Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі3,71 Mb.
#6777
1   2   3   4   5   6

Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ, 

ақын, аудармашы, филология ғылымының докторы, профессор:

– Елімізде Мақатаев шығармаларына қатысты бүгінгі күнге дейін бірнеше 

ғылыми жұмыс қорғалды. Алайда бұл төңіректегі ізденістер толыққанды ғылыми 

айналымға түсіп кетті дей алмаймыз. Оның үстіне, біздегі білім саласындағы түрлі 

реформалар кейбір ғылыми жұмыстардың жарыққа шығуына айтарлықтай кедергі 

болып отырғаны рас. Мысалы, қазіргі кезде докторлық диссертация қорғаудың 

ереже-талаптары өзгерген. Қандай тақырыптан болсын докторлық дәреже 

алғыңыз келсе, сіздің еңбегіңіз шетелдің беделді бір ғылыми басылымында жари-

ялануы міндетті болып отыр. Мұндай қатаң талаптар Мұқағали жөнінде докторлық 

еңбек жазып жатқандарға да біршама қиындық тудыратыны сөзсіз. Дегенмен де 

ғылыми атақ-дәрежеге ұмтылмай-ақ өз беттерінше ізденіп жүрген жастар да кез-

деседі. Ақын мұрасына байланысты көлемді монография жазып жатқан белгілі 

ғалымдар да бар. Осы тұрғыдан алғанда, мұқағалитану бағыты өз арнасын жаңа-

жаңа тауып келеді деп айтуға болады. 

БЕЙТАРАП ПІКІР

Ол өлеңсүйер қауымның арасында тірі 

кезін де-ақ кеңінен танымал болды. Оның ша-

ғын кітаптары қолдан-қолға өтіп, ел арасына 

тез тарады. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін, 

атағы тіпті дүркіреді. Ақын поэзиясының биік-

ке көтерілуі оның талантының шексіз екендігін-

де, білімінің тереңдігінде жатыр. Ол тіршілігін-

де көп кедергі мен қиындықтарға тап болды. 

жақсылы-жаманды адамдармен араласты. Ол 

өмір сүрген қоғам да бүгінгіден тым бөлек әрі 

бөтен еді. Міне, бүгінгі мұқағалитанушылардың 

алдында ақын ғұмырының әр кезеңін зерделеп, 

шығармаларын тақырыптары бойынша тал-

дап, оның біртұтас поэзия әлемімен байла-

ныс тыра отырып саралау жауапкершілігі тұр. 

Білуімше, жекелеген зерттеушілер Мұқағали 

шығармалары жөнінде кандидаттық жұмыстар 

қорғап жатыр екен. Өз беттерінше ізденіп 

жүргендер де баршылық. Бірақ әр жерде жеке-

дара жүрген зерттеушілердің басы бірікпе-

гендіктен, мұқағалитану ғылыми айналымға 

ене алмай отыр. Егер де ақын мұрасы ғылы ми 

тұрғыда тәптіштеп жинақталып, оның өмі рі не 

қатысты деректер ғылыми дәлдікпен айғақ-

талып, нақтыланса, Мұқағалиға қатысты әр-

түрлі сипаттағы әңгімелер көп айтылмас еді. 

Біз ақынның жүрегіне үңіліп қараудың ор-

нына, әр нәрсенің басын бір шалып, телегей 

мұ раның бетін ғана қалқып жүрміз. Біз Мұ-

қағалиды «Қарасаздан шыққан ақын еді» 

дей бергенше, «Мұқағали – қазақтан шыққан 

талант» деп мақтануымыз керек. Жалпы, біз 

мықты ақын дарымызды әлем тілдеріне ауда-

рып, төл әдебиетіміздің пәрменін өзгеге 

таныта түсуіміз қажет. Өкінішке қарай, біз 

Мұ 

қағалидың өлеңдерін ғана зерттеумен 



айналысып жүрміз. Оның өскен ортасы, 

ішкі ой-мұңы, тұрмыста көрген теперіштері 

мен отбасы, жақындары жайында ғылыми 

ізденістер жоқтың қасы. 



Салтан СӘКЕН

да алдыңғы қатарындағы драма. Және кез кел-

ген аудито рияның көзайымына айнал ған спек-

такль болды. Бәрінен де қызығы, Мұқағалидың 

рөлін сомдаған Қалибек Қуаныш баев атындағы 

Музыкалық драма театрының әртісі Жанқалдыбек 

Төлен баев  тың  ақыннан  аумайтындығы  ақын 

тіріліп, алдыңа келгендей сезім қалдырады екен. 

Серік Тұрғынбеков те әртістің түр-сипаты нан 

Мұқағали тұлғасының бір ұшқынын байқап: 

«Мен Мұқағали рөлін Жанқал дыбек Төленбаевқа 

арнап жаздым», – дей ді. Міне, шымылдығын 

ашып  берген Серік Тұрғынбековтің «Мұқаға-

лиынан» кейін бүгінде бірнеше драма дүниеге 

келді. 

Кино. Кино өнерінде Мұқағалиды көру 



әзірге мұң болып тұр. Өкінішке қарай, елімізде 

ақынға арнап көркем фильм түсірілген емес. 

Жалпы, біз бұл мәселеде әлі күнге дейін ақсап 

келе жат қанымыз жасырын емес. Кино – тұлғаны 

тарихта тайға таңба басқандай анық қалдыратын 

өнер. Келер ұрпаққа қалдыратын мұраның тап-

тырмас тәсілі. Бұл тәсілді Ресей жақсы жолға 

қойған. Жақында Пушкинге қатысты киноспек-

такльді қойды, фильм де түсірілді. Сондай-ақ 

орыс көршілеріміз Сергей Есенинге, Федор До-

стоевскийге, Лев Толс тойға, Михаил Лермонтов-

қа арнап көркем фильм түсірді. Тізе берсең, 

табыла береді. Ал бізде саусақпен санарлық 

қана: Абай, Жамбыл, Шоқан... Басқасын есіміз-

ге түсіре алмадық. Құдайға шүкір, Мұқағалиға 

деректі фильм түсіріліп жатыр. Ал көркем 

фильмнің ауылы алыс тәрізді. Осы жерде «неге 

біз бұл тұрғыдан Ресейден үлгі алмағанбыз?» 

деген заңды сұрақ туындайды. Әлде тұлға тақы-

рыбында түсірілген фильмдер өзін ақтамайды 

деп, оған шығындалғымыз келмей ме? Неге біз 

тұлғаларымызды, оның ішінде Мұқағалиды 

кино саласында дәріптей алмай келеміз? 

Серік ТҰРҒЫНБЕКОВ, «Мұқағали» 

драмасының авторы, ақын:

– Қалибек Қуанышбаев атындағы Музы-

калық драма театрында жұмыс істеп жүр ге-

Абай «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз 

қалдырған» десе, данышпандарымыз «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты 

өлмейді» дейді. Осы сөздерді Мұқағали Мақатаевқа қаратып айтсақ, артық 

айтқандығымыз емес. Оның артында өлмес сөз қалдырған, өшпес іс қалдырған 

ақын екеніне дау айтатын адамды осы уақытқа дейін кездестірмеппіз. Бүгінде 

ақын сөзі «жапырақ жүрек жас қайыңның» сыбдырындай әр жерден еседі. 

Қайын жұртқа қандай сүйкімді болса, ақынның өзі де, сөзі де халыққа сондай 

сүйікті болды. Алайда бүгінде көпшілік ескермей жүрген бір мәселе өзекті өртеп 

бара жатқаны – шындық. Ол – ақын бейнесін кинода, театрда, өзге де бейне 

өнерінде қалыптастыру және сақтап қалу.

Бүгінде Мұқағалидың бейнесіне қыл қалам 

тартып жүрген суретшілеріміз аз емес. Оның 

ішінде шығармашылығының басым көпшілігін 

Мұқағали тақырыбына арнаған суретші Алмас 

Сырғабаевты да атап кетуге болады. Суретші 

был тыр Мұ қа ғали Мақатаев рухына арнаған 

«Қар лығашым, келдің бе?» атты поэти калық су-

рет көрмесін өткізген болатын. Күні кеше ғана 

ақынның 80 жылдық мерей тойына орай Т.Жүр-

генов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия-

сында Сурет ші лер одағы ның ықпалымен құ-

рылған «Ға ла март» шығармашыл жастар клубы 

көр кем сурет көрмесін ұйымдастырды. Бұл ша-

рала рдың бәрі – ақын бейнесін бейнелеу өне-

рінде сақтауға қосылған үлес. 

Енді театрға келсек. Мұқағали тұлға сы ның 

алғаш рет сахнада сомдалуына ақын Серік Тұр-

ғынбекұлының сіңірген еңбегі зор. Осыдан сегіз 

жыл  бұрын  Аста на дағы  Қалибек Қуаныш баев 

атын дағы Музыкалық драма театрында Серік 

Тұрғынбекұлының «Мұқағали» поэти калық 

драмасы көрер менге жол тартты. Бұл пьеса әлі 

күнге дейін театр маусымындағы репертуарлар 

тізімінен түскен емес. Кассалы қойылымдардың 

нім де белгілі режиссер Әзірбайжан Мәм-

бетов ағамыз: «Ақыннан жаман драматург 

шықпай ды. Ақын болға ның мен, жаза да 

аласың. Сондықтан да «Мұ қа ғали» драма-

сын сен жазасың. Ақын ның жанын ақын ғана 

түсінеді», – деп ұсыныс жасады. Драма осы-

лайша дүние ге келді. «Мұқағали» драмасы-

ның сәтті шығуына менің драматургтік ше-

берлігім емес, ақынның өзінің болмысы мен 

өлеңдері себеп болды. Менің драмамнан 

кейін де бірнеше шығарма өмірге келді. Олар 

еліміздің әр аймағында қо йылып жатыр. 

Әркім Мұқа ғалиды әр қырынан көрсетіп, әр-

түрлі шешім шы ғаруда. Ол театр өнерінде 

дұрыс та шы ғар, бірақ кино өнеріне байқап 

қадам басу керек. Біздің жазып жатқан дра-

ма  ларымыздың кейіпкер болып сахнада 

көрініп жатуын киноға апа ра жатқан баспал-

дақ деп түсіну қажет. 

Жанқалдыбек ТӨЛЕНБАЕВ, 

Мұқағали рөлін сомдаушы актер:

– «Мұқағали» спектаклі көрермен тал ға-

майды. Барлық аудиторияға арнал ған, бар-

лы ғы сүйсініп көретін қойылым. Өзім Мұқа-

ғали рөлін сомдағанда залдан шыбынның 

ызыңын естімеймін. Жұрт ыждағаттылықпен 

тыңдайды. Енді, міне, «Қазақфильм» мен 

«Құн»  студиясы бірігіп, ақынның Дін мұ хамед 

Қонаевқа жазған хаты туралы «Мұқа ғалидың 

шын дығы» деген деректі фильм түсі ріп жа-

тыр. Мені соған шақырды. Алма тыға барып, 

55 минуттық фильмге түсіп келдім. Бұл бас-

тауы ма деп ойлаймын. Осы деректі 

фильмнен кейін Мұқағалиға деген жүрек те-

рінде сезімі бар, көкірегі ояу, көзі ашық ре-

жиссерлер Мұқағали фильмін қолға алатын 

шығар.

Жанқалдыбек 

ТӨЛЕНБАЕВ 

(Мұқағали 

бейнесінде)

Ақынмын деп қалай мен 

айта аламын, 

Халқымның өзі айтқанын 

қайталадым. 

...Күпі киген қазақтың 

қара өлеңін 

Шекпен жауып, өзіне 

қайтарамын...

Дайындаған Алмат ИСӘДІЛ


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№132 (584) 



29.07.2011 жыл 

жұма 


www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

4

?



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Мұқағали қанша жерде оқыған? 

Еркін ақын туралы не білеміз?

Ең алдымен ол қазіргі Әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың филология факультетіне, одан кейін 

шет тілдер институтына, сосын қайтадан ҚазҰУ-

дың заң факультетіне қабылданады. Әрқай-

сысында бір жылдан аспайтын уақыт қана 

оқиды. Мәселе бұл жерде Мұқағалидың қарым-

қабілетінің жетпегендігінде емес, оқуды аяқ-

тауы на тұрмыстық жетіспеушілік кедергі келтіріп 

отыр ған. Ал 1973 жылы Қазақстан Жазушылар 

одағының жолдамасымен Мәскеудің М.Горький 

атындағы Әдебиет институтына барып түсуі тіпті 

үлкен оқиға деуге тұрарлық. Себебі оған екінің 

бірі түсе алмаушы еді. Алайда ақынның анасы 

Нағиман апаның естелігінде: «...Оны да тауысқан 

жоқ... «Олардың білетінін өзім де біледі екенмін. 

Алматымды сағындым. Балаларымның қасында 

болайын деп кеттім де қалдым» деп, бір жылдан 

соң елге қайта оралды», – дейді. 

Ал «қанша тіл білген?» дегенге келсек, оған 

жауапты ақынның өз өлеңінен табуға болады: 

– Ана тілің?

– Қазақша,

Қысылғанда орысша да, немісше де та бы-

лар...

Мұқағали Мақатаев біршама оқуға түскен, бірақ аяқтамаған деп естиміз. Негізі, қай 

оқу орындарына тапсырған? Сондай-ақ ол қанша тіл білген?

Ажар ЖАҚСЫЛЫҚОВА, Кентау қаласы

АЙТЫЛАР ЕСТЕЛІКТЕР МЕН ТУРАЛЫ... 



МЕБЕЛЬДІ АУЫСТЫРЫП 

ҚОЮДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН

...Мұқағали орны бар, 

еңбегі бар ақсақалдарды қат ты 

сыйлап өтті, алдынан кесіп өт-

пей, сол адам өткенше кү тіп тұ-

ратын. Ақкөңіл, адал ды ғында 

шек болған жоқ. Мінезі өте тік, 

кей адамдар осы үшін де оған 

қарсы тұр ды. Анда-сан да Мұ-

қа ға ли дың  тік  мі не зіне  менің 

«мі не зім» де сайма-сай келе ке-

те тін.  Екеуміз  аяқ ас ты нан  «ті ре-

сіп» қаламыз. Бірақ ол райы нан 

тез қайтады. Ақкө ңіл, ақ еділ 

емес пе, үй-ішіне кек сақ тауды 

жек көрді. Көбі не се мұндай 

тіресу бірдеңе жет  пегендіктен туатын болуы 

керек.


Ол үнемі мебельді ауыстырып қоюды 

жақсы көретін. Көп мебеліміз жоқ. Мен мек-

теп ке жұмысқа кетсем, балаларға столдарды 

сүрткізіп, орындарын ауыстырып қойыпты. 

Бірде осындай ауыстырудан кейін бір жол дас-

тың әйелі келіп еді:

– Немене, мебель алғансыңдар ма? – деп 

жан-жағына қарап қалды. 

– Жоқ, ә. Бұл Мұқағалидың жалыққанда 

істейтін бір физкультуралық жаттығуы ғой, – 

деп шынын айтып едім, Ғайни қатты таң-

данып қалды... 



БАЛА ҰСТАУҒА ДА,

КҮТУГЕ ДЕ ШЕБЕР БОЛДЫ

Мұқағали бала ұстауға да, күтуге де ше-

бер болды. Шолпанымыз туған соң, мен бір 

жылдан кейін жұмысқа шығып кеттім. Соны 

әкесі мен балалар күтіп, мені іздет пе ді. Мұ қа-

ғали балаларын жанынан бетер жақ сы көрді. 

Даладан қандай ашуланып келсе де, 

балаларын көргенде майдай еритін. Төрт 

перзентінің маңдайын шертпей өтті. Айбар 

деген баламыз өте қыңыр, ша тақ болып өсті, 

бірақ Мұқағали Айбар де се, ішкен асын жерге 

қойды, тіпті оның сон дай шатақ мі нез де ріне 

сүйсініп оты ра тын. Ең кішкенеміз Шол пан 

деген қызын «Менің кішкентай поэзиям» деп 

кетті.

Мұқағали өлең жазумен бірге, шах мат ты, 



аңға шығуды, балық аулауды өте жақсы 

көрді. Бір жылы көктемгі балалардың дема-

лы сында Мұқаң желігіп, Қапшағайға барып, 

ба лық аулап келемін, балаларыма теңіз көр-

се темін деп болмады. Балық ау лай тын неше 

түрлі құралдар сатып алды. Азық дайын дап 

бер дім.  Балаларын  ертіп,  авто бус пен  Қап-

шағайға таңертең кетті. Кеш ке жақын шар-

шап-шалдығып бәрі үйге келді. Барса, Қап -

ша ғай көкпеңбек мұз, қа тып жатыр екен. 

Мі  не,  осындай  бір  әпен де шілік  болғаны 

бар.


Ауырмай, сау отырған бостау кездерінде 

дұрыс, дәмді тамақ ішуді жек көрмейтін. 

Көңілі келсе, палау басатын. Оны Бұхар па-

лауы, Наманган палауы деп ат қойып, же тіс-

пеген жерлерін, дәмділігін, сұлулығын сөзі-

мен толтырады. Үйдегі сынған нәрсені ба бы-

на келтіріп жөндеп те жіберетін. Мұ қа ғали 

анда-санда балаларына да, үлкендерге де 

көрсетпей насыбай ататын-ды. Ал үлкен шы-

ғар малар жазғанда та мақ ты да, басқаны да 

ұмытады. Есіне салып, әлсін-әлі шақырып, 

дастарқан басына сүйрегендей етіп әрең 

келтіресің.

АҚЫННЫҢ ДОСТАРЫ

Мұқағали өзі қатарлы білімді адам дар-

мен тез тіл табысып, достасып кететін. Бірде 

Қал жан Нұрмақановты үйге ертіп келіп, бізбен 

таныстырды. Бірде Қажығұмар Қуан дықовпен 

бірге келді. Ол кісіні «қазақ тың тұңғыш зерт-

теу шісі» деп таныстырды. Әнуар бек Дүй сен-

биевті де әрі құрдасым, әрі туысым деп жақсы 

көруші еді. Орыс жол дастары да болушы еді. 

Геннадий Круг ля ков деген ақын келіп жүретін. 

Оған бір жи нағын аудартпақ болды, кей жер-

де  ау дар ма  Мұ қа ға лидың  көңілінен  шықпай 

жа татын. Сергей Киселев деген әрі жас, әрі 

талантты ақын болды. Оны да әкеліп жүрді. 

Кейін оны емделуге жіберді, сонда да ол үз-

бей хат жазып тұрды. Бұл жігіт те ар ма ны на 

жетпей кетті. Андрей Вознесенскиймен де та-

нысып та, табысып та қалған жайы бар. Ук-

раин ақы ны Е.Летюк, ақын А.Елков тар да 

Мұқа ға лидың дархандығына бас иді. 

Мұқағали әсіресе өзінен кейінгі сөздің 

қадірін білетін студенттерді, жас, жаңа жаза 

бастаған ақындарды топ-тобымен ертіп 

келетін. Мен басқа ештеңе болмаса да, қысы-

жазы арпадан, тарыдан көже ашытып қоя-

мын. Мұқаң жаңағы жүрегінде алауы бар 

жас тарды үйге кіргізіп, қатарлап отырғызып 

қойып: «Мынау көже – атаңның асы, іш!» – 

деп беріп жатады. Жасыратыны жоқ, көңілдің 

хошы жоқта бәрін қуып шығамын. Оны 

Мұқаң есептемейді, кек тұтпайды, ертесінде 

нөкерлерін тағы ертіп келеді. Балалар қалай 

болар екен деп, есік жақта иіріліп тұрады. 

«Ой, қызталақтар! Жоғары шығыңдар! Же ңе-

шең оттай береді, оған қарама!» – деп, ашы-

ған көжесін беріп жатады дарханым. О да бір 

қатты сағын дыратын дәурен екен ғой!!!

ДОСЫ ӨЛЕҢІ ЕДІ

Мұқағали өлеңді көбіне түнде жазатын. 

Ертесіне бізге «бүгінгі жоспар орындалды» 

дейді. Бұл өлең тыңдауға келіңдер деп ша-

қырған белгісі еді. Өлеңінің бірінші сын шысы 

да, тыңдаушысы да өзіміз боламыз. Ақын жас 

бала сықылды ғой. Мұқағалиға «Анау сөзің 

керемет! Осындай халықтық сөз дерді қайдан 

таба қоясың?» десек, соған да мақтанып қа-

ла тын. Осыған қара ған да, ақын нәзік жанды, 

сәл нәрсеге рен житін осал әрі періште адам 

ғой деп есеп теймін. Сондай айдарынан жел 

ескен алып Мұқағалиды ренжітіп, жетімсіретіп 

қою оңай еді.

Айнымайтын, айналмайтын, ашулан бай-

тын серігі, досы өлеңі еді. «Өлең жаз ған да бір 

жасап қаламын» дейтін. Өлеңін оқы ғанда 

даусы кең, шалқып-тасып жата ды, әр сөзі тү-

сі нікті. Өлеңін көңілді отыр ған да ғана оқитын, 

дауыста ешбір мүкіс жоқ, өзі қандай зор 

болса, даусы да сондай таза, мөлдір, еріксіз 

ұйып тыңдап қаласың. Өлеңі – тынысы, ал-

дамайтын адал досы, жұ баныш-үміті, жа на-

шыры, қуанышы, сыр ласы-мұң дасы болды. 

Өлеңді де, ақын ды да қадірлеп өтті. Жыр 

жазған дәп тер ле рін жетісіне, айына бір қарап, 

аялап, тү ген деп, қайта оқып, кейін нен жет пе-

ген жерін қайта жазып, тү зетіп, реттеп қоятын-

ды.  Мұ қағали  алғаш қ ы   жылдарда  өлеңдерін 

ептеп түзейтін, ал кейінгі жылдары өлеңді ал-

дын ала ойлап-тол ғап алып, дәптерлерге бір-

ден жазып тас тайтын. Жазуы өте сауатты, тү-

сінікті болатын-ды. Өлеңді көбінесе күз де, 

қыста өндіріп жа зып тастайтын. Мұ қа ғали 

күзді қатты ұнатты...

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫН МҰҚАҒАЛИДАЙ 

СҮЙГЕН АДАМДЫ КӨРМЕДІМ

Мұқағали Жазушылар одағын өз жылы 

ұясындай, жығылса, сүйейтін, қысылса, кө-

мек тесетін туған ағасындай, кең тыныс алатын 

ақ ордасындай көрді. Жазушылар одағы есіне 

түссе, «одаққа барамын»  деп, жазып отыр ған 

өлеңін тоқтатып қойып, дереу жиналып 

шығып кететін. Сөйтіп, «одағым, одағым» деп 

өтті Мұқағали. Жазушылар одағын Мұқа ға-

ли дай сүйген адамды көрмедім. 

...Мұқағали кірпігі әрең қимылдап, ем ха-

нада жатыр. Әбден арыған. Сөйлеуге де ша-

масы жоқ. Сөйтіп жатып, бар күшін жинап, 

соңғы рет сөзге келді: «Лашын, такси әкел, 

одаққа барайық... Балаларым жас еді... Біт-

пе ген жұмыстарым бар еді...» – деп сыбырлап 

әрең-әрең айтып шықты. Міне, қасірет деген 

көзіме жаңа көрініп тұр. «Мұқағалиды көретін 

көзім қазір соқыр болып қалсашы!» деп еңі-

реп тұрмын. Айтуға тілім жетпейді дәл мына 

сұмдық суретті. Мұқаңның айтқанын емдеуші 

дәрігерге айтып едім: «Сіздің есіңіз дұрыс па, 

мынадай жағдаймен ауруды таксимен алып 

жүремін дегеніңіз надандық қой, одан да 

жақындарыңыз болса, хабарлай беріңіз», – 

деп сөзімен, пейілімен емдейтін дәрігерім 

төбемнен қос жұдырықпен бір-ақ соғып, 

шала өлтірді. Сүмірейіп, өлігімді сүйреп үйге 

жеттім. Ертесінде тілі мүлде жоқ болып қалды 

да, түн ауғанда қайтыс болды...

Мұқағали тілі бай халық тілі еді. Ол халқын 

қалай сүйсе, халық та оны солай сүйді... 



Лашын Әзімжанованың естелігінен 

ықшамдалып дайындалды. 

(Мұқағали: Күнделік – Алматы: 

«ҚазАқпарат», 2009)

Ол халқын қалай сүйсе, 

халық та оны солай сүйді... 

МҰҚАҒАЛИ – ПОЭЗИЯ



Қара өлеңнің Хантәңірі

Ол өзі өмір сүрген заманның сұр қия-

лы ғы мен әділетсіздігін жан сүзгісінен өт-

кізіп, қаймана қазақтың сөзін сөйледі. Мұ-

қа ғалидың тағы бір ерекшелігі, ол, шын 

мә нін де, ұлттың ақыны ғана болып қалмай, 

төр т кіл әлемде болып жатқан түрлі құбы-

лыс тарға бейжай қарай алмайтын қалам 

иесі ретінде ғаламдық тұрғыда ой толғаған 

кең тынысты талантқа ие болды. Өлеңге 

құ былыс болып келген ол адамзатты тол-

ған дырған тақырыптарға барды. Төл әде-

бие т імізден нәр ала отырып, әлем клас-

сик терінің туындыларымен тамыр жал ғас-

тырды.

Ғаламды санасымен құша отырып, ол 



ақ қағазға өз мұңын төгу арқылы қазақтың 

ішкі дертіне шипа іздеді, жетімін желеп-

жебеп, жесірін жұбатуға жылы сөзін сарп 

етті. Сұрапыл соғыстан кейін ұлт басына 

төнген ауыр жылдар, кеңес заманының 

қызыл саясаты тудырған зауал мен ұмыт 

қала бастаған тамырлы ата дәстүріміз бен 

иманымыз Мұқағалиды да толғандырмай 

қой мады. Ұлтымызды құрсауда ұстап, ба-

сы мызға бұғалық салған кеңестік идео ло-

гия Мұқағали музасын мазасыз күйге тү-

сір ді. Алайда ноқтаға басы сыймаған 

ақын  ның жүрегі аласұрып, ақ жолдан 

адас пай, ақиқат іздеуден тартынбады. Ол 

өзі жырға қосқан үш бақытын – Халқын, 

Тілін, Отанын аялап өтті. Қазақтықтан ажы-

ра ған қоғамда өмір сүрген ақын азаттықты 

аңсады. Қай өлеңін алсаңыз да, оның аста-

ры нан бостандыққа ұмтылыс пен еркіндікті 

аңсау бар. Мысалы, ақынның сәбиіне ар-

на ған мына бір өлеңінің кейбір тұсына зер 

салып көрсек:



Бұлқынып жатыр, 

Келмейді-ау құрғыр шамасы. 

Бұлқынып жатыр, 

Таусылды-ау айла-шарасы. 

Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай, 

Бостандық берші, 

бостандық берші, мамасы. 

 

Қарашы мынау қабаржып 

жатқан пішінге, 

ЬІза мен ашу қайнайды келіп ішінде. 

***

Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық! 

Ауа мен күнге, 

ай менен нұрға малшынып. 

Бұлқынып жатыр, 

ұмтылып жатыр, қарашы: 

Кішкентай жүрек көрсетіп 

жатыр қарсылық.

Бір деммен оқып шыққанда-ақ, бұл 

өлең кішкентай сәбиге арналғандығы 

айқын аңғарылып тұрады. Бірақ қайыра 

оқып, астарына үңілсеңіз, басқа ойдың 

ұшқынын аңғарасыз. Өлеңде айтыл-

ғандай, бұлқынып жатқан сәби – кеңестік 

құрсаудағы қазақ қоғамы. Сол қоғамда 

Отан-Ана біз үшін Ресей еді. Ақынның 

«аяқ пен қолын матамай, бостандық 

берші, мамасы» деп жан ауырта жырлауы 

да тегін емес. Иә, сол кездегі алып им-

перияның қол астында «ыза мен ашуға» 

булығып, басылып қалған қазақ қоғамы 

бостандыққа ұмтылуға бұлқынып, қар-

сылық көрсетуге талпынып жатқан кіш-

кентай жүрек иесі еді. Ал «Жаным-ай» 

деген бір өлеңінде:



«Басымыздағы бақыттардан да күсеміз, 

 Қазылған орға өзіміз іздеп түсеміз. 

 Қайтеміз енді?! 

 Ұлы бола алмай ішеміз...» – деген жолдар 

бар. Иә, Мұқағали ғұмыр кешкен қоғамда 

қазақ ұлтын бақытты өмір сүрді дей 

алмаймыз. Орыстың арағына уланып, 

ататегімізді «ов, ев» деп жаздыртып, 

тіліміз мен дінімізден ұрпағымызды без-

дірген саясаттан енді-енді арыла бастадық 

емес пе?! Қазір ғой орысша жалғауды 

алып тастап, «ұлы», «қызы» атанып жүр-

ге німіз... Мұндай мысалдарды көптеп 

кел тіре беруге болады. 

Ақынның бай шығармашылық мұрасы 

бүгінде көптеген ғылыми-зерттеу еңбекке 

арқау болып отыр. Солардың ішінде 

«Мұқағали және Тәуелсіздік» ұғымына 

айрықша көңіл бөліне бастауына негіз жоқ 

емес. Қалай десек те, бүгінгі заман  Мұ-

қағали поэзиясын өзге қырынан тал дап-

тануға серпіліс тудырып отыр. Абай да-

налығының нәрінен сусындап, Махам бет-

тің өршілдігіне қаламын жонып, Қасым 

жы рынан от алған Мұқағали бүгінде адам-

заттың ақынына айналды. «Күпі киген 

қазақ тың қара өлеңіне шекпен жапқан» 

Қара саздың қара баласы миллиондарды 

мойындатып, рухты поэзия тудыра алғаны 

анық.

Ақын өзі жазып қалдырған күнделігінің 



бір тұсында: «Айналып келгенде, поэзияда 

рух үлкен рөл атқаруға тиіс. ...Кімде рух 

бол 

 

маса, ол поэзиядан аулақ жүруі 

керек...» – деп ой толғапты. Бұл мәртебелі 

өлең ге шын жанашыр ақынның кесімді 

сөзі іспетті. Қазақ поэзиясына бояуы қанық 

ұлттық реңк пен сананы сілкінтер рух ала 

келген ақын шығармаларын қайта-қайта 

парақтаған сайын тың ойларға тап болып, 

көкейді тескен сан сауалға жауап таба ры-

мыз анық. «Тау алыстаған сайын ас қақ-

тайды» деген даналыққа сенсек, Мұқағали 

поэзиясының Хантәңірі де ғасырлар ал ма-

сып, жылдар жылжыған сайын биік тей 

бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет