Тайм-менеджмент


Намаздың мұстахап уақыттары



Pdf көрінісі
бет61/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Намаздың мұстахап уақыттары
Намаз уақыттарының қай бөлігі мұстахап немесе абзал
екендігі Пайғамбарымыздың тікелей іс жүзінде орындауы мен
хадистерінде белгіленген.
Олар:

 Таң намазын төңірекке жарық түсіп, айнала көрінген
уақытта оқу жөнінде ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай
дейді: «Таң намазын жарықта оқыңдар. Өйткені мұның сауабы
өте үлкен».
126

 Бесін намазын жазда кешіктіріп, салқын уақытта оқу –
мұстахап. Қыста болса, бесін намазын уақыты кіре сала
оқу – мұстахап. Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі қатты
суықта бесін намазын ерте оқитын, жазда салқын түскенге
дейін кешіктіретін».
127



Екінті намазының парызын төрт мезгілде де күннің көзді
алмайтындай сарғыш тартқанға дейін кешіктіру – мұстахап.

 Ақшам намазын уақыты кірісімен оқу – мұстахап. Азан
мен қаматы арасында тек қана үш аят оқылатындай уақыт
бөлінеді. Өйткені ақшам намазын кешіктіру – мәкрүһ.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Ақшам намазын
жұлдыздар 
көрінгенге 
дейін 
кешіктірмесе, 
үмбетім
берекетте».
128

 Құптан намазын түннің алғашқы үштен біріне дейін
кешіктіру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«Үмбетіме қиын болмағанда, құптан намазын түннің үштен
біріне дейін кешіктіруді әмір етер едім».
129

 Үтір намазын түнде ояна алатынына сенген адам түннің
ақырына дейін кешіктіруі – мұстахап. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) 
былай 
дейді: 
«Түннің 
ақырына 
дейін 
ояна
алмайтындығынан қорыққан адам, үтір намазын түннің алғашқы
уақытында оқысын. Түннің ақырында ояна алатынына көзі
жеткен адам болса, үтірді түннің соңында оқысын. Себебі түнгі
намаз – періштелер қатысатын намаз».
130


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет