И: 37. 014. 1: 378. 147 А. С. Ибраева, Б. М. Кайбалдиева, М. А. Шаихова



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#6254

 

 

 



 

УДК 4И: 37.014.1:378.147 

 

А.С. ИБРАЕВА, Б.М. КАЙБАЛДИЕВА, М.А. ШАИХОВА  

Қазақ ұлттық Медициналық Университеті, 

Шет тілдер кафедрасы 

 

ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

Қазақстан  республикасы  тәуелсіздік  алған  уақыттан  бастап  шетел  тілдерінің  мәртебесі  жоғарылады.  Мемлекетіміздің  шет 

елдермен  халықаралық  қатынасы,  дүниежүзілік  мемлекеттер  арасындағы  интеграциялық  үрдісінің  дамуымен  байланысты 

өркендеуде.  Елімізде  шетелдік  ұйымдар  мен  инвесторлардың,  компаниялардың,  банктердің  қатары  да  өсуде.  Ғылым  мен 

техниканың қарыштап дамыған ХХІ ғасырда әлемнің көшбасшы елдері мен алпауыт мемлекеттерінің жетегінде кетпес үшін, жас 

тәуелсіз  еліміздің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде  еліміздің  экономикасын  көтеріп,  өндірістерін  жандандыру  маңызды  болмақ. 

Сондықтан әлемдегi көптеген елдермен саяси-әлеуметтiк, экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңiнен бет бұрдық. Бұл 

қарым-қатынастың нәтижелi болуы, ел мен елдiң, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бiрлiгiн өркендеуге тiл бiлудiң мәнi 

күн сайын арта түсуде. 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім жүйесінде әлемдік білім жүйесі деңгейіне жетуге бағытталған өзгерістер болып 

жатқаны  баршаға  мәлім.  Бұл  әр  ел,  ұлт  өкілдерінің  бір-бірімен  мәдениетаралық  деңгейде  тіл  табысу  дайындықтарын 

қалыптастыруды талап етеді. 

Түйінді сөздер: деңгейлеп-саралап оқыту, жобалап оқыту, әдістер мен технологиялар, ақпараттық коммуникативтік технология, 

ақпаратты-коммуникациялы оқыту. 

 

Тақырыптың өзектілігі.  

Шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін оқып-үйрену бүгінгі күні үлкен қажеттілік туғызып отыр. Әрбір  студент  – ертеңгі жас 

маман, қазіргі заман талабына сай ағылшын тілін меңгеруді алдына мақсат етіп отыратыны бізге белгілі.  Себебі, қазіргі заманда 

ағылшын тілі «XXI ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі – 

бүгінде  халықаралық  қатынастың,  ғылым  мен  техниканың,  бизнес  пен  журналистиканың  барлық  салаларында  кеңінен 

қолданылып  келе  жатқан  тілдердің  қатарына  жатады.  Сол  себептен  ағылшын  тілі  –  халықаралық  тіл  дейміз.  Бүгінгі  күні 

зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2-1,5 млрд арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі – жер бетіндегі ең 

көп қолданылатын тіл. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 

60 жылдардан бастап ағылшын тілі кеңінен тарала бастады. Ағылшын тілі БҰҰ, ЮНЕСКО, Бүкіл әлемдік Денсаулық сақтау ұйымы 

сияқты және басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады.  



Жұмыстың мақсаты

Шетел тілі сабағында ауызша сөйлеуге үйретудің маңыздылығын айқындау; 

-

 

Ауызша сөйлеуге үйретуде қолданылатын әдістер мен технологияларды  айқындау; 



-

 

Ауызша сөйлеуді дамыту үшін орындалған іс-тәжрибелік жұмыстар нәтижесін айқындау; 



-

 

Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тексеру.Егер оқушылардың сөйлеу 



дағдысында  әдістер  мен  технологиялар  тиімді  пайдаланылса,  онда  оқушылардың  оқу  мотивациясы  мен  сөйлеу  дағдысы 

қалыптасып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды. 



Жұмыстың материалдары мен әдістері. 

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің 

басты  нышаны  болып  табылады.  Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды,  жас ұрпаққа саналы,  мән  мағыналы, 

өнегелі  тәрбие  мен  білім  беру  –  бүгінгі  күннің  талабы.  Жаңаша  көзқарастардың  дамуы  шетел  тілін  оқыту,  дамытуға  ықпалын 

тигізуде. Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын 

тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз жолын 

табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл-күй, жарқын болашақ сыйлауға  тырысқан адамдар үшін 

шетел тілдерін білу қажеттілігі туындап отырАлғашқы кезеңге бірінші орынға оқып-түсіну және аударма қойылады. 

- оқушылар  таныс  емес  сөздерді  оқып  білу; 

- cөздіксіз  мәтінді  оқып  түсіне  білу; 

- шетел  тілін  өз  ана  тіліне  ауызша  аудара  білу; 

- жазбаша  аудара  білу [4; 22-24]. 

Жазбаша оқытуда  мынадай  талаптар  қойылды: 

- мәтінді  көшіріп  жаза  білу; 

- қысқа сөйлеуді жаза білу. 

Тіл  –  сыртқы  дүние  мен  қоршаған  орта  туралы  білім  алу  көзі.  Пәнді  оқытуда  оқушылар  ағылшын  тіліндегі  атаулармен, 

құбылыстармен танысады.  

Шетел  тілін  оқытуда  қалыптастыратын  негізгі  дағды  -  ол  сөйлеу              дағдысы.  Тіл  адамдардың  қарым-қатынас  құралы 

болғандықтан,  ол  сөйлеу  әрекетінің  арқауы  болып  табылады.  Тіл  ұлт  пен  ұлтты  жақындастыратын  өзгеше  қатынас.  Тілмен 

сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен 

қатынаса  алады.  Қазіргі  таңда,  еліміз  өз  егемендігін  алып,  дербес  мемлекет  ретінде  танылуда.  Сондықтан,  еліміздің  өркениетін 

көтеру  мақсатында шетел  тілдерін  меңгеру,  шет  елдермен  қарым-қатынас  орнатудың  маңызы зор  екендігін  көрсетіп отыр.  Бұл 

дегеніміз  қазақстандықтар  үшін,  жастар  үшін  ағылшын  тілін  үйрену  –  ғылымды,  экономиканы,  бизнесті  одан  әрі  дамыту 

қажеттілігін туындатып  отыр. Білім – адамзат қазынасы, халықтың білімділігі –  

ел  байлығының  ең  маңызды  бөлігі.  Тәрбиелеу  мен  оқыту  жүйесінде  білім  арқылы  ең  озық  мәдениет  пен  дүние  таным 

қалыптасады. 

Сонымен  қатар  оқушылардың  ағылшын  тілінде  ауызша  сөйлеу  қабілеттерін  дамыту  бағытында  түрлі  іс-әрекет  ұйымдастыруға 

болады. Шетел  тілі  пәні  бойынша  оқушы  ереже  мен  ұғымдар  анықтамасын  тек жаттап алғаннан  гөрі,  оларды  іс жүзінде саналы 

түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады.  Мысалы, белгілі бір 

мәтін 


бойынша 

жұмыс 


істеу 

үшін 


мынадай 

жаттығулар 

беріледі:  

1. Мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу; 

2. Мазмұнын түсіну; 

3. Тірек – сызба сөздері арқылы баяндау; 

4. Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу. 


 

 

 



 

Келесі жаттығу түрі – сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде – студенттер сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа 

жұмыстары ретінде қарапайым іс-әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. 

Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр  – түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе 

келіспейтіндігін білдіре алуы керек.  Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының бірін 

кіргізуге  болады.

 

Тілдік  жаттығудың  мақсаты  – сабаққа  деген  бетбұрыс  туғызу.  Тілдік  жаттығу барысындағы  мұғалімнің  жылы 



дауысы, сұрақтардың алдын-ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы 

қарым – қатнас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі.  

Шағын  шығарма  жазу  оқушылардың  тек  жазу,  тілді  тусіну,  сөйлеу  қабілеттерін  арттырып  қана  қоймай  әр  баланың  жеке  тұлға 

ретінде  қалыптасуына  себеп  болады.  Бұндай  шығармаларды  көп  уақыт  алмай  5  минуттық  жазу  ретінде  өткізу  әбден  мүмкін. 

Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу 

қабілетіне көбірек назар аударған жөн. 

Тақырыптар түрі сан алуан:  

-«Бүгінгі күннің ең қызықты сәті». 

-«Қазір мен не ойлап отырмын?». 

-«Мен білетін адам». 

-«Менің хоббиім». 

-«Мен ұнататын нәрсе». 

-«Мен ұнататын аң».  

Келесі жаттығу түрі «Find the words» деп аталады. Нұсқау бойынша балалар сөзді табу тиіс. 

Bread 

E – is exactly in the middle. 



D – is at the end. 

B – is one of the letters before e. 

R – is between b and e. 

A – is between e and b. 

Мультимедиялық  технологиялар.    Қазіргі  таңда  ағылшын  тілі  –  әлеуметтік,  саяси, мәдени,  іскерлік  тіл  болып есептеледі.  Шетел 

тілін оқыту үрдісінде жан – жақты дамыған мұғалімдер қажет етіледі. Қазіргі заманғы жаңа технологияны қолданатын мұғалімдер 

аз емес, бірақ мұғалімдердің көбісі әлі күнге дейін дәстүрлі жолмен оқытып келеді. Дәстүрлі әдістердің еш қайсысы жаман емес, 

яғни оқушыларға кері әсерін тигізбейді. Керісінше, олардың пайдалы жақтары да бар. Бірақ оқушыларға сенімді, дамыған, заманға 

сай  азамат  болып  жетілуі  үшін  көптеген  мультимедиялық  технологияларды  қолдануға  болады.  XXI  ғасырда  шетел  тілдері 

арасынан  ағылшын  тілі  бірінші  орында  екендігін    ажыратып  алу  маңызды.  Мультимедиялық  технологиялардың  көмегімен  аз 

уақыттың  ішінде  көптеген  ақпараттарды  алуға  мүмкіндік  болған  жағдайда,  дәстүрлі  әдістерді  қолданудың  қажеті  жоқ. 

Оқушылардың  қарым  –  қатынасқа  түсу  қабілетін  дамытады.  Ал  дәстүрлі  әдіс  қарым  –  қатынасқа  тез  арада  түсе  алуға  кедергі 

болады.  Оқушылар  арасында  немесе  оқушы  мен  мұғалім  арасында  әр  түрлі  тақырыптарға  сұқпат,  дебаттарды  ұйымдастыру  да 

қарым  –  қатынасқа  түсу  қабілетін  жақсартады.  Мультимедиялық  бағдарламалық  оқу  құралдары,  қарапайым  оқу  құралдарымен 

салыстырғанда  тыңдап  –  түсіну  қабілетін  жақсартумен  қатар  молырақ,  шынайы  өмірге  жақын  ақпараттармен  қамтиды. 

Мультимедиялық  құралдар  арқылы  алынған  ақпараттарды  топпен  талқылау  арқылы  сөйлеу  қабілеттері  де  дамиды. 

Мультимедиялық оқыту құралдары аудиторияны жандандырып, сабақтың қызығырақ өтілуіне септігін тигізеді.  

Оқыту әдістерінің басты қызметі – оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. 

Оқыту құралдары – білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық 

оқыту құралдары, оқу кабинеттері, зертханалар. 



Ойын  -  оқыту  әдісі.  Бүгінгі  күннің  біздің  алдымызға    қойып  отырған  мақсаты  –  балаларға  тиімді  де  нәтижелі  білім  беріп, 

адамгершілік қасиеті мол отаншыл азамат тәрбиелеу үшін жұмыс тәсілдерінің жаңа түрлерін қолдану, сабақты балалар үшін есте 

қаларлықтай  қызықты  ойын-сауықтар,  сайыс  құру  арқылы  өткізу,  балалар  тәрбиесінде  имандылық,  ізеттілік,  үлкенді  сыйлау 

сияқты адамгершілікке баулитын сабақтарды, сонымен қатар қисынды ойлау тақырыбына қатысты дидактикалық  сабақтарды 

ұйымдастыру. Ағылшын тілін оқыту – күрделі пән.  

Ойын – ойлау  қабілетін  жақсарту  мен  сабақты қызықты  өткізу мақсатында  қолданылатын оқытушының құралы.  Ойын арқылы 

оқыту  –  тіл  үйренуде  ең  ұтымды  тәсілдердің  бірі.  Ойын  –  оқыту  мен  тәрбиелеуде  дәстүрлі  әдіс  екендігі  мәлім.  Ойын  көмегімен 

оқушылардың  таным  процестерінің  барлығы  да  іске  қосылады:  байқау,  есте  сақтау,  ойлау  және  шығармашылық  қабілеттері 

дамиды. Ойын технологиясын қолдану – әр қашан жақсы нәтижелер береді, пәнге деген қызығушылықты арттырады. Сабақтың 

мақсаты мен міндетіне қарай сол сабақты пысықтауда, оқушылардың сөйлеу әрекетін іске қосуда әр түрлі ойындар қолданылады. 

Ойындардың оқыту процесінде пайдасы маңызды. Көптеген атақты педагог ғалымдар ойынның оқыту барысындағы тиімділігіне 

аса мән берген. Ойын – эмоционалдық және ақыл – ой сезімдерінің күшеюіне негіз болатын, алдын – ала  ұйымдастырылған іс – 

әрекет. 

Шетел  тілі  сабағында  ойындарды  қолдану,  тіл  үйренушілерге  тек  қана  ауызша  сөйлеу  қабілетін  жақсартып  қоймай,  адамдарға 

шығармашыл  тұлға  болып  қалыптасуға,  кез  келген  істі  шығармашылықпен  орындау,  яғни  оны  сапалы,  жоғары  дәрежеде 

орындауға септігін тигізеді. Ойын – ол өзін – өзі бақылау, өзін – өзі басқару, өзін  - өзі қалыптастыру ортасы. Ойын әр қашан кез 

келген жағдайда шешім қабылдауға – қалай мәселеден шығу, не айту, қалай жеңу жолдарын үйретеді. Ойын ең алдымен қызықты 

іс  –  әрекет.  Ойында  барлық  қатысушылар  тең.  Ол  тіпті  нашар  оқитын  студенттердің  да  қабілетіне  сәйкес  келеді.  Теңдік  сезімі, 

қызықты және қуанышты атмосфера, тапсырманың қолдан келетінін байқау сияқты сезімдердің барлығы оқушыларға басқа тілде 

сөйлеуге кедергі болатын ұялшақтық сезімін жеңуге көмектеседі. Басқалармен тең дәрежеде мен де сөйлей алады екенмін, деген 

сияқты  өзіне  деген  сенімділік  сезімі  пайда  болады.  Сонымен,  біз  ойынды  сөздерді  көп  қайталау  арқылы  ауызекі  тілді 

жаттықтыратын жаттығу ретінде қарастырамыз.   

Кез  келген  сөйлеу  әрекетіне  қатысты  ойындар  оқушыны  сұрақ  қою,  жауап  беру  арқылы  өз  ойын  сол  тілде  еркін  жеткізуге 

мүмкіндік туғызады. 

Студеттер  сөйлеп  жатқан  кезінде  олардың  қателерін  түзеуге  болмайды,  керіснше,  мұғалім  оқушыларға  сабақ  барысында  шетел 

тілін көп қолдануын қамтамасыз етуі керек. Тек сабақтың соңында ғана олардың қатесін сыпайы түрде айтып өтуі керек. 

М.  Ф.  Стронин  өзінің  «Ағылшын  тілі  сабағында  тіл  үйретуге  көмектесетін  ойындар»  атты  кітабында    ойын  түрлерін  келесі 

топтарға бөліп қарастырады: 

1. лексикалық ойындар; 

2. грамматикалық ойындар; 

3. фонетикалық ойындар; 

4. орфографиялық ойындар; 

5. шығармашылық ойындар. 


 

 

 



 

Лексикалық ойындар.  Мақсаты: - шынайы өмірге жақын оқиғалар барысында  ойынғақатысушыларды лексиканы пайдалануға 

үйрету; 


- ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту. 

«Дәрігерде». Дүкенде сатып  алуға  болатын  әр  түрлі заттар,  киім  немесе  тамақ  түрлері қойылған.  Ойынға қатысушылардүкенге 

кіріп өзіне керекті затты сатып алады. 

P: Good morning, doctor! 

D: Good morning! What’s the matter with you?  

P: Oh, doctor, it’s quite difficult to describe my condition. I have got all the illness. 

D: please, don’t worry. I’ll try to help you. Take please your temperature. 

Well, let me see… open your mouth…  

Тілдік ойындар. Тілдік ойындар лексикалық, грамматикалық дағдыларды қалыптастыруда қолданылады.  

 «Сөздерді аудар». Әр бір ойын қатысушысына ағылшын тіліндегі сөз ана тіліне аударуға беріледі. Жауап сұрақ қойылған сәтте 

берілу керек.  

 «Мақалдарды  құрастыру».  Жүргізуші  мақалдың  басын  оқиды, команда  болып  оны  аяқтау  керек.  Дұрыс  жауап  берсе,  ол  топқа 

ұпай беріледі.      Мысалы: A friend in need ……Is a friend indeed. 

Фонетикалық ойындар. Мақсаты – оқушыларды ағылшын тіліндегі дыбыстарды айтуға үйрету. «Жуан және жіңішке дауысты 

дыбыстар». Мақсаты: фонетикалық тыңдау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ойынның ережесі: мұғалім сөздерді атайды. егер 

дыбыс  жуан  естілсе,  оқушылар  қол  көтереді.  Ал,  егер  дауысты  дыбыс  жіңішке  естілсе,  онда  қол  көтеруге  болмайды.  Қате  аз 

жіберген команда жеңеді. 

Грамматкалық  ойындардың  бірі  –  «Сурет  ойыны».  Present  Continuous  құрылымын  түсіндіру  мақсатында  аталған  ойынды 

қолдануға  болады.  Оқушылар  суреттегі  кейіпкерлердің  не  істеп  жатқанын  айтуға  міндетті.  Бір-біріне  былайша  сұрақтарды 

қоюына болады: 

P

1



: Is the girl sitting at the table? 

T: No, she is not. 

P

2

: Is the girl standing? 



 

Суреттегі кейіпкерлер әрекетін дұрыс тапқан оқушы жеңеді де, ол келесі суретпен сұрақ қоюға шығады. 



«What do you like to do? ». Мақсат – ауызша сөйлеуде жалпы сұрақ қою қабілетін дамыту. Қатысудылардың біреуі өзінің немен 

айналысқанды  ұнататынын  жасырады,  қалғандары  оған  сұрақ  қояды:  Do  you  like  to  swim?  Do  you  like  to  play  football?  Жауапты 

дұрыс тапқан адамға сұрақ қою кезегі келеді. 

Ағылшын тілі сабағында қолдануға болатын ойындардың саны көп. Бірақ, мұғалім әр сабағын ойластырып, сабақ тақырыбына сай 

дұрыс ойын таңдауы керек. Өйткені ағылшын тілі сабағындағы ойын – тек қана сабақты қызықтырушы тәсіл емес, сонымен қатар 

ол ең төменгі сөйлеу дағдыларынан бастап – өз алдына пікір алмасу арқылы бегілі тапсырманы шешу жолы. Ағылшын тілі сабағын 

тек оқушыларға ғана емес, студенттер, жастарға арналған ойындар ұйымдастыруға болады. 

Нәтижелер. 

 



Эксперименттің нәтижесінде жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың грамматикалық, фонетикалық, лексикалық  

білім деңгейлері көтеріліп, ауызша сөйлеуге деген қызығушылықтары артты.    

 

Шетел тілі сабағында ауызша сөйлеуге үйретудің маңыздылығы айқындалды.  



 

Экперимент барысында түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының жаңаша ойлау қабілеттері жоғарылап, 



шығармашылық қабілеттері дамып, ауызша сөйлеу іскерліктері мен дағдылары қалыптасты.  

 



Ауызша сөйлеуге үйретуде қолданылатын әдістер мен технологиялар  айқындалды және оның ағылшын тілінде ауызша 

сөйлеуге үйретудегі  тиімділігі негізделді.  

 

  Ауызша сөйлеуді дамыту  қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңарған педагогикалық 



технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс екені дәлелденді. 

Эксперимент нәтижелерін салыстыру 

 

 

 

 

0%

10%



20%

30%


40%

Оқушылард

ың сөйлеу 

қабілеті


Оқушылард

ың сұраққа 

жауап беру 

қабілеті


Оқушылард

ың сұрақты 

қоя білу 

қабілеті


Мәтінді 

сипаттау 

қабілеті

Таныс 


материалды 

түсініп 


меңгеру 

қабілеті


Ряд1

25%


27%

26%


31%

35%


Ряд2

28%


32%

30%


34%

39%


25%

27%


26%

31%


35%

28%


32%

30%


34%

39%


 

 

 



 

Қорытынды. 

Қорыта  келгенде  заман  талабына  сай  қазіргі  оқу  орындарында  білім  мазмұнын  оның  құрылымдық  жүйесін  жаңарту  білім 

реформасының  басты  талабы.  Бұл  орайда  ағылшын  тілін  оқытудың  озық  технологияларын  меңгерту  үлкен  істің  бастамасы. 

Жұмыстың  нақты  міндеттерінің  қатарындағы  әдістемелік  әдебиеттерді  пайдаланып,  ауызекі  сөйлеуді  қалыптастыруға  

байланысты  талдаулар  жүргізілді.  Оқушылардың  ағылшын  тілі  сабағында  ауызекі  сөйлеу  дағдыларын  жаңа  технологиялар 

негізінде меңгерту барысында қалыптастырудың технологиялық ерекшеліктері анықталды.  

Ойын    түрлерінің    ішіндегі    коммуникативті    біліктілікті    дамытатын    ойындардың    басқа    ойын    түрлерінен    айырмашылығы, 

тиімділігі  анықталды.  



 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1

 

Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беру  тұжырымдамасы// Қазақстан  жоғары  мектебі. – 2004. - №1. – 



Б. 18-22. 

2

 



Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан  халқына Елбасының  жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». - 2007. – С. 49-53. 

3

 



Абдуллаева Ұ., Тіленбаева М. Ұлттық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу //Бастауыш мектеп. – 2005. – №9. – С. 49-53. 

4

 



Макаренко  А.С. Коллектив  и  воспитание  личности. – М.: Педагогика, 1972. -  334 с.  

5

 



Құлжанова.Н. Ойын  мақсатын талдау  және  ойын  мәні // Қазақстан  мектебі. - 2001.- №1. - Б. 74. 

6

 



Выготский  Л. С. Игра  и  ее  роль  в  психическом  развитии  ребенка.//  Вопросы  психологии. – 1966. - Т. 6. - 340 с. 

7

 



Агапова  Г.Г. Профессионально-педагогическая  подготовка  учителя  в США: Автореф.дисс.- канд.пед.наук. - М.: 1973. - 29 c. 

8

 



Пидкасистый  П.И., Ахметов Н.К., Хайдаров  Ж.С. По  фундаментальным  дисциплинам. // Вестник  высшей  школы. - 1985. - Т. 7. -

С. 420. 


9

 

Ахметов Н. К., Хайдаров  Н. Ж. Игра  как  процесс  обучения. – Алма – Ата: Знание, 1985. - 48 с.  



10

 

Қасенова. Д. А. Шетел  тілін  оқыту  әдістемесінде  коммуникативтік  біліктілікті  қалыптастырудың  артықшылықтары  мен  



принциптері. Республикалық  әдістемелік-педагогикалық  журнал  «Мектептегі  шет  тілі». – 2010. - №1. – С. 28-36. 

 

 

 

 

 

 

А.С. ИБРАЕВА, Б.М. КАЙБАЛДИЕВА, М.А. ШАИХОВА  

ТЕХНОЛОГИИ В ОБУЧЕНИИ ГОВОРЕНИЮ В ИНОСТРАННОМ ЯЗЫКЕ 



 

Резюме:  в данной статье говорится о современных технологиях в обучении говорению в английском языке. Эти  методы обучения 

соответствуют требованиям обучения иностранного языка.  



Ключевые слова: уровневое обучение, проектное обучение, методы и технологии, информационно - коммуникативное обучение. 

 

 

 

 

 

A.S. IBRAYEVA, B.M. KAIBALDIYEVA, M.A. SHAIKHOVA  

TECHNOLOGIES IN TEACHING SPEAKING IN A FOREIGN LANGUAGE 



 

Resume:  This  article  deals  with  modern  technologies  speaking  in  the  English  language.  This  methods  correspond  to  the  requirement  of 

teaching a foreign language.  



Keywords:  level teaching, project teaching, methods and technologies, informative – communicative teaching.  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет