Қала ҚонаҚтары! Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата03.03.2017
өлшемі6,65 Mb.
#6126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Индира БАЙҚоНЫС

Қала  әкімдігінің  мәдениет  және 

тілдерді  дамыту  бөлімінің  ұйытқы 

болуымен өткен байқауға жалпы саны 

9 команда қатысты. Байқауда қазылар 

алқасының құрамында қала әкімінің 

орынбасары Кенжебек Олжабай, «Нұр 

Отан»  партиясы  қалалық  филиалы 

төрағасының  бірінші  орынбасары 

Арын Асқарбеков, қалалық мәслихат 

хатшысының  міндетін  атқарушы 

Ғазизжан Мадимаров  болды. Дәстүрге 

айналған  байқауға  қатысушылар  4 

сайыс  бойынша  бақ  сынасты.  Атап 

айтқанда, шешендік әрі әдеби тілмен 

өздерін көпшілікке таныстыру, кино 

немесе мультфильмдерді қазақ тілінде 

юмор  қоса  отырып  дыбыстау,  «Тіл 

туралы»  Заңның  баптары  бойын-

ша  сұрақтарға  жауап  беру,  тұрақты 

тіркестердің  мағынасын  табу  және 

өнер көрсету.

  Өздерін  ерекше  таныстырған 

команданың  қатарында  «Оңтүстік» 

өңірлік  қолбасшылығының  85395 

Нұржан СЕрІКХАНҰЛЫ

Тәуке хан көшесіндегі Керей мен 

Жәнібек хандардың ескерткіші ал-

дында жас сарбаздар қаздай тізіліп, 

әскери ант қабылдады. Мемлекеттік 

Әнұран  шырқалып,  көк  Туымыз 

жиын  төрінен  көкке  желбіреді. 

Жауынгерлік жолға аттанғалы тұрған 

баласымен  мақтанып,  тақымын 

қысқан  ата-аналардың  да  қарасы 

қалың болды.

-  27 қараша күні шекара қызметінің 

барлық әскери бөлімдерінде жас сар-

баздар әскери ант қабылдауда. Біздің 

№2035 әскери бөлімде 50 жас сарбаз 

ант қабылдады. Олардың барлығы - 

Оңтүстік Қазақстан облысының аза-

маттары. Жалпы әскери ант қабылдау- 

әр азамат үшін салтанатты да жауап-

ты сәт. Жас сарбаз бір жылдың ішінде 

жауынгерлік туының астында Отаны-

на қызмет етеді. Ант берген сәттен                                                                                     

бастап оларды жауынгерлік сынақтар, 

тапсырмалар  күтіп  тұр.  Олардың 

барлығы  Жамбыл  облысының 

аумағында, Қырғызстанмен арадағы 

шекара  қызметіне  жөнелтіледі,  - 

деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 

шекара  қызметінің  №2035  әскери 

бөлімі командирінің тәрбие жөніндегі 

орынбасары, подполковник Дамир 

Төлеубаев. «Әскеріміздің айбынын 

асқақтату,  Отанымызды  қорғау  - 

біздің  басты  міндетіміз.  Елімізге 

бейбітшілік тілеймін. Ел тыныштығы 

үшін  аянбай  қызмет  етіп,  шекара 

қызметінің өркендеуіне өз үлесімізді 

қосуға талпынамыз»-дейді Шарда-

радан келген қатардағы  жауынгер 

Жамбыл Момбеков. 



 

„

«Қазақ хандығы» монументінің алдында 50 жас сарбаз отан алдындағы 



борышын адал өтеуге әскери ант берді. енді олар Қырғызстанмен арадағы 

шекарада қызмет атқаратын болады.

отанды Қорғау – Басты парыз

әскери бөлімі қызметкерлерінен құралған  «Бес 

қару» тобы патриоттық ән-жырлардың үнімен  

жекпе-жек  ұрыстарынан  бірнеше  көрініс 

көрсетіп,  көпшіліктің  ыстық  ықыласына 

бөленді. Ал кино, мультфильмдерді дыбыстау 

сайысында  отандық  және  шетелдік  үздік 

фильмдерді ұтымды пайдалана отырып, әзіл-

әжуамен  дубляж  жасаған  қала  әкімдігінің 

халықты жұмыспен қамту орталығы бөлімі 

қызметкерлерінің  «Жастар»  командасының 

өнері де жиналған жұрттың көңілінен шықты 

деуге болады. Сондай-ақ   «Тіл туралы» Заңның 

баптары  бойынша  сұрақтарға  жауап  беру 

және тұрақты тіркестердің мағынасын табу 

сайысында бірқатар қатысушы командалардың 

аздап  кібіртіктеп,  сауалдарға  дұрыс  жауап 

бере алмай қалған жайттар да кездесті. Бұл 

сайыс мемлекеттік қызметшілердің ана тіліміз 

туралы білім көкжиектерінің әлі де кеңейту 

керектіктерін  көрсетіп  бергендей  болды.  

Дейтұрғанымен,  өнер  сайысында  барлық 

қатысушы командалар әсем әннен шашу ша-

шып, мың бұрала би билеп берді. 

Әне-міне  дегенше,  бірнеше  сағатқа 

созылған жарыс та аяқталды. Командаларды 

марапаттау үшін сахна төріне қала әкімінің 

орынбасары  Кенжебек  Олжабай  көтеріліп, 

көпшілік қауымды және  «Үздік мекеме-2016» 

байқауында бақ сынаған командаларды тұғыры 

биік Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, 

халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан 

мекеме  қызметкерлеріне  алғысын  білдірді. 

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен бас 

жүлде  қала  әкімдігінің  халықты  жұмыспен 

қамту  орталығы  бөлімі  қызметкерлерінің 

«Жастар» командасына бұйырды. Ал І орын 

қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жанындағы 

Жастар  ресурстық  орталығынан  құралған 

«Жалын» тобы  иеленсе,  жүлделі ІІ орынды 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 85395 

әскери бөлімі қызметкерлерінен құралған  «Бес 

қару» тобы еншіледі. Сондай-ақ  ІІІ орынмен  4 

сайыс бойынша тамаша өнер көрсеткен Жам-

был политехникалық колледжінің командасы 

марапатталды.

Жүлдеге  іліккен  барлық  командалар 

ұйымдастырушылар тарапынан арнайы диплом 

мен бағалы сыйлықтарға ие болды.


елбасы

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №48 (1336), 30 қараша  2016 Жыл  //



президент ЖӘне тараз

 

„

елбасы нұрсұлтан назарбаевтың Жамбыл өңіріне келген әр сапары жылы естеліктерге толы. 



Әсіресе, облыс орталығында әрбір жаңа нысанның іске қосылып, президенттің қатысуымен ел игілігіне 

ұсынылуы тараздықтардың көңіліне сенім ұялатады. Өткен жылы қазан айында елбасы нұрсұлтан 

назарбаевтың қатысуымен көне шаһар төрінде Қазақ хандығының 550 жылдығы жоғары деңгейде 

аталып өтті. президент бірнеше тарихи және әлеуметтік нысандардың тұсауын кесіп, тойға келген 

көпшілікке жылы лебізін жеткізді. ал осы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында президенттің таразға 

келген сапарлары жайлы жылы естеліктер біздің жадымызда жатталып қалды.

1991

 жылы қараша айының 27-

28 күндері Қазақ КСР Президенті 

Н.Ә.Назарбаев Жамбыл қаласында 

болды.  Әуежайда  Н.Назарбаев 

Иран  мемлекетінің  Сыртқы  істер 

министрі  Али  Акбар  Велаятимен 

келіссөз жүргізді. Сондай-ақ Қазақ 

КСР  Президенттігіне  кандидат 

Н.Ә.Назарбаев  Абай  атындағы 

облыстық  қазақ  драма  театрын-

да  сайлаушыларымен  кездесті. 

Кездесуді  халық  депутаттары 

облыстық  кеңесінің  төрағасы 

Ө.Байгелдиев жүргізді. Нұрсұлтан 

Әбішұлы  жиналғандарға  өзінің 

кандидаттық бағдарламасымен та-

ныстырып, көпшіліктің сұрақтарына 

жауап берді.



1997

 жылы 8 қаңтарда Қазақстан 

Республикасының  Президенті                   

Жамбыл облысына екі күндік жұмыс 

сапарымен  келді.  Президент  об-

лыс  орталығындағы  жыр  алыбы 

Жамбыл  ақынның  ескерткішіне 

гүл шоқтарын қойды. Президенттің 

бұл  сапары  тарихи  сапар  болды. 

Қарахан кесенесінде болған кезінде 

Президент  Н.Назарбаев  облыс 

тұрғындарының  тілегін  ескеріп, 

Жамбыл облысының орталығы Жам-

был қаласының атын Тараз қаласы 

деп өзгерту туралы Жарлыққа ашық 

аспан  астында  қол  қойды.  Көне 

шаһарға тарихи аты – Тараз атауы 

қайтарылды.

-   Жа ң а   ж ы л д ы ң   б а с ы н д а 

бірінші рет ел аралап шығып оты-

рып,  осындай  үлкен  бір  қасиетті 

шаруаны  бастап  отырмын.  Сол 

арқылы  Қарахан  бабаны  жұртқа 

паш  етеміз.  Тәуелсіздігімізді  осы 

бабаларымыздың  әруағы  желеп-

жебеп  жүрсін!  –  деді  Нұрсұлтан 

Назарбаев.  Сөйтіп,  келешектегі 

2100  жылдың  ұрпақтарына  арнап 

жазылған  Қазақстанның  Тұңғыш 

« . . . Та р а з   қ а л а с ы н ы ң 

іргесінен халықаралық көлік 

дәлізі өтіп жатыр. Бұл күре 

жолдың облыс орталығының 

тыныс-тіршілігіне  тың 

серпін берері анық. Алдағы 

уақытта  Жамбыл  облы-

сы  талай  белестерге  қол 

жеткізетініне сенімім мол. 

Жамбыл облысы – менің ең 

жақсы көретін өңірім. Та-

рих туралы сөз бола қалса, 

көне Таразды айтпай кету 

мүмкін емес...»

(2015  жылы  8  қазанда  Қазақ 

хандығының  550  жылдығында 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

«Қазақ  хандығы»  монументін 

ашқанда сөйлеген сөзінен)

Президентінің  «Аманат  хатын» 

темір  құтыға  салып,  қасиетті  ке-

сене  іргесіндегі  мәрмәр  тастың 

астына орнатты. Елбасы Жамбыл 

қаласының  атын  өзгерту  туралы 

Жарлығын оқыды.

-  Жамбыл облысының жергілікті 

атқарушы органдарының өтінішін 

және жұртшылықтың тілегін еске-

ре келіп, Қазақстан Республикасы 

Үкіметі  жанындағы  Мемлекеттік 

ономастика  комиссиясының 

қорытындысы  негізінде  қаулы 

етемін:  Жамбыл  облысының 

орталығы Жамбыл қаласының аты 

Тараз  қаласы  болып  өзгертілсін. 

Жамбыл  бабамыздың  әруағы  да 

риза болсын. Облыстың аты Жам-

был  облысы  болып  қала  береді. 

Қаланың  аты  –  байырғы  Тараз. 

Қазақстан  жерінде  баяғы  Жібек 

жолынан бері қарай барлық карта-

ларда белгіленген екі-ақ қала бар. 

Біреуі – Тараз, екіншісі – Жаркент. 

Сондықтан біздің көне тарихымыз 

бар  екенін  дүние  жүзіне  таны-

ту  үшін  осы  шешім  дұрыс  болар 

деп  санаймын,  -  деді  Президент.                      

Елбасы Жамбыл университетінде 

болып,  дендропарктің  ашы-

лу  салтанатына  қатысты.  Облыс 

әкімшілігі мен облыс жұртшылығы 

Елбасына алғыс білдіріп, Қазақстан 

Республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевқа  «Тараз қаласының 

Құрметті азаматы»  атағын беріп, №1 

куәлігін табыс етті.



1998

  жылдың  26  тамызында 

облыс орталығына жұмыс сапары-

мен келген Президент Н.Назарбаев 

1499-1551 жылдар аралығында өмір 

сүрген әйгілі тарихшы, әдебиетші 

«Тарих-и  Рашиди»  кітабы  мен 

«Жаһаннаме»  дастанының  авто-

ры  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің 

ескерткішінің ашылу салтанатына 

қатысты.

Осы жылдың 18 желтоқсанында 

П р е з и д е н т т і к   к а н д и д а т 

Н.Ә.Назарбаев  жамбылдық  сай-

лаушыларымен  кездесуге  келіп, 

Жоңғар шапқыншылығына қарсы 

күресті  ұйымдастырушылардың 

бірі,  даңқты  қолбасшы  Қойгелді 

Сартұлына орнатылған ескерткіштің 

ашылуына  қатысты.  Бұл  шараға 

Қырғызстан  Президенті  А.Ақаев 

та қатысты. Ал ҚР Президенттігіне 

кандидат Н.Назарбаевтың сайлау-

шыларымен кездесуі «Баласағұн» 

мәдениет орталығында өтті.

1999

  жылдың  28-29  шілде 

күндері Жамбыл өңіріне келген Пре-

зидент Нұрсұлтан Назарбаев облыс 

орталығындағы облыстық Домалақ 

ана атындағы ана мен баланы аялау 

орталығында  болды.  Сондай-ақ 

«Минералды тыңайтқыштар зауы-

ты» ЖШС-нің қызметімен танысты.

2001

  жылдың  25  мамырын-

да  Оңтүстік  әскери  округ  шта-

бы  орналасқан  Тараз  қаласында 

б ол ғ а н   Е л б а с ы   Н ұ р с ұ л т а н                                                     

Назарбаев  о сының  алдында 

ғана  өткен  ұжымдық  қауіпсіздік 

кеңесінің  міндеттерін  саралаған 

жиынға  қатысты.  Сонымен  қатар 

Елбасының бұл сапары Химиктер 

күнімен  тұспа-тұс  келіп,  Прези-

дент «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл 

бөлімшесінде болды.

2002

 жылдың 26 қыркүйегінде 

Тараз  қаласының  2000  жылдық 

тойы өтті. Осы тарихи тойдың ор-

тасында болған Елбасы Нұрсұлтан                            

Назарбаев  орталықтағы  Бәйдібек 

баба  ескерткішін  ашты.  «Тараз 

тарихы туралы толымды шежірені 

тарихшылар  жаза  жатар.  Біздің 

міндет – тарихтың тағылымын зер-

делеу, өткенімізді түйсіну арқылы 

қазіргімізді нықтау, келешегімізді 

сомдау...»  -  деді  Президент. 

Ескерткіштің  ашылу  рәсімінен 

соң  Елбасы  Жамбыл  облыстық 

ішкі  істер  басқармасына  су  жаңа 

10  автокөлік,  Денсаулық  сақтау 

жылына  орай  жамбылдық  меди-

цина  қызметкерлеріне  10  «Га-

зель» автомашинасын берді. Бұдан 

соң  Қарахан  кесенесінде  болған                                                                        

Президент  М.Х.Дулати  атындағы 

ТарМУ  Жастар  сарайының  ашы-

луына қатысты. Мемлекет басшы-

сы  темір  жол  вокзалын,  «Дель-

фин» жүзу бассейнін аралап көрді. 

Орталық  стадионда  өткен  Тараз 

қаласының  2000  жылдық  тойы-

на  арналған  салтанатты  шараға 

қатысты.

2005

 жылдың 25-26 сәуірінде 

Жа м б ы л   о бл ы с ы н а   ке л г е н                              

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қайта 


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №48 (1336), 30 қараша  2016 Жыл  //

елбасы


7

қалпына келтірілген Айша бибі кесенесінің 

ашылу  салтанатына  қатысты.  Содан  соң 

жаңадан пайдалануға берілген «Астана» 12 

мөлтек ауданда болды. Коммуналдық үйдегі 11 

баланың анасы Зинат Айтқұлова қоныстанған 

пәтерде қонақта болды. Осы мөлтек ауданда 

ардагерлермен  кездесіп,  Ұлы  Жеңістің  60 

жылдық мерекесімен құттықтады. Және осы 

күні ұлттық-мәдени орталықтардың игілігіне 

беріліп отырған Достық үйінің тұсауын кесіп, 

ұлттық-мәдени орталық өкілдері мен жазушы-

лармен дөңгелек үстел басында сұхбат өткізді. 

Орталық алаңда өңір жастарымен кездесті. 

Айта кетерлігі, осы күні облыстық әкімшілікте 

Елбасына хат жазып, Президентпен жүздескісі 

келетін азаматтармен өткен кездесу өте жылы 

өтті.


2007 

жылдың  26-27  сәуір  күндері  об-

лыс орталығында болған Елбасы Нұрсұлтан               

Назарбаев «Баласағұн» мәдениет сарайында 

ұйымдастырылған  көрмеде  болып,  аймақта 

жүзеге  асырылып  жатқан  инвестициялық 

жобалармен  танысты.  Мемлекет  басшы-

сына  «Астана»  және  алдағы  уақытта  іргесі 

қаланатын «Бәйтерек» шағын аудандарының 

макеттері таныстырылды. Сондай-ақ Елбасы 

өркениеттік  талапқа  сай  Халыққа  қызмет 

көрсету  орталығында  болды.  «Нұр  Отан» 

халықтық демократиялық партиясы облыстық 

филиалында  ауылдық  жерлерге  жұмысқа 

аттанғалы тұрған жоғары оқу орындары мен 

колледж түлектерімен кездесті. Сонымен қатар 

Президент осы сапарында «Әулиеата» орталық 

мешітінің жаңа ғимаратын ашты. Және Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы 

Тұңғыш Президенті атындағы саябақтың ашы-

лу салтанатына қатысып, шырша отырғызды. 

Көшек  Қарасайұлының  ескерткішіне  гүл 

шоқтарын қойып, облыс орталығындағы №51 

орта мектепте қала ұстаздарымен кездесті.



2008

  жылдың  8-10  қазанында  Жам-

был  облысына  келген  Елбасы  Нұрсұлтан                                 

Назарбаев  алдымен  Жаңа  Жамбыл  Фосфор 

зауытында болды. Зауыттың мәжіліс залында 

өткен  жиында  Президент:  «Менің  Жамбыл 

облысына жұмыс сапарымен келуім – химия 

кластерін дамытуға назар аудару» - деді. Бұдан 

соң  сонау  елуінші  жылдары  пайдалануға 

берілген Тараз қаласындағы бұрынғы Химик-

тер сарайы, қазіргі кино-концерт орталығы 

маңында тұрғызылған Ықылас Дүкенұлының 

ескерткішіне гүл шоқтарын қойған Президент 

сазгердің мүсінін сомдаған белгілі мүсінші 

Темірхан Көпжігітовке ризашылығын білдірді. 

Сондай-ақ  Президент  облыстық  ішкі  істер 

департаментінің жедел басқару орталығының 

жұмысымен  танысып,  «Сенім»  медицина 

орталығында болды.

2009

  жылдың  22-23  қыркүйек  күндері 

Таразға  келген  Елбасы  Нұрсұлт ан                                      

Назарбаев Тараз-Шымкент трассасының бой-

ында орналасқан «Жасұлан және К» ЖШС-і 

гүлзарына  келді.  Сондай-ақ  «Баласағұн» 

орталық  концерт  залында  өткен  Жамбыл 

облысының 70 жылдық мерекелік жиынына 

қатысты. Екі күндік іссапар кезінде Елбасы 

Жамбыл тоңазыту комбинатында болды. Соны-

мен қатар «Бурыл» иініндегі «100 мектеп, 100 

аурухана» бағдарламасы аясында пайдалануға 

берілген жаңа №54 орта мектепте болып, мек-

теп ұжымына автобус сыйлады. Ұстаздардың 

қызметіне табыс тіледі.

2010 

жылдың  28-29  қыркүйек  күндері 

екі күндік жұмыс сапарымен Таразға келген                                                                                                   

П р е з и д е н т   Н ұ р с ұ л т а н   Н а з а р б а е в 

тараздықтардың  тамаша  демалыс  орнына 

айналған ҚР Тұңғыш Президенті атындағы 

саябақта болды. Келесі кезекте «Тараз-ПОШ 

фабрикасы»  ЖШС-нің  жүн  өңдеу  фабри-

касына бас сұғып, топс шығаратын цехтың 

ашылу  салтанатына  қатысты.  Сондай-ақ 

Қазыбек би көшесі бойындағы көп қабатты 

үйдің ауласында ашылған спорттық нысанда 

болды.  Президентке  бес  жасар  бүлдіршін 

Айым Жақанова ойын алаңын таныстырды. 

Елбасы бұдан кейін Зейнетақы төлеу жөніндегі 

мемлекеттік орталықтың облыстық филиалы 

мен Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің 

жаңадан  салынған  ғимаратында  болып, 

ондағы жұмыстармен танысты. Және Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев М.Х.Дулати атындағы 

ТарМУ  Жастар  сарайында  өткен  бизнес-

форумға қатысты.

2012 

жылдың 24-25 мамыр күндері Таразға 

келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл, 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы об-

лыстары әкімдерінің қатысуымен аймақтық 

кеңес өткізді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

облысымызға жұмыс сапары «Тараз метал-

лургия зауыты» ЖШС өндірістік цехтарын 

аралаумен  жалғасты.  Сондай-ақ  алдыңғы 

жылы ғана пайдалануға берілген «Анета» жеке 

меншік балабақша Елбасы бет бұрған келесі 

нысан болды. Президент балабақшаға өз аты-

нан микроавтобусты сыйға тартты. Одан кейін 

Елбасы «Энерджи-Тараз» ЖШС-інде болды.



2013

 жылдың 21-22 қараша күндері облыс 

орталығына жұмыс сапарымен келген Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев «І-ХІХ ғасырлардағы 

Тараз»  қалашығы  археологиялық  қазба 

жұмыстарының жай-күйімен танысты. Сондай-

ақ    Мемлекет  басшысы  350  жылдығына 

арналып  салынған  Төле  би  Әлібекұлының 

ескерткішіне гүл шоғын қойды. Президент 

осы сапарында «Қазфосфат» ЖШС Минерал-

ды тыңайтқыштар зауытында болып алқалы 

кеңес өткізді. Ал «Тараз-Арена» спорт сарай-

ында болған кезде Елбасы спортшылармен 

сұхбаттасып, оларға табыс тіледі. Мемлекет 

басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  жұмыс  са-

пары аясында Тараз қаласындағы «Жүрек» 

кардиохирургиялық клиникасында болды.

2015

  жылдың  27-28  наурыз  күндері 

Та р а з ғ а   ж ұ м ы с   с ап а р ы м е н   ке л ге н                                                                 

Елбасы өз жұмысын облыс орталығындағы 

Кардиохирургия  және  трансплантология 

ғылыми-клиникалық  орталығының  тыныс-

тіршілігімен танысудан бастады. Сондай-ақ 

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының 

20 жылдығына арналған «Елімнің тағдыры-  

менің  тағдырым!»  республикалық  іс-шара 

аясында  ұйымдастырылған  «Қазақстан  – 

береке  мен  бірліктің  Отаны!»  форумына 

қатысты.  Және  «Бәйтерек»  мөлтек  ауда-

нында орналасқан Тараз химия-техникалық 

колледжінде болды.

8  қазанда  Тараз  қаласында  Қазақ 

хандығының 550 жылдығы аталып өтті. Осы 

тойға арнайы келген Елбасы Нұрсұлтан На-

зарбаев  алдымен  «Әулиеата»  халықаралық 

әуежайының жолаушыларға арналған жаңа 

терминалын  аралаудан  бастады.  Елбасы 

Қазақ  хандығының  550  жылдығына  орай 

бой көтерген «Қазақ хандығы» монументінің 

тұсауын кесті. Осы мереке аясында Елбасы 

«Көне  Тараз»  тарихи-мәдени  орталығында 

болып,  осындағы  археологиялық  саябақта 

атқарылған жұмыстармен танысты. Президент 

«Арайстроймаркет-2003»  ЖШС  алюминий 

радиатор шығаратын зауытында болды.

Дайындаған Ерман ӘБДИЕВ.

Суреттер В.Сутулов, А.Қартабай, 

В.Барбаш, А.рысмахан, В.Алсуфьевтің 

мұрағатынан алынды.


айна

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №48 (1336), 30 қараша  2016 Жыл  //



ана тілің - арың Бұл...

 

„

тұғыры биік тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында көне тараз шаһары ұлт мүддесін 



көксейтін келелі жиындар ордасына айналғандай.  Бұған дейін қаламызда мүйіздері қарағайдай 

ғалымдардың қатысуымен төл тарихымызды ұлықтаған басқосулар лек-легімен өткенін 

газетіміздің алдыңғы сандарында кеңінен жазған едік.  ал күні кеше Жастар сарайында 

«Жаһандану заманындағы тіл және ономастикалық үдерістер» тақырыбында ұйымдастырылған 

республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда тіл жанашырлары орамды ойлары мен 

пайымды пікірлерін ортаға салды. 

Индира БАЙҚоНЫС

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту 

басқармасының мұрындық болуымен 

өткен  конференция  жұмысына  об-

лыс  әкімінің  орынбасары  Ерқанат 

Манжуов,  мемлекет  және  қоғам 

қайраткері, ҚР Мәдениет және спорт 

министрлігі  Тілдерді  дамыту  және 

қоғамдық-саяси  жұмыс  комитетінің 

Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамы-

ту республикалық үйлестіру-әдістемелік 

орталығы  директорының  кеңесшісі 

Оразкүл Асанғазы, М.Әуезов атындағы 

ОҚМУ  Гуманитарлық  ғылымдар 

ғылыми-зерттеу  институтының 

директоры,  ф.ғ.д.,  профе ссор                                                                 

Мекемтас  Мырзахметұлы,  ҚР  ҰҒА-

ның корреспондент мүшесі, филология 

ғылымдарының  докторы  Шерубай 

Құрманбайұлы, республиканың өзге де 

өңірлерінен келген мәртебелі мейман-

дар сөз алып, көпшілік қауым алдында 

тұщымды баяндамалар жасады.  

Әуелі  алқалы  жиынның  түндігін 

түріп,  барша  отандастарымызды  ел 

Тәуелсіздігінің  25  жылдық  мерейлі 

мерекесімен құттықтаған облыс әкімінің 

орынбасары    Ерқанат  Нұрбапаұлы 

ширек ғасырда мемлекеттік тілді да-

мыту  жолында  үлкен  жұмыстардың 

атқарылғанын,  енді  арда  алаштың 

алдында латын әліпбиіне көшу межелі 

міндеті тұрғанын алға тартты. 

- Міне, азаттықтың ақ таңы атқан 25 

жылдың ішінде ана тіліміздің көсегесі 

көгеріп, ауыз толтырып айтарлықтай 

шаруалар тындырылды.  Десе де, біз 

бұл жетістігімізге тоқмейілсімей, ал-

дымызда әлі үлкен жұмыстар тұрғанын 

қаперден шығармауымыз керек. Соның 

бірі - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

тапсырмасына  сәйкес  2025  жылға 

дейін кириллицадан латын әліпбиіне 

көшу. Бұл жауапты міндетті дер кезінде 

орындай  отырып,  қазақ  тілін  дамы-

тамыз әрі іргелі мемлекеттер көшіне 

ілесеміз. Бұған қоса, Қазақстанда «Үш 

тұғырлы тіл» саясаты да жүйелі түрде 

жүзеге асырылатын болады,-деді облыс 

әкімінің орынбасары. 

Мемлекеттік  тіл  төңірегіндегі 

бірқатар  мәселелерге  жеке-же-

ке  тоқталған  Ерқанат  Манжуов  тіл 

ғалымдарын  термин  және  кірме 

сөздерді мемлекеттік тілге дұрыс ауда-

ру мәселесіне жіті мән беруге шақырып, 

конференция жұмысына табыс тіледі.

Алқалы жиында алғашқы болып сөз 

алған қоғам және мемлекет қайраткері, 

қазақ  тілін  өзінің  алтын  тұғырына 

қондыру  жолында  табанды  еңбек 

сіңіріп келе жатқан жерлесіміз Оразкүл 

Асанғазының «Ана тіліміздің бүгінгі 

ахуалы  және  ономастикадағы  өзекті 

мәселелер»  тақырыбында  өрбіткен 

сүбелі әңгімесі жұрттың ұлттық рухын 

жаныды десек артық айтқандық болмас. 

Себебі  ұлт  жанашыры  өз  кезегінде 

әлемде  3-4 мыңнан аса ұлт болса, соның 

тек екі мыңының ғана ана тілі бар екенін 

және жаһандану заманында апта сайын 

екі ұлттың тілі жойылып отыратынын 

мысалға  келтіріп,  бұл  тұрғыда  азат 

елі, ұланғайыр жері бар, тілі бай қазақ 

халқы  өте-мөте  бақытты  ұлт  екенін 

мақтаныш тұтуға үндеді.

-  Аллаға  шүкір,  ата-бабамыз 

бүгінгі ұрпаққа жерімізді, тіліміз бен 

ділімізді,  дінімізді  аманаттап  кетті. 

Қазақ  -  ешқашан  аманатқа  қиянат 

жасамаған текті халық. «Мемлекеттік 

тіл  туралы»  Заңымыз  бар.  Онда 

қазақ тілімен бірге, яғни ресми орыс 

тілінің  қатар  қолданылатыны  тайға 

таңба  басқандай  анық  жазылған. 

Бұл  сол  тұста  қазақ  тілін  білмейтін 

азаматтарымызға  жеңілдік  ретінде 

қолданысқа енген-ді. Бүгінде респу-

бликамызда қазақтың үлес салмағы 70 

пайызды құрап, моноұлтқа айналған 

уақытта  мемлекеттік  өз  үстемдігін 

құруы  заңды  дүние.  Елбасымыздың 

ж ү р г і з і п   о т ы р ғ а н   с ы н д а р л ы 

саясатының  арқасында  мемлекеттік 

тілдің қолданыс аясы кеңейіп, қазақ 

тілінде  білім  беретін  мектептер  мен 

балабақшалардың санының артуы ана 

тіліміздің жарқын болашағының кепілі 

болмақ. Біз тұғыры биік Тәуелсіздіктің 

ширек  ғасырлық  тойын  тойлай  оты-

рып,  ой  бағуға,  ұлттық  мүддемізді 

көзіміздің  қарашығындай  қорғауға 

тиіспіз,-деді  баяндамашы  көпшілік 

қауымға ой салып. 

Сондай-ақ Оразкүл Асанғазы Астана 

қаласы  әкімдігінің  тілдерді  дамыту 

басқармасының басшысы болып тұрған 

тұста бас қаланың 900-ден аса, яғни 

92 пайыз көшесінің қазақша аталуы-

на мұрындық болғанын алға тартып, 

мұндай жетістікке елімізде ешбір облыс 

яки қаланың жете алмай отырғандығына 

қынжылыс  білдірді.  Соның  ішінде, 

Қазақ  хандығының  қасиетті  туы 

тігілген,  2000  жылдық  тарихы  бар 

көне де киелі Тараз шаһарында тіл мен 

ономастикаға қатысты мәселелердің әлі 

толық шешілмей отырғандығын сын 

тезіне алды. 

-  Киелі  Жамбыл  жері  -  қазақы 

қаймағы бұзылмаған, ата-баба дәстүрін 

берік ұстанатын өңір.  Ерліктің ерен 

үлгісін көрсеткен Бауыржан Момышұлы 

мен  қарымды  қаламы  арқылы  күллі 

алашқа  қалтқысыз  қызмет  етіп  келе 

жатқан  Шерхан  Мұртазадай  атпал 

азаматтардың кіндік қандары тамған 

Әулиеатада Ленин көшесінің әлі өзге 

атауға ие болмауы, қала орталығындағы 

қонақ үйлерде көрнекі ақпараттар тек 

орыс тілінде жазылуы қалай? Демек, 

сіз  бен  біз  өз  құқығымызды  білмей, 

ана тілімізді аяқасты етуге жол беріп 

отырмыз. Егер мемлекеттік тіліміздің 

болашағы жарқын болсын десек, онда 

құлдық санадан айырылу үшін -ев, -ов 

жалғауларынан  біржолата  құтылып, 

заңдық құқығымызды пайдалана оты-

рып,  қоғамдық  орындарда  тек  қазақ 

тілінде қызмет көрсетілуін талап етуіміз 

қажет,-деді  ол  ана  тіліміздің  бүгінгі 

жай-күйіне алаңдап.            

  Оразкүл  Асанғазының  пайымды 

пікірін сабақтай түскен ф.ғ.д., профес-

сор Мекемтас Мырзахметұлы «Оно-

мастика ұлттық дәстүр болмаса, онда 

ол өлі ономастика» деп кесіп айтты. 

Егемен ел атанғалы 25 жыл болса да, 

қазақ қоғамы құлдық сананың шыр-

мауынан шыға алмай, жер-су атаулары 

мен ана тілінде толық ой қорыта алмай 

отырғандығы  ащы  болса  да  ақиқат 

екенін атап өтті.

- Жуырда «Жер тарихы - ел тарихы» 

деген кітап шығардым. Онда ономасти-

ка туралы мәселелер қозғалған.  Жалпы 

тіл мен ономастикадағы түйткілдердің 

шешілмей  отырғандығына  тарихи 

санамыздың  оянбай,  құлдық  психо-

логиядан  айырылмай  отыруымыз 

себеп.  Шынында,  қазақтың  қастерлі 

тарихы толық ашылмай отыр. Мәселен, 

1916  жылы  қазақтың  саны  8  мил-

лион  болса,  1941  жылы,  яғни  соғыс 

басталған тұста санымыз 2 миллионға 

да  жетпеген-ді.  Міне,  мұның  бәрі 

қазақтың мықтылығын мойындағысы 

келмеген орыстардың қолдан жасаған 

қиянаты еді,-деді профессор.

Бұған қоса, Мекемтас Мырзахметұлы 

айтары бар алқалы жиын.

   суреттерді түсірген н.тұрғынбек.

Мекемтас Мырзахметұлы.

 

оразкүл асанғазы.



 

Шерубай құрманбайұлы.

 

ерқанат Манжуов.



 

«Үш  тұғырлы  тіл»  саясатын  дамы-

тамыз»  деп  1-сынып  оқушысына 

ағылшын  тілін  оқыту  бала  санасын                                    

улаумен  пара-пар  екенін  алға  тар-

тып, егер еліміздің Білім және ғылым 

министрі бұл мәселені бүгін шешпейтін 

болса, мұның арты үлкен өкінішке апа-

рып соқтыратынын ескертті.

- Егер бала 12 жасқа дейін өз ана 

тілінде сөйлеп, ұлттық дәстүрінде тәлім-

тәрбие алмайтын болса, оның жүрегінде 

«елім, жерім» дейтін патриоттық сезім 

болмайды. Олай болса, біз оң-солын әлі 

жіті айыра алмайтын, өзге емес, өз ана 

тілінде ойын анық жеткізуге қабілеті 

жетпейтін балаға орыс, ағылшын тілін 

күштеп үйретіп не таппақпыз?! Жуырда 

ұлттың болашағына бейжай қарамайтын 

зиялы қауым өкілдері министрге хат 

жолдаған болатынбыз. Бірақ бұл мәселе 

әлі басы ашық күйінде қалып отыр,- деді 

ол ел ертеңі үшін қам жеп.        

  Ал «Тіл саясаты: өткені мен бүгіні» 

тақырыбында  баяндама  жасаған  ҚР 

ҰҒА-ның  корреспондент  мүшесі                      

Шерубай Құрманбайұлы қазақ тілінің 

даму  кезеңдерін  үшке  бөліп,    оның 

әрқайсысына  жеке-жеке  тоқталып 

өтті.  Профессордың  айтуынша, 

қазақ  тілінің  айрықша  дамуы  Ала-

шорда  үкіметімен  тұспа-тұс  келеді. 

Қылышынан қан тамып тұрған Кеңес за-

манында Әлихан Бөкейханов, Міржақып                                                 

Дулатов, Ахмет Байтұрсынов сынды нар 

тұлғаларымыз ана тіліміздің көсегесін 

көгерту үшін арнайы заң жобасын дай-

ындап, қазақ тілінде газет-журналдар 

ашты.  Алайда  ұлт  мүддесі  жолында 

ақтық  демдері  шыққанша  күрескен 

алашордашылардың әсіре ұлтшыл әрі 

жан-жақты  терең  білімді  болуларын 

көре  алмаған  орыс  билігі  олардың 

көздерін жойды. 1989 жылға дейін Кеңес 

үкіметі қазақ тілін құрдымға кетіру үшін 

қолдарынан келгенді аямады. Оның бір 

ғана дәлелі Алматы қаласында жалғыз 

ғана №12 орта мектебінің қалуы еді.

- Расында, осынау 70 жылдың ішінде 

қазақ  халқы  ана  тілінен  айырылуға 

шақ  қалды.  Міне,  бүгінгі  таңда  біз 

солақай  саясаттың  зардабын  тар-

тып, құлдық санадан айырыла алмай 

отырмыз. Сол заманда орысша білім 

алған  қандастарымыз  билікке  келіп,  

мемлекеттік тіліміз әлі де өз тұғырына 

көтеріле  алмай  отыр,  -  деп  ойымен 

бөліскен Шерубай Құрманбайұлы ІІІ 

кезеңде, яғни тәуелсіздік алған 25 жыл-

да қазақ тілін дамытуға жол ашылғанын 

алға тартты.

Сөзінің дәлелі ретінде, профессор 

республикада қазақ тілінде білім алатын 

оқушылардың үлес салмағы 76 пайыз, 

ал орыс тілінде оқитындар 23 пайызды 

құрап  отырғандығын  тілге  тиек  ете 

келе,  ономастика  саласындағы  көше 

атауларының, яғни аншлаг мәселесінің 

біріздендірілмей отырғанына тоқталды.   

Сондай-ақ  конференция  бары-

сында  Батыс  Қазақстан  облыстық 

тілдерді  дамыту  басқармасының 

бөлім басшысы Гүлнар Әлжанованың 

«Жарнамалық дискурс: мәтін аясы мен 

ақиқат  тұтастығы»  атты  баяндамасы 

көпшіліктің қызығушылығын туғызды. 

Ресейдің  бес  бірдей  губерниясымен 

шектесетін  Батыс  Қазақстан  облы-

сы  географиялық  қолайсыз  аймақта 

орналасқанына  қарамастан,  қазақ 

тілінің абыройын асырып отырған өлке. 

Гүлнар  Әлжанова  өз  баяндамасында 

атап  өткендей,    облыста  және  Орал 

қаласында көше атаулары мен жарна-

малар мемлекеттік тілде жазылуы үшін 

үкіметтік емес ұйымдарына 4 млн. 400 

мыңдай теңге бөлінеді екен.

- Алғаш болып батысқазақстандықтар 

қолға  алған  пилоттық  жоба  бірнеше 

жылдан бері өз жемісін беріп келеді. Біз 

жылда жергілікті  ҮЕҰ-ға  4 млн. 400 

мың теңге бөліп, жергілікті инспектор-

ларды сайлап отырамыз. Олар әрбір  ме-

кемеге барып, үгіт-насихат жұмыстарын 

жүргізеді. Сөзімізге құлақ аспағандар заң 

алдында жауап беріп, ақшалай өтемақы 

төлейді,-деді Оралдан келген қонақ. 

Батысқазақстандықтардың  тың 

жобасына  қызығушылық  білдірген 

жамбылдықтар  алдағы  уақытта  бұл 

тәжірибені  іс  жүзіне  асыруға  бейіл 

екендіктерін айтып жатты. 

Жалпы  конференцияда  оқылған 

әрбір баяндама ұлттық мүдде, қазақ тілі 

мен тарихын қамтыды деуге негіз бар. 

«Отан  отбасынан басталады» демекші, 

отының басында ана сүтін қанып ішкен, 

өн бойына ұлтының тілі мен ділін терең 

сіңірген,  ата-бабамыз  ұстанған  хақ 

дінімізге адалдық танытқан өрендеріміз 

ғана  ұлттың  ұландарына  айналады» 

деген  қорытындыға  келді  ұлт  жана-

шырлары. 


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №48 (1336), 30 қараша  2016 Жыл  //

алаң


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет