Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОҚИҒАЛЫҚ ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ



Pdf көрінісі
бет24/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОҚИҒАЛЫҚ ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 
 
Каримова М.Д.- аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Оқиғалық  франчайзинг  (Event  franchising)  сӛзі  жаңа  термин  болып  табылады. 
Термин  ӛздігінен  іс  жүзінде  қолданылмайды,  себебі  осы  терминді  түсіндірудегі 
пайдаланылатын  негізгі  ұғымдар  басқа  сегменттер  мен  секторлардың  бӛлігі  болып 
табылады.  Сондықтан, терминді  толық  түсіндіру  үшін  бастапқыда  ұғымның  құрамдас 
бӛліктеріне анықтама беру қажет.  
Еvent  сӛзінің  (оқиға,  іс-шара)  ағылшын  тілінде  әлеуметтік-мәдени  және 
техникалық, тіпті пәлсапалық (философиялық) секілді кӛптеген ұғымдары бар.  
Сонымен,  Еvent  (оқиға  немесе  арнайы  оқиға)  –  бұл  нақты  уақыт  аралығында 
және  нақты  мақсатта  жүргізілетін  және  қоғам  үшін  белгілі  толқынысы  бар 
жоспарланған әлеуметтік-қоғамдық оқиға/іс-шара. 
Еvent түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: 
Фестивальдар, карнавалдар, парадтар, мерекелеулер; 
Конференциялар, форумдар, симпозиумдар, дӛңгелек үстелдер; 
Білім беру іс-шаралары: семинарлар, тренингтер, біліктілік арттыру курстары; 
Спорттық жарыстар (мысалы, Олимпияда ойындары); 
Концерттер, фильм кӛрсетілімдері, таетрлық қойылымдар; 
Мерейтойлар, үйлену тойлары, салтанатты кештер; 
Іскерлік  оқиғалар:  сауда  маркасын  қолпаштауға  байланысты  кӛрмелер, 
жәрмеңкелер,  сауда  шоулары,  тұсаукесерлер,  кәсіпорынды  ашулар,  қабылдаулар,  іс-
шаралар және т.б. 
Егер  осы  тізімге  сүйенетін  болсақ,  онда  «оқиға»  сӛзінің  қолданылуы  іс-
шаралардың синомикалық түпмәтінінде ӛзі білдіретін ұғымның ӛрісін тарылтады. Егер 
сӛздің  кең  мағынасында    «оқиға»  ұғымы  барынша  кең  түсінікті  білдіретін  болса,  ал 
еvent – оқиға/іс-шара сӛзімен бірігіп, бұл сӛз кәсіби терминге айналады. Бұл жағдайда 
«оқиға» сӛзінің мағынасы барынша тар семантикалық диапазонда пайдаланылады және 
«арнайы оқиға» түсінігіне барынша сәйкес келеді. Мысалы, конференция – бұл арнайы 
оқиға немесе іс-шара, ал қаржы дағдарысы – бұл енді сӛздің кең ұғымындағы оқиға. 
Ивент  –  заманауи  іскерлік  әлемінің  бір  бӛлігі  және  осындай  оқиғаларды 
ұйымдастыру  үшін  толық  бір  индустрия  қалыптасты,  яғни  ивент  –  іс-
шараларды/оқиғаларды ұйымдастыру мен ӛткізу бойынша менеджмент немесе қызмет 
кӛрсетулер секторы. Бұл қызмет кӛрсетулердің елеулі үлесін алып жатқан үлкен сала. 
Саланың  ӛз  ережелері,  кәсіби  іс-шаралары  және  ассоциациялары  бар.  Мүшелері 
әлемнің  40-тан  астам  елдерінде  жүрген  IFEA  (Фестивальдар  мен  оқиғалардың 
халықаралық асссоциациясы) сектордың кәсіби ӛте беделді бірлестігі болып табылады. 
Ивенттер  ӛткізу  –  бұл  ӛз  ерекшеліктері  мен  жанрлық  ӛзгешеліктері  бар  толық 
бір  ӛнер.  Және  оқиғаның  әрбір  түрінің  ӛз  мамандары  бар,  себебі  оқиғалардың  ӛзі 
әртүрлі  салалардың  бӛліктері  болып  табылады.  Ивент  индустриясы  оқиғаның  сипаты 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
198 
бойынша да және іс-шаралардың ақырғы мақсаттары бойынша да кӛптеген секторларға 
бӛлінеді.  Сонымен,  жарқын  және  есте  қаларлық  оқиғаның  немесе  оқиғалардың 
кӛмегімен  нақты  бір  сауда  маркасын  қолпаштауға  бағытталған  іс-шаралар  кешенін 
білдіретін оқиғалық маркетингті (event marketing) атап ӛту ӛз алдына қызық. 
Оқиғалық  маркетинг  –  жеткілікті  түрде  тез  ӛсіп  отырған  сегмент,  оның  басқа 
маркетингтік  құралдар  арасындағы  үлесі  бүгіннің  ӛзінде  50  %-ға  жақындады.  Тіпті 
оқиғалық  маркетинг  проблемаларын  зерделейтін  арнайы  институт  бар:  бұл  сала 
бойынша  маманданушы  компаниялар  үшін  аналитикалық  және  ақпараттық  ресурс 
болып танылатын Маркетинг оқиғаларының институты (Event Marketing Institute). 
Іс жүзінде кез-келген оқиғаны маркетингтік оқиға ретінде пайдалануға болады, 
бірақ  жиі  жағдайда  бұл  компанияның  сауда  маркасын  қолпаштаушы  арнайы  іс-
шаралар:  тұсаукесерлер,  мода  кӛрсетілімдері,  road  shows,  корпоративтік  кештер, 
семинарлар және т.б. 
Оқиға  (ивент)  ӛз  қолданылуын  туристік  салада  да  тапты.  Кейінгі  кездері 
туристік  қызмет  кӛрсету  секторында  «оқиғалық  туризмнің»  үлесі  ӛсіп  келеді. 
Туризмнің  бұл  түрі  туристер  арасында  кең  танымал  бола  түсуде  және  тіпті  қызмет 
кӛрсетудің  осындай  түрлеріне  толығымен  маманданған  компаниялар  бар.  Толығымен 
алғанда,  осы  сегмент  туристік  саланың  бір  бӛлігі  болып  табылады.  Оқиғалық  туризм 
дегеніміз не? Оқиғалық туризм терминінің оқиғалық маркетинг терминімен үндестігіне 
қарамастан,  бұлар  әртүрлі  салалардың  сегменттері.  Жоғарыда  айтып  ӛткеніміздей,  
оқиғалық  маркетинг  –  бұл  брендті  (брендтерді)  танымал  ету  үшін  арнайы  оқиғаны 
ұйымдастыруды  және  ӛткізуді  (немесе  ӛткізіліп  жатқан  оқиғаны  пайдалануды) 
кӛздейтін  ивент-менеджменттің  бір  бӛлігі.  Ал  оқиғалық  туризм  –  бұл  басқа  елдерде 
ӛтіп  жатқан  оқиғаларды  барып  кӛру.  Мысалы,  Бразилияда  ӛтетін  карнавалды  кӛру. 
Оқиғалық  маркетинг  пен  оқиғалық  туризм  әріптестік  немесе  аралас  секторлар  болуы 
мүмкін.  Әдеттегідей,  оқиғалық  туризммен  туристік  компаниялар  айналысады,  алайда 
жеке оқиғалық туризм де сирек емес. 
Оқиғалық туризм бірнеше түрлерге бӛлінуі мүмкін. 
Спорттық:  спорттық  сипаттағы  әртүрлі  оқиғаларды  барып  кӛру:  чемпионат, 
олимпияда,  ойындар,  жеке  спорттық  кездесулер,  кубок  жарыстары,  Уимболдон, 
Формула-1 секілді беделді жарыстар және т.б.; 
Іскерлік: кӛрмелерге бару, конференциялар, семинарлар, форумдар; 
Мәдени-танымдық: 
шетелдік 
тұсаукесерлерді, 
театр 
қойылымдарын, 
фестивальдарды,  концерттерді,  перфоманстарды,  карнавалдарды,  шоуларды  барып 
кӛру. 
Туризм  қосымшасы  іс-шара  барушының  елінде  (немесе  қаласында)  емес,  басқа 
мемлекетте ӛтіп жатқан жағдайда пайда болады. 
Сонымен  қатар,  оқиғаларға  қатысы  бар  тағы  бір  терминді  атап  ӛтуге  болады  – 
бұл  оқиғалар  маркетингі.  Оқиға  –  бұл  да  сатуға  арналған  ӛнім,  бұл  жерде  де  нақты 
маркетингтік  стратегия  қажет.  Мысалы,  жыл  сайын  Парижде  ӛтетін  франчайзинг 
кӛрмесіне  мыңдаған  адамдар  барады,  алайда  осы  іс-шараны  ұйымдастырушылар 
аталған  адамдар  санын  тарту  үшін  клиенттерді:  кӛрмеге  қатысушыларды,  кӛруге 
келушілерді,  демеушілерді  қызықтыру  бойынша  бірқатар  маркетингтік  іс-шаралар 
жүргізуге мәжбүр болады. Жиі жағдайда оқиғалық маркетинг пен оқиғалар маркетингін 
шатастырып жатады. Бұл екі басқа ұғым. Егер оқиғалық маркетинг оқиғаны нақты бір 
сауда  маркасын  қолпаштау  үшін  пайдаланатын  болса,  ал  оқиғалар  маркетингі  іс-
шараның ӛзін қолпаштайды, яғни оқиғаның ӛзін саудаға салады. 
Оқиғалар  маркетингі  бастауында  оқиғалық  франчайзингті  де  түсіндіріп  беру 
барынша ыңғайлы. 
Оқиғалар әртүрлі масштабта, деңгейде және бағытта болады. Әрбір оқиға үшін 
ӛз  оқиғалық  мегабрендтері  және  ӛз  сегменттері  болады.  Егер  оқиғаны  ӛнім  ретінде 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
199 
қарастыратын  болсақ,  онда  оның  функционалдық  механизмдерін  барынша  нақты 
кӛруге болады. 
Әрбір  оқиғаның  ӛз  сауда  маркасы,  ӛз  технологиясы,  ӛз  жаңалығы  (ноу-хау), 
ӛзінің мақсатты аудиториясы және ӛз миссиясы болады. Жоғарыда айтып ӛткеніміздей, 
оқиға да қандай да бір ӛнім секілді қолпаштау бойынша арнайы шараларды қажет етеді. 
Оқиғаларды қолпаштау әдістерінің бірі франчайзинг болуы мүмкін. 
Сонымен, оқиғалық франчайзинг дегеніміз не? 
Оқиғалық франчайзинг – бұл оқиғаның қайталанбас сауда маркасын (логотипін), 
миссиясын,  концепциясын  және  форматын  сақтай  отырып,  нақты  қоғамдық 
оқиғаның/іс-шараның форматын басқа аумақта қайта шығару. 
Әлеуметтік  және  медиа  франчайзинг  секілді  оқиғалық  франчайзингті  де 
франчайзингтің классикалық емес нысандарына жатқызуға болады. 
Оқиғалық  франчайзингтің  негізгі  ұстанымдары,  классикалық  франчайзингтегі 
секілді, жемісті технологиясы да және жалпыға танымал бренді мен толқынысы да бар 
нақ бір жемісті оқиғаны кӛшіруге құрылған. 
Нақты  ӛмірде  кез-келген  жемісті  оқиғаны  кӛшіруге  болады.  Ең  танымал 
спорттық  оқиғалар  арасынан  оқиғалық  мегабренд  деп  Олимпиядалық  ойындарды 
айтуға болады. 
Олимпияда  –  бұл  оны  ӛткізуші  елге  қисапсыз  пайда  табуға  мүмкіндік  беретін 
тиімді бизнес. Мысалы, Греция 2004 жылы Афинада 2,09 млрд. евро пайда тапты. 
Олимпияда 
есебінен 
жарнамадан, 
кӛрсетілімдерден, 
туристерден, 
инвестициялардан  түсетін  пайда  мемлекеттерді  Олимпиядалық  ойындарды  ӛткізу 
құқығына ие болу үшін күресуге мәжбүрлейді. 
Олимпияданың  ӛзі  бір  кездегі  табысты  оқиға  –  антикалық  Олимпияда 
ойындарының клондалған нұсқасы болып табылады. 
Олимпияда  ойындарында,  сонымен  қатар,  оқиғалық  франчайзинг  элементтері 
бар.  Франшиза  егесі  (Халықаралық  Олимпияда  Комитеті)  белгілі  бір  уақытқа  іс-
шараны  нақты  бір  аумақта  ӛткізу  құқығын,  сауда  маркасын,  логотипті,  оқиғаның 
бірегей  форматын  басқа  бір  тұлғаға  (олимпияда  ӛткізетін  елдің  ұйымдастыру 
комитетіне) береді. Іс-шара қожайыны болып табылатын ел әйгілі брендті, тексерілген 
технологияны,  әртүрлі  нұсқаулықтар  мен  басшылық  түрлерін,  ең  бастысы 
миллиондаған клиенттерді алады. 
ХОК  оқиғалық  франчайзер  ретінде  кӛрсетіледі,  ал  ӛткізуші  ел  –  оқиғалық 
франчайзи ретінде. 
Сонда  да,  келтірілген  мысалда  оқиғалық  франчайзинг  элементтері  барына 
қарамастан,  ол  «классикалық  франчайзинг»  үлгісі  болып  табылмайды.  Ежелден 
Олимпияда  ойындарын  ӛткізу  механизмінде  іс-шараны  әртүрлі  аумақтарда  ӛткізу 
ұстанымы  салынған.  Мұның  барысында  франчайзингтің  маңызды  элементі  – 
қолданыстағы  түпнұсқаны  қайтадан  шығару  жоқ.  Мысалы,  Олимпияда  ойындарын 
ӛткізудің ӛзгермейтін орны ретінде Грецияны алатын болсақ, онда Пекинде Олимпияда 
ойындарын  ӛткізу  Афинадағы  ойындармен  бір  мезгілде  болуы  керек  болатын,  яғни 
оқиға Грецияда қолданыстағы түпнұсқаның ӛткізілуімен бір мезгілде ӛткізілуі тиіс. 
Олимпияда  ойындары  оқиғаның  ӛзінің  маңыздылығы,  Қысқы  Олимпиядалық 
ойындарда, сонымен қатар Қысқы және Жазғы Параолимпиядалық ойындарда кӛрініс 
тапқан репликативтік әлеуеттің бары тұрғысынан қызықты. 
Алайда,  оқиғалық  франчайзинг  элементтерін  барынша  толық  кӛрсететін 
оқиғалар бар. 
Оқиғалық  франчайзингтің  мүлтіксіз  үлгісі,  жиі  жағдайда  давос  форумы  деп 
аталатын, Давостағы Дүние жүзілік экономикалық форум болып табылады. 
Бұл ӛзінің пікірсайыс алаңына мыңдаған белгілі саясаткерлер мен экономистерді 
жинайтын әлемдік масштабтағы танымал оқиға. Кез-келген жемісті іс-шара секілді, бұл 
оқиға  да  кӛптеген  жылдар  бойына  әртүрлі  континенттерде  кӛшіріліп  отырады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
200 
Қонақтар форматы, форум саясаты және іс-шараның жалпы эгидасы кӛшіріледі. Давос 
форумы Давостың ӛзінде түпнұсқалық іс-шараның болуымен бірге аймақтарда тұрақты 
негізде жұмыс істейді. 
Давос  форумы  жыл  сайын  Шығыстық  Қытайда,  Араб  елдерінде  және  Латын 
Америкасында ӛткізіледі. Форумның аймақтық әріптестері/оқиғалық франчайзилер осы 
оқиғаның форматын, логотипін және брендтік атын ұстанады. 
Әлемде  оқиғалық  франчайзингтің  үлгілері  кӛп:  фестивальдар,  форумдар, 
конференциялар, кӛрмелер және т.б. 
Қазақстанда оқиғалық франчайзингтің жарқын үлгісі «Алматы – менің алғашқы 
махаббатым» ретро-фестивалі болып табылады. 
Фестивальды  ұйымдастырушылар  ӛзіндік  формат  және  қызықты  оқиғалық 
франчайзи  құра  білді.  Бұл  60-70-ші  жылдар  дәуіріндегі  әндердің  фестивалі  болып 
табылатын қайталанбас және қызықты концепция. Фестивальдың әуендік бағдарламасы 
сол кезеңнің танымал хиттарынан тұрады. 
Фестивальды 
ұйымдастырушылар 
60-70-ші 
жылдардың 
қайталанбас 
атмосферасын барынша қайта жаңғыртуға тырысты. Осылайша, фестиваль аясында сол 
кезеңнің  бейнелері  жасалынды:  гитара  ұстаған  хиппилар,  жасақшылар,  кербез  қыздар 
және  т.б..  Ұйымдастырушылар  аудиторияның  жирмасыншы  ғасырдың  ең 
романтикалық  кезеңін  аңсаған  сұранысын  дӛп  таба  білді.  Заманауй  кӛпшілік  поп 
мәдениет жағдайында, коммерциялық емес шығармашылық атмосферасында құрылған, 
60-шы жылдардың хиттары қазіргі заманның нағыз классикасы болды.  Міне, қаншама 
жылдар  бойына  фестиваль  орасан  кӛп  кӛрермендердің  кӛзайымына  айналып  отыр. 
Фестиваль  5  CD-альбом  және  2  DVD  шығарды.  Бұл  фестивальда  кеңестік  дәуір 
әуендерінің  атақты  патриархтары:  Ермек  Серкебаевқа,  Роза  Бағлановаға,  Бибігүл 
Тӛлегеноваға  құрмет  кӛрсетілді.  Фестиваль  эстрадалық-симфониялық  оркестрдің 
сүйемелдеуімен ӛтеді. 
Алматы ретро-фестивалі барынша сәтті болғаны соншалық, фестиваль форматы 
«Қарағанды  –  менің  жастық  шағымның  қаласы»  атты  осындай  ретро-фестиваль 
нысанында қайта шығарылды. 
Қарағанды фестивалінің форматы алматылық түпнұсқаға сәйкес келеді және іс-
шараның  ӛзі  ретро-әндер  атмосферасында  ӛтеді.  Фестиваль  ӛткізілетін  орын  ретінде 
Шағала  қонақүйінің  алдындағы  алаң  таңдалынған,  бұл  фестивальдың  алғашқы 
қойылымдарының  бірінде  тұңғыш  әйел  ғарышкер  –  Валентина  Терешкованың  қонақ 
ретінде қатысқандығын білдіретіндей (ғарышкердің ұшу сәтіндегі шақыру аты – шағала 
болатын). 
Фестивальдың құрылтайшылары Қарағанды облысының әкімшілігі мен «Хабар» 
агенттігі болды. 
Франчайзинг кӛзқарасымен қарағандағы тағы бір қызықты Қазақстандық  оқиға 
деп Еуразиялық Медиафорумды (ЕАМФ) атауға болады. Бұл тек Қазақстан үшін ғана 
емес, бүкіл  еуразиялық  аймақ бойынша да маңызды оқиға. Форум қонақтары  – дүние 
жүзінен  келетін  қазіргі  және  бұрынғы  президенттер,  танымал  саясаткерлер, 
журналистер  және  ойшылдар.  Форум  тақырыбы  қазіргі  заманның  ӛзекті  мәселелеріне 
арналған.  Форумда  әртүрлі  пікірлер  айтылады,  оның  ішінде  бір-біріне  диаметралдық 
қарама-қарсылары да бар. 
ЕАМФ  –  бұл  ӛзіндік  қалыптасқан,  танымал  бренді  және  оқиға  ретіндегі 
жекешелігі бар жарқын оқиға. Медиафорум бүгінгі таңда оқиғалық франчайзинг болып 
табылмайды,  алайда  іс-шара  франчайзингтік үлгіге  ӛткен  жағдайда,  бұл  сәтті  шыққан 
оқиғалық франшиза болады. Мұның барысында, қазіргі уақытта баламасы жоқ Алматы 
форумының  франчайзиі  Қытайдан  Еуропаға  дейінгі  аймақтағы  кез-келген  мемлекет 
бола алады. 
Кӛріп  отырғанымыздай,  егер  іс-шараның  жарқын  және  ӛзіндік  концепциясы, 
оқиғалық  жекелігі  және  мақсатты  аудиторияның  іс-шара  брендісіне  қатысты  жоғарғы 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
201 
адалдығы  болса,  онда  кез-келген  оқиғаның  репликативтікке  қатысты  әлеуеті  ӛте 
жоғары болады. «Оқиғалық франчайзинг» практикасының ӛзі дүние жүзінде жеткілікті 
түрде  белсенді  қолданылады.  Оқиғалық  франчайзингте  пайда  табуға  бағдарлану  жоқ, 
оқиғаның  ауқымды  қоғамдық-мәдени  маңызы  болады.  Алайда  сектордың  дамуымен 
байланыста ОФ-тың коммерциялық құрамдас бӛлігі де кеңейеді. 
Болашақта  біз  әлемнің  кӛптеген  елеулі  оқиғаларының:  фестивальдардың, 
концерттердің,  кӛрмелердің  және  тағы  басқалардың  франшизалары  кӛріністерінің 
куәгерлері  боламыз.  Бірақ  осы  жаңа  франшизалардың  негізі  франчайзингтің  міндетті 
түрдегі  – жемісті және бірегей тәжірибені қайта шығару болып қала бермек.   
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Кисиков Б. Франчайзинг в Казахстане. Алматы, 2007 
2.Сидельников  В.  Франчайзинг  в  Казахстане.  Государственная  поддержка 
//www.franchising.kz  
3.Захаров А. Казахстанская Ассоциация Франчайзинга // www.franchising.kz 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  Қазақстан  Республикасындағы  оқиғалық  франчайзингтің қалыптасуы 
және  дамуы  қарастырылған.  Қазақстанда  оқиғалық  франчайзингті  дамыта  отырып, 
болашақта  біз  әлемнің  кӛптеген  елеулі  оқиғаларының:  фестивальдардың, 
концерттердің,  кӛрмелердің  және  тағы  басқалардың  франшизалары  кӛріністерінің 
куәгерлері боламыз. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматривается становление и развитие событийного франчайзинга в 
Республике  Казахстан.  Развивая  событийнный  франчайзинг  в  Казахстане,  в  будущем 
мы  можем  быть  свидетелями  появления  франчиз  многих  знаменитых  событий  мира: 
фестивалей, форумов, концертов, выставок и т.д.  
 
 
 
ӘОК 339.137(574) 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҤДЕМЕЛІ 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ - ИНДУСТРИАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ 
 
Қалғанбаев Н.Ә.-э.ғ.к., доцент, Жүнісов Қ.Ғ.- э.ғ.к., доцент  
(Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
Ел  тәуелсіздігінің  20  жылдығы  қарсаңында  жасалған  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»  атты жолдауын Қазақстан  халқы 
қызығушылықпен  оқып,  талқылауда.  Онда  әлеументтік  мәселелермен  бірге  ұлттық 
экономиканы    модернизациялауға  байланысты  мәселелер  кӛтеріліп,  оларды  шешу 
жолында елбасы үдемелі индустриялық-инновациялық даму жолына терең тоқталды.  
Осы үдемелі индустриялық инновациялық даму бағдарламасын Н.Ә. Назарбаев 
2010 жылы мамырда ӛткен «Нұр Отан» партиясының XII съезінде жариялаған болатын. 
Бұл бағдарламның негізгі мақсаты - экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге 
қабілеттігін арттыру, осы арқылы оның орнықты және теңгерімді ӛсуін қамтамасыз ету 
болып табылады. Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін ҚР Президенті жандандыруды 
талап ететін үш басты бағытты айқындады.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
202 
Біріншіден,  бұл  ӛндірісті  индустриалдандыру,  яғни  жаңа  ӛндірістік  қуат 
күштерді  қосу,  ӛнеркәсіп  пен  агроӛнеркәсіп  ӛндірісінде  қосылған  құны  жоғары 
ӛнімдерді жасап дайындау.  
Екіншіден,  бұл  экономиканы  үдемелі  индустриалдандыру.  Дағдарыстан  кейінгі 
дамуға  байланысты  жаңа  перспективалар  жағдайында  біз  ӛзіміздің  бәсекелік 
артықшылықтарымызды  барынша  тиімді  пайдалану.  Яғни  қысқа  мерзімнің  ішінде 
дамыған елдердің деңгейіне жету үшін озық жүре жұмыс істеу.  
Және соңғы, үшінші міндет – экономиканы инновациялық индустриалдандыру. 
Бұл  оның  қорытындысы  еңбек  ӛнімділігінің  жоғарылауы,  озық  технологияларды 
барынша  пайдалану,  ұлттық  инновациялық  жүйені  дамыту  болуы  тиіс  екендігін 
білдіреді. 
Осы  үдемелі  индустриалды  инновациялық  бағдарламаның  табысты  іске 
асырылып  жатқандығын  Ел  басының  биылғы  жолдауынан  байқауымызға  болады. 
Жолдауда осы бағдарламның басты нәтижелері ретінде 2010 жылы жалпы ішкі ӛнімнің 
7 пайызға, ӛнеркәсіп ӛндірісінің 10 пайызға, ӛңдеуші ӛнеркәсіптің 19 пайызға ӛскенінен 
кӛруімізге болады. 
Сонымен  қатар  жолдауда  Президент  айтқандай  «бағдарлама  қабылданғалы  152 
кәсіпорын іске қосылып 24 мыңдай қазақстандық тұрақты жұмыспен қамтылды». Осы 
жаңа  объектілердің  бірқатарының  ашылып  іске  қосылуы  Президенттің  жеке 
қатысуымен  іске  асты.  Мысалы,  нақты  айтар  болсақ  –  бұл  құны  800  млн.  АҚШ 
долларын  құрайтын  Ӛскемен  металлургия  кешеніндегі  мыс  еріту  мен  электролиз 
зауыты; Алматы облысындағы құны 1 млрд. 300 млн. тенге болатын ӛнімділігі жылына 
12  тоннаны  құрайтын  балалар  тағамын  ӛндіретін  «Amiran»  зауыты.  Бұл  ӛндірістің 
ерекшелігі  жас  балаларға  арналып  алынатын  ӛнім  консерванттар  мен  қоспаларсыз 
табиғи  сиыр  сүтінен  ӛндіріледі;  келесі  іске  қосқан  инвестициялық  жоба  –  бұл  хлор, 
каустик  және  ӛзге  де  химия  ӛнімдерін  шығаратын  Павлодар  облысындағы  «Каустик» 
АҚ  зауыты;  Ақтӛбе  облысы  Мугалжар  ауданындағы  фосфоритті  ұн  ӛндіретін 
қуаттылығы  жылыны  200  мың  тонна  болатын  жаңа  зауыт;  Оңтүстік  Қазақстан 
облысындағы  күрке  ӛсіру  мен  оның  ӛнімдерін  ӛңдейтін  республикамыздағы  алғашқы 
күрке  құсы  фабрикасы.  Мемлекет  басшысының  тікелей  басқаруымен  іске  асқан  осы 
жоба  халықаралық  стандарттар  талаптарына  сай  келеді  және  мұнда  жетік  израйль 
технологиясын  қолдану  қысқа  мерзім  ішінде  елдің  тұтынушылық  нарығын  күрке 
етімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Жалпы  үдемелі  индустриялды  инновациялық  бағдарлама  аясында  Елбасының 
тікелей  қатысуымен  80  жоба  іске  қосылып  тартылған  инвестиция  кӛлемі  400  млрд. 
тенгеден  асты.  Жодауда  атап  кӛрсеткендей  осынша  қысқа  уақыт  ішінде,  бір  мүшел 
жаста  Қазақстанда  бірнеше  онжылдықты  қамтитын  қыруар  істер  атқарылды.  Осының 
нәтижесінде  Қазақстанның  2030  –  Стратегиясында  белгіленген  міндеттер  ойдағыдай 
орындалуда. 
Президенттің  әлемдік  қаржы  дағдарысы  жағдайында  Қазақстанда  үдемелі 
инновациялық  индустриализациялау  бойынша  бекіткен  бағдарламасы  елімізде  шағын 
және орта бизнестің дамуына күшті импульс берді деп айтуға болады. 
Жоғарғада  кӛрсетілген  жетістіктерімізді  ескере  отырып,  Ел  басы  ӛзінің 
жолдауында  үдемелі  инновациялық  индустриалды  бағдарлама  аясында  таяу 
онжылдықта Қазақстанда 2020 жылға қарай мынадай кӛрсеткіштерге қол жеткізу керек 
екендігін айқындады: 

 
ЖІӚ ӛсімі – кем дегенде 30 пайызды құрайды; 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
203 

 
қайта ӛңдейтін салалардағы ӛсім ӛңдеуші саладағы деңгейден артады немесе 
соның деңгейіне жетеді; 

 
ұлттық қор активтері ЖІӚ-нің кем дегенде 30 пайызын құрайды; 

 
экономиканың  шикізатты  емес  секторындағы  отандық  және  шетелдік 
инвестициялар кем дегенде 30 пайызға ұлғаяды; 

 
шағын және орта бизнестің ЖІӚ-дегі үлесі 40 пайызға жетеді; 

 
ауыл  шаруашылығындағы  еңбек  ӛнімділігі  2014  жылға  қарай  2  есеге,  2020 
жылға қарай – 4 есеге ұлғаятындығы белгіленді. 
Сонымен  қатар  ерекше  назар  агроӛнеркәсіп  кешеніне  бӛлініп  отыр.  Осы 
аграрлық  секторда  мал  шаруашылығын  дамыту  жӛнінде  баға  жеткізсіз  жоба  іске 
асырылатын  болады.  Бұл  жоба  бойынша  2016  жылы  етті  экспорттау  60  мың  тоннаны 
құрап,  бұл  тұрғыда  4  миллион  тонна  астық  экспортымен  теңеседі.  Мемлекеттен  бұл 
мақсатқа  несиелік  ресурстардан  130  миллиард  теңге  бӛлінеді.  Бұл  ауылда  20  мыңнан 
аса  жаңа  жұмыс  орнын  ашуға  мүмкіндік  туғызатын  осы  жоба  100  мыңнан  астам 
ауылдықтарға кіріс кӛзін де ұсына алады. Мемлекет басшысы шикізатты емес секторды 
дамыту  мақсатында  Үкіметке  энерготиімділіктің  кешенді  жоспарын  әзірлеуге  және 
бекітуге тапсырма берді. 
Белгіленген  жаңа  міндеттер  Қазақстан  экономикасының  инновациялық 
дамуының  жаңа  қағидаларын  ұстануды  талап  етеді.  Осы  тұста  Казақстан  бизнесі 
халықаралық  сауданың  белсенді  қатысушысы  болуы  тиіс.  Ел  басы  ӛз  жодауында 
Қазақстан,  Ресей  және  Беларусь  мемлекеттері  арасында  құрылған  Кедендік  Одақтың 
әлеуетін  максималды  қолдану  қажеттілін  де  атап  айтты.    «2010  жылдың  10  айының 
нәтижесі  бойынша еліміздің Ресей мен Беларусь арасындағы  сауда  кӛлемі  38 пайызға 
ӛсті.  Қазақстандық  ӛнімдердің  Кедендік  Одақ  елдеріне  экспорты  52,4  пайызға  артты. 
Бюджетке құйылатын кедендік баждың ӛсімі 25 пайызды құрады. Осының бәрі Кеден 
Одағының ӛте нақты және прагматикалық жоба екендігін объективті кӛрсетті»  - дейді 
Президент.  Қазақстан  126  әлем  мемлекетіне  дайын  ӛнімнің  200-ден  астам  түрін 
экспорттайды.  Сондықтан  елдің  алдында  тұрған  үлкен  бір  мақсат  ғаламдық 
бәсекелестік  нарықта  қазақстандық  тауарлардың  бәсекелестік  қабілеттілігін  арттыру 
болып табылады.  
Экономиканы  үдемелі  инновациялық-индустриалды  даму  жолына  кӛшуге 
байланысты жасалған экономикалық бастамалардың негізгі мақсаты – бұл халықтың әл 
ауқытын, ӛмір  сүру сапасын. Осыған қатысты Жолдауда ерекше кӛңіл  бӛлінген, даму 
бағыттары айқындалған әлеументтік салаларға да тоқталып кетейік. 
Кӛп  айтылып  шешімін  таппай  жүрген,  нақты  шешімдерді  қажет  ететін 
әлеументтік  мәселелердің  бірі  –  бұл  ӛзін-ӛзі  жұмыспен  қамтамасыз  ететін  азаматтар 
мәселесі.  Қазіргі  таңда  республикамызда  32  пайыз  азаматтар  ӛзін-ӛзі  жұмыспен 
қамтамасыз  ететіндер.  Оның  ішінде  60  пайызы  ауылды  жерде  тұратындар.  Осыған 
байланысты  Президент  еңбекпен  қамтудың  жаңа  бағдарламасын  жасауды  тапсырды. 
Жалпы  қазіргі  уақытта  жағдайды  ӛзгертіп,  тұтынуға  емес,  еңбекпен  қамту  жағына 
басымдық берілуі тиіс. Бұл бағытқа ағымдағы жылы қосымша 3 млрд. тенге, ал 2012-
2015  жылдары  бұл  қаржыландыру  жыл  сайын  10-15  млрд.  тенгеге  кӛбейтілетіні 
айтылды.    
Сондай-ақ азаматтардың ӛмір сүру сапасының озық кӛрсеткіші – бұл тұрғын үй 
жайлылығының  деңгейі.  Жолдауда  Ел  басы  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық 
саласы  бойынша  су,  жылу,  электр  және  газбен  қамту  жүйелеріне  ауқымды 
жаңартуларды  жүргізу,  тұрғын  үй  қатынастарының  оңтайлы  моделін  құру  және  оның 
қамтамасыз  етілуі  ӛте  қажетті  шарт  екендігін  айтты.  «Күрделі  жӛндеуді  қажет  ететін 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
204 
нысандардың үлесін 2015 жылға қарай 32-ден 22 пайызға тӛмендету қажет. Бұл салада 
жаңарту  бағдарламасын  іске  асыру  жыл  сайын  жаңа  10  мың  жұмыс  орнын  ашуға 
мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы. 
Елбасы  тарапынан  жолдауда  әлеументтік  мәселелердің  маңыздысының  бірі  – 
ауыз су мәселесі де қозғалды. Тек ауылды жерлерде ғана емес, қалаларда да су мәселесі 
ӛткір  күйінде  тұр.  Су  құбырларын  жӛндеу,  тиімді  пайдалану  мәселелеріне  баса  кӛніл 
бӛлінетін  болды.  Егерде  қазір  орталықтандырылған  сумен  қамтамасыз  етуге 
қолжеткізімділік  ауылды  елді  мекендерде  41  пайызға,  ал  қалаларда  72  пайызға  дейін 
жетсе, 2020 жылы осы кӛрсеткіш  республика деңгейінде орташа 98 пайызды құрайды 
дейді  Президент.  Ол  үшін  Үкімет  сумен  қамтамасыз  етудің  жаңа  нысандарын  салуда 
жүйелі қадамдар жасауды, жерасты суларының әлеуетін кеңінен пайдалануды ұсынды.  
Жалпы қорыта айтқанда, Ел басы жолдауында басымды бағыттары айқындалған 
үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  жӛніндегі  бағдарламаны  табысты  іске 
асыру  ұлттық  экономиканы  әртараптандыру  және  ұзақ  мерзімді  кезеңде  бәсекеге 
қабілеттілікті арттыру арқылы орнықты және теңгерімді ӛсуді қамтамасыз етуге ықпал 
ететін болады. 
Сондықтан  ӛндіріс  факторлары  ӛнімділігінің  ӛсуі,  ұлттық  инновациялық 
жүйенің  дамуы  және  нығаюы,  экономиканың  шоғырлану  деңгейінің  тӛмендеуі, 
индустрияландыру  үрдісінде  шағын  және  орта  бизнес  рӛлінің  күшеюі,  индустриялық 
сектордың  ӛндіргіш  күштерін  ұтымды  ұйымдастыру,  адами  капитал  сапасының  ӛсуі 
осы бағдарламаның негізі сапалы нәтижелерін қамтамасыз ететін болады.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  биылғы  Қазақстан  Республикасы  Президенттінің  халыққа  жолдауы 
аясында үдемелі инновациялық-индустриалды даму бағдарламасының нәтижелері мен 
басымды бағыттарын айындау қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается    результаты  и  приоритетные  направления 
форсированной инновационно-индустриальной программы в свете нынешной послании 
народу Президента Республики Казахстан. 
 
 
 
336.414 
Қ-60 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет