ы – і әріптері ажыратылып берілмеген, оны а деп те, ә деп те
327
оқуымызға және жазуымызға болады, сондықтан әуелден бір-
ақ вариантта жазу керек еді.
Ал ғашық~ асық, айла ~ қайла, есеп ~ қысап, мейір – меһр, зая ~
зайығ, қазір ~ әзір, Құда ~ Құдай, замана - заман тәрізді вариант-
тар, сөз жоқ, Абайдың өзінікі және бұлар нормалану
процесіндегі мотивсіз бола беретін варианттылықтан гөрі,
белгілі бір мотивке қатысты әдейі қолданылған дублеттер деп
табамыз. Мысалы, ғашық ~ асық, Құда ~ Құдай, замана ~ за-
ман дегендер өлең ұйқасы, буын саны тәрізді қажеттіктерді
өтеу үшін түрлендірілген болса, мейір ~ меһр, сипат ~ си-
фат, перзент ~ фарзанд, бенде ~ фәндә сияқты варианттарға
автор стильдік сипат берген. Яғни біріншілерін көпшілікке
арналған қазақ әдеби тіліндегі үлгілерінде, екіншілерін тео-
логия ғылымынан хабары барларға арнап кітаби тілше жазған
шығармаларында қолданған.
Варианттылықты жеке бөліп алып, айрықша сөз етуіміздің
себебі бар. Тегі, фонетикалық, әсіресе грамматикалық, тіпті
лексикалық варианттар тілдің нормаланып бітпеген картина-
сын көрсетеді. Абай тілінде осыншама варианттылық барын
көрген оқушыда «Бұл қалай, демек, Абай тілі әлі де тұрақталып,
нормалары стандартталып бітпегені ме?» деген заңды сұрақ
тууы мүмкін. Бірақ Абайдағы варианттылықтарды жоғарыда
көрсеткеніміздей әр тобын саралап жете танысаң, олардың
барлығы бірдей нормасыздықтан туған варианттар емес
екенін байқаймыз. Әсіресе орфограммалық варианттарға жа-
уап беретін – өзіміз. Егер бірқыдыру лексикалық дублеттерді
табатын болсақ, олардың біразы араб-парсы сөздері екенін
көреміз, ал бұл қабаттағы сөздер күні бүгінге дейін түп-түгел
бір вариантта қалыптасып, нормаға түсіп үлгерді деуге бол-
майды. Абай тұсында және Абайдың өзінде бір алуан шығыс
сөздері фонетика-орфография жағынан екі, кейде үш түрлі
болып қолданылса, ол – әрі заңды, әрі түсінікті құбылыс.
Бірақ бұл шағын топқа қарап, Абай тілінде, Абай тұсындағы
қазақтың жазба әдеби тілінде бейнормалық құбылыстар көп
деп тұжырымдауға болмайды.
Міне, Абай лексикасы мен грамматикасына, орфограммасы-
на қатысты кітап соңында әңгіме етер бірқатар мәселелеріміз
осындай.
328
Достарыңызбен бөлісу: |