IV. ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді қаржылық
міндеттемелер
040
14
Кестенің жалғасы
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
041
Ұзақ мерзімді бағалау
міндеттемелері
042
Кейінге қалдырылған салықтық
міндеттемелер
043
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер
044
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің
жиыны
400
V. Капитал
Шығарылған капитал
050
Эмиссиялық кіріс
051
Сатып алынған жеке меншік үлестік
аспаптар
052
Резервтер
053
Бөлінбеген пайда (жабылмаған
залал)
054
Аздық үлесі
055
Капитал жиыны
500
Теңгерім (300 жол + 400 жол + 500
жол)
Басшы ______________________
Бас бухгалтер _________________
Активтердің бірінші бөлімінде қысқа мерзімде пайдаланатын
шаруашылық құралдар көрсетіледі. Мұнда қысқа мерзімді активтер
(ақша қаражаттары, қысқа мерзімді инвестициялар, қорлар, қысқа
мерзімді дебиторлық берешек және т.б.) кіреді. Одан басқа фили-
алдар мен алушылар (тапсырысшылар), сондай-ақ басқа да заңды
тұлғалар арасындағы қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар бейне-
ленеді.
Активтің екінші бөлімінде кәсіпорынның өндірістік циклын-
да ұзақ уақыт ішінде бірнеше рет қолданылатын шаруашылық
құралдардың, яғни ұзақ мерзімді активтердің жағдайы бейнеленеді.
15
Бұлар: негізгі құралдар, биологиялық және материалдық емес акти-
втер.
Баланстың пассивінің бірінші бөлімінде қысқа мерзімді міндет-
темелер келтіріледі. Бұлар: салықтар, басқа да міндетті және ерікті
төлемдер бойынша, сондай-ақ өзге де қысқа мерзімді міндеттеме-
лер.
Екінші бөлімде ұзақ мерзімді (мерзімі 1 жылдан асатын) міндет-
темелер көрсетілген.
Баланстың пассивінің үшінші бөлімінде капитал келтіріледі.
Бұлар: шығарылған капитал, эмиссиялық кіріс және резервтер.
Оларға қоса бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) да бар.
Баланста баптар бойынша берілген сомаларды біз шоттарды ашу
мен күнделікті есеп жүргізу үшін пайдаланамыз.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Баланстың бабы мен шоттың арасында қандай байланыс бар?
2. Баланстың активінде қандай бөлімдер көрсетілген?
3. Баланс қандай бөлімдерден құрастырылады?
4. Баланста неге активтің жиынтығы пассивтің жиынтығына тең
болады?
5. Баланстың пассиві қандай бөлімдерге бөлінеді?
6. Материалдық емес активтерге нелер жатады?
5. Шоттар мен қосарлы жазу
Қосарлы жазу. Қосарлы жазу үшін арнайы бухгалтерлік шоттар
қолданылады. Оларды дүкенде тауарларды сату кезінде жазылатын
шоттармен шатастыруға болмайды.
Бухгалтерлік шоттар есепті регистрлар болып санала-
ды. Оларда шаруашылық операциялар жазылады. Құралдар мен
олардың көздерінің әрбір түрі үшін жеке шот қарастырылған.
Өзінің тәсілі бойынша — бұл сол жағы «дебет» деп, ал оң
жағы «кредит» деп аталатын кесте түрінде көрсетіледі.
Сызба түрінде оны төмендегіше көрсету қалыптасқан:
Шоттың нөмірі мен аталуы
Дт
Кт
16
Баланстан (тиісті бап бойынша) шотқа біз жазатын сома айдың
басындағы «қалдық» немесе «сальдо» деп аталады. Одан соң ай
бойы шотта шаруашылық операцияларды жазамыз, айдың соңында
дебет пен кредит бойынша айналымдарды есептейміз және жаңа
қалдық шығарамыз. Оны біз келесі айдың (кезеңнің) басына баланс
құрастыруда пайдалануымыз мүмкін.
Шоттар активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті шоттар, бұл — кәсіпорынның құралдары мен дебитор-
лық қарыздарының есебі жүргізілетін шоттар.
Пассивті шоттар — сол құралдардың көздері мен кредиторлық
қарыздың есебі жүргізілетін шоттар.
Активті шоттарда кәсіпорынға құралдардың келуі дебет бойын-
ша, ал шығыс етілуі кредит бойынша бейнеленеді (жазылады).
Пассивті шоттарда, керісінше, құралдар көзінің (немесе ша-
руашылық құралдары үшін алынған қарыздың) көбеюі кредит
бойынша, ал кемуі дебет бойынша бейнеленеді.
Шатасып қалмау және есеп айырысулардың мерзімдерін өткізіп
жібермеу үшін әрбір дебитор мен кредитор бойынша қосымша есеп
ұйымдастыру қажет.
Шоттарда шаруашылық операцияларды бейнелеуден алдын,
оларды ашу қажет. Ол үшін шоттардың дебетіне немесе кредитіне
баланстан алынған бастапқы қалдықтар жазылады. Активті шот-
тарда бастапқы қалдық (бастапқы сальдо) дебетке, ал пассивті шот-
тарда кредитке жазылады.
Бухгалтерлік есеп шоттарының кеңестік дәуірдегі жоспарын-
да (егер онымен таныс болсаңыз) активті-пассивті шоттар болған.
Олардың дебеттік жағында дебиторлық қарыз немесе шығыстардың,
ал кредиттік жағында есептеу бойынша айналымдардың көбеюі
есепке алынатын.
Мысалы, № 46 «Өткізу» шотын алайық. Оның дебеттік жағында
шығындар, ал кредиттік жағында табыстардың есептелуі бейнелен-
ген. № 80 «Пайдалар мен залалдар» шотының дебеттік жағында пай-
даны қолдану, ал кредиттік жағында оның есептелуі бейнеленген.
№ 76 «Әртүрлі дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысулар»
шотының дебеттік жағында кәсіпорынның дебиторлық қарыздары,
ал кредиттік жағында кредиторлық қарызы бейнеленген.
Шоттардың Бас, Типтік жоспары, ал одан соң Жұмыс жоспа-
рының негізгі ерекшеліктерінің бірі, ол тапсырыс берушілер мен
мердігерлердің арасындағы нақты қатынастарға негізделген.
17
Сондықтан, бұл шоттар өзінің маңызы бойынша активті және
пассивті болып бөлінеді. Мысалы, өнім, жұмыс немесе қызмет
өткізу фактісі төмендегіше:
— кірістер келтіру бойынша VI бөлімнің шоттарында;
— нақты шығыстар бойынша VII бөлімнің шоттарында бейне-
ленеді.
Кәсіпорынның дебиторлық және кредиторлық қарыздары да екі шотта:
— қысқа мерзімді дебиторлық берешек 12 «Қысқа мерзімді де-
биторлық берешек» кіші бөлімінің шоттарында;
— қысқа мерзімді міндеттемелер 3 «Қысқа мерзімді міндеттеме-
лер» бөлімінің шоттарында бейнеленеді.
Жалғыз ерекшелік, бұл — № 5410 «Есепті жылдың пайдасы
(залалы)» шоты болып табылады. Бірақ, ол қалдықсыз сипатқа ие
болып, жылдың соңында бір рет қана жабылады. Оның дебеттік
жағында жұмсалған шығыстар мен жиынтық табыстың пайда-
ланылуы, ал кредиттік жағында есептелуі бейнеленеді.
Қосарлы жазу, бұл — әрбір шаруашылық операциясының екіден
кем емес өзара байланысты шоттарда, біреуінің дебеті бойынша
және екіншісінің кредиті бойынша бір сомада бейнеленуі. Мысалы,
1000 теңге мөлшерінде есеп айырысу шотынан кассаға қолма-
қол ақша алу операциясы № 1010 «Кассадағы теңгемен ақша
қаражаттары» шотының дебеті бойынша және № 1040 «Ағымдағы
банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» шотының кредиті
бойынша бірдей сомада жазылады. Қосарлы жазу баланспен қоса,
бухгалтерлік есептегі бақылаудың қорытындылаушы жүйесінің
басты элементтері болып табылады.
Келесі шаруашылық операцияны шоттарда бейнелейік.
Қоймада 20000 теңге соманы құрайтын, әлі ақысы төленбеген
материалдар бар. Одан басқа 30000 теңгеге материалдар келіп түсті,
бірақ жеткізушілердің қойылған шоттары төленген жоқ.
С әрпімен 20000 теңге сомасындағы материалдардың бастапқы
сальдосын белгілеп, №1310 «Шикізат пен материалдар» шотын
ашамыз. Бұл шоттың дебетінде кәсіпорынға келген материалдардың
сомасын жазамыз:
№ 1310 «Шикізат пен материалдар» шоты
Дт
Кт
С. 20000
1) 30000
18
Материалдарды біз алып қойдық, бірақ олардың ақысы жөнінен
әлі есептескен жоқпыз. Кәсіпорынның осы пайда болған қарызын
көрсетуіміз қажет, бірақ ол енді № 3310 «Жеткізушілер мен
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында
бейнеленеді.
Бұл пассивті шот, сондықтан бастапқы сальдо (20000 теңге
сомасындағы жеткізушілерге қарыз) кредит бойынша көрсетілуі
қажет. Бұл шоттың кредитіне бірінші операцияның нәтижесін
де жазуға тиістіміз, өйткені жеткізушілерден материалдарды ала
отырып, біз оларға қарызымызды және 30000 теңгеге көбейтеміз.
Біз № 3310 «Төленуге тиісті шоттар» шотын ашып және бірінші
операцияны жазғаннан соң, ол төмендегіше көрсетіледі:
№ 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек»
Дт
Кт
С. 20000
1) 30000
Біз байқағандай, бірінші операция екі шотта — № 1310 шоттың
дебеті бойынша және № 3310 шоттың кредиті бойынша бірден бей-
неленеді.
Айдың соңына қалдықтардың есебін мына мысалдардан көрейік.
Активті шотта қалдықты есептеп шығару
Дт
Кт
Бір ай ішінде 20000 теңгеге мате-
риалдар алдық (2), ал өндірістік мұқтаж-
дықтарға 60000 теңгеге материалдар
босаттық (3) делік. Айналымдарды есеп-
тейміз. Дебет бойынша: 30000 + 20000 =
50000, кредит бойынша: 60000.
Соңғы (жаңа) қалдық: 20000 +
50000 — 60000 = 10000 теңге
С.б. 20000
1) 30000
2) 20000
3) 60000
Айн. 50000
Айн. 60000
С.с. 10000
Бұл жерде:
С.б.— бастапқы сальдо
С.с.— соңғы сальдо
Айн.— айналымдар
19
Пассивті шотта қалдықты есептеп шығару
Дт
Кт
Бір ай ішінде біз жеткізушілердің
қарыздары бойынша 50000 теңгеге есеп
айырыстық (4), оған қоса және 20000
теңгеге материалдар алдық (2), бірақ
олар жөнінен есеп айырысқан жоқпыз.
Айналымдарды есептейміз. Дебет
бойынша: 50000, кредит бойынша:
30000 + 20000 = 50000.
Соңғы (жаңа) қалдық: 20000 +
50000 — 50000 = 20000 теңге
С.б. 20000
4) 50000
1) 30000
2) 20000
Айн. 50000
Айн. 50000
С.с. 20000
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Сальдо деген не?
2. Шот ашу деген не?
3. Шоттағы айналымдар қалай есептеледі?
4. Активті шотта соңғы қалдықты қалай есептейді?
5. Пассивті шотта соңғы қалдықты қалай есептейді?
6. Шоттарда не жазылады?
7. Шот қандай жақтардан тұрады?
8. Қосарлы жазудың есептегі маңызы қандай?
6. Синтетикалық және аналитикалық шоттар. Субшоттар
Тәптіштеудің дәрежесі бойынша шоттар синтетикалық, анали-
тикалық және субшоттар болып бөлінеді.
Синтетикалық шоттар, бұл — есептегі қорытындылаудың ең
жоғарғы деңгейі. Синтетикалық шоттарда құралдар немесе олардың
көздерінің түрлері бойынша есеп тек қана құндылық көрінісінде
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында есептегі бірлікті қамтамасыз ету
үшін 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындарда қолданылып
жүрген синтетикалық шоттардың арнайы тізімі (номенклатурасы)
келтірілген, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгал-
терлік есеп шоттарының Бас жоспарына енгізілген болатын. Одан
соң, 2003 жылдың 1 қаңтарынан оның орнын шоттардың Типтік
жоспары басты. Ал, 2006 жылдың 5 қаңтарынан бастап олардың ор-
нын бухгалтерлік есеп шоттарының Жұмыс жоспары басты.
20
Құралдар мен олардың көздерін одан әрі тәптіштеу үшін
аналитикалық шоттар қолданылады. Мысалы, № 1310 «Шикізат
пен материалдар» синтетикалық шотында кәсіпорында бар барлық
материалдар ақшалай түрде есепке алынады. Бірақ, бұл шоттан біз
алатын ақпарат жеткіліксіз, өйткені қоймада қандай материалдар
бар екенін, мөлшsерде дұрыс жұмыс жүргізу үшін дәл қандай мате-
риалдар және қанша жетіспейтіндігін біз біле алмаймыз.
Бұл сұрақтарға жауабын алуға мөлшерлі сипаттары, бірліктің
бағасы мен т.б. көрсеткіштермен қоса, шаруашылық құралдардың
(немесе олардың көздерінің) әрбір аталуына жүргізілетін (ашыла-
тын) аналитикалық шоттар жәрдем етеді.
Мысалы, материалдың екі түрі: кабель мен сым бар делік. Онда
№ 1310 «Шикізат пен материалдар» шоты бойынша екі аналитикалық
шот ашамыз.
КАБЕЛЬ
Өлшем бірлігі — ұзындық/метр. Бір ұ/м-ң бағасы — 250 теңге
Дебет
Кредит
№
Операция
мазмұны
Мөл-
шері
Сома-
сы
№
Операция
мазмұны
Мөл-
шері
Сома-
сы
1.
20…ж. 1 қаң-
тарына С.
40
10000
2.
Ташкенттен
келіп түсті
120
30000 1.
Өндірістік
мұқтаждар-
ға осатылды
238
59500
3.
Семейден келіп
түсті
80
20000
4.
Қаңтар айының
айналымы
200
50000 2.
Қаңтар
айының
айналымы
238
59500
5.
20…ж. 1 ақ-
панына С.
2
500
21
СЫМ
Өлшем бірлігі — ұзындық/метр. Бір ұ/м-ң бағасы — 100 теңге
Дебет
Кредит
№
Операция мазмұны
Мөл-
шері
Сома-
сы
№
Операция
мазмұны
Мөл-
шері
Сома-
сы
1.
20…ж. 1 қаң-
тарына С.
100
10000
2.
Қаңтар айында
келіп түсті
—
—
1.
Өндірістік
мұқтаждарға
босатылды
5
500
2.
Қаңтар айының
айналымы
—
—
2.
Қаңтар айының
айналымы
5
500
3.
20…ж. 1 ақ-
панына С.
95
9500
Аналитикалық шоттардың мәліметтері синтетикалық шоттардың
мәліметтерімен салыстырылады.
1. Айдың басына сальдо: 10000 + 10000 = 20000
2. Дебет бойынша:
50000 + 0 = 50000
3. Кредит бойынша:
59500 + 500 = 60000
4. Айдың соңына сальдо: 500 + 9500 = 10000
Аналитикалық есеп мөлшерлі сомалық есептің карточкаларын-
да (келтірілген мысалға қараңыз) немесе, егер мөлшерлі бейнелеуді
талап етпеген жағдайда, контокоррентті (күнделікті) карточкаларда
жүргізіледі. Сол себептен оларда жеткізушілермен есеп айырысудың
аналитикалық есебін жүргізуге болады.
Контокоррентті (күнделікті) карточка
200… г.
Шоттың аталуы
Карточканың №
Шоттардың
шифры
Проводка
Дебет
Кредит
Күні
№
Синтетикалық және аналитикалық шоттардан басқа, есепте
субшоттар да қолданылады. Субшоттар синтетикалық және ана-
22
литикалық шоттардың арасындағы аралық орынға ие болады.
Мысалы, № 1310 «Шикізат пен материалдар» синтетикалық шоты-
на қосымша № 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар», 1312
«Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 1314 «Қосалқы
бөлшектер» және т.б. субшоттарды ашқан жөн саналады.
Субшоттардың түрлері мен олардың саны туралы мәселені кә-
сіпорын қызметінің сипатына байланысты бухгалтердің өзі шеше
алады.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Аналитикалық шоттар не үшін қолданылады?
2. Субшоттар есепте қандай орын алады?
3. Бухгалтерлік есеп шоттарының Жұмыс жоспары дегеніміз не?
4. Мөлшерлі аналитикалық есеп қандай карточкаларда жүргізі-
леді?
5. Аналитикалық есепте мөлшерлі өлшеу талап етілмеген жағ-
дайда қандай карточкалар қолданылады?
6. Аналитикалық шоттардағы жазулардың дұрыстығы қалай
тексеріледі?
7. Шаруашылық операциялардың әсерінен болған
шаруашылық құралдар мен олардың көздерінің
жағдайындағы өзгерістер
Бухгалтер жұмысының ең жауапты саласының бірі — шоттарда
шаруашылық операцияларын бейнелеу немесе проводкалар жазу.
Ол үшін қайсы шот дебеттеледі, ал қайсы шот кредиттеледі, яғни
шоттардың корреспонденциясын (үйлесімді байланыстыруды)
анықтау қажет.
Шоттардың корреспонденциясын анықтауда қателер жібермеу
үшін, шаруашылық операцияларының көптүрлілігіне қарамастан,
оларды 4 типке (топқа) біріктіру қажет.
Оны мына мысалдардан қарастырайық.
23
20__ж. 1 қаңтарына кіріспе бухгалтерлік баланс
(теңге)
Активтер: шаруашылық
құралдар
Сомасы
Пассивтер: шаруашылық
құралдардың көздері
Сомасы
Материалдар (1310)
20000
Жарғылық капитал (5010)
50000
Ағымдағы банктік
шоттағы ақшалар (1040)
80000
Жеткізушілерге қысқа
мерзімді кредиторлық
берешек:
Тауарлар мен қызметтер үшін
(3310)
20000
Кассадағы теңгемен
қолма-қол ақша (1010)
1000
Еңбекақы бойынша (3350)
30000
Бюджетпен есеп айырысу (31
кіші бөлім)
1000
БАЛАНС_101000_БАЛАНС_101000_Шаруашылық_операциялардың_бірінші_типі._«Активті-активті»'>БАЛАНС
101000 БАЛАНС
101000
Шаруашылық операциялардың бірінші типі.
«Активті-активті»
Баланстың мәліметтері бойынша № 1010 «Кассадағы теңгемен
ақша қаражаттары» мен № 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы
теңгемен ақша қаражаттары» шоттарын ашып және оларда:
шаруашылық мұқтаждықтарға есеп айырысу шотынан кассаға 1000
теңге ақша келді деген (1) шаруашылық операциясын жазамыз.
1040 «Банктік шоттардағы 1010 «Кассадағы теңгемен ақша
теңгемен ақша қаражаттары» қаражаттары»
Дт Кт
Дт Кт
С. 80000
С. 1000
1) 1000
1) 1000
Айн. -
Айн. 1000
Айн. 1000
Айн. -
С. 79000
С. 2000
Бұл жағдайда екі активті шот пайдаланылып, бір шоттағы қалдық
көбейеді («Кассадағы қолма-қол ақша» шотында), ал екінші шотта
кемиді («Есеп айырысу шотындағы ақшалар» шотында).
24
Бірінші операциядан кейін бухгалтерлік баланс төмендегіше
болады:
Активтер: шаруашылық
құралдар
Сомасы
Пассивтер: шаруашылық
құралдардың көздері
Сомасы
Материалдар (1310)
20000
Жарғылық капитал (5010)
50000
Ағымдағы банктік шоттағы
ақшалар (1040)
79000
Жеткізушілерге қысқа
мерзімді кредиторлық
берешек:
Тауарлар мен қызметтер үшін
(3310)
20000
Кассадағы теңгемен қолма-
қол ақша (1010)
2000
Еңбекақы бойынша (3350)
30000
Бюджетпен есеп айырысу (31
кіші бөлім)
1000
БАЛАНС
101000
БАЛАНС
101000
Баланстың жиынтығы өзгермейді, баланстық тепе-теңдік сақталады.
Шаруашылық операциялардың екінші типі.
«Пассивті-пассивті»
Баланстың мәліметтері бойынша № 3350 «Еңбекақы төлеу бой-
ынша қысқа мерзімді берешек» пен № 31 кіші бөлімнің «Бюджетпен
есеп айырысу» шоттарын ашып және оларда: еңбекақысынан
1000 теңге мөлшерде табыс салығы ұсталды (есептелді) деген (2)
шаруашылық операциясын жазамыз.
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша 31 кіші бөлім «Бюджетпен
қысқа мерзімді берешек» есеп айырысу»
Дт Кт
Дт Кт
С. 30000
С. 1000
2) 3000
—
2) 3000
Айн. 3000
Айн. -
Айн. -
Айн. 3000
С. 27000
С. 4000
Бұл жағдайда екі пассивті шот пайдаланылып, бір шоттағы
қалдық көбейеді («Бюджетпен есеп айырысу» шотында), ал екінші
25
шотта кемиді («Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
шотында).
Екінші операциядан кейін бухгалтерлік баланс төмендегіше болады
:
Активтер: шаруашылық
құралдар
Сомасы
Пассивтер:
шаруашылық
құралдардың көздері
Сомасы
Материалдар (1310)
20000
Жарғылық капитал
(5010)
50000
Ағымдағы банктік шоттағы
ақшалар (1040)
79000
Жеткізушілерге қысқа
мерзімді кредиторлық
берешек:
Тауарлар мен қызметтер
үшін (3310)
20000
Кассадағы теңгемен қолма-
қол ақша (1010)
2000
Еңбекақы бойынша
(3350)
27000
Бюджетпен есеп
айырысу (31 кіші бөлім) 4000
БАЛАнС
101000
БАЛАнС
101000
Баланстың жиынтығы өзгермейді, баланстық тепе-теңдік сақталады.
Шаруашылық операциялардың үшінші типі.
«Активті-пассивті»
Баланстың мәліметтері бойынша № 1310 «Шикізат пен материал-
дар» мен № 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек» есебін ашып, оларда: жеткізушілерден 30000
теңгеге материалдар келді, бірақ төлемдер жасалған жоқ деген (3)
шаруашылық операциясын жазамыз.
1310 «Шикізат пен материалдар»
3310 «Жеткізушілерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек»
Дт Кт
Дт Кт
С. 20000
С. 20000
3) 30000
—
—
3) 30000
Айн. 30000
Айн. -
Айн. -
Айн. 30000
С.50000
С. 50000
26
Бұл жағдайда № 1310 «Шикізат пен материалдар» активті шоты №
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» пассивті шотымен байланысады. Екі шот бойынша да
қалдықтар көбейеді. Материалдың қорлары бір жағынан, екінші
жағынан сол материалдар үшін жеткізушілерге қарыздар да
көбейеді.
Үшінші операциядан кейін бухгалтерлік баланстың түрі төмен-
дегіше болады:
Активтер: шаруашылық
құралдар
Сомасы
Пассивтер: шаруашылық
құралдардың көздері
Сомасы
Материалдар (1310)
50000
Жарғылық капитал (5010)
50000
Ағымдағы банктік шоттағы
ақшалар (1040)
79000
Жеткізушілерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек:
Тауарлар мен қызметтер үшін
(3310)
50000
Кассадағы теңгемен қолма-
қол ақша (1010)
2000
Еңбекақы бойынша (3350)
27000
Бюджетпен есеп айырысу (31
кіші бөлім)
4000
Достарыңызбен бөлісу: |