шықпады. Тек өмірден өткеніне 12 жыл
тұтастай тасқа басылды. Сол кезеңде халық
екендігіне көз жеткізіп еді. Алайда 90-
бастады. Дегенмен Мұқаға лидың таңда-
тимеді. Ендігіде мұңмен өрілген, музаға
– 1974 жылдың жазы. Күнделікті күй-
фон шылдыр етті. Трубканы көтерсем – ар
«Мен Мұқағалимын. Осындағы қо нақүй-
де ауырып жатырмын. Тез жет», – деді.
Көп ойланатын уақыт жоқ. Мұқаңа де-
реу медициналық көмек керек. Бауыры-
на жағатын тамақ әзірлеу қажет. Мұқаң
болды. Қалалық, облыстық дәрігерлер
ем-домын қонақүйде жасады. Әйтеуір,
бастырдық-ау.
тық телеарнаға бірнеше сұхбат берді. «Ақ-
көрген екен. Мүтәллап Қанғожиннің ай-
қайтқанға ұқсайды. Мұны мынау өлеңінен
түгендеуге әрқашан атсалыспақ. Алматы-
кейбірі шетел дерде тұрып жатыр. Егер осы
міз. Қарап отырсақ, қолымызда М.Мақа-
сы жоқ екен. Ол, бәлкім, бір кісілерде бар
да шығар. Егер бар болса, оны ақпараттық
санаймыз. Мұқаң жайлы деректер молай-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№132 (584)
29.07.2011 жыл
жұма
www.alashainasy.kz
e-mail: info@alashainasy.kz
3
ТҰЛҒА
АЙТЫЛАР ЕСТЕЛIКТЕР МЕН ТУРАЛЫ...
Нағиман БАТАНҚЫЗЫ,
Мұқағали Мақатаевтың анасы:
Қаламын қолынан
тастаған жоқ
Неге біз Мұқағалиды кино
саласында дәріптей алмай келеміз?
МӘСЕЛЕ
Басы 1-бетте
ОЙ-КӨКПАР
Мұқағалитануды ғылыми
айналымға түсіре алдық па?
Мұқағали оқуларының деңгейіне көңіліңіз тола ма?
Темірхан
МЕДЕТБЕК,
ақын, Мемлекеттік
сыйлықтың иегері:
Оразақын
АСҚАР,
ақын,
Халықаралық
«Алаш»
сыйлығының иегері:
Жарас СӘРСЕК,
ақын, Халықаралық
«Алаш»
сыйлығының
иегері:
?
А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
– Оқулар, негізі, Мұқағали жырларын оқудан басталып еді. Кейін жапа-
тармағай барлық ақынға телініп кетті. Негізі, «оқулар» деген нәрсе, менің-
ше, тек Мұқағалиға ғана жарасатын секілді. Мен екі мәрте Мұқағали
оқуларында қазылар алқа сының құрамында болдым. Өте жоғары дең гейде
өтті. Керемет әсер алдық. Шыны керек, мұның Мұқа ғалиға да керегі жоқ.
Мұндай оқулардың Мұқа ғалидан гөрі кейінгі ұрпаққа берері көп. Жастар
Мұқағали жырларын оқу кезінде үлкен дайын
дықтан өтеді, оның
өлеңдерімен сусындайды. Сондықтан Мұқағали оқуларының жал ғаса бе-
руін құптаймын. Біреулер аталмыш шараны «ақын ның туған жері — Қара-
сазда өткізгеннен гөрі Алматы, Астана секілді үлкен қалаларда республи-
калық дәрежеде ауқымды етіп өткізу керек» деген пікір айтып жүр. Алайда
мен бұған қарсымын. Оны Қара сазда өткізудің маңызы зор. Болашақ ұрпақ
Мұқағали оқуларына қатысу кезінде ақынның туған топырағын, Мұқағали
өскен табиғатты көріп әсерленеді. Ал Алматыда өтсе, оның ондай әсері
болмас еді. Мұқағали оқулары Алматы мен Астанада өтсе, ресмиленіп ке-
теді. Ал мұндай іс-шараны ресмилендірудің еш қажеті жоқ. Ақынның жа-
нын түсіну үшін аталмыш шара туған топырағында ғана өтуі тиіс.
– Мұқағали оқуларын өткізу дің өзі
– үлкен жетістік. Ақын жырла рын дағы
көтерген тақырыптарына, өлең дерінің
ішкі иірімдеріне, оның та биғатына
толық бойлай білу мүл дем мүмкін
емес. Сондықтан бүгінгі өтіп жүрген
Мұқағали оқулары осы
ның бәрін
қамти алады деп айта ал маймыз. Де-
генмен осындай оқу лар арқылы ақын-
ның болмысын ашып, жан дүниесін
түсінуге деген ұм ты лыстың өзі қуан-
тады. Сондықтан Мұқа ғалидың ұмы-
тылмай, жыл сайын жырларының оқу-
лары арқылы жаң ғырып, өтіп тұруын
қолдауымыз қа жет.
– Елімізде ақындардың оқулары жиі ұйымдастырыла бастады. Негізі, мұндай
оқулардың жастарға берер тәлім-тәрбиесі көп. Бұл – жас ұрпақтың кешегі өткен
ақындарымызды ұмытып қалмауы үшін, жастардың сана сезімін, ой-өрісін ұлғайту
үшін ұйымдастырылатын іс-шара. Көңіліңіз тола ма дегенде, біз бұл іс-шараның
жастарға көмекші құрал, ынталандыру ретінде ұйымдастырылатынын ескеруіміз
керек. Сондықтан бұл жерде көңілім толмайды, дәрежесін өсіру қажет деудің қажеті
жоқ. Бүгінгі деңгейде ұйымдастырылуы өте дұрыс. Мен Мұқағали, Жамбыл, Абай
оқуларын өткізу кезінде басы-қасында жүремін, үнемі қатысамын. Сонда көзімнің
жеткені, мұндай оқулардың жастарға берері көп. Ел ішінде Абайдың барлық
өлеңдерін жатқа білетін балалар бар. Тіпті өзге ұлт өкілдерінің ақындарымыздың
барлық өлеңін жатқа оқығанының да куәсі болғанмын. Бұл мақтаныш емес пе?!
Мектеп көбінесе балаларға өтетін дәрісімен ғана шектеледі. Ал ақын оқулары
балалардың жырға деген талпынысын арттырады, сондай болмаққа ұмтылады.
Осы орайда айта кететін жайт, ақын оқулары халықтық мерекеге айналса, нұр үстіне
нұр болар еді. Бүгінде аталмыш іс-шара оқушы мен ұстаздар айналасында ғана
шектеліп қалып жатыр. Осы жағы өкінішті. Сондай-ақ ақын оқуларына түрлі ақын-
жазушыларды халыққа үлгі ретінде жиі қатыстырған жөн дер едім.
Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
...Мұқағалидың әкесі Сүлей-
мен шаруа адамы еді. Колхозда
сушы, шалғышы болып жүреді
екен. Мен оның ауылымен ірге-
лес жатқан Сарыбастаудың
қызымын. Тағдыр айдап, дәм
жаз ды ма, екеуміз үйленіп, жас
отау болдық. Тиын деген енем
бар еді. Мейірлі, кісілігі мол жан
болатын. Жоқшылық замандағы
көп қиынды ғы мызды тең бөлі-
сіп, жел жағымызға пана болып,
мәпелеп өсірді. Мұқағали тұң-
ғы шым болған соң ба, енеме
та биғи болып, мені жеңге есебі-
не санайтын. ...Соғыс деген пәле
басталғанда, Сүлеймен осы Қа-
расазда бір топ жігітпен бірге
майданға аттанды. Мұқағали
он да он жаста. Ес кіріп қалған
бала.
...Бастауыш кластарды Қара-
саз өңі ріндегі шағын ауылдарда
оқып, орта мектепті аудан орта-
лығы – Нарынқолдағы интер-
натта бітіріп шықты. Ауқаттылар-
дың балалары Алматы асып,
үл кен оқу іздеп жатқанда, ол
ауыл дық кеңеске хатшы болып
қыз метке тұрды. 14-15 жасынан
жаза бас таған өлеңінен қол үз-
ген жоқ. Төбесі ап-аласа үйге
қа лың-қалың кітаптарды үйіп
тас тап, бірінен кейін бірін оқи-
тын да жататын. Ауылдың атқа
мі нер лері сол кезде-ақ таңдана-
тын. «Нағиман шеше, сіздің тен-
те гіңіз осынша орысшаны қай-
дан үйреніп жүр?» дейтін... Сөйт-
сем, өзін-өзі оқытыпты ғой шы-
ра ғым. Кейін ауылдағы мектепте
де қызмет істеді. Содан аудан дық
газетке барды. Өлең дері жиі жа-
риялана бастады. Содан не керек,
1962 жылдың жаз айын да аяқ-
асты бұзылды. Мені жең ге орны-
на санап, Нақа дейтін. Бір күні
аса көңілді қалпында:
– Ал, Нақа, бұйырса, алма-
тылық бо ласың, көшеміз, – деді
әй-шәй жоқ. Шынымды айтсам,
мен бұған нанбадым. Өйт кені
астанаға бала-шағамен көше
қоя тындай жинаған қорының
жоғын білемін. Екі інісі де, бала-
лары да жас. Мен болсам отыр-
ған бір масылмын.
– Сонда қайда барамыз?
Үйді қайтесің, балам-ау? – дей-
мін.
– Қорықпа, Нақа! Өлеңім
өлтірмейді. Асырайды бәрімізді,
– дейді маңдайы жарқырап.
Сөйтіп, ауылдан астанаға көш-
тік. Дайын тұрған үй қайда?!
Тас тақ тан Шынықұл деген қазақ
шалдың кішкентай екі ауыз үйін
жалға алды. Рас, ол кезде пәтер-
ақы арзан. Ақша да тапшы. Ба-
лам радиода, газет-журналдар-
да қызмет істеді. Анда-санда
мәз болып жаңа шыққан өлең-
де рін көрсетеді. Арагідік болс а
да қаламақысын алып, мәре-
сәре болады. Кең жайлауда
өскен адамға ығы-жығы қалада
күн кешу қайдан оңай болсын?!
Қысылып-ақ жүрдік. Мен де,
келінім Лашын да, Мұқағалидың
өзі де сыр бермедік. Сөйтіп
жүргенде, біздің шаңырақ аяқ-
астынан шайқалды. Мұқағали-
дың Майгүл деген қызы жол
апатынан жазым болды. Міне,
осыдан бастап балам сеңдей
бұзыл ды. Қатты күйзелді. Иығы
түсіп, сылынып сала берді. Мі-
незінде де өзгеріс пайда болған-
дай болды. Сөйтсем, не кітабын
шығара алмай, не қамқор ала-
қан ның шуа ғына бөлене алмай
қиналып жүрген кезі екен ғой.
«Жығылғанға – жұдырық» де-
гендей, оған қызының өлімі қо-
сы лып, жүнжіп-ақ кетті. Сөйтіп
жүріп, толассыз жаза берді. Не
жазғанын қайдам...
Пәтер жалдап бірталай жыл
әуре-сарсаңға түстік. Бірді-екілі
жұқа кітаптары шықты. Қазір
қай жыл екенін де ұмытып отыр-
мын, Интернациональная деген
көше ден екі-үш ауыз тас үй ти-
гендегі қуанғаны әлі есімде.
Мұқағалидың тіршілігінде
мансап пен байлықтың қызығын
көрмегеніне туған анасы – мен,
жан жары Лашын куә. Бірақ
дәулетімді молайтайын, қызме-
тім ді жоға рылатайын деп басын
қатырған емес. Кейде апталап
үсте лінен тұрмай, өлеңмен ар-
палыс қанда үйінде не бар, не
жоққа назар да салмайтын.
Сондайда Лашынға жаным да
ашитын. Кейбіреулер: «Ой, ол
ондай еді, мұндай еді» дейтін де
шығар. Баламның оны шаршат-
қан кезі болған жоқ деп қалай
айтайын?! Еркелеп кететін кезін
де көрдік. Түнерген аспандай
мұңды сәті де болатын. Қуанса,
өлең үшін, жаңа шыққан кітабы
үшін қуанатын. Туған жері – Қа-
ра сазын мақтана айтатын. Ауыл-
ға жиі қатысуды армандайтын.
Барып, еркелеп, мауқын басып
та тұрды.
Жасы 40-тан асқан соң-ақ,
не ауру екенін қайдам, әйтеуір,
бір дерт жабысты. Анда-санда
тарығып отырып қиналғанын,
ұйықтай алмай шыққанын айта-
тын. Ара-арасында ауруханаға
жатып, емделіп те жүрді. Қайта-
дан ауырды. ...Өлерінен біраз
жыл бұрын Мәскеу барып, әде-
биетшілердің үлкен оқуын оқы-
ды емес пе? Оны да тауысқан
жоқ. «Олардың білетінін өзім де
біледі екенмін. Алматымды са-
ғын дым. Балаларымның қасын-
да болайын деп кеттім де қал-
дым, Нақа», – деп, менің ар-
қам нан қағып қоятын жары ғым.
Е, жалған дүние-ай!
Бір байқағаным, ауру жаны-
на батқанда қатты күйзеліп-ақ
жүрді. Әншейінде тау тұлғалы
шырағымның еті қашып, ірі сү-
йек тері саудырап сала берді ғой.
Несін айтайын... Әйтеуір, қала-
мын қолынан тас
таған жоқ.
Оңа ша үйде күбірлеп сөйлеп,
толғатқан анадай күй кешкен
кездерін де көрдім. Сөйтсем,
мы на жалғаннан арғы ауылға
аттанатынын сезіп, соңына сөзін
қалдыру қамымен жанталасқан
екен ғой жазған бала...
Нағиман БАТАНҚЫЗЫНЫҢ
естелігінен ықшамдалып
дайындалды.
(Мұқағали: Естеліктер –
Алматы: Жалын, 1995)
Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ,
филология ғылымының докторы, профессор
Аян НЫСАНАЛИН,
ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері
Мақатаев лирикасы» деген тақырыпта доктор-
лық еңбекке ұластырып, өз зерттеуін ары қарай
тереңдетіп, толықтыру үстінде.
Мұқағали шығармашылығы жөнінде кезін-
де жылы пікір білдіріп, алғашқы мақала жазған
қаламгерлер Сайлаубек Жұмабекұлы, Әбіш
Кекілбаев, Төлеген Тоқбергеновтерден бүгінгі
жастарға дейінгі аралықта қаншама құнды де-
ректер мен шынайы пікірлерге толы дүниелер
түзілді. Бүгінгі күні Мұқағали турасында белгілі
философ ғалым Ғарифолла Есім мен талғампаз
сыншы Амангелді Кеңшілікұлы, талантты ақын,
Бауыржан Жақып сынды қаламгерлер тұшым-
ды пайымдамалар жазып жүр. Дегенмен әде-
биетші ғалымдар мен қаламгерлердің ақын
шығармаларына ғылыми тұрғыда жасаған
тал даулары қарапайым бұқараға толыққанды
жете бермеуі мүмкін. Сол себепті де көпшілік
қауым мұқағалитанудың аяқ алысынан бей-
хабар болуы мүмкін. Ғылым қашанда зерделі
сана мен уақытты қажет етеді. Осы тұрғыдан
алғанда, жалпы, әдебиеттану да, оның ішінде
мұқағалитану бағыты да болашақта өз жемісін
бермей қоймас. Ғылымның игілігі адамзатқа
қызмет етеді емес пе?!
Жас ғалымдардың Мұқағали мұрасына
ден деп, қызығушылық танытуы әсіресе 2000
жылдан бері белең ала бастады. Бір айта ке-
терлігі, кейінгі зерттеушілер ақын шығар ма-
ларын бүгінгі заман барысымен сабақтас-
ты
рып, Тәуелсіздік биігінен және ұлттық
сана тұрғысынан саралауға едәуір талпыныс
жасап келеді. Мұның бәрі Мұқағалиды сан
қырынан тануға, оның болмыс-бітімі мен жа-
зып қалдырған туындыларына тың көзқарас-
тармен үңілуге мүмкіндік береді. Нақты мы-
сал келтіретін болсақ, осыдан бес жыл бұрын
өзімнің шәкірттерімнің бірі Бибіжан Бегманова
«Мұқағали Мақатаев лирикасының ұлт тық си-
паты» деген тақырыпта кандидаттық дис сер-
тация қорғады. Қазір жас ғалым бұл жұмы сын
«60-70-жылдардағы қазақ поэзиясы жә
не
Достарыңызбен бөлісу: