Тайм-менеджмент


Дұрыс емес ұйқы адам денсаулығына зиянды



Pdf көрінісі
бет75/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Дұрыс емес ұйқы адам денсаулығына зиянды
Әлеуметтік жағдайы орташа және кедейлікте ғұмыр кешіп
жүрген жандар өз-өздеріне қиянат жасауда. Олар ұзақ уақыт
жұмыс істегенімен қоймай, кешқұрым үйіне оралғанда 5-7
сағаттап теледидардың алдында телміріп отырады. Көздері көк
жәшікке қараудан шаршағанда ғана ұйқыға жатып, 5-6 сағат
қана демалады, одан кейін тұра салып қайтадан теледидар
қосады.


Толыққанды демалмағандықтан, олар жұмыста уақытын босқа
өткізеді және ұйықтап қалмау үшін құрамы кофеинге толы
кофе мен энергетикалық сусындарға жүгінеді. Ағзасына
қосымша қуат қажет болғандықтан, адамдар шамадан тыс
тамақтанатын болады.
Орта сыныптағы адамдар бар күшін салып сирек жұмыс
атқарады және өз мүмкіндіктерін толық пайдаланбайды.
Себебі олар оған жетпей шаршап қала береді.
176
Ұйқының тиімділігі үшін:

 Ұйқының бір қалыптылығы. Күнділікті бір уақытта ұйқыға
жатып, бір уақытта ояну. Адам ағзасы осылай бір қалыпты
әрекет етуге дағдыланып, ұйқыға кету мен ояну оңай
болады.

Ұйқының ұзақтығының оңтайлылығы. Өзіңіз үшін ең дұрыс
ұйқы ұзақтығын белгілеп алыңыз.

 Ұйықтауға ыңғайлану. Тезірек ұйқыға кететін жолдарды
қарастырыңыз.

 Дұрыс ояну. Ұйқыдан ояну үдерісін жүйелеу қажет:
мысалы, әртүрлі қоңыраулар қою арқылы.
Қанша уақыт ұйықтау керек?
Бұл сұраққа Құран Кәрімде де, хадисте де нақты әмірлер
мен кеңестер табу мүмкін емес.
Бүгінгі күнгі медицина ғылымдары ең азы бес сағат, ең көбі
сегіз сағат арасында ұйықтаған жөн екендігін айтады. Алайда
нақты мөлшерін белгілеп беруден тартынады. Себебі бұл
адамның жасына, денсаулығына, қызметіне және әлеуметтік
жағдайына байланысты. Бірқатар зерттеулердің нәтижесінде
адамның тамақтану тәртібі мен ұйқы мөлшері арасында
тікелей байланыс бар екендігін алға тартады. Көп тамақ
жеген көп ұйықтау қажеттілігін сезінеді. Алайда екеуі де
адамға айтарлықтай зиянын тигізері сөзсіз. Күннің ыстық
болуы мен ауа райының өзгеруі ұйқы мөлшеріне әсер
ететіндігі секілді, адамның қалыптасқан әдеті мен ерік-жігері


демалуға арналған уақыттың азайып-көбеюіне өз әсерін
тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет