№4 (212) 03 наурыз 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.03.2017
өлшемі1,96 Mb.
#6738
1   2   3   4   5

Шынар ҒҰБАШЕВА

Бітік ОЖББМБ-нің оқушысы

«Бабалар мұрасы-халық қазынасы»атты 

мұражай үйірмесінің мүшесі 

Қабыршақты ауылы,Ақжайық ауданы

Ұлтжандылыққа тәрбиелеген ұландарын

Шалғайдағы ауыл болса да, Бауыржан Есенжолұлы басқарып отырған жарқыраған «Жұбан мектебінде» болып жатқан игі істер  көпке 

үлгі боларлықтай. Өзі де спортқа жақын басшы, спорттық жарыстың қай түрі болмасын балалардың қатысуына әрдайым көңіл болып 

отырады. Оқушыларды спортқа деген қызығушылығын оятуға сеп болып жүрген әріптестерім Аманғали Көзейұлы  пен Еркін Мұратұлының 

ер балалар тәрбиесіне қосар үлесі мол. 

 Сондай қалыптасқан жақсы дәстүрлердің бірі мектебіміздегі күрес  үйірмесінің жұмысы. Бұл үйірменің  мақсаты -оқушылардың  бос 

уақытын тиімді пайдаланып, жас ұрпақтың жаны мен тәнін жегідей жеп жатқан қоғамдағы жат әрекеттерден алдын-алу, дені сау ұрпақ 

тәрбиелеу. Ашылғанына екі жыл толмаған мектеп спорт залы бүгінгі күн заман талабына сай жабдықталған. Қазақша күреске баулып 

жүрген Аманғали Көзейұлының үйірмесіне балалар үлкен ынтамен қатысуда. Аманғали Көзейұлы есімі облысқа белгілі палуан. Облыстық  

самбо күресінен жеңімпаз атанып, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Б.Өмірбек, Ж.Марат, Д.Уахит, Е.Марат, М.Айтқабыл, 

Ө.Тасболат, Ж.Қисап сынды шәкірттері аудандық, ауданаралық түрлі жарыстарға қатысып, мектеп намысын қорғап жүр. Еркін Мұратұлы 

бүгінде ер балаларға қазақтың ұлттық ойыны асықтың қыр-сырын үйретуде. Асық ойнағанның ойы ұшқыр болады демекші, оқушылардың жан-жақты дамуына үлес қосып жүрген 

азаматтарға қарап шын риза боласың.

Бір құптарлығы  Аманғалидың  да Еркіннің де ер балалармен тіл табысып, оқушыларының бойына жауапкершілік сезімін ұялатып, өздеріне сенімділігін арттыра білуі.  Ата-ана 

ретінде, әріптес ретінде қиын да қызықты педагогтық қызметте шығармашылық табыс, отбасы амандығын тілеймін.

А.ЖАНЕДІЛҚЫЗЫ

Ж. Молдағалиев атындағы ЖОББМ-нің педагог-психологі

Сайқұдық ауылы,Ақжайық ауданы

                                   

  Атамның айтқандары...

   Менің атам соғыс ардагері. Тіпті немістермен де бетпе-бет келіп кездесіпті. Ол туралы маған айтып 

берген.  Атам маған: «Бірде жауынгерлік тапсырмамен бір ауылға келдік. Таныс атайдың үйіне келіп есікті 

қақтық. Ол шығып, ауылда немістер бар екенін айтты. Біздер сақтанып отырдық. Бір мезгілде атай: бізге 

қарай екі немістің келе жатқанын айтты. Біз тығылу үшін пештің үстіне шықтық. Олар немісше сөйлеп, 

үйді  тінти  бастады.  Ештеңе  таба  алмаған  соң  үйден  сыртқа  шығып  бара  жатқанда,  біздер  немістерге 

оқжаудырып, оларды ұстап алдық. Екі немісті ұстап-бөлімшеге алып келдік»- деп атам әңгімесін аяқтады.

Мен атамның ерлігіне таң қалдым. Осы әңгімені достарыма айтып, атамның ерлігі үшін мақтанамын. 

 Зарина СӘРСЕНБАЕВА

№ 19 ОЖББМ-нің 3 «б» сынып оқушысы

 Жаны жомарт жайсаң нағашым

«Жақсының  жақсылығын  айт,  нұры  тассын»  демей  ме  халқымыз.  Мен  көптен  көкейде  жүрген 

алғыс сезімімді білдіргім кеп ұзақ ойландым. Осы кісіні ойласам болды, жүрегім тулап, кеудемді бір қуаныш 

бейлейді. Оқу бітіріп арман қуып қалаға келіп,Орал  гуманитарлық колледжіне оқуға түстім. Ағайынның 

қадірі осындайда ғой. Мені нағашым үш жыл бойы үйіне жатқызып оқытты. Барын алдыма тосып, жол 

ақыма,  басқа  да  керек-жарақтарыма  теңгесін  беріп,  өз  қызындай  мәпелеп  үлкен  өмірге  дайындады.   

Бүгінде мен ауылымда ұстаздық қызметтемін. «Жиеннің адам болуы нағашыдан»-деп жатады ғой, мен 

нағашымның  әкемдей  қамқорлық  танытып,  қабақ  шытпай  аялап  сыйлағанына  өзіне,  отбасына  шексіз 

алғысымды білдіремін. 

Нағашы!,  қайда  жүрсеңізде  Алланыің  нұры  жауып,  азаматтығыңыз  биік  болсын.  Мен,  Сізді  

«өмірдегі кең пейілді жаны жомарт, жүрегі мейірімге толы жайсаң жан»- деп мақтан етемін.

Лаура РАМАЗАНОВА

Жалпы білім беретін Көздіғара негізгімектебінің

Сырым ауданы

«ТуғаН ТопырақТың Тума ТалаНТы»


№4 (212)    03.03.2015 ж.

6

Талантты биші-ұстаз

Ұстазыма

Менің  ойымша,  кез-келген  адам  ұстаз  бола  алмайды. 

Себебі  ұстаздық-өнер,  тағылымы  терең  өнер.  Ал  өнерлі 

болу  кез-келген  адамға  қона  бермейді.  Ұстаздарымызды 

жәй адам ретінде қарауымыз жөн емес шығар. Сондықтан 

ұстазым Ақмаржан Сағынқызын қадір тұтамын. Ұстазымның 

білімділігі  мен  тәрбиелігін,  білім  жолындағы  ізденісін 

бағалаймын.

Жанам деген жүрекке от беретін,

Қиындықты әркезде өткеретін.

Шәкірттерді біліммен тәрбиелеп,

Білімнің биігіне жеткізетін, ұстазым!.



Ақбота ИБРАЙМОВА 

Х.Нұрымғалиев атындағы негізгі 

орта білім беретін мектебінің 4- сынып оқушысы

Жаңақала ауданы,

Балабақша ән-күй залының есігін аша 

қалсаңыз, жүзінен мейірім төгілген бар жан-

тәнімен балғын балаусалықтарға би өнерін 

үйретіп жүрген сұңғақ бойлы,  талдырмаш 

аруды  көзіңіз  шалады.  Ол  -  1  санатты 

педагог-хореограф,  «Жұлдыз-ай»  үлгілі 

би ансамблінің балетмейстері -  Сапарова 

Жұлдыз Тілеужанқызы.

 Жұлдыз Тілеужанқызы 

– 

қасиетті 



Қаратөбе 

топырағының 

тумасы. 

Балалық 


шақтың 

бал 


дәмін Қалдығайты өзенінің 

бойында  татып,  табиғат 

тамашасын 

иірімдері 

мол  би  қимылдарымен 

өрнектеуді  арман  еткен 

ол  кейін,  мектеп  бітірген 

соң,  айы  оңынан  туып,  

Өнер  институтының  би 

факультетіне  келіп  түседі. 

Университет қабырғасында 

оқып 


жүріп-ақ, 

талай 


бәйгелерде  бақ  сынаған  биші  қыз  білікті 

биші  ұстаз  атанып,  туған  елге  аттанады. 

Алғаш  еңбек  өтілін  бастағаннан-ақ,  өз 

кәсібіне оқушыларды баули жүріп, Қаратөбе 

аудандық  мәдени-демалыс  орталығына 

қарасты 


Егіндікөл 

селолық 


округі 

мәдениет  үйінің  меңгерушілігі  қызметін 

қатар алып жүріп, жас болса да бас болып, 

басшылық  істердің  басы-қасында  жүреді. 

Өз мамандығын жаны сүйетін Жұлдыздың 

бүгнге  дейін  жеткен  жетістіктері  де  аз 

емес.  Аудандық,  облыстық  байқаулардан 

алған марапты бір төбе болса,  2009жылы 

өзі жетекшілік еткен «Жұлдыз-ай» үлгілі би 

ансамбліне  Қазақстан  Республикасының 

мәдениет министірлігінің жоғары орындау 

шеберлігі  және  көркем  өнерпаздар 

шығармашылығының  дамуына  қосқан 

үлесі  үшін  «ҮЛГІЛІ»өнерпаздар  ұжымы 

атағын беру туралы куәлігі ерекше қуаныш 

болды.  


Өнердің  биік  шыңына  ұмтылған 

Жұлдыздың шәкірттері талай  додалардан 

оза  шапты.  2010жылы  шәкірті  Мөлдір 

Өтебашева  Облыстық    “Жас  дарын  ” 

Фестивалі  “Керім-ау,  айдай”  биі,  ІІІ  орын; 

Облыстық  Мүгедектері  ерікті  қоғамының  

«Мейірбандық 

күндеріне» 

арналған 

шығармашылық фестиваль III орын Орыс 

биі;  2011жылы  Облыстық  «Егемен  елдің 

ертеңіміз»  атты  «Балдәурен»  балалар 

шығармашылық  фестивалі.  «Аңшылар» 

биі,  «Достық»  биі.  І  –орын;    2011жылы 

облыстық 

«Балдәурен» 

балалар 

шығармашылы фестивалінің 1-орын иегері 

атанды. 

 

Жұлдыз 



белсенділігімен, 

тың 


идеяларымен ертеңгіліктерді өткізе жүріп, 

бала бойындағы талант ұшқынын ескеріп, 

дами түсуіне ат салысып жүр. Өн бойына 

сұлулық  пен  жылулықты  қатар  жиған 

әріптесім  педагог-хореограф  Жұлдыз 

Тілеужанқызына  әлі  де  алар  асуларың 

алда  болып,    би  әлемінде  биікке  самғай 

бер, қанатың еш талмасын, демекпіз.



Жұлдыз ЕСЕНАМАНОВА

«Самал» газетінің штаттан тыс тілшісі

Орал қаласы

Талапты жас

              Осы шәкіртімнің кішкентай болса да, зеректігін  

мен  алғаш  “Өзін-өзі  тану”  сабағынан  байқадым. 

Санжар Өзін- өзі тану сабағында тек сурет салғанды 

ұнатады.  Сүйікті  пәні  математика  пәні  математика 

да ауызша есептеуді,өз ойынан есептер құрастырып 

шығарғанды ұнатады. Ал, танымдық пәнге келгенде 

бала қиялы ерекше бір тебіреніске түседі. Ол салған 

әр  суреттің  астарында  боямасыз  бала  қиялынан  туған  ой  жатыр.  Өзгертуге 

болмайтын өңдеуді керек етпейтін бала болмысының шығармашылығын қарай 

отырып, мен шәкіртімнің танымдық көкжиегінің кеңдігіне кейде қайран қалам. 

Хамза  Есенжанов  атындағы  жалпы  орта  білім  беретін  мектептің  2-сынып 

оқушысы  -  Санжар Қадырғалиев менің ғана емес, мектебіміздің мақтанышы. 

Шәкірт жеңісі – ұстаз еңбегінің жемісі екені рас. Мен өнерді өзінше бағалап, ой-

өрісін  дамытуға  бейім  жас  буынымның  жігері  мұқалмай  қанаты  қатая  беруіне 

тілектеспін.  

Айсұлу НИҒМЕТОВА

Х.Есенжанов атындағы  ЖОББМ-нің

 «Өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі,  Теректі ауданы

Ұстазым – 

мақтанышым

Мен өз ұстазымды жақсы көремін.  

Менің екі апайым бар. Алғаш мектепке 

келгенде  қарсы  алған  ұстазым  -  

Салтанат  Ғаділбекқызы  мен  үшін 

ерекше жан. Екінші ұстазым - Ұлпан 

Алдоңғарқызы  мені  бүгінде  білімнің 

биігіне жетелеп келеді. Білгеніміз аз, 

бірақта, ұстазымыздан біз көп нәрсе 

үйреніп  келеміз.  Апайымыз  бізді 

әркез жақсылыққа жетелеп келеді. 

Мен 


қстаздарымды 

аналар 


мерекесімен 

құттықтап, 

бар 

жақсылықты тілеймін.



Аруна САФАРГАЛИЕВА

№44 ЖОББМ-нің 

3 «б» сынып оқушысы

Менің сүйікті ұстазым

Мен №19 орта мектепте оқимын. Үш қабатты мектебімде бізге 

бар жағдай жасалған. Менің сүйікті ұстазым - Нұрсұлу Зарипқызы.  

Ұстазым өте ақ көңіл, білімді, әдемі ұстаз. Мен оны құрметттеймін, 

сыйлаймын, ұнатамын. Мен  ұстазымды анамдай жақсы көремін. 

Апайымыз  оқушыларға  аналық  махаббатпен  қарайды.  Сыныпта 

түрлі  тақырыптарда  тәрбие  сағаттары  өтеді.  Біздер  оған  ата-

аналарымызбен қатысамыз. 

Мен сыныптастарымның атынан ұстазымды Халықарааралық 

аналар  мерекесімен  шын  жүректен  құттықтаймын.  Еңбегіңіз 

әрдайым жемісті болсын.



Алтынбек ЕРМЕК

 №19 ОЖББМ-нің 4 «е» сынып оқушысы

Мен үлгі 

тұтатын жан

Мен үлгі тұтатын жан-ол 

менің анам.Мен анамды өте 

жақсы  көремін.Менің  анам 

ақылды,шебер.Ол кішкентай  

балаларды 

ұнатады.


Әртүрлі  мерекелерді  анам 

ауыл  балалар  анама  келіп 

мерекелік  киімдер  тіктіреді.

Анам  өте  мейірімді.Ме.н 

анамнан  түрлі  салаттар 

жасауды  үйренемін.Менің  анам  аналардың 

ішіндегі  ең  ақылдысы,әдемісі.Сондықтан  анама 

ұқсағым келеді.



А.ТІЛЕКҚАБЫЛОВА

Сатыбалды ОЖББМ-нің 5-сынып оқушысы

Казталов ауданы

Менің сыныбым

Мен    Хамза 

Е с е н ж а н о в  

атындағы  жалпы 

орта  білім  беретін 

мектепте          

1 - с ы н ы п т а 

оқимын. 

Біздің 


сыныпта  17  оқушы 

бар. 


Біз 

бір-


бірімізбен  доспыз. 

Біздің 


сынып 

жетекшіміз - Кабира Уапқызы. Апайымыз әдемі,  бізге қамқор, 

мейірімді. Бізге көп ақыл айтады. Мен өскенде Кабира апайым 

сияқты мейірімді ұстаз болғым келеді. Біздің сыныпта барлығы 

сабағын жақсы оқиды. Осының барлығы апайымыздың еңбегі. 

Мен апайымды, сыныбымды өте қатты жақсы көремін.



Наргиза РЫСҚАЛИ

Хамза Есенжанов  атындағы ЖОББМ-нің

1 «а» сынып оқушысы

Мен сенің 

қызғалдағыңмын

Менің  анам  өте  мейірімді  жаны  нәзік  жан.  Жан-жағына 

шапағатын  шашып  жүретін  анамды  ағайын-тума  ғана 

емес,  бөтен  адамдарда  сыйлайды.  Үйде  күлімдеп  жүретін 

анамның  мен  ешқашан  жанарына 

жас тұрмасын деп тілеймін. 

Анашым! 8-наурыз мерекеңізбен! 

Біздің  бақытымыз  Сізсіз.  Әркез  де 

аман жүріңіз қасымда.

Сегізінші 

наурызыңызбен, 

анашым


Мен үшін сен данасың.

Бақытымда бағым да 

Өзің ғана дара шың.

Гүлхан ТӨЛЕГЕНОВА

А.Байтұрсынов атындағы №10 

ЖОББМ-нің 

2 «а» сынып оқушысы



 Хабидашева Айгерім

 3 «в» сынып оқушысы

№44 ОЖББМ

Гумар Мансур

2 «а» сынып оқушысыб №10 ЖОББМ



№4 (212)    03.03.2015 ж.

7

 Қан майданның жүректе жарасы бар,

Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.

Арамызда жүретін алшаң басып,

Ардагерлер азайып барасыңдар.

Адамзат 


тарихындағы 

ең 


сұмдық 

соғыстың 

болып 

өткеніне 



70  жыл  толды.    Бірақ  Ұлы  Жеңістің 

ұмытылмайтыны  сияқты,  соғыс  та 

ұмытылмастай ізін қалдырды.  Жеңіс күні–

бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. 

Жеңіс күні–абыройымыз бен даңқымыздың 

мерекесі.

Осы  мерекеге  орай,  Бөрлі  негізгі 

орта  қазақ  мектебінің  тәлімгері  Динара  

Канагатованың 

ұйымдастыруымен    

«Желбіре  Жеңіс  жалауы!»  атты  1-9 

сыныптар  аралығында      мерекелік  іс 

шара  оздырылды.  Алғашқы  сөз  мектеп 

директоры  И.Сатимов  сөз  алып                9 

мамыр-бұл  мереке  ғана  емес,  бұл  ауыр 

еңбек, бұл халықтың батырлығы.Расымен 

де ақкөңілді, абзал жанды қарияларымыз 

ертеңгі  ұрпақтарымен  болашақтарын 

ойлап  ұшы-қиыры  жоқ  шексіз,  байтақ 

даламызды  жаудан  қорғап  қалып,елімізге 

жеңіс  сыйлағанын,  соғыс  ардагерлеріне 

әр уақытта сый –құрмет көрсетуіміз керек 

екендігін айтты.

Шара  барысында  И.Г.  Рублевский, 

А.И.Ланцев,    П.С.Белый,М.И.  Шепель 

сынды  Бөрлі  ауылының    ардагерлері 

қатысып,  өскелең  ұрпаққа  өз  ерліктерін 

баяндап берді. 

Мектеп 

оқушылары 



ардагерлерге 

құрмет  көрсетіп    7-сынып  оқушылары 

«Катюша» әнін айтса, 5-сынып оқушылары  

әдеби  монтаж  ұйымдастырды.  9-сынып  

оқушылары  «Ешкім  де,  ешнәрсе  де 

ұмытылмайды»    тақырыбында  көрініс 

қойып,  А.Хайранбаева,  А.Нуфтығалиева, 

А.Салахов    сынды  оқушылар  өз 

өнерлерімен  көрерменді  тәнті  етті.  Кеш 

соңын  оқушылар  «День  победы»  әнімен 

қорытындылады.

  

Д. ҚАНАҒАТОВА

Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінің 

тәлімгері, Бөрлі ауданы

Ер есімі – ел есінде

Желбіре Жеңіс жалауы 



Ерлік елге мұра - ұрпаққа ұран

Прадедушка 

дошел до Берлина

         Мой прадедушка родился 1925 году 

25 году 25 января, в Чингирлау. На войну он 

ушел когда ему было 18-19 лет. Служил он 

артиллеристом.  Мой  прадедушка  получил  

первую  медаль за оборону  Кавказа. У него  очень  много 

медалей.  Прадедушка    дошел  до  Берлина.  С  войны  он 

пришел  в  1947  году.    Работая,  женился  он  1950  году.  У 

моего прадедушки трое сыновей и одна дочь. В 1996 году он 

получил медаль Жукова.  В 1997 году мой прадедушка ушел 

из жизни. Вот что знаю я со слов бабушки и дедушки.

АЛИЕВА АЛИНА 

СОШ №5 «А» класс,г. Аксай, Бурлинский район

С о ғ ы с 

жаңғырығы жылдан 

-  жылға  алыстап 

барады... Ол туралы 

ү л к е н д е р д е н , 

к ө н е к ө з 

қ а р и я л а р д а н 

естіп 


жүреміз. 

Кинолардан,  деректі 

ф и л ь м д е р д е н 

көреміз. 

Әйтсе 

де 


өткенге 

көз 


жүгіртпеу, 

болашаққа  бағдар 

мүмкін  емес.  ХХ  ғасырдың  орта  кезінде 

болған  алапат  соғыста  әрбір  бесінші 

қазақстандық  майданға  аттанып,  Отан 

анасын  қорғауға  атсалысты.  Қаншама 

қазақстандықтар 

ұрыс 


даласында 

мерт  болды.  Жеңіс  бізге  миллиондаған 

адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс 

салған қасірет әрбір жанұяның тарихында 

із  қалдырып  кетті.  Көзі  тірі  ардагерлерге 

құрмет  көрсету  бүгінгі  ұрпақтың  қарызы 

мен парызы. 

Менің бүгінгі сөз ететін тұлғам -Ұлы Отан 

соғысының  ардагері  болған  -  Жексенұлы 

Қайрекен атамыз туралы болмақ.  Ардагер 

атаның өмір жолы мен еңбек жолын алғаш 

мектеп  мұражайынан  көрдім,  бірнеше 

медальдың  иегері,  елге  үлкен  еңбек 

сіңірген.  Қайрекен  атаның  ерлігі  туралы 

мәліметті мұражайдан және қазірде ерінің 

түтінін  түтетіп  отырған  Мусина  Қатима 

әжеміздің аузынан жазып алдым. 

Жексенұлы  Қайрекен  1924  жылы  11 

қарашада  Қаратөбе  селосында  дүниеге 

келген.  Бес  жасынан  хат  танып,  жасынан 

еңбекке  араласқан.  Содан  1942  жылы  

ақпан айының 13 – і күні әскерге шақырту 

алып, ары қарай соғысқа кеткен. Генерал 

майор  Сабронов  басшылық  ететін  2  –  ші 

жаяу  әскер  бригадасына  түскен.  2  –  ші 

бригада Украйнаны азат ету үшін құрылған.  

Сол жердің «Гоголь» деген станциясының 

түбінен соғыс жолын бастаған. Украйнаның 

бірқатар  жерін  тазартып,  Польша  жеріне 

енген. Польша елінің астанасы Варшаваны 

азат  етуге  қатысқан.  Сол  мемлекеттің 

Рознен қаласын жаудан тазартқан.Рознен 

қаласына  барғанша  2  –  ші  бригаданың 

құрамы азайып қалып, 2 – ші гвардейский 

артиллерия  дивизиясына  қосылған.  Сол 

дивизияның құрамында зеңбірек атушысы 

болған.  Жеңісті  Германия  жерінде 

қарсы  алған.  Содан  1949  жылы  18  –  ші 

мамырда елге аман – есен оралған. Ауыл 

шаруашылығын  қалпына  келтіруде  еңбек 

ете  жүріп,  атамыз  1952  жылы  Қатира 

әжемізбен  шаңырақ  көтереді.  Екі  ұл,  екі 

қыздың әкесі немере-жиендерінің қызығын 

көріп, бейбіт өмірде отыз жыл еңбек етіп, 

2000 жылы 16 маусымда дүниеден озады. 

Ерен  ерлігінің  арқасында  «За  боевое 

заслуга», 

«За 


взиятие 

Варшава», 

«За 

взиятие 


Берлина», 

«Жеңіс» 


медальдарымен марапатталған. Қаратөбе 

ауданының  «Құрметті  азаматы»  атанған.  

Осындай  тау  тұлғалы  аталарымыздың 

арқасында бүгінгідей бейбіт өмірде тіршілік 

етіп  жатырмыз.  Жүректерге  үлкен  жара 

салған  сол  ауыр  күндердің  естеліктері 

мен  ардагерлердің  ерліктерін  ешқашан 

ұмытпауымыз хақ. Ендігі көзі тірі санаулы 

ардагерлерімізді  ұлықтау  баршаға  міндет, 

ал өмірден өткен боздақтардың ерліктерін, 

өмір жолын насихаттау  борышымыз.

Жеңістің  туы  жалтылдап,

Жығылмай  мәңгі  тұрады.

Сол  тумен  өскен  аршындап,

Ерлердің  бізбіз  ұланы!

 Алтынгүл СЫРЫМБЕКОВА

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен 

жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшесі

Аққозы жалпы орта білім беретін 

мектеп – балабақшасы

Қаратөбе ауданы

Ерлігің ұрпақ есінде

Биыл  Ұлы  Отан  соғысына  жетпіс    жыл  толады.  Осы 

соғыстың  бізге  қандай  қиындықпен  жеткенін  баршамыз 

білеміз.  Ендеше  зұлмат  соғыстың  отын  кеше  жүріп, 

жеңісті  жақындатқан  ардагерлерімізді  құрметтеу  біздің 

парызымыз.

Біздің  ауылымызда  соғысқа  қатысқан  көрші  атамыз 

болыпты. Мен мұны мектептегі мұражайдан көріп білдім. 

КәдірҚойтанбаев  атамыз  соғыс  басталған  жылы  әскер 

қатарына  алынып,  полша  жеріндегі  ұрыстарға  қатысып, 

Берлинге дейін барыпты. «Победа»,«Германияны алғаны үшін» медальдарымен 

марапатталған.  1949  жылы  отбасын  құрып,  4  ұл,  6  қыз  тәрбиелеп  жеткізеді. 

Отбасын құрған соң Қаратөбе ауданының Аққозы ауылына қоныс аударып, еңбек 

жолын жалғастырады.1954 жылдан бастап, 1986 жылға дейін Аққозы ауылында 

ферма  меңгерушісі  болып  қызмет  атқарған.  Одан  кейін  де  түрлі  жұмыстар 

атқарып, Аққозы  ауылының көркеюіне өз үлесін қосқан. 2003 жылы дүниеден 

озды. Атаның өмірін зерттеуде ел үшін сіңірген еңбегінің зор екенін көрдім. Мектеп 

мұражайы мен кітапханадағы кітаптардан мәліметтер ала отырып, ардагер ата 

туралы жоғарыдағыдай ақпараттар таптым. Әже екеуінің он баланы тәрбиелеп 

жеткізуінің өзі үлкен еңбек деп ойлаймын. Ардагер аталардың есімдерін ешқашан 

ұмытпаймыз. Мен көрші атамның ерлік еңбегін мақтан тұтамын. 

Аяулым ҚИЗАТОВА 

Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының

                                                                             2- сынып оқушысы,

Қаратөбе ауданы



шуағына бөлеген шат 

өмірдің

Ең алдымен барша қалың қазақ жұртын осынау айтулы мерекелерімен 

құттықтағым  келеді.  Соның  ішінде  атаулы  мереке  Ұлы  Отан  соғысына 

жетпіс  жыл.  Отанымызды  отты  жылдары  қорғаған  аға-әпкелер  ерлігі 

еш  ұмытылмақ  емес.  Көгімізде  самғаған  қыран  құсымызды,  даламызда 

ойнақтап  шапқан  тұлпарларымызды  көріп  ер  жетіп  келеміз.  Міне,  бұл 

тәуелсіздігіміздің, мәңгілік ел екендігіміздің белгісі. Күлімдеп атқан әрбір 

таңымыз бен тыныш ұйқымыз ата –бабалармыздың арқасы. 

Сол  соғыстың тез аяқталуына үлес қосқан тылдағы адамдардың еңбектері де өлшеусіз. 

«Бәрі  де  жеңіс  үшін»-деп  еңбек  еткендердің  қатырында  менің  арғы  атам  -  Құрақаев  Ермек 

Құмарұлы  да  бар.  Он  жасында  колхоз  жұмысына  араласқан  атамыз  отбасындасындағы  

жалғыз ұл болыпты. Үлкендер мен бірдей ала таңнан кешке дейін жұмыс істейтін ол уақыттың 

адамдары шаршау дегенді білмепті. Бәрінің де көкейінде бір ой ол –Жеңісті жақындатуға үлес 

қосу. Ермек атамыз трокторист, жүргізші тіпті ұстаханада да қызмет етіпті.  Атамның әкесі Құмар 

атай ұлы отан соғысынң ардагері. Құмар ата соғыстан кейін қатты жарақат алып үйге оралып, 

дүние салған. Атам Ұлы Отан соғысына 60 жыл  және 65 жыл үшін медаль алып марапатталды. 

Қазіргі  таңда  атам  83  жаста,  бәрін  кезінде  қалай  солай  мүдірмей  айтып  беріп  отыр.  Ермек 

атам  тылда  ауыр  еңбектер  атқарған.  Қазіргі  таңда  атамның  ұл-қыздары,  немере-шөбере, 

шөпшектері бар.  Атам,«Шаңырағым биік, керегем кең, берекелі-мерекелі отбасымыз», - дейді. 

Бұған өзімде куәмін. 



 Мадина ӨТЕГЕНОВА

Алғабас ОЖББ мектебінің9-сынып оқушысы 

Ақжайық ауданы

Ұстазым - Тұрсынай Рахметоллақызы  

соғысқа  қатысқан  батырлар  туралы 

әңгімеледі,  суреттерін  көрсетті.  Мен 

де  сол  батыр  ағалар  сияқты  мықты 

болғым  келеді.  Соғыс  дегенді  естісем, 

көз  алдыма  қорқыныш  келеді.  Елімде 

ешқашан соғыс болмасын деп тілеймін. 

Отанымды қорғайтын, еліме адал қызмет 

етіп батыр болып өсемін.



    


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет