Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет58/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Ақшам уақыты қылымсыған жаз кетіп, күреңіткен күз
сырғып, орнын қақаған қыстың басқанын елестетеді. Сол
секілді адамның да қайтыс болуын, өзіне жақын бүкіл туыс-
туған, ағайын-жегжат, дос-жарандарымен қош айтысып,
қабірге сапар шеккен сәтін еске түсіреді.
Сондай-ақ дүр сілкінген үлкен зілзаламен жер бетін
мекендеген күллі жаратылыс атаулының о дүниеге үдере
көшуін, сынақ әлемі болып саналатын мына дүниенің үлкен
шырағы – Күннің сөндірілу уақытын елестетеді. Бұған қоса,
ақшам мезгілі мәңгіліктен ада, соңы бір тұтам, өтпелі
нәрселерге 
бас 
ұрып 
табынған 
пенделердің 
оңбай
қателесетіндіктерін қатаң ескертетін уақыт.
Міне, дәл осындай уақытта жаратылыс тұрғысынан мәңгілік
көркемдік иесі – Хақ Тағалаға құштар адам рухы мына кең
дүниені жаратып, оны басқарып тұрған болмысы ежелден әрі
мәңгілік Жаратушыны еске алып, ақшам намазын өтеуге ниет
етеді. «Аллаһу Әкбәр» деген күйі күллі өткінші нәрселерден
бойын аулақ салып, бар ықылас-пейілін өткінші емес, жалған
емес тұрақты әрі мәңгілікке Ие – бір ғана Жаратушыға
бұрады. Алланың құзырында намазға тұру арқылы «Әлхамду
лиллаһ» деп оның кемшіліктен пәк кемелдігіне, теңдессіз
көркемдігіне, шексіз мейірімділігіне шүкіршілік пен мақтау
айтып, «Саған ғана құлшылық жасап, Сенен ғана жәрдем
тілейміз» деп дұға оқиды. Осылайша намаз кезінде іштей
тынбастан күбірлеп дұға оқу арқылы серіктесі жоқ,
жаратушылықта өзіне қосарланар ешбір ортақтасы жоқ Алла
Тағаланың жалғыздығын, құдайылығын паш етіп, оның уәзірге
мұқтаж емес сән салтанатты патшалығына тән өзінің де құлы
екенін 
білдіріп, 
жалбарына 
медет 
тілейді. 
Сондай-ақ
Жаратушының ұлылығы мен асқақтығына, шексіз құдіреттілігі


мен кемшіліктен пәк абыройына бас иіп, рукуғқа барады. Бас
иген күйі өзінің де, ғаламның да тым қауқарсыз, әлсіз,
әлжуаз, дәрменсіз, бейшара, пақырлығын мойындап, «Уа, Ұлы
Раббым! Сен неткен пәксің!» деп ұлы Жаратушыны пәктеп,
оған мадақ айтады.
Бір 
жағы, 
өткінші 
емес, 
жалған-фәниліктен 
пәк
Жаратушының жамалы мен көркемдігіне, еш өзгермейтін
қасиетті сипаттарына, бұзылуға ұшырамайтын сонау ежелден
келе жатқан басталуы жоқ әзали кемелдігінің алдында сәждеге
жығылады. Сәждеге бас қоя отырып, таңданысы мен бой
ұсынушылығы шеңберінде Алладан басқаның бәрін тәрк етіп,
сүйіспеншілігі мен құлшылығын паш етеді. Артынша тізе бүгіп
тізерлей отырған күйі күллі жаратылысқа тән таза, табиғи,
пәк, көркем ғибадат, дұға-тілек атаулыны (Миғраж кезінде
Мұхаммед пайғамбарымыздың жасағанындай) Алла Тағалаға
сый ретінде тарту етеді. Пайғамбарымызға сәлем жолдау
арқылы оған деген сертін жаңалайды, артынан ерген үмбеті
ретінде барша үкімдер мен әмірлерге бойсұнғандығын
білдіреді. Иманын нұрға малып, тағы бір рет жаңалау үшін
мына ғалам сарайының сырлы жүйесін тамашалап, Алла
Тағаланың жалғыз екендігіне куәлік етеді. Иләһи салтанаттың
хабаршысы, иләһи талап-тілекті жеткізуші қызметкер, ғалам
кітабындағы 
аяттардың 
тілмашы 
Мұхаммедтің 
(с.а.с.)
пайғамбарлығына куәлік етеді. Осылайша кешкі намазын
тамамдайды.
Дәл осындай терең хал-ахуалды бастан кеше отырып ақшам
намазын оқу қандай ұнамды, қандай кіршіксіз міндет,
қаншалықты абыройлы, ләззатты қызмет, не деген көркем
құлшылық, 
неткен 
шынайы 
ақиқат?! 
Бұл 
фәни
керуенсарайдағы қандай ғажап мәңгілік сұхбат әрі не деген
қол жетпес бақыт десеңізші?! Бұны түсінбеген жан қалайша
өзін адаммын деп айта алмақ?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет