Your Life » (Уақытыңды қолға ал, өміріңді қолға ал), «Time Management » (Тайм-менеджмент), «Time Power» (Уақыт күші),
«Eat That Frog!» (Құрбақаны жеп қой) секілді кітаптарын
саралап, барынша пайдамызға асырып, оқырман қауымға
пайдалы кеңестер мен нақты ережелерді кәдеге жарайтындай
түрде жеткізуге тырыстық. Кейбір ережелердің атаулары біз
үшін
таңсық
болып,
тұрпайы
естілгенімен,
олардың
тәжірибелік жағынан нәтижелілігі үшін тура аударып жаза
отырып, барынша түсіндіруге тырыстық.
Одан соң уақытты тиімді пайдалану және өмірде жетістікке
жету жолдарын үйретіп жүрген сарапшы Стивен Ковидің
еңбектеріне жүгіндік. Оның атақты «The Seven Habits of Highly Effective People» (Жоғары нәтижелі адамдардың жеті
әдеті) кітабы мен уақытты дұрыс істерге жұмсауды үйрететін
«First Things First» (Алдыңғы кезектегі істер алдымен
орындалады) кітабын пайдамызға асырдық.
Тайм-менеджментті жіті ұғынып, өмірлерінде пайдалана
білген әлемге әйгілі тұлғалардың күнделікті әдеттерінен
мысалдар келтіру үшін адамдарға үлгі болсын деген мақсатта
арнайы жазылған Майсон Кюррейдің «Daily Rituals: How Great Minds Make Time, Find Inspiration, and Get to Work » (Күнделікті әдеттер: Ұлы адамдардың уақытын қалай
пайдаланғандығы, шабытты қайдан алғандығы мен қалай
жұмыс істегендігі жөнінде) кітабын басшылыққа алдық. Бұл
тақырыпқа арнайы бір тарау арнап, басқа да мысалдар
келтіріп
өттік.
Себебі
уақыт
атты
баға
жетпес
құндылығымызды пайдамызға жаратып, тиімді пайдалануды
үйрену үшін алдыңғы буыннан үлгі алуымыз қажетті әрі
маңызды жайт.
Ислами негізде жазылған ағылшын тіліндегі еңбектерді де
көзіміз шалғандықтан, оларға да жүгінуді қажет деп таптық.
Америкалық мұсылман спикер әйел Зухра Саруаридің
«Powerful