де-
ректер кейіннен А.Ф.Рязанов [29, с. 8], в.Ф.Шахматов [30, с. 47],
Б.Аспандияров [32, с. 73] және өзге де тарихшылар еңбектерінде
кеңінен пайдаланылды.
Ішкі орданы басқару жөніндегі Уақытша Кеңес төрағасы Әділ
Бөкейханов, оның кеңесшілері сұлтандар Шоқы Нұралиев, Меңдігерей
128
129
Бөкейханов 1851 жылы 22 желтоқсанда қызметтік есептерінде өз
бауырлары Жәңгір ханның қауымдық жерлерді 1832 жылдан бастап
жеке иелікке бергендігін көрсетті [213, 14-15 пп.]. Ал ордадағы есаул
Қарауылқожа Бабажановтың төлеңгіттері 1852 жылы орынбор шека-
ра комиссиясына жолдаған хаттарында Жәңгір ханның орда жерлерін
1831 жылдан бастап үлестіргендігін жазды [214, 6-7 пп.]. Уақытша
Кеңестің аграрлық реформаларына наразы болған орда көшпелілері
губерниялық басшылыққа орда жерлерінің жаппай бөліске түсуінің
1831 жылдан бастау алғандығын жариялаған [215, 36 п.].
Жоғарыдағы келтірілген деректерді сараптайтын болсақ,
мемлекеттік шенеуніктер Г.Генс пен А.Евреинов мәліметтерінің
шындыққа жанаспайтынын анықтаймыз. орынбор шекара
комиссиясының төрағасы Г.Генс Жәңгір ханның 1830 жылы 12
желтоқсанда жолдаған хатына сілтеме жасаған. орган басшысының
орда жерлері жеке меншікке берілуінің 1830 жыл аяғынан
басталғандығына сенгендігі байқалады. Бірақ қыс мезгілінде әдетте жер
бөлу, территорияны межелеу жұмыстары жүргізілмейтін. Өйткені ауа
райының қолайсыздығы, көшпелілердің қыстауларға орнығып қалуы
бұған кедергі келтіретін. Ханның 1830 жылдың өзге мезгілдерінде де
жайылымдарды жеке бөліске салуға мүмкіндігі болмады. Өйткені ол
осы жылдың көктемінде Мәскеуге патшамен кездесуге дайындалды,
жазында – мемлекеттік шаруалармен Қаракөл тұрақтары үшін даула-
сты, күзде – елдегі белең алған тырысқақ аурумен күресті.
Жәңгір Бөкейұлының туған інілері Әділ және Меңдігерей
Бөкейхановтар, немере ағасы Шоқы Нұралыұлының берген мәліметтері
де ақиқаттан алшақ жатыр. Хан оларға 1832 жылы шұрайлы, су көзі
мол алқаптарды сыйға тартқан еді. Сол себепті аталмыш сұлтандар
ордадағы қауымдық жайылыстардың жеке меншікке өту мерзімін
өздерінің жер иелену уақытымен тығыз байланыста қарады.
ордадағы қауымдық жерлердің жеке меншікке берілу уақытын
1831 жыл деп көрсеткен Қ.Бабажанов төлеңгіттерінің, қатардағы
көшпелілердің деректері шындыққа жанасады. оның үстіне бұл
тұжырымды Астрахань облыстық мемлекеттік мұрағатынан табылған
құжат та дәлелдеп отыр. Мемлекеттік шенеуніктер мен Уақытша
Кеңес мүшелері жинастырған осы құжатта «Жер телімдеріне бөлінген
Ішкі орданың картасы» атты сызба кездеседі [216, 95 п.]. Картаның
авторы белгісіз, бірақ ұқыптылықпен, дәлдікпен, кәсіби тұрғыдан
сызылғанына қарап межелеуші шенеуніктің ісі деп болжай аламыз.
Алайда бұған дейін де жер телімдеріне бөлінген Ішкі орданы
бейнелейтін карта ғылыми айналымға енгізілгені жасырын емес. Та-
рихшы Ғ.Е.Харабалин өз еңбегінде орынбор облыстық мелекеттік
мұрағатынан алынған арнайы картаны пайдаланған болатын [66, 110-
112 бб.]. Ал бұдан бұрын А.Еренов Петербург қаласындағы мемлекеттік
тарихи мұрағат қорынан табылған кестені ғылыми айналымға қосқан
еді [33, с. 92-95]. Негізгі мәні, басым бағыттары мен сипаттары
бір болғанымен Астрахань мұрағатынан табылған карта алдыңғы
екеуінен ерекшеленеді. Салыстырмалы түрде талдау арқылы мынадай
өзгешеліктер мен ерекшеліктерді анықтауға болады: 1) ордадағы жай-
ылымдар мен шабындықтарды иеленушілердің ұзын-саны 20 әулетке
емес, 15 субьектіге топтастырылған; 2) Жекелеген телімдердің берілген
уақыты қосымшада көрсетілген. Қауымдық жерлердің үлкен бөліске
түсуінің нақты мерзімдері бұрын-соңды анықталмаған болатын; 3) Жер
телімдерінің алып жатқан аумағы, ондағы тұрақтар, елді-мекендердің
атаулары толық берілген; 4) Әр қожайынның иелігіндегі телімдер саны
жүйеленген және әрбір жер иеленушіге тиесілі телімдердің мөлшері
дәл бейнеленген; 5) Сұлтандарға, би-старшындарға шеткі аймақтарды
үлестірудегі ханның ішкі жоспары анық байқалады.
Сонымен қатар бұл құжаттан ірі жер иеліктерін қалыптастыру
саясатының негізінен 1831-1833 жылдар аралығында жүргізілгендігін
көреміз. 1831 жылы ордадағы саяси элиталардың бесеуі көлемді
жайылыстарға ие болған. олар: сұлтандар Жанбөбек Бегалиев, дәуіт
Қарымсақов, қожа Қарауыл Бабажанов, старшын Қойбас Бекбаев және
Жәңгір хан.
Жәңгір хан алдымен Каспий теңізі жағалауындағы қыстауларды
бөліске салған. осы өңірден алғаш болып жер иеленгендердің бірі
Қарауылқожа Бабажанов (1775-1850) еді. 1805 жылы старшын ата-
нып, 1809 жылы Ішкі ордаға тұрақтап, 1826 жылдан полк есауы-
лы шенін иемденген ол бұл уақытта ірі саудагерге айналып үлгерді.
Қожа осы кәсібі арқылы Астрахань, орынбор, орал қалаларының
мемлекеттік шенеуніктеріне, көпестеріне, помещик саяжайларының
қызметкерлеріне танымал болды. Қарастырып отырған кезеңде хандық
басшысы Қарауылқожаның қызымен әлі некеге тұрмаған. Бұл жайын-
да К.Есмағамбетов: «Зерттеушілер 30 жылдарға қатысты оқиғаларға
байланысты Қарауылды Жәңгірдің қайын атасы деп көрсетеді, ол
шындыққа келмейді. Жәңгір Қарауыл қожаның төртінші қызы Салихаға
1844 жылы үйленеді» [53, 106 б.], - деп тұжырымдаса, ал Ә.Сарай
ханның 1822-1823 жылдар шамасында қожаның қызымен емес, немере
қарындасы Жүзім Айрапетовамен шаңырақ құрғандығын алға тартты
[71, 46 б.]. И.Ерофеева да өз еңбегінде қожаның қызының аты Сали-
ха екендігін және оның 1852 жылы дүниеден өткендігін мәлімдеген
[168, с. 143]. демек, XIX ғасырдың 30-шы жылдарында Жәңгір хан
мен Қ.Бабажанов арасында тікелей туыстық қатынас орнамаған.
130
131
Қожаға берілген жер Кокоревск постынан басталып солтүстікке
қарай Жиделі, Жаманқұм, Бекетай құмдарына дейін созылды және
біртұтас аймақты құрады. Жалпы көлемі 390000 десятинаны құраған
бұл жер телімі ордадағы жеке иеліктердің ең көлемдісі саналды.
оңтүстік өңірден жеке меншікке жер алғандардың қатарында
сұлтан дәуіт Қарымсақов болды. ол адайлардың рубасшысы сұлтан
Қарымсақ Артығалиевтің ұлы, Нұралы ханның шөбересі еді. Бұл
кезеңде жас сұлтанның орда ішінде атағы шыға қойған жоқ болатын.
оған сыйға Қосдәулет, Бұланай, дөнен елді-мекендері мен оның ай-
наласы берілді және оның иелігі 20000 десятинаға жетті. Сұлтанның
меншігі Қарауылқожа Бабажановтың иелігімен жапсарлас орналасып,
жалғыз телімді құрады және картаға трапеция ретінде түсірілді.
Қарауылқожа Бабажановтың сол жақ бетіндегі жайылыстар Қойбас
Бекбаевқа тапсырылды. 1789 жылы дүниеге келген ол 1830 жылы
беріш руының старшыны болып тағайындалды. Жаңадан сайланған
көшпелілер басшысына хан экономикалық артықшылықтарды
пайдалануға мүмкіндік берген. Жалпы көлемі 90000 десятинаны
құраған оның иелігі 2 дербес телімге бөлінеді: 1) қыстауы – Каспий
теңізі жағалауындағы Ащықұдық, Жаманшағыл мекендері және
оның айналасы; 2) жайлауы – Манаш, Әбілеккен, Батырбай, Құлбай,
дөйнебай, Кенже, Абанас, Шатпа және тағы басқа қоныстар; 42 жа-
сар старшын Қойбас Бекбаев сұлтан д.Қарымсақовқа қарағанда едәуір
көлемді территорияға ие болған.
Қауымдық жерлерді жеке меншікке алғаш алушылардың сапын-
да сұлтан Жанбөбек Бегалиев (1791/1793-1867) болды. ол сұлтан
Бегәлінің ұлы, Нұралы ханның немересі еді және 1829 жылдың 5
мамырында алашалықтарға рубасы болып бекітілді. Сұлтан Жәңгір
ханның саясатына жан-жақты қолдау танытты. Сол себепті Жәңгір
Бөкейұлы оған 3 телім сыйлап, оның екеуін шеткі аймақтардан бер-
ген: 1) орталық бөліктегі Құлшаққұм мекені; 2) шығыс шекарадағы
Қамыс-Самар көлдері маңы; 3) орал казактарымен таласта тұрған
Кіші Өзеннің оң жақ беткейі, Терең көл елді-мекені; Бұл телімдердің
жалпы қосындысы 200000 десятинаны құрады.
1831 жылы Жәңгір Бөкейұлы өзінің атағына 4 жер телімін бекітіп
алды: 1) Хан ордасы маңы; 2) Батыс бөліктегі Шоңғай, Үлкен және
Кіші Қаракөл тұрақтары; 3) Торғын және Паника өзендері бойындағы
шабындықтар; 4) Үлкен және Кіші Өзен аралығындағы жайылымдар;
1832 жылы қауымдық жерлерді жеке меншіктерге үлестіру үрдісі
кең көлемде жүргізілген. осы жылы жаңадан жер иеленгендердің
негізгі дені мыналар болды:
Шоқы Нұралыұлы – Ішкі орданың беделді сұлтаны, Нұралы
ханның ұлы, Жәңгір Бөкейұлының немере ағасы, 1811 жылдан бастап
байбақты руының билеушісі, Ішкі орал шебінде депутат. Берілген
телім саны – 2, соның ішінде: а) Кіші Өзеннің оң жағалауынан Мо-
кринский форпостына дейін, одан әрі аталмыш өзеннің екі жақ бетін
бойлай Абинский форпостына дейінгі аймақ; ә) Жасқұс қонысының
шығыс беткейі. Жалпы жер көлемі – 170 мың десятина.
Әділ Бөкейханов (1801/1804-1876) – Жәңгір Бөкейұлының інісі,
масқар, есентемір, таз, адай руларының басшысы. Берілген телім саны
– 2, соның ішінде: а) Жасқұс құмының шығыс беткейі; ә) орданың
батыс бөлігіндегі Кіші Шоңғай елді-мекенінің маңайы. Жалпы жер
көлемі - 20000 десятина.
Меңдігерей Бөкейханов (1810-1868/1870) – Жәңгір Бөкейұлының
інісі, шеркеш руының басшысы. Берілген телім саны - 3, соның
ішінде: а) Ставканың шығыс бетіндегі жайылым; ә) Ставка маңындағы
Қойтоғытқан елді-мекені; б) орданың батыс бөлігіндегі Кіші Боғда
тауы жанында орналасқан аумақ. Жалпы жер көлемі – 400000 деся-
тина.
Шомбал Ниязов – хан кеңесшісі, би, ноғай руының басшысы.
Берілген телім саны – 5, соның ішінде: а) Хан ордасы жанындағы
Мешіт, Қандыағаш, Жаманқыз, Шағыл, Аймекен, Қашқыншағыл
тұрақтары; ә) Солтүстік-шығыстағы Кішікөл шабындығы; б) Паника
мен Торғын өзендері аралығындағы телімдер; в) Кіші Өзен слободасы
маңындағы Ащысай өзені жағалаулары; г) Соналы елді-мекеніндегі
Шымбұлақ көл шабындығы;
Ақболат Саңғырықов – ноғай руының старшыны. Берілген телім
саны – 2, соның ішінде: а) Хан ордасына жақын жердегі Сайхын, То-
рыбасты, Бесоба, Шолаққопа, Шұңқыркөл, Атқұлақ елді-мекендері;
ә) Солтүстік-батыс шекарадағы Соналы елді-мекенінен Мұратсайға
дейінгі телімдер;
Ноғай руы – барлық Ішкі орда билеушілері арқа сүйеген ықпалды
рулардың бірі. Өз ішінде қояс-жауар, қостаңбалы, үйсін, қазанқұлақ
бөлімдеріне бөлінген. 1832 жылы олардың шаңырақ саны 620-ға,
адамдары 3720-ға жеткен [184, 16 п.]. Берілген телім саны – 2, соның
ішінде: а) Боғда және Шапшашы таулары аралығындағы Кенжеғара
қонысы; ә) Соналы елді-мекені мен Торғын өзенінің сол жақ жағалауы
аралығы; Ноғай руына, Шомбал Ниязовқа, Ақболат Саңғырықовқа
берілген жалпы көлемі – 1800000 десятина.
Шоқы Еділбаев – ханның төлеңгіті, 1832 жылдың 20 ақпанынан
бастап Бөкей ордасындағы төлеңгіт руының старшыны. Берілген телім
саны – 1. Нарын құмындағы Тораңғылы және Қарабөлтек мекендері
аралығы. Жалпы көлемі – 80000 десятина.
132
133
орда территориясының негізгі бөлігі 1831-1832 жылдары жеке
иеліктерге таратылғандықтан 1833 жылы жайылыс алғандардың
қатары аз болған:
Мүшеғали және Шыңғали ормановтар – Кіші жүздің сұлтандары,
Нұралы ханның немерелері. 1826-1830 жылдары орынбор қазақтары
Батыс бөлімінің билеушісі болған Шыңғали орманов патша үкіметіне
қарсы шыққаны үшін 1830 жылы Уфа қаласына жер аударылды.
Сұлтанның туған-туысқандарының өтініші бойынша 1832 жылдың
қараша айында Бөкей ордасына өткізілді. Ішкі тарапқа өту кезінде
Шыңғали ормановтың – 11, Мүшеғали ормановтың – 2, олардың
төлеңгіттерінің – 28 шаңырағы және барлығы 170 түйе, 1112 жылқы,
324 сиыр, 2720 қой есепке алынған [196, 20 п.]. Берілген телім саны –
3, соның ішінде: а) Қамыс-Самардағы жайылым; ә) Мокринский фор-
посты маңындағы жер телімі; б) орданың орталық бөлігіндегі Құлшық
құм және Айғыр құм маңы; Жалпы көлемі – 700000 десятина.
Бірнеше старшындардың иеліктері (картада №13-ші).
Қосымшасында Әлимұрза дүйсенов, байбақты руының старшы-
ны Көбекбай Көлбаев, қызылқұрт - Жантөре Жанқұлов және тағы
басқалары деп көрсетілген. Берілген телім саны – 2, соның ішінде: а)
Кіші Өзеннің оң жағалауында; ә) Нарын құмдарының солтүстік бөлігі;
Жалпы көлемі – 110000 десятина.
осылайша 1831-1833 жылдар аралығында барлығы 4680000 де-
сятина жер, яғни хандық территориясының 1/4 бөлігі жеке иеліктерге
өткен [216, 96-101 пп.].
Мұрағат құжаттарын толық сараптау нәтижесінде алдымен Каспий
теңізі жағалауындағы жерлер, кейін орданың батыс, шығыс, солтүстік
шекараларымен шектес алқаптардың жеке иеліктерге кеткенін
байқаймыз. Бұл жерлердің жайылымға, шабындыққа қолайлылығын
жоққа шығара алмаймыз. Алайда мәселенің екінші жағы да ескерілуі
тиіс секілді. Өйткені ХІХ ғасырдың екінші ширегінде орда терито-
риясына көрші халықтар ене бастады. 1825-1830 жылдары сыртқы
жер қатынастарын реттеуге тырысқан хан қалыптасқан жағдаймен
жақсы таныс болды. 1827 жылы сенатор Ф.И.Энгельдің кеңесін, ал
1828 жылы орынбор губерниясы басшылығының рұқсатын алған
орда билеушісінің жайылыстарды жаппай жеке меншікке беруге
асықпауында да бір гәп бар.
Біздіңше, Жәңгір хан 1828 жылғы орда территориясын межелеу
үрдісінің қорытындысына үміт артқан секілді. Бұл шараның нәтижесі
бойынша Бөкейліктер Қосөзен аралығы мен Қамыс-Самар бойындағы
алқаптарды иеленгенімен орал казак әскерлерінің тегеурінді
қарсылығына тап болды. Тіпті әскерилер 1829-1830 жылдары
көшпелілерді қарулы күш арқылы Кіші Өзен бойына ығыстыра баста-
ды. Ал 1830 жылы орал казактары патша үкіметінің Үлкен және Кіші
Өзендерді, Қамыс-Самар көлдерін әскерилердің пайдалануына беру
туралы арнайы Жарлық шығарғандығын алға тартты. Казактардың бұл
жалған мәліметі солтүстік-шығыс аймақтағы жайылыстарды қорғауға
алуды талап етті [210, 20-22 пп.].
1825-1830 жылдар аралығында помещиктермен арадағы жер дауы
өз шешімін таба алмады. 1828 жылғы межелеу жұмыстары кезінде
хандықтың оңтүстік шекарасы нақтыланбай қалды және көшпелі
халықтарға жер бөлу комиссиясы бұрынғы жүргізілген межеге сілтеме
жасап, қайтадан өлшеуден бас тартты. Теңіз жағалауындағы қыстауларды
патшаның жеке өзінен сұрап алуға тырысқан Жәңгір ханды Ресей
үкіметі әрдайым тежеп отырды. 1830 жылдың наурыз айында орда
билеушісінің кезекті сұранысын Сенат пен үкімет қанағаттандырмады
[206, 6 п.]. Сөйтіп, теңіз жағалауындағы қыстауларды сақтап қалу күн
тәртібіне шықты.
Сонымен қатар 1829 жылдан бастап хандықтың батыс терри-
ториясына үлкен қауіп төнді. Патша үкіметінің тікелей қолдауына
ие болған орыс шаруаларын қоныстандыру саясаты тез қарқынмен
жүргізіліп, көшпелілердің шаруашылығына нұқсан келтірді. 1829
және 1830 жылы губерния межелеушілерінің Бөкейліктерге тиесілі
Үлкен және Кіші Қаракөл тұрақтарын құпия түрде мемлекеттік ша-
руалар мүддесіне сай өлшеп беруі нәтижесінде үлкен жанжал шықты.
1830 жылдың 31 наурызында Сенат қабылдаған «Болхун, Рождествен-
ский, Новоникольское елді-мекендері шаруаларына жер бөлу туралы»
Жарлықтан жағдайдың күрделене түскендігін байқау қиын емес.
«Жер телімдеріне бөлінген Ішкі орданың картасын» талдау арқылы
ханның өз айналасындағыларға жер бөлуде «ынталандыру» әдісін
пайдаланғандығын байқаймыз. Саяси элиталардың басым көпшілігіне
шеткі аймақтардан бірнеше телімдер бере отырып орданың орталық
бөлігінен міндетті түрде бір жер телімін сыйға тартқан. Мұндай ерек-
ше «тартуларға» сұлтандар Шоқы Нұралиев, Жанбөбек Бегалиев,
Мүшеғали және Шыңғали ормановтар, Меңдігерей Бөкейханов, би
Шомбал Ниязов, старшын Қойбас Бекбаев және тағы басқалары ие
болған. Хан орданың түкпір-түкпірінде орналасқан және бір-бірінен
жүздеген верст қашықтықта жатқан даулы аймақтарды тапсыра от-
ырып оларды территориялық тұтастықты қамтамасыз етуші күшке
айналдырғысы келген сыңайлы.
осы орайда Жәңгір ханның аграрлық саясатына қатысты
қолданылатын «территориялық тұтастықты сақтау», «сыртқы
қысымшылық» факторларының бірқатар ғалымдардың еңбектерінде
134
135
көрініс тапқандығын айта кеткеніміз жөн. Аталмыш тұжырым
Ж.К.Қасымбаев [47, с. 31], М.К.Қойгелдиев [55, 48 б.], Ж.Б.Бақи [59,
90-91 бб.], Ғ.Е.Харабалин [66, 116-117 бб.] және тағы басқа кәсіби та-
рихшылар тарапынан мойындалды.
Алайда М.Қойгелдиевтің көрші халықтар тарапынан болған
қысымшылықтарды мойындай отырып: «дегенмен, ... Жәңгір хан
жер мәселесінде өзін прогресшіл пиғылдағы реформатор ретінде
емес, бүкіл демократиялық Ресейді өзіне қарсы қойған крепостниктік
тәртіптің өкілі ретінде танытты» [55, 48 б.], - деп жазуы Ішкі орда
билеушісі аграрлық реформаларының қараша халық мүддесінен
шықпағандығын көрсетеді. Расында да ханның мұндай шаралары
қатардағы көшпелілерді үлкен зардаптарға ұрындырды.
Алдымен хан ақсүйектерге жер үлестірмес бұрын қарамағындағы
рулардың қоныстарын тартып ала бастады. Халық Бөкейдің тұсынан
бері тұрақтаған мекенінен айырылғысы келмеді. Бірақ хан қарсылық
танытқандарға күш қолданып отырды. Белгілі тарихшы И.Кенжалиевтің
зерттеуінше хан беріш руының старшыны И.Таймановтың 1808 жыл-
дан бері мекендеген Қиғаш пен Жайық (Кіші) аралығындағы Күйген
Арал, Қара Қамыс, тағы басқа төбелерін тартып алған. осы үрдіс ба-
рысында кейінгі ұлт-азаттық көтерілістің жаршылары М.Өтемісов,
Қ.Қосаяқов, У.Төлегеновтың жайылымдары да өзгенің еншісінде кет-
кен [42, 89 б.].
1831-1845 жылдары Бөкей ордасында ірі жер иеліктерімен қатар
ұсақ жер иеліктері қалыптаса бастады. Хан рулар, бөлімдер, жекелеген
көшпелілерге территориясы шағын жайылыстарды сатуды қолға алған.
Мәселен, 1842 жылы Аббас Қошаев пен Мұса Айболатов орынбор
шекара комиссиясында берген түсініктемесінде Жәңгір ханның әрбір
ру мен бөлімге нақты жер бергендігін, сол үшін көптеген түйелерді
иемденгендігін көрсетті. олар сонымен қатар орда билеушісінің 1 са-
жень жерді 1 сомға бағалағандығына, сөйтіп халық наразылығының
күшейгендігіне көңіл аударды [217, 18 п.].
Ақысын төлеген көшпелілерге жер телімдерін бөліп беру асқан
ұқыптылықпен жүзеге асырылған. олардың шекаралары арнайы
белгілермен, қазықтармен көрсетіліп, ал көлемі арқанның көмегімен
анықталған. Әрбір жер бөлісі жазбаша актімен рәсімделген және
оның иелерінің қолдарына ханның мөрі басылған куәлік берілген.
Бұл құжаттар төте татар жазуымен толтырылған және соңында дәл
жылы мен айы, күні көрсетілген. Мысал ретінде Жәңгір Бөкейұлының
ордалықтарға берген куәлікнемесінің біреуін келтіруге болады. ол мы-
надай мәтінде жазылған: «Масқар руының қазағы Манат Алдияровқа
өз қарамағындағы ауылдарымен қыс және жаз мезгілдерінде Бөрілі
құмдарында, атап айтсақ, Хан келген жолдан бастап шығыс беттегі
Асаубай тұрағына дейін, одан Шоқы Еділбаев көрсеткен Қондыр
қыратынан Банық моласына дейін, бір сөзбен айтқанда Бөрілі құмдарын
айнала жан-жағынан 1 верст болатын кеңістікте көшіп-қонуға рұқсат
беріледі. осы туралы барлық құрметті, аса қадірлі ру сұлтандарына, би-
лер мен старшындарға және қазақтарға хабарлай отырып, көрсетілген
жерлерде Алдияровтың келісімінсіз көшіп жүруге, мал жаюға және әр
түрлі қысымшылық жасауға тыйым саламын. Бұл куәлік 1841 жылдың
15 қазанында берілді» [217, 661 п.].
Әрбір куәлікте меншік иесінің аты-жөні, жер телімінің шекара-
лары, аумағы, көлемі көрсетілген. Сонымен қатар жеке иелікке қол
сұғылмайтындығына баса назар аударылған. осылайша, хан жеке
меншік иелерінің мүддесін қызғыштай қорыған.
Жайылымдарды, шабындықтарды бөліске салу үрдісіне Жәңгір
хан үнемі араласа бермеген. Мұндай істерді өзі тікелей нұсқау беру
арқылы туыстары мен сенімді адамдарына жүктеген. Нәтижесінде хан
арнайы жер үлестірушілер жасағын қалыптастырды. оның құрамында
сұлтандар Тәуке Бөкейханов, Меңдігерей Бөкейханов, Жанбөбек Бе-
галиев, қожа Қарауыл Бабажанов, төлеңгіт Шоқы Еділбаев, старшын
Кенжәлі Құрманқожаев және тағы басқалары болды. Ханның сойылын
соққан олар ел ішінде парақорлығымен көзге түсті. Бір ғана Шоқы
Еділбаевтың өзі беріш руына Бөрілі құмдарынан жер бөліп бергені
үшін 2 жылқы, 2 түйе, 3 халат, 100 сом және 4 өгіз талап етсе [217, 668
п.], ал 1842 жылы байбақты руының бір бөліміне бөлінген телімнің
шекараларын анықтап бергені үшін 5 түйе алған [218, 37 п.].
Ханның қолынан куәлік алған меншік иесі өз жайылымына
мәңгілік иелік ететіндігіне сенімді бола алмады. Себебі кейде бір жай-
ылыс бір ғана адамға бірнеше рет заңдық тұрғыдан бекітіліп берілді.
Бұған жер телімінің екі-үш адамға пайдалануға ұсынылуы да әсерін
тигізген. Нәтижесінде қолдарында куәліктері бар қожайындар ара-
сында үлкен дау туындаған. осындай оқиғалардың бірі жоғарыда
көрсетілген масқарлық Манат Алдияровтың басынан өткен. Жәңгір
хан оған 1834 жылы Бөрілі құмынан жер берген және 1841 жылдың
15 қазанында қайтадан бекіткен. Бірақ тана руының қазағы Бия-
лы Тайқұлов бұл территорияның өзіне тиесілі екендігін мәлімдеген.
Мәселені шешуді хан інісі Меңдігерей Бөкейхановқа жүктеген. Жер
үлестіруші сұлтан 1841 жылы 10 қарашада М.Алдияровқа жаңа куәлік
берген: «Ұлы мәртебелі ханның хабарлауы бойынша тана руының
қазағы Биялы Тайқұлов пен масқарлық Манат Алдияров арасында
даулы жер телімінің пайда болғанына көзім жетті. Сондықтан Ма-
нат Алдияровқа 15 қазанда хан бекіткен №1566 құжатты негізге ала
136
137
отырып, Хан келген жолдан бастап шығыс беттегі Асаубай тұрағына
дейін, одан Итемген моласына, Бұдыр моласына және Бабаның шығыс
бетіне дейінгі желерде көшуге мұрсат етіледі. Масқарлықтарға ханның
қалауы бойынша Асаубай су алып жүрген құдық та қоса беріледі. Сол
себепті тана руының қазағы Биялының жоғарыда көрсетілген жерлерге
деген ешқандай таласы болмауы тиіс. Сұлтан Меңдігерей Бөкейханов
мөрімді бастым» [217, 655 п.]. Бұл қағазды беру кезінде сұлтан масқар
руының қазақтарынан 2 түйе, 4 жылдық жылқы, 3 халат және 100 сом
алған [217, 658 п.].
Қарастырылып отырған кезеңдегі аграрлық саясаттың басты
кемшілігі қалың бұқараның жерсіз қалуынан көрінді. Тұрғындардың
барлығының бірдей ханнан жер сатып алуға қауқары жетпеді.
Жәңгірдің өзі 6-7 мың жанұяны немесе тұрғындардың 1/4 бөлігін
жерсіз деп есептеген [11, с. 135]. Нәтижесінде халықтың басым бөлігі
ірі жер иеленушілерге тәуелді болып, ал соңғылары орыс помещиктері
дәрежесіне жетті. Меншік иелері өз жер телімдерін қарапайым
қазақтарға жалға беріп, сол үшін әр түрлі оброк алып отырған. Көптеген
феодалдарға жерді жалға беру қызметі табыстың негізгі көзін құраған
[32, с. 75]. Мысалы, 1832 жылы ханнан жер телімін жеке иелікке алған
сұлтан Меңдігерей Бөкейханов 1833 жылдың 17-18 ақпанында Бақсай
мен Пороховинск аралығындағы жерлерді бірнеше руға жалға бере
бастаған. ол осы жерлерде қыстау құқығын жазбаша түрде бекіткен
[219, 34 п.].
Жер иеленушілер өз иеліктерінің байырғы тұрғындарын қыспаққа
алып, ығыстыра бастаған. Мәселен, ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі
И.Тайманов орынбор шекара комиссиясы тергеуіне берген жауабын-
да Қ.Бабажановтың қысымшылығы салдарынан 1836 жылдың жазын-
да өз шабындығынан айырылғанын көрсеткен. Шөп шабуға шыққан
Жайық Ұрысбаевты, Күмісбай Рахметовті, Теңізбай Абдулкаримов-
ты, Жуық Құстабаевты қожаның сенімді старшыны Ағым Айбола-
тов қарсылаған. А.Айболатов келген адамдарға шөп шабуға тыйым
салған және өз серіктерімен Ж.Құстабаевты соқыға жығып, 50 сом
ақша беруін талап еткен. Соңғысы бұл ақшаны өз әкесі арқылы беріп
жіберетіндігін айтады. Құстабай баласының айтуымен Қ.Бабажановқа
көрсетілген көлемдегі қаржыны алып барған. Алайда қожа бұл ақшаны
старшын А.Айболатовтың өзіне апарып беруін талап еткен [87, 79 б.].
осылайша, қожа, старшын бірігіп халыққа озбырлық жасаған.
Бұрынғыдай емес, енді ауылдардың басым бөлігі жеке иеліктерде
көшіп жүрген. Бір иеліктен кеткен кезде екінші меншік иесінің тер-
риториясына түскен және ақыр аяғында жалдама ақысын төлеуге
мәжбүр болған. Жер ақысы ақшалай, малдай және заттай төленген.
Нәтижесінде жер үшін таластың бұрынғы руаралық түрі бәсеңдеп,
жекелеген әлеуметтік топтардың жайылым үшін күресі өршіген [219,
80-83 пп.].
Көшпелілердің барлығы бірдей жерді жалға алуға қабілетті бол-
мады. Көптеген қазақ шаруалары көршілес Саратов, Самара, Астра-
хань, орынбор губернияларына бақташылыққа кетті. олар орыс
шаруаларының малымен бірге өз малдарын қосып бағуға уағдаласты.
Сонымен қатар қазақтар жайылыс көздерін іздеу барысында көршілес
қалмақ, татар, орыс, казактардың территориясына еріксізден басып
кіріп отырды. Аталмыш халықтар өз тарапынан үлкен наразылық та-
нытты. олар тиімді жағдайды пайдаланып қазақ малдарын өздеріне
меншіктеп алды және үйір-үйір жылқыларды империяның ішкі өңіріне
өткізіп жіберді. Бұл жағдай көшпелілердің әлеуметтік-экономикалық
өміріне соққы болып тиді және көршілермен арадағы қарым-қатынасқа
сызат түсірді [220, 1-21 пп.].
Қыстаусыз қалған және көршілес губернияларға көшпеген
ордалықтардың да қалі мүшкіл болды. Тақыр далаға орныққан олар
барлық дерлік малынан айырылған. 1832 жылы 28 қыркүйекте стар-
шын Қарауылқожа Бабажанов орынбор шекара комиссиясының
төрағасы Г.Ф.Генске тек қана Каспий өңірінде 1000-дай шаңырақтың
асқан кедейшілікке душар болғанын баяндаған. одан әрі старшын
қалыптасқан жағдайды былайша сипаттаған: «Қыс кезінде ордалықтар
бұл кедейшілікке ұшырағандарды жұмыс беріп, асырауға келіспейді.
Ал теңіз жағалауында бөгде қоныстанушылардың аздығына байланы-
сты жұмыс табу одан әрі қиындай түсті. олар тіпті өлімнен аман қалу
үмітінен де айырылуда» [221, 1-2 пп.].
Көшпелілердің ашық далаларда қоныстануға мәжбүр болғандығын
орыс зерттеушісі М.Я.Киттары да байқаған: «Нарын құмдарының
жазықтарында жаз мезгілінде шөбі жоқ, тақыр, дөңгелек жерлерді
кездестіруге болады. Бұл қыс кезінде қоныстанған қазақ киіз үйлерінің
іздері» [5, с. 190].
Атақонысынан айырылып, өз қандастарының тәуелділігіне түскен
рулардың мүшкіл халі тек орыс деректерінде емес, сонымен қатар
қазақтың ауызша тарихында да сақталды. осы орайда тәуелсіздікке қол
жеткізген тұста қазақ тарихтану ғылымында ұлттық сипатты деректердің
маңызының күрт артқандығын ескерте кеткеніміз жөн [222].
ХІХ ғасырдың екінші ширегінде Бөкей ордасындағы халықтың
арманы, үміті, толғаныстары жігерлі күрескер, дауылпаз ақын Ма-
хамбет Өтемісовтың (1803-1846) шығармашылығында айқын көрініс
тапты. Сол кездегі дүбірлі оқиғаның куәгері, жалынды жаршысы, на-
сихатшысы бола білген оның:
138
139
Еділ мен Жайық жер еді-ау,
Мекен еткен шаруаға
Жағасы қорған жай еді-ау,
Жай қоныстан айырылып
Біз бір қаңғып жүрген қараша [223, 96 б.], - деген өлең шумағынан
барша жұртшылықтың ауыр жағдайы сезіледі.
Ал өзіне дейінгі ақындар мұрасын, халық арасындағы ой-пікірлерді
жинастырған Ығылман Шөреков (1876-1932) «Исатай-Махамбет» да-
станында Ішкі орда билеушісінің жер саясатындағы әділетсіздігін,
оның салдарын былайша суреттейді:
Қалған жердің жақсысын
Үлестірді Жәңгір хан
Хан төреге мүлік деп.
Қайғы тартты көп қазақ
Аштан бала өлед деп [224, 31 б.].
Еділ-Жайық аралығын қоныс қылған қазақтардың орыс үкіметі,
әрі өз билеушілері тарапынан қыспаққа алынуы, қанауға ұшырауы
жыраулар Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) [225, 22-42 бб.], Сегіз
сері Бақрамұлы (1818-1854) [226, 4 б.], Алмажан Азаматқызы (1823-
ө.ж.белгісіз) [227, 99-101 бб.], Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) [228, 191-
194 бб.], күйші Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1893) [229, 197-199
бб.] және тағы басқалардың шығармашылығында нақты бейнеленді.
олардың жеке туындыларында жалындаған арман, өшкен үміт, көшкен
ел, құлазыған жұрттың образы асқан шеберлікпен жасалды.
Қарастырылып отырған кезеңдегі халықтың шаруашылық
күйзеліске түсуіне демографиялық фактор да септігін тигізді.
Хандықтағы тұрғындар санының артуы жер жетіспеушілігін одан
әрі өршітті. Бұл жайында ханның туыстары Әділ Бөкейханов, Шоқы
Нұралиев, Меңдігерей Бөкейханов 1851 жылы 22 желтоқсанда былай
деп жазған еді: «1825 жылдан бастап ордада қазақ халқының көбеюі
байқалды. Шаңырақтар саны өсіп, ауылдар қоныс тепкен кеңістік тар-
тыла түсті» [213, 14-15 пп.].
Шынында да 1825-1830 жылдарда Бөкей ордасындағы шаңырақтар
саны бірқалыпты болып, 10000 төңірегінде ауытқыса, ал 1831 жылдан
бастап ол күрт өсті. Мұны мемлекеттік шенеуніктер Г.С.Карелин [21,
№247], П.П.Сухтелен [9, с. 18], Жәңгір [9, с. 18], И.М.Бикмаев [230,
108 п.], И.С.Иванов [22, с. 170] және зерттеушілер К.Гебель [21, №247],
А.Е.Алекторов [17, №48] келтірген мәліметтерден анық байқаймыз.
7-кесте
Жыл
Автор
Шаңырақ саны
1832
Г.С.Карелин
П.П.Сухтелен
11660
10235
1834
К. Гебель
16550
1835
А.Е.Алекторов
14000
1839
Жәңгір хан
16550
1844
И.С.Иванов
20000
1845
А.Е.Алекторов
И.М.Бикмаев
21363
20000
Жоғарыдағы деректерден көрінетіні, Жәңгір хан жүргізген
аграрлық реформалардың екінші кезеңіндегі орда көшпелілерінің
саны екі есеге артқан. Хандықтың шағын территориясында халықтың
көбеюі салдарынан жайылым тапшылығы одан әрі өршіген және
шаруалардың ірі жер иеленушілерге тәуелділігі күшейген.
1830-1845 жылдардағы Ішкі ордада қалыптасқан табиғи-
географиялық жағдайлар да қалың бұқараға соққы болып тиді.
Мыңғырған малдың бір жерде қысы-жазы жайылуы топырақ қабатының
эрозияға ұшырауына әкеліп соқты және өсімдіктер фаунасына нұқсан
келтірді. Сонымен қатар су көздері тартылып, құрғақшылық жиі
қайталанып, сусымалы құмдар көбейді. Ішкі тарапқа алғаш өткен
кездегі Нарын құмдарында және өзге де аймақтарда жайқалып өскен
орман-тоғайлар бұл уақытта әбден оталып бітті. Көшпелілердің тау-
сылмайтын түрлі шаруашылық қажеттіліктері ордадағы жасыл же-
лектер санын азайтып жіберді. Соның салдарынан малшылар қауымы
сусымалы құмдардың, аңызақ желдердің, суық борандардың зардабын
анық сезінді.
Әйтсе де орда территориясының табиғи тозуына ең біріншіден
көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. 1825-1830 жылдардағы мал саны
2-3 миллион арасында ауытқып отырса, 1831-1845 жылдардағы төрт
түліктің мөлшері 2-2,5 миллионды құрады. Нақтылап өтсек, Бөкей
ордасында 1832 жылы - Г.С.Карелинше барлығы - 1945000 бас мал
[21, №247], 1834 жылы - К.Гебельше 1585300 бас [21, №247], 1835
жылы – А.Харузинше 3760800 бас [18, с. 145], А.Е.Алекторовше
2170000 бас [16, 25№], 1839 жылы – Жәңгірше 2171000 бас [184, 16 п.],
И.Ф.Бларамбергше 2071000 бас [9, с. 19], 1840 жылы – А.Е.Алекторовше
140
141
1795000 бас [16, №25], 1842 жылы – Н.Михайловше 2640000 бас [4],
Жәңгірше 2565000 бас [9, с. 19], 1844-1845 жылдары – И.С.Ивановша
2500000 бас [22, с. 170] мал болған.
Бұл жоғарыда көрсетілген мәліметтер тек табиғи-географиялық
дағдарысқа әсер етуші фактор ғана емес, сонымен қатар елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші болып табыла-
ды. 1831-1845 жылдардағы аграрлық реформалар нәтижесінде
Бөкей ордасындағы жалпы мал көлемі елеулі дәрежеде болғанымен
еңбекші бұқараның меншігіндегі төрт түлік тым азайып кетті. Елдегі
барлық малдың негізгі бөлігі тек ұланғайыр жайылымдарға иелік ет-
кен дәулеттілердің қолында шоғырланды. Бір ғана жылқылардың өзі
сұлтандар Жанбөбек Бегалиевте 2300, Шоқы Нұралыұлында 1600,
Тәуке Бөкейхановта 1000, старшын Мәуліберді Жарлығаповта 1000,
байлар Руслан және дүйсен Жетібаевтарда 2000 басты құраған [231,
26 п.]. Ал Жәңгірдің өзінде 1845 жылы 232 түйе, 4274 жылқы, 719 ірі
қара, 17097 қой-ешкі, барлығы 22322 бас мал болған [230, 93 п.].
Ханның орда малын жаппай асылдандыру, будандастыру жоспа-
ры да жүзеге аспаған. Ірі жер иелерінің барлығы қолындағы төрт түлік
санын арттырумен шектелген. 1832 жылы император І Николайдан
сыйлыққа 10 жылқы алған [232, 1-2 пп.], 1832-1833 жылдары Астрахань
губерниясының армяны С.И.Поповтың жылқы зауытын саудалаған
[233, 6 п.] Жәңгір ханның «үлгісі» өзгелер тарапынан қолдау таппады.
Қараша халықтың иелігіндегі малдың азаюына объективті фак-
торлардан жайылым жетіспеушілігі мен есепсіз алым-салық себеп
болды. Жерінен айырылған шаруа өз қандастарынан немесе көрші
халықтардан жалға жайылым алды. Енді ол әр басқа жалдама ақысын
төлеуі себепті мал санын қысқартуға мәжбүр болды [212, 36 п.]. Соны-
мен қатар Жәңгір хан ерекше ынтызарлықпен жүргізген фискалдық са-
ясат қатардағы көшпелілердің шаруашылығын күйретті. деректерді са-
раптау арқылы халықтан жиналатын салықтың түрлері мен мөлшерінің
біртектес болмағандығын байқаймыз. Медицина докторы М.Троицкий
өз еңбегінде Бөкей ордасындағы алымның 3 түрін көрсетті: 1) зекет;
2) соғым; 3) шабармандарға арналған салық [8, с. 104]. дәл осындай
мәліметті А.Терещенко қайталады [12, с. 68]. Мемлекеттік шенеунік
А.Евреинов хандықтағы алым-салық түрлерін алтыға жеткізді: 1) зекет;
2) соғым; 3) хабаршылар салығы; 4) саяжайларды жалға алуға жинала-
тын алым; 5) орал әскерлері жерлеріне мал жібергені үшін төленетін
акциз; 6) билет салығы; [10, с. 66]. Ал Тәуелсіздік кезеңінің тарихшы-
лары Бөкей ордасындағы алым-салықтың 20-дан асқандығына сілтеме
жасаса [45, 24-25 бб.], И.Кенжалиев көшпелілердің 25 түрлі салық
төлеуге мәжбүр болғандығын анықтаған [41, 77 б.].
Көп мөлшердегі алым-салықтардың ішіндегі негізгілері,
тұрақтылары, әрі көлемділері зекет пен соғым болған. Ислам діні
бойынша кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс адамдар дүние-мүлкінің
1/40 бөлігін зекетке беруге міндетті саналады. Хан алғашында зекетті
малдай жинаса [234, 26 п.], 1841 жылдан бастап ақшалай беруді та-
лап етті және оның мөлшерін түйеден - 25-30 тиын, жылқыдан - 20
тиын, ірі қарадан – 15 тиын, қойдан – 3-4 тиын, ешкіден – 2 күміс
тиын етіп белгіледі [235, 32 п.]. Зекеттің ауыртпалығы орташа топ
өкілдеріне түскен және оның жыл сайынғы көлемі әр түрлі болған.
Бөкей ордасында ұдайы жиналып отыратын зекетті К.Фукс 40000 қой
[3, №12], в.Троицкий 200-250 мың қағаз ақша [8, с. 110], А.Терещенко
80000 күміс сом [12, с. 60], М.Иванин 70000 күміс сом [15, с. 11] деп
көрсетті.
Жыл сайын күзде ханның жанұясы мен өзге де халық
қажеттіліктеріне арналып жиналатын соғым мемлекеттік салық
мәртебесіне жетті. Хан соғымды тағайындауда ерекше тәртіпті
ұстанды. ол 15 шаңырақты 1 соғым, яғни 1 сиыр немесе 1 семіз бие
беруге міндеттеді. Бұл шаңырақтардың ішіндегі 10-ы бай, 5-уі кедей
болуы тиіс еді. Уақыт өте келе соғымды ақшалай төлеуге рұқсат етілді
және ол 40 сомға баланды [236, 11 п.].
Елде жиналған соғымның мөлшері де біркелкі болмады. ол
біріншіден, шаңырақ санына, екіншіден, көшпелілердің әлеуметтік-
экономикалық ахуалына байланысты өзгеріп отырды. орыс шенеуніктері
әр жылдағы соғым көлемін И.С.Иванов 28540 қағаз сом [21, №219],
А.Евреинов 800-1000 күміс сом [10, с. 67], М.в.Ладыженский 6000
күміс сом [160, 10 п.] деп анықтаған.
Зекет пен соғым еңбекші бұқараның әлеуметтік-экономикалық
өміріне соққы жасады және қолдарындағы малдарын азайтуға
мәжбүрледі. Өйткені көрсетілген алым-салықтардан ауқатты
қазақтардан гөрі орташалар мен қарапайым шаруалар жапа шекті.
оған қоса құшыр, пітір, тұяқ, пішен, қызылкиіз, ханлық және өзге де
салық түрлері еңбекшілерді одан әрі қинай түсті [236, 36 п.].
Жәңгір хан 1831-1845 жылдардағы аграрлық реформалары
арқылы халықты отырықшыландырмақ болды. Бұл туралы ол 1839
жылы 19 шілдеде І Николай патшаға: «Қазақтарды белгілі бір дәрежеде
отырықшы қылу үкіметтің бұрыннан келе жатқан ниеті болатын. оны
жүзеге асыруға әкем де, мен де бар күш-жігерімізді салып тырысып
келеміз» [86, с. 376], - деп жазды. Хан тіпті Ресей императорынан
Бөкей ордасында 10 шақты елді-мекен салуға рұқсат сұрады.
Алайда Жәңгір отырықшыландыру саясатын еш жүйесіз жүргізді
және оған қажетті жағдайды да жасамады. Өйткені ордадағы
142
143
жайылымдардың ¼-ін өз туыстары мен айналасындағыларға үлестіру
арқылы бұқара халықты оларға тәуелді етіп қойды. Тілімдей жері
жоқ шаруа отырықшылыққа көше алмасы анық жайт. Ал ірі жер
иеленушілер өз иелігінде үй салуға рұқсат етпеді. Келісімін берген
күннің өзінде де қыруар ақша талап етті. осылайша, отырықшылану
саясаты Жәңгір ханның Ресейдегі басыбайлылық қатынастарды орда
ішіне енгізу жолындағы дайындығы болды ма деген күмән туындайды.
Себебі деректерден орда билеушісінің Ресей императоры саясатына
еліктегенін байқаймыз. Мәселен, І Николай 1831 жылы Ресейдегі ірі
және орта жер иеленушілердің жергілікті дворяндық өзін-өзі басқару
ұйымындағы беделін көтеру үшін арнайы манифест жариялады. оған
қоса помещиктерге мемлекеттік жерлерді бөлу, әрі жеңілдетілген несие
беру арқылы қолдау танытты [267, с. 105]. Ал Жәңгір хан 1831 жыл-
дан бастап елдегі жайылымдарды сұлтан-қожаларға таратты. Сонымен
қатар орыс помещиктері ХІХ ғасырдың 40 жылдарында в.Сапрыкиннің,
Н.Саниннің бидай үгіткіш, А.Хитриннің шөп шапқыш, Х.Алексеевтің
ағаш өңдеу машиналарын кеңінен пайдаланса [268, с. 8], Ішкі орда
билеушісі де олардан қалыспай жер өңдеу [237, 7-9 пп.], ағаш өңдеу
[238, 8 п.], электр машиналарын [230, 93 п.], су айдау құралдарын [239,
3-4 пп.] және тағы басқаларын алдырта бастады.
Қалай болғанда да орда халқы тұтастай отырықшылық өмірге ау-
ысып кете алмады. Басым бөлігі жартылай көшпелі ретінде күнелткен.
Көбінесе жеке иеліктері бар ақсүйектер мен старшындар үйлер
тұрғызған. олардың құрылыс нысандары бүкіл хандықтың террито-
риясында шашыраңқы орналасқан және негізгі дені мыналар болды:
А) Нарын құмдарының батыс бөлігінде - Мекен, Жолшыата, Жанқұл,
Қазыбек, Есенаман, Шенке; Ә) дүйсе құмында - Қарабатыр, Ахмет,
Аймекен, Қажыбай би, сұлтан Шотқара; Б) Қамыс-Самар көлдерінде
- сұлтандар Шоқы, Шоман, Тәуке, Жабағы; в) Боғда тауында - Төке
қожа; Г) Кокоревск кордоны - старшын Исатай Тайманов; д) Коневск
кордоны – сұлтан Тоғым Шығаев [213, 250 п.].
Көріп отырғанымыздай, үй салушылардың қатары тек белгілі
сұлтан, би, старшындардан құралған. Ал қараша халық тозығы жеткен
киіз үйді пана еткен. осы орайда тарихшы К.Л.Есмағамбетов Жәңгір
ханның отырықшылану саясатын ел мен жер жағдайын, халықтың
ынта-тілегін ескермей қолға алынған шара, әрі көзжұмбайлық пен
еліктеушілік деп әділ бағалаған еді [53, 68 б.].
ХІХ ғасырдың екінші ширегінде Бөкей ордасында барымта
түбегейлі тоқтатылғанымен ұрлық-қарлық жаппай етек алды. оған
Жәңгір ханның аграрлық реформалары тағы да септігін тигізді. Бұл
жайында М.Иванин: «ордадағы ұрлықтың көптігінің себебі Жәңгір
ханның өз сүйіктілеріне жерді дұрыс бөлмеуінде еді. Соның салдары-
нан көптеген қазақтар жер жетіспеуі себепті мал шаруашылығын да-
мыта алмады, өз старшындарынан безінді және ұрлыққа көшті» [15,
с. 42], - деп жазды. осылайша елде күн көрудің жеңіл жолын таңдаған
адамдар тобы бөлініп шыққан.
Әдетте мал ұрлаушылар бірнеше шағын топтарға бөлінген және
бір-бірінен 50-70 верст қашықтықта орналасқан. Ұрылардың көзі
жүрдек, әрі құнды саналатын жылқы малына түскен. Қолды болған үй
жануарлары 2-3 күннің ішінде 500-1000 верст қашықтықта орналасқан
қабылдау нүктелеріне жеткізілген. Бөкейлік баукеспелер көршілес
қалмақ, башқұрт, татар халықтарының ұрыларымен үнемі байланы-
ста болған. Қазақ жылқылары осындай жол арқылы Кавказ, Астра-
хань, Харьков, Курск, дон өңірлеріне жеткізілген және жәрмеңкелерде
саудаға шығарылған [155, 15-16 пп.]. Мұндай қылмыстардың алдын
алу және қылмыскерлерді құрықтау мүмкін болмады. Өйткені Бөкей
ордасында қоғамдық тәртіпті қадағалаушы полициялық қызмет, тек-
серу органдары құрылмады.
Байқап отырғанымыздай, ХІХ ғасырдың екінші ширегінде
жүргізілген аграрлық реформалардың зардаптары хандықтың са-
яси, экономикалық, әлеуметтік өмірінде айқын көрініс тапқан.
Х.досмұхамедұлының қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман-
ды «Қоныс жайлы болса, ел бейбітшілік болса, малға, адамға түсетін
салық аз болса, талас шыққанда әділ билік айтатын ақсақалдары болса,
қара халықтың көңілі тыныш болды» [26, 37 б.], - деп сипаттағанын
ескерсек, қарастырылып отырған кезеңде ондай дәуреннің ауылы
тым алыстап кеткен еді. Керісінше феодалдық озбырлық, әлеуметтік
жіктеліс күшейіп, қалың бұқараның қарулы күреске шығуына әкеліп
соқты. 1836-1838 жылдардағы И.Тайманов пен М.Өтемісов жетекшілік
еткен ұлт-азаттық көтеріліс, 1842-1843 жылдардағы А.Қошаев пен
Л.Манатаевтың күресі соның айғағы болып табылады. олардың баста-
луы, жүру барысы, нәтижелері Н.Савичев [25], Х.досмұхамедов [26],
А.Ф.Рязанов [29], в.Ф.Шахматов [30], Б.Аспандияров [32], И.Кенжалиев
[39], Т.З.Рысбеков [44], К.Л.Есмағамбетов [53], А.Қ.Қарамурзина
[76] және өзге де тарихшылар еңбектерінде толықтай зерделенуіне,
Қ.Жұмалиев [69], Б.Аманшин [70], Ә.Сарай [71], Ә.Кекілбаев [72]
сынды жазушылар шығармаларында суреттелуіне байланысты бұл
оқиғаларды қайталап жазуды жөн көрмедік.
1831-1845 жылдардағы Бөкей ордасында жүргізілген аграрлық
реформаларды зерделеуде тек ішкі жер қатынастарындағы өзгерістерді
қарастырумен шектелу мүмкін емес. Өйткені бұл кезеңде сыртқы жер
мәселелерінің күрмеуі күрделеніп, хандық территориясына көрші
144
145
халықтар тарапынан қауіп төнді. Мұрағат қорларынан табылған
құжаттар Жәңгір ханның сыртқы жер мәселесінде әкесі Бөкей, не-
мере ағасы Шығай жолын жалғастырғанын көрсетіп отыр. оған қоса
1845 жылы хан өлген соң қазақтардың бір бөлігінің оның қазасын жер
саясатымен байланыстырып, орыс-казактарды кінәлағанын ескерсек,
көтеріп отырған мәселеміз айқындала түседі [230, 260 п.].
Жалпы Жәңгір ішкі жер мәселесінде ақсүйектер мен өз
айналасындағылардың қамын күйттесе, сыртқы тартыста елдің, жердің
бүтіндігі үшін күресті. Жау жан-жақтан анталаған тұста басқа амал да
қалмаған еді. оның аграрлық саясатындағы қарама-қайшылық, оған
берілетін екіжақты баға осыдан келіп шығады.
Қарастырылып отырған кезеңде Жәңгір ханның сыртқы жер са-
ясаты екі бағытта жүзеге асқан: 1) орал казактары, помещик шаруа-
лары, Астрахань губерниясы қоныстанушыларының орда жеріне аяқ
басуын болдырмау, шекараларды нақтылау; 2) Хандық территориясын
қазыналық жерлер есебінен мейлінше кеңейту;
Алғашқы бағыттағы әрекет хандықтың батыс бөлігінен бастау
алды. Өйткені 1829 жылы дүниеге келген Үлкен және Кіші Қаракөл
дауы қарастырылып отырған кезеңде өз жалғасын тапты. Құпия түрде
«5 десятиналық бөлініске» түскен аталмыш тұрақтарды мемлекеттік
шаруалар жаулай бастады. Жаңа бөліністің жоспарлары, сызбалары
Қаржы министрінің бекітуіне ұсынылған еді. Бұл уақытта хан да қарап
жатпай Астрахань губернаторына, жер өлшеуші К.Гуссаковскийге,
тіпті Қаржы министріне әділетсіз жағдайды баяндады. Соңғысы оның
шағымын ескеріп, 1830 жылы 31 желтоқсанда Астрахань Қазыналық
палатасына: «орал даласына қоныстандырылған шаруалардың ше-
карасы етіп владимировка елді-мекенінен Басқұншақ көліне дейінгі
созылып жатқан ескі тұз жолын белгілеу жеткілікті. Ал осы жолдың
екінші бетінде орналасқан шабындығы мол Үлкен және Кіші Қаракөл
тұрақтарын қазақтарға қалдырыңдар» [208, 91 п.], - деген нұсқау берді.
Бірақ Қазыналық Палата губерниядағы мемлекеттік шаруалардың
барлығына бірдей жер бөлініп бітпегендіктен Қаржы министрінің
бұл бұйрығын орындамаған. 1831 жылы 15 қаңтардағы кезекті оты-
рысында құзіретті
орган жаңадан қоныстанушы орыс шаруалары-
на 5 десятинадан телім беру үшін Бөкейліктерден жер алу қажет деп
тапты. Ал қазақтарға шаруалардың саяжайларынан
жайылыстық
жерлер берілетін болды. Қазына Палатасы мұндай жер айырбасынан
көшпелілердің ешқандай зардап шекпейтініне және осы шешімнің екі
дауласушы тарапқа тек пайда әкелетіндігіне сенді [209, 29-31 пп.].
Жәңгір хан Үлкен және Кіші Қаракөл мекендерін айырбастауға
келіспеді. Себебі мемлекеттік шаруалардың саяжайларындағы жайы-
лымдар мен шабындықтар мардымсыз болатын, әрі қоныстанушылардың
орда территориясына ішкерілей енуі қауіпті көрінді. Бірнеше айға
созылған дау-жанжалдан соң хан Астрахань Қазыналық палатасын
Қаржы министрінің бұйрығын орындауға көндіре алды.
1833 жылы 20 маусымда Астрахань уездік жер өлшеушісі По-
пель орда билеушісіне хат жазып, 25 маусым күні басталатын меже-
леу жұмысына сенімді өкіл жіберуін өтінді. Қаралатын мәселе сол
баяғыша Болхун, Рождественский, Новоникольское ауылдарының
тұрғындарына 15 десятинадан жер бөліп беру еді. Хан сенімді өкіл
етіп старшын Кенжәлі Құрманқожаевты жібереді. Межелеу барысында
К.Гуссаковский ескі тұз тасымал жолынан 15 верстқа ішкерілей еніп
кетеді. Қазақ депутаты мұндай бассыздықты тоқтатуға тырысып бағады.
Бірақ межелеуші өзімшілдікке бой алдырып, К.Құрманқожаевтың
сөзіне құлақ аспаған [208, 96-98 пп.]. Нәтижесінде губерниялық
шенеуніктер Жәңгір Бөкейұлының тегеурінді қарсылығына тап бол-
ды.
1840-1841 жылы Астрахань губерниясы Чернояр уезді Болхун
және Новоникольское ауылдары мен Бөкей ордасы арасындағы ше-
караны жер өлшеуші Мельников қате анықтады. Соның салдарынан
1841 жылы хан мен аталмыш елді-мекендер шаруаларының арасын-
да жер үшін күрес қайтадан өршіді. Жәңгір хан бұл аймақты Ресей
патшасының Бөкейліктерге пайдалануға бергендігін мәлімдеді және
Қаракөл тұрақтарының қазақтарға тиесілі екендігін дәлелдейтін мы-
надай құжаттар топтамасын ұсынды: а) 1825, 1826, 1827 жылдардағы
в.Петуховтың межелеу жұмыстары туралы анықтамасы; ә) 1828
жылдың 6 маусымы, 17 қыркүйегі және 2 қазанындағы Көшпелі
халықтарға жер бөлу жөніндегі Астрахань комиссиясының қаулылары;
б) 1831 жылы 15 қаңтардағы Астрахань Қазыналық палатасының ханға
берген куәлігі;
1841 жылдың Мельниковтың Мәскеуге шақыртылуына байланы-
сты орыс-қазақ жер дауын аяқтау межелеуші Комаровскийге тапсы-
рылды. Бөкей ордасы тарапынан депутат болып қожа Байтақ Өтепов
тағайындалды. Комаровскийдің ескі тұз тасымал жолын табуға деген
әрекеті Бөкейліктердің мүддесіне қайшы келді. Маңызды аймақтың
басқалар уысында кетіп бара жатқандығы жақсы сезілді. Ал оның
алдын алу үшін шынайы ескі тұз тасымал жолын табу керек бол-
ды. в.Петухов пен К.Гуссаковский бұл байланыс трактісін Ахтуба
өзенінен 11 верстта жатыр деп көрсетті. Комаровскийдің іздестіруі
барысында 11 верст қашықтықтан тұз тасымал жолы табылмады. ол
К.Гуссаковскийдің қателігіне сілтеме жасаған және жолды тек 18 верст
213 сажень болатын қашықтықтан тапқан.
146
147
Жәңгір хан Комаровскийдің шешімімен келіспей, 1841 жылы
23 қарашада Ресей Межелеу корпусының бас директорынан ескі тұз
тасымал жолын табу үшін кәсіби маман жіберуін өтінді. орда бас-
шысы К.Гуссаковскийдің де, Комаровскийдің де әрекетіне риза емес
еді. ол жаңа межелеу жұмыстары басталғанға дейін 1828 жылы
в.Петухов жасаған жоба мен картаны іздестірді. Ескі тұз тасымал
жолын анықтауда Қаржы министрінің өзі бекіткен бұл құжаттың аса
маңыздылығын хан түсінді. Жәңгір 1841 жылы Астрахань губер-
наторы И.С.Тимирязевке поручик Ананьевті қазақтардың құқығын
дәлелдейтін құжаттарды іздестіру үшін іссапармен жөнелтті. Ананьев
1842 жылы 7 қаңтарда ханға мынаны жеткізді: «Мен шынайы тұз та-
сымал жолын анықтауға қандай да бір қатысы болатын құжаттар мен
сызбаларды табуға тырыстым. Бірақ бар еңбегім зая кетті. Астрахань
тұз өндіру басқармасында бұл туралы ешқандай мәлімет кездеспеді
және 1828 жылғы в.Петуховтың сызбасы еш жерден табылмады» [240,
44-46 пп.].
Губерниялық жер өлшеуші Попель поручик Ананьевке в.Петухов
сызбасының орынбор шекара комиссиясына жөнелтілгенін мәлімдесе,
ал Көшпелі халықтарға жер бөлу жөніндегі комиссия құжаттарды
Астрахань губерниясы басшылығына тапсырғандығын жеткізген. Бірақ
көрсетілген мемлекеттік мекемелердің ешқайсысында бұл маңызды іс-
қағаздар болмай шығады. Шынтуайтында орыс шенеуніктері бір-біріне
сілтеме жасау арқылы құжаттарды қазақтарға бергісі келмегендігі
байқалады. Егер ізделген құжаттар табылған жағдайда шешім Бөкей
ордасы пайдасына шешілетін еді.
Жәңгір Бөкейұлы орынбор шекара комиссиясының қызметшісі
А.д.Кузнецовқа
да даулы жер туралы арыз-шағымын жолдауды есінен
шығармады. Мемлекет шенеунігі бұл істі межелеуші Плясовқа жүктеді.
ол депутаттар мен куәгерлердің қатысуымен жолды табуға міндеттенді.
Хан бұл іске депутат қылып тағы да Байтақ Өтеповты тағайындады.
1844 жылы басталған межелеу жұмысында в.Петуховтың 1828 жылы
Ахтуба өзенінен 11 верст қашықтықта тапқан ескі тұз тасымал жолын
іздестіру және ол қойған межелеу белгілерін табу ең бірінші міндет
саналды. Алайда іздестіру барысында тұз тасымалдау трактісі 13 верст
қашықтықтан табылды. Комаровский көрсеткен 18 верст пен Плясов
көрсеткен 13 верст арасында пайдалысы – 4893 десятина, 1290 сажень,
пайдасызы – 7018 десятина, 118 сажень, барлығы – 11949 десятина, 1408
сажень жер бар болып шықты. Бұл аралықтан Болхун шаруаларының
11 хутор, 20 құдық қалыптастырып үлгергендігі анықталды. Жәңгір
Бөкейұлы жер өлшеуші Плясовтың шешімімен келісті [240, 50-52
пп.]. Сөйтіп, хандықтың батыс шекарасын бүтіндегендей болды. Бірақ
Жәңгірдің қазасынан соң мемлекеттік шаруалар бұл мәселені қайта
көтерген еді.
1831-1845 жылдары орал казактарымен арадағы жер мәселесі тар-
тысты өтті [219, 30-33 пп.]. 1833 жылы 21 ақпанда Ресей империясының
Министрлер Комитеті «орал әскеріне және Ішкі Бөкей ордасы
қазақтарына жер бөлу» туралы Ереже қабылдады. Үкімет орал казак
әскерлерінің атқаратын қызметтерін, экономикалық қажеттіліктерін
ескерген сыңай танытты. Сонымен қатар отырықшылық өмірге
қолайсыз тақыр даладан тек қана Ішкі орданың пайда таба алатындығын
мойындады. осылайша орынбор әскери губернаторы, Қаржы, Әскери,
Сыртқы істер министрлерінің пікірлерімен санаса отырып, Сенаттың
1-ші департаменті өзіндік шешімін шығарды. Нәтижесінде орал әскері
жерлерінің шекарасы Саратов губерниясы иелігінен бастап Үлкен
Өзенді бойлай Қамыс-Самар көлдеріне дейін белгіленді. Қосөзен
аралығы, Кіші Өзеннің бойындағы орал әскеріне тиесілі 5 форпо-
стыны қоспағанда, Бөкей ордасы қазақтарының еркін көшіп-қонып
жүруі үшін берілді. Алайда бұл аймақ келесі Жарлық шыққанға дейін
уақытша пайдалануға ұсынылды. Қазақтар малдарын өткізу үшін Кіші
Өзенде көпір салуға құқылы болды.
Кіші Өзендегі Талов, вербовый, обинский, Мокринский және Гли-
няный форпостылары орал әскерінің иелігінде қалдырылды. олардың
әрқайсысына Кіші Өзеннің сол жағалауынан 8 верст қашықтық
белгіленді. Әрбір посттың қақ ортасынан жан-жағына дейін 4 вер-
сттан, ал далаға ішкерілейтін бетінде 5 версттан, барлығы – 40 верст
2
болуы тиіс еді. Казактар мал айдап жүрген Бөкейліктерге көрінетіндей
қылып шартты белгілер орнатуға міндетті болды.
Егер Кіші Өзен бойында 5 форпосттан басқа өзге де орал
казактарының құрылыс нысандары болса, оларды Үлкен Өзеннің
сол жағалауына көшіру міндеттелді. Қамыс-Самар көлдеріне
оралдықтар Үлкен Өзеннің сол жағалауынан, ал қазақтар Кіші
Өзеннің оң жағалауынан еркін өте алды. Қазақтар көл суын және
қамыстарды пайдалануға, ал казактар Глиняный форпосты тұсынан
өз қажеттіліктеріне сай қамыс шабуға құқылы болды. Ішкі орда ханы
мен орал әскери басшысына бірлесіп арнайы комиссия құру, көлге
қатысты жергілікті жағдайды ескере отырып арнайы Ереже жасау
жүктелді. осылайша Ресей үкіметі казактар мен Бөкейліктердің өзара
жер дауының
алдын-алуға болады деп үміттенді [86, с. 344-346].
1834 жылы 7 тамызда Ресей императоры Астрахань губерниясының
басты жер өлшеушісі К.Гуссаковскийдің атына «Саратов, орынбор
және Астрахань губернияларының территориясын межелеу жөнінде»
148
149
Жарлық шығарды. осы жылы I Николайдың Жарлығы бойынша Бас
штабтың генерал-майоры П.Черкасовтың басшылығымен ерекше
комиссия құрылды. оның атқаратын міндеттері мынадай болды: 1)
орал казак әскерінің қатарына қабылданған Саратов губерниясының
башқұрттарына жер бөліп беру; 2) орал казактары мен Бөкей ордасы
қазақтарының жерін межелеу; 3) орынбор губерниясының шекарасын
Астрахань және Саратов губернияларының территориясынан ажырату
[241, 1-7 пп.].
1835 жылы 1 тамызда Астрахань және орынбор губернияларының
шекараларын межелеу басталды. Бұл істің ұзаққа созылуына байланы-
сты казак-қазақ жер мәселесі мүлдем қаралмай қойды. Соның салдары-
нан орал әскерлерімен арадағы араздық бұрынғы қалпын сақтады. 1836
жылы жазда казактар Бөкей ордалық Саданай Шынғабаевқа Сарайшық
бекінісі маңынан қасақана өрт шығарды деп айып тақты. орынбор
шекара комиссиясы С.Шынғабаевтың өртке еш қатысы жоқтығын
анықтап, еркіне жіберді [242, 108-110 пп.]. 1842 жылы оралдықтар
Пороги елді-мекенінде көшіп жүрген таналық оразалы Сұлтанов,
Ырысбай Тоқтағұлов пен масқарлық Қамысбай Аралбаевтың 2 мың
қойын тартып алды [243, 4-6 пп.]. Ал 1843 жылы маусым айында Хан
ордасындағы жәрмеңкеге қатысып келе жатырған, Глиняный форпо-
стына бет түзеген орал казактарының сауда керуені алашалық Бойбас
Құсановтың ауылына аялдап, еш сұраусыз құдықтан малдарын суара
бастайды. Қарсылық танытқан ауыл адамдары мен әйелдерін аяусыз
соққыға жығады. Алайда қазақтар 80 адамдық топ құрып, 11 маусым
күні іңір түскенде осы керуенге шабуыл жасаған [244, 3-4 пп.]. осы
және өзге де қалыптасқан мәселелер казак-қазақ қарым-қатынасына
нұқсан келтірді. Негізгі жауапкершілік орда билеушісінің мойны-
на түсті. 1842 жылы 13 маусым күні орынбор шекара комиссиясына
жолдаған хатында Жәңгір оралдықтардың озбырлықтарын тізбектей
отырып: «Казак басшыларының ар-намысқа тиетін және мәдениетсіз
түрде жазылатын хаттарын өзге мемлекеттік шенеуніктерден алып
көргенім жоқ» [245, 286 пп.], - деп мойындаған.
Ресей патшасының орал казактары мен Ішкі орда қазақтары
арасындағы шекараны анықтау жөніндегі кезекті Жарлығы 1845 жылы
2 сәуірде шықты. Жергілікті басшылыққа алдымен екі халықтың
шаруашылығы, олардағы мал көлемі мен оны бағу әдіс-тәсілдері жай-
ында мәлімет жинау тапсырылды. Нәтижесінде орал казактарының
саны 62539 адамға, ал Бөкей ордасы тұрғындарының 120000 адамға
жеткендігі анықталды. 1845 жылы казактар барлығы 561112 бас,
қазақтар 2500000 бас малға иелік еткен [102, 31-33 пп.].
Жоғарыдағы мәліметтен Бөкейліктердің мал саны казактардан 5
есеге артық болғандығын байқаймыз. Соған қарамастан әскерилер Ре-
сей үкіметі алдында көшпелілердің шаруашылығын сынап, өздерінің
жайылымдарға аса мұқтаж екендігін дәлелдеуге тырысқан. 1845 жылы
7 маусымда орал казак әскерінің атаманы К.К.Геке орынбор әскери
губернаторына былай деп жазды: «Қазақтар үлкен жер көлемін ие-
ленсе де не қызмет өтемейді, не алым-салық төлемейді. олардың
малдарының санының өсуі үшін жайылыс көздерін ұлғайтпай,
керісінше жерді пайдаланудың ерекше тәртібін енгізу қажет. Әйтпесе
олардың ұқыпсыздығынан жайылым жетіспеушілігінің сезілері
анық жайт. Ал казактарға бүгіннің өзінде жарамды, шұрайлы жерлер
жетіспеуде» [246, 126-127 пп.].
Хан орал казактары мен Ішкі орда территориясын нақтылауға
бағытталған межелеу жұмыстарына дайындық жүргізді [247, 7-10 пп.].
Бірақ 1845
жылы 11 тамызда көз жұмған ол бұл істі аяқтай алмады.
Қондырау татарлары мен қазақтарға Каспий теңізі жағалауындағы
помещик саяжайларын қыстауға беру мәселесі қиындыққа кезікті.
Мәселені шешуде 1806 жылы 19 мамырда бекітілген патша Жарлығының
34, 35, 36, 37 баптарына қайтадан сілтеме жасалды. Үкімет осы баптар-
ды көрсетілген жерлердің князь Н.Б. Юсупов пен граф И.А.Безбородко
мұрагерлеріне тиесілі саяжайларда орналасқандығын мойындады.
Алайда ханның және Ішкі істер министрінің баяндамасына 1832 жылы
I Николай патша: «Помещиктердің иелігінен шықпай тұрып бұл жер-
лер туралы ешқандай шешім қабылдауға болмайды» [86, с. 346], - деп
жауап қатты.
Княгиня Юсупова қазақтардың 1833-1834 жылдары саяжай-
да қыстап шыққаны үшін 6000 сом ақша сұрады. Ал шабылған шөп
пен қамыс үшін помещик бөлек құн талап еткен. Саяжай иелерінің
озбырлығына Бөкейліктер қарсылық танытқан. 1833 жылы сұлтан
Тоғым Шығаев орынбор шекара комиссиясының қызметшісі
А.д.Кузнецовқа помещик қарауылшысының қазақтарға қойған
талабының жазбаша нұсқасын жіберді. онда старшындар Кошмау-
ыр, Алтыбай және өзгелеріне Жамбай өндірісіне арнап 25000 бума
қамыс шабу бұйырылған еді. Т.Шығаев ешқандай жазбаша келісімнің
болмауы себепті орындаудан бас тартқан. Бірақ 1834 жылы ақпан ай-
ында Краснояр жергілікті сотының қызметкері майор Ремизович ру-
басы Т.Шығаевқа барып, егер қазақтар помещиктерге 7000 сом оброк
ақысын төлемесе, қонысынан қуып шығатындығын мәлімдеген [248,
10-13 пп.].
Княгиня Юсупова да, Безбородко мұрагерлері де Бөкейліктермен
ресми түрде келісім шартқа отырғысы келмеді. Өйткені олар заңдық
актілерге сүйенбей мол ақша табуды жоспарлады. Мұның салдарын
150
151
Жәңгір 1834 жылы 19 сәуірде А.д.Кузнецовқа жазған хатында бы-
лайша бейнеледі: «ордалықтар жыл сайын помещиктерге қыстағаны
және шөп шапқаны үшін ақша төлеуі салдарынан әбден кедейшілікке
ұшырайтын болды» [249, 37 п.].
1831-1845 жылдары Жәңгір ханның сыртқы жер саясатының
екінші бағыты қазынаға және көршілес халықтарға тиесілі жерлерді
жалға алу немесе үкіметтен сұрау арқылы Бөкей ордасының жалпы
территориясын ұлғайтуынан көрінді. оның мұндай саясатына 1828
жылы Чернояр уездінен жайылыстарды алуы ықпалын тигізді.
Мұрағат құжаттарын талдау арқылы ханның орда территориясын
кеңейтуге ұмтылуының бірнеше себептерінің болғандығын анықтадық.
Біріншіден, Ресей империясының қоныстандыру саясатының алдын
алу керек болды. Өйткені Тамбовск, Смоленск, Полтавск, воронеж,
Рязанск, Курск губернияларының мемлекеттік шаруалары Бөкей ор-
дасымен шектес қазыналық, яғни бос жатқан жерлерге орналастырыл-
ды. 1829 жылы патша үкіметінің қоныстандыру саясатымен бетпе-бет
жолыққан хан бұл шараның қаншалықты қауіпті екендігін түсінуі тиіс
еді. Сондықтан ол қазыналық жерлерді орыс шаруаларынан бұрын
иеленіп алуға асықты.
Екіншіден, ел ішінде ұлт-азаттық көтерілістің, халық толқуының
жиілеуі де маңызды себептердің бірі болды. Жерінен айырылып, жай-
ылымнан тарыққан қазақтардың экономикалық қажеттіліктерін өтеу
күн тәртібіне шықты. Мұны орда территориясына қосылған жаңа
жерлерге халық қозғалысының ядросына айналған беріш, шеркеш,
алаша, байбақты және тағы басқа рулардың жіберілуінен де байқаймыз
[160, 1-6 пп.]. Сонымен қатар хан аталмыш руларды қазыналық
территорияларға орналастыру арқылы бұл жерлерді бейбіт жолмен
хандықтың пайдасы үшін «меншіктеп алуға» ұмтылған сыңайлы. 1771
жылы Жоңғарияға жөңкіле көшкен қалмақтардың жерлерін Саратов
губерниясы шаруаларының дәл осындай әдіспен иеленіп алғанын,
кейін қалмақтардың бұл аймақты қайтару үшін дауласып, ақыры ала
алмағанын ескерсек [86, с. 36], осындай әдістің ұтымды жақтары да
бар еді.
Үшіншіден, табиғи-географиялық құлдырау, мал шаруашылығы
әсерінен елдегі жайылымдар мен шабындықтар азайды. Жәңгір
хан 1839 жылы 19 шілдеде император І Николайға жазған хатын-
да қазақтардың орал казактары, Саратов тұрғындары, Каспий теңізі
жағалауындағы помещиктер тарапынан үш жақты қыспаққа алынғанын
баяндай отырып, хандық территориясының өнім бермейтін тақыр
далаға айналғанын баса көрсетті [86, с. 374-375]. Сөйтіп жаңа жайы-
лыс көздерін ашу қажеттілігі туындады.
орда билеушісі 1831 жылдан бастап көршілес бос жатқан жер-
лерге қайтадан назар аударған. осы мақсатпен ол Астрахань губерна-
торы в.Г.Пяткиннен 1832 жылдың көктемінде жалға берілетін жерлер
туралы мәлімет жинауын өтінген. Ханды Көк теңіз балық өндірісі
мекемесі, князь Н.Б.Юсуповке, князь Урусовқа тиесілі жайылыстық
жерлер қызықтырған. Бірақ в.Г.Пяткин оған бұл сұраныс туғызып
отырған аймақтардың әзірге босамайтындығын хабарлаған [233, 1 п.].
1834 жылы Жәңгір князь Юсупов пен граф Безбородко
мұрагерлерімен жерге қатысты келіссөздер жүргізді. Бұған 1833 жылы
21 ақпанда I Николай патша қол қойған Ереже көп көмегін тигізген.
Империя басшысы қондырау татарлары мен Бөкейліктерге поме-
щиктер саяжайларынан қыстау бөлу мәселесін Балық өндірісін тек-
серу комитетіне жүктеді. Патша Астрахань әскери губернаторына да
көшпелілерді қажетті қыстаулармен қамтамасыз етуді тапсырған бола-
тын [86, с. 346]. Нәтижесінде Ішкі орда қазақтарына қыс кезінде поме-
щик саяжайларынан 83481 десятина жер жыл сайын 857 сом 40 күміс
тиынға жалға берілді [160, 16-17 пп.].
1838 жылы 16 мамырда Астрахань қалмақ басқармасының Кеңесі
патшаның бұйрығы бойынша бос жатқан жерлерді жалға беруді жүзеге
асырады. Жәңгір хан осы жерлерді саудалауға хорунжий Көпболсын
Қарауыловты жібереді. Сенімді өкілге Еділ өзенінің сол жақ бетінде
орналасқан, Ішкі ордамен шекаралас жатқан территорияларды жалға
алу тапсырылды. Қазақтардың көшіп-қонуы мен малдың жайылуы
үшін бұл территориялардың қолайлы болуы басты шарт саналды [250,
10 п.]. 1838 жылы 23 мамырда хорунжий К.Қарауылов ханға Бого-
цохур ұлысы жерлерінен 4 жылға 4 мың сом ақшаға 83273 десятина
жер алғанын, жалға алынған жерлерде мал жайып, шөп дайындауға
болатындығын баяндаған [250, 21 п.]. Ханның қалмақ жерлерін жалға
алудағы мақсаты елдегі қалыптасқан жайылым мәселесін шешу, сөйтіп
халық толқуын басу болды. Бұл жайында И.С.Иванов өз еңбегінде:
«Үлкен Боғда мен Шапшашы таулары аралығындағы қалмақ жерінен
12 телім жалға алынып отыр. Бұл үрдісті 30-шы жылдардың аяғынан
бастап 1842 жылға дейін Жәңгір хан жүзеге асырды және алынған
жерлерді жайылымға мұқтаж қазақтарға ұсақ телімдерден бөліп берді»
[22, с. 160], - деп жазды.
1842-1846 жылдары көлемі 83273 десятина қалмақ жерлері
қайтадан жалға алынды. Бұл жолы ордалықтар жылына 485 сом
төлеуге міндеттенді [21, №186]. осы кезеңде қалмақ жерінде беріш
руының Жайық бөлімінен 335 үй, 358 түйе, 1706 жылқы, 972 ірі қара,
7208 қойларымен, Себек бөлімінен 82 үй, 159 түйе, 1548 жылқы, 383
ірі қара, 3872 қойларымен, Есенғұл бөлімінен 102 үй, 164 түйе, 604
152
153
жылқы, 300 ірі қара, 1454 қойларымен жайлап, басқа рулармен бірге
көшіп жүрген. осы арада беріш руының 1836-1838 жылдардағы ұлт-
азаттық көтерілістің белсенді қатысушысы болғандығын ескермеске
болмайды. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, барлығы әр түрлі
рудың 2033 үйі, 4529 түйесі, 20556 жылқысы, 7656 ірі қарасы, 65606
қойы болған [144, 111 б.]. Жалға алынған жерлерде қазақтар тек қана
мал жайып қоймаған, сонымен бірге егін егіп, шөп шауып, мал азығын
дайындаған.
1837 жылы қазақтарға Царевск және Жаңаөзен уездеріндегі
далалық жердің бір бөлігі уақытша пайдалануға беріледі. «Торғын»
деп аталған бұл телімнің көлемі 872800 десятинаны құраған. Қаржы,
Әскери және Ішкі істер министрліктері жанынан құрылған комиссия
осы телімнің 858450 десятинасын - өнімсіз, ал 14350 десятинасын -
жарамды деп анықтаған. Жәңгір 1839 жылы император I Николайға
Торғын даласында сусымалы құмдардың, ащы сорлар мен қақтардың
өте көп екендігін жеткізген [86, с. 375]. Алайда жайылымнан тарығып
отырған көшпелілер үшін аталмыш телімнің экономикалық маңызы зор
болды. Саратов губерниясында орналасқан Паника өзені Бөкейліктерді
ауыз сумен қамтамасыз етті [220, 134-135 пп.]
осылайша, хан өз билігі тұсында көршілес территорияларды
уақытша пайдалану, жалға алу арқылы Ішкі орданың территориясын
кеңейтті. осы орайда И.Ф.Бларамбергтің [9, с. 20], М.в.Ладыженскийдің
[160, 18 п.], А.Евреиновтың [10, с. 40], А.Е.Алекторовтың [16,
№27], Я.в.Ханыковтың [18, с. 63], И.С.Ивановтың [21, №245],
Ә.Бөкейхановтың [213, 18 п.] хандықтың жер көлеміне байланысты
берген мәліметтері XIX ғасырдың екінші ширегіне тікелей қатысты
деуге толық негіз бар. оны мына кестеден көре аламыз:
8-кесте
Авторлар
Жайы-лымға
жарамды жер
Шалғын
(дес)
Қамыс
(дес)
Құм
(дес)
Қақ пен
сор (дес)
Барлығы
(дес)
И.Ф.Бларамберг
М.Ладыженский
А.Евреинов
А.Е.Алекторов
Я.в.Ханыков
И.С.Иванов
Ә.Бөкейханов
5898000
-
5200000
-
5898000
5898000
5300000
111300
-
100000
-
111300
111300
-
12700
-
12000
-
12700
12709
-
420000
-
420000
-
420000
420000
-
438000
-
192000
-
438000
438000
-
7072000
6000000
6млн.астам
6574351
7072000
7075700
6млн.астам
Егер XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі Бөкей ордасы
территориясының 5377793 десятина болғандығын, одан соң оған 1828
жылы Чернояр уездінен – 673274 десятина, 1834 жылы помещик сая-
жайларынан – 83481 десятина, 1837 жылы Саратов губерниясы Ца-
ревск, Жаңаөзен уездерінен – 872800 десятина, ал 1838-1846 жылда-
ры қалмақтардан – 83273 десятина жайылым жалға алынғандығын
ескерсек, жоғарыдағы авторлардың көпшілігінің пікірі шындыққа
жанасады. Әсіресе И.Ф.Бларамберг, Я.в.Ханыков, И.С.Ивановтың
мәліметтері ақиқатқа жақын келеді. оған қоса Чернояр, Царевск,
Жаңаөзен уездеріне тиесілі жайылымдар мен шабындықтар уақытша
пайдаланылуға берілді деп көрсетілгенімен, іс жүзінде Бөкей
ордасының территориясына қосылып кеткендігін қаперге алғанымыз
жөн. Өйткені Ресей империясы Еділ-Жайық аралығын өз жері, ал
ондағы қазақтарды уақытша тұрақтаушылар деп санады. Мұндай пікір
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында мықтап орнықты. Бөкейліктердің
дала бетке жиі ұмтылуы патша үкіметінің осындай сенімсіздігін
күшейте түсетін. Сондықтан «уақытша тұрғындарға» уақытша жер
беру Ресейдің де мүддесіне қайшы келмеді.
Қорыта келе, Жәңгір ханның аграрлық саясаты қарама-
қайшылыққа толы болды. Ел ішінде жүргізілген жер реформалары
тек азшылықтың көсегесін көгертті, ал көпшіліктің экономикалық
сұраныстары ескерілмеді. Өз туыстары мен айналасындағыларға
шұрайлы жайылыстарды тарату арқылы қатардағы халықты
оларға тәуелді етіп қойды. осылайша, ішкі жер саясатының басты
кемшіліктері көпшілік тұрғындардың жерсіз қалуынан, әлеуметтік
жіктелістің күшеюінен, парақорлықтың жаппай етек алуынан, мал
шаруашылығының дағдарысқа ұшырауынан, елдегі ұрлық-қарлықтың
артуынан анық көрінді. Нәтижесінде Бөкей ордасында 1836-1838
жылдары И.Тайманов пен М.Өтемісов жетекшілік еткен ұлт-азаттық
қозғалыс және 1842-1843 жылдары А.Қошаев пен Л.Манатаев бастаған
күрес болып өтті.
Ал сыртқы жер қатынастарын реттеуде Жәңгір хан көрші
халықтармен табанды күрес жүргізді. ол билік еткен кезеңде
жер мәселелері мейлінше ушықты және Ресей империясының
қоныстандыру саясаты тез қарқынмен жүргізіле бастады. Нәтижесінде
хандықтың барлық бөлігі даулы аймаққа айналды.
Жәңгірдің сыртқы жер саясаты орданың шекараларын нақтылау,
көрші халықтардың басқыншылық әрекеттерін тыю және ел территори-
ясын мүмкіндігінше кеңейту бағытында жүргізілді. Алғашқы бағыт бой-
ынша 1831-1845 жылдары 9 межелеу жұмысы өткізілді және қазақтар
олардың барлығына қатысты. Ал 1825-1830 жылдары хандық терри-
154
155
ториясына қатысты 6 жер өлшеу жұмыстары оздырылып, Бөкейліктер
тек үшеуіне ғана қатысқан еді. Жалпы осы шаралар нәтижесінде
көршілес қондырау татарлары, хошоут қалмақтары, Астрахань губер-
ниясы қоныстанушыларымен арадағы шекара түпкілікті бекісе, орал
казактары, теңіз помещиктері, Саратов губерниясы тұрғындарымен
жанжал жалғасын тапты. Екінші бағыт бойынша хандық территориясы
5377793 десятинадан 7072000 десятинаға ұлғайтылды. Бұған негізінен
қазыналық жерлерді уақытша пайдалануға алу арқылы қол жеткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |