Тайм-менеджмент


Демалу мен тынығудың жолы, уақыты мен орны



Pdf көрінісі
бет71/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Демалу мен тынығудың жолы, уақыты мен орны
«Ислам уақытты бос өткізуді құптамайды» дегенді демалуға
толықтай қарсылық ретінде түсінбеу қажет. Қасиетті Құран
Кәрімде демалу мен тынығу тақырыбы арнайы тілге тиек
етілген. Тіпті ең абзал демалыстың қайда, қай уақытта, қалай
болатындығы да баяндалған.
Құран Кәрімде де айтылғандай, демалудың ең тиімді жолы –
ұйқы. Ұйқының демалу мен тынығу жолы екендігін төмендегі
аят былай баяндайды: «Ол Алла сендер үшін түнді
жамылғы, ұйқыны тынығу, ал күндізді ұйқыдан
оянатын әрі жан-жаққа тарап, тіршілік ететін уақыт
қылды»
.
160
Құран Кәрімде де көрсетілгендей, адам денесінің
тынығуы үшін басқа көңіл көтеру, демалу жолдарынан гөрі
ұйқының әсерлірек әрі пайдалырақ екендігін көре аламыз.
Алла Тағала Құранның көптеген аяттарында демалатын
уақыттың түнгі мезгіл екендігін көрсеткен. Солардың мысалы
ретінде төмендегі екі аятқа назар аудара аламыз: «Тынығып
дамылдауларың үшін түнді, айналаны еркін көріп,
тіршілік 
етулерің 
үшін 
күндізді 
жарық 
қылып
жаратқан 
Алла»
.
161
«Ол 
сендерге 
деген 
шексіз
рақымымен бірінде дамылдап, тынығуларың, енді
бірінде тіршілік етіп, Өзінің кеңшілігінен несібелеріңді


табуларың үшін һәм Өзіне әрдайым шүкіршілік
етерсіңдер деп түн мен күндізді жаратты»
.
162
Сонымен қатар Құранды адамзатқа барлық тұсынан жол
көрсетуші етіп түсірген Ұлы Жаратушымыз демалудың орнын
да атап көрсеткен: «Алла сендерге (өздерің әрі малдарың
үшін) тұратын әрі тынығып дамылдайтын үйлер (қора-
жайлар) салуды нәсіп етті»
.
163
Олай болса, толыққанды демалудың орны – үй, уақыты –
түн, жолы – ұйқы арқылы болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет