еркін елдің ертеңі
Арайлым ШАБДЕНоВА
Тәуелсіздіктің құрдасы – Нұржан
Туғанбаев. Жамбыл ауданы, Түркісіб
ауылында 1991 жылы 18 маусымда
дүниеге келген. Антон Макаренко
орта мектебінде білім алған бала
Нұржан мектеп қабырғасында жүріп-
ақ өз бойындағы дара қасиеттерімен
көзге түскен. О баста мектептің
президенті болып, көшбасшылыққа
бой түзеген Нұржан Маратұлы
поэзия әлемінен де алыс емес.
Оқушы кезінде Абай, М.Мақатаев,
Ж.Жабаев байқауларына белсе-
не қатысып, аудандық, облыстық
сайыстарда жүлделі орындардан
көрінген. Өзінің ақындық қасиетін
Нұржан Абай оқуларына қатысып
жүрген кезде шыңдаған. Шамамен
7-сыныпта оқып жүргенде, Абай
Құнанбаевқа 14 шумақтан тұратын
өлең арнаған оқушы бала облыстық
байқауда бас жүлдені қанжығалаған.
Әдебиетке деген қызығушылық
оқушы Нұржанды газет-журнал-
дарды оқуға, тіпті оны хоббиі ету-
ге алып келеді. Республикалық
«Егемен Қазақстан», «Айқын»
газеттерімен қатар облыстық
басылымдардың жаңа сандарын
үтір-нүктесін қалдырмай оқыған
Нұржан Туғанбаев «филолог»
мамандығын таңдайды. Ол 2009-
2013 жыл аралығында М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік
университетін «Филология»
мамандығы бойынша тәмамдайды.
Университет қабырғасында жүріп
аға журналистермен, облыстың,
қаланың Құрметті азаматтары-
мен сұхбат құрып, журналисти-
егемен елмен ертеңін байланыстырған тәуелсіздіктің құрдастары болашаққа
жоспарын жасап, бағындырар биіктеріне нық сеніммен қадам басуда.
егемендік жылдары еліміздің жеткен жетістіктерін орта арнаулы оқу орындарында білім
алып жатқан студенттер мақтан етеді.
ел тәуелсіздігінің
25 жылдығына орай
ұйымдастырылған
«25 жұлдызды күн»
аясында белсенді жастар
қала тұрғындарына ел
егемендігін айшықтайтын
буклеттер, флаерлер мен
күнтізбелер таратты.
Жастармен пікірлесті
Жетістіктер
насихатталды
Сейділдә ТӨрЕН
Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен
қолға алынған «Қазақстан – Тәуелсіздік жолында» атты жоба
«Қазақстан-2020: болашаққа жол» ҚР Мемлекеттік жастар
саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру
және жастар арасында еліміздің ширек ғасырда қол жеткізген
жетістіктерін насихаттау мақсатын ұстанды.
Жоба аясында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық
колледжінде студенттермен кездесу өткізілді. Жиынды облыстық
Жастар ресурстық орталығының жастар ұйымдарымен және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аға кеңесшісі Арайлым
Әбдуалиева ашып, жүргізіп отырды. Басқосуда «Желтоқсан
ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық
филиалының төрағасы Санат Қонарбаев Желтоқсан оқиғасы
себептерін айтып, естеліктерімен бөлісті. Ал облыстық
тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру
дирекциясының бөлім басшысы Сауран Қалиев ел тарихынан
сыр шертті. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Жастар ісі жөніндегі
комитет төрайымы, Тәуелсіздіктің төл құрдасы Адина Айнаева
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Шараны қала әкімдігі ішкі саясат
бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тап-
сырысы шеңберінде Тараз Жастар
ресурстық орталығының еріктілері
мен «Қазақстанның болашағы үшін»
қоғамдық бірлестігінің белсенділері
ұйымдастырды. Жастар «Ауыл-
Береке», «Қайқармет» және орталық
базарларда, Халыққа қызмет көрсету
орталықтарының бөлімшелері мен
«SMALL», «Голубой экран» сын-
ды сауда орталықтарында болды.
Тұрғындарға ел егемендігі тұсында
жеткен жетістіктерімізді айшықтайтын
буклеттер, флаерлер, күнтізбелер тара-
тылды. Ұйымдастырушылар күнделікті
күйбең тіршілікпен жүрген халық ара-
сында ұлық мерекені насихаттау керек
екенін алға тартады.
- Біздің ең қымбат қазынамыз, ең бас-
ты жетістігіміз - халқымыздың бірлігі.
Бірліктің арқасында елімізде тыныштық
пен тұрақтылық салтанат құрды. Ал
тыныштық пен тұрақтылық қашанда
дамудың кепілі екендігін жастар
әрдайым ұғынулары тиіс. Осы орайда,
қала жастары бірқатар іс-шаралар
өткізіп келеді. Мәселен, бүгін біз халық
көп жиналатын орындарда ақпараттық
материалдар таратып жатырмыз.
Мұнда шаһардың мыңдаған тұрғыны
қамтылды, - дейді «Қазақстанның
болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы Ғабиден Исатай.
Сонымен қатар мерекелік шара Жам-
был политехникалық колледжінде
жалғасын тапты. Онда «Менің
Президентім!» - «Мой Президент!»
атты бөлімаралық флешмоб байқауы
өтті. Оқу орнының бөлімдері сынға
түскен байқауда қазақша бір немесе
бірнеше патриоттық әуеннен құралған
музыка ырғағына билеулері тиіс
болды. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің
жетістіктерін бимен әспеттеген шара
көрермендердің көңілін көтерді.
нұржан туғанбай.
ка саласына түре ден қояды. ІІ
курстың студенті атанғанда Нұржан
Маратұлы «АРстан» қоғамдық-
саяси газетінде тәжірибеден екі апта
өтіп, еңбек жолын осы басылым-
нан бастайды. Ә дегенде қаланың
қауырт тіршілігінен бастап, об-
лыста белең алып жатқан сан түрлі
оқиғаларды қаламына арқау еткен
жас журналисті сол кездегі қалалық
«Жамбыл-Тараз» қоғамдық-
саяси газеті бас редакторының
міндетін атқарушы Болат Бекжанов
жұмысқа шақырады. Мұнда спорт
тақырыптарын қаламына арқау
етеді. Журналистикамен қатар,
университеттегі оқуды бірге алып
жүрген Нұржан Туғанбаевтың
спортқа, оның ішінде футболға
деген ерекше ықыласы осы тұста
ауады. Сөйтіп, елімізде тұңғыш
рет қазақ тілінде, оның ішінде
спорттық ойындарды ана тілімізде
көріп, тамашалауға болатын
«Аламан.кз» сайтын Ермұхамед
Маулен екеуі бірігіп ашады. Футбол
ойынына қызығып қана қоймай,
оны жанына серік еткен Нұржан
Маратұлы «Қазақстан-Тараз» теле-
арнасы ұйымдастырған коммента-
тор кастингіне қатысып, Наймбек
Бағбановпен бірге тікелей эфирде
футбол ойынын жүргізеді. Со-
дан бастап бүгінгі таңға дейін
футболды үзбей тікелей эфирде
жүргізіп жүрген Нұржан Туғанбаев
спорттың волейбол, шахмат, теннис,
жүзу түрлерімен шұғылданады.
Еңбек жолын облыстық «АРстан»
қоғамдық-саяси газетінде тілші
ретінде бастаған жас журналист
бас редактордың орынбасары
қызметіне дейін көтеріледі. Сол
аралықта ол облыста тұңғыш рет
жарық көрген «Жұлдызды Жам-
был спорты» энциклопедиясының
соавторы және екі отбасылық
шежіре кітабының редакторы
болып, жинақтардың шығуына
атсалысады. Ал 2014 жылы
Тараз инновациялық-гуманитарлық
университетіне баспасөз хатшысы
болса, 2015 жылдың қыркүйек
айынан бері аталған университетте
Медиа орталық директоры қызметін
атқаруда. Сондай-ақ «Жастар айды-
ны» газетінің редакторы.
Халықаралық спорт додала-
рын тікелей эфирде жүргізуді
армандайтын Нұржан Маратұлы
жақында шаңырақ көтерді. Жары
да Тәуелсіздіктің құрдасы. Айман
Назарбаев Зияткерлік мектебінде
ұстаздық қызметте болып, бүгінде
№45 мектеп-гимназиясында қазақ
тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Өлең
жазады. Тіпті ел Тәуелсіздігінің
20 жылдығына орай «Алау сезім»
атты тұңғыш жыр жинағы жарық
көрген. Үйлену тойларының
Тұңғыш Президент күніне жоспар-
лануы да кездейсоқтық еместігін
айтып қалды әңгіме барысында
Нұржан Маратұлы.
– 1991 жылдың 16 желтоқсаны–
барша қазақстандықтардың ең
бақытты, аңсаған арманына жеткен
күні, тәуелсіздіктің таңы атқан күн.
Тәуелсіздіктің төл құрдасымын. Мен
өзімді егемен елде, тәуелсіздіктің
таңы арайлап атқан бақытты
Қазақстанда туғаныма шексіз
қуанамын. Міне, содан бері 25 жыл
зырғып өте шықты. Азаттықтың
арқасында біз бақытты балалық
шақта өсіп, алаңсыз білім алып,
шаттыққа толы студенттік өмірді
көріп, қазір еш уайымсыз ашық аспан
астында берекелі де мерекелі ғұмыр
кешудеміз. Ата-бабамыз арман еткен
«ағаштан бал», «шөптен сүт» ағылып
жатқан заманның құрдасымыз,
егемендіктің биігінде самғаған
еркіндіктің құсымыз. Осының бәрі
ата-бабаның қанымен, ақ білектің
күшімен, ақ найзаның ұшымен
келді. Сондықтан да біз олардың
алдында мәңгілік қарыздармыз.
Елбасымыз «Болашақ - жастардың
қолында» деп жиі айтады, бізге
үлкен сенім артады. Сол кемел
келешекті жасайтындар - Тәуелсіздік
құрдастары. Жастар саясатын жүзеге
асыруда барлық жағдай жасалы-
нуда. Осы жылдары мен көптеген
жетістіктерге қол жеткіздім. Мұның
барлығы ерен еңбектің арқасы бол-
са, бізге еңбектенуге зор мүмкіндік
беріп отырған егемендігіміз мәңгі
болсын! - дейді Нұржан.
жастармен жүздесу.
егемендік жылдары еліміздің жеткен жетістіктеріне
тоқталып өтті. Сондай-ақ колледж студенттері
көкейлеріндегі сауалдарына нақты жауаптар алды.
Апталық аясында мұндай кездесулер Жамбыл
политехникалық және Жамбыл медициналық,
Жамбыл қазақ-түрік есеп және экономика, Тараз
политехникалық және «Білім» кәсіби гуманитарлық-
техникалық, №13 Тараз темір жол колледждерінде де
өтті. Жиындар Тараз химия-технология және Тараз тех-
ника және бизнес колледждерінде қорытындыланды.
14
// «Жамбыл - Тараз» // №48 (1336), 30 қараша 2016 Жыл //
алуан
оБЛЫСТЫҚ ДрАМА ТЕАТрЫ
30 қараша 2016 жыл
11.00
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне
арналған
республикалық
ғылыми-тәжірибелік
конференция
ТЕМІр ЖоЛ БЕКЕТІ
30 қараша 2016 жыл
23.30
«Тәуелсіз Қазақстан» республикалық пойызын күтіп
алу рәсімі
ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ үЙІ
1 желтоқсан 2016 жыл
10.00
Елбасының еңбек жолына арналған көрменің ашылуы
1 желтоқсан 2016 жыл
10.00
«Қазақстанда жасалған» атты флешмоб акция
1 желтоқсан 2016 жыл
11.00
«Елбасы - ел тірегі» атты жас патриоттар форумы
«БАЛАСАҒҰН» орТАЛЫҚ КоНцЕрТТІК ЗАЛ
30 қараша 2016 жыл
16.00
«Әнім саған арналады, Қазақстан!» атты Қазақстан
туралы үздік 25 әнді орындау акциясы
ТҰңҒЫШ ПрЕЗИДЕНТ АТЫНДАҒЫ САяБАҚ
1 желтоқсан 2016 жыл
10.00
Тұңғыш Президент күніне орай ҚР Мемлекеттік
Туын салтанатты көтеру рәсімі
1желтоқсан 2016 жыл
10.15
«Менің Президентім» атты Президент әндерінен
жастар флешмобы
1 желтоқсан 2016 жыл
10.30
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай «Джип тур» автоэкспедициясы
1 желтоқсан 2016 жыл
10.45
Тұңғыш Президент күніне орай қала тұрғындары
арасында жеңіл атлетика жарысы (Тұңғыш
Президент саябағынан орталық «Достық»
алаңына дейін)
1 желтоқсан 2016 жыл
18.00
«Ұлты ұлықтаған Елбасы» атты мерекелік
бағдарлама, «Елі сүйген Елбасы» атты концерттік
бағдарлама, мерекелік отшашу
Қазақстан республикасы тұңғыш
президенті күніне
ұйымдастырылатын мәдени
іс-шаралардың жоспары
Қатар жүрген құрдасымыз,
бірге оқыған досымыз Сенбек
Қошқарбайұлы өмірден озды
дегенді естігенде, ойымызға
әуелі ақиық ақын Мұқағали
Мақатаевтың өлең жолдары ора-
лады. «Қолда барда алтынның
қадірі жоқ»... Тіршілікте қасымызда
жарқылдап жүргеніңде асыл да
абзал ниеттеріңді білсек те бағалай
алмағанымызды, ағымыздан жа-
рылып айтпағанымызды ойласақ,
қаймығамыз, сағынамыз. Сенің
орның барлық жерде ойсырап тұр.
ҚР Құрметті құрылысшысы,
Білім беру ісінің үздігі Сенбек
Қошқарбайұлы бар ғұмырын
жас ұрпақты тәрбиелеуге арна-
ды. М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетінің про-
фессоры, техника ғылымдарының
кандидаты Сенбек Қошқарбайұлы
Шилібековтің өмірі мен өнегелі ісі
көпке үлгі болады.
Студенттік алғашқы күндерден-
ақ ол өзінің алғыр, көпшіл, білімге
деген құштарлығын, қай іске бол-
масын өте үлкен жауапкершілікпен
қарайтынын көрсете білді.
Тиянақтылығы мен еңбекқорлығы
ескеріліп, институт қабырғасында
топтың кәсіподақ ұйымын
басқарды. Қай уақытта болса да ол
төңірегіне өз ісіне берілген, адал
азаматтарды топтастыра білді. Ол
үшін білім алғанда, еңбек қазғанда
яки бір істі қолға алса күн мен
түн, мереке, мейрам болмайтын.
«Сен түнгі қарауылсың» деп
қалжыңдаушы едік. Мінекей, сол
достың да өмірден өткеніне екі
жарым жыл уақыт өтіпті. Сенгің
келмейді, өкінішті.
О л 1 9 7 9 ж ы л ы ат а л ғ а н
и н с т и т у т т ы ң « А у ы л
шаруашылығының құрылысшысы»
мамандығын үздік тәмамдап,
о қ ы т у ш ы л ы қ қ ы з м е т і н
«Топырақтар механикасы, жерта-
бандар мен іргетастар» кафедра-
сында ассистент болып бастады.
1981 жылы Ленинград инженерлік-
құрылыс институтының «Жер-
табандар мен іргетастар» ка-
федрасында т.ғ.д., профессор
Б.И.Далматовтың жетекшілігімен
тағылымдамадан өтті. 1984 жылы
Пермь политехникалық институ-
тында күндізгі оқу бөлімінде аспи-
рантураны бітіріп, «Негіздіктер,
і р г е т а с т а р ж ә н е ж е р а с т ы
құрылымдары» мамандығы бой-
ынша Ресей Ғылым академиясының
корреспондент мүшесі, т.ғ.д.,
профессор А.А.Бартоломейдің
жетекшілігімен «Негіздер,
і р г е т а с т а р ж ә н е ж е р а с т ы
құрылымдары» кафедрасында
кандидаттық диссертациясын
дайындап, 1990 жылы қорғап
шықты. Аспирантураны аяқтаған
соң, 1988 жылдан бері Жамбыл
гидромелиоративтік құрылыс
институтында «Инженерлік
конструкциялар» кафедрасын-
да ассистент, аға оқытушы, до-
цент, кафедра меңгерушісі
қызметтерін атқарды. Техника
ғылымдарының кандидаты 1995
жылдан бері М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті
«Құрылыс материалдары және кон-
струкциялар» кафедрасында доцент
болды. 2008-2009 жылдары кафедра
меңгерушісі болып еңбек етті. 1995
жылы Қазақстан Республикасының
Жоғары Аттестациялау комиссиясы
құрылыс мамандығы бойынша
С.Шилібековке доцент ғылыми
атағы берілді.
Педагогикалық, оқу-әдістемелік
және ғылыми жұмыстарын
қатар атқарды. Отыздан астам
оқу-әдістемелік нұсқаулар мен
құралдарын жариялады. «Құрылыс»
мамандығының студенттеріне
арналған «Топырақтану және
топырақтар механикасы» оқу
құралының авторы (2011ж).
Ғылыми іс-әрекетінің негізгі
бағыты – іргетас құрылысы,
ерекше топырақ жағдайында
ғимараттар мен құрылымдар
құрылысы, ғимаратты күшейту
және зерттеу, зілзалаға төзімді
күрделі құрылыс. 2001-2005
жылдарда түрлі ғимараттар мен
құрылымдар, автожол көпірлерінің
техникалық жағдайын бақылаумен
а й н а л ы с т ы . Қ а з а қ с т а н
Республикасының зілзалаға қауіпті
аймақтарындағы ғимараттар мен
құрылымдардың құрылыс жағдайы
мен техникалық жағдайын бағалау
және зерттеу бойынша практикалық
тәжірибесі мол болды. 2004 жылы
Қазақстан Республикасының Ин-
дустрия және сауда министрлігінің
Қ ұ р ы л ы с і с т е р і б о й ы н ш а
комитетінің республикалық ғылыми-
әдістемелік комиссиясының
біліктілікті жоғарылату курсын-
да оқып, зілзала аудандарында
жобалық жұмыстарды жүргізуге
құқық беретін куәлік алған.
Т.Рысқұлов ауданында зілзала
болған кезде С.Шилібеков өзінің
білімі мен тәжірибесін апат болған
аймақта зілзала зардабын жоюға
жұмсап, көптеген жобалар жасауға
қатысты.
Алпыст ан аст ам ғылыми
жұмыстардың, оның ішінде
«Нығыздалған қазаншұңқырларда
іргетастарды орнату» (2011 ж.)
монографиясы және 5 өнертабыс
авторы. ҚР Ұлттық геотехника
Ассоциациясының мүшесі.
Өмір тосын дүниелерге толы.
Емен-жарқын көңілмен кеше
ғана арамызда жүрген Сенбек
Қошқарбайұлы соңына ұл-қыздары
мен аяулы жарын, ағайын-туыс, дос-
жарандарын қалдырып, бақилыққа
аттанғанына сенгіміз келмейді. Әлі
де бір күні алдымыздан жарқылдап
шыға келердей болып тұрады.
Сенбек Қошқарбайұлы арамыз-
да болса, желтоқсан айының 8
жұлдызында 60 жасқа толар еді...
С о ң ы н а н ж а қ с ы с ө з ,
ө н е г е л і і с қ а л д ы р ғ а н
Сенбек Қошқарбайұлының жарқын
бейнесі болашақ ұрпағы мен көз
көргендердің жүрегінде әрқашан
жарқырап тұра берері анық.
30 жылдан астам өзі еңбек
еткен ғылым мен білім орда-
сы М.Х. Дулати атындағы Та-
раз мемлекеттік университетінде
Сенбек Қошқарбайұлының аты-
мен аталатын аудитория ашылды.
Бұл - артында қалған ұл-қыздары
үшін үлкен мәртебе. Еңбек десе
ішкен асын жерге қоятын, бетегеден
биік, жусаннан аласа қарапайым
азаматтың көре алмай кеткен
қызығын ендігі жерде ұрпақтарына
жазсын демекпіз.
Нұрлан ІңКӘрБЕКоВ,
«Су шаруашылығы, экология
және құрылыс»
факультетінің деканы.
сағынып еске аламыз!
Халықаралық мүгедектер
күніне орай Жамбыл облыстық
мүгедектерді оңалту және
бейімдеу орталығының
оңалушыларын іскер әйелдер
қоғамының мүшесі, «Гауһартас»
мейрамханасының қожайыны
меруерт лештаева ақ дастархан
жайып, қонаққа шақырды.
Бақытым да, байлығым да - денсаулығым
еліміз өркениетті елдер қатарына қосыламыз
деп қарыштап қадам басып жатқан тұста, білім
жүйесіне де тың өзгерістер енуде. сапалы білім
беру оқытушылардың шеберлігі мен іскерлігіне
байланысты. ал оқытушылардың шеберлігі
мен іскерліктерін дамытуда оқытудың жаңа
технологияларын қолданудың маңыздылығы зор.
тиімді әдіс, керекті тәсіл
Жуырда «Кәсіпқор» холдингі» КЕ АҚ ұйымдастыруымен Астанада
«Біліктілікті арттыру – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің
инженерлік-техникалық кадрларының кәсіби даму құралдарының бірі»
атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына
(тренерлеріне) арналған семинар-практикум өтті. Оған еліміздің ТжКБ
ұйымдарының 218 оқытушысы (тренерлері) қатысты. Семинар-практикум
«Ағылшын тілін арнайы пәндермен кіріктіріп оқытудың әдістемесі» және
«ТжКБ оқу орындарының кредиттік оқыту технологиясына өтудің әдістемелік
ұйымдастыру аспектілері» тақырыптары бойынша екі бағытта жүргізілді.
Курс тақырыптары қазіргі уақытта өте өзекті. Себебі кредиттік технология
ТжКБ оқу орындарында студенттердің пәндерді таңдау, өз бетінше оқу, іздену
қабілеттерін арттырады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы (CLIL) сын
тұрғысынан ойлай алатын, жаңашыл ойлауға қабілетті, рухы мықты, өз білімін
қоғамның алға басуына жұмсай алатын маманды тәрбиелеуге бағытталған.
Жамбыл политехникалық колледжінің оқытушылары білікті тренерлердің
арқасында көптеген жаңа мәліметтермен танысып, арнайы пәнді ағылшын
тілімен кіріктіре отырып оқытудың белсенді әдістерімен жұмыс істеу
дағдысын қалыптастырып, білім көкжиегімізді кеңейттік.
Жамбыл облысы ТжКБ оқытушыларына каскадты тәсіл бойынша оқытуды
қолға алдық. Осы курсты ұйымдастырушы «Кәсіпқор» холдингі» КЕ АҚ
басшылығына алғысымыз мол.
К.Д.КУрМАНоВА, С.М.НАУрЫЗҚҰЛоВА, г.БЕрИКҚАЛИЕВА,
Жамбыл политехникалық колледжінің
арнайы пән оқытушылары.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Шарада мүгедектерді оңалту орталығының
директоры Гулнар Бектасова мүмкіндігі шектеулі
азаматтарға мемлекетіміздің үлкен қамқорлық
көрсетіп, олардың денсаулықтарын емдеуге барлық
мүмкіншілік жасап отырғанын атап айтып, ем
алушыларға тезірек айығуына тілек білдірді. Сондай-
ақ дастархан басында Іскер әйелдер қоғамының
мүшелері оңалушыларға сыйлықтар таратты. Соның
шінде Сауле Рысбаева оңалушыларға денсаулық тілеп,
өмірлерінің мәнді де сәнді болып, шаңырақтарына
шаттық тіледі. Оңалушылар Гүлзат Ортаева,
Эльмира Сатыбалдина осы кеште өнерлерін көрсетіп,
алғыстарын білдірді. Мекеменің қызметкерлері де сол
мейрамханада әннен шашу шашып, ем алушыларға
көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оңалушы Жарылқасын
Байтанов «Гауһартас» мейрамханасының қожайыны
Меруерт Лештаева және Іскер әйелдер қоғамының
мүшелеріне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
// «Жамбыл - Тараз» // №48 (1336), 30 қараша 2016 Жыл //
спорт
15
Достарыңызбен бөлісу: |