Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата19.02.2023
өлшемі403,13 Kb.
#69181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай 
болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мәлімдеме. 
Делегат – съезде, конференцияда, конгресте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, 
ұжымның, партияның мақсатын кӛздейтін ӛкілі. 
Демократия – халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, 
құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың 
сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау 
құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім 
қабылдағанда азшылықтың кӛпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі 
еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – 
тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері ӛзгеріп, байып 
отырады. 
Демократиялық партиялар – басқаларға тӛзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, 
пікір аралығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді. 
Деспотизм – 1) ӛкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың 
еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын 
мейірімсіз, қатал басып- жаншу тәсілі. 
Деспотия – шексіз және дара билеудің бір түрі. 
Десентрализация – орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге ӛз билігінің бӛлігін 
беруі. 
Диктатура – қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. 
Ол кӛбінесе әлеуметтік – эканомикалық күйзеліс, саяси күрестің шиеленіскен шағында
ӛтпелі кезеңдерде, ӛкімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады. 
Дискриминация – нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси кӛзқарастарына және т.б. 
Еуропарламент – еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси 
мекеме. Оған кіретіндер: Белгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, 


Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол 5 жылда бір рет осы 
елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа 
құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады. 
Еуроцентризм – ғылым, білім, мәдениет, әдебиет, ӛнер және т.б.нағыз жетістіктері 
тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым. 
Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі. 
Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің ішкі және 
сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігіжәне елді басқаруда, шешімдер 
қабылдауда, жоғарғы билік жүргізудегі еркіндігін айтады. Егемендіктің саяси, 
экономикалық, құқықтық жақтары болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет