Тайм-менеджмент


«Қадір түні мың айдан да артық»



Pdf көрінісі
бет48/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

«Қадір түні мың айдан да артық»
93
деген «Қадір»
сүресінің аяты осыны сүйіншілеп, осынау бір қасиетті түнде
құлшылық жасау арқылы, 83 жыл 4 айлық ғибадаттың
сауабына кенеле алатынымыз жайлы қуанышты хабарды
жеткізген.
Соңғы үмбет болғанымызбен қатар ерекше үмбет етіп, Алла
Тағала бізге Қадір түнімен қоса басқа да қасиетті түндер мен
күндерді сыйлаған, осынау дамыған заманға жеткізіп, бұған
дейінгі ешбір уақытта болмаған мүмкіндіктер тарту еткен.
Сондай уақыттардың барлығы – біз үшін қысқа уақытта
көбірек сауап жинап үлгеретін, дұғаларымыз қабыл болатын
зор мүмкіндіктер.
Құран аяттары мен хадистерде бір уақыттың басқа уақытқа
қарағанда артықшылығы бар екені айтылады. Осы арқылы
адамдар өмір атты қазыналарын ең тиімді жолмен қолдануға
және уақыт тұрғысынан көп нәрсені ұғынуға шақырылады.
Кейбір айлар мен кейбір күндер, тіпті кей сағаттар басқа
уақыттарға қарағанда ерекше болады. Аз уақытта көбірек
пайда тауып, өмірді табысты қылу үшін сол құнды
уақыттардағы мүмкіншіліктерді пайдалану керек.
Уақыт құндылығы: жылдың кейбір айлары мен
күндерінің және күннің кейбір уақыттарының
ерекшеліктері
Адам баласы өмірін сезіне білуі үшін ғұмырының әр күнін
бір сарында өткізбеуі тиіс. Исламда кейбір айлар мен кейбір
күндерге, тіпті кей сағаттарға басқаларына қарағанда
ерекшелік берілген. Ал бұл ол уақыттардың басқаларына
қарағанда дәрежесі тұрғысынан айырмашылығы бар екендігіне
ар-ожданымызда қалыптастыратын сенімімізге байланысты.
Міне, осындай сенім мен түсініктің қалыптасуына Құран Кәрім
мен хадистерде айтарлықтай көңіл бөлінгенін көре аламыз.


Құран Кәрімде Алла Тағала жылдың әр күнін, күннің әр
сағатын біркелкі қылмаған, олардың кейбірінің қадірі жоғары
екендігін білдірген. Бұл хабарлар кейде анық айтылса, кей
жерде астарлы түрде білдірілген. Кей жағдайда ол уақыттарға
ант етіліп, барынша назарымызды аударады. Құранда уақытқа
қатысты астарлы түрде айтылған жайттар хадистер арқылы
айқындала түседі. Бұл тұрғыда тақырыбымызға дәлме-дәл сай
келетін мысалдардың бірі – «Фәжр» сүресі. Бұл сүреде анық
айтылғанын да, астарлы жеткізілгенін де, ант ете отырып
келтірілгенін де көре аламыз. Сүренің бастапқы аяттары
келесідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет