Гиззатов с. М



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#6120
1   2   3   4   5   6   7   8

ҚОРЫТЫНДЫ

ХІХ  ғасырдың  басында  құрылған  және  жарты  ғасырға  жуық 

уақыт өмір сүрген Бөкей хандығы отандық тарихымызда өз маңызын 

күні бүгінге дейін жоймай отыр. ол саяси, экономикалық, әлеуметтік, 

рухани дамуы бойынша өзге қазақ ордаларынан ерекшеленді.

Бөкей ордасы 1801 жылы Еділ мен Жайық өзендері аралығында 

жаңа  әкімшілік-территориялық  бөлініс  ретінде  дүниеге  келді.  оның 

пайда  болуына  негізінен  Кіші  жүздегі  жер  мәселесінің  ушығуы  мен 

Ресей империясының өз отарларына қатысты жүйесіз саясаты себеп 

болды. Жайылымнан тарыққан қазақтар ХҮІІІ ғасырдың өн бойында 

Қосөзен аймағына ұмтылды. Алайда бұл территорияны көшпелі қалмақ 

ұлыстары мекен етті. Кейіннен патша үкіметі 1771 жылы «ойламаған 

жерден» Еділ-Жайық аралығын қазақтарға босатып берді. Қалмақтарға 

көрсетілген  саяси-экономикалық  қысымшылық,  оларға  жүктелген 

әскери  міндеткерлік  ауыртпалығы  өз  нәтижесін  көрсетті.  Жоғарғы 

билік  Ұлы  қалмақ  көші  туралы  сенімді  ақпарат  көздерінен  алдын-

ала  мәлімет  алғанымен  еш  әрекет  қылмады.  Экономикалық  шикізат 

өндіруші отар халықтың әлемдік саяси сахнадағы негізгі қарсыласы 

Қытай империясы бодандығына кетуі Ресейге ауыр тиді. Қалмақтарды 

қайтаруға үміттенген патша үкіметі 30 жыл бойы Еділ-Жайық аралығын 

қазақтарға  қимады.  Қытаймен  арадағы  дипломатиялық  келіссөздер 

тиімді нәтижесін бермегендіктен ХІХ ғасырдың басынан бастап бос 

қалған  аймаққа  қатысты  саясат  күрт  өзгерді.  Енді  үкімет  қазақтар 

мен елде қалған қалмақтардың жағдайын ойлауға көшті. Себебі бұл 

халықтардың да өзге аймаққа қашу мүмкіндігін есепке алды.

Қазақтар  ішкі  тарапқа  түпкілікті  қоныстануға  жіберілгенімен 

мұндағы  жер  мәселесі  оңайлықпен  шешілмеді.  Ізденіс  барысында 

ХІХ  ғасырдың  бірінші    жартысында  Бөкей  ордасында  жүргізілген 

аграрлық реформалардың басым бағыттары, нәтижелерін анықтадық. 

Көшпелілерге  қатысты  жер  саясатын  екі  маңызды  субъект  –  Ресей 

империясы мен хандық билеушілері жүзеге асырғандығы байқалады. 

оған қоса бұл екі аграрлық катализаторлардың әрқайсысының өзіндік 

ішкі есептері болғандығы анық көрінеді.

Жалпы ХІХ ғасырдың алғашқы және екінші ширектерінде жүзеге 

асқан  жер  саясатының  өзара  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары 

болды.  Мұрағат  құжаттарын  мұқият  сараптау,  салыстыру  арқылы 

төмендегідей ұқсастықтар анықталды:

Біріншіден, ХІХ ғасырдың екі ширегінде де аграрлық саясат пен 



170

171


қатынастарды айқындаушы кәсіп ретінде мал шаруашылығы қала берді. 

Жер өңдеу мен балық шаруашылығының даму деңгейі әлдеқайда төмен 

болды. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қоғамда өндірістің 

тікелей обьектісі ретінде мал саналды. оны сақтап, одан әрі көбейту, 

әрбір  қоғам  мүшесінің  ең  бірінші  міндеті  болды.  Өз  кезегінде  бұл 

міндет жайылыс көздерін дұрыс игеру, малға тиімді жағдай жасағанда 

ғана жүзеге асты. оларсыз мал шаруашылығын елестету мүмкін емес 

еді. Бөкейліктер түрлі табиғи-географиялық жағдайларға байланысты 

мал бағудың формаларын өзгерткенімен бұл шаруашылықтан түпкілікті 

бас тартпады. Сондықтан қарастырылып отырған кезеңде хандықтағы 

аграрлық саясат мал шаруашығы аясында өрбіді.

Екіншіден, 

Ресей 

үкіметі 


қазақтарды 

жедел 


түрде 

отырықшыландыруға ұмтылды. Мұндай саясат ХІХ ғасырдың бірінші 

ширегінде  1803  жылы  И.И.Завалишиннің  реформаларынан,  1806 

жылдың 19 мамырындағы «Астрахань және Кавказ губернияларында 

көшіп жүрген қалмақтар мен өзге халықтарға жер бөліп беру туралы» 

Жарлықтан,  1812  жылғы  Көшпелі  халықтарға  жер  бөлу  жөніндегі 

комиссияның  қаулыларынан  көрінсе,  ал  ХІХ  ғасырдың  екінші 

ширегінде үкімет шенеуніктері К.в.Нессельроде, Ф.И.Энгель, Г.Генстің 

және өзгелерінің Жәңгір ханға берген нұсқауларында бейнеленді. Ре-

сей отырықшыландыру арқылы империя шекараларының қауіпсіздігін 

қамтамасыз етуді, әкімшілік территориялық басқарудың өзіндік моделін 

енгізуді, қазақтарды саудаға тартып, арзан шикізат көзіне айналдыруды, 

сөйтіп Бөкей ордасын толықтай отарлауды мақсат етті. оған қоса орыс 

үкіметінің көшпелілер атаулыдан сескенгендігін байқаймыз. Мұрағат 

құжаттарында  «бұратаналарды  отырықшыландыру»,  «қырғыздардың 

жабайылық  деңгейін  кеміту»,  «сабырлылық  пен  мәдениеттіліктен 

мүлдем  ада  қырғыздарды  бір  жерге  таңу»  деген  сөз  тіркестері  жиі 

ұшырасады.  Бұл  отарлаушылардың  номадтар  өмірінен  бейхабар 

болғандығын және көшпелілерді шапқыншылыққа әуес халық ретінде 

қабылдағандығын дәлелдейді.

Үшіншіден,  көрші  халықтардың  орда  жеріне  қол  сұғуы  және 

жайылым үшін қақтығыстар толастамады. Хандық географиялық ор-

наласуы бойынша империя тұрғындарының толық қоршауында қалды. 

Шығыстан  -  орал  казак  әскерлері,  батыстан  -  қондырау  татарлары, 

хошоут  қалмақтары,  мемлекеттік  шаруалар,  солтүстіктен  –  Самара, 

Саратов губерниялары тұрғындары, оңтүстіктен – орыс помещиктері 

қауіп  төндірді.  Әсіресе  орал  казактары  мен  саяжай  тұрғындарының 

әрекеттері  басқыншылық  сипатқа  ойысты.  Жоғарғы  билік  бұл 

оқиғалардан  хабардар  болды  және  мәселені  шешу  үшін  маңызды 

жарлықтар,  ережелер,  қаулылар  қабылдады.  Алайда  империяның 

«байырғы» тұрғындарының мүддесі әрқашан бірінші орынға қойылды. 

Ал  жарық  көрген  нормативтік-құқықтық  актілердің  орындалу  бары-

сы қатаң қадағаланбады. Нәтижесінде жер дауы созылмалы аурудың 

күйін кешті.

Төртіншіден,  ел  билеушілері  хандықтың  территориялық 

тұтастығын  сақтау  мақсатында  көрші  халықтармен  күрес  жүргізуге 

мәжбүр болды. Бөкей хан, Шығай сұлтан, Жәңгір хан және Уақытша 

Кеңес  мүшелері  орданың  шекараларын  нақтылауға,  жайылымдық 

алқаптарды  кеңейтуге  ұмтылды.  олар  осы  жолда  арнайы  межелеу 

экспедицияларын  жасақтап,  депутаттар  мен  сенімді  өкілдерді  да-

ярлап,  жер  мәселесін  жетік  білетін  ерекше  кадрларды  дайындады. 

Көрші халықтардың шексіз озбырлығы, елдегі жайылым мәселесінің 

шиеленісуі, халықтың жаппай дала бетке ұмтылуы орда билеушілерінің 

бұл саясатына себеп болып отырды. Империяның түрлі арандатушылық 

саясатына қарамастан ел басқарушы шыңғысзадалар жоғарғы биліктің 

«рақымына, адалдығына» сенді. Талаптарының басым бөлігі ескерусіз, 

жауапсыз қалып жатса да олар орда шекараларында бейбітшілік пен 

тыныштықтың патшалық құратынына үміт артты.

ХІХ ғасырдың бірінші және екінші ширектерінде Бөкей ордасын-

да ұйымдастырылған аграрлық саясаттың өзара айырмашылықтары да 

жеткілікті болды. оны төмендегіше жүйелеуге болады.

Біріншіден, Ресей империясының Ішкі ордадағы жер мәселесіне 

араласу деңгейі біртектес болмады. ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде 

отарлаушылар  хандықтағы  ішкі  жер  қатынастарын  реттеуге  ерекше 

құлшыныс  танытты.  Біздіңше,  ол  орданың  жаңадан  құрылуымен, 

үкіметтің  қазақ  шаруашылық  жүйесін  барлауға  тырысуымен  және 

отырықшылық  өмір  салтын  енгізуді  сынап  көруімен  байланысты 

болды.  Әсіресе  Бөкей  хан  (1801-1815)  билігі  тұсында  жүргізілген 

үкіметтің реформалары бұған айқын дәлел болады. Ал ХІХ ғасырдың 

екінші  ширегінде  жоғарғы  билік  ордадағы  ішкі  жер  мәселесіне 

бұрынғыдағыдай араласпады. Бұл кезеңде патша үкіметі қазақтардың 

шаруашылық өміріне тікелей қатысы бар қандай да бір аграрлық ре-

формалар жүргізуден бас тартты және өз әрекетін тек нұсқау берумен 

шектеді.  Жоғарғы  билік  халық  наразылығынан  сескеніп  өз  жоспар-

ларын  ел  билеуші  сұлтандардың  қолымен  жүзеге  асырмақ  болды. 

Жерге  жеке  меншік  орнату  жөнінде  Жәңгір  Бөкейұлына  берілген 

ақыл-кеңестер,  Уақытша  Кеңес  билігінің  алғашқы  бесжылдығында 

жайылымдарды  қайта  бөлу  турасында  орда  рубасыларына  берілген 

нұсқаулар мұндай саясаттың шынайы көрінісі еді.

Екіншіден,  аграрлық  саясатқа  әсер  етуші  табиғи-географиялық 

факторлар  өзгерді.  Халықтың,  төрт  түліктің  шағын  территорияда 


172

173


көптеп  шоғырлануы  салдарынан  топырақ  қабаты  эрозияға  ұшырап, 

өсімдіктер фаунасына нұқсан келіп, сусымалы құмдар көбейді. Ал бұл 

өз кезегінде елдегі жайылым, су көздерінің азаюына әкеліп соқты және 

дәстүрлі шаруашылықты құлдыратты. Табиғи дағдарыс ХІХ ғасырдың 

екінші ширегінде анық сезілді. Құрылыс басталмастан бұрын 14 вер-

стта жатқан Нарын құмдары да енді хан Ставкасына жетті. оған екі 

ортада жайқалып өскен ну тоғайдың оталуы ерекше ықпал етті. Күшті 

дауылдар  Жасқұстың  оңтүстік  және  солтүстік-шығыс  бөліктерін 

құмдармен толтырды. Сусымалы құмдар дуалдарды басып, тіпті жел 

арқылы  аулаларға  түскен.  Жыраларда  жиналатын  сулар  бұрындары 

қысқа дейін сақталып, көктемде таза, мөлдір күйінде болса, ендігі ме-

зетте біртіндеп түсін, дәмін өзгертіп, шілде айында қарайып, ащы суға 

айналды [5, с. 177-178]. орданың бұл жағдайымен Ресей империясы да, 

ел билеушілері де санасуға мәжбүр болды. Патша үкіметі экологиялық 

дағдарыстан шығу үшін қазақтарды жедел түрде отырықшыландыру 

керек деп тапса, Жәңгір Бөкейұлы бұған қазыналық жерлерді жалға 

алу әдісін қосты. 

Үшіншіден, Ішкі орда билеушілері аграрлық саясатының бағыт-

бағдары  әр  түрлі  болды.  ХІХ  ғасырдың  бірінші  ширегінде  билік 

құрған  Бөкей  хан,  Шығай  сұлтандар  Ішкі  орданы  дербес  мемлекет 

ретінде қалыптастыруға, оны нығайтуға ұмтылды. олар хандықтағы 

халық санын арттыруға мүдделі болды. Көшпелілерді Жайықтың дала 

бетінен ішкі тарапқа жаппай өткізу үшін Қосөзен аралығын еркіндік 

пен өркендеудің аймағына айналдырудың маңызы артты. Сол себепті 

орда  билеушілері  дәстүрлі  шаруашылықты  сақтап,  бұрынғы  жер 

қатынастарына  өзгерістер  енгізбеді.  Бөкей  хан  да,  Шығай  сұлтан  да 

империяның  аграрлық  саясатына  белсене  араласып,  оның  зардапта-

рын жоюға және қазақтардың шынайы экономикалық қажеттіліктерін 

көрсетуге тырысты. Бастапқыда орал казактары, қондырау татарлары, 

хошоут  қалмақтары,  теңіз  жағалауындағы  помещиктер  қазақтардың 

Қосөзен  аралығын  иемдену  құқығын  мойындамады.  Нәтижесінде 

жайылым үшін талас, қарулы қақтығыс жиіледі және ел басшылары-

на жер тұтастығын сақтау үшін көрші халықтармен күрес жүргізуіне 

тура  келді.  ХІХ  ғасырдың  екінші  ширегінде  Бөкей  ордасындағы 

аграрлық саясат өз бағытын түбегейлі өзгертті. Мұндай шаралардың 

басы-қасында Жәңгір Бөкейұлы тұрды. оның жер саясаты екі кезеңді 

қамтыды: 1) 1825-1830 жылдар; 2) 1831-1845 жылдар; Алғашқы кезеңде 

хандықтың  шекараларын  нақтылау,  оны  жоғарғы  билік  тарапынан 

бекіттіру, сөйтіп территорияға қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету 

басты орынға шықты. Екінші кезеңде ішкі жер қатынастары түпкілікті 

өзгеріске ұшырады. Нәтижесінде рулық-қауымдық жер иеленудің іргесі 

сөгіліп, жерге деген жеке меншік үстемдік құрды. Жәңгір ханның ішкі 

аграрлық реформалары тек төрелер тобының әлеуметтік-саяси рөлін 

арттыруға, олардың экономикалық қажеттіліктерін өтеуге, сөйтіп орыс 

помещиктері дәрежесіне жеткізуге бағытталды. Сонымен қатар беделді 

ақсүйектер мен қарасүйек өкілдеріне ірі телімдерді таратуда сыртқы 

жер мәселесінің әсері де сезілді. Ал Бөкей ордасын басқару жөніндегі 

Уақытша Кеңес 1845-1850 жылдары жерсіздену үрдісін жоюға тыры-

сты. Бірақ бұл кезеңде хандық билікті жою және жаңа саяси институт-

ты орнату басты міндет болды.

Төртіншіден,  Бөкей  ордасы  шекараларына  қатысты  жүргізілген 

межелеу  жұмыстары  мөлшерінің  әркелкі  болғандығын  анықтадық. 

ХІХ  ғасырдың  алғашқы  ширегінде  5  жер  өлшеу  жұмыстары 

ұйымдастырылды.  оның  үшеуі  Бөкей  хан  билігі  кезінде  бейрес-

ми  түрде  оздырылды  және  қазақтар  қатыстырылмады.  Екеуі  Шығай 

Нұралыұлы  тұсында  ресми  түрде  жүргізіліп,  қазақ  депутаттарының 

қатысуымен өтті. ХІХ ғасырдың екінші ширегінде ұйымдастырылған 

межелеу  жұмыстарының  саны  20-ға  жетті.  Бұлардың  ішінен  он  бесі 

Жәңгір  Бөкейұлының  хандық  құруы  кезеңінде  жүзеге  асты  және 

Бөкейліктер  олардың  он  екісіне  шақырылды.  Ал  1845-1850  жылда-

ры қолға алынған жер өлшеу жұмыстарының саны 5 бірлікті құрады. 

ордалықтар  бұл  шаралардың  барлығына  тартылды.  Келтірілген  де-

ректерден ХІХ ғасырдың екінші ширегінде межелеу жұмыстарының 4 

есеге артқандығын байқаймыз. оның өзіндік себептері болды. Алды-

мен Жәңгір ханның ел шекараларын бүтіндеуге бағытталған аграрлық 

саясаты  басты  рөлді  иеленді.  Әсіресе  1825-1830  жылдар  аралығын 

Ішкі  орда  билеушісі  жоғарғы  биліктен  межелеу  жұмыстарын 

ұйымдастыруды  талап  етумен  өткізді.  Аталмыш  үрдістің  кеңінен 

етек  алуына  Ресей  империясы  қоныстандыру  саясатының  ерекше 

ықпалы  болды.  Қарастырылып  отырған  кезеңде  хандықтың  батыс 

шекараларына  мемлекеттік  шаруалар  тарапынан  қауіп  төнді.  Меже-

леу  жұмыстарының  басым  бөлігі  осы  батыс  аймақтағы  жер  даула-

рына  байланысты  ұйымдастырылды.  Жәңгір  ханның  қазасы  да  жер 

өлшеу  шараларының  жиілеуіне  түрткі  болды.  Қайғылы  жағдайдан 

соң батыстағы қоныстанушы шаруалар, шығыстағы орал казактары, 

оңтүстіктегі саяжай тұрғындары бір мезетте бас көтерді.

Бесіншіден, орда билеушілері аграрлық саясаты нәтижелері ара-

сында елеулі айырмашылық болды. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде 

ел басшылары дәстүрлі жер қатынастары өзгертпеу арқылы көшпелілер 

арасында бейбітшілікті сақтай алды. Бірақ сыртқы жер даулары мен ме-

желеу жұмыстарының қорытындылары сәтсіз аяқталып отырды. Бөкей 

хан  мен  Шығай  сұлтан  өлкедегі  заңсыздықтарды,  озбырлықтарды 



174

175


жоғарғы  билікке  үнемі  баяндағанымен  соңғысы  империяның 

«байырғы тұрғындарына» болысуды жөн көрді. ХІХ ғасырдың екінші 

ширегінде  жүргізілген  жер  саясатының  нәтижелері  мүлдем  өзгеше 

болды.  Жәңгір  Бөкейұлы  көрші  халықтармен  арадағы  жер  дауын-

да  елеулі  табыстарға  қол  жеткізді.  ол  қондырау  татарлары,  хошоут 

қалмақтарымен арадағы шекараны нақтылап, өзгенің еншісінде кеткен 

территорияларды  қайтарып  алды.  1828  жылы  хандықтың  шекарала-

рын  межелетіп,  1844  жылы  Астрахань  өлкесін  қоныстанушылармен 

арадағы жер дауына нүкте қойды. Жәңгір территориялық тұтастықты 

сақтап қоймай хандықтың көлемін 5 377 793 десятинадан 7 072 000 

десятинаға  дейін  ұлғайтты.  Мұның  сыры  бос  жатқан  қазыналық 

жерлерді  үкімет  келісімімен  орда  территориясына  қосуында  және 

көршілес халықтардан маңызды телімдерді ұзақ мерзімге жалға алу-

ында еді. Бірақ Жәңгір ханның ел ішінде жүргізген аграрлық саясаты 

зардаптарға толы болды. Өз туыстары мен айналасындағыларға ірі жер 

телімдерін үлестіру арқылы қалың бұқараны оларға тәуелді етіп қойды. 

Соның  салдарынан  қатардағы  халық  жерсіз  қалды,  елде  феодалдық 

озбырлық,  әлеуметтік  жіктеліс  күшейді,  парақорлық,  ұрлық  бұрын-

соңды болмаған деңгейге жетті. Нәтижесінде ордада халық толқулары 

мен ұлт-азаттық көтерілістер белең алды. Ал Уақытша Кеңестің 1845-

1850  жылдардағы  аграрлық  саясаты  ел  өміріне  түбегейлі  өзгерістер 

енгізбеді. Жайылымдарды шынайы шаруашылық қажеттіліктерге сай 

қайтадан бөлу жоспарланғанымен іс жүзінде орындалмады. Сыртқы 

жер дауларында да жаңа саяси институт толық сәтсіздіктерге кезікті. 

Қарастырылып отырған кезеңде 5 межелеу жұмысы ұйымдастырылды 

және  олардың  барлығы  Бөкей  ордасының  мүддесіне  қайшы  келді. 

осылайша  Уақытша  Кеңес  ішкі  жер  мәселелерін  шеше  алмады,  әрі 

оның  ұлттық  мүддені,  территориялық  тұтастықты  сақтауға  қауқары 

жетпеді.  Бұл  Ішкі  орданың  Ресей  империясының  толық  отарына 

айналғандығын білдірді.

Қорыта келе, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Бөкей ордасын-

да  жүргізілген  аграрлық  саясат  бетбұрысты  кезеңдерге  толы  болды. 

Мұндай саясаттың астарында отаршыл патша үкіметінің мақсаттары 

да, қазақ халқын тәуелсіздікке жетелеген орда билеушілерінің талап-

тілектері де астасып жатты. Әсіресе кейбір елбасылардың жер рефор-

малары дәстүрлі шаруашылықтың қажеттіліктерін қанағаттандырудан 

бастап, ел тұтастығын, жер бүтіндігін сақтауға бағытталғандығы ақиқат. 

осы  орайда  Бөкей  орда  билеушілері  ұстанған  аграрлық  саясаттың 

бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында да жүзеге асырылуы ғасырлар 

арасындағы үндестік пен тарихи сабақтастықтың үзілмегендігін дәле

лдейді.                     

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Назарбаев Н.Ә. Қазақ тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы                                  

// Қазақ тарихы. – 1998. - № 3. - 3-10 бб.

Қазақстанда  тарихи  сананы  қалыптастыру  тұжырымдамасы.  –                              

Алматы: Қазақстан, 1995. – 32 б.

Фукс К.А. Пребывание в Казани киргизского хана джангиря //  Ка-

занский вестник. – 1826. - № 9-12.

Михайлов Н. о внутренней киргизской орде. // Астраханские гу-

бернские ведомости. – 1842. - №12.

Киттары М.Я. Ставка хана внутренней Киргизской орды // Жур-

нал Министерства внутренных дел. – 1843. - Ч. 28. - №10. - С. 107-133; 

№11. -  С. 175-196;

Киттары М.Я. Гора Богдо // Астраханские губернские ведомости. 

– 1848. - №47.

Киттары М.Я. Баскунчакское озеро // Астраханские губернские ве-

домости. – 1848. - №48.

Троицкий  в.  взгляд  на  внутреннюю  киргизскую  орду  //  отече-

ственные записки. – 1848. - Т. 58, отд. ҮІІІ. - №6. - С. 98-111.

Бларамберг И.Ф. военно-статистическое обозрение земли Киргиз-

кайсаков  внутренней  (Букеевской)  и  Зауральской  (Малой)  орды.  – 

оренбург, 1848. – 342 с. 

Евреинов А. внутренняя или Букеевская киргиз-казачья орда // в 

кн.: Букеевской орде 200 лет.– Алматы: Өлке, 2001. - 4 книга. – 216 с.

Небольсин П.И. очерки волжского низовья. - СПб., 1852. – 197 с. 

Терещенко  А.  Следы  дешты-Кыпчака  и  внутренняя  киргиз-

кайсацкая орда // Москвитянинь. – 1853. - №22. - С. 51-85.

островский Э. Поездка во внутреннюю киргиз-кайсацкую орду с 

ветеринарной целью // Журнал Министерства внутренних дел. – 1859. 

- Ч. 34, отд. І. - С. 19-112.

Медведский Г. внутренняя киргизская орда в хозяйственном отно-

шении // Журнал Министерства государственных имуществ. – 1862. - Ч. 

60, Т. 8. - С. 285-308. 

Иванин М. внутренняя или Букеевская киргизская орда // Эпоха. 

– 1864. - №12. - С. 1-48.

Алекторов А.Е. внутренняя Букеевская орда (краткий историче-

ский очерк) // оренбургский листок. – 1887. - №22-30.

Алекторов А.Е. Киргизы-казаки // оренбургский листок. – 1889. - 

№47-50.


Харузин А. Киргизы Букеевской орды.– М, 1889. - вып. І. 

176

177


Бабажанов  С.  Этнографиялық  мақалалар.  –  Алматы:  Қазақстан, 

1993. – 80 б. 

Мақаш әкім. Жинақ. – Алматы: Арыс, 2004. – 272 б.

Иванов И.С. джангерь, хан внутренней киргизской орды // Астра-

ханский листок. – 1895. - №185-261.

Иванов  И.С.  внутренняя  киргизская  орда  (Краткий  статистиче-

ский очерк) // в кн.: Букеевской орде 200 лет.– Алматы: Өлке, 2001. - 2 

книга.  – 232 с.

Иванов  И.С.  К  столетнему  юбилею  внутренней  (Букеевской) 

киргиз-кайсацкой орды // Астраханский листок. – 1901. - №42-141. 

Бирюков И.А. История Астраханского казачьего войска. -   Сара-

тов, 1911. – Ч. ІІІ. - 974 с. 

Савичев Н. Исатай Тайманов. – орал, 1990. – 98 б.

досмұхамедұлы  Х.  Тайманұлы  Исатайдың  қозғалысы  тура-

сында  қысқаша  мағлұмат  //  Өтемісұлы  Махамбет  шығармаларының 

академиялық жинағы.– Алматы: Ғылым, 2003. – Т. 3. – 440 б. 

Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры. 2-ші басылуы. – Алматы: 

Санат, 1995. – 224 б. 

Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за независимость казахского на-

рода (1794-1838) // в кн.: Труды общества изучения Казахстана, отдел 

истории и этнографии. - Кызыл-орда, 1926. - Т. 7  – 292 с.

Рязанов А.Ф. восстание Исатая Тайманова (1836-1838 гг.). - Алма-

Ата: Алтын орда, 1991. – 102 с. 

Шахматов в.Ф. внутренняя орда и восстание Исатая Тайманова. 

– Алма-Ата: Изд. АН КазССР, 1946. – 253 с. 

Шахматов в.Ф. Казахская пастбищно-кочевая община: вопросы об-

разования, эволюции и разложения. – Алма-Ата: Наука, 1964. – 207 с.

Аспандияров Б. образование Букеевской орды и ее ликвидация. 

-  Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007. – 400 с.

Еренов А. очерки по истории феодальных земельных отношении в 

Казахстане. – Алма-Ата: Изд. АН КазССР, 1960.-190 с. 

Аполлова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с 

Россией в ХVIII- в начале ХІХ в. –М.: Изд. АН СССР, 1960.- 456 с.  

Бекмаханов  Е.  очерки  истории  Казахстана  ХІХ  в.  –  Алма-Ата: 

Мектеп, 1967. – 190 с.

Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХVII – начале ХХ вв. 

– Алма-Ата: Наука, 1971. – 633 с.

Зиманов С. общественный строй казахов первой половины ХІХ 

века. – Алма-Ата: Изд.АН КазССР, 1958. – 296 с.

Зиманов С. Россия и Букеевское ханство.- Алма-Ата: Наука, 1982.- 190 с.

Кенжалиев  И.  Махамбет  Өтемісов  (Өмірі  мен  қызметі  туралы 

қысқаша очерк). – Алматы: Қазақстан, 1974. – 56 б.; Соныкі, Тайманұлы 

Исатай (Өмірі мен қызметі туралы қысқаша тарихи очерк). – Алматы: 

Қазақстан, 1977. – 112 б.

Кенжалиев И.Н. Исатай-Махамбет. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 

190 б.


Кенжалиев И.Н. Бөкей ордасы (1801-1850). - орал: БҚМУ баспа-

ханасы, 2001. – 170 б.

Кенжалиев И.Н. Мақамбет. – орал: БҚМУ баспаханасы, 2003. – 

182 б.


Кенжалиев И.Н. Мақамбет толғаулары. оқу құралы. – орал, 2003. 

– 113 б.


Рысбеков Т.З. Өскен өлке тарихы. - орал: Полиграфия, 1997. – 180 б.

Бөкей орда тарихы. – орал: БПК дастан, 2001. – 196 б.

Рысбеков Т.З. Махамбет – қоғамдық-саяси қайраткер // Махамбет 

және ұлттық мұра: республикалық ғылыми-теориялық конференцияның 

материалдары. - орал, 2003. – 254 б. – 1-6 бб.

Касымбаев  Ж.К.  Государственные  деятели  казахских  ханств. 

XVIII-первой половины ХІХ вв. Жангир Хан (1801-1845 гг.). - Алматы: 

Наш Мир, 2001. - Т.4 – 352 с.

Бірімжаров  Б.Қ.  Батыс  Қазақстан  тарихынан.  ХҮІІІ-ХІХ  ғ.ғ.  – 

орал: БҚМУ баспаханасы, 2002. - 155 б. 

Бірімжаров Б. Хан Жәңгірдің екпіні // Алтын орда. – 2005. - №27.

Калмурзаев  А.А.  Социально-политические  процессы  в  Букеевском 

ханстве в середине ХІХ века и их влияние на жизнь и деятельность М.С. 

Бабажанова: автореф. ... канд. полит. наук: 23.00.02. – Алматы, 2001. - 27 с.

Бердіғожин  Л.Б.  1836-1838  жылдардағы  Исатай  Тайманұлы  мен 

Махамбет  Өтемісұлы  басқарған  қазақ  халқының  азаттық  қозғалысы 

тарихының деректік негізі мен тарихнамасы: тарих ғылым канд. ... ав-

тореф.: 07.00.09. – Алматы, 2003. - 29 б.   

Есмағамбетов  К.Л.  Қазақтар  шетел  әдебиетінде.  –  Алматы: 

Атамұра, 1994. – 240 б.

Есмағамбетов  К.Л.  Азат  рухтың  күрескері.  –  Алматы:  Өркениет, 

2003. – 176 б. 

Есмағамбетов  К.Л.  Тарих  таңдақтары.  Бірінші  кітап.  –  Алматы: 

Арыс, 2008. – 416 б. 

Қойгелдиев  М.К.  Исатай  мен  Жәңгір  ханның  тарихи  қызметі  мен 

тұлғасын  пайымдаудың  методологиялық  мәселелері  жөнінде  //  Махам-

бет – ерлік пен елдіктің өшпес рухы: халықаралық ғылыми-практикалық 

конференцияның материалдары. - Атырау, 2003. – Т. 1. - 393 б. – 44-55 бб.



178

179


Алдамжар  З.А.  Махамбеттану  –  ғылымның  күрделі  тақырыбы 

//  Қазақ  халқының  ұлт-азаттық  күресі  тарихының  өзекті  мәселелері: 

М.Өтемісұлының  200  жылдығына  арналған  аймақтық  ғылыми-

практикалық конференцияның материалдар жинағы. - Қостанай, 2003. 

- 242 б. – 8-14 бб.

Қыдыралин Ү.С. Ішкі (Бөкей) орда құрылуының саяси-әлеуметтік 

себептері // Махамбет – ерлік пен елдіктің өшпес рухы: халықаралық 

ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. - Атырау, 2003.- 

Т. 1. - 393 б. – 265-267 бб.

Табылдиев  Х.Б.  Махамбет  –  1836-1838  жылдардағы  ұлт-азаттық 

көтерілістің жаршысы // Махамбет – ерлік пен елдіктің өшпес рухы: 

халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. - 

Атырау, 2003. – Т. 1. - 393 б. – 258-264 бб.

Бақи  Ж.Б.,  Марданов  А.П.  Махамбет  –  ұлт-азаттық  көтерілістің 

жетекші күрескері және заманы туралы ақиқат // Қазақ халқының ұлт-

азаттық  күресі  тарихының  өзекті  мәселелері:  М.Өтемісұлының  200 

жылдығына арналған аймақтық ғылыми-практикалық конференцияның 

материалдар жинағы. -  Қостанай, 2003. - 242 б. – 88-95 бб.

Бөкейханов  Ғ.  Хан  Жәңгір  –  Бөкей  ордасының  реформаторы  // 

Түркістан. – 2002. – 5 қаңтар.

Әлімгереев Ө. Бөкей ханның тұсында // Алтын орда. – 2004. – 12 

наурыз.


Сейдімбек  А.  дәуір  толғағының  тұлғасы  //  Егемен  Қазақстан.  – 

2002. - 27 тамыз.

Егеубай  А.  Ақын  және  заман  (Махамбет  шығармаларының  про-

блематикасы) // Егемен Қазақстан. – 2003. - 12 қыркүйек.

Неталиев М. Ханның қателігі – халықты қанағаны // Ана тілі. – 

1992. -  №46; Сабыров С. орда жеріндегі ойлар // Саясат. – 1998. - №2; 

Ғұбайдуллин Б. Махамбет – Жәңгір дауы: бұған төреші кім? // Алтын 

орда. – 2001. - №19; Асқар И. Ақырып теңдік сұраған: Исатай батыр 

және оның көтерілісіне көзқарас // Қазақ әдебиеті. – 2003. - 13 маусым; 

даумов С. Естеліктер сөйлесе немесе Жәңгір хан туралы замандастары 

не дейді? // Парасат. – 2003. - №10; Соныкі, Махамбет және Жәңгір хан 

// Қазақ әдебиеті. – 2009. - 7-13 тамыз. 

Сдыков М. История населения Западного Казахстана. – Алматы: 

Тоо Курсив, 2004. – 408 с.

Харабалин  Ғ.Е. ХІХ ғасырдағы Бөкей ордасы. – орал, 2004. – 238 б.

Сариева Р.Х. Мұрағат және тарих (мақалалар, баяндамалар). – Ал-

маты: Арыс, 2004. – 292 б. 

Шарафутдинов  З.Ғ.  Еділ-Жайық  тарихы.  –  орал:  Ағартушы, 

2008. – 176 б.

Жұмалиев  Қ.  Егеулі  найза.  –  Алматы:  Жазушы,  1979  –  188  б.; 

Соныкі, Исатай-Махамбет көтерілісі және Махамбет поэзиясы туралы 

// Қазақ әдебиеті. – 1937. - 6, 10, 15 , 25 қыркүйек; 15, 20, 28 қазан. 

Аманшин  Б.  Махамбеттің  тағдыры  (роман  және  әдеби  зерттеу-

лер).  –  Алматы:  Жазушы,  1991.  –  400  б.;  Соныкі,  Махамбет  мұрасы 

төңірегінде // Қазақ әдебиеті. – 1956. - 26 қазан; Соныкі, Арыстан еді-ау 

Исатай // Лениншіл жас. – 1969. - 25 сәуір.

Сарай Ә. Екі тарлан. Исатай – Махамбет тарихы, зерттеу. - Алма-

ты: Өлке, 1997. – 408 б.

Кекілбаев Ә. Шандоз // Махамбет әлемі. – Алматы: Арыс, 2004. - 

19 кітап.  – 360 б.

Әбжанов Х.М., Назарбаева Г. Қазақстан: тарих пен тағдыр. – Ал-

маты: Кітап, 2003. – 296 б.; Абдоллаев Н.А. вопросы методологии и 

методики исторического исследования. – Актобе, 2009. – 308 с. 

Мұқтар  Ә.Қ.  Азаттық  таңы  жолында.  -  Алматы:  Ғылым,  2001.  -  

258 б;

Құрманалин  С.Б.  1847  –  1858  жылдардағы  Есет  Көтібарұлы 



бастаған ұлт-азаттық көтеріліс: тарих ғылым канд. ... автореф.: 07.00.02. 

- орал, 2002. - 30 б.; Ахмет А.Қ. Қаратай Нұралыұлының қоғамдық-

саяси  қызметі  (1771-1826):  тарих  ғылым  канд.  ...  автореф.:  07.00.02. 

– Алматы, 2003. – 30 б.;  Жақсығалиев Ж.Ж. Әбілқайыр ханның сая-

си  мәмілегерлік  қызметі:  тарих  ғылым  канд.  ...  автореф.:  07.00.02.  - 

орал, 2003. - 30 б; Байболсынова А.С. Патшалық Ресейдің ХҮІІІ–ХІХ 

ғасырлардағы Қазақстанды рухани-мәдени отарлау саясатының негізгі 

бағыттары  мен  көріністері  (Кіші  жүз  мәліметтері  бойынша):  тарих 

ғылым канд. ... автореф.: 07.00.02. – орал, 2006. - 30 б.

Қарамурзина  А.Қ.  Қайыпқали  Есімұлының  қоғамдық-саяси 

қызметі  (1789-1856):  тарих  ғылым  канд.  ...  диссертация:  07.00.02.  -  

Атырау, 2006. - 142 б. 

Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы 

(1745-1860): тарих ғылым канд. ... диссертация: 07.00.02. - орал, 2007. 

- 189 б.

Исхаков д.М., Халиков Н.А. Астраханские татары. - Казань, 1992. 

– 163 с.

Цыбич в.М., Ашанин Е.А. История волжского казачества. - Сара-

тов: Приволж.кн.изд., 2002. – 168 с.

Горбунов Н.П., Кучерук И.в., Афанасьев С.Н. История казачества 

в Астраханском крае. - Астрахань: Нова плюс, 2002. – 233 с.

Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). -  МЛ.: Изд.

АН СССР, 1940. - Т. 4 – 543 с.


180

181


Материалы по истории политического строя Казахстана. -  Алма-

Ата: Изд. АН КазССР, 1960. - Т. 1.  – 305 с. 

Казахско-русские отношения в ХVIII-XIX веках (1771-1867). Сбор-

III-XIX веках (1771-1867). Сбор-

-XIX веках (1771-1867). Сбор-

XIX веках (1771-1867). Сбор-

 веках (1771-1867). Сбор-

ник документов и материалов. - Алма-Ата: Наука, 1964. – 790 с.

Мукатаев Г.К. Хан Жангир – великий преобразователь степи (до-

кументы и материалы). - Санкт-Петербург: Издательство М.Ирхиной,  

2001. – 90 с.

Букеевской орде 200 лет. Издание из 6 книг / Под ред. М.Кулькенова. 

– Алматы: Өлке, 2001.

История Букеевского ханства. 1801-1852гг. (сборник документов и 

материалов). – Алматы: дайк-Пресс, 2002. – 1120 с.

Исатай-Махамбет (1801-1845). Құжаттар // Махамбет әлемі. – Ал-

маты: Арыс, 2003. - 9 кітап.– 347 б. 

Материалы по истории татарского народа. – Казань: АН Татарста-

на,  1995. – 496 с.

Астраханские  казахи:  история  и  современность  /  Под  ред. 

Г.д.Урастаевой. – Астрахань, 2000. – 278 с.

90 История Астраханского края / Под ред. Н.М.Ушакова. – Астра-

хань: Изд. Астраханского гос. пед. университета, 2000. – 1122 с.

91 Российское казачество. Научно-справочное издание / Под ред. 

Т.в. Таболиной. – Москва, 2003. – 880 с.

92 Шойынбаев Т.Ж. добровольное вхождение казахских земель в 

состав России. Издание второе. - Алма-Ата: Казахстан, 1982. – 279 с.

93 Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40-е годы ХІХ века. - Алма-Ата: 

Қазақ университеті, 1992. – 400 с. 

94 вяткин М.П. очерки по истории Казахской ССР. - Л.: Госполи-

тиздат, 1941. – 361 с.

95 вяткин М.П. Батыр Сырым – Алматы: Санат, 1998. – 344 с.

96 Сулейменов Б. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети 

ХІХ – начала ХХ века (1867-1907). - Алма-Ата: Изд. АН КазССР, 1963. 

– 405 с.

97 Масанов Н.Э. Проблемы социально-экономической истории Ка-

захстана на рубеже XVIII-XIX веков. - Алма-Ата: Наука, 1984. – 176 с.

98 Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік 

басқару мекемелерінің тарихы. - Алматы: Қазақ университеті, 2000. - 

320 б.


99 Мұқанов М. Қазақ жерінің тарихы. – Алматы: Атамұра, 1994. 

– 80 б.


100 Басин в.Я. Россия и казахские ханства в XVI-XVIII вв. - Алма-

Ата: Наука, 1971. – 275 с.

101  Ресей  Федерациясының  орынбор  облыстық  мемлекеттік 

мұрағаты (әрі қарай РФ ороММ), 6-қор, 10-тізбе, 4606-іс.

102 Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты 

(әрі қарай ҚР оММ), 4-қор, 1-тізбе, 392-іс.

103  Ресей  Федерациясының  Астрахань  облыстық  мемлекеттік 

мұрағаты (әрі қарай РФ АоММ), 1-қор, 13-тізбе, 26-іс.

104 РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 6-іс.

105 ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 104-іс.

106 РФ АоММ, 1-қор, 1-тізбе, 4596-іс.

107 Мұқтар Ә.Қ. Шаңды жорық немесе «қалмақ көшу» хақында // 

Қазақ тарихы. – 2001. - №6. - 3-6 бб.

108  Едилханова  С.А.  Казахско-джунгарские  отношения  в  ХҮІІ-

ХҮІІІ веках (некоторые историографические аспекты проблемы). – Ал-

маты: дайк-пресс, 2005. – 162 с.

109 Бичурин Н.Я. Историческое обозрение ойратов или калмыков 

с XV столетия до настоящего времени. 2-ое издание. - Элиста, 1991. – 

128 с.

РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 2-том, 145-іс.



РФ АоММ, 1-қор, 4- тізбе, 1-том, 554-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 287-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 1-тізбе, 2309-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 1-том, 7908-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1- тізбе, 495-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 1-тізбе, 2-том, 2238-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 208-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 1-тізбе, 3-том, 4161-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 1706-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 214-іс.

ҚР оММ ,78-қор, 1-тізбе, 8-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 2-том, 500-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 229-іс.

124  ҚР оММ, 78-қор, 4-тізбе, 41-іс.

125  РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 2-том, 352-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 284-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 1-том, 603-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 2236-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 1-тізбе, 4078-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 2-том, 450-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 2-том, 748-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 4-тізбе, 1-том, 796-іс.



182

183


РФ АоММ, 1-қор, 4-тізбе, 1-том, 598-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 4-тізбе, 1-том, 619-іс.

РФ ороММ, 222-қор, 2-тізбе, 2-іс.

Сүйінов С. Бөкей ордасы. – Алматы: Өлке, 2000. – 184 б.

Житецкий И.А. очерки быта Астраханских калмыков: этнографи-

ческие наблюдения. – Москва, 1893. - 73 с.

Пальмов Н. очерк истории Калмыцкого народа за его пребывания 

в пределах России. – Астрахань: Калмыцкое гос. изд., 1922. - 139 с.

васькин Н. Заселение Астраханского края. – волгоград, 1973. – 47 с.

Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. – Алматы: 

Санат, 1994. – 135 б.

Якубов  Т.  Песчаные  пустыни  и  полупустыни  Северного  Прика-

спия. -  М.: Изд. АН СССР, 1955. – 532 с.

Седельников Т. Борьба за землю в Киргизской степи. (Киргизский 

земельный вопрос и колонизационная политика правительства) - СПб.: 

дело, 1907. – 79 с. 

Қобландин К.И. Социально-экономическое и политическое разви-

тие внутренней (Букеевской) орды во второй половине ХІХ – начале 

ХХ вв.: автореф. ... канд. ист. наук: 07.00.02. – Алматы, 1990. - 30 с.

Тұрдалиев А.У. Қазақ-қалмақ қатынастары. (ХІХ ғ.-ХХ ғ. бас кезі): 

тарих ғылым канд. ... диссертация: 07.00.02 – Атырау, 2003. – 140 б.

Русский биографический словарь. - СПб., 1912. – 366 с.

146  РФ АоММ, 1-қор, 4-тізбе, 1-том, 1122-іс.

147  РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 1286-іс.

148  РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 2-том, 351-іс.

149  РФ АоММ, 1-қор, 1-тізбе, 472-іс.

150  ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 1-іс.

151  РФ АоММ, 1-қор, 5-тізбе, 195-іс.

152  РФ АоММ, 1-қор, 4-тізбе, 1106-іс.

153  ҚР оММ, 78-қор, 4-тізбе, 86-іс.

154  РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 2800-іс.

155  РФ АоММ, 1-қор, 5-тізбе, 600-іс.

156  РФ АоММ, 1-қор, 1-тізбе, 2424-іс.

157  РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 2-том, 986-іс.

158  ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 241-іс.

159  РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 2-том, 897-іс.

160  ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 5042-іс.

161  ҚР оММ, 78-қор, 4-тізбе, 84-іс.

162  РФ АоММ, 1-қор, 7-тізбе, 2446-іс.

163  РФ АоММ, 1-қор, 4-тізбе, 1114-іс.

164  Зобнин Ф.К. К вопросу о невольниках, рабах и тюленгутах 

в  киргизской  степи.  –  Семипалатинск:  Тип.  Семипалатинского  обл. 

правл. – 1902. – 99 с.

165    Шахматов  в.Ф.  Институт  тюленгутства  //  Известия  АН 

КазССР, серия истории, экономики, философии, права. – 1955. - №2. – 

С. 79-106.

166  оразбаева А. Қазақ қоғамындағы билер институты: шығу тегі, 

тарихи ролі мен маңызы: тарих ғылым канд. ... диссертация: 07.00.02. - 

Алматы, 1998. – 151 б.

167  Султанов  Т.И.  Поднятые  на  белой  кошме.  Потомки  Чингиз-

хана. -  Алматы: дайк-пресс, 2001. – 276 с.

168 Ерофеева И.в. Символы казахской государственности позднее, 

среденвековье и новые время. - Алматы: Аркаим, 2001. - 180 с.

169 Ерофеева И.в. Родословные казахских ханов и кожа XVIII - 

XIX вв.: История, Историография, Источники. – Алматы: Prints, 2003. 

- 178 с.


170 Балахонцев Б. Байгуши // Семипалатинские обл. ведомости. – 

1872. - №9.   

171 РФ АоММ, 1-қор, 5-тізбе, 640-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 5-тізбе, 1780-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 4-тізбе, 5-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 5-тізбе, 1791-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 5-тізбе, 588-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 4-тізбе, 88-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 4-тізбе, 87-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 1257-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 20-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 3-тізбе, 2-том, 620-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 6-тізбе, 1980-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 6-тізбе, 3000-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 4-тізбе, 90-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 55-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 2-тізбе, 945-іс.

РФ АоММ, 1-қор,4-тізбе, 920-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 6-тізбе, 2-том, 2298-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 4-тізбе, 91-іс.

РФ ороММ, 6-қор, 3-тізбе, 4472-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 15-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 206-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 1681-іс.



184

185


РФ ороММ, 6-қор, 10- тізбе, 1674-тізбе.

РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 3323-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 7-тізбе, 2-том, 2182-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 14-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 7-тізбе, 1172-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 1685-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 261-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 7-тізбе, 2446-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 7-іс.

Меңдігереев  К.Б.  Батыс  Қазақстан  аумағындағы  балық 

шаруашылығының даму тарихы (1801-1917): тарих ғылым канд. ... дис-

сертация: 07.00.02 - Атырау, 2007. - 129 б.

Ахметова Ұ. Арынғазы хан. - Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004. - 168 б.

Ахмет А. Қаратай хан. – Алматы: Арыс, 2007. – 176 б.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 25-іс.

РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 3599-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 7-тізбе, 2-том, 2589-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 28-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 7-тізбе, 2-том, 2566-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 301-іс.

РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 3400-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 2435-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 5503-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 2703а-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 5546-іс.

РФ АоММ, 1-қор, 8-тізбе, 27-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 2231-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 2-тізбе, 42-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 41-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 49-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 306-іс.

Жүгенбаева Г. Ауызша тарих айту // Қазақ тарихы. – 2004. - №1. – 

44-51 бб.; Соныкі, Ұлттық сипатты деректер // Қазақстан мұрағаттары. 

–  2005.  -  №1.  –  26-31  бб.  ;  Атабаев  Қ.  деректану:  оқу  құралы. 

Толықтырылып ІІ басылуы. – Алматы: Қазақ тарихы, 2007. – 272 б.; 

Сейдімбек  А.  Қазақтың  ауызша  тарихы.  Зерттеу.  –  Астана:  Фолиант, 

2008. – 728 б.

Махамбет.  Ереуіл  атқа  ер  салмай.  Өлеңдер.  –  Алматы:  Жазушы, 

1989. – 142 б.

Шөреков Ы. Исатай-Махамбет. – Алматы: Жазушы, 1976 – 163 б.

Бес ғасыр жырлайды. ІІ том. – Алматы: Жазушы, 1984. – 256 б.

Әбуталиев Н. Сегіз сері // Қазақ әдебиеті. – 1983. - 15 шілде.

Азаматқызы А. Жетім қыз // Жұлдыз. – 1959. - №2. – 99-101 бб.

Қорқытов Б. Мұрат ақын туралы // Жұлдыз. – 1980. - №3. – 191-194 бб.

Сатаев А. Құрманғазы // Жұлдыз. – 1980. - №3. – 197-199 бб. 

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 2350-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 2-тізбе, 14-іс.

РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 3978-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 42-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 4995-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 5440-іс.

РФ АоММ, 794-қор, 1-тізбе, 288-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 115-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 45-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 158-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 5458-іс.

РФ АоММ, 8-қор, 1-тізбе, 6-іс.

РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 4674/1-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 140-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 4225-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 4924-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 40-іс.

РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 4735-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 2-тізбе, 6-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 60-іс.

ҚР оММ, 78-қор,1-тізбе, 87-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 5436-іс.

РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 6587-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 5435-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 3369-іс.

РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 4674/1-іс.

РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 4735-іс.

РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 6882-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 1-тізбе, 154-іс.

РФ ороММ, 6-қор, 10-тізбе, 6571-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 3-тізбе, 97-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 2-тізбе, 9459-іс.

ҚР оММ, 4-қор, 1-тізбе, 5545-іс.

ҚР оММ, 78-қор, 2-тізбе, 5894- іс.

ҚР оММ, 78-қор, 2-тізбе, 947-іс.



186

187


Фукс С.Л. обычное право казахов в XVIII - первой половине ХІХ 

века. - Алма-Ата: Наука, 1981. – 224 с.

Проблемы казахского обычного права. - Алма-Ата: Наука, 1989. – 

144 с.  


История России. ХІХ век / Под ред. в.Г.Тюкавкина. – М.: Гуманит. 

Изд. Центр вЛАдоС, 2001. - Ч. 1.  – 256 с.

История России. ХІХ век / Под ред. в.Г.Тюкавкина. – М.: Гуманит. 

Изд. Центр вЛАдоС, 2001. - Ч. 2. – 352 с.



ҚОСЫМША А

1793-1803 жылдардағы қазақтарға қарсы Еділ мен жайық 

өзендері аралығында құрылған кордондардың картасы.

Ескерту  –  Бұл  карта  РФ  АоММ,  карталар  қоры,  1-т.,  43-і. 

Құжатынан алынды


188

189


ҚОСЫМША Б

Графиня А.И.Безбородко мен князь Н.Б.Юсупов иеліктерінде 

қыстап шыққан Бөкейлік қазақтардың шаңырақ және мал саны 

жөніндегі мәлімет. 1829 жыл 24 қараша.

Мекендер мен 

саяжайлар

Шаңырақ


Мал саны

Түйе


Жылқы

Ірі 


қара

Қой


Барлығы

Графиня


Безбородко мұрагерлерінің 

иеліктерінде 

Телепневтан Коневский 

кордонына дейін

Коневскийден Бақсай кордо-

нына дейін

Барлығы

1980


2350

4330


7920

9400


17320

59400


70500

129900


19800

23500


43300

158400


188000

346400


245520

291400


536920

Князь       

Юсуповтың иеліктерінде

Бастапқы орыннан Қосалған 

кордонына дейін

Қосалғаннан Кокоревск кор-

донына дейін

Кокоревсктен Кульпинский 

кордонына дейін

Кульпинскийден лебедев-

скийге дейін

Лебедевскийден Богатый 

Култукқа дейін

Барлығы 


1320

325


220

200


535

2600


5280

1300


880

800


2140

10400


39600

9750


6600

6000


16050

78000


13200

3250


2200

2000


5350

26000


105600

26600


17600

16000


42800

208000


163680

40300


27280

24800


66340

322400


Барлығы

6930


27720

207900


69300

554400


859320

Ескерту - Бұл мәлімет РФ АоММ, 1-қ., 7-т., 2446-і., 62-п. құжатынан алынды



ҚОСЫМША В

жекелеген жер телімдеріне бөлінген Бөкей Ордасының картасы. 

Ескерту - Бұл карта РФ АоММ, 1-қ., 8-т., 27-і., 95-п. құжатынан 

алынды


190

191


ҚОСЫМША  Г

жәңгір ханның старшын К.Құрманқожаевқа жер иелену жөнінде 

берген куәлікнемесінің көшірмесі.

Ескерту - Бұл көшірме ҚР оММ, 78-қ., 4-т., 24-і., 3-п. құжатынан 

алынды

МАЗМҰНЫ

КіРіСПЕ......................................................................................................3

1  БӨКЕЙ  ОРДАСЫНДАҒЫ  жЕР  МӘСЕЛЕСі  жӘНЕ  ОНЫҢ 

жАЛПЫ КӨРіНіСТЕРі (ХіХ ҒАСЫРДЫҢ БіРіНШі ШИРЕГі)

Бөкей ордасы құрылуының саяси-экономикалық аспектілері.............17

1.2 Бөкей Нұралыұлы және елдегі аграрлық реформалар

     (1801-1815 жж).....................................................................................38

1.3 Сұлтан Шығай Нұралыұлы билігі тұсындағы хандықтағы жер      

      мәселесі (1815-1823 жж.)...................................................................70



2  АГРАРЛЫҚ  САЯСАТТАҒЫ  ТҮБЕГЕЙЛі  БЕТБҰРЫСТАР 

жӘНЕ  ОНЫҢ  НЕГіЗГі  БАҒЫТТАРЫ  (ХіХ  ҒАСЫРДЫҢ 

ЕКіНШі ШИРЕГі)

2.1 Жәңгір Бөкейұлы жүргізген аграрлық реформалардың 

      бірінші кезеңі (1825-1830 жж.): алғышарттары, 

      басым бағыттары, қорытындылары..................................................97

2.2 Бөкей ордасындағы жер реформаларының екінші кезеңі 

      (1831-1845 жж.): жүру барысы, қайшылықтары, 

      әлеуметтік-экономикалық салдары.................................................124

2.3  Уақытша  Кеңес  және  қайта  реформалауға  талпыныс  

      (1845 – 1850 жж.)...............................................................................154

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................169

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТіЗіМі................................175

ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................187


192

Тапсырыс № 6. Көлемі  12 б.т. Таралымы 500 дана.   

офсет қағазы.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан                       

мемлекеттік университетінің 

Редакциялық баспа орталығы.



орал қаласы, достық даңғылы, 162. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет