АҚпарат және информатика • Ақпарат



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі456,08 Kb.
#6993

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА 



Ақпарат  –  қоршаған орта мен онда болып жатқан түрлi құбылыстар туралы 

мәлiметтер жиынтығы.   

Кез келген ақпаратты алмасу процесiнде оның көзi (кiм ақпаратты бередi) және 



қабылдаушысы (кiм алады) ерекше орын алады. Ақпарат оның көзiнен 

қабылдаушысына шартты сигнал көмегiмен берiледi. Сигналдар типтерi әр түрлi болып 

бөлiнедi: 

Физикалық табиғат бойынша: электрлiк, жарықтық, жылу, дыбыстық, механикалық, 



радиосигнал. 

Қабылдау тәсiлi бойынша: көз, дыбыс, иiс, дәм.  



Аталған сигналдар өзгеруi мүмкiн. Сигналдар өзгерiсi ақпаратты алуға мүмкiндiк 

бередi. Ақпарат көзiнен қабылдаушысына байланыс каналдары арқылы берiледi.  



Ақпарат қасиеттерідәлдік, толықтылық,, бағалылық,  түсініктілік.     

Егер ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, онда ол ақпараттың дәлдік 



қасиетін қанағаттандырады.  

Егер ақпарат түсінуге және белгілі бір шешім  қабылдауға жеткілікті болса, онда ол 



ақпараттың толықтылық қасиетін қанағаттандырады. 

Егер ақпарат қандай да бір мәселелерді шешуге байланысты пайдаланылса, онда ол 



ақпараттың  бағалылық қасиетін қанағаттандырады. 

Егер ақпаратты оны пайдаланушылар тілінде жазса, онда ол ақпараттың түсініктілік 



қасиетін қанағаттандырады.  

“Ақпарат”  сөзі    латынның    түсіндіру, 

баяндау,  түсінік  деген    ұғымдарды  

беретін  information  сөзінен   шықан. 

Ақпарат    алу    дегеніміз  –  бізді  қоршаған 

дүниенің    құбылыстары  мен  объектілерінің  

қасиеттері,  құрылымы  немесе  олардың  бір-

біріне  қатысуы    жөнінде  нақты  мәліметтер 

мен деректер алу.. 

  Ақпарат  –  белгілі  бір  нәрсе  (адам,  жануар, 

зат,  құбылыс  және  т.б.)  туралы    таңбалар 

мен  сигналдар  түрінде  берілетін  мәліметтер 

тобы.  

  Ақпарат  материя  және  энергиямен  қатар 

бізді  қоршаған  ортаның  фундаментальды 

негізі болып табылады.  

 

 



 

 

 



АДАМ АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАЙДЫ? 

• Қоршаған ортадағы ақпаратты алуда адам сезім мүшелерінің бес түрін 

қолданады: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу.  

• Адам көзбен көру ақпаратын алады. Мысалы, теледидардағы кинолар 

мен мультфильмдерді көру, тақтадағы жазулар,  көшеде жүру 

белгілері және т.б. 

• Адам құлағымен есту ақпараттарын қабылдайды. Мысалы, мұғалім 

сөзі, досының әңгімесі, қоңырау шырылы, музыка дыбысы және т.б. 

мұның барлығы дыбыстық ақпарат болып табылады.  

• Адам мұрны арқылы қоршаған ортадан иіс сезу ақпаратын алады. 

Мысалы, бауырсақтың иісі, гүл иісі және т.б. иіс сезу ақпараттары 

болып табылады. 

•  Адам тілдің көмегімен заттың ащылығын, қышқылдығын, тәттілігін, 

тұздылығын анықтайды. Мысалы, қышқыл лимон, тәтті конфет, 

тұзды қияр және т.б. осы сияқты мысалдар дәм сезу ақпараты болып 

табылады. 

• Саусақ ұшы және тері арқылы заттың температурасы жайлы ақпарат 

аламыз. Басқаша айтқанда, кез келген заттың ыстық немесе суығын, 

құрғақ немесе ылғалдылығын, тегіс немесе кедір-бұдыр екендігін 

денеміздің терісі арқылы анықтаймыз. Мұндай ақпараттар сезу 

(тактілік) ақпарат деп аталады. 


Сипап сезу 

ақпараты 

 Иіс сезу 

ақпараты 

Ақпаратты қабылдау арналары 

Ақпаратты 

қабылдау 

арналары 

Ақпарат 

түрлері 


Сезім 

мүшелері 



Көру 

Есту 

Сипап сезу 

Иіс сезу 

Дәм сезу 

Көру 

Есту 

Сипап сезу 

Иіс сезу 

Дәм сезу 

АҚПАРАТТЫ БЕРУ ТҮРЛЕРІ 

• Ақпаратты беру түрлері: мәтіндік, сандық, графикалық, 



дыбыстық. 

• Мәтін түрінде берілетін ақпараттар мәтіндік ақпарат деп аталады. 



Мысалы, ертегі кітаптарындағы қиял-ғажайып ертегілер мәтіндері, 

өлең кітаптарындағы өлең жолдары және т.б. 

• Сан түрінде берілетін ақпараттар сандық ақпарат деп аталады. 

Мысалы, математикалық есептер, сағаттардағы уақыт мезгілдері және 

т.б. 


• График түрде берілетін ақпараттар графикалық ақпарат деп аталды. 

Мысалы, суреттер, фотографиялар, диаграммалар, гистограммалар 

және т.б. 

• Дыбыс түрінде берілетін ақпараттар дыбыстық ақпарат деп аталады. 

Мысалы, мұғалімнің сабақты түсіндіруі, теледидарда берілетін 

музыкалық хабарламалар, магнитофондағы әуендер және т.б. 

• Ақпараттық процесс – бұл ақпаратты алу, өңдеу, сақтау және 

жеткізу процестері.  



Ақпараттық процестер  

АҚПАРАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕР 

сақтау 

беру 

өңдеу 

Адам 

жадысында 

Iшкi жад 

(ми-

тасымалдаушы) 



Сыртқы 

тасымалдаушыда 

Сыртқы жад 

(кiтаптар, 

магниттiк жазулар 

және т.б.) 

Ақпарат көзi-    

байланыс каналдары 

ақпаратты жiберушi       

қабылдау 

Берiлген ереже 

бойынша 

ақпараттарды 

өңдеу 


Ақпараттар саны. Ақпараттың өлшем бiрлiктерi. 

Кодтау. Екiлiк код 

 

• Ақпарат көлемi деп ақпараттың ұзындығын, яғни ақпаратта 



пайдаланылған символдар санын айтады.   

• Қандай да бiр алфавиттi пайдаланып ақпараттарды жазуды 



кодтау деп атайды.  

• Бiр ғана ақпаратты әртүрлi жолда жазуға болады. Бiр белгi 

тобынан екiншi белгi тобына көшiру жолын код деп атайды.  

• Ақпараттарды кодтау үшiн Морзе алфавитi немесе екiлiк 

алфавит қолданылады.  (Морзе алфавитiнiң бейнесiн және 

ASCII коды кестелерiн енгiзу). Кодталатын символдар 

тобын кодтар кестесi деп атайды.  

• Екiлiк алфавитте 0 және 1 белгiлерi оларды ондық 

алфавиттен ажырату үшiн екiлiк код деп атаған. Ол екiлiк 

белгiнiң бiрi (0 немесе 1) бит деп аталады. 8 биттен тұратын 

кодты байт деп атайды. 


Ақпараттың өлшемі 

В - латын  

әрпі 

В - әрпінің  

байтқа айналуы 

01000010 

1 килобайт=1Кб=1

10

байт=1024байт

 

1 мегабайт=1 Мб=2



10

Кб=1024Кб(1048576 байт)

 

1 гигабайт=1 Гб=2



10

Мб=1024Мб(1048576 Кб)

 

Ақпаратты беру жылдамдығы (ақпараттық ағын) – уақыт бірлігі 



арқылы берілетін ақпаратар саны (1 бит/с, байт/с...) 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет