Пайдаланылған əдебиеттер
Қырымның қырық батыры. – Алматы, «Арыс» баспасы, 2005.
Сҽкенов С."Қырымның қырық батыры" эпопеясындағы топонимдер мен этнонимдер//
Ономастикалық хабаршы. – 2006. - №1. – 53-65.
Қамалқызы Ғ. "Қырымның қырық батыры" жырларындағы жер-су атауларының ҧлттық
танымдағы сипаты//Проблемы формирования евразийского мышления (паритетного
евразийства): материалы междунар. научно-практ. конф./ под. ред. Р. А. Абузярова. –
Уральск. – 2008. – 152-156.
Қазақстан. Ҧлттық энциклопедия. 8 том/ Бас. Ред. Б. Аяған. – Алматы: "Қазақ
энциклопедиясының" бас редакциясы, 2006.
Али Гийясаддин. Дневник похода Тимура в Индию. – М.: Восточная литература, 1958.
Тамерлан. Жизнь и деяния. Хроника великих завоеваний. – Алматы: Кочевники, 2003. – 360
с.; 24х17 см. – (Властелин Евразии). ISBN 9965 – 609 – 57 – 8.
Қазақстан. Ҧлттық энциклопедия. 3 том/ Бас. Ред. Ҽ. Нысанбаев. – Алматы: "Қазақ
энциклопедиясының" бас редакциясы, 2001.
Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. – М.: Издательская фирма «Восточная
литература» РАН, 2002. – 752 с. ISBN 5-02-018193
Салмани. Тарих-наме/ пер. З. М. Буниятова. Баку, 1997.
Л. А. Бобров. Железные ястребы Маверенахра// "Para bellum!"№2 (18), СПб. 43 – 80.
VI Халықаралық конференция
460
ЖАҢА ЗАМАН ТАЙВАН ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨРНЕКТІ ҚАЙРАТКЕРІ
САНЬ МАО ЖӘНЕ “ЖАҢБЫРЛЫ МАУСЫММЕН КЕТКЕНДЕР”
РОМАНЫ
Бейсембаев Бахтияр Даурембекҧлы
**********
а
іӘл-Фараби атындағы Қазақ Ҧлттық Университеті Шығыстану факультеті Қытайтану
кафедрасының 2-курс магистранты, Алматы қаласы, Клочков кӛшесі 158 ҥй, 62 пәтер,
050058
Тҥйіндеме
Сань Мао - тайван ҽдебиетінің, сонымен қатар батыс пен шығыс классика ҽдебиетінің озық
майталманына айналған, жаңа заман тайван ҽдебиетінің дамуына қомақты ҥлес қосқан
жазушы. Берілген мақала Сань Маоның атақты ―Жаңбырлы маусыммен кеткендер‖
романының сол кезеңде тайван қоғамындағы орын алған оқиғалар жайлы, қарапайым шаруа
ҿмірін баяндауға арналған.
Кілтсӛздер: тайван әдебиеті; қоғам зиялылары; әдеби шығарма; шаруа
7.
Кіріспе
1.1 Сань Мао (三毛) Тайван елінің ҽйгілі новелист, аудармашы жҽне жазушы. Кҿпшілікке
танымал Джан Лепиннің (Zhang Leping) атақты карикатурасындағы Санмао кейіпкердің
есімі лақап ат ретінде алынды. Ағылшын оқырмандар арасында ол Эчо (Echo) немесе Эчо
Чан (Echo Chan) атты лақап атпен де танымал. Оның бізге жеткен атақты автобиографиялық
ҽңгімелері, саяхат кітапшалары, тҥрлі еуропалық комикстердің аудармасы белгілі. Сань Мао
соңғы жылдары жазушылықпен қатар философияны зерттеп, неміс тілін меңгерген. Сань
Мао азан қойылып шақырылған аты Чен Маопин ( 陳懋平). Жанҧясы Джызян (Zhejiang)
провинциясы Динхай (Dinghai) ҿңірінен шыққан. Ҿзі Чунцинде дҥниеге келіп, балалық шағы
Нанцзин қаласында ҿтті. Кейін Тайванға жер аударды. Тайвандағы Қытай мҽдениет
университетінде философия факультетінде тҽлім алды. Ҽкесі Чен Сичин (Chen Siqing) заңгер,
ал анасы Мяо Зинлан (Miao Jinlan) оқытушы.Сань Маоның айтуы бойынша ол бес жарым
жасында атақты ―Қызыл сарайдағы тҥс‖ атты қытай классикалық поэмасын жатқа білген.
