ЦЕННОСТЬ ЭТНОКУЛЬТУРНОГО НАЦИОНАЛЬНОГО ИСКУССТВА КАК ДУХОВНО-
ЭСТЕТИЧЕСКОЕ ВОСПИТАНИЕ
В статье, на основе анализа исследований, научных трудов ученых педагогов, результатов
собственного
исследования,
автор,
раскрывают
сущность,
содержание
традиционного
художественно-ремесленного искусства, входящей в систему духовно-культурных ценностей
казахского народа и их роль в общественной жизни, в профессиональной подготовке студентов в
деле воспитания молодого поколения, а также значимости использование художественно-
эстетических наследий народа в гуманизации содержание художественного образования и
воспитания искусством..
Ключевые слово: традиционное искусство, духовно-культурная ценность, вуз, школа,
гуманизация художественное образования, духовно-культурное воспитание.
Summary
Bekbolatova K.M.-1 Doctoral specialty 6D010700-"fine arts and drawing" Chair "theory and methods of
fine and decorative arts" Kaznpu by a name of abaja.,
sunkarz@mail.ru
ETHNO-CULTURAL VALUE OF THE NATIONAL ART AS A SPIRITUAL AND AESTHETIC
EDUCATION
The author reveals the essence, content of the traditional art and handicraft in the article on the basis of
analysis of research, scientific works of scientist teachers, also onthe results of its own research, which is the
part of spiritual and cultural values system of Kazakh people and he emphasizes their role in public life, in
vocational training of students on issues of educating the young generation, as well as the importance of the
use of artistic and aesthetic heritage of people in humanization of the content of art education.
Keywords: traditional art, spiritual and cultural value, HEI, school, humanization of art education,
spiritual and cultural education.
ӘОЖ 37.013.43
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ «ШАЛМА ТАСТАУ» ДӘСТҮРІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТӘРБИЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ
Нұрбатыров Б.Б. – Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының
«Шығармашылық мамандықтар» кафедрасының доценті, ҚР СО мүшесі,
Бодан К.Б. - №108 жалпы білім беретін орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің
мұғалімі
Мақалада автор қазақ халқының байырғы ұлттық ойын түрі – Шалма тастау ойыны арқылы жас
өспірімдердің өз халқының ұлттық дәстүріне және рухани мәдениетіне деген оң көзқарастары мен игі
қатынастарын қалыптастыра отырып, тәрбиелік мүмкіндіктерін барынша сіңіру сияқты күрделі мәселелерді сөз
етеді. Сонымен қатар автор «шалма тастау» өнеріне жан-жақты анықтама бере отырып, талдап, оның басқа да
ұлттық ойындарынан өзіндік тарихи және табиғи ерекшеліктерін айқындаған.
Кілтті сөздер: дәстүр, шалма, ұлттық ойындар, этнография, ауызекі, энциклопедия, эстетика, мұра, ойын-
сауық, тәрбие, афоризмдер.
Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ
жұртқа ауыздан - ауызға таралып отырғандықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып
кеткен. Қазақ ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық
әлеуметтік тұрмысынан туған.
Ұлттық ойындар сонау ескі бағзы заманда , ата-бабаларымыз негізінен мал шаруашылығымен
айналысқандықтан жаз-жайлауда, қыс-қыстыққа көшіп отырған. Қытымыр қыстан малы да, өзі
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж.
129
де қиналып , арып- ашып шыққан ел, жаз жайлауға көшіп келіп, бастары қосылып, бойлары
босап той тойлаған. Сол тойда әр ру өздерінің ақындарын, батырларын, күштілерін, ептілерін
ертіп келіп, ортаға шығарып әр түрлі ойындар өткізіп, бір-бірімен сайысқа түсірген. Осы
арқылы малын бағып, елін жаудан қорғайтын епті де ерлігі мол, шапшаң да тапқыр, күш-
қуаты, ерең ұрпақ тәрбиеленген.
Қазақтың ұлттық ойындары негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің
ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып ,
балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын
арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф- ғалымдардың
пайымдауынша, ата- бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан
жерінде бұрынғы заманнан бері бірінші мың жылдықтан-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде:
шалма ойыны, тоғызқұмалақ, қуыршақ , асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен
алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады.
Қазақстан ұлттық энциклопедия топтамасында қазақтың ұлттық ойындарының мән - маңызы
туралы былай деп жазылған еді: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып,
балаларының нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала
тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, әрмен қарай дамытып отырған».
[1,14б]
Ерте заманнан - ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал
айнала дүниені танып-білудің, белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс–әрекет болып табылады.
Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте–бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде
даму ерекшелігінде ойын іс–әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған
ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп
ұғынады. Тез көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшуін
нақты қарым–қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге
ие болады. Баланың таным-түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу,
еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Ойын - бала үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы
дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп
қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Сонымен қатар ғасырлар бойы жылқы
жүріп өткен жолдарды зерттеу, жылқыға шалма салу, асауды ұстау, жылқыны күтіп баптау, Қамбар
ата ұрпағын ардақтау, әлпештеу қазақ халқының мәдени келбетін тұлғалауға, халқымыздың өзін-өзі
тануына көмектесер хақ. Ахмет Жүнісовтың «Фәниден бақиға дейін» деген кітабында былай
делінген еді: «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан балаға мұра
болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын - сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ ,
ол ойын - сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс тіршілігіне тығыз
байланысты туған екен, және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа,
ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға
бағытталған». [2,48б]
Қазіргі кезде, әсіресе, оқушылардың күнделікті өмірде дене қозғалысының азайуына
байланысты, ұлттық ойындармен айналысу өте пайдалы және болашақта кең қолданыс табады
деген үміттеміз.
Шалма - уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр. Шалма - ауыл шаруашылық
құралы. Қазақтар берік қайыс немесе арқанның бір ұшын тартқанда ол тарыла түсетіндей етіп байлап,
шалма жасайды. Көшпелі мал шаруашылығы мен айналысқан қазақтар. Шалманы асау малды ұстау
үшін пайдаланып келген. Малшылар жылқының мойнына Шалма салып, асау малды күшпен
тоқтатқан. Асау жылқыларды кейде бұғалық салу, құрық салу, арқан лақтыру арқылы да ұстауды
Шалмамен ұстау деп те айта береді.[3]
Шалма салу - деп арқанның бір басын күрмеп алып, сол күрмеуден арқанды өткізіп, бір-екі
құлаштай тұйық тұзақты жылқы басына лақтырып, жылқыны ұстау. Қазақтар шалма арқанды жылқы
жалы мен ешкі жүнін, түйе шудасын қосып, арнайы есіп жасайды. Шалма арқан жасайтын даңқы бар
шеберлер де болады. Теріні илеп, таспа тіліп есіп, содан шалма арқан жасайды.
Шалма тастау - қазақ
халқының ұлттық ойыны.
«Шалма» - ойынына екі адам катынасады да, қалғандары көріп, тыңдап отырады. Ойын үйде,
аулада өте береді. Ойыншылар біріне-бірі қарсы қарап отырады да, дайын болған шалманы бірінің
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г.
130
қолынан бірі алады. Алғашында екі ұшын біріктіріп түйеді де, екі қолға, яғни төрт саусаққа кигізеді,
ортаңғы саусақпен кезекпен іліп алады, сонда «ыңыршаң» шығады. Екінші жағдайда, келесі ойнаушы
басбармақ және сұқ қолымен ыңыршақтың екі жақ керегесінің үстінен астына қарай алып, «кереге»
шығарады. Үшінші жағдайда керегені үстінен астына қарай алып, «шаңырақ» шығарады. Төртінші
жағдайда шаңырақты екі шынашақпен айқастыра іліп алып, «астауша» шығарады. Бесіншіде
«кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» шығады. Енді әрі қарай жалғастырып ойнай берсе —
«астау», «кереге», «шынтақ», «астау», «кереге», «шынтақ» болып қайталана береді.
Ойлы ойыншылар бұл бейнелердің жаңа көріністерін өзінше өрнектеп кеңейте беруге тырысады.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде төрт түлік малдың ішінде ерекше қастерленетіні - жылқы.
«Арыстан - аң патшасы, жылқы - мал патшасы», «Ер қанаты - ат», «Жігіттің сорлысын, аттың
жолдысы теңестіреді» - дейді халық мақалы. «Дүние ойлап тұрсаң бір сергелдең, жалғыз атың жоқ
болса өлгенмен тең» - деп, айтылады халық өлеңінде. Жылқыны «есті жануар», «тілсіз адам», «адам
мінезді», жақсы көрген баласын «құлыным» деп, тіпті жылқының өзін де «қарағым», «шырағым» -
деп адам сияқты қастерлеу қалыптасқан. Жылқының бұлай дәріптелуі мал шаруашылығымен
айналысқан көшпенді халықтың өмірінде жылқының орасан зор маңызында болса керек.
Қазақта байлық жылқының санымен бағаланған, салтанат пен сұлулықтың өлшемі де жылқы
болған. Қалыңмалға, ат бәйгеге, адамның құнына, сондай-ақ айыпқа ат-шапанмен қоса жылқы
төлеген. Жылқыға байланысты халықтық білімдер: жылқы түстеу, жылқыға қатысты әдет-ғұрып,
салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, афоризмдер, т.б. қазақ халқының рухани мәдениетінің үлкен бір
саласы болып табылады. Кей жерлерде «Ұлың бар ма?» дегенді «Ат байларың бар ма еді?», «Құйрық-
жалың бар ма еді?» деп топшылап жатады. Баланың кіндігін кескенде ұл баланың кіндігін айғырдың
жалына түйіп байлап жібереді, онысы бала малсақ, мал тапқыш дегенді білдіреді. Бесікке саларда
жылқының құйрық-жалынан, кекілінен қыл алып, бесіктің арқалығына іліп қояды. Бесіктің екі
жағынан қамшы үйіріп, егер бесікке салатын ұл болса «Тақымыңнан тұлпар кетпесін, бәйге бермес
шабандоз бол» деген тілеумен ырымдап салады.«Құйрығыңды майырып, түнде жылқы қайырып,
жаудан жылқы айырып, жігіт болар ма екенсің» - деген тіркестер бесік жырында да кездеседі.
«Жылқы жүрген жерде жын-шайтан болмайды» - дейді қазақ мақалы. Жылқының құйрық-жалы жын-
шайтаннан, қауіп-қатерден сақтайды - деген сенім болған. Бесіктің арқалығына жылқының жал-
құйрығынан алып байлайды. Баланың мойнына аттың жалынан, кекілінен қыл жұлып алып,
шүберекке тігіп тұмар етіп тағып қояды. Кекіл қылын босанатын, толғағы ұстаған әйелдерге
иіскеткенде, жылқының өзі келіп, көмектеседі - деп жориды. Сонымен қатар жас өспірімдердің
тұрмыстағы үй жабдықтарын қалай пайдаланатындықтарын көз алдына елестетіп, соларды өзі
жасағандай әсерлендіре түседі. Жастардың қиялын қозғап, шығармашылық ізденіске, ой-жүйелерін
дамытуға ықпалын тигізері сөзсіз.[4]
Жалпы қазақ халқының ұлттық ойындар жинағы: «шалма» - ойынына екі адам катынасады да,
қалғандары көріп, тыңдап отырады. Ойын үйде, аулада өте береді. Ойыншылар біріне-бірі қарсы
қарап отырады да, дайын болған шалманы бірінің қолынан бірі алады. Алғашында екі ұшын
біріктіріп түйеді де, екі қолға, яғни төрт саусаққа кигізеді, ортаңғы саусақпен кезекпен іліп алады,
сонда «ыңыршаң» шығады. Екінші жағдайда, келесі ойнаушы басбармақ және сұқ қолымен
ыңыршақтың екі жақ керегесінің үстінен астына қарай алып, «кереге» шығарады. Үшінші жағдайда
керегені үстінен астына қарай алып, «шаңырақ» шығарады. Төртінші жағдайда шаңырақты екі
шынашақпен айқастыра іліп алып, «астауша» шығарады. Бесіншіде «кереге» қайталанады,
алтыншыда «шынтақ» шығады. Енді әрі қарай жалғастырып ойнай берсе - «астау», «кереге»,
«шынтақ», «астау», «кереге», «шынтақ» болып қайталана береді. Ойлы ойыншылар бұл бейнелердің
жаңа көріністерін өзінше өрнектеп кеңейте беруге тырысады. Бұл жас өспірімдердің тұрмыстағы үй
жабдықтарын қалай пайдаланатындықтарын көз алдына елестетіп, соларды өзі жасағандай
әсерлендіре түседі. Жастардың қиялын қозғап, шығармашылық ізденіске, ой-жүйелерін дамытуға
үлкен маңызы бар дүние деп білеміз.
Қызға күндіз жылқы бақтырып, сері үсірген, ұлға жылқы күзетікізіп ер өсірген халықымыз ер
азаматтарға жылқы ұстау, жылқы жуасту (жылқы үйрету) өнерін жастайынан үйретіп отырған, әуелі
бие бау жасап, құлын байлауда құлын құрықтаудың өзі бір өнер, ол ептлікті шапшаңдықты қажет
етеді. Қайырмақтап тұрған жылқы ішінен құлынға құрық салып оны бағындырып, құлақтап тұрып
ноқталап желіге байлау жылқы баласын ең алғашқы қолға үйрету болып табылады. Бұдан қалса
жылқыны жүйірік атпен қуалап, құйырықтап тоқтату, құлақтап ноқталау сияқты ат үсті өнерлері
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж.
131
болған. Ат пен жылқы құрықтау яғни, ұзын ағаш басына арқаннан шалма байлап алып, жылқыны
қуып жетіп, немесе қайырмақтап тұрып құрықтау бұл да бір ептілікті қажет ететін өнер. Жылқы
ұстау бұл өнер. Бұдан басқа да жылқыны ұстауда арқаннан жерге тұзақ құрып, жылқы тұзақты
басқанда атпен тақымдап тұрып, құлақтап тоқталып алатын тұзақ салу өнері де бар. Ең басты жылқы
ұстау өнері шалмашылық, шалма салу қазақ, қырғыз , манғол сияқты сахара халықтарының жылқыны
ұстау, жуасытуда, асауды үйретуде ең басты өнері болып саналады. Шалма арқан жылқы қылынан
есіліп немесе қайыстан өріліп, қайыстан шиыратылып, ұзын етіп жасалады да бір басы шалмаланып
ат үстінен жылқыны қуалап барып шалма салынып, қыл мойнынан қылқындыра тұрып, құлақтап
ноқталап алады. Шалма салу жігіттің қарулығын, ептілігін аттың шапшаңдығы мен жәйлылығын
сынайтын ат үсті өнері. Жылқыны жоғардағындай жолдар мен ұстағанмен оны ерттеу, жуасыту өз
алдына бір өнер - әлдімен шұралап дегендей ертеп, екі айылды мықтап тартып, жүгендеп,
өмілдіріктеп, құйысқандап алған - соң, «жығылсаң жер көтереді» - деп жыл жылбуын жігттерге
жуасытқызады. Жігіт атқа мықты жігерлі, епті болса мүңкіген жылқыдан жалына жабысып түспей
діңкесі құрығанда бас үйретіп барар бағытына жүргізетін болады. Халқымыздың ат жалындағы
жапалы да қатерлі өнері осы жылқы жуасту, сондықтан сахара халықтарында не бір құтылдырмай
құрықтайтын салған шалмасы қуған қашағанның қыл мойнына сап ете түсетін өнері десек те аз
етпейді. Үстем құрықшыларымен шалма салудың майталман жүйріктері болған. Әрі жылқы
жуасытудай спорт түрін де қалыптастырған.
Шалмасы мен құрығынан қашаған құтылмаған жігіттердің осы бір жылқы үстіндегі өнеріне неге
сүйсінбеске. Халқымызда жоғарыдағыдан басқада жылқы түлігіне қатысты ат омыраулату, ат
үстінде найзаласу, сойылдасу, үзеңгіні баумен қоса шығарып үзеңгімен ұру, ат қарғыту, кедергіден ат
секірту, атты тікесінен тік секіртіп белгілі уақытта артқы аяғымен тік тұрғызу, ат шөгеру, шауып бара
жатқан аттың бауырына түсу, бауырынан өту, мойнынан айналып кету, шауып бара жатқан аттың
үстіне тік тұру сияқты ат үсті ойындары болған, бұның кейбіреуі мемлекеттік дүние жүзілік ат ойын
түрлеріне енгізілді. Осы ат ойыны түрін және халқымыздың ат ойыны өнерінің атағын
аспандатуымыз керек.
1.
"Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Қазақ энциклопедиясының редакциясы, 1998. 10 том.
2.
А.Жүнісов. «Фәниден бақиға дейін» -Алматы «Қайнар» баспасы.1994.
3.
"Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Қазақ энциклопедиясының редакциясы, 1998 жыл, 9
том.18 бөлім.
4.
Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .-
176 б.
Резюме
Нурбатыров Б.Б. – Член СХРК, Доцент кафедры «Творческих специальностей» Института
искусств, культуры и спорта КазНПУ имени Абая.
Традиционные особенности и воспитательные возможности казахской народной
национальной игры «Шалма тастау»
В статье рассматривается исторические, природные особенности и воспитательные возможности,
роль, место и сущность казахской национальной игры – Шалма в национальной традиционной
культуре казахского народа. А также автор особенно выделяет и акцентирует внимание на влияние
традиционной казахской игры - шалма на всесторонне, гармоничное развитие и восприятие
будущего порастающего поколения.
Ключевые слова: традиция, шалма, национальные игры, этнография, эпика и фольклор,
энциклопедия, эстетика, наследие, игры, развлечение, воспитание, афоризмы.
Summary
Nurbatyrov B.В. SHRK Member, Associate Professor of "Creative professions" Institute of Arts, culture
and sports Kaznpu by a name of abaja.
Traditional features and educational opportunities of the Kazakh people's national Šalma» games»
Тhe article deals with the historical, natural features and educational opportunities, role, location, and the
essence of the Kazakh National Games-Šalma in the national traditional culture of Kazakh people. And
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г.
132
author especially highlights and focuses on the influence of traditional Kazakh game-šalma on the
comprehensive, harmonious development and the perception of the future porastaûŝego generation.
Keywords: tradition, šalma, traditional games, ethnography, EPICA, and folklore, encyclopedia,
aesthetics, heritage, games, entertainment, parenting, aphorisms.
ӘОЖ 373.1.02
ҰЛТТЫҚ КӨРКЕМДІК ӨНЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК
МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ
Бакаиев Р.С. – «Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бейнелеу
өнері және сәндік қолөнер әдістемесі мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы,
Дилмаханбетов Е.Қ. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.к., аға оқытушы
Бұл мақалада авторлар ұлттық өнердің оқу тәрбиелік мүмкіндіктерін терең ашып көрсетуге тырысқан.
Ұлттық көркемдік өнерінің өзіндік тарихи және даму жолы мен қалыптасуын, табиғи ерекшеліктерін, өзіндік
рухани-мәдени құндылықтарын, ұлттық тәрбиедегі орнын анықтап, тәрбиелік, тағылымдық терең мән-
маңызын, өзіндік болмысы мен мән-мағынасын жан-жақты қарастырған. Өнер атауы адамды әдеттегi
үйреншiктi сана-сезiм шеңберiнен алып шығып, өнер мен мәдениеттiң биiк әлемiне көтеру, көркемдік тұрғыда
көзқарасын жетілдіру мен жан жақты қалыптасуына зор мүмкіндік беретіні сөзсіз, әрине адамзат табыстарына
негiзделген қасиеттерді бойына сіңірген ғана ұрпақ өнегелі, өнерлі, тәрбиелі болып дамитыны баршамызға
айғақ. Сондықтан да бүгінде көркем бiлiм берудiң ең маңызды мақсаттарының бірі ол жастарды ұлттық өнерге
баули отырып, тәрбие беру болып табылады. Сондықтан да осы аталған тақырыптың өзектілігі бүгінде еш
күмән келтірмейтіні сөзсіз дегіміз келеді.
Кілт сөздер: ұлттық өнер, көркемдік өнер, тәрбие, халық, дәстүр, ұлт, мәдениет, эстетика, этнопедагогика,
рәміз, дүниетаным, бейнелеу өнері, қол өнері, философия.
Егемен еліміздің болашағы үшін жастарға өркениеттің даму деңгейіне лайықты білім және тәрбие
беруді қазақ этнопедагогикасы негізінде жүзеге асыру қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Қазақ
этнопедагогикасы республикамыздағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қайта құрудың шеңберінде
білім беру жүйесін ұлттық талап тұрғысынан өзгертуге негіз болуы керектігі қарастырылуда. Бүгінгі
жоғары мектеп түлектерін ұлттық сипатта тәрбиелеудегі құралдар жүйесі этнопедагогикалық
тұрғыдан сұрыпталып, педагогикалық тәжірибеге енгізілуі керектігі баса назарға алынуда. [5,6]
Тәрбиенің негізгі бағыттары (эстетика, еңбек, ақыл-ой, экологиялық т.б.) халқымыздың ғасырлар
бойына жинақтаған құнды қасиеттерін жастардың бойына өнер мен мәдениетті сіңіру, көркем
шығармашылық іс-әрекетіне баулуды жүзеге асырып келуде. Қазақстан Републикасы «Білім
туралы» заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі білім беруді
тұжырымдамасында «.... терең білім мен тәрбие, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге,
өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру»- деп көрсетілген.[1,2] Cебебі, білімді, ғылыми тұрғыда ізденімпаз,
эстетикалық тұрғыда жан-жақты дамыған болашақ маман ғана бәсекелестікке қабілетті бола алады,
қоғамның үнемі динамикалық алға жылжуын қамтамасыз етіп, өз ұлтының өсіп-өркендеуін негізгі
мұратына айналдыра алады. Бұл мәселе бойынша жастарымызды жоғары мектептің бейнелеу өнері
пәні бойынша кәсіби мамандыққа даярлау бағытында қазіргі таңда да жеткілікті шешімін таппай
жатуы, осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Қоғамның рухани-адамгершілік тұрғыдан жандануы, ұлтымыздың ішкі әлеуеттік мүмкіндігі
ұлттық мәдени дәстүрлерді, ұлттық өнерімізді зерделеп заман талабына қарай пайдалануға, болашақ
жас маманға әлемдік көркем өнер мен мәдениет тарапынан этнопедагогикалық білім беруді нәтижелі
ұштастыруды жүзеге асыруға байланысты, елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиясында:
“Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың
жалпы логикасын болжау мүмкін емес”, - деп тұжырым айтқан.[7] Осыған байланысты еліміздің
егемендігін өміршең етуде, өнерлі ұрпақ тәрбиесінде сабақтастықты сақтауда көптеген жұмыстар
атқарылуда.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж.
133
Халықтың өнерін, тәлім-тәрбиелік тәжірибелерін, өміршең идеяларын және өнегелі дәстүрлерін
жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану арқылы жастарымыздың бойында ұлттық
құндылықтарды қалыптастыруды жүзеге асыру бүгінгі күннің мақсаты. Халықтың рухани
мәдениетінің мөлдір бастау бұлағынан жас кезден нәр алып өсу сан ғасырлық қалыптасу, даму
тарихы бар қазақ этнопедагогикасы идеяларын ертерек бойға сіңіруге, ондағы жалпы адамдық
құндылықтар мен әдемілікке құштарлықтарын арттырып оны көре білуге үйретеді. Ұлттық тәрбие
тағылымдары материалдарын халық даналығының сарқылмас қайнары ретінде жеке адамды
қалыптастыру ісінде пайдаланудың қажеттілігін қазақ даласының ойшылдары (Қорқыт-ата, әл-
Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Ясауи, педагогтар мен ағартушылары
(Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев,
А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев,
М.Дулатов,
Ж.Аймауытов т.б.) өз еңбектерінде дәлелді сипаттама бергені мәлім.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабы екендігі және білім беруде
басшылыққа алатын нормативтік құжаттар арқылы қолдау табуы заңдылық. Қазақстан Республикасы
“Білім туралы” заңында: “... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және
отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының
тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру” – деп
көрсетілген.[1] Аталған міндет білім беру жүйесінде халық дәстүрлерін, халықтық өнерін, дәстүрлі
мәдениетін өнерлі жастарға зерделетуді және оларға баулуды меңзейді.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі ерекшеліктің негізін құрайтын белгі, ол, ұлттық өнерге көзқарас пен
ұлттық дәстүр. Қазақстан бейнелеу өнерінің рухани ерекшелігі мен кәсіби көркемдік өзгешеліктің
қалыптасуы халықтың санасы мен ішкі сырының әрдайым қатынаста болуына байланысты.
Осының нәтижесінде, шамамен жүз жыл ішінде өзінің ерекшелігі, өзіндік ұлттық өнері, тілі,
мәдениеті және идеясы бар ұлттық өнер мектептері құрылды. Ұлттық өнер – бұл мәдениет өзегі, бұл
арқылы дүниетанымның негізі ұрпақтан-ұрпаққа қалып, ғасырдан-ғасырға дамып отырды.
Ерте заманда тәңіршындық сияқты іліми – сенім болған, бұл дүние танымдық көзқараста көк
аспан, жер, су, тау, өзен, төбе, ағаш сияқты қасиетті де киелі заттарды құрметтеп, әспеттеген. Осы
киелі дүниелерді әспеттеп құрметтеу, біздің ұлттық болмысымыз бен дүниетанымымызға негіз болу
философиясын қалыптастырған.[6]
Өткенге көз салсақ, қай ғасырда да философтар, ойшылдар, педагогтар мен социологтар ұлттық
өнердің пайда болу табиғатын ашуға аз көңіл бөлмеген. Атап айтқанда, олар жеке адамның өнерге,
қоғамға, табиғатқа деген қатынасын қарастырды. Ал, бейнелеу өнері қоғамның, мәдениеттің, жалпы
өнердің дамуына әсер ететін жандандырушы фактор, әрі өте қажетті көз болып табылады. Әр кездері
қоғамда ұлттық өнер мен мәдениеттің дамуына байланысты адамдардың бейнелеу өнеріне деген оң
көзқарасы артып отырды.
Өнертану ғылымы саласында “ұлттық өнер” бағытының тарихи ерекшеліктерінің қалыптасуының
мәні зор. Мысалы, айналадағы ортаны танып-білудегі әсерін орта ғасырдағы Шығыс ойшылдары да
зерттеп, дамыта отырып қалыптастырудың мәніне назар аударған. Олар: Әбунасыр Ибн Мухаммед
Әл-Фараби (870-950 ж.), Әбуғали Ибн-Сина (980-1037 ж.) т.б. жастарды ұжымда тәрбиелеп, олардың
білімге, өнерге қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын қарастырды. Орта ғасырдың ойшылы
Әл-Фараби – дидактика, оқыту теориясы мен білім берудің психологиялық негізін қамтитын
мәселелерге көңіл бөлді. Көрнекті философ Әбуғали Ибн-Сина жастарды тәрбиелеуде ақыл-ой,
эстетикалық, адамгершілік тәрбиені тұтас пайдаланудың, оларды ұлттық өнер кәсібіне үйретудің
маңыздылығын баса айтқан. Оның дидактикалық принциптері былайша құрылды: жастардың қабілеті
мен бейімділігін ескере отырып оқытса, «... егер баланы ұжымда оқытса, ол онда зерікпей, қайта
оқытып жатқан пәнге қызығушылығы пайда болып, басқалардан қалып кетпеуге тырысып, жарысқа
түседі» - деген болатын.
Қазақ халқының материалдық мәдениетіне, кәсібіне, ұлттық өнеріне қатысты деректерді ХІХ
ғасырда жазылған Ш.Уәлихановтың, А.И.Левшиннің, Ә.Диваевтың, Х.Қостанаевтың т.б.
еңбектерінен кездестіреміз. Ш.Уәлихановтың эстетикалық көзқарасы қоғамдық-саяси және
философиялық көзқарастармен тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ
халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне
баса көңіл бөледі. Сөйтіп, өз халқының ауызекі әдебиеті, әсемдік танымы, көзқарасы арқылы
эстетикалық талғамын ашуға ұмтылады.
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г.
134
Сол секілді, қазақтың біртуар ағартушысы Ы.Алтынсарин халықтың көркем шығарма
туындыларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық әдемі нәрселердің құндылығын
түсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептеген. Ы.Алтынсарин өзінің
педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке ғана емес, мектеп мәдениетілікке де үндейді. Қазақ
қыздарына арналған тұңғыш әйелдер сәнді қол өнері мектебінің ұйымдастыруы да Ы.Алтынсариннің
қажырлы еңбегі болып табылады. Оның педагогикалық еңбектері эстетикалық көзқараспен тығыз
байланысты. Ол: «Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мектеп мәдениеттінде өмір сүрудің –
жаңа әдет-ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің үлгісі болуы қажет,» - деп атап көрсетті. Абай
Құнанбаевтың эстетикалық көзқарастарын көптеген қазақ ақын-жазушылары мен өнер зерттеушілері
(М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Сильченко, А.Жұбанов, М.Қаратаев, З.Ахметов, Б.Ерзакович және т.б.)
өздерінің еңбектерінде жан-жақты қарастырған. Абай өзінің педагогикалық идеялары мен
эстетикалық, көркемдік тұрғысында тәрбиелеу ой-тұжырымдарын ербіте келіп, 27-ші қара сөзіне
былай деп атап айтады: «Сократ пен Аристотельдің пікірлері: «Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер
көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтып ләззат алар едік... Құлақ болмаса
қаңғыр, не дүңгір дауыс, жақсы үн, күй, ән – ешбірінен ләззат алмас едік». Осы ойды Абай қырық
үшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады. «Ол хабарлардың ұнамдысы – ұнамды қалыппен,
ұнамсызы – ұнамсыз қалыппен, әрнешік өз суретімен көңілге түседі... Жан қуатыменен адам хасия
қылған өнерлері де күнде тексерсең күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауып алған өнердің
жоғалғандығын және өзіңнің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігін білмей қаласың».– деп
Абай мұнда адамның көркемдік шығармашылығының негізінде эстетикалық сезімді жатқызады.
Абай өзінің шығармаларында эстетикалық түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам және т.б.
эстетикалық категорияларға арнайы талдау жасамағанымен оның өлеңдерінде осы түсініктерді
қамтитын мазмұнды шумақтар аз емес.
ХХ ғасырдың басындағы төңкерістен кейінгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықта
қазақ зерттеушілері тарапынан ұлттық өнерге байланысты тарихи-этнографиялық, өнертану,
мәдениеттану тұрғысынан жазылған еңбектер де аз емес. Атап айтқанда, ғалымдар: Ә.Х.Марғұлан,
Э.А.Масанов, И.В.Захарова, Р.Д.Ходжаева, Т.Бәсенов, С.Мұқанов, М.С.Мұқанов, С.Қасиманов,
Х.Арғынбаев,
Ө.Жәнібеков,
Ә.Тәжімұратов,
Н.А.Оразбаева,
Б.Сарыбаев,
Д.Шоқпарұлы,
Ж.Бабалықов,
А.Сейдімбеков,
О.Бейсенбекұлы,
М.Нығмет,
Б.Кәмалашұлы,
А.Нәлібаев,
Қ.Ахметжановтың т.б. еңбектерінен этностың рухани – материалдық мәдениетіне қатысты құнды
деректерді кездестіруге болады. Дегенмен, солардың ішіндегі елеулісі Ә.Х.Марғұлан, М.С.Мұқанов,
Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, Ә.Тәжімұратов, Ө.Жәнібеков, Қ.С.Ахметжановтың еңбектері болып
табылады.
Қазақ халқының материалдық мәдениеті, өнері жөнінде жазылған жоғарыдағы зерттеушілердің
еңбектерінде айтылған ой-пікірлер, деректер, қарастырылған мәселелер осы күнге дейін өзінің
құндылығын жоғалтқан жоқ.
Сондайақ халықтық тәрбиелік мәндегі өнерге, білімге, иманжүзділікке баулитын мақал-
мәтелдерін, қанатты сөздерін, аңыз-әңгімелерін, көркем сурет факультетінің студенттеріне әр сабақ
жүргізу процесінде жеткізіп отыру – берілетін көркем пәндерден білімді жандандыра түседі.
Олай болса, студенттердің санасына ұлттық адамгершілік-имандылық қасиеттерді сіңіріп, ұлттық
салт-дәстүрлерді, ұлттық өнерді сақтауға, әдет-ғұрыптарды күнделікті өмірде қолдануға баулып,
үйрету үшін ЖОО-да жүргізетін әр пәндерде тиісті әдіс-тәсілдер пайдаланып, студенттердің ұлттық
сезімдерін оятатын, көркемдік, ұлттық тәрбиесін жетілдіретін іс-шаралар әр кездері жандандырып,
жүргізіліп отыруы қажет. Ол үшін ұл балаларды сәнді- қолданбалы өнері пәнінде жүргізілетін:
металл, тері, ағаш өңдеу, тері илеу, өрім өру өнерлеріне баулу, ал қыздарды ұлттық киім тігу, сырмақ
сыру, ою өрнек ою, киіз басу, текемет тігу, кесте тігу өнерлеріне үйретіп, ісмерлікке баулуымыз
қажет.
Әрине, бұл жұмысты жүзеге асыру үшін жаңашыл әдіс-тәсілдерді сабақ процесінде қолдануымыз
қажет. Жаңашыл әдістер оқытушы мен студент арасындағы түсіністікті және араласа, бірегей
белсенді жұмыс жасауды қажет етеді. Студенттер сабақ барысында тыңдаушы ғана емес, сабақ
барысына белсене араласушыда болуы шарт.
Қазіргі көркем білім беру жүйесінде белсенді оқыту әдісі кеңінен пайдаланылады. Ол студенттің,
бір жағынан, білімінің жоғары болуын, өз ойын еркін жеткізе білуін қажет етсе, екінші жағынан,
ойлау қабілетінің ұшқырлығын, көркем шығармашылық мүмкіндігінің жоғарлылығын, шешім
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж.
135
қабылдау барысында өз ойын үлгілей білуін қажет қылады. Міне, бұл жағдайлар студенттің өз
білімін әруақыт көтеріп, жетілдіріп отыруына және өзінің кәсіптік деңгейінің жоғары болуын
қадағалауға итермелейді деп ойлаймыз.
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы: (2007 ж., шілде). Егемен
Қазақстан газеті.
2.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы. Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 1 наурыз 2006 ж. Егемен Қазақстан.
3.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының
жобасы. - Астана, 2003 ж.
4.
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлiм-тәрбиесi, Алматы, 1995, 352 б;
5.
Байжiгiтов Б.К. Бейнелеу өнерiнiң философиялық мәселелерi: Кеңiстiк пен уақыт
ырғағындағы тұрақты сурет үлгiлерi, Алматы, 1998, 192 бет.;
6.
Егемен Қазақстан газеті. “Қазақстан-2030”Стратегиясы: өркендеудің өрелі өрісі. 29
Қаңтар 2010 // Пікір жазу.
Резюме
Бакаиев Ренат Советханович. – старший преподаватель кафедры методики и теории
изобразительного и декоративно-прикладного искусства, института искусства, культуры и спорта
КазНПУ имени Абая, г. Алматы
Дилмаханбетов Ермек Қыргизбаевич – старший преподаватель, к.э.н., зав.кафедрой
«Физической культуры и спорта» КазГУ им. Аль-Фараби, г. Алматы
Достарыңызбен бөлісу: |