Проблемы языкознания


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІГІНІҢ



Pdf көрінісі
бет8/43
Дата03.03.2017
өлшемі4,64 Mb.
#6669
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІГІНІҢ  
ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІ 
 
Мақалада  жалқы  есімдердің  табиғаты,  сипаты,  қызметі  қарастырылды.  Бүгінгі 
таңдағы  қазақ  ономастикасының  өзекті  мәселесі  болып  саналатын    антропонимика  мен 
лингвомәдениеттануға 
сипаттама 
берілді, 
себебі 
қазақ 
этносының 
танымдық, 
когнитивтік  болмысы  қазақ  ономастикасының  материалдары  негізінде  әлі  зерттелмеген. 
Мәдени,  рухани  мәнділік  пен  құндылыққа  ие  жалқы  есімдерді  қазақ  этносының  ішкі  және 
айнала  қоршаған  болмысы  туралы  ғасырдан  ғасырға  жинақталған  білім  тәжірибелерінің 
қоры  ретінде  арнайы  зерттеу  аса  қажет  екендігін  ғалымдардың  пікірін  келтіре  отырып  
дәйектедік.  Лингвомәдениеттану  арнасында  қарастырылған  жалқы  есімдер  ұлттық 
рухани  әлемді  суреттейтін,  терең  мағыналық  этномәдени  мазмұнға  ие  мәдениет 
кеңістігінің  ерекше  құрылымы  екенін  көрсеттік.  Мақаланың  негізгі  мақсаты  –  қазақ 

62 
 
дүниетанымындағы  ономастикалық  бірліктері  дүниенің  тілдік  бейнесінің  этномәдени 
ерекшеліктерін айқындаушы құрылымдар ретіндегі орнын анықтау. 
 
Тірек 
сөздер: 
ономастикалық 
кеңістік, 
антропонимика, ұлт 
мәдениеті, 
лингвомәдениеттану, жалқы есім.  
 
Шығыстың  кемеңгер  ойшылы  Конфуций  осыдан  екі  мың  жыл  бұрын  Қытай 
билеушілерінің  біріне  мемлекеттегі  істерді  оң  жолға  қоюды  атауларды  дұрыстаудан  бастау 
керектігі туралы: «Егер атаулар дұрыс болмаса, сөздердің негізі болмайды. Сөздердің негізі 
болмаған жағдайда іс те жүрмейді және халық та не істерін білмейді», - деген екен.  
Қазақстанның 
заманауи 
ономастикалық 
кеңістігі 
инновациялық 
қоғамдық, 
психологиялық,  тарихи  міңезімен  сипатталады:  Қазақстанда  геосаяси  және  тілдік  жағдай 
өзгерді,  сондықтан  да  жалқы  есім  деп  нені  және  қалай  атау  керектігі  туралы  көзқарас  та 
өзгерді.  Бұл  жалқы  есімнің  жаңа  концепциясының  пайда  болуына  түрткі  болды.  Осыған 
байланысты Қазақстанның қазіргі ономастикалық кеңістігін кешенді суреттеудің қажеттілігі 
туды.    Қазақстанның  ономастикасында  жалқы  есімдерді  зерттеудің  өзіндік  дәстүрлері  бар. 
Олар  жалқы  есімдердің  лексико-семантикалық  және  құрылымдық  түрлерін,  этимологиясын 
зерттеу, құрылу себептерін анықтаудан тұрады. Ономастиканы пән-объектілік салада зерттеу 
приоритеттері: Қазақстан топонимдері (зерттеу жұмыстарының 60%), антропонимдер (8,9%), 
әдеби  онимдер  (8,9%),  деонимдер  (5,2%),  антропонимдер  мен  топонимдер  (4,5%), 
эргонимдер (4,5%), зоонимдер (2,2%), космонимдер (2,2%), идеонимдер (2,2%), мифонимдер 
(2,2%).  Зерттеушілердің  негізгі  назары  қазақстандық  ғалымдардың  қазақ  лингвомәдени 
қоғамдастығында қолданылатын онимдік лексикаға аударылған.  
Қазақстанның  заманауи  ономастикалық  кеңістігі  –  күрделі  де  салмақты,  көптілдік, 
перифериялық  құрылым. Қазақстанның заманауи ономастикалық кеңістігі – белсенді дамып 
келе  жатқан  құрылым.  Ономастикалық  кеңістіктің  динамикасы  мен  шекаларының  кеңеюі 
жалқы  есімдердің  концепциясының  өзгеруіне  байланысты  да  жүргізілуде,  яғни  қазақ  жаңа 
атау  формуласының  пайда  болуы,  прагматонимдер  мен  идеонимдердің  корпусының  
белсенді  өсуі.  Халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинақтаған  өмір  тәжірибесі,  адами  ізгіліктері 
мен  рухани  құндылықтары,  қоғамның  әлеуметтік  сипаты,  сөйлеу  әдебі  қағидалары,  аялық 
білімі,  жалпы  этнологиялық  кеңістігі  туралы  түсініктері  ұлтымыздың  қазынасы  -  оның 
тілінде,  тілдік  құрылымдарында  көрініс  тауып,  сақталып,  жинақталған.  Тіл  қызметінің 
ерекше бір саласы – ономастика.  
Ономастика  атаулардың  шығу,  қалыптасу  жайын  тексереді.  Ол  зерттеу  нысанына 
қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитон
имика  секілді  түрлерге  бөлінеді.  Топонимика  географиялық  атауларды  зерттесе, 
антропонимика  кісінің  аты-жөнін,  тегін,  лақап,  бүркеншік  есімдерін  қарастырады.
 
Ономастиканы   зерттейтін  ғылым  ономосиология деп  аталады.  Ономастика грек  сөзі 
«ономия»  (грек  тілінде  «onoma»  есім,  ат)  onomastika  –  ат  қою  өнері,  яғни  атауларды 
зерттейтін  ғылыми  сала.  Ономастиканы  (кісі  аттарын,  жер-су,  ру-тайпа  аттары  т.б.) 
зерттеудің  теориялық-әдіснамалық  негіздері  мен  тілмен  сабақтастықта  қарастырылатын 
ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В.В.Радлов, В.В.Бартольд, 
А.Н.Самойлович,  С.Е.Малов,  Н.К.Дмитриев,  А.Н.Кононов,  Н.А.Баскаков,  Қ.Жұбанов, 
І.К.Кеңесбаев,  С.Аманжолов,  Ә.Қайдар,  Т.Жанұзақов,  Ә.Абдрахманов,  Е.Жанпейісов, 
Қ.Рысбергенова,  Г.Мадиева  т.б.  ғалымдар  өздерінің  еңбектерінде  жан-жақты  көрсетті. 
Ономастика  өз  ішінде  бірнеше  салаға  бөлінеді:  топонимика  (  жер,  су,  қала  атауларын 
зерттейтін  ғылым),  антропонимика  (адам  аттарын  зерттейтін  ғылым),  этнонимика  (  ру,  ел, 
халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика ( хайуандар аттары), гидронимия (теңіз, өзен, 
су, көл атауларын зерттейді) т.б. 
Этностың  ұлттық  таным  әлемін  өз  бойына  сіңірген  қазақ  тіліндегі  жалқы  есімдерді 
жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес зерттеу қазақ ономастикасының алдына мақсат етіп қояды, 
бұл  ономастикада  бұрын  сонды  болмаған  метатілдік  теориялық  негіздерін  қалыптастыруға 

63 
 
мүмкіндік  береді.  Әлемді  тіл  арқылы  танудағы  жалқы  есімдердің  орны  мен  маңызын 
ескерсек,  ономастикалық  тілдік  бірліктердің  ментальді-когнитивтік  сипаттарын  айқындау 
қазақ тіл білімінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  
Қазақ  ономастикасының  алғашқы  даму  кезеңінде  қазақ  тіліндегі  жалқы  есімдер  тілдік 
тұрғыдан  зерттеліп,  қазақ  онимдерінің  этимологиясы,  лексика-семантикалық  топтары, 
мағынасы,  топонимикалық  жүйелердің  регионалдық  ерекшеліктері  айқындалды.        Қазақ 
ономастикасы  тарихындағы  екінші  кезеңде  жалқы  есімдердің  этнолингвистикалық, 
лингвомәдени  сипаттары,  көркем  мәтіндердегі  қызметі,  кумулятивтік  қызметтері  зерделене 
бастады.  Бүгінгі  таңда  қарқындап  дамып  келе  жатқан  когнитивтік  лингвистика  тұрғысынан 
қазақ  онимиясын  бағамдай  келсек,  жалқы  есімдердің  тек  тілдік  сипаттарын  қарастыру 
жеткіліксіз  болып  көрінеді.  Жалқы  есімдердің  бойындағы  рухани  және  материалдық 
мәдениетті  ұлттың  танымдық  тәжірибесімен  сабақтастыра  отырып,  ментальді-когнитивтік 
түрде таңбаланғанын қарастырумен ерекшеленеді.  
Ұлттық мүддеге негізделген таным мен түсінікті жеке ономастикалық бірліктер арқылы 
айшықтап  суреттейтін  дүниенің  тілдік  бейнесін  кең  когнитивтік  арнада,  тұтастықта 
зерттеудің  мәні  зор.  Қазақ  тіліндегі  ономастикалық  жүйе  тілдік  құрылым  ретінде  өзіне  тән 
концептуалдық  жүйеге  де  сәйкес  келеді.  Осындай  сәйкестікке  орай  қоршаған  болмысты 
ментальді  түрде  сипаттайтын  ономастикалық  концептілер  «тіл-сана-ұлт»  ауқымында 
жинақталған таным тәжірибесін мейлінше нақтылайды.  
Антропонимика (кісі аттары) – тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы 
мұра.  Антропонимдер  жүйесі  адамдардың  өткендегі  тұрмысын,  қоғамдық-әлеуметтік 
құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың 
кейбір  топтары  қазақ  ауылының  ертедегі  тіршілік  іс-әрекетінен  және  шаруашылық  күйінен 
мағлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты 
есімдер.  Немесе  қазақ  халқының  ұлттық  әдеті  бойынша  жас  келіндер  күйеуінің  жақын 
туыстарының,  ата-енесінің  аттарын  атамайтын.  Сөйтіп  жас  келін  күйеуінің  ағасын,  інісін  я 
қарындасын  тура  атымен  атай  алмай,  жанама  ат  қойып  алатын.  Атап  айтқанда,  қайын 
сіңлілерін  -  шырайлым,  бикеш,  бойжеткен,  әке  қыз,  еркем,  ержеткен,  ерке  қыз, ал  ер 
адамдарды төрем, шырақ, мырза жігіт, молда жігіт т.б. деп атайды. 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  антропонимдерді  тарихи-этномәдени,  әлеуметтік  тұрғыдан 
анықтап  зерттеу  олардың  тамырының  көне  түркі  (қыпшақ)  кезеңімен  сабақтасып  қана 
қоймай, түркі тілдерінің басқа халықтарымен мәдени-тарихи байланысын, қарым-қатынасын 
да  деректейді.  Сондықтан  белгілі  ономаст-ғалым  В.А.Никонов  антропонимика  саласының 
негізгі  міндеттерін  кезінде  былай  деп  анықтаған:  «Антропонимия  может  служит 
драгоценным  источником,  помогая  выяснить  былой  этнический  состав  и  миграции 
населения  в  прошлом,  датировать,  локализовать  письменные  памятники  и  т.д... 
Антропонимика  образует  в  языке  особую  подсистему,  разобраться  в  которой  бессильны 
методы  только  лингвистики  без  неразрывного  единства  с  этнографией,  историей, 
социологией,  правом»  [1,56].  В.Гумбольдттың  концепцияларын  басшылыққа  ала  отырып, 
оны  одан  әрі  дамытқан  американдық  ғалым  Э.Сепирдың  мына  пікірі:  «тіл  -  әлеуметтік 
шындықты  түсіндірудің  құралы.  Адамдар  белгілі  мөлшерде,  өз  тілінің  ықпалында  болады.  
Тіл  -  мінез-құлық  нормасына  да  әсер  етеді,  халықтың  мәдени  дәрежесін,  оның  тілін 
зерттемей  тұрып  түсіну  мүмкін  емес.  Тіл  -  әлеуметтік  шындықты  түсіндірудің  жетекші 
құралы»  дегенге  саяды  [2,29].  Бұл  мәселе  өткен  ғасырдың  ІІ  жартысында  орыс  ғалымдары 
Н.Буслаев,  А.Н.  Афанасьевтердің  еңбектерінде  алғашқы  рет  сөз  болды.  Олар  тіл 
ерекшеліктерін  пайдалана  отырып,  орыс  халқындағы  табиғи  құбылыстарға  байланысты 
пайда болған әртүрлі наным-сенімдерді зерттеу негізінде көптеген мифтеріне талдау жасады. 
Атап  айтқанда, антропонимдік зерттеулердің  басы ертеден басталып, даму барысында 
әртүрлі 
сипатта 
қарастырылған. 
Мысалы, 
Қазанда 
1905 
жылы 
жарық 
көрген 
В.К.Магницкийдің  «Чувашские  языческие  имена»  кітабында,  академик  К.Мусаевтың 
көрсетуінше, 10587 ер адамның аты (фонетикалық варианттарымен қоса) берілген [3,205]. 

64 
 
Осыған 
байланысты 
тіл 
мен 
мәдениетті 
біріктіріп 
қарастыратын 
сала 
– 
лингвомәдениеттану (лингвокультурология) деп аталады. В.Воробьев лингвомәдениеттануға 
мынандай  ғылыми  анықтама  береді:  «Лингвокультурология  –  это  комплексная  научная 
дисциплина  синтезирующего  типа,  изучающая  взаимосвязь  и  взаимодействие  культуры  и 
языка  в  его  функционировании  и  отражающая  этот  процесс  как  целостную  структуру, 
единицу  в  единстве  их  языкового  и  внеязыкового  (культурного)  содержания  при  помощи 
системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные  установления 
(система норм и общечеловеческих ценностей)» [4, 37]. Ғалым В.А.Маслова бұл пәнді халық 
мәдениетін  танытушы  ғылым  деп  санап,  былайша  анықтайды:  «Лингвокультурология  –  это 
наука,  возникшая  на  стыке  лингвистики  и  культурологии  и  исследующая  проявления 
культуры народа, которые отразились и закрепились в языке» [5, 8]. 
«Теория  и  методика  ономастических  исследований»  атты  ұжымдық  монографияда 
мәдениет  пен  ономастикалық  байланыс  былай  деп  атап  көрсетіледі:  «Біз  талдап  өткен 
материал  негізінде  белгілі  болғандай,  ономастикада  мәдениет  өзінің  жан-жақты  көрінісі 
арқылы  бейнеленеді,  алайда  ол  әр  түрлі  жолмен  беріліп  отырады.  Бір  жағынан  алып 
қарағанда,  есімдер  тілде  ғана  жасалады,  осы  тұрғыдан  алғанда  олар  үшін  ең  бірінші  және 
басты нәрсе – рухани мәдениет. Басқа бір жағынан қарастырғанда, жалқы есімдер сөз ретінде 
тек  қана  рухани  емес,  сондай-ақ  материалдық  мәдениеттің  кез-келген  фактілеріне  мән 
береді» [6, 293].  
Кез  –  келген  тілдік  құбылыстың  табиғатын  оның  тек  тілдік  заңдылықтарына  сүйеніп 
қана  қоймай,  сонымен  қатар  халықтың  дүниетанымына,  салт-дәстүріне,  ұлттық  болмысына 
назар  сала  қарау  лингвомәдениеттану  пәнінің  үлесіне  тимек.  Ал  лингвомәдениеттану 
латының Linqua – тіл,  Cultura – мәдениет, Logos –  ілім  деген терминдердің жинақталуынан 
туындап,  лингвистика  мен  мәдениеттану  пәндерінің  тоғысуында  пайда  болған,  халық 
мәдениетінің  тілдегі  әсерін  зерттейтін  сала.  Тіл  ғылымында  лингвомәдениеттану  – 
лингвистика  мен  мәдениеттанудың,  соның  ішінде  антропонимдерге  қатысты  жағын 
ортақтастыратын  жаңа  ғылым.  Сонымен,  лингвомәдениеттану  -  ұлттық  сипаты  бар  деп 
танылатын әлеуметтік, танымдық, этникалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, 
тұрмыстық  қағидалар  мен  заңдылықтарды  тілдік  құралдар  арқылы  жеткізуді  зерттейтін  тіл 
білімінің  бағыты.  Лингвомәдениеттанудың  ең  негізгі  мақсаты  –  ұлттық  болмыстың  тілдегі 
көріністерін,  тіл  фактілері  мен  халықтық  танымдық,  этика-эстетикалық  категориялары 
арқылы  рухани  мәдениетін  танытып,  олардың  қызметі  мен  орнын  анықтау  деп  түйіндеуге 
болады.  Лингвомәдениеттану  пәнінің  зерттеу  деректері  мен  дәйектері  ұлттық  мәдениеттің 
және  рухани  құндылықтардың  тілдегі  көрінісі  әдебиетте,  фольклорда  т.б.  Қазақ  тіл  білімде 
лингвомәдениеттану 
ғылымы 
пәніне 
қатысты 
деректер 
Ш.Уәлиханов, 
М.Әуезов 
еңбектерінен 
бастап, 
Ә.Марғұлан, 
І.Кеңесбаев, 
Ә.Қайдар, 
Р.Сыздық, 
Е.Жұбанов, 
Е.Жанпейісов,  Т.Жанұзақов,  Н.Уәлиев,  Ж.Манкеева,  А.Жылқыбаева,  Қ.Рысбергенова  т.б. 
ғалымдар еңбектерінде көрсетіледі.  
Бүгінде  лингвомәдениеттану  ұлттық  тілді  танудың  да  негізі  екені  соңғы  кездегі  біраз 
зерттеулерде  (Г.Смағұлова,  А.Алдашева,  А.Сейсенова,  Г.Қажығалиева,  А.Сейілхан, 
Қ.Қайырбаева 
т.б.) 
анықталып, 
лингвомәдениеттану 
ғылымының 
пән 
ретінде 
қалыптасуынан, қазақ тіл білімінде жеке сала ретінде қарастырылуынан көрінеді. 
Г.Смағұлова өз еңбегінде лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін былайша көрсетеді: 
Лингвомәдениеттану 
бұл «тіл-ұлт-мәдениет» 
дейтін 
үштік 
[7,196].  
А.Алдашева  бұл  пәннің  зерттеу  көздерін  ғылыми  тұрғыдан  анықтап  әрі  лингвистика 
ғылымымен  ортақтығын  лингвомәдениеттанудың  ауқымы  өте  кең,  ол  әрбір  тілдік  бірліктің 
белгілі  бір  халықтың  төл  элементі,  халық  тілімен  бірге  жасасып  келе  жатқан  ұлттық  «бет-
пішіні»  бар  деп  есептелінген  сөз  ұлттық  әлеуметтік,  этникалық,  адамгершілік,  мәдени, 
тұрмыстық нормаларға сай деп тұжырымдайды [8,15].  
Лингвомәдениеттану пәні басқа  халықтардың өмірінен де мәдени ақпарат береді, яғни 
бір  ұлттың  көршілес  ұлтпен  туыстығын  немесе  дәстүр  ұқсастығын  салыстыруды  да  мақсат 
етеді.  Басқаны  айтпағанда,  мұның  мәдениетаралық  қарым-қатынас,  оның  тіларалық  қарым-

65 
 
қатынастың көріністері ретіндегі антропонимдердің тілдік табиғатын тануға тікелей қатысы 
бар. 
Сонымен  қарым-қатынастық  қызметімен  ерекшеленетін  антропонимдердің  әлеуметтік 
мәнін  ашу  қазіргі  тіл  біліміндегі  антропоөзектік  бағытпен  сабақтасады.  Ономастиканың 
теориясы мен практикасын осы бағытпен бір байланыста қарастырған ғалым Г.Мадиеваның 
еңбегінде 
осы 
сабақтастық 
былайша 
көрсетілген: 
тіл  қызметін  іске  асыратын  нақты  тілдік  социум  мүшелерінің  жалқы  есімдерді  қабылдауы; 
тілдік тұлғаның санасындағы жалқы есімнің  қызметі; ұжымдық санадағы жалқы есімдердің 
қызметі;  жалқы  есімдердегі  ұлттық  танымда  бекітілуінің  әдісін  сипаттау;  жалқы  есімдердің 
инварианттары  мен  варианттылығын  анықтау;  тілдік  санада  ұлттық  когнитивтік  қорды 
құрайтын өзекті жалқы есімдерді анықтау; жалқы есімдер жүйесінің ұлттық қорының негізгі 
элементтері  мен  стереотиптерін  жіктеу;  жалқы  есімдер  мен  мифтік  танымның  байланысы, 
т.б. [9,28-29]. 
Осымен  байланысты  «Қазақ  ономастикасы.  Жетістіктері  мен  болашағы»  атты  осы 
саладағы  зерттеу  нәтижелерін  қорытып,  болашағын  бағдарлаған  Т.Жанұзақов  пен 
Қ.Рысбергеннің  еңбегінде  антропонимияның  әлеуметтанымдық  зерттеу  нысанын  былайша 
анықтаған:  
«1) тіліміздегі антропонимдік жүйенің қалыптасып дамуы мен қызмет аясының жалпы 
мәселелерін теориялық әрі әдіснамалық тұрғыдан зерттеудің жалпы мәселелері; 
 2) антропонимдерді тұтас бір жүйе ретінде зерттеу; 
 3) кісі аттарын әлеуметтік-қоғамдық, тарихи категория ретінде қарастыру; 
 4)  кісі  аттарының  пайда  болу,  жойылу  заңдылықтарындағы  тарихи-әлеуметтік 
жағдайлардың себеп-салдарын анықтау;  
5) кісі аттарының сөйлеу тілі мен жазба тілдегі қызметін, қостілдегі орны мен мәдени 
қарым-қатынастағы мән-маңызын зерттеу; 
 6)  кісі  есімдерінің  экспрессивті-эмоционалдық  қызметін  тексеру  (көркем  әдебиетте, 
баспасөзде, күнделікті тұрмыста қолданылу ерекшеліктері); 
 7)  антропонимдер  жүйесіндегі  халықаралық,  ұлттық  ерекшеліктерді,  олардың  өзара 
байланыс-бірлігін зерттеу;  
8) қазақ антропонимдерін байытудағы басқа ұлт антропонимдерінің әлеуметтік мәні; 
9)  көпұлтты  Қазақстан  Республикасында  қазақ  антропонимдерінің  қолданылуы  мен 
қызмет аясының әлеуметтік сипаты;  
10) антропонимдерді тілдік және тарихи тұрғыдан топтастыру» [10,43-44].  
Демек, қазақ халқында ат қою ұлттық тарихымен, рухани мәдени өмірмен, әдет-ғұрпы, 
салт-дәстүрімен  тығыз  байланысты.  Ал,  ұлттық  тарих,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр  деген 
ұғымдар  мәдениетпен  байланысты.  Мәдениет  дегеніміз  адамдардың  өмірі  мен  іс-әрекетін 
ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан 
көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі. 
Әр  халықтың  өзіндік  қайталанбас  ерекшеліктері,  яғни  ұлттық,  этникалық  реңк 
өзгешіліктері  болатындығы  белгілі.  Ұлттық  есімдер  ұлттық  мәдениет  ерекшеліктерін 
білдіріді,  мұндағы  бір  есімдерде  ұлттық-тарихи  болмысы  айқын  көрінсе,  ал  басқаларында 
оның  қарқыны  нашар  болады,  алайда  оны  жасаған  немесе  қолданушы  халықтың 
мәдениетімен байланысы жоқ есімі табыла қоймайды.  
Ұлттық  есімдерде  мейлі  антропоним,  топоним,  зоонимдер  болсын  олардың  бойында 
алуан түрлі тарихи-мәдени ақпарат қалыптасқан . Ю.К.Юркенас: «... антропонимдер өзіндік 
бір 
мәдени 
мәтін 
ретінде 
қабылдану 
тиіс», 

деп 
тұжырымдайды.   
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Никонов В.А. Имя и общество. М: Наука, 1974. 
2  Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. М: Наука, 1999. 
3  Мусаев К.М. Лексикология тюрских языков. М: Наука. 1984. 
4  Воробьев В. Лингвокультурология. Теория и методы. М.: РУДН, 1997. 

66 
 
5  Маслова В. Введение в лингвокультурологию. М.: Наследие, 1997.  
6  Теория и методика ономастических исследований. М.: Наука, 1986. 
7  Смағұлова  Г.  Мағыналас  фразеологизмдердің  ұлттық  мәдени  аспектілері.  Алматы: 
Ғылым, 1998. - 196-бет. 
8  Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. Алматы: 
Арыс, 1998. - 15-бет. 
9  Мадиева Г.Б. Теория и практика ономастики. Алматы: Қазақ университеті, 2003. 
10 Жанұзақов  Т.,  Рысберген  Қ.  Қазақ  ономастикасы.  Жетістіктері  мен  болашағы. 
Алматы, 2004. 
Ономастические  исследования  помогают  выявлять  пути  миграций  и  места  былого 
расселения различных народов, языковые и культурные контакты, более древнее состояние 
языков  и  соотношение  их  диалектов.  Исследование  имён  собственных  представляет 
огромную важность благодаря специфическим закономерностям их передачи и сохранения. 
Вследствие своей социальной функции - служить простым индивидуализирующим указанием 
на  определённый  предмет -  имя  собственное  способно  сохранять  свою  основную 
значимость  при  полном  затемнении  его  этимологического  значения,  то  есть  при  полной 
невозможности  связать  его  с  какими-либо  другими  словами  того  же  языка.  В  статье 
рассматривается 
современное 
ономастическое 
пространство 
Казахстана 
и 
устанавливаются элементы лингвокультурных особенностей личных имен.  
Onomastic  research  helps  to  reveal  migration  ways  and  habitats  of  different  nations; 
language and cultural contacts, ancient language conditions and their dialects correlation. Proper 
names’ investigation is much important due to specific rules of their transmission and preservation. 
In consequence of its social function – to be used as a simple individualizing indication to a certain 
thing  –  a  proper  name  can  preserve  the  notional  importance  by  complete  darkening  of  its 
etymological meaning, i.e.  when absolutely impossible to connect it  with other  words of the same 
language.  Тһe  article  is  dedicated  to  modern  onomastic  space  of  Kazakhstan  and  elements  of 
proper names lingua-cultural peculiarities are determined. The article quotes scholars opinions to 
the science emergent on the joint of linguistics and culture-study and exploring a nation’s cultural 
manifestations which have been reflected and fixed in the language.  
 
 
УДК 821.512.122.32.09 
Ж. Т. Қадыров, Г. С. Хамзина  
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
Петропавл, Қазақстан  
Zhkadyrov_777@mail.ru 
 
КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ЭПИТЕТТІҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ 
 
Мақала көркем әдебиетте, оның ішінде прозалық шығармаларда актив қолданылатын 
троптардың  бірі    –  эпитеттің  стильдік  қызметін  қарастыруға  арналады.  Авторлар 
эпитеттің  жасалу  жолдарына,  түрлеріне  жан-жақты  тоқталады.    Тіл  білімінде  және 
әдебиеттануда  эпитетке  берілген  анықтамалар  келтіріледі.    Көркем  мәтіннен  жиналған 
эпитеттік  қолданыстар  жүйеленіп  талданады. Бұл  мысалдар  арқылы   эпитеттің  көркем 
шығарма  тілінде  маңызды стильдік қызметімен қатар ана тіліміздің баюына, толысуына 
өз үлесін қосатыны анықталады.  
 

67 
 
Түйін  сөздер:  эпитет,  троп,  эмоционалды-экспрессивті  лексика,  полисемия,  тілдік 
категория, авторлық  эпитет.  
 
«Сөздің  немесе  тілдің  көркемдігі»  дегенде,  ең  алдымен,  оның  әсерлілігін  ұғамыз. 
Әсерлі сөйлеу, яғни көркем тілмен сөйлеу, өз ойын өзгеге шама-шарқынша айқын түсіндіру 
– тек өнер адамдарына ғана емес, мәдениеттімін деген бар қауымға міндет, әрі қажет. Суретті 
бейнелі,  көркем  ойлау  арқылы  бір  нәрсенің  тікелей  өзін  емес  оған  ұқсас  өзге  затқа  не 
құбылысқа балап, мағынасын, мазмұнын тереңдете, әсерін күшейту дейтін болсақ, онда бұл 
көркемдеу  құралы  болған  эпитетті  әр  түрлі  етіп  қиыстыру  шығармада  үлкен  шеберлікті 
талап етеді. 
Эпитет  заттың  яки  құбылыстың  ерекшелігін  сыр-сипатын  бейнелі  түрде  танытатын 
поэтикалық  және  стилистикалық  ұғым,  экспрессивті  айқындаушы  сөз.    З.Ахметов:  «Эпитет 
(сипаттама)  –  заттың,  не  құбылыстың  айрықша  белгісін,  қасиетін  білдіретін  бейнелі  сөз. 
Эпитет ұғымға, нәрсеге бейнелілік, нақтылық  сипат береді . Мысалы, кеш деген сөз жалпы 
ұғымды, тәуліктің бір кезін, уақыт мезгілін білдіреді. Ал қысқы кеш, не қоңыр кеш десек, ол 
көзге  елестетерліктей  нақтылы  бейне.  Көптеген  эпитеттерде  ұлттық  бояу-бедер  болады» 
деген [1, 376]. 
Ал  Зейнолла  Қабдолов:  «  Айқындау,  яғни  эпитет  –  заттың,  құбылыстың  айрықша 
сипатын,  сапасын  анықтайтын  суретті  сөз.  Эпитетсіз  тіпті  айтарыңды  анықтау,  суреттеп 
отырған  нәрсеңді  нақтылау  қиын.  Әрине,  бұрын-соңды  сан  мәртебе  қолданылып,  ығыр 
болған эпитеттерді қайталай берудің керегі жоқ», – деген пікір айтады [2, 121].  
 Д.Әлкебаеваның  еңбегінде  эпитет  туралы  төмендегідей  анықтама  берілген:  «Эпитет 
сөз  алдына  келіп  анықтауыш  болады.  Анықтауыш  атқаратын  мүше  көбінесе  бейнелі  сөздің 
қызметін атқарады» [3, 92]. 
Эпитет қай стильде кездессе де екі мақсатта қолданылады. Біріншісі - анықталған мүше 
ретінде,  екіншісі,  көркемдік  бейнелі  мағынада  қолданылады.  Анықталатын  мүше  ретінде 
келетін эпитет ресми құжат тілінде жиі қолданылады. Бұл сын есім немесе сын есім ретінде 
есімшенің орнына қолданылатын сөздер тобы болып келеді.  
Д. Исабеков, О. Бөкей повестеріндегі эпитеттердің қолданысы: 
... Жыртық-жыртық бұлттардың ойығынан ауық-ауық ай сығалап, қорғасын бұлттың ар 
жағына лып етіп қайта еніп кетеді. Мырзаның заты адам ғой, таңдырынан тек азап пен 
тәлкек көріп, жаны қиналған сәттерінде бұл пенде құдайына да тілін тигізіп алмаушы ма 
еді,  етекте  бөлек  отыратын  кедей  ауылынан  келген  бір  пұшық  әйел  шырқырап  тұрған 
баланы  көргенде  өзін-өзі    ұстай  алмай  «о,  қу  құдай,  о  қу  құдай»  деп  еңіреп  жіберді.  Көз 
жастары  күректегі  топыраққа  тамып,  іштей  тынып  жүрген  өзге  де  әйелдер  бар  екен, 
«дауыс салуға болмайды» деген қатал үкімді бір сәтке естен шыңарып, әлгі әйелден соң әле-
шала  «қош,  пақыр,  қош!»  деп  бір  ұн  шығарып  алды  да,  опасыз  тіршіліктегі  бейшара 
пендешілік естеріне түсіп, еріндерін тістеп-тістеп қойды. Қызын көргенде шешесі өзін-өзі 
ұстай  алмай,ботақаным-м»  –  деп  тұрмақ  боп  ұмтыла  беріп  еді,  күйеуі  оған  жеп 
жіберердей  оқты  көзімен  ата  қарап:  «отыр  омалып!»  дегенде  зәрлі  дауыс  оны  төбесінен 
басып, бөстегіне қайтадан сылқ еткізді. – Тоқтат, қара бет! – деді орнынан атып тұрып 
(«Тіршілік», 363-б.). 
...Ендеше әкемнің басы, анау қысықтау келген өткір көз... осы көз баяғыда бір... тым 
ертеректе  менің  бала  кезімде  болар,  жұмыла  жаздап,мәңгіге  жарық  дүниемен  қоштаса 
жаздап,шиеттей  бала-шағасының  көз  жасы  сақтап  қалған  еді  ғой;  осы  көз  ол  шақта 
әлдеқайда  отты,  әлдеқайда  ойлы,  ұшқын  атқан  жастықтың,  өмірге  деген  іңкәрлікті 
жалынына толы болатын. 
Қысық  көзі  жылт-жылт  етіп,  қабағын  көтерген  сайын  ғаламат  жарқылды  от 
тұтанып қалғандай болады. 
Біз анамның әкеме деген ұлы сүйіспеншілігімен дүниеге келдік, әкеме арқаланып, мәре-
сәре  ғұмыр  кештік,  әлемдегі  ең  сұмдық  сөз  –  жетім-жесір  деп  ешкім  табаламады 
(«Қайдасың, қасқа құлыным», 75-б.). 

68 
 
Бұл  үзіндідегі  эпитеттер  –  авторлық  эпитеттер.    Жыртық-жыртық  деген  эпитетті 
қолдануда  оқырманның  көз  алдына  аспан  аясында  бұлттың  бір  жерде  шоғырланбай  түйір-
түйір болып әр келкі таралуы келеді, ал қорғасын   деген эпитет арқылы қалың, ауыр деген 
мағына  үстемеленіп  тұр.  Біздіңше,  кейіпкердің  ауыр  ойға  шомылып,  ол  ойлардың 
шашыраңқы  екендігін,  қыздың  әкесінің  бір  шешімге,  бір  тұжырымға  келе  алмай  қиналған 
сәтін суреттеу үшін қолданылған.     
Эпитеттің  бейнелілік,  суреттілік  қасиетін  ескерген  ғалым  Х.Кәрімовтің  айтуынша, 
эпитет  анықтауыштан  экспрессивтік-эмоционалдық  функциясы  және  бағалауыштық 
қызметімен ерекшеленеді [4, 15].  
Зәрлі  дауыс,  авторлық  эпитет  екі  дерексіз  ұғым  құбылыс  атауы  болып,  семантикалық 
жағынан  үйлеспейтін  тіркестер  мағыналық  үйлесімін  тауып  тұр.  Ащы  дауыс,  қатты  дауыс, 
қоңыр дауыс деген сөздер өзінің шаблонды стандартты тіркесімен қолданысқа түскен. Автор 
зәрлі  сөзін    дауысты  бейнелеп  сипаттау  үшін  жұмсаған.  Ал  қара  бет  эпитеті    ауыспалы 
мәнде қолданылған. Ауызекі сөйлеу стиліне жатады. Эпитетті қолдана отырып адам өмірінде 
қандай да бір теріс қылық жасап қойғанынан хабардар етіп отыр. Бұл диалогтің осы сөйлемін 
оқығаннан  кейінде  оқырманды  соңы  не  болар  екен,  немен  аяқталады  деген  сауалдар 
мазалайтыны айдан анық.  
Ауыспалы  мағынада  келіп,  ерекше  экспрессия,  бейнелілік  үстеп  эпитет  болып  тұр. 
Сұмдық  сөз  деген  эпитетте  терең  мағына  жатыр.  Сұмдық  дегенді  біз  арамдықпен,  жұртты 
елең  еткізетін  жамандықпен  пара-пар  дей  аламыз.  Сондықтан  сұмдық  сөз  деген  ұғымның 
болуы  да  жай  емес.  Сұмдық  сөз  сүйектен  өтіп,  жүрекке  тиетін  отты  да  қаһарлы  мағынада 
қолданылады.  «Сөз  тас  жарады,  тас  жармаса  бас  жарады»  деген  мақал  бұл  сөздің  түп 
мағынасын жұртшылыққа түсінікті етіп ашып береді. 
Кейіпкердің мінез ерекшелігін танытуда эпитеттердің қызметі айрықша. Кететін күні 
шешем  аңырап  көп  жылады,  әкем  міз  баққан  жоқ,  тас түйін  мінезбен  бар  байлығын  ала 
сиырға артты да, алға түсті. 
Иә,  ол  кезде  мен  әкемнің  көзінен  қазіргідей  әлдеқайда  мол  қуат  көргем;  бірақ  сол 
қуаттың өзі бүгінгідей асау мінездің саябыр тапқан, салқын тартқан шағында ұлы ақылға 
ұласқандай  емес,  әлдеқайда,  әлдеқайда  тәкаппар  да  тәртіпсіз  еді...  («Қайдасың,  қасқа 
құлыным»,  65-б.).  Тас,  асау  –  дәстүрлі  эпитеттің  еркін  пайдаланылған  түрі,  образдылық 
элемент  ретінде  жұмсалған.  Тас  түйін  мінез,  асау  мінез  адамның  жан  дүниесі,  көркін 
танытуға  қолданылған  сөз  емес,  адамның  бойынан  табылған  жағымсыз  қасиеті  үшін 
айтылған  сөз.  Өзінің  анадан  шыр  етіп  туып, азан  шақырып  қойған  аты  Тұңғыш  болса  да, 
былайғы  жұрт  оны  ауыз  ашпас  тұйық  мінезіне  қарап  Үндемес  атап  кенткен-ді 
(«Сүйекші»,  227-б.).  Жалпы,  мінез  әр  пендеге  тән,  лайық  психикалық  қасиеттердің 
жиынтығы.  Яғни,  тұйық  мінез  эпитеті  арқылы  автор  кейіпкерінің  өзіндік  ішкі  сезіммен 
бекінгендігін көрсетеді.  
А.Сейдімбеков,  Д.Исабеков,  О.Бөкей    повестерінде  ақ,  қара  түстерді  белсенді 
қолданғанын  байқадық.    «Ақ»  және    «қара»  атаулары  халықтың  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр, 
танымымен  тығыз  байланысты  екенін  білеміз.  Халық  санасында  қалыптасып  қалған  ақ  түс 
атауының символдық мәні мынадай:  ізгі тілек пен жақсылық, қасиетті,   әдемілік, махаббат, 
қайырымдылық. «Өмірдегі заттар мен  құбылыстардың сапасы мен қасиеті қандай болса  да, 
олардың  бірқатарын  ақ  деп  айқындау  ұлттың  мол  мейірім,  іңкәр  көңілінің,  үлкен  үміт, 
телегей  тілегінің,  шалқар  сезімінің,  асыл  арманның  куәсі  [5,  20].  Осы  идея    төңірегінде 
О.Бөкейдің  «Қар  қызы»,  «Қайдасың,  қасқа  құлыным»  повестері  желістерінің  арқауында 
кездестіреміз:  «Осы  тым-тым  ақ  пейілділігі  үшін  ұлы  –  Аманжан  талай  рет  ұрысты  да, 
өкпеледі де, бәрібір қол қусырып қарап отыру қайда («Қар қызы», 287-б.). Күлгенде шашау 
шықпай тізілген аппақ шағала тістері көрінеді де, екі бетінен лыпып қан жүгіріп, бармақ 
батырғандай  пайда  болған  шұңқырға  ұйи  іркіледі  («Қайдасың,  қасқа  құлыным»,  77-б.).  Ақ 
пейіл, аппақ шағала тістері деген эпитеттер арқылы кейіпкерлердің асыл қасиетін, келбетін 
айшықтай  түседі.  Көзге  қызығарлық,  әдемі  де  күтілген  тістер  жиі  кездеседі.  Сол  себепті 
осындай  сөздің  болуы  заңды  құбылыс  болып  табылады.  Сондай-ақ  А.Сейдімбековтің  «Қыз 

69 
 
ұзатқан» повесінде кейіпкердің бет-бейнесін көрсету мақсатында эпитеттік теңеу арқылы  ақ 
түстің  тағы  бір  ерекше  қасиеті,  яғни  ақ  жүзі  аршыған  жұмыртқадай  үлбіреуі    әсем  көрініс 
тапқан: «Ақ жүзі аршыған жұмыртқадай үлбіреп, мұң-сырға толы бота көзі қарақаттай 
мөлдіре, сыпайы-нәзк қимылмен бір көргенде-ақ ұнайтын» («Қыз ұзатқан», 53-б.).  
Қазақ  мәдениетінде  ақтың  антиподы  ретінде  қара  түс  қолданылып,  ақ-қара  бинарлық 
жүйесін  құрайды.  Сонымен  бірге  ақ  –  пәктік  пен  тазалық,  әсемдіктің,  адал  ниет  көңілдің 
белгісі болса, қара – адамның басына түскен ауыртпашылық, қиындық сәттерінің символдық 
белгісі. Мысалы: Басына қандай қара күн туса да ебіл-дебіл еңіреп жылаумен ғана тынған, 
қайғырғанмен қабырғасы қайысып, ой толғауға өресі жетпей өскен Тұңғыш дәл осы сәт өз 
өмірінің  қор  өмір  екенін,  тіпті,  ес  біліп,  етек  жапқалы  диуанашылықпен  ыстықаумет 
тауып келе жатқан мына диуана кемпірдің өзінен әлдеқайда бақытты екенін алғаш рет ой 
жіберіп, бордай үгітілді («Сүйекші, 260-б.).  
Оқырман сезімі ә дегеннен-ақ осындай эпиттеті тіркестер арқылы шығармадағы мұңды 
оқиға арқауына байлана түседі. 
Бірақ  ішкі  есебінен  жаңылатын  Боздақ  па,  сөйтіп  жүріп-ақ,  қара  бет  еткен  қызын 
тама құдасының баласынан тәуір деген жігітке  қосуды ойлайды екен ғой («Қыз ұзатқан», 
47-б.). Эпитет сөздер жеке тұрғанда толық мағыналы, тура мағыналы сөздер болып келеді де, 
олардың эпитеттік қасиеті байқалмауы мүмкін. Эпитеттің троптық қызметі басқа сөздермен  
тіркесіп келгенде анық ашылады; қара бет эпитеті дәстүрлі, әрі еркін пайдаланған түрі. Бұл 
эпитет  адамның  бет  пішінін,  көркін  танытуға  қолданылған  сөз  емес,  адамның  бойынан 
табылған жағымсыз қылығы үшін қолданылған. 
Жазушылар эпитет жасауда қоңыр сын есімін өнімді қолданған.  
Үйбей-ау,  неғып  аңырып  қалдың,  үйге  кір,  жарығым,  –  деген  қоңыр  үнмен  есімді 
жидым  («Қайдасың,  қасқа  құлыным»,  77-б.).  Балталыдан  келе  жатқан  мырзалар  едік, 
ашыңыз,  деді сырттағы адам жайдары, қоңыр дауыспен («Тіршілік», 375-б.). –Көр нұрлы 
болсын,  –  деген  қоңыр  дауыс  естілді  («Сүйекші»,  229-б.).  Тамағын  кенеп,  біздер  естісін 
дегендей  майда  қоңыр  дауысын  көтере  сөйлегенімен,  қапсағай  денесін  кең  оралыммен 
қозғап, бетін Нүркей ақсақалға бұрды («Қыз ұзатқан», 40-б.). 
Қоңыр  үнмен,  қоңыр  дауыспен,  майда  қоңыр  дауысын  деген  эпитет  күнделікті  өмірде 
жиі  кездеседі.  Адамның  дауысы  қарым-қатынас  негізі  үшін  өте  маңызды  рөл  атқарады. 
Үннің  естілуі  кейде  жылылықты  білдірсе,  кей  жағдайларда  кері  әсерін  көрсетеді.  Яғни,  ол 
ашуланған  адамның  дауысын  жеткізеді.  Ал  қоңыр  үнмен,  қоңыр  дауыспен,  майда  қоңыр 
дауыспен  сөйлеу  дегеніміз  байсалды  да  жағымды,  жұртшылыққа  салмақты  естілетін  үнмен 
сөйлеу  болып  табылады.  Қоңыр  үн,  қоңыр  дауыс  тек  қана  жалпы  тыныштықты  ғана  емес, 
рухани дүниедегі әсемдікті білдіреді 
Аталмыш  жазушылар  қолданысындағы  эпитеттер  экспрессивтік  сипатта  қолданған 
және  кейіпкердің  ішкі  жан  толғанысын,  мінезін,  сырт  тұлғасын  автор  эпитеттер  арқылы 
көрсетулері жазушылардың шеберлігін дәлелдей түседі.  
О. Бөкей, А. Сейдімбеков табиғат келбетін, әдемілігін  эпитеттер арқылы әсерлі күйде 
суреттейді.  Сонау  түтін  шыққан  тау  табанында  мың  бұралып,  бүктетіліп  ағар  асау  өзен 
арыны  біз  құлдаған  сайын  өктем  естілсе,  сол  тентек  өзеннің  өзі  телегейлі  Айна  көлге 
тоқырап жатыр («Қайдасың, қасқа  құлыным», 76-б.). Әлбетте, менің миымдағы бықыған 
жүздеген  фамилиялар  мен  шығармалар  тізімі,  сақалы  сала  данышпандар  бейнесі,  өзгенің 
қайғысы, өзгенің қайыршы халі, өзгенің байлығы мен әлемді әлдилеп тұрған даңқы - бәрі-бәрі 
де анау сұлап жатқан сұлу табиғат, дүрия жонды көргенде, үрке қашып, өз құрлығына бас 
сауғалаған секілді («Қайдасың қасқа құлыным», 81-б.).  
Асау  өзен,  тентек  өзен  деп  сылдырлап  аққан  өзеннің  жиілігін,  толқындарының 
қаттылығын,  тездігін  анықтап  отыр.  Сұлу  табиғат  эпитетінің  қолданылуы  түрлі 
жағдайларда  болады.  Сұлулық  сөзі  дүниенің  барлық  әсемдігін  білдіреді.  Ал  сұлу  табиғат 
дегеніміз көрсе көз қызығарлық, барлық адамдарды таңқалдыратын табиғаттың суреттемесі. 
Оның ауасы да, тау-тастары да, сылдырлап аққан өзен-көлдері де сұлулыққа тұнып тұр.  
«Жаз  ортасының  қоңырқай түні.  Жер-дүние шырт  тыныштыққа  бөгіп,  мүлгіп  тұр. 

70 
 
Айдың  қорғалап  туар  мезгілі  –  түн.  Аспан  ашық,  жұлдызды  болғанымен  түн    түнегінен 
жеңілген.  Әлсіз  сәуле  арқан  бойынан  арғыны  көрсетпейді.  Тек  төңіректегі  жал-жал 
төбелер,  өркеш-өркеш  биіктер  ғана  ирек  жасап  анабай  танытады.  Олар  да  түнек  пен 
тыныштыққа бойсұңғандай, құр  сүлдерімен меңірейе қарауытады» («Аққыз», 63-б.).  
Автор жаздың қоңырқай түнін – тыныштыққа, жанға жайлы, жағымды әсерді білдіретін 
эпитеттер  арқылы  шынайы  көрсетеді  және  қос  сөздер  арқылы  берілген  эпитеттерді  де 
ұтымды пайдалана білген.  
Міне,  осындай  терең  мағыналы  эпитеттер  шығарманың  мән-мағынасын  жан-жақты 
тануға, ой қорытуға жәрдемдеседі. 
Сонымен  эпитетсіз  айтар  ойды,  құбылысты  бейнелі  түрде  суреттеу  мүмкін  емес. 
Шығарманың  көркемдігін  арттыратын  сонылығымен,  ерекшелігімен  танылатын  тың 
қолданыстар болмақ.   
Сонда  суреткер  тілінде  жаңа  реңк  көрінетіні  айқын.    Қаламгерлердің  дәстүрлі  және 
авторлық  эпитеттері  туындыларға  айқын  мағына  берумен  қатар,  суретті  сөздермен  дәлдеп, 
айтар  ойдың  ықпалын  күшейткен.  Айшықты  да,  бейнелі  эпитеттер  арқылы  айтылар  ой 
оқырман қауымға шеберлікпен жеткізіледі.  
Авторлар  повестерінде  қазақ  тілінің  мол  байлығын  жете  меңгеріп,  оны  шығарманың 
көркемдік сапасын арттырудың мықты құралы еткен
.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Ахметов З., Шаңбаев Т.  Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы, 1998. – 376 б. 
2 Қабдолов З. Таңдамалы шығармалар. – Алматы, 2003. – 121 б. 
3 Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы, 2007. – 243 б. 
4  Кәрімов  Х.  Көркем  тексті  өнер  туындысы  ретінде  зерттеудің  өзекті  мәселелері. 
//Көркем шығармалар тексін талдаудың мәселелері. – Алматы, 1993. – 18 б. 
5  Канафина  С.  Қазақ  тіліндегі  мақал-мәтелдердің  танымдық  бейнелілігі:  филол.  ғыл. 
канд. ... автореф. – Алматы, 2006. – 26 б. 
 
Статья  посвящена  стилистическим  функциям  одного  из  тропов  –    эпитеты,  часто 
используемой  в  художественной  литературе,  в  том  числе  в  прозаических  произведениях. 
Авторы  подробно  характеризуют  способы  образования  эпитет  и  их  виды.    Приводят 
различные  определения  эпитеты  в  лингвистике  и  литературоведении.  В  статье 
систематизируются  и  анализируются  эпитетические  употребления,  собранные  из 
художественного  текста.  На  материале  художественных  произведений  авторы 
доказывают,  что  эпитеты  выполняют  важную  ситилистическую  функцию    в  языке 
художественного текста. 
 
Article is devoted to stylistic functions of one of ladders – the epithet  which is often used in 
fiction, including in prosaic works. Authors in detail characterize ways of formation of epithets and 
their types. Give various definitions of a epithet in linguistics and literary criticism. In article the 
epithetcal uses collected from the art text are systematized and analyzed. On a material of works of 
art authors prove that epithetrs
 
carry out important citylistichesky function in language of the art 
text. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет