Жалпы азаматтық құндылықтар – бүкіл адамзаттың рухани тәжірибесінен туған
адамгершілік қазыналары. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді.
“Жасылдар” – айналадағы ортаны қорғап, жер бетінде тіршілікті сақтау үшін
күресетін халықаралық сипаты бар экологиялық қозғалыс. 70 жылдардың екінші
жартысында ол қозғалыстардан партиялар пайда болды. Ондай партиялар қазіргі барлық
елдерде дерлік бар. “Жасылдардың” экологиялық қозғалысы бүгінгі таңда маңызды рӛл
атқарады және бірталай табыстарға жетті. Мысалы, олар 1978 жылы Австралияда,
Германия Федеративтік Республикасында атом электр станцияларын салуға тыйым
салдырды.
Жеке басқа табынушылық –саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың
демократиялық құқықтары тапталған, жанышталған елдерде дамиды. Бірпартиялық
әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды. Мысалы, Сталин, Мао-Цзе-
Дун, Ким Ир Сен, Броз Тито, Энвер Ходжа және т.с.с. Жеке басқа табынушылық тумауы
үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті керек.
Жекешелендіру –мемлекеттік меншікті (кәсіпорын, тұрғын үй, кӛлік құралдары
және т.с.с.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық эканомикаға ӛту үшін қажетті
шарттың бірі. Заң шығарушы билік – заң шығарумен, оны бекіту, ӛзгерту немесе жоюмен
айналысатын билік, парламент. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті
тағайындайды, бюджетті бекітеді, әскерді қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты
ұйымдастырады, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі
және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше
органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.
Идеология –белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары
мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп, отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға
немесе оларды ӛзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың
жүйесі. Жүйеленген түрінде ол партия бағдарламасында, декларация, манифест,
жарғыларында, сондай- ақ әр түрлі насихаттық құжаттарында қалыптасады. Ол
кӛпшіліктің саяси санасын қалыптастыруға, саяси ӛмірде бағыт-бағдар, рухани байлықтар
жүйесін айқындауға, саяси іс-әрекет жолдарын белгілеу және т.с.с. қызметтерді атқарады,
қоғам дамуында зор рӛл атқарады.