Ислам діні ер кісіге де, әйел адамға да білім алуды
міндеттейтіні белгілі.
218
Құранның ең алғашқы түскен әмірінің
өзі «Оқы» делінгендіктен,
білім алу мұсылман жанның ең
басты міндеті болып саналады. Мұнда да Алла Тағала нақты
нені оқу керектігін айтып белгілеп бермегендіктен, дініміз
пайдалы әрі қажетті білімнің барлық түрін құптайды деуге
болады.
Алла Елшісі (с.а.с.) Құраннан үйренген
тәлімімен әрдайым
«Раббым, ілімімді арттыра көр»
219
деп дұға ететін болған.
Мұның өзі білім алудың дінімізде қаншалықты маңызды орын
алатынын көрсете алады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тек дұға
етумен шектелмей, әрқашан амалын да жасай білген. Ең
алдымен
уахи
арқылы
сусындай
отырып,
Жәбірейіл
періштеден (а.с.) де көптеген жайттарға қанық болған.
Сонымен
қатар
сахабаларымен
және
айналасындағы
жандармен сұхбаттасып, ақыл-ойын
пайдалы мәліметтермен
толтырып отырған.
Алла Елшісінің «
Кімде-кім білім жолына түссе, Алла Тағала оған
жұмаққа барар жолды жеңілдетеді»
220
деген сөзі білім алудың
маңыздылығын көрсетіп, ілім жолындағы жанды сүйіншілеуде.
Имам Ағзам Әбу Ханифаның мына бір өсиетінен білім
алудың кезек күттірмей ең
алдымен атқарылуы қажет іс
екенін ұғына аламыз: «Ең алдымен білім ізденуге тырыс. Кейін
дүниелік несібеңді алу үшін жұмыс жаса. Содан кейін ғана
өмірлік жар табуға әрекет жаса. Ал егер бірінші дүниелік
несібеңді, байлықты көздесең, білім алуға уақыт таппай
қаласың және білімсіз тапқан байлық сені сараңдыққа
жетелеп, көзіңді шел басады».
Күн сайын өз-өзін жетілдіріп отыру қажет
Бос уақытты тиімді өткізуге жетелейтін, адамның санасында
қалыптасуы қажет қағидалардың бірі – адамның жеке
дамуына байланысты. Алла Елшісі (с.а.с.) мүміннің білім
деңгейін, рухани байлығын күн сайын арттырып отыруға
тырысуы қажеттігін ескерткен. Айша анамыз (р.а.)
жеткізген
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «
Мені Аллаға
жақындататын ілімімді арттырмай бір күн өмір сүрсем, ол күнді
жақсылықпен өткізбедім деп есептеймін».
221
Мәғрифәтуллаһтың
(Алланы тану) шыңына шыға алған Пайғамбарымыздың күн
сайын Аллаға деген жақындығын арттыратын ілім алуға
мүмкіндігі болса, басқа адамдар үшін бұл мүмкіндіктің аясы
тіпті кең болмақ. Себебі Алланы тану тұрғысынан біздердің
олқылықтарымыз бен пайғамбарлардың кішігірім кемшіліктерін
салыстыруға мүлдем келмейді.
Мағынасы осыған ұқсас тағы бір хадиске назар аударсақ:
«
Тақуалыққа жетудің жолдарының бірі – білмеген мәселелеріңді де
үйренгенше білім алуды жалғастыру».
222
Басқа бір риуаятта аталған
жайт төмендегідей қысқа да
нұсқа жеткізіледі: «
Екі күні бірдей болған – зиянда... күн сайын
дамып отырмаған кері кетеді».
223
Өмірдің әрбір кезеңдерінде
адамның әрдайым тұрақты түрде білімін жетілдіріп отыруының
қажеттілігін ағысқа қарсы жүзген адаммен салыстыруға
болады. Ағысқа қарсы жүзген адам жүзуін жалғастырмай
тоқтап
қалатын болса, кері кететіні белгілі. Сол секілді адам
баласы білім алуын тоқтатып қойса, оның бұған дейін жеткен
дәрежесіндетұрақтап тұра алмайды, міндетті түрде кері кетеді,
себебі алдыңғы мәліметтер бара-бара ұмытыла бастайды.
Нағыз пайдалы білім материалдық білімдер мен рухани
білімдерді
бірлестіре
отырып
меңгеріледі.
Ілімнің
бұл
екіжақтылығы қос қанат сияқты. Сіз өмірде бір қанатпен
ұшқан құс көрдіңіз бе?..
Достарыңызбен бөлісу: