Тайм-менеджмент


Уақытты тиімді пайдалануға күш керек



Pdf көрінісі
бет14/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Уақытты тиімді пайдалануға күш керек
Тайм-менеджмент уақытты тиімді пайдалану екені түсінікті.
Уақытты тиімді пайдалану арқылы адам әдеттегіден көбірек
істі тындырып үлгереді. Ал көп жұмыс жасау үшін уақытпен
қоса күш те қажет екенін естен шығармау қажет. Адамның
уақыты болып тұрғанымен, физикалық күші істі соңына дейін
жеткізуге жетпей қалуы да ғажап емес. Біздің күш-қуатымыз
азайып қалған тұста әлі де ауқымды шаруаларымыз болатын
болса, олардың барлығын атқаруға шамамыз келмегендіктен
көңіл-күйіміз де жақсы бола алмайды. Ал керісінше күшіміз
тасып тұрып, оны жұмсайтын тірлігіміз болмаса, тағы да
өзімізді жайсыз сезінетін боламыз. Сондықтан уақытты бос
өткізбеу үшін осы мәселенің де шешімін табуға тырысу қажет.
Ол үшін ең алдымен психологиялық тұрғыдан шаршау деген
сезімді жоюдың жолын, одан соң физикалық тұрғыдан
зорығудың алдын-алатын мүмкіндіктерді қарастыру керек.
Олай болса, психологиялық және физикалық саулық үшін
адам ағзасы талап ететін жайттар төмендегідей: ұйқысының
қанып тұруы, жеткілікті мөлшерде су ішу, күнделікті таза ауа
жұтып, күннің көзін көріп тұру, бұлшық еттеріне жаттығу
жасап тұру, құнарлы тағамдармен аз-аздан жиі тамақтану.
Адам баласы өз ағзасының биологиялық ырғағына сай
әрекет етуге тырысса, күш-қуатын барынша тиімді пайдалана
алмақ. Мысалы, күндіз жұмыс істеп, түнде ұйықтау, таңертеңгі
уақытта ми жұмысын талап ететін істерді орындау, түсте бір
ауық демалып алу, түстен кейін миға көп салмақ салмайтын
істермен шұғылдану, жұмыстың арасында қысқа үзілістер
жасап тұру, т.б. Осылайша адам өзінің психологиялық,
физикалық, биологиялық ерекшеліктеріне сай әрекет ететін
болса, оның жұмыс өнімділігі барынша артып, күш-қуаты
толықтай жетіп, онымен бірге өзін жайлы сезіне алатын
болады.



УАҚЫТТЫ ҚАЖЕТТІ НӘРСЕГЕ ЖҰМСАУ
Уақытты тиімді пайдалану үшін уақытымыздың қандай істерге
жұмсалып жатқанын анықтауымыз қажет.
Күнделікті істерді жіктеудің ең алғашқы түрлерінің бірін
Ежілгі Рим философы Луций Сенека ұсынған болатын:

Жақсы өткізілген уақыт

Жағымсыз өткізілген уақыт

Босқа өткізілген уақыт
Ислам діні бойынша да істер осылай жіктеліп, ақыретте
адамның алдынан шықпақ. Ақыретте адамның әрбір күніндегі
24 сағат 24 сандық түрінде әкелінетіні айтылады. Жақсы,
пайдалы, ізгі амалдармен, құлшылық жасаумен, адамдарға
жақсылық істеумен өткізілген сағаттар сандықты хош иісті
жағымды нәрсеге толтырады. Күнә жасаумен, жамандық
істеумен, адамдар мен басқа да жаратылыстарға зиянын
тигізумен өткізілген уақыттар сандық ішін иісі адам төзгісіз
жиіркенішті нәрселерге толтырады. Ал кейбір сандықтар бос
келеді. Адам баласы үшін пайда беретіні тек бірінші сатыдағы
сандық болмақ. Екіншісі үшін азапқа душар болуы мүмкін
болса, үшінші түрдегі сандықтағы уақытын босқа кетіргені
үшін сұраққа тартылмақ.
Олай болса, ақыл беріліп ерекше жаратылған адам баласы
өзіне аманат етіп берілген уақытын қандай істерге жұмсағаны
жөн боларын осыдан-ақ көре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет