Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет51/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Бірсарындылықтан арылу
«Жылдың айларға, айдың апталарға, күннің парыз намаз
уақыттарына бөлінуі адам санасында «уақыт түсінігінің»
қалыптасуы үшін жеткілікті ме?» деген сұрақ туындауы мүмкін.
Бұл сұраққа сенімді түрде «Иә» деп жауап беру мүмкін
болмас. Себебі Абайдың «Пендеде бір іс бар жалығу деген»
дегеніндей, адам баласы біршама уақыттан соң бірсарынды
өмір салтына үйреніп, тіпті жалығып, ғапылдыққа түсуі
ықтимал. Сондықтан басқа да алғышарттар арқылы мұндай
жайттың алдын алу қажет болады.
Дініміз мұны алуан түрлі жолдармен жыл, ай мен апта, тіпті
күн ішінде белгілеген басқа да ғибадаттар арқылы жүзеге
асыруда. Нәпіл ғибадаттардың сан қырларының бірі осыған
қатысты. Аптасына бір рет оқылатын жұма намазы, намаздың
алдында тыңдалатын құтбалар, жылда екі рет оқылатын айт
намаздары, айт құтбалары, үш айлардың ерекшеліктері, бір ай


бойы үзбей ұсталатын Рамазан оразасы, әр айдың ортасында,
дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұсталуы сүннет оразалармен
қатар, ай мен күн тұтылғанда, құрғақшылық, жұт және басқа
да қолайсыздықтар туындағанда оқылатын намаздар – бәрі-
бәрі мүмінге ескерту, оны бірсарындылықтан құтқарып,
«уақыт» жайлы түсінігі мен жауапкершілігінің дұрыс болуы
үшін жасалған алғышарттар. Тақуа мүмін бұл мүмкіндіктердің
әрбірін нәпсісін есепке тартып, иманын шыңдап, бір серпіліп
қалу үшін пайдаланады.
Сондықтан да айналамызда көптеген адамдардың қасиетті
айлар мен күндердің себебінен ғапылдықтан арылып,
тәубесіне келгендігін, иманға, Исламның тура жолына бет
бұрып, өмірін өзгерткендігін көре аламыз. Әсіресе, мұнда
Рамазан айының орны ерекше.
Мүбәрак күндер мен түндер
Жұма күні
Аптаның ең қадірлі күні. Құран Кәрім әмірі бойынша
аптасына бір рет оқылуы парыз етілген намаз осы күнге
сәйкес келеді. Сонымен қатар көптеген хадистерде жұма
күнінің ерекшелігі тілге тиек етіліп, мақталып айтылады. Алла
Елшісінің бірқатар хадистерін келтіре кетсек:
«Расында, жұма күні – күндердің төресі және Алла Тағаланың
қасында ең ұлығы. Жұма күні – Алла Тағала үшін Ораза айты мен
Құрбан айтынан ұлығырақ. Жұманың бес қасиеті бар: Жұма күні
Алла Тағала Адамды (а.с.) жаратты, осы күні Адамды (а.с.)
жаннатқа кіргізді, осы күні Адам (а.с.) жерге түсірілді, осы күні
Адам (а.с.) қайтыс болды, қиямет жұма күні болады. Сондықтан
періштелер, аспан, жер, жел, тау, теңіздер – барлығы да жұма
күнінен қорқады... Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең
жақсысы... Жұмада бір сағат бар. Мұсылмандардан кімде-кім сол
сағат ішінде намаз оқып, Алладан харамнан басқа не тілесе,
қандай қажетін сұрайтын болса, Алла оған береді. Қандай да бір


жамандықтан сақтауын тілесе, Алла оны сол жамандықтан
сақтайды».
102
Жұманың маңызы мен қадір-қасиеті жөнінде тоқталған
мұндай 
хадистер 
көптеп 
кездеседі. 
Бірқатар 
хадис
кітаптарында «Китәбул-Жума» атты бөлімдер де бар. Жұма
жайындағы бірқатар хадистерде жұманың мүміндердің мерекесі
екендігі баяндалады. Сондықтан бұл күні ғұсыл алып тазалану,
хош иісті әтірлер себіну, ең жақсы киімдерін кию, жаңадан
алған киімін арнайы кию, ақ түсті киім киюге тырысу
қажеттілігі айтылған. Жұма күні ораза ұстау құпталмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет