Глоссарий академиялық күнтізбе


Иерархия – тӛменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге  бағыну тәртібі.  Импичмент



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Иерархия – тӛменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге 
бағыну тәртібі. 
Импичмент – жоғарғы лауазымды адамдарды (президентке шейін) конституцияны 
бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта 
қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі. Олжӛнінде жауапкершілікке шақыру 
мәселесін парламенттің тӛменгі палатасы шешеді. Ал істі қарап, үкім шығаратын жоғарғы 
палата. Мысалы, мұндай тәртіп АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және т.б. елдерде орын 
алған. 
Инагурация – 1) мемлекет басшысының ӛз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) 
тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған кӛрме және т.б. 
салтанатты түрде ашу. 


Инновация – жаңалық енгізу, жаңарту. 
Институализация – саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәртіпке келтірілген, 
ұйымдасқан мекемеге айналуы. 
Интеграция – мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың 
құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу 
үрдісі жатыр. Бұл салада Еуропалық Одақ зор жетістіктерге жетті. Оғен кірген 
мемлекеттер экономика, әлеуметтік, қаржы саясатында, ғылыми зерттеулерде, 
технологиялық даму, айналадағы ортаны қорғау, сыртқы саясатты жүргізу мәселелерін 
және т.с.с. шешкенде бірігіп іс- қимылдар жасауға келіскен. 
Квота – рұқсат етілген бір шараның тиісті бӛлігі, мӛлшері, үлесі. Мысалы, 
сайлаушылардың пропорционалдық жүйесінде округ бойынша бір үміткердісайлау үшін 
қажетті дауыс. Ондай үлес есебі кӛшіп келушілерге, шетел тауарларын кіргізуге және 
т.с.с. қойылуы мүмкін. 
Келісім – мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілерінің 
келісімі негізінде қабылданатын шешім. 
Коалиция – 1) ортақ жауға қарсы екі немесе одан кӛп елдердің жасаған одағы; 2) 
мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен 
партиялардың немесе қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі. 
Конгресс – 1) съезд. Кӛбінесе халықаралық сипатта болады. Мысалы, бейбітшілік 
күштерінің Дүниежүзілік конгресі; 2) заң шығарушы органның, (парламенттің) аты. 
Мысалы, АҚШ-та және т.б. Латын Америкасы елдерінде; 3) кейбір елдердегі қоғамдық-
саяси ұйымдар. Мысалы, Үндістандағы Үнді Ұлттық конгресс партиясы. 
Консерватизм – 1) тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық ӛмірді ӛзгеріссіз 
сақтауға тырысқан әлеуметтік – саяси кӛзқарастар, теориялар жүйесі; 2) консервативтік 
партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет