өнер, харекет сөздері, «еңбек» мағынасы еңбек, қызмет, бей- нет сөздері арқылы берілген. Керісінше, бір сөздің бірнеше
мағынаны білдіруі, бірақ солардың ішінде бір мағынасының
активтене, тұрақтала түсуі де – әдеби тіліміздің өткен ғасырдың
екінші жартысындағы басты сипаттарының бірі. Бұл әсіресе
Абайда күшті сезіледі. Мысалы, қызмет сөзі бұрынғы біреуге
кішілікпен «құлдық ұрып» қызмет ету тәрізді мағынасымен
қатар, енді үкімет мекемесінде жұмыс істеу және әскери
324
жұмыста болу деген қосымша мағынаны және білдірді. Ғылым сөзі Абайда осы күнгідей тек «наука» емес, «білім, оқу»
ұғымын да береді. Өнер сөзі де бірнеше ұғымда жұмсалған:
орысша «искусство», «профессия», «занятия», «поступки»
деген мағыналарды білдірген. Арыз – бұрынғыдай тек ауыз-
ша шағыммен білдірілген тілек емес, үкімет, сот органдарына
жазбаша түрде берілетін шағым, документ.
Бірсыпыра қарапайым сөздердің белгілі бір бағалау реңкі
бар атауларға айналуы да әрі бір сөзді көп мағыналы етуге әрі
синонимия қатарын көбейтуге жәрдемдесксн. Мысалы, пысық, қу, тентек, ұры сөздері белгілі бір әлеуметтік топты атайтын
сөздер ретінде Абайда өте жиі қолданылған (тентек – 17 рет,
ұры – 21 рет, пысық – 20 рет, қу – 37 рет).
Жеке сөздердің мағыналары тарылып, бір ұғымда тұрақ-
талуы немесе мағынасы кеңейіп, полисемиялық сипат алуы,
я болмаса терминдік мәнге ие бола бастауы тәрізді процесте
сөздің жиі қолданылуы да белгілі бір рөл атқарады. Бұл тәрізді
лексикалық нормалануда Абайдың қызметі зор болғанын мы-
надан көреміз. Мысалы, Абай өз творчествосының идеялық
мазмұнына, қозғаған тақырыптарына орай кейбір сөздерді
мейлінше жиі актив қолданған. Айталық, оқу сөзі Абайда 50
реттен астам кездеседі, бұл сөздің мұндай жиілігін Абайдан
бұрынғы не соңғы ешбір қаламгерден таба алмаймыз. Сол
сияқты ой (жүзден астам), ғылым (жүзден астам), еңбек (елу-
ге тарта) сөздері де өте жиі кездеседі. Ар-ұят, адамгершілік
тақырыбы творчествосының лейтмотиві болған Абай осы
ұғымдарды білдіретін сөздерді ғылыми терминдік мәнге
көтеріп, әрқайсысын әлденеше реттен қолданады: ар (қырықтан
астам), адамдық, адамшылық (екі вариантын қосқанда,
қырыққа жуық), ұят (қырыққа жуық). Бұлар – өзі армандаған,
өзі шақырған ізгі қылық пен жақсы істердің (ұғымдардың)
атаулары болса, бұларға қарама-қарсы ұғымдар да осыншама
дәрежеде сөз болып, оларға қатысты атаулар да Абай тілінде
актив қордан орын алған. Мысалы, жоғарыда көрсетілген
ұры, пысық, тентек, қу сөздерінен басқа, ұрлық сөзін ақын
жиырма шақты рет, құлық сөзін отыздан артық рет келтіреді.
Бір ғана сату етістігі қулық сату, сақалын сату, арын сату, күлкі сату т.т. фразалық тіркестерді жасауға қатынасып, алпыс
шақты рет қолданылған; заманындағы қанаушы, зорлықшы,
325
масыл (пысықтар) топтардың істеген харекеттері өсек, өтірік, надандық, мақтан қуу болса, бұл сөздердің Абайда өте жиі
қолданылуы – таңырқарлық жайт емес. Мысалы, бұрын жеке
көп қолданыла бермейтін мақтан сөзін Абай бірде фразалық
тіркес жасауға қатыстырып (мақтан қуу, мақтан күйлеу), бірде қарапайым сөз ретінде, бірде тіпті ғылыми ұғым атауы
ретінде (
21-сөзінде) пайдаланып, алпыс ретке жуық келтіреді.
Мұндай фактіні де Абайдан өзге тұстастарынан немесе алды-
артындағылардан кездестірмейміз. Надан ~ надандық ~ наданшылық сөздерін Абай 70-тен астам рет пайдаланғанда,
бұл сөздердің мағыналары айқындалып, әдеби тілде нор-
малануы, шығарманың мазмұны мен түрі (тілі) үндесуі
тәрізді құбылыстар орын алады. Біз Абай сөздігінің жеке
элементтерінің қолданыну жиілігін жол-жөнекей реті келіп
қалған соң тиіпқашты сөз етіп отырмыз. Тегінде, «Абай тілінің
жиілік сөздігі» тәрізді еңбектер жарияланып, ұлы қаламгер тілі
статистік тұрғыдан зерттеле бастағаннан кейін, бұл тақырыпты
өз алдына арнайы әңгімелеу – өте қажет міндеттердің бірі
болмақ. Абай сөздігінің қолданылу жиілігін зерттеу – көптеген
жайттардың сырын ашатын мәселе болмақ.
Сөз соңында көңіл аударар соңғы мәселе – варианттылық
жайы. Абайдағы варианттылық құбылыстары біркелкі емес.
Олар лексикалық та, орфограммалық та, фонетикалық та,
грамматикалық та болып келеді. Олардың бірқатары, әсіресе
грамматикалық дублеттер – Абайдың өзіне, сол кезеңдегі
нормаға қатысты болса, енді бірсыпырасы – біздіңше, авторға
қатыссыз, одан тыс болған фактілер. Ең алдымен, кейбір
сөздер Абайдың осы күнгі кітаптарында екі-үш вариант-
та жазылғандығы көзге түседі. Мысалы: дұшпан ~ дұспан, ләкин ~ лакин, бәле ~ пәле, старшина ~ старшын, хаким ~ хакім, шапқат ~ шафғат, шафағат ~ шапағат, қадір ~ кәдір т.т. Тегі, бұл жердегі варианттылық Абайдың өзінікі
емес. Жер-жердегі фонетикалық ерекшеліктерге қарай ш - с, б - птәрізді дыбыс алмасушылық күні бүгінге дейін едәуір
сөздерді екі-үш вариантты етіп келеді (балуан ~ палуан, бұл ~ пұл, патса ~ патша),соның салқыны Абай мұрасын
кітап етіп бастыру ісінде де орын алғанын байқаймыз, бұған
дұшпан ~ дұспан, бұл ~ пұл, бәле ~ пәле, бейіс ~ бейіш, бен- де ~ пенде сөздері жатады. Сірә, Абайға б, сдыбысты вари-
326
анттары тән болса керек. Оған екі түрлі дәлел бар: Мүрсейіт
дәптерінде дәйім дерлік бәле, байымдау, бешена, бенде, бейіл, бейіс, патса варианттары жазылған, екіншіден, Абай өлкесіне
тән жергілікті фонетикалық заңдылық та осы варианттарды
көрсетеді. Ал Абайдың осы күнгі кітаптарындағы абұйыр ~
абырой, мақсұт ~ мақсат, хаким ~ хакім, ләкин ~ ләкін тәрізді
дублеттердің Абайға тек бірінші түрлері тән болу керек, бұған
дәлел – Мұрсейіт қолжазбалары мен Абай тұсындағы қазақ
орфографиясының нормасы. Бұл норма бойынша харекет, хақим, ләкин, хажы, хазірет, хор, нәфсі сияқты араб сөздері
көбінесе түпнұсқадағы түрінше жазылған. Сондықтан бұл
типтес варианттарды туғызған Абайдан гөрі өзіміз болармыз
дейміз. Осы күнге дейін екі, кейде үш вариантта қолданынып
жүрген сөздердің Абайда бір-ақ варианты кездеседі: ажым (әжім емес), ажуа (әжуа емес), кәрі (қары емес), қадір (кәдір емес), бешене (пешене емес, бұл сөз осы күнгі басылуларында
пышана деп жазылыпты, бұл – тіпті дұрыс емес), айғай (айқай емес), айдаһар (аждаһа немесе аждаһар емес), одан арман (әрмен емес), әншейін (әшейін емес) т.т.
Ал уану – жұбану, ұксау – ұсау, нәсте – нәрсе, жарты – жар- мы (–жарым) тәрізді түбір сөздердің Абай екеуін де қолданады,
бірақ арасалмақтары тең емес, мысалы, уану, ұсау сөздері бір-
бір реттен ғана қолданылған. Сондай-ақ Абайда кездесетін
дублеттердің бір тобы араб-парсы сөздері: әділет – ғадалат, әлем – ғалам, бәлки – бәлкім, береке – берекет, айып – ғайып, ғақыл – ақыл, залал – зарар т.т. Бұлар Мүрсейіт дәптерлерінде
осындай екі түрлі таңбаланып келеді. Мұның, біздіңше, екі
себебі бар, бірі – бұлар Абай тұсында (тіпті қазірге дейін)
қазақ тілінде әлі бір вариантта тұрақталып, нормаға түспеген,
екінші – бұлардың бірқатарының оригиналға жуық вариантын
(ғақыл, ғайып) Абай стильдік мақсатта, яғни «кітабиланған»
кейбір «қара сөздерінде» ғана келтіреді.
Дублеттердің қазіргі кітаптардағы келесі тобы – өзіміз
жасап алғандар. Абай мұрасының соңғы басылуларында
кездесетін баһра – бәһра, ғапыл – ғапіл, ғарып – ғаріп, ғибрат –
ғибрат, ділда – ділдә типтес орфографиялық дублеттер арабша
тексті латынша не орысша графикаға көшірген кезде жіберген
біздің қателеріміз, өйткені араб жазуында осы сөздердегі а –ә,