Қала ҚонаҚтары! Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата03.03.2017
өлшемі6,65 Mb.
#6126
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 №48 (1336) 30 қараша

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

Құрметті 

тараздыҚтар, 

Қала ҚонаҚтары!

Қазақстан Республикасы 

Тұңғыш Президенті күні - халықтық                                                                  

мерекеге айналған мемлекеттік 

мереке. Бұл күні біз  Ұлт 

көшбасшысының стратегиялық 

талантына, ақыл-парасаты 

мен болжампаздығы 

арқасында ел тәуелсіздігі                                                               

тарихында, бүкіләлемдік саясатта 

«қазақстандық даму жолы»  жаңа 

атауы  пайда болғандығын асқан 

мақтаныш деп білеміз.

Мемлекет  басшысы жаңа 

мемлекеттің болашағы үшін                                    

тарихи жауапкершілікті өзіне 

ала білді. Көшбасшының халқы 

алдындағы жеке жауапкершілігі 

еліміздің маңызды жетістіктері- 

бірлік, тұрақтылық, орнықты                              

дамуын айқындады. Бүгінде 

Қазақстан халқы Президенттің 

бейбітшілік  пен келісім саясатына, 

реформаларына қолдау көрсетуде. 

«Қазақстан-2030» Даму                                                              

стратегиясында одан әрі дамудың 

нақты бағдары көрсетілген. 

Интеллектуалды капитал, 

еңбек адамы, инновациялық                                                  

ойлау жаңа Қазақстанның басты 

құндылықтары болуда.

Елбасының бастамасымен 

әзірленген «Нұрлы жол»,  «Жұмыспен 

қамтудың жол картасы-2020», 

«Бизнестің жол картасы-2020» 

әлеуметтік бағдарламалары әрбір 

азаматтың игіліктерін қамтамасыз 

етуге бағытталған.

Қазақстанның «ЭКСПО-2017» 

дүниежүзілік көрмесі өтетін ел 

ретінде таңдалуы - Елбасының 

беделі, осындай ауқымдағы іс-

шараларды қабылдай алатынын 

халықаралық қоғамдастықтың 

мойындауының куәсі. Бұл - Ұлт 

көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың жүргізіп отырған 

саясатына берілген жоғары баға.  

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш 

Президенті күні Тараз қаласының 

барлық тұрғындарына келісім мен 

бірлік, ортақ Отанымыз Қазақстан 

Республикасының игілігі жолындағы 

істері мен бастамаларына табыс 

тілеймін.

Нұржан КалеНдеров,

Тараз қаласының әкімі.    

желтоқсан -

қазақстан

республикасының



тұңғыш 

президенті күні

2016 жылдың 3 желтоқсан 

күні сағат 9.00-ден бастап 

орталық «достық» алаңында 

төмендетілген бағамен ауыл 

шаруашылығы өнімдерінің 

жәрмеңкесі өткізіледі.  

Жәрмеңкеге барлығыңызды 

шақырамыз.

тараз қаласының 

әкімдігі.

Құрметті тараз Қаласының 

тұрғындары!

қала-қарбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №48 (1336), 30 қараша  2016 Жыл  //



«Taraz InvesT – agro|ChemICal Day 2016» - 

келісім алаңы

Ерман ӘБДИЕВ

Тараз қаласында аймақтағы агрохимиялық са-

ланы дамыту мен инвестиция тарту мәселелеріне 

арналған  «Taraz  Invest  – Agro|Chemical  Day 

2016»  аймақтық  инвестициялық  форумы  өтті. 

Шараны ұйымдастырушылар –  Жамбыл облы-

сы әкімдігі мен «Біріккен химиялық компания» 

ЖШС-і.  Форумда  компания  өкілдері  көрмесі 

ұйымдастырылып,    алғаш  сөз  алған  Жамбыл 

облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев: «Жыл сайын 

Жамбыл облысы индустриялық әлеуетін арттырып 

келеді, жергілікті өндірісті дамытуда инвестиция-

ны тарту үшін қолайлы климат құрылады. «Taraz 

Invest – Agro|Chemical Day 2016» халықаралық 

инвестициялық форумын өткізу өнеркәсіптік және 

химиялық-технологиялық  өндіріс  саласындағы 

әріптестік қатынасты нығайтуға тағы бір қадам 

болуы мүмкін» - деді. Ал Жамбыл облысы табиғи 

жерлерге бай, бұл жерде фосфорит, плавиктік шпат, 

уран, бағалы және түрлі-түсті металдар, көмір және 

табиғи газ, сондай-ақ тұз шығарылады. Аймақтың 

агрохимиялық өнеркәсібінің флагманы  Қазақстан 

Республикасына фосфор өнеркәсібін көрсететін 

«Қазфосфат» ЖШС болып табылады. Кәсіпорын 

1999  жылы  құрылған.  Сонымен  қатар  ТМД 

елдерінің аумағында фосфорлы өнім өндірушілер 

арасында  көш  бастап  тұр.  Сондай-ақ  форумда 

құттықтау сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі 

Амандық Баталов өңірдің экономикалық әлеуетін 

айта келе, инвесторлар тарту көзінің тетігі – ту-

ризм кластерінің де негізгі жолдарына тоқталды. 

Көрші  жатқан  Қырғыз  елі  Талас  облысының 

өкілі Дайыр Кенекеев Жамбыл облысы мен Талас 

облыстарының арасындағы сауда-саттық, алыс-

беріс амалдарының жоғары деңгейде екендігін айта 

келе, өңірде Қырғыз елінің өнім өндірушілеріне 

мол мүмкіндік жасап отырған Жамбыл облысының 

әкіміне алғысын жеткізді. Сонымен қатар Қытай 

Халық Республикасының Бас консулы Чжан Вэй 

де екі ел арасындағы экономикалық байланыстың 

артқандығын тілге тиек етті. «Біріккен химиялық 

компания»  ЖШС  басқарма  басшысы  Жеңіс 

Өсербай  елдегі  агрохимиялық  саланың  даму 

қарқыны  жайлы  айтты.  Сонымен  қатар  елдегі 

агрохимиялық  тағамдардың  базалық  өндірісін 

құруға бағытталған жобаларды жүзеге асырумен, 

аймақтың агрохимиялық салада көшбасшы болуына 

рұқсат беретін және шағын мен орта кәсіпкерліктің 

дамуы үшін игілікті база «Біріккен химиялық ком-

пания» ЖШС қызметін атап өтті. Мысал үшін, АЭА 

(арнайы экономикалық аймақ) аумағында бірінші 

қосылған  «Тараз  химиялық  паркі»  кәсіпорны 

агрохимиялық өнім өндірісі бойынша қатысушылар 

«Хим-плюс»  ЖШС  бизнес-кейсін  қарастырды. 

Кәсіпорын  «Глифосат  өндірісі»,  «Күйдіргіш 

сода  өндірісі»  және  «Треххлористік  фосфор 

өндірісі» жобаларын жүзеге асыру мақсатында 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Үдемелі 

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы 

аясында құрылған. Қатысушыларға қазақстандық 

даму  институттары  көрсететін  мемлекеттік 

қолдау  шаралары  жайында  сөз  қозғалды: 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, экспорт пен                                                                     

инвестиция бойынша ұлттық агенттік «KAZNEX 

INVEST», технологиялық даму бойынша ұлттық 

агенттік,  Қазақстандық  мемлекеттік-жеке 

меншік  серіктестік  орталығы  және  басқалары.  

Қаржыландыруды тартудың механизмдері жайында 



 

„

инвестициялық форумда жалпы құны 120 млрд. теңгені құрайтын 12 меморандум 



мен келісімдерге қол қойылды.

 

„

«нұр отан» партиясы аймақтағы филиалының партия бағдарламаларын жүзеге асыруда 



жүргізген белсенді жұмысына оң баға берілді.

Жемісті жұмыстар жалғасын табады

Арсен БАЙЗАҚ

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезекті ХҮІІІ 

есеп беру-сайлау конференциясына «Нұр Отан» партиясы орталық 

аппаратының инспекторы Марат Ақпаров қатысып, онда негізгі хабар-

ламаны облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев 

жасады. Ал бүгінде үлкен саяси күшке айналған биліктегі партияның 

аймақтағы филиалы партияның бағдарламаларын жүзеге асыруда 

белсенділік танытуда.

-  Күрделі кезеңге қарамастан, Жамбыл облысының экономикасында 

кері серпіліске жол берілмеді. Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2014 

жылы 0,4 пайызға, ал биылғы жылы 0,2 пайызға артты. Бұл жылда-

ры ірі компаниялардың тоқтауларына жол берілмей, өңірдегі қала 

құраушы кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеулері қамтамасыз етілді, 

жұмыс орындары қысқартылмады. Үстіміздегі жылдың 10 айының 

қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 279 миллиард 

теңгені құрап, 3,2 пайызға артты. Өнеркәсіптегі жағдайды жақсартуға 

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы айтарлықтай әсер 

етті. 2014 жылдан бері Индустрияландыру картасы шеңберінде құны 

57,9 миллиард теңгеге 16 жоба іске қосылып, тұрақты 1654 жұмыс 

орны ашылды. Облыста 60 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік 

субъектілерінде 120 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Есепті кезеңде 

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 649,2 млрд.теңгеге өнім 

өндіріп, өсім 3,1 пайызды құрады. Жалпы 2 жыл ішінде және 2016 

жылдың 10 айында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы ая-

сында кәсіпкерлердің 465 жобасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Осы 

уақытта 797 мың шаршы метр тұрғын үй, 46 білім беру, 35 денсаулық 

сақтау нысандары тұрғызылып, 23 сумен қамтамасыз ету нысандары 

пайдалануға берілді, 955 шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өтті. 

Нәтижесінде, бүгінге мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар 80,2 пай-

ызды, облыс тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз 

етуге қолжетімділігі 84,4 пайызды, жақсы және қанағаттанарлық 

жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 74,8 пайызды құрады. Об-

лыста жаңадан 58754 жұмыс орны құрылды. «Жұмыспен қамту жол 

картасы-2020» бағдарламасын іске асыру қосымша мамандықтарды 

игеруге, өз біліктілігін арттыруға және тұрғындардың жұмысқа орнала-

суына ықпал етуде. Ағымдағы жылы партия облыстық және аумақтық 

филиалдары тарапынан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 

«25 мейірімді іс: «Нұр Отан – балаларға!», «Астана - Отанымыздың 

тірегі!», «Мейірімді жүрекпен», «Ұрпақтар сабақтастығы» және тағы 

басқа тақырыптарға тағылымды шаралар өткізілді. Айтулы мереке 

қарсаңында «25 жұлдызды күн» акциясы аясында «Кемел келешек-

ке - кемеңгер Елбасымен!» ғылыми-практикалық конференциясын, 

«Тәуелсіздік құрдастары» форумын, «Біз – Тәуелсіз Қазақстанның 

ұрпағымыз!» акциясын және басқа шараларды ұйымдастыру жоспар-

лануда. Есепті кезеңде партия филиалдары партиялық жобаларды 

жүзеге асыруға баса назар аударды. Бір ғана «Кедергісіз келешек» 

партиялық жобасын іске асыру бағытында облыс орталығындағы 61, 

аудандардағы 115 әлеуметтік нысанға мониторинг жүргізіліп, мүмкіндігі 

шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мәселесі жан-жақты 

инвестицияға қолайлы өңір.   суреттерді түсірген н.тұрғынбек.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма 

басшысының орынбасары Дәулет Әбілқайыров 

айтып берді. Халықаралық инвестициялық фо-

рум аясында Жамбыл облысында жаңа өндіріс 

ошақтары  мен  жаңа  жұмыс  орындарының 

құрылуына жағдай жасайтын меморандум түрінде 

бірқатар құжаттарға қол қойылды. Инвестициялық 

форумның нәтижесінде жалпы құны 120 млрд. 

теңгені құрайтын 12 меморандум мен келісімдерге 

қол  қойылды.  Форум  бағдарламасында 

инновациялық  ғылыми-химиялық  жобалар                                                                                                             

таныстырылымынан  бөлек  «Агроөнеркәсіптік 

ком п л е кс   с а л а с ы н д а ғ ы   х а л ы қ а р а л ы қ 

ынтымақтастық»,  «Туризм  саласындағы 

халықаралық  ынтымақтастық»  тақырыбында 

кеңейтілген талқылау өткен панелдік сессиялар 

ұйымдастырылды. «Taraz Invest – Agro|Chemical 

Day 2016» аясында қатысушылар «БХК» ЖШС, 

«Даму»  кәсіпкерлікті  дамыту  қоры,  экспорт 

және инвестиция бойынша «KAZNEX INVEST» 

ұлттық агенттігі, технологиялық даму бойынша 

ұлттық агенттігі, Қазақстандық мемлекеттік-жеке 

меншік  серіктестік  орталығы  және  жергілікті 

мағынадағы NADLoC дамыту бойынша ұлттық 

агенттік өкілдерінен мәлімет алған кәсіпкерлерге 

қызмет көрсету орталығының жұмысы құрылған. 

«Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» Жамбыл 

облысы мен «Тараз химиялық паркі» АЭА аясында 

агрохимиялық саланы дамытуға арналған «БХК» 

ЖШС-нің бірінші аймақтық шарасы болды.

зерделенді. Нәтижесінде, 50 пайыздан астамында тиісті жұмыстар 

жүргізіліп, мүгедектердің жүріп-тұруына қажетті жағдайлар жасалды. 

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 73 бос орындар жәрмеңкесі 

өткізіліп, 1285 адам тұрақты, 620 адам уақытша жұмыспен қамтылды. 

Екі конференция аралығында облысымызда жаңадан 2 бастауыш партия 

ұйымы ашылып, оның саны бүгінде 401-ге жетіп отыр. Таяуда ғана                         

бастауыш партия ұйымдарында өткен есеп беру-сайлау науқанына пар-

тия мүшелерінің 83,3 пайызы қатысып, бастауыш ұйым төрағаларының 

30 пайызы (122 БПҰ) жаңадан сайланды. «Нұр Отан» партиясы 

Сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі – сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес. Осы мақсатта облыстық және аумақтық 

филиалдар жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

жөніндегі қоғамдық кеңестер жоспарлы жұмыстарын жүргізуде, - 

деген аймақ басшысы көпшілікті ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен 

құттықтады. Бұдан соң партия облыстық филиалы Бақылау-тексеру 

комиссиясы төрағасының орынбасары Н.К.Үкібаевтың есепті баянда-

масы тыңдалды. Ал жарыссөзге шыққандар қатарында «Нұр  Отан» 

партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мәден 

Мұсаев, «Нұр Отан» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық 

фракциясы жетекшісінің орынбасары, Тараз мемлекеттік педагогикалық 

институтының ректоры Дариякүл Қожамжарова, «Нұр Отан» партиясы 

облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, 

партияның облыстық  мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі 

Асаубай Майлыбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл 

облыстық хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева, Қордай 

ауданы, «Масаншы» бастауыш партия ұйымының төрағасы, №50 

орта мектеп директоры Малик Машанло, партия ардагері, облыстық 

ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «Нұр Отан» пар-

тиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының 

төрағасы Уалихан Болатбек, Жуалы ауданы, «Орталық» бастауыш 

партия ұйымының төрағасы, Д.А.Қонаев атындағы мектеп-гимназия 

директорының орынбасары, 2016 жылғы «Үздік бастауыш партия 

ұйымы» республикалық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпазы Руслан 

Сайлаубаев аймақтағы филиал жұмысына қанағаттанарлық баға берді.



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №48 (1336), 30 қараша  2016 Жыл  //

қала-қарбалас

3

автокеруен 

аудандарға шыҚты

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Депутат Самат Мырзалиевтің төрағалығымен 

өткен басқосуға қала әкімі Нұржан Календеров пен 

орынбасарлары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық 

прокуратура өкілдері мен бөлім басшылары қатысты. 

Әуелі күн тәртібіне қалалық мәслихаттың  2015 

жылғы 23 желтоқсандағы №48-3 «2016-2018 жылдарға 

арналған  қалалық  бюджет  туралы»  шешіміне 

өзгерістер енгізу туралы мәселе шығарылды. Аталған 

мәселе бойынша қалалық экономика және бюджетті 

жоспарлау бөлімінің басшысы Қайсар Сарытай хабар-

лама жасады. Оның сөзінше, республикалық бюджет 

трансферттері есебінен қаладағы ғимараттарды 

декоративтік жарықтандыруға 118 млн. 53 мың теңге 

қарастырылыпты. Сондай-ақ ең төменгі күнкөріс 

мөлшерінен  төмен  табыс  алатын  отбасыларға 

қаржылай  көмек  5  млн.  теңгеге,  экономикалық 

тұрақтылықты қамтамасыз ету шығындары 21 млн. 

890 мың теңгеге азайтылған.  

- Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер 

департаментінің ұсынысы негізінде 2016 жылға 

арналған қала бюджетінің кірістер бөлігінің жыл 

соңына дейін атқарылуына талдау жасалды. Нақты 

түсетін көлем ескеріле отырып, өзіндік кірістер 28 

млн. теңгеге азайтылу жоспарда. Осылайша, ағымдағы 

жылға арналған қалалық бюджеттің кірістер бөлігінің 

нақтыланған жоспары 33 млрд. 555 млн. 492 мың 

теңгені құрайтын болады, - дейді Қайсар Амантайұлы. 

Сонымен  қатар  сессияда  қала  бойынша  та-

бысы аз отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету 

қағидаларын  бекіту  мәселесі  де  көтерілді.  Бұл 

туралы  қала  әкімдігінің  жұмыспен  қамту  және 

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гаухар  

Олжабаева айтып өтті. Ал жер учаскесін мемлекет 

мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттың жобасына 

келісу туралы қалалық жер қатынастары бөлімінің 

басшысы Бақытжан Сүгірбеков хабарлама жасады. 

Оның айтуынша, бүгінгі күні автобекет маңындағы 

жерді мемлекеттің тарапына өткізу мақсатында 6 жер 

иелерімен келісімшарт жасалып жатыр екен. 

Басқосу барысында Тараз қалалық мәслихатының 

2014 жылғы 28 наурыздағы  №25-7 «Тараз қаласы 

әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» 

шешіміне  өзгерістер  енгізу,  «Тараз  қаласының 

Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелер күн 

тәртібіне шығарылып, тиісті қаулылар қабылданды. 

Жиында    депутат  Бағдат  Майлыбаева  келесі 

сессияның төрағасы болып сайланды. 



 

„

 орталық «достық» алаңынан «тәуелсіздікке 25 жыл!» ақпараттық  автокеруені   



шалғай мекендерге жол тартты. 

 

„

алтыншы шақырылған 



тараз қалалық мәслихатының 

кезектен тыс он бірінші сессиясы 

өтіп, онда бірқатар мәселелер 

қаралды.

Құрметті 

тараздықтар!

Бюджетте үнем бар

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш 

Президенті күнімен құттықтаймын!

Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді 

мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, 

алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сан қырлы та-

лант иесі, құдіретті тұлға екені бәрімізге мәлім.

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  мемлекеттің 

бірлігін, Конституциясын, адам  мен  адамзаттың 

құқықтарын және бостандықтарын қорғауды 

қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің 

негізін қалаушы болып табылады. Президент 

жетістіктері Қазақстан халқының орасан зор 

шынайы құрметі мен сеніміне ие болды.

Ж а ң а     т ә у ел с і з     м ем л е кет т і ң 

і р г е т а с ы н   қ а л а у ш ы   Н ұ р с ұ л т а н                                                                                                                   

Назарбаев – барлық қазақстандықтар және 

халықаралық  қоғамдастық  мойындаған 

ғаламдық  бастамалардың  бастаушы-

сы,  отандастарымыздың  құқықтары  мен 

бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел 

келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.

Қазақстан  өз тәуелсіздігін жариялап,  егемендік 

алғаннан бері де жиырма бес жыл болды. Осы  

уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем 

таныды. Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті 

мемлекеттермен Тәуелсіз Қазақстан терезесі 

тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет 

болып қалыптасты. Мәдениетіміз, өнеріміз, эко-

номикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті 

мемлекеттердің қатарына қосылғанымызды 

тараздықтар да мақтаныш етеді. Қазіргі 

таңда кең-байтақ елімізде Елбасының баста-

масымен атқарылып жатқан игі істер Тәуелсіз 

Қазақстанды бұдан да биік шыңдарға көтереріне 

біздің ешқандай күмәніміз жоқ.

Қадірменді  жерлестер,  мемлекеттілік 

тарихымыздың мерейлі мерекесі -  Тұңғыш           

Президент күні құтты болсын!        

Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық 

бақыт, игілік, табыс тілеймін!

Ғазизжан МАДИМАроВ,

Тараз қалалық мәслихат хатшысының м.а.

Сейділдә ТӨрЕН

Аталған  керуенді шығарып салуға арналған 

салтанатты шараға  облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев 

қатысып, жиналған көпшілікті ел Егемендігінің 

25 жылдығымен құттықтады. Аймақ  басшысы 

тәуелсіздік жылдарында еліміз  қол жеткізген елеулі 

табыстарға кеңінен тоқталды.

-  Кейінгі    жылдардың  өзінде  елімізде  162 

денсаулық, 302 спорт нысандары жаңадан салынды. 

Білім, мәдениет  саласына  да  бұрын-соңды болмаған 

қолдау көрсетілді. Ширек ғасыр ішінде 600 мың жаңа 

жұмыс орны ашылды. Елімізді өркендеуге бет алған 

мемлекет ретінде  әлем таныды. Мұның барлығы-  

Ұлт көшбасшысы, Елбасының ерен еңбегі, қара 

орман халқын ойлап, ұйқысыз өткізген күндерінің 

жемісі. Ел Тәуелсіздігінің 25  жылдығы – маңызы 

зор үлкен мереке. Осы құндылығына  баға жетпейтін 

мереке қарсаңында аудандарға сапарға арнайы ав-

токеруен шығып отыр. Олардың құрамында зиялы 

қауым, облыс әкімдігі басқармаларының өкілдері, 

белсенді жастар, білікті дәрігерлер, өнерпаздар  және 

ауыл шаруашылығы еңбеккерлері бар. Автокеруен әр 

елді мекеннің  тұрғындарына  медициналық көмек 

көрсетіп, концерттерін ұсынады. Сондай-ақ  ауыл-

дарда төмендетілген бағамен   азық-түлік жәрмеңкесі 

өткізіледі. Автокеруенге сәтті сапар тілеймін, - деді 

Кәрім Нәсбекұлы. 

  Сондай-ақ    жиында  облыстық  ардагерлер 

кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  облыстық  хатшылығы  

ғылыми сараптама тобының жетекшісі Лариса Лы-

сова сөз тізгіндеп, керуен жұмысына сәттілік тіледі. 

Жас ақын Нұрболат Сатымқұл өз тілегін  жалынды 

жырмен  жеткізіп,  Туды  автокеруен  сапындағы 

өкіл, Тараз қалалық «Ауған соғысы ардагерлері» 

қоғамдық  ұйымының  төрағасы  Дүкенбай                                                                                                      

Ермековке тапсырды. 

  Аталған  автокеруен    алдағы  уақытта 

облысымыздың барлық аудандарын аралап, 40-қа  

жуық елді мекенде болады. Ауыл тұрғындарына 

медициналық, мәдени қолдаудан бөлек, 115 тонна 

азық-түлік тауарлары жеткізіледі. Атап айтқанда, 30 

тонна картоп, 20 тонна пияз, 20 тонна қант, 30 тонна 

ұн, 4 тонна қарақұмық, 6 тонна өсімдік майы бар. 

Жәрмеңке барысында картоп - 55, пияз - 25, сәбіз 

- 45, қант - 220, ұн - 85, қарақұмық-  270, өсімдік 

майының литрі 350 теңгеден сатылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет