ескеріп, күнделікті тірлігімізді таңертең ерте бастауды әдетке
айналдырғанымыз жөн. Сонымен қатар Алла Елшісі (с.а.с.)
бірқатар хадистерінде де бұл жайтты тілге тиік етіп өткен:
«
Ризық іздеуге ертерек шығыңдар, себебі істі ерте бастау –
берекет әрі үлкен табыс әкеледі».
216
«
Таң атқаннан кейін ұйықтап
жату – ризықтың келуіне кедергі».
217
Олай болса, Құран Кәрімде де, хадисте де мүміндердің тек
ақыретін уайымдап қана қоймай, осы дүниесінің де қамын
ойлап, адал ризық табу жолында тер төгуі талап етілген. Тек
қана адамның өмірінің мақсаты мал табуға айналып кетпеуі
қажет. Себебі адам «тамақ үшін өмір сүрмей, өмір сүру үшін
тамақтанатындығын» есінен шығармауы тиіс.
Дүниенің өткіншілігіне байланысты хадистердегі ескертулер
тарихта кездескендей қате түсінікке ұрындырмасы үшін соңғы
кезеңнің ғалымдары «Дүниені қолмен емес, жүрекпен тәрк
ету» керектігін айқындап, ақыретке пайдасы жоқ, тек нәпсі
қалауларының соңына түскен істермен ғана айналысудың
зияндылығына назарымызды аударуға тырысқан. Ал жалпы
алғанда, Алла разылығы үшін жасалған әрбір іс маңызды,
қажетті болып табылады, уақытты босқа өткізуге жатпайды.
Адамның жұмысы үш нәрсені қамтыса адамға нағыз бақыт
алып келеді: жалақы, сүйікті ісі және қайырымдылық.
Осылардың барлығын ұштастыратын жанына жақын жұмысын
тауып, адал жолмен еңбек етуге жұмсаған уақытының әрбір
сәті адам баласына екі дүниелік толағай табыс алып келмек.
Достарыңызбен бөлісу: