Диана ТІЛЕКҚАБЫЛ
Кеңсуат ОЖОББМ-нің
7-сынып оқушысы
Ақжайық ауданы
ДАРА ҚАДЫР – ДАНА ҚАДЫР
Бөрлі ауданының Ақбұлақ ауылдың Мәдениет үйінің және ауылдық
кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен Ақжайық өңірінен қанат қағып,
өлеңдері халқымыздың рухани азығына айналған, қазақ поэзиясының қарагері,
халқымыздың дарабоз ақыны Қадыр Мырза Әлінің 80 жыл толуына арналған
«Дара Қадыр –Дана Қадыр» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Қадыр Мырза Әлі ақындық жағынан ел тарихында биіктен көрінген,
халқының сый-құрметіне бөленген қайраткер.
Кешті Ақбұлақ Мәдениет үйінің директоры Марал Бисенова ақынның
«Қазақтарды шетелдік қонақтармен таныстыру» әнімен ашты.Шарада
оқушыларға ақынның өмірбаянымен және шығармашылығына арналған
«Сіңірген бойға таң нұрын, нұр берер бойға тамырың» атты слаид көрсетілді.Ақбұлақ ауылдық кітапхана меңгерушісі
Маржан Имашева «Зерделі жырдың зергері» тақырыбында жасақталған кітап көрмесіне шолу өткізді.
Ақынның «Менің досым», «Бір үзім нан», «Домбыра», «Туған жер», «Алтын адам», «Елге
махаббат»
атты
өлеңдерін Наурыз Баян, Сисенбаева Дильназ, Ізімов Аслан, Ғайса Диас, Жумалиева Айжан, Бектау Бағдат,Тасқын
Нұрболат өлеңдерін оқыды.Кештің соңында А.Байжазыкова Ақжайықтың ақын ару қызы Ақұштап Бақтыгериеваның
Қадыр Мырза-Әліге арналған «Жоқтау» атты өлеңімен аяқтады.
М.ИМАШЕВА
Ақбұлақ ауылдық кітапхана меңгерушісі Бөрлі ауданы
№4 (212) 03.03.2015 ж.
10
алға
Өздерің жазған хаттардан
«Әжелерім
ардақты»
ана – өмір шырағы
Ана
Ана. Бұл сөзді еске алғанымда күннің шуағы, жылулығы
тәрізді бір ыстық махаббатқа бөленген сәт есіңе келеді.
Ананың алақаны жұмсақ, жүрегі жылы оның балаға деген
махаббатынан жүзінде шуақ шашылып тұрады. Түн ұйқысын
сәбиім деп төрт бөліп, бір қолымен әлемді тербеген аналар
дегенде, тебіренбеген жүрек, тасымаған қан, сезілмеген сезім
болуы мүмкін емес. Қай ақын,жазушы болмасын шығармасын
анаға деген махаббаттан бастаған. Анаға деген құрмет-ең
үлкен құрмет болуы тиіс. Тіпті бұл туралы ел арасында айтылар
аңыз әңгімелер де жеткілікті. Бұдан біз шексіз махаббат иесі
ана екенін көреміз.
Айкөркем ҚАЙЫРБОЛАТҚЫЗЫ
Қызылжар ауылы,Ақжайық ауданы
Еңбекші НЖББМ 4-сынып оқушысы
Әжем -мақтанышым
Менің әжемнің аты-жөні – Балхия Байғарақызы. Мен
әжемді өте жақсы көремін. Ол маған бас уақытында
ертегі айтып береді. Кітаптардан шағын әңгімілер
оқимыз. Әжем тоқыма тоқығанды жақсы көреді. Ал, мен
болсам сабағымды жақсы оқимын. Ұстазым – Имашева
Несбеле Исламқызы мені көркем сөз оқу өнері бойынша
жарысқа қатыстырып, мен онда қатарластарымның алды
болдым.
Әжемді және ұстазымды көктем мерекесімен
құттықтап бар бақытты тілеймін.
Айнара КАБИЕВА
№22 ЖОББМ-нің 3 «г» сынып оқушысы
ӘДЕПТІ БАЛА –
АРЛЫ БАЛА
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау
әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы
сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең
қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа,
үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас
білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында
жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке
айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер
отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту,
қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама
жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз
балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың,
қамқорлықтың
үлгісі,
отбасындағы
тәрбие
құдіреті
осында.
Адамдар
арасындағы
қарым-қатынас
әдептілікке
негізделсе,
жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
Адам-ең
әуелі
адамгершілігімен,
әдебімен
көрікті.
Әдептілік-өзіңді
әр
түрлі
жағдайда
мінез-құлықтың
жалпы
ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.
Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады.
Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың
орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек
көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді,
бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.
Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен
қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.
Дамира СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ
Мұхит атындағы ЖОББМ-нің
3 түзете-дамыта оқыту сыныбының оқушысы
Еңбекқор
адам деп
кімді
айтамыз?
Еңбектің де неше
түрі бар. Еңбекқор адам
деп міндетті түрде дене
еңбегімен айналысатын адамды айту дұрыс
емес. Мәселен, нешеме көз майын тамызып
кітап жазып, ой еңбегімен айналысатын
адамдар да жетерлік. Нағыз еңбекқор адам
өз саласында халқына пайда тигізуі үшін
аянбай тер төгетін адам деп есептеймін.
Аманжол АМАНДЫҚҰЛЫ
Мұхит атындағы ЖОББМ-нің
2 түзете-дамыта оқыту сыныбының оқушысы
Анамды жақсы
көремін
Мен анамды жақсы көремін. Ол
да мені жақсы көреді.
Ол мені мәпелеген, өсірген, ақ
сүт берген, түн ұйқысын төрт бөлген.
Анамның күн сайын айтып отыратын
әңгімесі өте қызықты. Үнемі бізге сыпайы, әдепті
сәлемдесіп үй-ренгені жөн деп, үлкендерге сәлем
беріп, оларды құрметтеп жүруді еске салып отырады.
Сәлем арқылы адамның адамдық қасиеті, тәрбиесі
байқалып тұрады деп үйретуде. Анамның әрбір
істері мен үшін үлгі. Анама денсаулық пен өмірдің
бар жақсылығын тілеймін. Мен оны құрметтеймін,
айтқанын орындаймын.
Ақерке КЕНХАНОВА
Е. Ниетқалиев атындағы ЖББОМ-нің
3-сынып оқушысы
Қамысты ауылы, Жәнібек ауданы
«Менің анам алтын»
Жер бетіндегі ең асыл сөз – Ана. Адам алғашқы
сөзін осыдан бастайды. Анамның қолы ең жұмсақ, аялы
қол, ол нені болса да істей алады. Мен анама әрқашан
көмектесемін. Ол маған көп қамқорлық жасап келеді.
Мен дүниеге келгенде, мені өз қолынан түсірмей, көтеріп
жүрді.
Қазақта мақал бар «Әкеге қарап, ұл өседі, анаға
қарап, қыз өседі»,- демекші анамнан көптеген нәрселерді
үйреніп келемін. Анам үйде тамақ пісіреді, ыдыс жуады,
шашымды өреді, сабаққа дайындайды. Сондықтан да
анамды әрқашан қадірлеп өтемін.
Адина АМАНҒАЛИЕВА
№ 46 ЖОББМ-нің 2 «д» сынып оқушысы
Әже әркімге де ыстық. Себебі
ол бізге мейірімді, жайлы болып
келеді. Әрбір әже немерелерін
жақсы көреді.
Менің де екі әжем бар.
Өз әжемнің аты-Рысқаным және нағашы әжемнің аты-Ұлдай. Мен екі алтын әжемді өте жақсы
көремін. Үнемі маған қамқор болып, еркелетеді. Олар күн сияқты. Өйткені біз күнмен жылынамыз
ғой. Әжелерім барда мен де бақыттымын. Қос әжеме қуаныш және аспанда қанша жұлдыз болса,
сонша өмір сүріңіздер деп тілек айтамын.
Абылай ӨТЕУЛІ
№ 46 ЖОББМ-нің 2 «д» сынып оқушысы
«Менің ұстазым»
Менің ұстазымның аты – Айнұр Мұратқызы. Ол өте
мейірімді адам. Ұстазым бізге көп білім беріп, ақыл
айтады. Мен ұстазымды жақсы көремін. Өйткені ұстаз
бізге мейіріммен қарайды. Ұстазымды екінші анамдай
көремін. Ұстаз бізге екінші ана болғандықтан, әркез
жақсылық тілейді. Мен мұндай ұстазым болғанына
қуанамын.
Мариям ЖАМБЫЛ
№ 46 ЖОББМ-нің 2 «д» сынып оқушысы
Ана, әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны дүниедегі ең жанашыры,
қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін беріп аялайтын баласы үшін жанын да аямайтын
ардақты да абзал ана!
Ана – жүрек, сол жүректе құдіретте,
Ана – тірек, сол тіректі құрметте!
Ана-шыңың , ардақ тұтар биікте
Ана –күнің, сәуле шашар жүректе- дегендей өлең жолдары барлық аналарға
арналған. Кез-келген адамның әдептілігі мен сұлулығы ең алдымен балаға
ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала
бойындағы ең жақсы қасиеттер балаға алдымен анадан тарайды. Ананың
нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны бала өмірін шаттыққа бөлейді. Сондықтан да
анасын жақсы көрмейтін бала жоқ шығар.Менің анам, бақытым мен шаттығым.
Меркелеріңізбен!, Аналарым!
Аягүл МАУЛЕНОВА
Мұхит атындағыЖОББМ-нің 4 «в» сынып оқушысы
Қаратөбе ауданы
Мақтанышым
– Ақ әжем
Мен әжемнің бауырында өсіп
келе жатырған баламын.Сондықтан
да болар әжемді ерекше жақсы
көремін және үнемі мақтан тұтамын.
Ол көп балалы батыр ана.Әжем
Гайнижамал 1 963 жылы 14 жасында
қақаған қыстың алай – дүлей ауа
райына қарамастан, совхоздың
бораннан ыққан бір отар қойын
аман сақтап қалаған ,ал өзі қатты
үсікке шалынған.Жастайынан қол
саусақтары мен аяқ башпайларынан
айырылып,молақ болып қалса да
әжем еңбектен ажырамаған.
Он бала тәрбиелеп өсірген.
Қазір біздердің тәтті қылықтарымызға
тоймаған бақытты әже. Біздерде ол
кісінің өмірден көрген қиындықтары
мен қызықтары туралы естеліктері
мен әңгімелерін тыңдаудан жалыққан
емеспіз.
Бекарыс ИСҚАҚОВ
Е.Орақбаев атындағы ЖОББМ-нің
3-сынып оқушысы,
Жаңақала ауданы
асыл анам
Мен анамды кеудемдегі жүрегім деп түсінемін.
Анамның әрбір сөзі, қараған көзі, мені өмірге,
білімге, еңбекке баулиды. Мен анамның сөзінен
өмірдің барлық қыр –сырын ұғына аламын.Өмірге
деген қадамымды анамның ақ сүтін ақтау үшін
жасаймын.Менің анам маған білімді, ақылды бол
деп үйретеді. Анамның күліп жүргенін қалаймын.
Болашақта сабағымды жақсы оқып, биіктен
көрініп, анамның мақтанышы және болашақта
халық мақтанышы болуды армандаймын.
Дарын СИСЕНБАЙ
ЖББ А.Оразбаева атындағы
негізгі мектебінің 2- сынып оқушысы
Жәнібек ауданы
МЕН КІМ БОЛАМ?
Мен өскенде ғарышкер болғым келеді.Себебі ғарыш
әлемінің беймәлім тұстарын ашып,еліме үлкен жаңалық алып
келгім келеді.Қазірден бастап,аспан әлемі туралы мәліметтерді
оқып,жинақтап жүремін.Өз елімді биіктен көріп тамашалағым
келеді.Шіркін,менің арманым орындалса ғой!
Б.ЖАСҰЛАНОВ
Сатыбалды ОЖББМ-нің оқушысы
Казталов ауданы
№4 (212) 03.03.2015 ж.
11
Жұмбақтар
Тоны сондай жұмсақ,
Бірақ өзі қорқақ ......
Оқушының білімін
Бағалайтын кілтімін......
Мектептке алып барады,
Әшіне құрал салады......
Айнара ҚҰБАЙДОЛЛИНОВА
№42 «Ақниет» гимназиясының
3 «д» сынып оқушысы
Ана
Ана! Жанарың неткен таза,
Көк аспанда сыйып тұр.
Мейірімділігің неткен күшті,
Күн ана саған күліп тұр.
Бақыты менің, байлығым,
Өзіңсің анам білемін.
Әлем бас ген анаға
Басымды мен де иемін.
Әлижан РУҚОЛЛА
Ақжайық ЖОББМ-нің
3 «б» сынып оқушысы, Теректі ауданы
Тәуелсіздік
мерекесі
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі
Тату-тәтті бооп халқымыз әрқашан
Кетпесін туған жердікң берекесі
Тәуелсіздік бақыты ғой елімнің
Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің.
Қолға қонған бақ құсын аялаған
Бағы басым елімнің бір қызымын
Жанерке БАҚТЫҒАЛИЕВА
№44 ЖОББМ-нің 4 «а» сынып оқушысы
Таза бұлақ
Бар екен таудан аққан таза бұлақ.
Түк ел жоқ маңайында қылған тұрақ.
Жағалай біткен ағаш жапырақты,
Жайқалып күн мен желден тұрған
құрғап.
Шілденің тас қыздырған ыстық күні,
Мөп-мөлдір суы салқын әйбат түрі.
Шыныдай жылтыраған тазалығы,
Көрініп айнадай боп жатқан түбі.
Гүлназ ОРАЗБАЕВА
№ 19 ОЖББМ-нің
3 «б» сынып оқушысы
Бүгінгі жас өрен-ертеңгі ел
болашағы
Бүгінгі қоғамдағы жан-жақты өзгерістер білім
беру жүйесінің алдына бәсекеге қабілетті,
кез-келген жағдайдан өзін алып шыға
алатын шығармашыл тұлға қалыптастыру
міндетін қойып отырғаны белгілі. Міндеттерді
орындауда оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтары мен таным белсенділіктері
жоғары болуы шарт.Мектепте оздырылған
әр іс-шараның оқушының білімі мен білігінің
артуына себеп болары анық.Осындай мақсат-
міндеттерді негізге алған бастауыш сынып
пән бірлестінде жоспарға сай «Бүгінгі жас
өрен-ертеңгі ел болашағы» атты онкүндік
оздырылды.
Онкүндік оқушылардың тіл білімін жетілдіру
мақсатында өткізілген А.Қоңыршиеваның «Өнер алды-қызыл тіл» пәндік сайысымен ашылды.
Тіл сайысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерінің жан-жақтылығын көрсете
білді. Жас маман Ж.Қобландиеваның «Құстар-жердің сәні,елдің нәрі» атты дүниетану пәнінен
оздырған жарысы, Н.Сүндетқалиеваның «Математика патшалығына саяхат» интеллектуалды
ойыны мен Б.Жұбанованың «Ана тілім-асыл мұрам» әдеби кештері оқушылардың пәнге
деген қызыгушылықтарын арттыра білді.Онкүндік еңбекке баулу пәнінен өткізілген «Бәрін
білгім келеді...» топтық ойыны, дене шынықтыру пәні бойынша ұйымдастырылған «Көңілді
старт» спорттық сайыстарымен жалғасты.
Міндетті білім қалыптастырып, оқушылардың мүмкіндік деңгейін жоғарлатқан шара
қорытындысында оқушылар диплом,мақтау қағаздарымен марапатталды.Осындай іс-
шаралар қабілетті оқушылардың даму деңгейлерін шығармашылыққа ұштастыра біледі деген
сенімдемін.
Айгүл ҚОңЫРШИЕВА
«Қаракөл ЖОББМБ»КММ-нің бастауыш сынып
пән бірлестігінің жетекшісі Қаратөбе ауданы
Қауырсын қалам
АЯУЛЫ АПАЙЫМ
Біздің алғашқы ұстазымыз – Мая
Маратқызы алғаш «Әліппе» кітабын
қолымызға ұстатып, әріп танытқан
ардақты жан. Мейірімге толы жүзімен
әрқайсымыздың көңіл күйімізді ұға білетін
ұстазымыз біз үшін ыстық. Сабақтарында
тартымды өткізеді. Сынып болып мектеп
ішілік пәндік олимпиадаларға да қатысып
жүрміз. Ай сайын өтетін тәрбиелік
шараларымызға да қуана қатысамыз.
Мен аяулы апайымды 8-наурыз
көктемнің алғашқы мерекесімен шын
жүректен құттықтап, ана бақытын
тілеймін.
Ару АЛИБИҚЫЗЫ
А.Байтұрсынов атындағы №10
ЖОББМ-нің
4 «ә» сынып оқушысы
МЕНІң ҰСТАЗЫМ
Менің ең алғашқы және сүйікті
ұстазым Нүргүл - Әжібайқызы.Мен
ұстазымды шексіз жақсы көремін.
Апайымыз бізге көп нәрсе үйретеді.
Сабақ түсіндіргені,айтқан ертегілері
бәрі-бәрі ұнайды.Әр сабақтан алған
әсерімді үйде ата-анама айтып беремін.
Мен барлық пәндерді ұнатамын.Соның
ішінде ең сүйікті пәнім математика және
ана тілі.Өскенде ұстазыма ұқсап мен
де мұғалім болғым келеді.Соның ішінде
математика пәнінің мұғалімі болуды
армандаймын.
Асылжан МҰРАТОВА
Ә.Жангелдин атындағы НОББМ-нің
2-сынып оқушысы
Мұқыр ауылыЖаңақала ауданы
Әдепті бала –
арлы бала
Болашақтың ертеңі жас ұрпақ, яғни біздер.
Отан от басынан басталады дегендей, бастысы
адамға тәрбие керек. Ол отбасынан басталады.
Қоғамда әр адам өзінің сөйлеу мәдениетімен,
сөйлеу мәнерімен жүріс-тұрысымен ерекшеленіп,
қоршаған ортасының көзіне түседі. Сырт адам
қашанда ыншыл өзің көрмегенді көріп, байқап
жүреді. Сондықтанда балалар қазірден бастап,
әдемілік пен әдептілікті біліп, үлкенге құрмет,
кішіге ізет біздің қанымызға сіңген қасиет екенін
ұмытпай, ар-ождан алдында адал болуы керек.
Шыңғыс ШАЙХОЛЛА
А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ-нің 2
«а» сынып оқушысы
ДӘСТүРІМДІ МАҚТАН ЕТЕМІН
Қазақтың қара шаңырағында өмірге келгендіктен мен
қазақи салт-дәстүрлерімізді ерекше қадір тұтамын. Ата-
анамнан, үлкендерден естіген мақалдарды үйреніп, көңіліме
тоқып жүремін. «Жасы үлкенді сыйлағанның құты артады»-
дейді халқымыз. Келген қонағына дастарханын жайып
құрметпен қарсылайтын қонақжайлығымызға бәрі қайран
қалады. Менің ата-анам да келген қонақтарын қуана қарсы
алып, «келген қонақ ырыздығын ала келеді»-деп барын беріп
сыйлап жатады. «Бүйіріңді таянба», «Есікке керілме», «Үйге
жүгіріп кірме»,-деп үнемі айтып отырады.
«Балалы үй базар, баласыз үй мазар»,-демекші үйге
немере-жиендер келгенде шаңырағымыз шаттыққа толып
қалады. Бәрімізде ата-анамыздың көңілін бағып, айтқан
ақылдарын таңдаймыз. Тозбайтын дәстүрімәіздің темір
қазығы берік болғай.
Перизат ТУКЕСОВА
А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ-нің
4 «е» сынып оқушысы
Менің сиқырлы етігім
Бір күні сабақтан келе жатып,жолдан
әдемі етік тауып алдым.Етік өте әдемі
екен.Мен оны киіп көргім келді. Етікті
аяғыма сұғып қарап едім,етік аяғыма шақ
бола қалды.Бір аттап ем,кенет мүлде
басқа әлемге тап болдым.Ол әлем біздің
әлемге ұқсамайды екен.Ертегілер еліне
тап болғандай болдым.Мені айналып
қанатты адамдар ұшы жүр.Мағанда қанат
біткендей болды,ойын қызығына түстім..
Мен сонда ғана етігімнің сиқырлы екенін
білдім.Қазір анда –санда сиқырлы етігімді киі,керемет әлемге
барып тұрамын.
Ұ.САНСЫЗБАЕВА
Сатыбалды ОЖББМ-нің 2-сынып оқушысы
Казталов ауданы
Бас қала
1.
Қаһарман батыр
2.
Көмірлі қала
3.
Форты бар қала
4.
Биік тау
5.
Батыстағы өзен
6.
Білім ордасы
7.
Тұзды теңіз
8.
Айда СЕРІК
№44 ЖОББМ-нің 3 «а» сынып
оқушысы
Балалар ертегесіндегі кейіпкердің бірі
1.
Ғабит Мүсірепов дүниеге келген ауыл
2.
Ы. Алтынсариннің шығармасы
3.
«....пайдасы»
Кітап оқудың
4.
әңгімесіндегі кейіпкер
Өнер білім
5.
бар жұрттар
өлеңінің авторы
Ақыл ойдың шынары
6.
Ертегі түрі
Гаухар КУНЕНОВА
А.байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің
3 «е» сынып оқушысы
Жылдың соңғы айы
1.
Бірден кейінгі сан
2.
Ешкінің төлі
3.
Айлакер аң
4.
Ол үшін отқа түсесің
5.
Қазақ елі
6.
Қалпағы бар басы жоқ
7.
Күні бойы тынбайды
8.
Бал жиайтын жәндік
Бір өркешті түйе
9.
Махаббат ДОШЕКЕНОВА
А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ-нің
3 «б» сынып оқушысы
Ер намысы ел намысы
«Ел үмітін ер ақтар, ер намфысын ел сақтар»,-
демекші, қазақ халқында ел үмітін ақтаған батырлар көп болған.
Қобыланды, Ер тарғын, Алпамыс, Қамбар батырлардан кейін,
Абылай хан бастаған Бөгенбай, Қабанбай, еліміздің болашағы
үшін жандарын ұиған. Мен мұны сыныпта айтқан ұстазымнан
білемін.
Батырын хандарымыз да құрметтеген. Жыршылар
оларды жырларына қосып дәріптеген. Біз қазір бақытты
ұрпақпыз. Отбасымыз да Отанымызда тыныш. Көп ұлтты ел
болсақ та бәріміз бір үйдің баласындай татумыз. Бізді осы
беремізден айырмасын деп тілеймін.
Ақжүніс ОНАЙБЕКОВА
№41мектеп-лейцейінің 6 «ә» сынып оқушысы
1.Бақа мекендейтін жер
2.Жауын-шашын
3.Қазақстандағы көл
4.Қазақстандағы үлкен
қала
5.Жұмыскердің табысы
ӨТІРІК ӨЛЕңДЕР
Жүк артып көбелекпен таңда келдім,
Арқанды сары құмнан әрең естім.
Шыбынның қанатымен түйе арқандап,
Үйіме өлдім, талдым, әрең жеттім.
Құмырсқадан таяқ жеп,
Ауруханаға түстім.
Ол жеңіске жеттім деп,
Той жасады елмен.
Әсет САДЫҚ
Х.Нұрымғалиев
атындағы НОББМ-нің оқушысы
Жаңақала ауданы,
Диана ХАКИМОВА
№42 «»Ақ ниет»
гимназия мектебінің
3 «д» сынып оқушысы
Ана –өмір шырағы,
Ана – өмір бұлағы
Анашымның әлдиі
Бесігімнің жыр-әні
Гүлді өмірде мәуелі
Нұрлы өмірде мәуелі
Анамызды тыңдадық,
Әсем әнді әуелі
АНА
Камила МЭЛСОВА
№41 мектеп-лицейінің 3 «ә» сынып оқушысы
№4 (212) 03.03.2015 ж.
12
«Ұрылар мен кемпір » ертегі есеп
Ертегілер елінде
Ме
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Газет ҚР Мәдениет және Ақпарат
министрлігінде тіркеліп, 26.11.2008 ж
№ 9661 – Г куәлігі берілген
Индексі: 65771
Газет айына бір рет шығады
Таралым 2 500 дана
Меншік иесі: ЖК Сүндетов Ж.К.
Бас редактор:
Сүндетов Жұмажан Қадимұлы
Ұялы тел: 8-701-687-58-86
Газет ЖШС
«
Полиграфсервис
»
баспаханасында басылады.
Орал қаласы, Л.Толстой көшесі 27/1
Тел.: 51-41-99
Редакция мекен-жайы:
Орал қаласы, пр. Евразия
89/79, Факс: 26-93-62
samal-gazets@mail.ru
12
Самал сенің газетің
А қ ж а й ы қ т ы ң
ардақты
аналары
б а р л ы ғ ы ң ы з д ы
және
ұстазым
-
Шайхуалиева
Раушан
Серікқызын көктемнің
алғашұы
мерекесімен
құттықтаймын.
Әр
күндеріңіз шуақты болсын.
Анель КАНИЕВА
№19 ЖОББМ-нің
4 «з» сынып оқушысы
Зообақтағы қызықты бір күн
Табиғат – тылсым құбылыс. Осы тылсым құбылысты
бақылау, зерттеу, танып, сырын шешу - балалар үшін таңсық,
қызық дүние. Табиғаттың бір бөлшегі саналатын жабайы аңдар
мен құстарды күнделікті оқу іс-әрекетіндегі қолданылатын көрнекі
құралдардан гөрі, өз көздерімен зообақтан көріп, олардың
тіршілігі, қорек табу әрекетімен танысу балалар үшін әлдеқайда
әсерлі болары сөзсіз. Осы орайда №29 «Балауса» мектепке
дейінгі ұйымының тәрбиешілерінің игі бастамасымен «Ақбота»
тобы ата-аналарымен бірлесе отырып, облыстық экологиялық-
б и о л о г и я л ы қ
о р т а л ы ғ ы н ы н ы ң
хайуанаттар бағына саяхат жасады. Зообақты балалар
тамашалап қана қойған жоқ, қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі
секілді жабайы хайуандар жөнінде мол мәлімет алып,
жеке-дара ерекшеліктеріне де қанықты. Болашақта туған
өлкеміздің табиғатына сүйіспеншілікпен қарап, жан-
жануарларға қорғауға, қамқор болып, ұқыптылықпен қарауға
тәрбиелейтін, қазірден бастап, бала бойында жауапкершілік
қасиет қалыптастырған бұл зообаққа жасалған саяхаттың
әсері мол, маңызы зор болды.
Динара ГАББАСОВА
№29 «Балауса» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі
Озденова Мадина
№41 мектеп-лицейі
4 «б» сынып оқушысы
Бөкей ордасы ауданының білім
беру бөлімінің
«Ақбота» ясли – бақшасы,
ерте жас тобының
тәрбиеленушілері Нуфтолла Елжан
мен Ерболат Айназдың
мысық мүсінің бейнелеудегі
жұмыстары
Қаирсапарова Аяна
№22 ОЖББМ
1 “ә”
Өтеміс ДүЙСЕНҒАЛИЕВ
ПЯТИМАР ЖОББМ-нің
2-сынып оқушысы, Жаңақала
ауданы
Ән қанатындағы қос қарлығаш
Қаламыздағы №41 Жаратылыс тану - математика бағытындағы
мектеп-лицейінде өнерлі өрендер жетерлік. Солардың қатарында сахнаның
киесін ұғынған қос бірдей қарлығашымыз, Дильназ Қуанаева мен Әдемі
Мұратбай бар. Жас өнерпаздарымыз мектеп ішілік концертті былай қойғанда
қалалық, облыстық ән байқауларына қатысып,
талай мәрте жеңімпаз атанды. Бізді қуантқаны, қос
қарлығаш қызымыздың Алматы қаласында өткен ХІ
Халықаралық «Ақ көгершін» ән фестивалінен жүлделі
оралуы болды. Ән байқауының алғы шарттарынан
сүрінбей өткен жас әншілеріміздің бес жүзден астам
үміткерлердің ішінен іркілмей өтіп, Дильназ байқаудың
ІІ дәрежелі лауреаты атанса, Әдемі қызымыз І
дәрежелі дипломанты болып қуанышпен оралды.
Мектеп-лицейі атынан, ән қанатындағы
қос қарлығашымызды шын жүректен құттықтап, ән өнерінің биігінен көріне
берулеріне тілектеспіз.
Ардақ ТӨРЕҒАЛИЕВА
№41 Жаратылыс тану - математика бағытындағы
мектеп-лицейінің тәлімгері
Әрқашан күн сөнбесін!
Мира
САРСЕКОВА
Е.Орақбаев
атындағы
ЖОББМ-нің
3-сынып
оқушысы
Қызылоба
ауылы,
Жаңақала
ауданы
Арнұр САҒЫНОВ
Е.Орақбаев
атындағы
ЖОББМ-нің
3-сынып оқушысы,
Қызылоба ауылы,
Жаңақала ауданы
Мен өз анамды және ұстазым - Шайхуалиева
Раушан Серікқызын және оқушыларды келе жатқан
8-наурыз - Халақаралық әйелдер күнімен мерекесімен
құттықтай отырып, оларға мол табыс ,қажымас қайрат
тілеймін.
Зульфия ТЕМІРХАНОВА
№19 ЖОББМ-нің 3 «ж» сынып оқушысы
Ботакөз САЛИМОВА
Еңбекші НЖББМ-нің
даярлық тобының
оқушысы Ақжайық ауданы
Ертеде панасы жоқ
жалғыз кемпір өмір сүріпті.
Сүйенері жоқ кемпірдің
жалғыз сиырын ұрламақ
болып ұрылар келеді.Оны
сезген Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды ұрламақ
болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды.
Сөйтіп жалма –жан бір шелек суды сапырып отырып,
мынадай өлең
айтыпты:
Сапырып-сапырып Айман мен Айдосқа бер,
Құйып-құйып Айгүл мен Айбарға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген
ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісіғой, әрі
бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір
тапқырлығы сондай, ұрыларды осылай қорқытыпты.
Сонда үйде адам нешеу? Санап көр.
Саяжан БІРЖАН
Х.Нұрымғалиев атындағы НЖОББМ-нің
4- сынып оқушысы аңақала ауданы
Достарыңызбен бөлісу: |