1
Р. С. Әбдішүкіров Б. С. Мырзалиев
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
оқу құралы
1 кітап
Алматы
2009
2
ББК 65.052я7
Ә 14
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің
ғылыми кеңесімен қаралып, баспаға ұсынылған
РецензенттеР:
Ш. Көпешов, экономика ғылымдарының докторы, профессор;
М. Өскенов, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Ә 14 Әбдішүкіров Р. С., Мырзалиев Б. С.
Бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. І кітап.— Алматы:
Нұр-пресс, 2009.— 329 б.
ISBN 9965-830-06-1
Бұл оқу құралы бухгалтерлік есепті оқитын жоғары оқу орындарының
студенттеріне арналған. Ол бухгалтерлік есеп шоттары Типтік және
Жоспарларының қазіргі заманғы талаптарымен сәйкес жазылған.
Онда оқып жатқан көпшілік үшін бухгалтерлік есепті білу мен шұғыл
бухгалтерлік жұмыс бойынша тәжірибелі дағдыларын алудың ең оңай
және түсінерлік әдістері қолданылған.
Оқу құралының 1 кітабындағы І тарауда кәсіпкерлік қызметтегі
бухгалтерлік есептің негіздері мен қағидалары, ІІ тарауда бухгалтерлік
операцияларды жүргізудің әдістері қарастырылған.
Шоттардың Жұмыс жоспары 2006 жылдың 6 қаңтарына олар
бейнеленетін құжаттарды көрсетуімен қоса шоттардың корреспонден-
циясы беріледі.
Кешен шұғыл бухгалтерлік жұмыстың қойылуы және техникасымен
қызығатын барлық бұл саладағы өзінің құзыретінің деңгейінен тәуелсіз
кәсіпкерлерге, сондай-ақ басшылар, бухгалтерлер мен қаржыгерлерге
бағытталған.
ББК 65.052я7
Ә
© Авторлық ұжым, 2009.
ISBN 9965-830-06-1 — (1-кітап) © Нұр-пресс, 2009.
ISBN 9965-830-05-3
0605010205
00(05)-08
3
К І Р І С П Е
Әміршіл экономика негізінде ұйымдастырылған бухгалтерлік
есеп-қисаптың бұрыңғы жүйесі әдістемелік тұрғыдан жетік, жатық-
қан болатын. Бірақ ол кәсіпорынның мұқтажын емес, оны дүниеге
келтірген әкімшілік-әміршілдік шаруашылық жүргізу жүйесінің
талаптарын орындауға бағытталған еді, яғни шаруашылық өмірдің
нақты мәліметтерін тіркеп, жоғарғы органдарға есеп беріп отырған.
Өйткені есеп-қисап барлық мекемелердің қатаң иерархиялық бағы-
ныштылығына сүйенетін еді.
Мекемеялердің қай-қайсысы болмасын өзіндік бастамаға
ешқандай құқығы болмай, тек жоғары басқару органдарының
нұсқауларын орындауына міндетті болған. Осы себептер салдарынан
ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп-қисап жүйесі нарықтық
қатынастар кезінде басқаруға қажетті мәлімет берген емес, әрі бере
алмайтын еді. Өйткені ол дүниежүзілік тәжірибеден, халықаралық
стандарттардан бөлек болатын.
Нарықтық қатынастар Қазақстан экономикасына (былайша
айтқанда, ТМД-нің барлық елдеріне сияқты) үлкен өзгерістер
енгізді. Егер бұрыңғы уақытта экономикалық қатынастар бірыңғай
мемлекеттік меншіктің негізінде құрылса, енді олар есеп айырысу-
лар, пайда, тиімділік негізінде құрыла бастады.
«Пайда» деген ұғым жартылай түрде көзге ғана сипатқа ие
болатын еді, өйткені оны мемлекет өзі пайдаланатын еді және
кәсіпорындарда оны алуға ынта болмағандығы ешкімге құпия
емес. Әдеттен тыс, бірақ шынын айтқанда, кейбір кәсіпорындар
(әсіресе одақтық ведомстволардың) өздерінің шығыстарын әдейі
жоғарылатып көрсететін еді, өйткені залал шегетін жағдайда,
мемлекет, әдеттегінше, оларды өзінің жәрдем қаржыларымен өтеп
беретінін білетін еді.
Анықтап айтқанда, кәсіпорынның күнелту, даму және өркен-
деудің көзі пайда алу емес, мемлекеттік нұсқау болатын еді. Әміршіл
экономиканың мұндай теріс механизмдері бухгалтерлік есептің
жүргізілуіне де өз әсерін тигізді.
Мәселен, кәсіпорынның балансы мемлекеттік механизмдебей-
неленеді, яғни кәсіпорынның жарғылық капиталының қалыпта-
4
суына тиісті мән берілмесе де, шығыстардың әрбір бабы атап
көрсетілген. Оған қоса баланс өте өрістеген және рабайсыз еді.
Алайда, барлық аталған аз ғана өзгешеліктері кезінде бухгалтер-
лік есептің әдістемесін үйренуге өндірісте де, оқу орындарында да
тиісті көңіл бөлінетін еді. Өндірістерде оқушыларды үйрету үшін
жетекші бухгалтерлер болған, ал кез келген экономикалық ЖОО-
да бухгалтерлік есеп кафедрасы ұйымдастырылған еді. Жұмыс
орындарында нұсқаулар мен көрсетулер жеткілікті болған.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта бухгалтерлік есепті жүргізу және
үйрету әдістемесі өте қиын кезеңге ұшырап отыр. Бірақ бұл — уақыт
талабы және одан құтылып немесе оны аттап кету мүмкін емес.
Біздің көзқарасымыз бойынша оның қиындығы біз ескі
механизмді бұзып, бірақ жаңасын әлі құрып үлгермегендігімізден
тұрады. Және біз төмендегі маңызды проблемалар бойынша пайда
болған мәселелерді шешуіміз керек:
1) Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас, одан соң Типтік жоспары.
2) Қаржылық есеп беру мен салықтық есеп бойынша жиынтық
табысты анықтау және салыстыру.
3) Экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің салықтық тәр-
тібін енгізу.
Мамандарға бухгалтерлік есепті оқыту мәселесі әлдеқайда қиын
жағдайда қалды.
Ал біздерге, педагогтарға және бір маңызды проблема: оқы-
туды жүргізу кезінде әрбір студенттің дербес мүмкіндіктері мен
қабілеттілігін есепке алу. Өйткені бүгінгі студенттен ертеңгі
экономист-бухгалтер шығады ғой!
Бұл жағдай осы пәнді оқуды қалайтын әрбір адамға қажет негізгі
түсінікті және оңай меңгерілетін материалдарды көрсететін оқу
құралдардың жаңа бағыттарын даярлау қажеттілігінің уақыты
жеткенін дәлелдейді.
Қазіргі уақытта көптеген әдістемелік көрсетулер шығып жатыр,
бірақ олар таза кәсіби сипатқа ие, сондықтан да студенттерге көп зат
түсініксіз болып қала береді.
Өкінішке орай, студенттердің арасында кейде, ол туралы
дауыстап: «Бухгалтерлік есепті біз бұл жерде (яғни ЖОО-да)
ешқашан да үйрене алмаймыз, оны кейінрек өндірісте үйренеміз,
сондықтан күш салудың қажеті жоқ» деген теріс пікір пайда
болады. Онымен біз шешімді түрде келіспейміз және оларды:
«Бухгалтерлік есепті сіздер бұл жерде үйренуге тиістісіздер,
ал өндірісте өздеріңіздің білімдеріңіз бен дағдыларыңызды
жетілдіресіздер» деп сендіреміз.
5
Осы ой-пікір — авторлардың осындай оқу-әдістемелік кешенді
жазуына түрткі болды. Ол, өз кезегінде, тиісті тараулар, бөлімдер
мен бөлімшелерге бөлінетін 2 тараудан тұрады. Материалдарды
оқудың қолайлылығы үшін бөлімдер бірізді түрде нөмірленген,
көлемі бойынша тиімді мөлшерленген.
Бірінші тарауда бухгалтерлік есептің негізгі теориялық мәсе-
лелері мен оның тәжірибелік аспекттерінің бір қатары баяндалған.
Синтетикалық шоттарда есеп жүргізу, баланс құрудың негізі
мен кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдаудың мысалдары
келтірілген.
Екінші тарауда балансқа қатынасы жөнінен бухгалтерлік шот-
тардың жіктелуі бойынша нақты тәжірибелік материал келтірілген,
мысалдарда бухгалтерлік проводкаларды құру әдістемесі көрсе-
тілген. Контрарлы және нәтижелі шоттарға талдау жасалған.
Құрал бухгалтерлік есептің егжей-тегжейін үйренуді қалаған
әрбір студент пен курстардың оқушысы үшін түсінікті, қарапайым
тілмен жазылған.
Ұсынылып отырған кешен — бухгалтерлік есеп бойынша
мамандар даярлау процесінде авторлар тарапынан сынақтан өткен
тәжірибенің тұжырымы. Осы пәннің студенттер тарапынан игерілуі
олардың алдағы қызметінде өздерінің жоғары деңгейдегі біліммен
қалыптасқан жұмысының іскер және шығармашылық өзегінің
нығаюына мүмкіндік туғызады.
Кітаптағы материалдар төменде аталған: «Салық және салық
салу», «Шығындарды басқару», «Еңбекке ақы төлеу», «Шаруашылық
қызметті талдау», «Басқарушылық есеп», «Кәсіпкерлік негіздері»,
«Кәсіпорындар экономикасы» пәндерін оқыту кезінде пайдаланылуы
мүмкін.
Авторлар, бұл жұмыстың жаңашылдығымен толық қамту
сипатына үміттенбей, оны әрбір студент үшін түсінерлік ететін
құралдың белгілі құрылымын жасау үшін барлық мүмкіндіктерін
іске асыруға бағыттады. Материалдар 2006 жылдың 6 қаңтарына
берілген.
Оқу құралы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ экономика факультетінің
деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Б. С. Мырза-
лиевтің басшылығымен (кіріспе, I тарау, жалпы редакция), «Қаржы
және бухгалтерлік есеп» кафедрасының меңгерушісі, экономика
ғылымдарының кандидаты, доцент А. С. Дюсембиев (I тарау II
бөлімінің V—IХ бөлімшелері), сол кафедраның аға оқытушысы
Р. С. Әбдішүкіров (II тараудың I—VI бөлімдері), «Менеджмент және
6
маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы С. М. Мұханов (I тарау
III бөлімінің V—VII бөлімшелері), сол кафедраның оқытушысы
Б. Ж. Кенешбаев (II тараудың V—IХ бөлімдері), есеп және аудит
магистрі Д. Р. Әбдішүкіровтар (II тараудың VI бөлімі), сондай-ақ
Қазақстан-Ресей университетінің оқытушысы Ө. Ж. Жамшаев (I
тарау III бөлімінің VIII—IХ бөлімшелері) дайындаған.
Авторлар бұл кітаптің мазмұны және оны жетілдіру бойынша
өздерінің пікірлері мен ескертулерін айтуға мүмкіндік тапқандардың
барлығына ізгі тілектері мен ризалығын білдіреді.
7
I Тарау. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ НЕГІЗДЕРІ
I БӨЛІМ.
БУХГАЛтеРЛІК еСеПтІҢ теОРИЯЛЫҚ неГІзДеРІ
I бөлімше. БУХГАЛтеРЛІК еСеПтІҢ МАҢЫзЫ Мен
МАзМұнЫ
1. Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мәліметтер
Есеп — бұдан мыңдаған жылдар бұрын адамзат өркениетінің ке-
ліп шығуымен бірге пайда болды және оның алғашқы қадамдары
тарих үшін үлкен әсерін тигізді. Есептің дамуы өмірдің қажеттілігі-
мен келген, ал ол өз кезегінде жазу мен математика сияқты
өркениеттің ажырамас бөліктерінің дүниеге келуіне себеп болды.
Шамамен ХV ғасырдың соңына таяу қосарлы жазуға негізделген
бухгалтерлік есеп теориясы қалыптасты. Бұл әдіс қазіргі уақытта да
негізгі әдістердің бірі болып келеді. Сол уақыттардан бері баланс,
калькуляция, дебет, кредит, контировка және т.б. көп терминдер
сақталып қалған.
Бухгалтерлік есептің — есептің басқа түрлерінен (мысалы, стати-
стикалық) ерекшеленетін бірқатар өзгеше белгілері бар:
1. Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық операциялардың бәрі
түгел бухгалтерлік есеп жүйесінде бейнеленеді;
2. Бухгалтерлік есепте тек қана ақшалай түрде өлшенетін
шаруашылық операциялар көрсетіледі;
3. Бухгалтерлік есепте тек қана өзіне тән арнайы әдістер (тәсілдер)
(мысалы: шоттар, қосарлы жазу, баланс) қолданылады.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынды басқаруда үлкен рөл атқарады,
өйткені оның қызметі, қаржылық жағдайы туралы толық ақпарат
береді. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі
мен маңызы күшейе түсті.
Есепте орын алатын көрсеткіштер қаржы-шаруашылық қыз-
меттің нәтижелерін талдау кезінде тек кәсіпорынның өзімен ғана
емес, онымен тығыз серіктестік байланыста болатын жеткізушілер,
тапсырысшылар, несие берушілер (банктер) және тағы басқалармен
жүргізіледі.
8
Қазіргі уақытта есептің көрсеткіштерін салық және қаржы орган-
дары, банктер пайдаланады, ал кәсіпорынмен жасалған келісім шарт
бойынша тексеру кезінде — аудиторлық фирмалар, кеңесшілер,
заңгерлер, әсіресе жетекшілік пен басқарудың әртүрлі деңгейлерін-
де қаралатын даулы мәселелерді шешуде кәсіпорынның мүдделерін
қорғауы қажет болған уақыттарда қолданады.
Сондықтан да ақпарат заң нормаларына сәйкес болуы тиіс. Ол
үшін кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және материалдық
құралдар мен ақша қаражаттарға сақтаушы тұлғалар жауапты бо-
лады.
Бухгалтерлік есеп Материалды жауапты тұлғалардың қызметі
үстінен бақылау үшін ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол үшін әрбір
Материалды жауапты тұлға бойынша материалдық құндылықтар
мен ақша қаражаттарының есебі бөлек жүргізіледі.
Материалды жауапты тұлғалар өздеріне бекітілген материалдық
құндылықтардың (ұсақ сауда кәсіпорындарының қызметкерлерінен
басқа) табиғи түріне жауапты болады. Ол жағдай табиғи өлшегіштерде
(дана, кг, км және т.б.) көлемі бойынша есеп жүргізуді болжамдай-
ды. Мезгілді түрде бухгалтерлік есептің мәліметтері Материалды
жауапты тұлғалардың есептерінің мәліметтерімен салыстырылады.
Ол үшін құндылықтардың сақталу орындарында түгендеу үрдісі
жүргізіледі.
Табиғи өлшегіштерден басқа, есепте еңбек өлшегіштері де қол-
данылады. Олардың жәрдемімен еңбек шығындары (күн, сағат, ми-
нут) анықталады.
Алайда, бухгалтерлік есепте басты орынды ақша өлшегіші алады.
Өйткені, тек соның көмегімен кәсіпорындардың әртүрлі мүлкінің
(үйлер, құрал-жабдықтар, материалдар, мал басының саны) жалпы
құнын есептеу мүмкін.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Бухгалтерлік есеп қай уақытта пайда болды?
2. Бухгалтерлік есепті есептің басқа түрлерінен не нәрсе ерекше-
лендіреді?
3. Кәсіпорынды басқарудағы есептің рөлі қандай?
4. Материалды жауапты тұлғалардың үстінен бақылауды қалай
жүргізеді?
5. Есепте қандай өлшегіштер болады?
9
2. Бухгалтерлік есептің объектілері
Кәсіпорын жұмысының барысында шаруашылық құралдардың
айналымы пайда болады. Бұл айналымда үш процесті атап көрсетуге
болады: жабдықтау, өндіріс және өткізу.
Жабдықтау процесінде жеткізушілерден материалдардың келіп
түсуі, оларды жеткізу бойынша көлік шығыстарын төлеу, өндіріске
материалдар босату сияқты шаруашылық операциялар есепке алы-
нады.
Өндіріс процесінде өндірілген өнімнің (атқарылған қызметтер-
дің) құнына тікелей немесе жанама әсер ететін шығындар есепке
алынады.
Өткізу процесінде өнімді (жұмыстар, қызметтер) өткізуден
келген ақшалардың есеп айырысу шотына келіп түсуі, табыс-
ты (залалды) анықтау, өндірістік өзіндік құнды шығыс ету мен
оны 5410 «Есепті жылдың пайдасы (залалы)» шотына апару және
өткізу бойынша басқа шығыстар есепке алынады. Өткізу процесі
кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты болғандықтан, процестің
қайсысының болсын (өндіріс, коммерция, ауыл шаруашылық және
т.б.) рөлі жоғары екенін атап кетуіміз қажет.
«Өткізу» термині тауарлар жөнінде сату, айырбастау, ақысыз
беру немесе кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушының мен-
шігіне беруді білдіреді. Жұмыстар немесе қызметтерді өткізу, сол
жұмыстардың орындалуы мен қызметтердің атқарылуын білдіреді.
Сонымен қатар, өткізудің негізгі мақсаты пайда (жиынтық табыс)
алу болып табылады.
«Пайда» ұғымы өткізілген өнім, жұмыстар, қызметтер мен
тауарлардың құнының оларға жұмсалған (жіберілген) шығындардың
құнынан артықшылығы болып саналады. Ал, керісінше жағдайдың
орын алуы жиынтық залал көргенін білдіреді.
Өндірістік процесте шаруашылық құралдардың бірнеше түрі
пайдаланылады. Еңбек бұйымдары (материалдар, отын, жартылай
фабрикаттар және т.б.) мен еңбек құралдарынан (үйлер, ғимараттар,
құрал-жабдықтар және т.б.) тұратын кәсіпорынның шаруашылық
құралдарының бір бөлігі өндіріс саласында болады. Шаруашылық
құралдарының басқа бөлігі айналымда жүреді. Олар: алушыларға
жіберілген дайын өнім, есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар,
есеп айырысудағы қаржылар.
Егер кәсіпорын уақытша өзінің айналымында басқа кәсіпорын-
дардың қаржыларын пайдаланса (мысалы, бұл есеп айырысу бойын-
10
ша мерзімі келмеген, ал материалдарды кәсіпорын алып қойған
жағдайда), онда қарыз кредиторлық деп аталады.
Ал егер, керісінше, кәсіпорын басқа кәсіпорынның жұмысын
орындап қойып, ал оның төлемі әлі жасалмаса, онда ол қарыз
дебиторлық деп аталады.
Шаруашылық құралдары өз кезегінде айналымдағы, негізгі және
дерексіз болып бөлінеді.
Айналымдағы құралдар — бір өндірістік циклда ғана пайдала-
нылатын құралдар (бұйымдар). Бұларға материалдар, отын, жарты-
лай фабрикаттар, қуат ресурстары жатады.
Негізгі құралдар өндірісте бірнеше рет және бір жылдан артық
мерзімде пайдаланылады. Бұл: үйлер, ғимараттар, құрал жабдықтар,
көпжылдық ағаштар және т.б.
Дерексіз қаржылар деп жиынтық табыстан бюджетке, әртүрлі
қорларды ұйымдастыру, сондай-ақ әртүрлі қайырымдылық қорларға
төлемдер аталады. Шаруашылық құралдардың белгілі көздері мен-
шікті және қарыз болып бөлінеді.
Меншікті көздер болып жарғылық капитал, жиынтық табыс са-
налады.
Қарыз көздеріне банктердің ссудалары мен несиелері, әртүрлі
қарыздар және кредиторлық қарыз жатады.
Барлық шаруашылық құралдары мен олардың көздері бухгалтер-
лік есептің объектілері болып табылады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының айналымында
қандай процестерді көрсетуге болады?
2. Еңбек бұйымдары деген не?
3. Еңбек құралдары деген не?
4. Өткізу деген не және оның өндірістік процестегі рөлі қандай?
5. Дебиторлық қарыз деген не?
6. Кредиторлық қарыз деген не?
7. Қандай құралдар өндірісте пайдаланылады, ал қандай құралдар
айналымда болады? (Мысалдар келтіріңіз)
8. Негізгі құралдардың айналымдағылардан айырмашылығы
неде?
9. Қандай көздер меншікті болып саналады?
10. Қандай көздер қарыз болып саналады?
11
3. Бухгалтерлік есептің әдістері
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қыз-
метінің үлгісі (моделі) болып табылады. Бухгалтерлік есеп процесінің
барысында төмендегі ерекше әдістер қолданылады:
1. Құжаттау
2. Шоттардағы қосарлы жазу
3. Калькуляциялау
4. Бағалау
5. Түгендеу
6. Баланс
Түгендеу, бұл — бухгалтерлік есептің құжаттарын кәсіпорында-
ғы сақталу орындары бойынша тауар-материалдық құндылықтардың
нақты бар болуымен салыстыру.
Түгендеу Материалды жауапты тұлғалардың есебіндегі мате-
риалдық құндылықтардың сақталуын тексеру мен есептегі қателерді
айқындау үшін қажет.
Бағалау. Барлық құралдар ақша өлшегіші болатын бірыңғай
өлшемде көрсетілуі тиіс. Осы үрдіс бағалау деп аталады.
Калькуляциялау, бұл үрдіс — өнім, жұмыстар мен қызметтерді
өндіру мен өткізудегі шығындарды есептеу әдісі. Өзіндік құнды
калькуляциялау өнім мен қызметтерді өндірудегі шығындарды білу
мен талдау, бағаларды дәлелді түрде белгілеуге мүмкіндік береді.
Басқа әдістер соңында, тиісті бөлімдерде қаралады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Түгендеу деген не?
2. Түгендеу не үшін қажет?
3. Бағалау деген не?
4. Калькуляциялау деген не?
4. Бухгалтерлік баланс
Есепке жататын барлық зат екі көзқарастан: есептің осы объектісі
нендей заттан тұрады және ол қандай көздердің есебінен алынған,
деген сауалдар тұрғысынан қарастырылады. Осы қатынас баланстық
әдістің (тәсілдің) негізіне салынған. Ол төмендегі екіжақты тәсіл
арқылы іске асырылады: актив (сол жағы) және пассивтен (оң жағы)
тұратын кестеден құрастырылады. Активте есептің объектілері
12
(шаруашылық құралдар), ал пассивте олардың сатып алыну неме-
се пайда болу көздері жазылады. Активтің жиынтығы пассивтің
жиынтығына тең болуы тиіс.
Бұл жиынтықтардың мөлшері «валюта балансы» деп аталады.
Төмендегі кесте кәсіпорынның өз құрылтайшылары, салық ин-
спекциясы және тағы басқалардың алдында есеп беру үлгісі бо-
лып та саналады, өйткені ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын
қорытындыланған түрде көрсетеді.
Баланс көрсетілген мерзімге, әдеттегіше, есепке қойылатын та-
лаптармен белгіленген тоқсанның басына құрастырылады.
Баланс белгіленген мерзімге шаруашылық құралдар мен олардың
көздерінің жағдайын көрсетеді. Олар үнемі өзгеріп тұрады, яғни
қозғалыста болады. Және ол қозғалыс қосарлы жазудың жәрдемімен
бухгалтерлік шоттарда бейнеленеді.
Енді бухгалтерлік балансты қарастырып көрейік.
Кәсіпорынның 20__ жылға арналған жай-күйі бойынша
бухгалтерлік балансы (1-нысан)
АКтИВтеР
Жол
коды
есептік
кезеңнің
соңында
есептік
кезеңнің
басында
I. Қысқа мерзімді активтер
Ақша қаражаты және олардың
эквиваленттері
010
Қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар
011
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
012
Қорлар
013
Ағымдағы салықтық активтер
014
Сатуға арналған ұзақ мерзімді
активтер
015
Өзге де қысқа мерзімді активтер
016
Қысқа мерзімді активтердің жиыны
100
II. ұзақ мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар
020
13
Кестенің жалғасы
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
021
Үлес қосу әдісімен есептелінетін
инвестициялар
022
Инвестициялық жылжымайтын мүлік
023
Негізгі құралдар
024
Биологиялық активтер
025
Барлау және бағалау активтері
026
Материалдық емес активтер
027
Кейінге қалдырылған салықтық
активтер
028
Өзге де ұзақ мерзімді активтер
029
Ұзақ мерзімді активтердің жиыны
200
Теңгерім (100-жол + 200-жол)
ПАССИВтеР
Жол
коды
есептік
кезеңнің
соңында
есептік
кезеңнің
басында
III. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді қаржылық
міндеттемелер
030
Салықтар бойынша міндеттемелер
031
Басқа да міндетті және ерікті
төлемдер бойынша міндеттемелер
032
Қысқа мерзімді кредиторлық
берешек
033
Қысқа мерзімді бағалау
міндеттемелері
034
Өзге де қысқа мерзімді
міндеттемелер
035
Қысқа мерзімді міндеттемелердің
жиыны
300
Достарыңызбен бөлісу: |