Бастауышта мектеп сабағынан қашып кітапханада тҥрлі кітаптарды оқумен болды. Жоғарғы
сыныпта оқыған сҽтте ол қатты ауырып мектепке барудан бас тартты. Кейін ҽкесі ҥйге сабақ
бағдарламасы бойынша кітаптар сатып алып Сань Мао ҥйінде ҿздігімен тҽлім алды. Одан
тыс фортепиано сабақтарына қатысып, сурет салумен айналысты. Кейін Испанияға барып,
сол жерде тҽлім алып, одан соң Германия, Американың Иллинойс штатында заң
кітапханасының қызметшісі болып жҧмысқа тҧрады. Ақырында Тайванға оралып неміс
тілінің мҧғалімі болып біраз жҧмыс істеді.(师永刚、陈文芬. 三毛私家相册. 2005)
2.1―Жаңбырлы маусыммен кеткендер‖ романы
1976 жылы Сань Маоның алғашқы автобиографиялық туындысын ―Сахара хикаяттары (The
Stories of the Sahara)‖ атты еңбегі жарыққа шығады. Бҧл жҧмысында ол ҿзінің кҥйеуі
Хосемен Сахарада бастан кешкен ҿмірін баяндайды. Батыс Сахара ол кездері Испан
мемлекетінің бақылауында болатын. Жартылай шолу жартылай мемуар болған бҧл шығарма
* Автормен байланыс. Тел.:+7-771-447-6654;
E-mail адресі: bagman_baha@mail.ru
VI Халықаралық конференция
461
Сань Мао есімін бҥкіл ҽлемге ҥздік жазушы ретінде паш етті. Шҿл даладағы тҧрмыс-
тіршілікті арқау еткен ҿзіндік сарыны бар бҧл щығарма оқырмандар қауымын бірден
еліктірді. Оқырмандардың ҥлкен ықыласына бҿленген бҧл туынды Тайван, қҧрлықтық
Қытай, тіпті Гонгконгта жылы қарсы алынды. Сань Маоның кітаптарында негізінен
автордың шет елде бастан кешкен оқиғалары, жеке ҿмірлік тҽжірибесі сҿз етіледі. Бҧл
жинақтар тек қана тайванда ғана емес, сонымен қатар қҧрлықтық Қытайда да оқырмандар
арасында жақсы қабылданды. Сань Маоның бҧған дейін жазылған шығармалары
топтастырылып келесі ―Жаңбырлы маусыммен кеткендер (Gone With the Rainy Season)‖ атты
кітабында басылады. Тайван ҽдебиетінде қарапайым шаруа еңбек адамдары тақырыбына
жазылған шығармалардың ішіндегі айрықша кҿркемдік қуатқа ие болғаны – «Жаңбырлы
маусыммен кеткендер» романы. Ҿмірдің талай бел-белесін басынан кешірген романның
басты кейіпкердің бейнесі ҿзінің типтік сипатымен аралдағы миллиондаған орта шаруаның
жолайырықтағы ҽуре-cарсаның шыншылдықпен ҽйгілейді. «Ҿзімдікі» дегенде ҿзегі талып,
кҿкірегінің кҥйгеніне қарамай, жалғыз саяғын кҿш жерден іздейтін адамдар аз болған жоқ.
Бҧл ҿмірден алынған шындық еді. Табиғатында момын, қақ-cоқпен ісі жоқ Ли Хай азын-
аулақ жиған-тергеніне қатер тҿнгенінде кҽкір-шҥкірін ортаға ҿткізуге іші қимай, ҥй-ішімен
ауылдан қашып, қой ҥстіне бозторғай жҧмыртқалаған Жерҧйықты іздеп жҿнеледі. Ойлап
қараңдар: жылдар-жылдар тырнақтап жиған кҿз қҧртты – азғантай малынан айрылғалы
тҧрғанын сезгенде Ли Хайдың кҿкірегіне дерт қҧйылып, тҧла бойы қызғаныштан удай
ашиды – тас қияны паналап, айдалаға безіп кетеді. Ли Хайдың кҿрген кҥні қараң: ҽйелі мен
баласынан, қызғыштай қорыған «байлығынан» айрылған, бандының талауына тҥскен,
ҿлімші болып сабалған Ли Хай ел ішіне қайта оралып, қызу еңбек еткен сҥттей ҧйыған абзал
жандар ортасынан қҧтты қоныс, бақыт табады. Сҿйтіп, жазушы сайы мен саясы мол ҿмірді,
қаға берісі мен қалтарысы кҿп адам тағдырын бар болмысымен тҧтастай ашады.
Миллиондаған ауыл шаруасының ҿмір жолы - ҿз мҥлкіне деген санасының ҿзгеруі оңай
болмаған. Жазушы табиғатты ҿзгертуші бейбіт еңбек адамын жырлай отырып, ҿмірге нҽр
беріп, адамның ҿзін жаңғыртатын жасампаз еңбекті дҽріптейді.
3.1 Қорытынды
Ҽрине, қазіргі кҿркемдік жҽне саяси-қоғамдық биіктен қарасақ, жазушы шығармаларына
бірталай мін тағар едік. Ҿмірдің кейінгі дамуы кҿп жағдайда аға жазушының сеніміне,
арман-тілегіне қайшы келеді – ол қызыл идеологиялық заманның иірімі мен
қайшылықтарын, болашақтың бағыт-бағдарын толық болжай алмады. Ҽйтсе де
адамгершілікті аңсаудан, сҽулетті де дҽулетті ҿмірді армандаудан туған. «Жаңбырлы
маусыммен кеткендер» повесі – ҿзінің кіршіксіз тазалығымен, мҿлдір сезімімен уақытында
жҧмыр жердің талай бҧрышынан оқырман тапқан шҧғылалы шығарма. Қаламгердің
қаламынан жаратылған ізгі тілекті, рухани дҥниесі тап-таза еңбекқор да қарапайым
кейіпкерлері оқырман кҿңіліне ҽлі де абзалдықтың нҧрын шаша берері хақ. Ал шындықты ту
еткен жазушының шығармалары сол заманның айшықты бейнесі ретінде, тайван
классикасының сол бір замандағы ҥлгісі ретінде сақталып қалары анық.
Әдебиеттер тізімі
师永刚、陈文芬. 三毛私家相册. - 北京: 中信出版社, 2005
毛晨. 为什么要纪念三毛. - 北京:中国时报, 1999
颜丽珠. 单士厘及其旅游文学—兼论女性游历书写. - 南京:人间副刊, 2004
http://militera.lib.ru/common/show/01_36.html
http://mytaiwan.ru/node/112
VI Халықаралық конференция
462
ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҼДЕБИЕТІН ОҚЫТУ
МҼСЕЛЕЛЕРІ
Шакерова Дамежан Лунашаровна*
« Ю. А. Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ қазақ тілі пәннің
мҧғалімі Ш.Қ.О. Шемонаиха қаласы, Горный қиылысы, №3 ҥй.071800
Тҥйіндеме
Жаңа тҽсілдер мен ҽдістемелерді ортаға салу, ҥштҧғырлы тіл саясатының шеңберінде қазақ
тілінің мҽртебесін ҿсіріп, қолданылу аясын кеңейту жолдарын қарастыру жаһандану
жағдайында қазақ тілі мен ҽдебиетін оқытудың мҽселелерінің бірі болып табылады. Қазақ
тілін оқытуда басты назар оқушылардың сҿйлеу, тыңдау, айту жҽне есту дағдыларын
дамытуға аударылады. Мҧғалімдіердің біліктілігін арттырудың ҥш деңгейлік курс
бағдарламаларының 7 модуліне сҥйене отырып, жаһандану жағдайында қазақ тілін
оқытудың мҽселелерін шешу жолдары кҿрсетілген.
Кілтсӛздер: жаһандану; әдіс-тәсілдер; қазақ тілін оқыту мәселелері.
1.Кіріспе
Жаһандану –ағылшын тілінің «Globalizaton» ҧғымының аудармасы. Адам, мҽдениет,
тіл білім, рухани-адамгершілік даму, халықаралық қалыптастарға ҽсерін тигізетін бҧл
мҽселе БҦҦ, Бас Ассамблеясының сессияларында, «Ҥлкен сегіздік» елдері мен халықаралық
конференцияларында жиі айтылады.( «Қалыптастыру тҥсінігі оқыту» Wikipedia.orq.)
Мемлекеттік тіл мҽселесі Қазақстан Республикасының ҽрбір азаматына ҽсіресе,
қазіргі жаһандану ҥдерісінде ҿркениетті болашақ ҥшін ҿзекті болуда. Себебі мемлекеттік тіл
ҧлт пен этностардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтатын механизм ретінде ынты-
мақтастықты арттырады. Мысалға, мемлекеттегі ҿзге ҧлт ҿкілдерінің мемлекеттік тілді
ҥйренудегі талпынысы ҿз тілін білмейтін азаматтарға мемлекеттік тілді меңгеруге
ынталандыру механизміне айналуы мҥмкін. Ал бҧл ҿз бетінде қоғамды бір жҥйеге келтіріп,
ынта бірлікті нығайтады. Демек, мемлекеттік тіл саясаты бҥкіл Қазақстанда тҧратын этнос
ҿкілдерін ыдырату мақсатын кҿздемей, керісінше, бҥкіл Қазақстан халқын біріктіруші қҧрал
рҿліне ие. Егер кез келген этнос сол халықтың жерінде тҧрып жатқанын, оның табиғи,
материалдық, мҽдени жҽне рухани байлықтарын пайдаланып жатқанын ескеретін болсақ,
сҽйкесінше, сол халықтың тілін меңгеру, білу міндет. Жоғарыда айтып кеткеніміздей,
ортақ тілдің болуы мемлекеттік бірлікті қҧру мен қоғам тҧрақтылығын
сақтаудың аса маңызды бҿлігі болып саналады. Адамның санасына жҽне жалпы халыққа
ақпараттық-психологиялық ҽсер ету процесі кҿбінде тілдік орта немесе тіл арқылы жҥзеге
асырылады. Л. Пуховичтің пікірі бойынша ҧлттық идентификацияның бір бҿлігі ретінде
мемлекеттік тіл мҽселесі елдің қауіпсіздігіне жҽне тҧрақтылығына тікелей ҽсер етеді.
Сонымен қатар, тіл мҽселесінің сҽтті шешілуі демократияның дамуына айтарлықтай септігін
тигізеді жҽне мемлекеттің бҽсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне алғы шарттар
туғызады. Демек, мҧнда байқағанымыз тілдік ортаны белсене қорғау процесі елдің ҧлттық
қауіпсіздігінің
маңызды
аспектісі
болып
табылады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары тілдерді дамыту бойынша нақты жҧмыстар
жҥргізілуде. Тілдік мҽселені тиімді шешу нҽтижесі халықтарды жҧмылдыру мен қоғамдық
келісімділікті нығайтуды қамтамасыз етеді, сол сияқты ҧлтаралық қатынастарды
ҥндестірудегі факторы болып табылады. Тілдерді дамыту – Қазақстан Республикасы
мемлекеттік саясатының ҿзекті бағыттарының бірі. Б. Абдығалиевтің ойы бойынша, ҧлттық
тҧтастықтың жаңа негіздерінің бірі Қазақстан азаматтарының қазақ тілін білуі болып
VI Халықаралық конференция
463
табылады. Тҧрақтылық пен ҿркендеудің кепілі қазақстандықтардың тілдік ортақтығында
жатыр, яғни орыс жҽне қазақ тілдері ҿзара тҥсінушілік пен сыйласу нышаны болып табылған
кезде аталмыш жетістіктерге жетеміз. Жалпы, тіл қатынас, байланыс қҧралы, сол сияқты,
тіл – тек қарым-қатынас қҧралы ғана емес, ол – ҧлттық діліміздің кҿрініс табатын ҽлеуметтік
қҧбылысы, мҽдениетіміздің биік тҧғыры да. Сондықтан тіл ҽлемдегі ҧлттық мҽдениеттің ара
қатынасында аса маңызды рҿлге ие.
Ҽдебиет – сҿз ҿнері. Ҿнердің ҧлттық сипаты анық. Жаһандану мен соған орай
жҥргізіліп жатқан қоғамдық-экономикалық саясат ҽдебиеттің басты қасиеті ҧлттық сипатын
жоққа шығару, жою арқылы ҧлттық ҽдебиет атаулыны тарихтың тастандысына
айналдырмақ. Мҧның ҿзі кім-кімді болса да ойландырмай қоймайды. Тіпті, миллиардтан
астам халқы бар Қытайдың ҿзі дабыл қаға бастады. «Мыңжылдықтарға кететін
мҽдениетімізді ҧстап тҧрған – тек қана ҽдебиет.
Бҧл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға жҽне
Республикада қолданылатын ҿзге де тілдер ҥшін жағдай жасауға бағытталған. Бҥгінде
Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі –
барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты
дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік
дҽрежесін нығайту жҽне оның ҽлеуметтік-коммуникативтік міндеттерін кеңейту еліміз
саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді.
Ел Президенті Н.Назарбаев биылғы жолдауында «Сапалы білім Қазақстанның
инновациялық дамуындағы жҽне жаһандануындағы негіз болуы қажет» деп міндет
қойды(Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауы). Білім жҽне ғылым министрлігі Кембридж Университеті ҽзірлеген бағдарламаны
ҧсынды.
2.Негізгі бӛлім
2.1. Жаһандану жағдайында қазақ тілін оқыту жолдары
Заман ағымына қарай, білім берудің жаңаша ҽдіс-тҽсілдері мен технологиялары да
дамып келеді. Яғни, заманымызға қарай білім де, осы білімді оқушы санасына дамытатын
мҧғалім де ҿзгеруі қажет.
Қазақстан Республикасының ҥшінші деңгей бағдарламасын зерделеп жҽне меңгеруге
кҿмектесетін негізгі материалдарды оқып, ҥйрену, оқытудағы Кембридж тҽсілінің
теориялық негіздерін меңгеріп,ҿз тҽжірибенде тиімді пайдалана білуді мақсат тҧтып, мен де
осы курстан ҿттім. Сабақтарда пайдаланатын оқытудың жаңашылдығы жҿніндегі жеке
тҽжірибеммен бҿліскім келеді.
Мен ҿзім орыс мектебінде қазақ тілі пҽнінің мҧғалімі болғандықтан, жаһандану
ҽлеміндегі қазақ тілінің жағдайы, яғни мемлекеттік тіліміздің ҿркен жаюы ҥлкен мҽселе
болып отырғандығын тілге тиек еткім келеді.
Оқудың жаңа қадамына орта мерзімдік жоспар жасаудан бастадым. Жоспардың
мақсаты:оқушылардың сҿйлеу тілін диалогтік оқыту арқылы дамыту болды. Мақсат
негізінде 7 модуль қолданылды. Диалогтік оқыту барысында топ бойынша жҧмыс істей
отырып оқушылар ҿздігінен талдап, бір-біріне сҧрақтар қойып, жауап іздеуге талпынады.
Осы диалогтік оқытуда «Аквариум» стратегиясын сабағымның басында қолдандым. Жаңа
тақырыптарды ашу мақсатында жетелеу сҧрақтарын қойдым. Ары қарай жҧптық топтық
жҧмыстарда осы коммуникативті дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Даналар кілті»,
«Аквариум», «ЖиГСО», «Алтын қақпақ», т.б стратегияларын қолдану арқылы, пікірталас,
талдау, ҿз ойын ашық жеткізуге тырысқандарын байқадым.
VI Халықаралық конференция
464
«Оқу
мен
жазу
арқылы
сын
тҧрғысынан
ойлауды
дамыту»
(СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін ҿмірге пайдалана алатын шҽкірт
тҽрбиелеуде алатын орны ерекше. Сыни тҧрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –
ҽлемнің тҥпкір- тҥпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның
негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады[2].
Сабақтарымда кластер қҧру, «жуан-жіңішке» сҧрақтар, екі тҥрлі кҥнделік
стратегияларын қолдану арқылы балалар ҿз бетінше тҧжырым жасауға, ойларын еркін
жеткізуге, ҧқсас қҧбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білуге тырыстым. Бҧл
стратегияларды ҽр тақырыпқа сҽйкестендіріп бҧрыннан да сабағымда пайдаланушы едім.
Топтық жағдайда ҿткен осы мектептегі тҽжірибе кезіндегі сабақтарымда сыни тҧрғысынан
ойлауға ҥйрету ҽдістері бҧрынғыдан да ҽсерлі, тиімді шыққанына сенімдімін.
Сыни тҧрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жҥргізілетін жҧмыста оқушылардың
мына қабілеттері белгілі бір деңгейде қалыптасты деп айтуға болады (Мҧғалімге арналған
нҧсқаулық, ҥшінші деңгей):
1.
Ҿз бетінше тҧжырым жасау, қорытындыға келу.
2.
Ҧқсас қҧбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
3.
Проблеманы шеше білу.
4.
Пікірталасты жҥргізе білу.
Педагогикалық қызметте дарынды жҽне қабілетті балаларға қатысты мҽселе
ойлауды, талқылауды жҽне мҧқият жоспардауды қажет етеді. Оқушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруда мектеп бҥкіл оқушылар ҥшін мектеп стандартын кҥрделендіре отырып,
анағҧрлым жоғары нҽтижелерге қол жеткізе алады. Деңгейлік тапсырмаларды Блум
ҿлшемдеріне сҽйкестендіріп, тҿрт деңгейде беруді ҥйрендім. 1-деңгейдегі тапсырмаларды
орындау барысында «танып білу» жҽне ҥлгі бойынша «қолдану» арқылы орындалды, яғни
жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жҧмыс жҥргізілді. Бҧл тапсырмалар білімнің
минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сҽйкес бағдарлама мҿлшерінен аспайтын,
оқушының жас ерекшеліктерне сай таңдалып берілді. 2-деңгей тапсырмалары тҥрленіп,
кҥрделене тҥседі. Оқушы ҿз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқушының қабылдауы, жазба
жҧмыстарын орындау кҿрсеткіштері міндетті деңгейден ҽлдеқайда жоғары болды. 3- деңгей
тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорыту жасалды. Ал 4- деңгей тапсырмалары
негізінен дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналды. Ондай
оқушыларға тек тақырыбын ғана беремін, оқушының ҿзі мақсат қояды, нҽтижесіне жетеді,
жазба жҧмыстарын ҿз бетінше орындайды. Мысалы, бір сабағымда дарынды оқушыларды
бір топқа топтастырып, Блум ҿлшемдері сҧрақтарымен жҧмыстандыру барысында оқушылар
мҧғалімнің кҿмегінсіз, ҿздерінің біліктілігі, ой ҧшқырлығы арқасында жоғары нҽтижелерге
қол жеткізе алды. Берілген дайын сҧрақтарды Блум ҿлшемдері бойынша пирамидаларға
орналастырып, сҧрақтарға сҽйкесті жауаптарын беру арқылы жоғары деңгейлі
тапсырмаларды ҿз бетімен орындап шықты.
Оқушылардың дҥниетанымын, ой-ҿрісін кеңейту, ҿмірге деген кҿзқарасын жан-
жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану –заман талабы. Мектептегі технологияларға теледидар
бағдарламалары, электрондық оқулықтар, интернет, ҧялы телефон, компьютер, т.б
жатқызсақ, сабақтарымызда оқушылардың қызығушылығын ояту, ынтасын арттыруда бҧл
қҧралдарды пайдаланып жҥрміз. Ҿз сабақтарымда электрондық оқулықпен жҧмыс,
бейнефильмдер кҿрсету арқылы оқушылардың естерінде ҧзақ сақтау дағдыларын
жетілдірумен қатар, ҥйге тапсырма берген уақытта кҿбіне интернет беттерінен іздеуді
ҧсынып, кейде нақты интернет сайттарына сілтеме беріп отырдым. Ҽрине қазіргі оқушылар
кітапханаға барғаннан гҿрі интернетпен жҧмыстануға кҿбірек қызығушылық танытады,
заман талабына сай жеткілікті дҽрежеде сандық сауаты бар, ҿмір жағдайларының барлық
аспектілерінде жаңа технологиялардың бар мҥмкіндіктерін пайдаланып, оны ҿмірлік
VI Халықаралық конференция
465
қажеттіліктеріне қарай пайдаланатын ҧрпақ тҽрбиелеуде АКТ таптырмайтын тҽсіл болып
қала бермек.
Білім беру ҥшін бағалау жҽне оқытуды бағалау модулі біз ҥшін жаңалық болмаса да,
осы курс нҽтижесінде бағалауға деген мҥлдем жаңа кҿзқарас қалыптасты десем,
қателеспеймін. Балаларды ынталандыруда тҽуекелге барып, оқушылардың жауаптарын
жоққа шығармай, сол қателерін ҿзіне тҥзете арқылы жҧмыстандыру қажеттігін, бағалау
критерийлері арқылы ҽділ бағалауға қол жеткізудің мҧғалім ҥшін де, оқушы ҥшін де
тиімділігін ҧғынып, аз уақыт ішінде болса да бағалау тҥрлерін ҿз тҽжірибемде пайдаланып,
оң нҽтижелерге қол жеткізе алдым.
Ҽрине, жаһанданудан ешкім де қҧтыла алмайды. Оған тек бейімделу керек, ал
бейімделе алмағандар қҧриды. Бірақ бейімделу дегенді ҿзгенікін толық қабылдау деп ҧқпау
керек. «Бізге дҽл қазіргі заманда батыстың желімен домалай жҿнелетін қаңбақ ҧрпақ керек
емес, пайдасын алып, зиянын бойына дарытпай, дауылына міз бақпай қасқайып қарап
тҧратын тамыры ҧлт рухына терең бойлаған мҽуелі бҽйтерек керек. Сондықтан біздің
міндетіміз – рухы биік ҧрпақ тҽрбиелеу».
Осындай кҥрделі де, жауапты міндетті «ізгі ақыл» мен «жылы жҥректі» ҧстаздардың
балалармен ҿзара тҥсіністік, сыйластық, ынтымақтастық жағдайында ғасырлар бойы
жинақталған адамзат мҧрасының жалпыадамзаттық қҧндылықтарын меңгерту негізінде
тҽрбиелеу болмақ. Себебі білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу
ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тҧрғыдағы мҽнін дамыту болып табылады.
Мҧғалім мамандығы ең қиын да маңызды, жауапкершілікті ҽрі қызықты мамандық. Қазіргі
бастауыш мектепке жоғары кҽсіби дайындығы бар мҧғалім қажет. Ол мҧғалім білгір,
талантты, жауапкершілікті болуы ҽрбір ата-ана ҥшін маңызды. Ҿйткені ата-ана мҧғалімге
ҿзінің ең қымбаттысын – ҿзінің баласын табыстайды, ондағы ниет – мейірімді де ақылды
адам етіп тҽрбиелейді деген сенім. Ҽрбір жас мҧғалім мектептегі басты қҧндылықтар оқушы
мен мҧғалім, олардың бірлескен еңбегі екенін жақсылап ҧғынуы тиіс. Жалпы мектептің іс-
ҽрекеті, мҧғалімнің қызметі баланың табиғатына нҧқсан келтірмейтін, балаға кҿмектесетін
жағдай туғызуы болып табылады. Мҧғалім ҿз ісінің шебері атану ҥшін адамгершілік пен
кҽсіби тҧрғыдан сайма-сай тҧлға болуы тиіс, яғни ең алдымен, оның адами қасиеті басты
нҽрсе болып саналады, сонымен қатар ол кҽсіби ойлап, ҽрекет ете алатын маман болуы
керек. Ендеше, осы міндеттерді жҥзеге асыратын басты тҧлға – Ҧстаз. Тек мықты ҧстаз ғана
осындай ауыр жҥкті алып жҥре алады. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала – ертеңгі ел
тҧтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тҽрбиелеу – ҽрбір ҧстаздың борышы.
Бҥгінгі мҧғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық
педагогиканың нҽрлі қайнарымен сусындату, ҽрбір оқушы бойында ҧлттық мінез-қҧлық,
адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан
дҥниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының ҽдет-ғҧрпын, салт-дҽстҥрін
меңгертуге тиіс.
3. Қорытынды.
Нағыз ҧстаз бейнесін Ҽбу-Насыр Ҽл-Фараби сҿзімен тҥйіндесек: «Ҧстаздық мінез-
қҧлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла
бермеу керек, ҿйткені тым қаталдық шҽкіртті ҿзінің ҧстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа
кҿне беру ҧстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шҽкірті
селқос қарайтын болады. Ҧстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет.
Ҿйткені бҧлар, жҧрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тҽрізді».(Бастауыш
мектеп журналы. Ғылым мен мектеп, «Мҧғалімнің шеберлігін жетілдіру»)
Осындай ҧстазға тҽн мінез-қҧлық ізгілікпен ҧштасып, бала жҥрегінің тҿрінен орын алған
жағдайда жас ҧрпақтың рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты ҥйлесімді дамыған елін
сҥйер абзал азамат болары сҿзсіз. Алдыңғы қатарлы тҽжірибені жетілдіре отырып, оқу
VI Халықаралық конференция
466
ҥдерісіне жаңа ҽдіс-тҽсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың
жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа қҧмар, білмегенін білгісі келіп,
белгісіз нҽрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мҧғалімі олардың осы
талпынысын дамытуға кҿңіл бҿлуі тиіс.
Оқушылардың сҥйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді ҽдіс-
тҽсілдерді енгізіп, оны ҧйымдастыру формасын тҥрлендіріп отыру – мҧғалімнің басты
міндеті екені белгілі. Мҧндай жағдайда мҧғалімнің шеберлігі, ҧйымдастырушылық қабілеті
ҥлкен рҿл атқарады.Ел Президентiнiң сҿйлеген сҿзінде: «...Барлық дҥние мектептен
басталады.
Сондықтан ҽлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жҥйеге кҿшіп,
педагогтардың кҽсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын
арттыруымыз қажет..», – деп, атай келе «Қазақстан – 2050» бағдарламасында: «...Бiздiң жас
мемлекетiмiз ҿсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге
ер жетедi. Олар ҿз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм ҿресi биiк, денсаулығы мықты
ҿкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дҽстҥрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы
нарықтық
экономика
жағдайында
жҧмыс
iстеуге
даяр
болады...»,–делінген.
Дегенмен, табысқа жетудің ең басты кҿзі болып мҧғалімнің ҽрбір баланың жеке тҧлғалық
ерекшелігіне негізделген балаларға деген махаббаты саналады. Ҽрбір тҽрбиеленушіге ҿз
бойындағы дарыны мен талантын, қабілеттерін аша тҥсуге мҥмкіндік жасау қажет, оларды
ҿзімен жҽне ҽлеммен ҥйлесімділікте ҿмір сҥруге ҥйрету керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауы/www.akorda.kz./
2.
Педагогикалық шеберлік орталығының - ресурстары, Л.Выготский(1978),«Зона
ближайщего развития»-1., 143б, Л.Пиаже (1958)«Рассуждение»- 1.,199-б,
3.
«Қалыптастыру тҥсінігі оқыту» кк.Wikipedia.orq./wiki/.
4.
«Мҧғалімге арналған нҧсқаулық (ҥшінші деңгей)», «Кҿпіршелер жҽне олардың
ЖАДА-ға қатынасы»(1., 29), «Сыныптағы диалогтік ҽңгімені дамыту»[1., 39].
5.
«Бастауыш мектеп» журналы, №5, 2012 ж. Ғылым мен мектеп, «Мҧғалімнің
шеберлігін жетілдіру»,6-б.
VI Халықаралық конференция
467
Достарыңызбен бөлісу: |